Компанияның банкроттығы мен төлем қабілетсіздігінің теориялық негіздері. Жалған банкроттық қылмыстық-құқықтық сипаттамасы



КІРІСПЕ

Ι.ТАРАУ. КОМПАНИЯНЫҢ БАНКРОТТЫҒЫ МЕН
ТӨЛЕМ ҚАБІЛЕТСІЗДІГІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1 Компания банкроттығының экономикалық табиғаты мен мәні
1.2 Компания банкроттығы мен төлем қабілетсіздігінің пайда болу себептері

ΙΙ.ТАРАУ. ЖАЛҒАН БАНКРОТТЫҚ ҚЫЛМЫСТЫҚ.ҚҰҚЫҚТЫҚ СИПАТТАМАСЫ
2.1 Жалған банкроттық қылмысының мәні, түсінігі
2.2 Жалған банкроттық қылмысына құқықтық сипаттама

ΙΙΙ.ТАРАУ. БАНКРОТТЫҚҚА ҚАРСЫ СТРАТЕГИЯЛЫҚ ЖОСПАРЛАУ

ҚОРЫТЫНДЫ

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
Қазақстан Республикасы компаниядарында соңғы жылдары еліміздің экономикалық нарықтық қатынастарға өтуіне байланысты түбегейлі өзгерістер орын алуда.Нарықтық экономикаға өту біздің қаржы саясаты үшін кәспорынның банкроттығы ұғымының пайда болуына екелді. Тұрақсыз экономикалық даму, жоғарғы инфляция, салық саясатының тұрақсыздығы, саяси тұрақсыздық, компания менеджерлері біліктілігінің жеткіліксіздігі жағдайында банкроттықтың мәні артады. Банкроттық банкроттықтық жағдай және оны жою үшін қаржылық басқарудың арнайы әдістері қажет.
Қазіргі уақытта кез келген компанияның шаруашылық субъектісі ретінде құқық жағдайларын едәуір нығайтып, олардың көптеген өндірістік және қаржылық мәселелерді өз бетінше шешуіне мол мүмкіншілік ашты. Атап айтқанда, ішкі және сыртқы рынокта билікті серіктерін таңдауға қол жетті, өйткені болашақтағы бірлескен іс-әрекеттің тиімділігі көбінесе осыған байланысты болды. Дегенмен, шаруашылық субъектілер мен компаниядардың көпшілігі төлемқабілетсіз және дәрменсіз болуы экономиканың дамуының ұзақмерзімді перспективасы жолында күрделі кедергі болды.
Жалпы әрбір компания үшін компанияның бәсекеқабілеттілігін арттыру мақсатында жүзеге асырылып жатқан шаралардың маңыздылығы банкроттыққа қарсы басқарудың рөлін атқарады. Осыған сәйкес компаниядар өндірген өнімдердің бағасын төмендету, өткізу көлемін көбейту, әрі нарықтағы тауарлардың сапалық көрсеткіштер жағынан ерекшеленетін өнім түрлерін өндіру арқылы нарықтағы жағдайын нығайтуға ұмтылады.
Жоғары денгейдегі бәсеке жағдайында әрбір компания мақсаты төлемқабілетті және қаржылай тұрақты болу. Дегенмен, кейбір компаниядар сот шешімі бойынша төлемқабілетсіз деп танылып, банкротқа ұшырайды.
Банкроттық-компанияның ұдайы өндіріс капиталының шаруашылық механизмінің балансының бұзылуынан, яғни оның қаржылық және инвестициялық саясатының тиімсіз болуынан туындайды. Сондықтан шаруашылық қызметтің негізгі көрсеткіштерінің өсу денгейінің тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін және қаржылық банкроттықы жағдайынан шығу үшін компанияның жағдайын жақсартуға бағыттылған бағдарлама жасау керек.
Банкроттық – нарықтық экономика жағдайында объективті экономикалық құбылыс болғандықтан Қазақстанда ол оны сауықтырудың құралына айналмады.
1. Қазақстан Республикасының «Банкроттық туралың Заңы;
2. Дүйсенбаев Ш., Төлегенов Ә.Т., Жумагалиева А.Т., «Компанияның қаржылық жағдайын талдауң, Алматы 2001 ж.
3. Ковалев А.П. «Финансовый анализ и диагностика банкротстваң Учебное пособие, М.-1994г.
4. Антикризисное управление, Под ред. Э.М. Короткова, 2003, 95 б.
5. Казахстан:1992-2002ж.ж.Информационно-статистический сборник, Алматы, 2002 ж.
6. Ковалев А.П. «Анализ финансов по состоянию предприятия». М. 1995, 54б.
7. «Қаржы-қаражат» №3, 2003.
8. Бердалиев К.Б.,Тұрсынбаева А.А. «Менеджмент теориясы мен тәжірибесі» Алматы-2002ж.;
9. Под ред. Жатканбаева Е.Б.Малое предпринимательство: теория, мировой опыт и Казахстан, Алматы-2001ж.;
10.Бердалиев К.Б. « Қазақстан экономикасын басқару» А-2001
11.«Антикризисное управление и банкротство» Мухамбетов Т.Ж., Алматы 2002.
12.Евразийское сообщество, №2, 2003,. «Антикризисное управление».
13.Под ред. Грязновой А. «Антикризисный менеджмент», М. 1999.
14.«Қаржы-қаражат»,№2 2002.
15.. Под ред. Жатканбаева Е.Б.Малое предпринимательство: теория, мировой опыт и Казахстан, Алматы-2001ж.;
16. Под ред. Смаилова А.А. Казакстан 1991-2001 г.г. Информационно-аналитический сборник, Алматы-2001ж.;
17. Ковалев В.В. Финансовый анализ: Управление капиталом. Выбор инвестиции. Анализ отчетности, М. 1995 г. №1-2, С. 13.
18.Государственная программа развития и поддержки малого предпринимательства в РК на 2001-2002г.г.,Астана, Казахстанская Правда ,2001г. 11 май;
19.Егемен Қазақстан газеті, 27.12.2002ж.;
20.Егемен Қазақстан газеті, 05.04. 2003ж.;

Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 30 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ

Ι-ТАРАУ. КОМПАНИЯНЫҢ БАНКРОТТЫҒЫ МЕН
ТӨЛЕМ ҚАБІЛЕТСІЗДІГІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
0.1 Компания банкроттығының экономикалық табиғаты мен мәні
0.2 Компания банкроттығы мен төлем қабілетсіздігінің пайда болу себептері

ΙΙ-ТАРАУ. ЖАЛҒАН БАНКРОТТЫҚ ҚЫЛМЫСТЫҚ-ҚҰҚЫҚТЫҚ СИПАТТАМАСЫ
2.1 Жалған банкроттық қылмысының мәні, түсінігі
2.2 Жалған банкроттық қылмысына құқықтық сипаттама

ΙΙΙ-ТАРАУ. Банкроттыққа қарсы стратегиялық жоспарлау

ҚОРЫТЫНДЫ

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

Кіріспе

Қазақстан Республикасы компаниядарында соңғы жылдары еліміздің экономикалық нарықтық қатынастарға өтуіне байланысты түбегейлі өзгерістер орын алуда.Нарықтық экономикаға өту біздің қаржы саясаты үшін кәспорынның банкроттығы ұғымының пайда болуына екелді. Тұрақсыз экономикалық даму, жоғарғы инфляция, салық саясатының тұрақсыздығы, саяси тұрақсыздық, компания менеджерлері біліктілігінің жеткіліксіздігі жағдайында банкроттықтың мәні артады. Банкроттық банкроттықтық жағдай және оны жою үшін қаржылық басқарудың арнайы әдістері қажет.
Қазіргі уақытта кез келген компанияның шаруашылық субъектісі ретінде құқық жағдайларын едәуір нығайтып, олардың көптеген өндірістік және қаржылық мәселелерді өз бетінше шешуіне мол мүмкіншілік ашты. Атап айтқанда, ішкі және сыртқы рынокта билікті серіктерін таңдауға қол жетті, өйткені болашақтағы бірлескен іс-әрекеттің тиімділігі көбінесе осыған байланысты болды. Дегенмен, шаруашылық субъектілер мен компаниядардың көпшілігі төлемқабілетсіз және дәрменсіз болуы экономиканың дамуының ұзақмерзімді перспективасы жолында күрделі кедергі болды.
Жалпы әрбір компания үшін компанияның бәсекеқабілеттілігін арттыру мақсатында жүзеге асырылып жатқан шаралардың маңыздылығы банкроттыққа қарсы басқарудың рөлін атқарады. Осыған сәйкес компаниядар өндірген өнімдердің бағасын төмендету, өткізу көлемін көбейту, әрі нарықтағы тауарлардың сапалық көрсеткіштер жағынан ерекшеленетін өнім түрлерін өндіру арқылы нарықтағы жағдайын нығайтуға ұмтылады.
Жоғары денгейдегі бәсеке жағдайында әрбір компания мақсаты төлемқабілетті және қаржылай тұрақты болу. Дегенмен, кейбір компаниядар сот шешімі бойынша төлемқабілетсіз деп танылып, банкротқа ұшырайды.
Банкроттық-компанияның ұдайы өндіріс капиталының шаруашылық механизмінің балансының бұзылуынан, яғни оның қаржылық және инвестициялық саясатының тиімсіз болуынан туындайды. Сондықтан шаруашылық қызметтің негізгі көрсеткіштерінің өсу денгейінің тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін және қаржылық банкроттықы жағдайынан шығу үшін компанияның жағдайын жақсартуға бағыттылған бағдарлама жасау керек.
Банкроттық - нарықтық экономика жағдайында объективті экономикалық құбылыс болғандықтан Қазақстанда ол оны сауықтырудың құралына айналмады.

Ι-ТАРАУ. КОМПАНИЯНЫҢ БАНКРОТТЫҒЫ МЕН
ТӨЛЕМ ҚАБІЛЕТСІЗДІГІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
0.1 Компания банкроттығының экономикалық табиғаты мен мәні

Нарық жағдайында компанияның өміршеңдігінің кепілі оның қаржы-экономикалық тұрақтылығы болып табылады. Бірақ бірқатар отандық компаниядардың қаржылық нәтижесі мен экономикалық дамуы ойдағыдай қолданыс таба алмай, дәрменсіз немесе банкроттық жағдайға душар болуда.
Банкроттық нарық шаруашылығының бір категориясы ретінде соттың шешімі мен немесе кредитордың келісімі бойынша соттан тыс ресми түрде жарияланады. Қазақстан Республикасының Банкроттық туралың 07.04.1995 жылғы № 2173 Заңына сәйкес, ол қарызын төлей алмайтын, ақшалай міндеттемелер талабын қанағаттандыра алмау, сонымен қатар өзіне тиісті мүлік есебінен бюджет пен бюджеттен тыс қорларға міндетті төлемдерді қамтамасыз ете алмау жатады.Басқаша айтқанда, шаруашылық субъектісінің қарызды төлей алмауы, ағымдағы операциялық қызметті қаржыландыра алмауы, қарыздардың, мідеттемелердің өсуіне байланысты жедел міндеттемелерді өтеу қабілетсіздігі немесе борышкердің балансының қанағаттанарлықсыз құрылымына байланысты ұғымдар кіреді.
Баланстың қанағаттанарлықсыз құрылымы борышкердің мүлкі мен міндеттемелерінің өтімділік деңгейінің жетіспеуіне байланысты кредитордың алдында мүлік есебінен міндеттемелерін дәл уақытысында төленбеуі жағдайында орын алады. Мұндай жағдайда мүліктің жалпы құны борышкер міндеттемелерінің жалпы сомасына тең немесе одан асып кетуі мүмкін.
Банкроттық ұғымы экономикалық және құқықтық қатынастардың өзара тығыз байланысқан кең саласын қамтиды. Құқықтық тұрғыдан, банкроттық - компанияның жойылуына (ликвидация) негіз болатын төлемқабілетсіздігінің құқықтық танылуы болып саналады. Совет энциклопедиялық сөздікте банкроттық (итальян сөзі Banco - банк және gotto - құлдырау) - дәрменсіз, компанияның немесе азаматтың қаржысыз болуы, осыған орай өз міндеттемелерін төлеуге дәрменсіз болуы .
Дәрменсіздік (банкроттық) орыс ғалымдарының көзқарастары бойынша - борышкердің төлемқабілетсіздігінің сотпен анықталуы немесе баланс құрылымының қанағаттанарлықсыз болуы.
Ал қазақстандық ғалымдар өз анықтамасын ұсынды: банкроттық - шаруашылық субъектісінің экономикалық дәрменсіздігі, оның қарыз міндеттемелері бойынша төлемқабілетсіздігі, шаруашылық соттың шешімімен жариялануы.
Жалпы банкроттық өзінің мәні бойынша - нарықтық экономиканың қалыпты құбылысы, бәсекелік күрестің табиғи процесі. Банкроттық бәсекелік күрес нәтижесі ретінде өндірістің дамуын, іскерлікті ынталандырады.
Банкроттық-компанияның ұдайы өндіріс капиталының шаруашылық механизмінің балансының бұзылуынан, яғни оның қаржылық және инвестициялық саясатының тиімсіз болуынан туындайды. Сондықтан шаруашылық қызметтің негізгі көрсеткіштерінің өсу денгейінің тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін және қаржылық банкроттықы жағдайынан шығу үшін компанияның жағдайын жақсартуға бағыттылған бағдарлама жасау керек.
Дегенмен көптеген ғалымдар банкроттықты құқықтық қатынастарды сипаттайтын категория ретінде қарастырады. Құқықтық тұрғысынан банкроттық - ол сот шешімімен немесе борышкердің жариялауы бойынша борышкердің қаржы міндеттемелері бойынша кредиторлардың талабын толық қанағаттандыруға дәрменсіздігі. Банкроттық - компанияның жойылуына негіз болатын оның төлемқабілетсіздігінің құқықтық танылуы болып табылады. Құқықтық бағыттың негізі соттың дәрменсіз деп тануы.
Сонымен бірге қазақстандық зеттеушілер төлемқабілетсіз және дәрменсіз түсініктеріне нақты жауап берген: төлемқабілетсіз - деп борышкердің өтеу мерзімі бойынша қаржы міндеттемелрі мен басқа да қарсы сипатындағы талаптарын орындай алмауы, ал дәрменсіз - деп компанияды банкрот деп тану мақсатында тауарлар (жұмыс, қызмет) төлемі бойынша кредиторлар талабын қанағаттандыра алмауы.
Жалпы әрбір компания үшін компанияның бәсекеқабілеттілігін арттыру мақсатында жүзеге асырылып жатқан шаралардың маңыздылығы банкроттыққа қарсы басқарудың рөлін атқарады. Осыған сәйкес компаниядар өндірген өнімдердің бағасын төмендету, өткізу көлемін көбейту, әрі нарықтағы тауарлардың сапалық көрсеткіштер жағынан ерекшеленетін өнім түрлерін өндіру арқылы нарықтағы жағдайын нығайтуға ұмтылады.
Экономика-құқықтық тұрғыда банкроттықты қарастыруда оны таза экономикалық, немесе таза құқықтық деп бөлуге болмайды.
Банкроттықты экономикалық тұрғысынан қарастырғанда негізінен шаруашылық субъектісінің дәрменсіз болуының себептерін зерттеуге бағытталады. Сонымен бірге, банкроттық макро-, микроэконмикалық түрде қарастырылады, яғни бірінші бағыт бойынша нарық теориясының қорытындыларына негізделсе, екінші - фирмалар теориясына негізделеді.
Басқаша айтқанда, экономикалық бағыт компанияның банкроттығын экономикалық механизмдерін, яғни оны қаржы банкроттықы ретінде қарастырады, ал құқықтық бағыт-компанияның төлемқабілетсіз, яғни банкроттық жағдайға душар болғанын мойындағаннан кейінгі компаниядардың жоюлуы. Ұйымдастырушылық - құқықтық механизмі, банкроттықтың күрделі табиғатынан туындайды, яғни ол макроэкономикалық, микроэкономикалық және қоғамдық аспектіге ие: экономика тұрғысынан банкроттық және ликвидациялық процесс ретіндегі банкроттық.
Сонымен, банкроттық деп кредиторлар мен борышкерлер арасындағы соңғылардың төлемқабілетсіздігі мен міндеттемелері бойынша уақытылы қарызын төлей алмауы бойынша қатынастарын сипаттайтын экономикалық категория болып табылады.
Кез келген басқару қызметі өз деңгейінде тәуекел сипатына ие болады. Қазақстандағы нарықтық қатынастардың қалыптасуы басқару шешімдерінің қабылдау күрдешілікті мен олардың нәтижесін болжау күрделілігімен сипатталады. Коммерциялық ұйымдар пайданы максимализациялауға ұмтылуда заңдылыққа сүйенеді: пайда көп болған сайын, тәуекел де көп болады. Мұндай жағдай үш мүмкін болатын экономикалық нәтижесінен сипатталады: теріс (жеңілу, жоғалту, банкроттық, зиян), нөлдік, оң (жеңіс, пайда, табыс).
Кәсіпкерлік және тәуекел екі ажырамас түсінік. Банкроттық жағдайында компанияның банкроттыққа ұшырау ықтималдығы жоғары болады.
Кәсіпкерлік процестің қозғаушы күші (тәуекелге бару тілегі) Макконел К.Р. мен Брю бойынша жеке қызығушылық: әрбір экономикалық бірлік өзіне тиімді іске ұмтылады. Сондықтан кәсіпкерлер мақсаты компанияның пайдасын максимализациялау немесе жоғалтуларды максимализациялау болып саналады. Осыған байланысты кәсіпкер пайда табу үмітіне қарай баруға мәжбүр.
Кәсіпкерліктің соңғы нәтежиесі-өндірілген өнім мен қызмет болып табылады. Жалпы компанияның табысты дамуын қарастыруға болады,ол 4 сатыдан тұрады :
1) Жаңа идеяларды іздеу мен бағалау.
Барынша көп табыс келтіру-кәсіпкерліктің ең қозғаушы факторы. Кәсіпкерлер өзіне тиімді өзгерістер,яғни жұмыстарына жаңалықтарды енгізеді, мақсаты-пайда табу. Нарыққа жаңа тауар ұсынған алғашқы фирма оларды белгілі бір уақытқа дейін баламалы құннан жоғары бағамен сатады. Міне осы қабілет әдеттегіден ерекше шешім қабылдау қабілетін және іске шығармашылықпен қарау іскерлік әлемінде жоғары бағаланады.
2) Бизнес-жоспарды құру.
Бизнес-жоспарды құру -күрделі мәселелердің бірі, яғни өзіне нарық сегменттерін қосатын, оның қөлемін және негізгі сипаттамаларын, маркетинг жоспарын, өндірістік және қаржылық жоспарларды қамтамасыз ету болып табылады.
3) Қажетті ресурстарды табу.
Бұл ең бастысы қандай ресурстар қажеттігін нақты бағалау; бастапқы деңгейден қаталама деңгейді ажырата білу; ресурстар жетіспеушілігімен байланысты теріс зардаптарды бағалау жұмыстары жүзеге асырылады.
4) Құрылған компанияды басқару.
Әрбір компанияды басқару мәселесі - нақтыланған өнім стилінің басқарушысынан тұрады, ұйымдық құрылым құруды ұйымдастыру, табыстың шешуші тетіктерін және де әлсіз жақтарын табу арқылы шешім қабылдаудан тұрады.
Ал жалпы жаңа компания құру процесі 3 негізгі кезеңнен тұрады:
1-ші кезеңді дайындық кезеңі деп аталады, мұнда кәсіпкердің қызмет түрін және көлемін анықтау және ұйымдастырушылық- құқықтық формасын таңдайды;
2-ші кезең, яғни құрылтайшылық кезеңде құрылтайшы құжаттарды дайындау процесиері мен мемлекеттік тіркелу және компанияның атрибуттарын енгізу мәселелері шешіледі,
3-ші ұйымдастырушылық кезеңінде жаңа шағын компанияның ұйымдастырушылық құрылымын құру мәселесі қарастырылады, яғни негізгі өндірістік құрылымын, басқару құрылымы, персоналдық құрылым және өндірістік инфрақұрылым.
ған нұсқалармен салыстырғанда табыс ала алмау немесе зиян шегудің ықтималдығы. Шаруашылық тәуекелдің негізінде мүмкін болатын және шығындар мен нәтежиелердің ара-қатынасы жатады.
Сонымен қатар, кәсіпкерлікті тиімді ұйымдастырудың мәнді сипаттамалары да бар және олар келесідей:
1) Мақсатты анықтау.Ол пайдалылықтың негізін енгізуде маңызды болады. Кезінде Барух Спиноза әлемді билейтін мүдде деп атап көрсеткен екен.Ал Аристотельде мүдде туралы: игілік барлық жерде екі шартты сақтауды талап етеді Біріншісі-қандай қызмет болмасын ең соңғы мүддені дұрыс табу. Екіншісі-сол түпкі мүддені іске асыру үшін керекті құралдарды табу.
2) Мақсатқа жету жолдары. Мақсатқа жету жолында кәсіпкер жету құралдарын, әдістерін анықтауы қажет. Бұл тұрғыда пайда алу мен басқару сапасының өзара үйлесуінің қамтылуы қажет.
3) Мадақтау мен жазалау жүйесінің болуы. Мұнда жұмысты ұйымдастыруда шығармашалақ ықылас көрсеткені үшін марапаттау туралы айтылады. Жазалау-ықыластың жоқтығы үшін мәселені қою жөнінде болады. Кәсіпкер алдына жаңа мәселелерді іздеп қояды және оларды шешудің жолдарын іздейді. Бұл жағдайда ғылыми тәсіл қолданылады.
4) Басқару стилі. Мұнда кәсіпкерге төнетін қаіп-қатер де, адамдарды жұмысқа жұмылдыру, оларды марапаттау және тағы басқа факторлар да жатады.
5) Ұйымдастырушылық құрылым. Бұл жерде оның икемділігі туралы сөз болады,яғни оның негізгі объектісі-өндіріс болып табылады. Құрылым өндіріске қарағанда екінші болып, рынок жағдайына байланысты бағытталуы тиіс.
6) Кәсіпкерлік компаниядардың айырмашылығы, яғни сонымен қатар, сандық сипаттары бары: жұмыскерлер саны, капиталдың жылдық айналымы, компаниядардың шамалары.
7) Кәсіпкерлікті сипаттайтын негізгі қасиеттері- ол қызмет еркіндігі, субъектілердің тәуелсіздігі, сонымен қстар, кәсіпкерлік қызмет өрісінде тәуелсіздік.
8) Қандай басқару тәсілін таңдау қажеттілігі. Еркіндік өндіріс бағдарламасын қарастыруда көрінеді,мысалы бағдарлама, өндіріс жоспары.
9) Тәуекелдікке қатынасы. Жасағыштық тәуекел және тәуекелдік түрлерінің жиынтығының тепе-теңдігі болып саналады.
Енді кәсіпкерге тән сипаттарды анықтайтын болсақ ол келесідей болады:
1) қызмет өрісін кәсіпшілік біліммен басқару;
2) өндірістік-маркетингтік қызметті басқару үшін басқарушы білімі мен тәжірибесі болу;
3) өзінің мүмкіндіктерін дұрыс бағалай білу және рыноктағы жағдайды ескеру, қаржы құралдарын тарта білу,
4) экономикалық ойлау қабілеттілігі, құзыретті болу, іскерлік мәдениетті, тәжірибелі болу,
5) өндірісті ұйымдастыруды білу, қойған мақсатқа жету үшін тәуекелге бару,
6) талдай білу және рыноктің мүмкіндіктерін пайдалану, жаңашыл ойлар болуы.

Сонымен қатар кәсіпкерлік бірнеше белгілер мен қызметіне байланысты жіктелінеді:
біріншіден, көлемі бойынша:-шағын,орта,ірі;
екіншіден, меншік түріне қарай:-жеке, мемлекеттік және аралас;
үшіншіден, аумағы бойынша:-жергілікті, аймақтық, республикалық, халықаралық;
төртіншіден, салалық бағыты бойынша:-өнеркәсіптік, аграрлық, құрылыс, көліктік, саудалық, инфрақұрылымдық;
бесіншіден, атқаратын қызметтеріне байланысты:-өндірістік, коммерциялық, қаржылық, кеңестік;
алтыншыдан, ұйымдастырушылық-құқықтық формасы бойынша:
индивидуалды кәсіпкерлік, өндірістік кооперациялар;
толық серіктестіктер; -сенім серіктестіктері;
жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер;
біріккен компаниядар формалары;,
акционерлік қоғамдар.
Ал жалпы экономикасы дамыған елдерде кәсіпкерлікті ұйымдастырудың үш негізгі нысанан кездестіруге болады: жеке шаруашылық, серіктестік, корпорациялар.
1) Жеке шаруашылық дегеніміз әрбір меншік иесі жеке өзі ғана шешім қабылдап, шаруашылықтың барлық ісіне жкек жауапкершілікті алатын, өндірісті ұйымдастыру болып табылады. Мысалы, 80-жылдар ортасында АҚШ-та 7 миллионға таяу жекеше шеруашылықтар болған.
Артықшылығы: барлық істің жүруіне меншік иесі -қожайынның толық бақылауы.
Кемшілігі: капитал мөлшерінің аздығы, шығын, зиян және тағы басқалары үшін жеке жауапкершілік.
2) Серіктестік дегеніміз-екі немесе бірнеше кәсіпкерлер компания үшін бірге шешім қабылдап, бірге жауап беретін өндірісті ұйымдастыру түрі болып саналады. Мысалы, АҚШ-та 80-жылдардың ортасында 1 миллионнан астам серіктестік түрінде кәсіпкерлік болған.
Артықшылығы: капитал мөлшері жоғары, барлық серіктестіктер бірдей иелік етеді және шығын үшін де, зиян үшін де бірдей жауап береді.
Бұл кәсіпкерлік түрі көбінесе сауда, делдалдық қызметтерде, қызмет көрсету салаларында көбірек тараған, немесе көпшілік жағдайда ол өндіріске байланыссыз болады.
3)Корпорациялар акционерлік меншік негізінде ұйымдастырылады. Айырмашылығы: кәсіпкер жеке меншік пен жеке меншік иесінен бөлінген, оның қаржылық қызметі шектелген.
Артықшылығы: акцияларды сату арқылы едәуір капиталды іске қатыстыру мүмкіншілігі, корпорацияның иелері ешқандай материалдыжауапкершілікке тартылмайды.
Кемшіліктері: акция иелерінің барлығы бірдей корпорацияны басқару ісіне қатыса алмайды,салық жалпы табысқа салынуымен қатар әрбір акция иелерінің дивидендіне де салынады.

1.2 Компания банкроттығы мен төлемқабілетсіздігінің пайда болу себептері

Банкроттық компанияның ұдайы өндіріс капиталының шаруашылық механизмінің балансының бұзылуынан, яғни оның қаржылық және инвестициялық саясатының тиімсіз болуынан туындайды.
Жалпы абсолютті төлемқабілетті компания деп міндеттемелері жоқ және капиталының құрамы толық өзіндік капитал болып табылатын төлемқабілетті компаниядар жатады. Компанияның төлемқабілетсіздігі міндеттемелердің мөлшеріне тура пропорционалды және пайда көлеміне кері пропорционалды болады.Сондықтан компанияның төлемқабілетсіздігінің негізгі себептеріне, 1-ден, пайда көлемінің төмендеуіне әсер ететін факторлар, 2-ден, міндеттемелердің өсуіне әсер ететін факторлар жатады .
Пайданың өсу деңгейінің бәсеңдеуі немесе оның абсолютты азаюы орын алады, егер:
-тауарбастылық жағдайда, яғни өнімнің сапасы қанағаттанарлықсыз, бағасы жоғары және оған қажеттілік деңгейі төмен болса, рынокта ол өніміне деген сұраныс азаяды;
-жіберілген өнімге төлемнің қайтарылмауының (невозврат) өсуі, яғни компания сенімсіз сатып алушылармен байланыста болып немесе сатып алушыларды еріксіз таңдағанда орын алады;
-тыйым салу, квота, кедендік кедергілер, т.б. шектеулер орнату арқылы рынокты шектеу;
Ал міндеттемелердің озып өсуі келесі жағдайларда орын алады:
-компанияның тиімсіз ұзақмерзімді қаржылық салымдарды жүзеге асыруы;-компанияның өндіріс көлемі мен табысының өсуіне әкелмейтін, жұмыс істемейтін қорлармен жүктеуі; -компания құралдары пайдаға қатысы жоқ есеп айырысулармен жүзеге асырылуы; -компанияның зиян шегуі;
Жоғарыдағы аталған төлемқабілетсіздіктің жалпы себептерінің жиыны мемлекет өндірісі мен нарыққа тәуелсіз өз міндеттемелері бойынша уақытылы есептесу қыиндықтарына душар болған барлық компаниядарға тән.
Сонымен бірге, ақшалай ағымдарды жоспарлау мен басқарудың болмауынан жағдай қиындайды.
Жалпы төлемқабілетсіздіктің ерекше себептеріне 1-ден, нарық тапсырысынан артта қалушылық, яғни ұсынылатын ассортимент, сапа, баға, т.б. туралы айтуға болады; 2-ден, компанияның қанағаттанарлықсыз қаржылық басқарылуы, яғни оның міндеттемеге жүктелуі. Бұл жағдайда қаржылық басқару дертіне ұшырайды.
Сонымен қатар, банкроттықтың пайда болуының объективті және субъектвті себептері бар.
1. Шаруашылық жүргізу жағдайын жасаудың объективті себептері:
-экономиканы реформалаудың нормативті және заң шығаратын базаларының, қаржылық, ақша, несие, салық жүйелерінің жетілмегендігі;
-инфляцияның аса жоғары деңгейі;
-фирманың құнды қағаздарының нарықтық құнының төмендеуі;
-бәсекелестіктің жоғары деңгейі және соның нәтижесінде пайда болған сәйкес келмейтін өндіріс шығындары төмендемей, өнім бағасының төмендеуі және сәйкесінше өндіріс шығынының төменемеуі;
2. Шаруашылық жүргізуіне тікелей қатысты субъективті себептер:
-банкроттықты уақытында болжап және келешекте сақтану;
-жарнама, өтімділік жүйесінің болмауы сұранысты толық зерттемегендіктен сату көлемінің төмендеуі;
-өндіріс көлемінің төмендеуі;
-ұқсас бірақ сапасы жоғары өнімдерінің бағасына кейбір түрлердің бағаларының жақындауы;
-ақталмаған жоғары шығындар;
-өнімнің төменгі рентабельдігі;
-өндіріс циклының өте көлемді болуы;
-үлкен қарыздар мен өзара төлей алмаулар;
-ескі басқарма басшыларының нарықты құруға бейімделе алмауы, сұранысы жоғары өнімдерді шығаруда іскерлік танытпауы, инвестициялық, бағалық, қаржылық саясаттың тиімділік таңдай алмауы;
Компаниядардың жаппай банкроттыққа ұшырауы жағымсыз әлеуметтік қиындықтарға соқтыруы мүмкін, сондықтан нарықтық экономикасы дамыған елдерде, оларды толық күйреуден қорғау мен алдын алудың белгілі мезанизмі қалыптасқан. Осы механизмнің негізгі элементтері мыналар:
-банкроттықты құқықтық реттеу;
-компанияның банкроттығы жайында актілерді жүзеге асыруға шешім қабылдау процестерінің нормативтік-әдістемелік, экономикалық, ұйымдық қамтамасыз етілуі;
-келешегі бар (перспективалы) тауар өндірушілерді қолдау мақсатында төлем қабілеті жоқ компаниядарға мемлекеттік қаржылық көмек шаралары;
-банкроттық процедураға қатысушыларға экономикалық көмек көрсету;
-кең ауқымды қоғам үшін банкрот жайында ақпараттар жариялылығын қамтамасыз ету;
Реселік зерттеулер жоғарыдағы аталған факторлар жиынынан, яғни компания дамуына кедергі келтіретін факторларды екі топқа бөледі: сандық және сапалық.
1) Сандық, тәжірибеде сандық индикатор қолданылады, ол банкроттықты болжауға мүмкіндік беретін - z-есебің, оның негізінде қаржылық көрсеткіштердің қатынасы өлшенген салмада болады:
"Z есебі" = айналым капиталыактивтер * 1,2 + бөлінбеген пайдаактивтер *1,4 + өндірістік пайдаактивтер * 3,3 + акцияның нарықтық құныактивтер * 0,6 + сату көлеміактивтер * 1; (1)
Банкроттықтың ықтималдығы:
"Z есебі" = 1,80 немесе аз жағдайда - өте жоғары;
"Z есебі" = 1,81-2,7 жағдайында жоғары;
"Z есебі" = 2,8 - 2,9 - мүмкін,
"Z есебі" = 3,0 және одан жоғары болса - ықтималдығы аз.
Z1,81 - банкроттықтың жоғарғы ықтималдық аймағы;
Z3,0 - банкроттықтың төмен ықтималдық аймағы;
2) Банкроттықты болжайтын сапалық факторларға:
-қаржы есебінің нашарлығы және шығындарды қадағалау қабілетсіздігі;
-өнеркәсіптің құлдырауы;
-компания басшылығының тәжірибемсіздігі;
-ұзартылған міндеттемелерді өтей алмауы;
-компанияды қосымша қаржыландыруға қабілетсіздігі;
-коммерциялық тәукелдің жоғары деңгейі;
-нарықтық өзгерістерге жылдам бейімделуге қабілетсіздігі;
-коммерциялық тәуекелдің жоғары деңгейі;
-нарықтық өзгерістерге жылдам бейімделуге қабілетсіздігі;
-жеткіліксіз сападағы бухгалтерлік және қаржы есебі жүйесі;
-тұтынушылардың талап-тілектерінің өзгеруіне сәйкес өндірісті бейімдеуге қабілетсіздігі;
Компанияның банкроттық ықтималдығын болжау үшін нарықтық экономикасы дамыған шет елдерде жай және айрықша акциялардың нарықтық құны, қаржылық шаруашылық қызметтің нәтижелері туралы есеп және компания балансының негізінде есептелетін Э. Альтманның көп факторлы моделі кеңінен қолданылады.
Бұл модель 1968 жылы болжаудың бас факторлы моделі ретінде пайда болған. Осы модельді жасау барысында Э. Альтман 66 өнеркәсіп орындарын зерттеген, оның жартысы банкроттыққа ұшырап, жартысы табысты болған. Ол мүмкін болатын банкроттықты болжау үшін ұжымды болып келетін 22 талдау коэффициентін зерттеген.
Банкрот болған америка фирмаларының қаржылық жағдайын, гүлденіп оөсіп келе жатқан компаниядар көрсеткіштерімен салыстыра отырып, олардың банкроттық ықтималыдығына байланысты дәрежесін және салмақтық коэффициентісін анықтап, бас негізгі көрсеткішті шығарған. Э. Альтманның жалпы түрдегі моделі (несие қабілеттілік индексі) мынадай:
Z = 1,2 + К1 + 1,4К2 + 3,3К3 + 0,6К4 + 1,0К5 (2)
Мұндағы; К1 = меншікті айналым қаражаттарактивтер;
К2 = бөлінбеген табысактивтер;
К3 = пайыз бен салық төлуге дейінгі табысактивтер;
К4 = акцияның нарықтық құныактивтер;
К5 = өткізуден түскен табысактивтер;

Z индексінің шекті мәні статистикалық сұрыптау мәліметтері бойынша Э. Альтманның есептеуінше 2,675 болды. Осы өлшеммен нақты кәсіподақ үшін есептелген несие қабілеттілік индексінің мәні салыстырылады.
Бұл компаниядар арасында шек коюға және болашақта (2-3 жыл) біреулерінің банкроттыққа ұшырап (z 2,675 болғанда) және (z2,675 болғанда) басқалардың қаржылық жағдайы тұрақтануы жөнінде пікір айтуға мүмкіндік береді.
Сонымен қатар 1977 жылы Э. Альтман 7 факторлы моделін ұсынды, ол модельдің дәлдігі 70% дейін болды және банкроттықты бос жылға жоспарлауға мүмкіндік береді. Бұл жеті факторлы модель келесі көрсеткіштерді қамтиды.
-активтердің рентабельбілігі;
-пайданың динамикасы;
-несие бойынша пайызды өтеу коэффициенті;
-ағымдағы өтімділік коэффициенті;
-автономия коэффициенті;
-жиынтық активтер;
Бұл модельдің құндылығы өте дәлдігінде, бірақ қолданылуына ақпараттық жетіспеушілігі қиындық туғызады (талдау есебінің мәліметтері қажет, ал ол сыртқы пайдаланушыларда жоқ).
Сонымен бірге банкроттыққа сыртқы және ішкі факторлар әсер етеді. Сыртқы факторларға халықаралық, ұлттық, рыногтық, ал ішкі факторларға фирманың бәсекелестік ортасы, қызмет принципі, ресурстар мен оларды пайдалану, маркетингтік стратегиялар мен саясаты және қаржы менеджменті жатады. Сыртқы факторлар:
1.Халықаралық факторлар.
1.1.Жалпыэкономикалық: -экономикалық даму циклдылығы;
-дүниежүзілік қаржы жүйесінің жағдайы;-транұлттық банктердің қаржы саясаты;
1.2.Халықаралық саясаттың тұрақтылығы:-халықаралық келісім-шарт жасасу; -еркін экономикалық аймақтар құру;-тарифтік келісімдер;
-халықаралық маркетингі.
1.3.Халықаралық бәсеке:-бірлескен компаниядар құру;-лицензиялық сауда;-фирмлық бәсекенің нарықтығы үлесін арттыру;
2.Ұлттық факторлар.
2.1.Саяси:-қаржы жүйесінің жағдайы;-меншікке деген қатынас;-мемлекеттік жер саясатының принциптері;-мемлекеттің кәсіпкерлікке қарым-қатынасы;-салық саясаты;-монополизмді шектеу;-бәсекені қолдау;-тұтынушылар мен кәсіпкерлерді құқын қорғау шаралары;
2.2.Экономико-демографиялық факторлар:-халықтың табысының деңгейі;-сатып алушылардың қабілеттілік денгейі;-несие алу мүмкіндігі;-кәсіпкерлік белсенділігі;
3.Рыногтық факторлар.
3.1.Психологиялық:-тұтынушылардың таңдауы, талғамы, әдеттері мен дәстүрлері, тұтынушы нормасы;
3.2.Ғылыми-технологиялық:-технологи ялық жаңалықтар;-өнімнің бәсекелік қабілеттілігі; (денгенмен банкроттықтың ең күшті сыртқы факторы технологиялық өзгерулер-ірі ғылыми-технологиялық қозғалыстар болып саналады). Ішкі факторлар:
1.Фирманың бәсекелік ортасы:-саланың қызметінің мақсаты;-дәстүрлер, репутация және имидж;-персоналдың біліктілік құрамы;-нарықтағы үлесі және циклдық кезеңдері.
2.Қызметтің принциптері:-меншік формасы;-басқарудың ұйымдастырушылық формасы;-инновациялық қызмет;-өндірісті басқару жүйесін ұйымдастыру;-өндірістің диверсификациясы.
3.Ресурстар мен оларды пайдалану:-өндірісітің әдістері мен құрылымын жетілдіру;-өндірістік циклдың ұзақтылығы;-өндірістік қорладың денгейі;-қаражаттар айналымы.
4.Маркетингтік стратегиялар мен саясаты:-нарықты сегменттеу;-тауар саясаты;-баға саясаты;-өткізу, сату саясаты;-стратегиялық мақсаттар мен сатуды болжау.
5.Қаржы менеджменті:-баланстың құрылымы;-төлемқабілеттілік;-өтімді лік;-капиталдың құны.
Сонымен қатар келесі сызбада ұйымдағы банкроттықтың субьективті және обьективті себептері көрсетілген.

Дағдарыс себептері

Обьективті
Субьективті

Ішкі
Сыртқы

Даму
қажеттіліктері

Білім деңгейі
Табиғат
өзгерістері

Қызмет
қателіктері
Жетілмеген
басқару

Жұмыстың
күрделенуі
Уақыт тығыздығы
Көзқарастардың
қарама-қайшылығы

Сызба-1 Ұйымдағы дағдарыстың субьективті және обьективті себептері.
Жалпы төлемқабілетсіздіктің ерекше себептеріне 1-ден, нарық тапсырысынан артта қалушылық, яғни ұсынылатын ассортимент, сапа, баға, т.б. туралы айтуға болады; 2-ден, компанияның қанағаттанарлықсыз қаржылық басқарылуы, яғни оның міндеттемеге жүктелуі. Бұл жағдайда қаржылық басқару дертіне ұшырайды 5,9б.
Компанияның дәрменсіз, төлемқабілетсіз қызмет атқаруы келесі факторларға байланысты:
1. Акция қаражаттырының қозғалысының жалпы міндеттемелерге қатынасын көрсететін көрсеткіштің айтарлықтай шамасы;
2. Төмен рентабельдік
3. Тұрақсыз табыс
4. Акционерлік қоғамдық акциясының бағасы бірден төмендеуі;
5. Дивиденд төлемдерінің азаюы;
6. Тұрақты шығындардың жалпы шығындарға қатынасының жоғарғы көрсеткіші;
7. Акцияның нарықтық құны мен оның баланстық құны арасындағы айырмшылықтың орны алуы;
8. Айналымнан тыс активтердің қажетті деңгейін қолдауда қабілетсіздік таныту
9. Қарыз міндеттемелерінің жоғарғы мөлшері;
Ал сапалық факторларына:
1.Қаржы есебі жүйесінің нашарлығы және шығындарды бақылауға қабілетсіздігі;
2. Басшылық тәжірибесіздігі
3. Міндеттемелерін уақытылы өтей алмау;
4. Заңсыз іс-әрекеттердің орын алуы;
5. Компанияды басқаруда бөліксіздік таныту;
6. Қосымша қаржылану көздерін алуға компанияның қабілетсіздігі;
7. Басшылықтың сыртқы ортадағы өзгерістерге тез бейімделе алмауы;
8. Бухгалтерлік және қаржы есебінің жеткіліксіз сапалы жүйесі;
9. Қарыз келісім-шарттарын жиі қарау;
10. Жалға беру мен жалға алу келісім-шарттарын жиі құрастыру;

Америка Құрама Штатында кәсіпкерлікті тұрақты түрде мемлекеттік қолдауға ие. Әр түрлі мемлекеттік реттеулер мен қолдау шаралары құқықтық базаға негізделген. Солардың бірі "шағын бизнес туралы заң". Америка Құрама Штатының когрессінде шағын бизнес проблемаларымен екі комитет айналысады.
Федералдық деңгейде шағын бизнес әкімшілігі қызмет атқарады. Әкімшіліктің басты функциясы-шағын бизнесті жан-жақты қолдау.Әрбір штатта әкімшіліктің аймақтық бөлімдері жұмыс істейді. Аймақтық бөлімшелер шағын бизнес субъектілеріне нарық туралы ақпарат береді, оның мәселелерін шешуге көмектеседі.
Сонымен қатар, Америка Құрама Штатының кәсіпкерлік саясатының негізгі бағыттарының бірі-ол қаржы түсімдерін реттеу болып табылады. Ол екі бағытта жүзеге асырылады:
1)бюджеттен мақсатты бағытталған субсидиялар;
2)қаржыландыру үшін жеке капиталдарды тарту;
Бұл бағытты іске асыруда АҚШ-та Шағын Бизнестің Әкімшілігі құрылған және ол шағын кәсіпкерлікке қаржылық,кеңестік,материалдық көмектеседі, кәсіпкерлерді оқыту мен дайындауды жүзеге асырады.Шағын Бизнес Әкімшілігі шеңберінде келесі бағдарламалар жүзеге асырылады:
1) халықаралық саудада көмек;
2) ғылыми-техникалық зерттеулер;
3) әйел-кәсіпкерлерге көмектер;
4) ардагер-кәсіпкерлерге көмек көрсету жұмыстары;
5) ұлттық кәскерлікті дамыту және т.б.

ΙΙ-ТАРАУ. ЖАЛҒАН БАНКРОТТЫҚ ҚЫЛМЫСТЫҚ-ҚҰҚЫҚТЫҚ СИПАТТАМАСЫ
2.1 Жалған банкроттық қылмысының мәні, түсінігі

ҚР ҚМ Дәрменсіз борышкерлермен жұмыс Комитетінің Батыс Өңіраралық Департаменті ММ (одан әрі - Департамент) ҚР ҚМ Дәрменсіз борышкерлермен жұмыс Комитетінің (одан әрі - Комитет) аумақтық бөлімшесі болып табылады, ҚР ҚМ органдарының бірыңғай жүйесіне еніп, өз құзыреті шегінде банкроттық рәсімін бақылау саласында жүргізіледі және бақылау қызметтерін жүзеге асырады.
Департамент қызметтеріне әдейі және жалған банкроттық белгілерін анықтау, ҚР Банкроттық туралы Заңында көрсетілген жағдайларда жасалған мәмілелерді анықтау бойынша шаралар қолдану және т.б. жатады. Әдейі және жалған банкроттық белгілерін анықтау үшін ҚР Қаржы Министрінің, ҚР Әділет Министрінің, ҚР Қаржы полициясы Агенттігі Төрағасының бірлескен бұйрығымен Әдейі және жалған банкроттық белгілерін ескерту, анықтау және тоқтату бойынша мемлекеттік органдардың өзара қатынастары Ережелері бекітілді. Бұл мемлекеттік органдардың өзара қатынастары Ережелері әдейі және жалған банкроттық белгілерін ескертіп, алдын алып, анықтауға бағытталған.
Борышкерді банкрот деп тану туралы кредитордың өтiнiшiн сотқа беру құқығына, салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерге қатысты салық және өзге де уәкілетті мемлекеттік орган, сондай-ақ жеке және заңды тұлғалар -- азаматтық-құқықтық және өзге де мiндеттемелер жөнiндегi кредиторлар ие болады.
Сондықтан салық органдары ұйымды банкрот деп тану туралы талап-арызды сотқа беру алдында ұйымның қаржылық жағдайының нашарлауына, оның міндеттемелерінің орындалу деңгейінің төмендеуіне, салық және басқа кредиторлық берешектің өсуіне, мүлікті, құнды қағаздар мен ұйымның басқа да активтерін шығару мақсатындағы мәмілелер және ұйымның әдейі банкроттығын тудыратын басқа да мәмілелер жасасуына назар аударуы қажет.
Салық органдары құқық қорғау органдарына ұйымның жалған банкроттықты тудырған немесе тудыруы мүмкін мәмілелерін жарамсыз деп тану туралы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Әдейі және жалған банкроттық белгілерін анықтау
Коммерциялық ұйымның банкроттық рәсімдеріне түсінік
Кәсіпорынның тәуекелділігін болжау
Кәсіпорындардың банкротқа ұшырауы, төлем қабілетсіз болу себептері, оның салдары және оның алдын алу бағыттарын анықтау, банкроттыққа қарсы басқарудың рөлі мен кәсіпорын үшін маңызын зерттеу
Экономикадағы банкроттықтың дамуы және рөлі
Банкроттық және оның құқықтық аспектілері
Кәсіпкерлік қызметтің банкроттықтан сақтандыру жолдары
Кәсіпорын қаржысының банкроттық жағдайы
Банкроттық рәсімдерді қолдану негіздері
Кәсіпорынды қаржылық сауықтандыру
Пәндер