Іле-Балқаш аймағының су ресурстарын бағалау


Пән: География
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 23 бет
Таңдаулыға:   

ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

География факультеті

Құрлық гидрологиясы кафедрасы

ІЛЕ-БАЛХАШ АЙМАҒЫНЫҢ СУ РЕСУРСТАРЫН БАҒАЛАУ

Орындаушы: 1 курс магистрант Құрманғазы Е.

Қабылдаған: г. ғ. д., профессор

Достай Ж. Д.

Алматы, 2011

МАЗМҰНЫ
1
Іле балқаш алабының физика геогарфиялық сипаттамасы
3
1: 1. 1
Іле балқаш алабының физика геогарфиялық сипаттамасы: Табиғи жағдайы
3: 3
1: 1. 2
Іле балқаш алабының физика геогарфиялық сипаттамасы: Ауа температурасы
3: 4
1: 1. 2. 1
Іле балқаш алабының физика геогарфиялық сипаттамасы: Ауа ылғалдылығы
3: 5
1: 1. 2. 2
Іле балқаш алабының физика геогарфиялық сипаттамасы: Атмосфералық жауын-шашын
3: 5
1: 1. 3
Іле балқаш алабының физика геогарфиялық сипаттамасы: Гидрографиясы және морфометриясы
3: 6
1: 2
Іле балқаш алабының физика геогарфиялық сипаттамасы: БАЛҚАШ КӨЛІ ЖӘНЕ ОНЫҢ СУ ТЕҢДЕСТІГІ
3: 8
1: 2. 1
Іле балқаш алабының физика геогарфиялық сипаттамасы: Балқаш көлі
3: 8
1: 2. 2
Іле балқаш алабының физика геогарфиялық сипаттамасы: Балқаш көлінің су теңдестігі
3: 9
1: 2. 3
Іле балқаш алабының физика геогарфиялық сипаттамасы: Қапшағай бөгенінің су теңдестігі
3: 12
1: 2. 4
Іле балқаш алабының физика геогарфиялық сипаттамасы: су шаруашылығы алабының көлемі, егістіктің түрлері, су пайдалану мөлшері
3: 14
1: 2. 5
Іле балқаш алабының физика геогарфиялық сипаттамасы: Халықтар жан-саны су пайдалану мөлшері
3: 17
1: 3
Іле балқаш алабының физика геогарфиялық сипаттамасы: ІЛЕ-БАЛҚАШ АЛАБЫНЫҢ ТРАНЫС ШЕКАРАЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІ
3: 20
1: 3. 1
Іле балқаш алабының физика геогарфиялық сипаттамасы: ҚХР-дағы Синьцзян Ұйғыр автономиялық ауданының Іле аймағы
3: 20
1: 3. 2
Іле балқаш алабының физика геогарфиялық сипаттамасы: ҚХР (СУАР) шекаралық аймағындағы Іле өзені алабы
3: 20
1: 3. 3
Іле балқаш алабының физика геогарфиялық сипаттамасы: Қытай басылымы не дейды
3: 21
1: 3. 3. 1
Іле балқаш алабының физика геогарфиялық сипаттамасы: Аспан асты еліндегі қысық көзды көршміздін қимылы қаурт
3: 21
1: 3. 3. 2
Іле балқаш алабының физика геогарфиялық сипаттамасы: Еліміз қандай жағдайға дайын
3: 22
1:
Іле балқаш алабының физика геогарфиялық сипаттамасы: ҰСЫНЫС - ПІКІРЛЕР
3: 24

1 Іле-Балқаш алабының Физика-географиялық

сипаттамасы

1. 1 Табиғи жағдайы

Балқаш Оңтүстік-Шығыс және Орталық Қазақстан шөлейттерінің орталығындағы тектоникалық қозғалыстан пайда болған қазаншұңқырда орналасқан. Ол соңғы төрттік мұздану кезеңіндегі ертедегі Балқаш-Алакөл су қоймасының бір бөлігін қамтиды. Соңғы геологиялық периодта оның батыс және солтүстік-батыс жағалауының біртіндеп төмен түсуі, ал солтүстік-шығыс жағалауының көтерілуі байқалады. Соған байланысты көлдің батыс және солтүстік-батыс жағалауы ингрессиондық, ал солтүстік-шығыс бөлігінің жағалауы регрессиондық сипатта болып келеді.

Балқаш көлі үш табиғи ауданмен шекараласады. Көлге солтүстігінен Қазақтың ұсақ шоқысы және Орталық Қазақстан жазықтығы, оңтүстігінен Оңтүстік-Шығыс Қазақстанның құмды жазықтығы келіп тіреледі.

Балқаш көлінің су жинау алабының ауданы 413 мың км 2 . Алаптың көп бөлігі (353 мың км 2 ) Қазақстанда орналасқан, Іле өзенінің жоғарғы бөлігі Қытай Халық Республикасында жатыр. Алакөл жүйесі көлдерінен бөліп тұратын су айрығы сызығы биіктігі 400 м болып келетін Балқаш және Сасықкөл көлдерінің арасынан өтеді.

Балқаш көлі алабының орографиясы күрделілігімен ерекшеленеді. Оның территориясын биік тау жүйелері, аласа таулар және Балқаш маңы құмдары алып жатыр. Біз қарастырып отырған Балқаш көлінің маңы жазықтығын негізгі үш ауданға бөлуге болады: 1) Солтүстік Балқаш маңы,
2) Оңтүстік Балқаш маңы және 3) Оңтүстік-Батыс Балқаш.

Солтүстік Балқаш маңы Қазақ ұсақ шоқысының оңтүстік шетін қамтиды. Оның орташа биіктігі 400-450 м. Рельефі негізінен жазықтық болып келеді, жекелеген тік шыңды төбелер, жоталар кездеседі, қысқа аңғарлы жазда құрғап қалатын арналармен тілімделген.

Оңтүстік Балқаш еңістігі төмен (0, 03) аккумулятивтік шөгінді түріндегі жазықтық болып келеді. Бұл жер құм массивтерінің кең таралуымен ерекшеленеді.

Балқаштың оңтүстік-батыс бөлігін кең ауқымды Іле өзенінің атырауы (ауданы шамамен 8000 км 2 ) алып жатыр. Атыраудың сол жағын ертедегі Іле өзенінің атырауынан қалған құрғақ арналармен тілімделген Бақанас атты сазды-құмдауыт тақыр алып жатыр.

Балқаш ойпатының территориясы құрғақ, тым континентальді. Жылдық жауын-шашын мөлшері орташа есеппен 150-200 мм-ден аспайды. Өсімдігі шөлейтті аймаққа тән болып келеді.

Алаптағы өзендер ағындысы негізінен Тянь-Шан тауларының және тауалды зоналарынан және аздап Қазақ ұсақ шоқысының беткейлерінен қалыптасады. Балқаш маңы жазықтығы (әсіресе Оңтүстік Балқаш) - ағынды қалыптаспайтын аудан болып табылады.

Солтүстік Балқаш өзендері (Мойынты, Жәмші, Тоқырауын, Бақанас, Аягөз) қар суымен қоректенетін өзендер типіне жатады. Тянь-Шан тауларынан басталатын өзендер (Іле, Қаратал, Ақсу, Лепсі) қар-мұз және жаңбыр суларымен қоректенеді.

Балқаш көлінің географиялық орнының ерекшелігі оның тым континентальді және құрғақ климатты болып келуінде.

1. 2 Ауа температурасы

\ Орташа жылдық ауа температурасы көлдің батыс жағалауында 7, 0 о С-тан көлдің шығысында 5, 3 о С-қа дейін өзгереді. Қаңтар айының орташа температурасы минус 13-16 о С, ал шілде айында орташа алғанда плюс 24-25 о С шамасында болып келеді [1] .

Абсолюттік миннимал температура көлдің орталық бөлігінде («минус» 40 о С) және солтүстік жағалауында («минус» 46 о С) байқалады. Ауа температурасының абсолюттік максимал шамасы көлдің шығысынан батысына қарай 41-ден 45 о С-қа дейін өзгереді.

Қазан және қараша айларында ауа температурасының күрт төмендеуі тән (8-9 о С-қа), мұндай жағдай сотүстіктік салқын ауаның енуімен және сібір антициклоны тармағының дамуымен байланысты. Қыс мезгілінде антициклондық ауа райында орташа ауа температурасы «минус» 30 о С-қа (орташа есеппен бір айда бір күн), ал қысы қатал жылдары «минус» 40 о С-қа дейін төмендейді (1-кесте) .

Кесте 1 - Орташа, максимал және минимал айлық және жылдық ауа температурасы (град. )

I
II
III
IV
V
VI
VII
VIII
IX
X
XI
XII
Жыл
I: ст. Балқаш
I: -15, 2
II: -13, 5
III: -5, 3
IV: 7, 1
V: 16, 0
VI: 21, 8
VII: 24, 2
VIII: 22, 2
IX: 15, 3
X: 6, 2
XI: -3, 6
XII: -11, 9
Жыл: 5, 3
I: -10, 1
II: -7, 3
III: 2, 2
IV: 11, 3
V: 19, 2
VI: 25, 1
VII: 27, 0
VIII: 24, 6
IX: 18, 4
X: 1, 1
XI: 0, 6
XII: -6, 0
Жыл: 6, 8
I: -19, 1
II: 21, 4
III: 11, 8
IV: 4, 0
V: 11, 8
VI: 18, 2
VII: 21, 0
VIII: 18, 3
IX: 12, 0
X: 3, 1
XI: -10, 5
XII: -19, 6
Жыл: 3, 8
I: Алғазы аралы
I: -15, 2
II: -13, 5
III: -4, 5
IV: 6, 9
V: 15, 8
VI: 22, 1
VII: 24, 3
VIII: 22, 8
IX: 16, 2
X: 7, 6
XI: -1, 8
XII: -10, 8
Жыл: 5, 8
I: -9, 2
II: -7, 8
III: 1, 2
IV: 10, 1
V: 18, 2
VI: 25, 1
VII: 26, 8
VIII: 24, 8
IX: 19, 2
X: 12, 1
XI: 2, 3
XII: -7, 4
Жыл: 7, 7
I: -19, 6
II: -20, 5
III: -11, 2
IV: 2, 8
V: 11, 4
VI: 18, 7
VII: 21, 9
VIII: 19, 6
IX: 14, 4
X: 4, 7
XI: -9, 1
XII: -17, 3
Жыл: 4, 4
I: ст. Құйған
I: -13, 7
II: -11, 4
III: -2, 0
IV: 9, 1
V: 17, 2
VI: 22, 5
VII: 24, 4
VIII: 22, 1
IX: 15, 4
X: 7, 2
XI: -2, 0
XII: -9, 6
Жыл: 6, 6
I: -7, 2
II: -4, 6
III: -3, 8
IV: 13, 0
V: 19, 9
VI: 25, 6
VII: 27, 0
VIII: 24, 1
IX: 18, 8
X: 12, 1
XI: 1, 6
XII: -2, 2
Жыл: 8, 9
I: -19, 0
II: -26, 3
III: -8, 6
IV: 5, 1
V: 13, 5
VI: 19, 3
VII: 21, 6
VIII: 19, 0
IX: 12, 6
X: 5, 1
XI: -9, 6
XII: -20, 9
Жыл: 5, 1

Тұрғылықты суық орташа алғанда қарашаның ортасында-желтоқсанның басында орнайды және наурыздың ортасына дейін сақталады. Суық мезгілдің орташа тұру ұзақтығы (орташа тәуліктік температурасы 0 0 С-тан төмен күндер) 85-112 күнді құрайды.

Қыс айларында оңтүстіктен жылы ауа массасының енуіне байланысты (С типті циркуляция) күндізгі температура 10-15 0 С-қа көтеріліп, жылымықтардың орнауы мүмкін.

Суық мезгілдің орташа ұзақтығы (қараша-наурыз) орташа алғанда 130-140 күнді құрайды, теріс температуралар қосындысы 1100-ден 1500 0 С шамасында болып келеді.

Наурызда жылы ауа массасының енуімен және радиациялық жылыну нәтижесінде ауа температурасының жылдам көтерілуі байқалады. Соңғы көктемгі суыну (заморозки) әдетте сәуірдің екінші жартысында, жекелеген жылдары 20 ауытқумен орнауы мүмкін.

Жаз айларында (маусым-тамыз) орташа айлық ауа температурасы 22-25 0 С шамасында тербеледі, ал орташа тәуліктік температура 25-35 0 С-қа жетеді.

1. 2. 1 Ауа ылғалдылығы

Орташа жылдық абсолюттік ауа ылғалдылығы (су буының серпімділігі) 7 мб-ды құрайды. Көлдің солтүстік жағалауында ол бірнеше төмен (6, 3-
6, 9 мб), ал оңтүстігінде біршама жоғары (7, 2-7, 3 мб) болып келеді. Салыстырмалы ылғалдылық суық мезгілде (қараша-наурыз) 80%, өтпелі кезеңдерде (сәуір, қазан) 57-66%, жазда (маусым-тамыз) - 40-52%. Оның орташа жылдық шамасы - 60-66%.

Ауаның ылғал тапшылығы жыл бойы 6, 4-8, 3 мб шегінде өзгереді. Көлдің оңтүстік жағалауы бұдан төмендеу шамамен сипатталады.

1. 2. 2 Атмосфералық жауын-шашын

Көпжылдық орташа жиынтық жылдық жауын-шашынның жыл ішінде таралуы және максимал және минимал айлық жауын-мөлшері 2 кестеде келтірілген.

Балқаш маңында өлшенген жылдық жиынтық жауын-шашын мөлшері 100-160 мм-ді құрайды. Суық мезгілге қарағанда жылы мезгілде жауын-шашын көбірек түседі. Ауа температурасы жоғары болып келген кезеңде әдетте жауын-шашын жаумайды. Ең жоғары жиынтық жылдық жауын-шашын мөлшері 255 мм, ал ең азы - 39 мм-ді құрайды.

Айлық жиынтық жауын-шашын мөлшерінің аумақ бойынша таралуы өте жоғары айырмашылықта болып келеді.

Кесте 2 - Көпжылдық орташа жиынтық жылдық жауын-шашынның жыл ішінде таралуы және максимал және, минимал айлық жиынтық жауын-шашын мөлшері

I
II
III
IV
V
VI
VII
VIII
IX
X
XI
XII
Жыл
XI- III
IV- X
I: ст. Балқаш
I: 12
II: 10
III: 11
IV: 12
V: 10
VI: 13
VII: 12
VIII: 8
IX: 5
X: 9
XI: 11
XII: 14
Жыл: 127
XI- III: 58
IV- X: 69
I: 26
II: 25
III: 17
IV: 37
V: 44
VI: 55
VII: 35
VIII: 43
IX: 40
X: 32
XI: 28
XII: 24
Жыл: 220
XI- III: 78
IV- X: 154
I: 1
II: 0
III: 0
IV: 0
V: 0
VI: 0
VII: 0
VIII: 0
IX: 0
X: 0
XI: 1
XII: 1
Жыл: 59
XI- III: 20
IV- X: 25
I: Алғазы аралы
I: 11
II: 10
III: 10
IV: 14
V: 17
VI: 15
VII: 15
VIII: 10
IX: 4
X: 11
XI: 14
XII: 11
Жыл: 142
XI- III: 56
IV- X: 86
I: 45
II: 29
III: 32
IV: 34
V: 107
VI: 42
VII: 45
VIII: 58
IX: 23
X: 40
XI: 38
XII: 19
Жыл: 242
XI- III: 65
IV- X: 202
I: 0
II: 0
III: 0
IV: 1
V: 0
VI: 0
VII: 0
VIII: 0
IX: 0
X: 0
XI: 0
XII: 0
Жыл: 68
XI- III: 14
IV- X: 38
I: ст. Құйған
I: 9
II: 9
III: 13
IV: 13
V: 15
VI: 13
VII: 8
VIII: 5
IX: 4
X: 9
XI: 13
XII: 13
Жыл: 124
XI- III: 57
IV- X: 67
I: 19
II: 28
III: 32
IV: 37
V: 49
VI: 38
VII: 39
VIII: 26
IX: 17
X: 28
XI: 38
XII: 27
Жыл: 194
XI- III: 83
IV- X: 164
I: 1
II: 1
III: 1
IV: 1
V: 0
VI: 0
VII: 0
VIII: 0
IX: 0
X: 0
XI: 1
XII: 1
Жыл: 73
XI- III: 24
IV- X: 28

1. 3 Гидрографиясы және морфометриясы

Балқаш көліне негізінен 5 өзен құяды, олар: Іле, Қаратал, Ақсу, Лепсі және Аягөз. Бұлардың ішінде Іле, Қаратал, Ақсу және Лепсі өзендері сулары Тянь-Шан тауларынан, ал Аягөз өзені Тарбағатайдан және Шыңғыз тауынан қалыптасады. Іле Батыс Балқашқа, ал қалғандары Шығыс Балқашқа құяды.

Солтүстіктен Балқашқа Мойынты, Тоқырауын және Бақанас өзендері жақындайды, бірақ көлге жақындағанда сулары тартылып қалады. Тек Тоқырауын жекелеген суы мол жылдары біршама суын Балқаш көліне жеткізеді. Басқа қалған кішігірім құрғап қалатын өзендер Балқаштың оңтүстік-батыс және батыс жағалауына құяды.

Балқаштың ең ірі саласы - Іле өзені, оның үлесіне жалпы алаптың 70%-ы және алаптың жиынтық беттік ағындысының 80%-ы тиесілі. Іле өзені Балқашқа құярда ауданы 8000 км 2 болатын үлкен атырау жасайды. Атырау Бақанас елді мекенінен 70 км төмен өзен үш тармаққа бөлінетін, яғни Топар, Іле және Жиделі тармақтарына бөлінетін жерден басталады.

Қазіргі кезде Іле өзенінің 90%-ға жуық суы Жиделі жүйесі арқылы Балқаш көліне жеткізіледі. Іле жүйесіне ағындының 4, 6-дан 7, 4%-ға жуығы және Топарға 3, 2-ден 5, 0%-ға келеді. Іле өзенінің атырауында көптеген көлдер мен жайылған сулар кездеседі. Мұнда Іле өзені суының бірқатар бөлігі жерге сіңуге, булануға және транспирацияға ысырап болады. С. А. Абдрасиловтың зерттеулері бойынша [7] атырауда ысырапқа ұшырайтын су көлемі жекелеген жылдары (1955 ж) 5, 06 км 3 -ке дейін (Іле өзенінің 30%-на жуық) жетеді.

Ағындының атырауда таралуы және онда әр жылғы судың жайылуы арна торының динамикасына, Іле өзені суының және Балқаш көлінің деңгейінің көпжылдық тербелісіне тәуелді өзгеріп отырады. Осыған сәйкес өз кезегінде Іле өзені атырауының динамикасы Балқаштың су балансына және деңгейіне әсер ететіндігі көрінеді.

Қазіргі кезде Р. М. Хайдаровтың зерттеулері бойынша [1] Іле және Топар жүйелері жоғалу (отмирания), ал Жиделі жүйесі бір арна жасау стадиясында. Жалпы алғанда атырауда көлдік жүйеден арналық жүйеге көшу орын алып отыр. Сондықтан жақын жылдары Іле өзені суының жиынтық булануға жұмсалатын бөлігі кемуге тиіс [1] .

Балқаш көлінің, оның батыс және шығыс бөліктерінің морфометриялық сипаттамалары 3, 4-кестелерде келтірілген.

Кесте 3 - Су деңгейі 342 м кезіндегі Балқаш көлінің морфометриялық сипаттамалары

№ р/р
Сипаттамалары
Өлшем бірлігі
Шамасы
№ р/р: 1
Сипаттамалары: Көлдің ұзындығы . . .
Өлшем бірлігі: км
Шамасы: 614
№ р/р: 2
Сипаттамалары: Максимал ені . . .
Өлшем бірлігі: км
Шамасы: 70
№ р/р: 3
Сипаттамалары: Орташа ені . . .
Өлшем бірлігі: км
Шамасы: 30
№ р/р: 4
Сипаттамалары: Жағалық сызықтың ұзындығы . . .
Өлшем бірлігі: км
Шамасы: 2 383
№ р/р: 5
Сипаттамалары: Су айдынының ауданы . . .
Өлшем бірлігі: км 2
Шамасы: 18 200
№ р/р: 6
Сипаттамалары: Максимал тереңдік . . .
Өлшем бірлігі: м
Шамасы: 26, 5
№ р/р: 7
Сипаттамалары: Орташа тереңдік . . .
Өлшем бірлігі: м
Шамасы: 5, 8
№ р/р: 8
Сипаттамалары: Суының көлемі . . .
Өлшем бірлігі: км 3
Шамасы: 106
№ р/р: 9
Сипаттамалары: Көл қазаншұңқырының көрсеткіші
(С. Д. Муравейский бойынша) . . .
Өлшем бірлігі:
Шамасы: 1, 50

Кесте 4 - Батыс және Шығыс Балқаштың негізгі морфометриялық сипаттамалары

Көлдің бөлігі
Ұзындығы, км
Максимал ені, км
Орташа ені, км
Айдынының ауданы, км2
Макс. тереңдік, м
Орташа тереңдік
Суының көлемі
Көлдің бөлігі: Батыс Балқаш
Ұзындығы, км: 296
Максимал ені, км: 70
Орташа ені, км: 36
Айдынының ауданы, км2: 10600
Макс. тереңдік, м: 11, 0
Орташа тереңдік: 4, 6
Суының көлемі: 48, 5
Көлдің бөлігі: Шығыс Балқаш
Ұзындығы, км: 318
Максимал ені, км: 47, 5
Орташа ені, км: 24
Айдынының ауданы, км2: 7600
Макс. тереңдік, м: 26, 5
Орташа тереңдік: 7, 6
Суының көлемі: 57, 5

Балқаш көлінің қазаншұңқыры созыңқылығымен және жағалық сызықтарының тілімделген болып келуімен ерекшеленеді. Сарыесик жартылай араллы тұсында көл енінің күрт тарылуынан көл екі бөлікке - батыс және шығыс бөліктерге бөлінеді. Бұл бөліктер өздерінің морфометриялық және гидрофизикалық сипаттамаларымен өзгешеленеді. 342 м су деңгейі жағдайында Ұзынарал мойнағының (ең тар жері ) ені 5-6 км-ден аспайды, ал табалдырықтың ең таяз жерлері 2, 8-3, 3 м болып келеді.

Көлдің бұлай екіге бөлінуі оның әсіресе суларының тұздылығының күрт өзгешеленуімен ерекшеленеді. Батыс Балқаш негізінен тұщы немесе өте төмен минералданған (су деңгейінің тербелісіне байланысты) ағынды көл болып табылады, ал Шығыс Балқаш салыстырмалы алғанда жоғары минералдануымен сипатталады

2 БАЛҚАШ КӨЛІ ЖӘНЕ ОНЫҢ СУ ТЕҢДЕСТІГІ

Біз зерттеп отырған територия аумағында 24300 ден астам көлдер мен бөгендер бар. Ауданы 1км 2 асатын 109 көл, 1-50км 2 дейін 4көл бар (Балқаш, Алакөл, Сасықкөл, Қошқаркөл) .

Қапшағай су қоймасының салынуына байлансты Балқаш өз рөлін жоғалтты. кіші- кірім өзендерқарастырылып отырған аудан бойынша бір келкі таралмаған, кіші- кірім су қоймалардың көпшілігі ірі өзендердің төменгі бөлігінде үлкен-кіші көлдердің жағалауларында орналасқан. Мысалы Іле атырау бойынша 2000 нан астам көл бар, солтүстік балқаш бойынша 40 тан астам, оңтүстік балқаш маңында тіпті жок десек болады.

Булану шығыны барлық климаттық факторларға тәуелді. Балқаш алабында булану 150мм ал оңтүстік балқаш маңында Іле алатауы баурайына дейін 350-400мм.

2. 1 Балқаш көлі

Қазақстан картасындағы Балқаш көлі

Координаталары: 46°32′27″ с. е. 74°52′44″ ш. ұ.

http://www.tptk.kz/include/images_inc/03/0_3_33_20.jpg

Сурет - 1

Орналасуы: Қазақстан

Теңіз деңгейінен 340 м-де жатыр

Ұзындығы: 605 км

Ені: 9-дан 74 км дейін

Ауданы: 16, 4 мың. км²

Көлемі: 112 км³

Жағасының ұзындығы: 2385км

Ең терең жері: 26 м

Орташа тереңдігі: 5, 8 м

Мөлдірлігі: 1-5, 5 м

Тоғандарының ауданы: 413 000 км²

Құйатын өзендері: Ілі, Қаратал, Ақсу, Лепсі, Аягөз

Ағатын өзендер: жоқ

Балқаш көлі - Қазақстандағы ең ірі көлдердің бірі. Балхаш - Қазақстанның оңтүстік-шығысындағы көл. Аумағы жөнінен Каспий, Арал теңіздерінен кейінгі 3-орында. Алматы, Жамбыл, Қарағанды облыстарының шегінде, Балқаш-Алакөл ойысында, теңіз деңгейінен 340 м биіктікте жатыр. Ауданы құбылмалы: 17 - 22 мың км 2 , ұзындығы 605 км- ден астам, ені шығыс бөлігінде 9 - 19 км, батыс бөлігінде: 74 км-ге жетеді. Суының көл шамамен 100-110 км 3 , Су жиналатын алабы 500 мың км 2 -ге жуық, Орташа тереңдігі 5, 8 м. ең терең жері 26 м Балқаш көлі толқынды. Көлдің шығыс бөлігінде толқынның биіктігі 3-3. 5 метр болады, батыс бөлігінде 2, 5 метрден аспайды. Біріншісі, көлдің батыс бөлігіндегі ағыны.

Бұл ағын Іле өзенінің Балқаш көлін құяр сағасынан бастап батысқа қарай ағады, сонан кейін Мыңарал ауданында ол солтүстікке бұрылып, көлдің батыс, солтүстік-батыс және солтүстік жағалауларын бойлай Ұзынарал шығанағына жетеді. Бұл жерде су ағыны Сарыесік түбегіне келіп тіреледі де оңтүстікке, сосын оңтүстік-шығысқа қарай бұрылады, одан әрі ағын бірте-бірте бәсеңдеп, Батыс Балқаштың шығыс жағалауына келіп тоқтайды. Екіншісі - жел әсерінен болатын ағындар.

Балқаш көлінің суы Іленің құйған жерінде 0. 2-0. 4м, ал шығысында 10-12 м ге дейін мөлдір. Жазға қарағанда қыста анағұрлым мөлдір болады. Көл суы оңтүстік-батыс жағында ылайлы сарғыш, шығысқа қарай көк-жасыл түске енеді. Көл суының температурасы батысында 9. 9 0 C, шығысында 8. 5 0 C болады, ал қыс айларында керісінше. Судың ең жоғары температурасы шілде айында батысында 23. 8 0 C, ал шығысында 20. 1 0 C жетеді.

Балқаштың батыс бөлігі қараша айының екінші жартысында, ал шығысы желтоқсан айының аяғында қатады.

Балқаш көлі шөлейт және шөл табиғат белдемдерінде орналасқандықтан, оның климаты шұғыл континентті болып келеді. Су айдынының булануы өте жоғары. Осыған байланысты судың деңгейі тез өзгеріп отырады.

2. 2 Балқаш көлінің су теңдестігі

Іле өзені Балқаш көлі алабының негізгі артериясы болып табылады, бастауын Қазақстандағы Музарт мұздықтарынан Орталық Тәңіртаудан және Текес өзені ағынынан алады, сосын Шығыс Түркістан аймағымен (ҚХР) ағады, ол жерде Күнес және Қаш өзендерімен қосылып, және қосылған жерден 250 м қайтадан Қазақстан Республикасының жеріне мол сулы өзен болып кіреді. 1011 км-де Балқаш көліне құяды. Өзеннің жалпы ұзындығы 1439 км, Қазақстан аумағында - 815 км. Іле өзені алабының жалпы ауданы - 140 мың км² (Балқаш көлі су жинайтын алабының шамамен 75%), оның ішінде 7740 км² - Қзақстан аумағында. Алаптың ағын қалыптастыратын бөлігі Қытайда орналасқан. Сулылығы және лайлылығы бойынша Іле өзенінің суы Орталық Азияның (Амудария, Сырдаррия) ең ірі өзендерінің ішінде 3 орынды алады, Сырдария өзеніне аз ғана сулылығы бойынша жол береді.

Іле өзені Балқаш-Алакөл жүйесіндегі өзендер ішіндегі ең ірісі болып табылады, оның үлесіне ағынның 79, 1% келеді. Алапта қалыптасатын жер беті суларының жиынтық көлемі 28, 85 км³/жыл құрайды, оның ішіндегі 22, 87(79, 1%) км³/жыл Іле өзені алабында қалыптасады; 5, 36(18, 6%) км³/жыл - шығыс тармақтарының алабында: Қаратал, Лепсі, Ақсу; 0, 57(1, 97%) км³/жыл - Аягөз өзені алабында; Солтүстік Балқаш маңы өзендерінің ағындысы - 0, 08(0, 28%) км³/жыл.

Бұл аймақтағы ең мол сулы және су жинайтын алабы бойынша үлкен Іле (салаларын қоса алғанда) және Қаратал өзендері болып табылады. Олар Балқаш көліне 95-98% беткі ағындыны береді.

Кесте 5 Балқаш көлі алабының қалпына келетін ресурстары 1969ж. дейін (қалыптасу аймағындағы ағынды)

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Алматы облысы Балқаш ауданы
Қазақстан Республикасында су ресурстарын интеграциялық басқарудың қазіргі кездегі жағдайы
Қазақстанның экологиялық проблеммалары
Қазақстанның өзендерінің экологиялық жағдайы
Балқаш көлінің геоэкологиялық проблемалары
Қазақстандағы қар мен мұз ресурстары
Қазақстан Республикасының су ресурс проблемалары
Қазақстандағы қоршаған орта жағдайы
Балқаш көлінің физикалық-географиялық жағдайы
Суды тиімді пайдалану. Сумен қамтамасыз етуге бөлек жүйелерді қолдану
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz