Прокурорлық қадағалау туралы жалпы түсінік. Азаматтық іс бойынша прокурордың қадағалаудың бағыттары


Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   

МАЗМҰНЫ

Кіріспе

ІІ. Прокурорлық қадағалау туралы жалпы түсінік

2. 1. Прокурорлық қадағалаудың мақсаттары мен міндеттері

2. 2. Азаматтық іс бойынша прокурордың қадағалаудың бағыттары

Қорытынды

Қолданылған әдебиеттердің тізімі

КІРІСПЕ

«Прокуратура туралы» Қазақстан Республикасының Заңы елдің жоғары қадағалау органы туралы алдағы заңдардың көптеген ережелерін дамытып қана коймайды, сондай-ақ прокуратураның міндеттері мен ролдерін бағалауға жаңа концептуалды жолдардың қатарын, оларды ұйымдастыру және қалыптастыру тәртібін анықтайды. «Прокуратура туралы» ҚР Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының прокуратурасы - республика аумағында заңдардың, Қазақстан Республикасының Президенті Жарлықтарының және өзге де нормативтік құқықтық актілердің дәл және бірыңғай қолданылуына, жедел-іздестіру қызметінің, анықтама мен тергеудің, әкімшілік және атқарушылық істер жүргізудің заңдылығына жоғары қадағалауды жүзеге асыратын, Қазақстан Республикасының Президентіне есеп беретін мемлекеттік орган. Осы орган кез келген заңдылық бұзушылықты анықтау және жою жөнінде шаралар қолданады, республиканың Конституциясы мен заңдарына қайшы келетін заңдар өзге де құқықтық актілерге наразылық жасайды, сотта мемлекеттің мүддесін білдіреді, сондай-ақ занда белгіленген жағдайларда тәртіп пен шекте қылмыстық қудалауды мына бағыттарда жүзеге асырады:

- Адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарының, заңды тұлғалардың және мемлекеттің мүдделерінің сақталуына қадағалау

- Сотта мемлекеттің мүддесін білдіру

- Жедел-іздестіру, тергеу мен анықтама, әкімшілік, атқарушылық іс жүргізу қызметтерінің зандылығын қадағалау

- Қылмыстық қудалау

- Қылмыстарды тіркеу және есепке қою.

Қазақстан Республикасы прокуратура органдарының біртұтас жүйесін Бас прокуратура, облыстардың прокуратуралары, республикалық маңызы бар республика астанасының прокуратуралары, ауданаралық, қалалық және оларға теңестірілген әскери және басқа мамандандырылған прокуратуралар құрайды.

Заңдылықты қамтамасыз ету жөніндегі өз қызметін жүзеге асыра отырып, прокуратура басқа да мемлекеттік органдармен өзара іс-әрекет жасайды. Сондықтан олардың құзыреттерінің ара қатынасын зерделеу прокуратураның мемлекеттік механизмінің жүйесіндегі орнын нақтылауды ғана емес, осындай ынтымақтастықтың тиімділігін арттыруға бағытталған нақты шараларды ұсынуға мүмкіндік береді.

Прокуратура органдары Қазақстан Республикасы Президентімен тығыз қарым-қатынас жасайды. Прокуратура Президентпен қатынасу көзінде барлық заңнама мен Президент актілерінің дұрыс және біркелкі орындалуының қадағалауын жүзеге асырады.

ІІ. Прокурорлық қадағалау туралы жалпы түсінік

2. 1. Прокурорлық қадағалаудың мақсаттары мен міндеттері

Прокурорлық қадағалаудың барлық міндеттерін үш түрге бөлумізге болады:

  1. жалпы
  2. арнайы
  3. жеке (нақты)

Прокурорлық қадағалаудың жалпы міндеттері ҚР Конституциясы мен прокуратура туралы заң күші бар жарлығымен сонымен қатар өзге де нормативті құқықтық актілермен не заңдармен мысалыға ҚІЖК, АІЖК нақты көрініс тапқан. Олар әр түрлі қолсұғушылықтан қорғау және заңдылықты қатайтуда келесідей көрініс табуда:

  1. ҚР Конституциясымен бекітілген
  2. ҚР Конституциясымен кепілдік етілген ҚР азаматтарының саяси, еңбек, тұрғын және басқа да заңмен қорғалатын мүдделерін қорғау
  3. Меншік нысанына қарамастан мемлекет пен заңды тұлғалардың мүдделерін қорғау

Жалпы міндеттерді шешу кез келген прокурордың қызметі болып табылады. Бұл міндеттері жүзе асыру барысында оларды шешу жолдарын іздестіре келесі міндет туындайды. Яғни, прокурорлық қадағалаудың нақты бағытты арнайы міндет деп аталынады. сәйкес, белгілі бір нақты анықталған бағыт арқылы анықталынады. Олардың мәні жалпы міндеттерден туындап прокурорлық қадағалудың әр түрлі бағыттарына сәйкес, прокурордың өкілетілігімен анықталынады.

Арнайы міндеттер ретінде мысалыға, прокуратура туралы заңда объектісі болып табылатын заңнамалардың заңдылықты бұзғананын анықтау, қадағалу объектілерінде заң бұзушылықта анықтау.

Прокурорлық қадағалаудың мақсаттары мен міндеттері бір-бірімен тығыз байланысты. Прокурорлық қадағалаудың мақсатты ретінде прокуратура органдарының ең негізгі қызметін прокурорлық қадағалау құрайды, сол қызметінің толық немесе жекелеген бағыттарының жетістіктері нәтижесінің көрінісін түсінумізге болды. Прокурорлық қадағалаудың мақсаттары прокуратура органдарының мәртебесі, мемлекетте алатын орны мен рөлі арқылы анықталады. Сондай-ақ, прокуратура органдарының бастық қызметінің бірі ретінде қадағалаудың мақсаттары прокуратура органдарының қызметін реттеуді жүзеге асыратын ҚР Конституциясымен және өзге де нормативтік құқықтық актілерде көрініс табуда. Прокуратура органдарының нақты мақсаттары Прокуратура туралы заңның 1 бабында көрініс тапқан:1

  1. Заңдардың үстемдігін қамтамасыз ету.
  2. Заңдар мен өзге де нормативтік құқықтық актілердің дәл және бірыңғай қолдануын қамтамасыз ету
  3. Адамның және азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауды қамтамасз ету.
  4. Заңмен қорғалатын мемлекеттің мүдессі мен заңды тұлғалардың құқытыры мен бостандықтарын қорғауды қамтамасыз ету

Прокуратура органдарының барлық қызметтері осы аталған мақсаттарға жетуге бағытталған. Бұл қызметтердің нақты түрлері Заңның баптарында көрініс тапқан. Олар:

  1. прокурорлық қадағалау (4 негізгі бағыт немес саласы) ;
  2. қылмыстық құдалау
  3. құқықық қорғау органдарының қылмыстылықпен күресу қызметтерінің бағыттарын;
  4. соттардың істерін қарауға қатысу
  5. Құқық шығармашылық шараларына қатысуға

Прокуратура органдарының қадағалаудың мақсаттарына қарағанда міндеттерін нақты әрі мақсаттарға қарағанда көп. Олар бір-бірінен мазмұны деңгейі, және пайда болған мәселелерді шешу жолдарымен, прокуратура органдарының өкілетіліктерімен ерекшеленеді.

Прокурор прокурорлық қадағалудың жалпы және арнайы міндеттерін қадағалаукдың құқықтық құралдарын қолдану жолыман жүзеге асырылады. Бұл жол немесе тәсілдерді қолдану арқылы прокурор жеке (нақты) міндеттерді шешеді. Бұл міндеттер прокурорлық қадағалаудың жеке немесе нақты міндеттері болып аталады. Олар мәні және жалпы мен арнайы міндеттерге қарағанда басым болады. Жеке міндеттер көбінесе прокурорлық қадағалаудың бағыттарымен құқықтық құралдарды қолданумен, прокурордың қадағалау қызметін жүзеге асырудағы нақты жағдайларға байланысты анықталынады.

Қадағалау - заңдылықты қамтамасыз ету бойынша әртүрлі мемлекеттік органдардың қызметінің бір саласы. Ол конституциялық, соттық, прокурорлық және т. б. болып бөлінеді. Бірінші прокурорлық қадағалауды қарастырсақ, біздің жұмыстағы принципиалдық қадағалау түрі болып табылады.

Прокурор - жоғары тұрған прокурордың бұйрығымен «Прокуратура туралы» Заңымен қарастырылған лауазымдық міндеттерді атқаратын, белгіленген талаптарға сәйкес қызметке қабылданған жеке тұлға. Прокурор өз мағынасында прокуратура басшылары, бас прокурор, облыс және оған теңестірілген, қала, аудан прокурорлары. Кең мағынасында тек жоғарыда көрсетілген прокурорлар ғана емес олардың орынбасарлары, кеңесшілері, ерекше тапсырмалар бойынша көмекшілері деп түсінуге болады.

Прокурорлық қадағалау заң ғылымының саласы ретінде қызметтің тиімділік мәселелерін, қызметті қадағалау, нысан, құралдары мен әдістерінде жүзеге асырылып реттелген, заңдар білімі ұғымын білдіреді. Прокурорлық қадағалау мемлекеттік қызметтің бір түрі, заң ғылымының саласы және оқу пәні ретінде түсіндіріліп жүр. Дегенмен ол ғылым ретінде қылмыстық, азаматтық процесс, криминалистика және т. б. ғылым салаларымен тығыз байланысты.

Прокурорлық қадағалаудың объектілері мен субъектілері мазмұны бойынша екеуі екі басқа нәрсе болса да, бір бірімен тығыз байланысты. Прокурорлық қадағалаудың объектілері деп нормативтік құқықтық актілерді және заңдарды сақтауына тексеру жүргізілетін кәсіпорындар, мекемелер, ұйымдар және басқа заңды тұлғалар түсіндіріледі. Прокурорлық қадағалаудың субъектілері деп нормативтік құқықтық актілерді және заңдарды сақтауына тексеру жүргізетін прокурорлық-қадағалау қызметіне қатысушы тексеруші прокурорды да айтуға болады.

Прокурордың өкілеттігі - өзінің қадағалау функциясын жүзеге асыру үшін прокурордың міндеттері мен құқығының келемі. Прокурордың негізгі өкілеттігі «Прокуратура туралы» Заңда белгіленген.

Өкілеттіктен басқа прокурорлық қадағалаудың құқықтық құралдары ретіндегі ұғым бар. Бұл ұғым өмірде және әдебиетте бір-біріне тепе-тең мағынада түсіндіріледі.

Прокурорлық қадағалау заңнамалармен реттелген және реттелмеген әртүрлі іс-әрекеттерді жүргізу жолымен жүзеге асырылатын мемлекеттік қызметтің түрі. Прокурорлық қадағалаудың құралдарына «Прокуратура туралы» заңымен немесе қадағалауды жүзеге асыру үшін прокурорға ұсынылған басқа заңнамалық актілері де жатады. Осы құқықтық құралдарды құқық бұзушылықты анықтауда және жоюда қолдану прокурорлық қадағалаудың мәні болып табылады.

  1. Құқық бұзушылықты анықтаудың құралдары:
  2. Құқың бұзушылықты жою құралдары.
  3. Құқық бұзушылықты алдын алу ескерту.

Арнайы құжатта бекітілген прокурордың шешімі құқықтық құралдарды пайдаланудан тергеудің анықтаған қадағалаудың құралын құқық бұзушылыққа прокурорлық ықпал ету болып табылады.

Прокурор заңға сәйкес келмейтін нормативтік құқықтық актіні анықтағанда наразылық білдіру құқықтық құралын пайдаланады.

Прокурорлық қадағалау жоғарыда аталған «Прокуратура туралы» заңда қарастырылған құқықтық актілер құралдарынан тұрады. Заң бұл құралдардың қайсысын міндетті түрде қолдануда және кемшіліктерді анықтауда және оларды жоюда қай жағдайда қандайын қолдану керек екөндігін тура айта алмайды.

Бұл ұсыныстар тәжірибелік жұмыс және ғылыми іс-әрекетте жинақталады. Олардың ішіндегі ең тиімдісі Бас прокурордың нүсқамаларында, бұйрықтарында, сонымен қатар прокуратураның оқулықтарында, жобаларында, нұсқаулықтарында бекітілген. Ғылыми негізделген және тәжірибеде тексерілген құқықтық құралдардың әдістері мен тәсілдері жиынтығын прокурорлық қадағалаудың әдістемелегі құрайды. Оның методикалық нұсқаулығы әр түрлі деректі дәрежені құрайды. Олардың бірі олардың тиімділігін қамтамасыз ететін әдісі ретінде қадағалаудың толығымен жүзеге асырылуы деп анықталуда. Қадағалаудын әдістемесі заңдардың жекелей орындалуына қадағалауында анықталады. Соған сәйкесті прокурорлық қадағалаудың жалпы түрін жеке прокурорлық қадағалаудан ажыратуға болады. Сол сияқты Конституциялық қадағалау мемлекеттік құқық қорғау қызметінің Конституциялық сот және прокуратура арқылы жүзеге асырылатын мемлекеттік қызметтің бір түрі. Ереже бойынша Конституциялық қадағалауды Конституциялық сот, ал біздің мемлекетке қатысты прокурорлық қадағалауды екі орган Конституциялық кеңес пен прокуратура жүзеге асырады.

Ол конституциялық бақылаудың ерекше органы. Оның объектісі-Парламентпен қабылданған Президенттің қол қоюға дейінгі заңдары болып табылады. Екеуі өзара байланыста Конституцияға қайшы келетін заңдар мен нормативтік актілерге наразылық білдіруді азаматтық процесс тәртібімен жүзеге асырады. Мәселенің Конституцияға қайшы келетіндігі немесе келмейтіндігі туралы соңғы қорытындыны шығаруға Конституциялық кеңес құқылы. Конституциялық кеңес Конституцияға заңдарына сәйкестігін қадағалайды, Конституция нормаларын талқылайды. Прокурорлық қадағалау іс жүргізу, шұғыл іздестіру іс-әрекеттерінде, өндірісті орындауда заңдардың дұрыс және біркелкі орындалуын қадағалайды. Прокурорлық қадағалау арқылы Конституцияға қайшы келетін заңдар мен нормативтік актілерге наразылық білдіруді Азаматтық кодекс тәртібінде жүзеге асырады. 1995 жылғы Конституцияға сәйкес Конституцияға қайшы келетін заңдар мен нормативтік құқықтық актіге наразылық білдіруді Конституциялық кеңес және белгілі дәрежеде прокуратура органдары да жүзеге асырады. Конституцияға қайшы келетін заңдар мен нормативтік құқықтық актіге сәйкестік мәселесін шешу Прокурорлық қадағалау құзыреттігіне кірмейді, ол мәселені Конституциялық кеңес шешеді. Конституциялық қадағалаудың міндеті -Қазақстан Республикасының заңдарға сәйкессіздіктерін болдырмау. Прокурорлық қадағалаудың міндеттері Конституциялық қадағалауға қарағанда кең. Қазақстан Республикасы аумағында міндетті болып табылатын Конституциялық қадағалауды тексерулер, талқылау және шешімдер шығару арқылы жүзеге асырылады. Прокурорлық қадағалау міндетіне Конституциялық қадағалау да кіреді.

Соттық бақылау-соттардың заңдылықтарын, оларды қайта қарауға берілген істерін немесе сот органдары арасындағы азаматтық қылмыстық істерді, дауларды шешетін орган болып табылады. Олар мемлекеттің атынан қызмет ететін өкілетті прокуратура органдарының заңдарды дұрыс және бірыңғай қолдануын қамтамасыз ететін орган. Соттық бақылау өз мәні бойынша азаматтардың бостандығы мен құқықтарының кепілдіктер жүйесі. Сонымен бірге жинақталған тәжірибе көрсеткендей, сот тәртібіндегі қарауға ұсынылған шағындарды, наразылықтарды шешу, мәселелерге принципиалдық қарым-катынастың болуын сот жұмыстарының жоғары деңгейдегі болу қажеттілігі дәлелдеді.

Тәжірибеде прокурорлың қадағалау мен соттық бақылау бәсекелесті емес екөндігі анықталды. Қадағалаудың әрбір нысаны жалпы істі жасайды, заңдылықты нығайту мақсаттарын көздейді. Прокурорлық қадағалау мен соттық бақылау бірігіп келіп, өзара бірін бірі толықтырады және күшейтеді. Осы екеуінің бірігуі аталған құқықтық институттардың заңды күшейту бойынша мәселелерін шешуге, олардың қызметін ұйымдастыруға бірден бір көмегін тигізеді. Прокурорлық қадағалау барлық іс-әрекет органдарын, лауазымдарын қамтитын жалпылама сипаттағы қадағалау. Соттық бақылау ондай бола алмайды, өйткені ол шағым мәнімен шектелген.

Соттық бақылау соттардың каулыларында таратылады, ал прокурорлық қадағалау істі қарағанда іске қатысуымен бірге бірқатар өзінің функциялары бар. Прокурорлық қадағалау міндеттері аяқталған соң, соттық қадағалау күш алады. Прокурор заңдылық бұзушылықтарға наразылық білдіреді, ал өкілетті орган наразылықты қарау бойынша іс жүргізу қатынастарына енеді.

Прокурорлық қадағалау мемлекеттік қызметтің ерекше түрі ретінде мемлекет атынан арнайы өкілеттік тұлғаларды прокурорлардың заңдары мен Президенттің жарлықтарының біркелкі және дәл орындалуын қамтамасыз етеді.

Прокурорлық қадағалау мемлекеттік қызметтің ерекше түрі ретінде арнайы өкілеттік тұлғалардың, прокурорлардың заңдары мен Президенттің жарлықтарын, басқа да нормативтік құқықтық актілердің дәл және біркелкі орындалуында ҚР аумағында құқық бұзушылықты анықтау және оларды жою шараларын қабылдау, айыптыларды жазаға тарту және қылмыстық қудалауды жүзеге асыра отырып, оларды жауапқа тарту, біркелкі және дәл орындалуын қамтамасыз ету бойынша мемлекет атынан жүзеге асыратын орган деп сипаттауға болады.

Қолданыстағы заңдар бойынша қадағалау сатыдағы сот өкілетті түлғалар мен прокурордың шағымдары бойынша Қазақстан Республикасы Азаматтық істер жүргізу кодексінің 322-бабында көрсетілгендей, заңды күшіне енбеген шешімдерді ұйғарымдарды Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 40-бабындағы талаптарға сәйкес заңдастыруға және дәлелдеуге құқылы.

Заңсыз және дәлелсіз шешімдер мен үйғарымдарға наразылық жасау прокурордың лауазымдық міндетіне жатады, осының негізінде азаматтық сот істерін жүргізу саласында мемлекет атынан заңдардың тура және бірыңғай қолданылуына жоғары қадағалау жүзеге асады. Прокурордың бұл міндеті Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасының прокуратурасы туралы» Заң күші бар Жарлығының 31-бабынан тарайды.

Аталған бап және Қазақстан Республикасының Азаматтық істер жүргізу кодексінің 332-бабы прокурорға өз өкілеттігінің шегінде, оның сот талқылауына қатысқан-қатыспағанына қарамастан, заңды күшіне енбеген сот қаулыларына кассациялық наразылық жасауына қүқық береді қадағалау наразылық соттың ақырғы формасындағы шешімі шығарылғаннан соң он бес күн ішінде беріледі .

Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының талаптары бойынша прокурорлар кассациялық мерзім ішінде бірінші сатыдағы соттың прокурор қатысқан немесе қатыспаған ютері бойынша қаралған барлық азаматтық істерді тексеріп шығуы тиіс

Қадағалау тәртіппен сот шешімінің күшін жоюға негіз - бірінші сатыдағы немесе апелляциялық сатыдағы соттың Қазақстан Республикасының АІЖК-нің 365 жіне 366-баптарында қарастырылған материалдық және іс жүргізушілік қүқық нормаларын бұрмалуы немесе дұрыс қолданбауынан шығады.

Аталған баптар материалдық және іс жүргізушіліктің құқық нормаларын қолданудағы бұрмалаушылықтың немесе дұрыс қолданбаушылықтың негізін атап көрсетеді

Кассациялық наразылық шешім шығарған сот арқылы келтіріледі Кассациялық сатыға тікелей түскен наразылық ҚР АІЖК-нің 334-бабы және 338-бабының талаптарын орындау үшін шешім шығарған сотқа жіберіледі

Наразылық келтірген прокурор немесе жоғары тұрған прокурор кассациялық сатыдағы қаулы шығарылғанға дейін наразылықты қайтарып алуға құқылы

ҚР АІЖК-нің 355-бабына сәйкес прокурордың кассациялық наразылығы төмендеп реквизиттерден жинақталуы тиіс:

1) наразылық жолданатын соттың атауы;

2) наразылық жасаған түлғаның аты-жөні;

3) наразылық келтірілген шешім және осы шешімді шығарған соттың атауы.

4) істі қараудағы қателікке берілген нүсқау;

5) шешімнің заңсыздығы мен дәлелсіздігін заңға, басқа да нормативтік-құқықтык, актілерге сілтеген дәлелдемелер:

6) шешімге толығымен немесе жартылай наразылық жасалғандығын анықтайтын және наразылық жасаған тұлға қандай өзгеріс енгізілуін талап ететін нұсқау;

7) наразылыққа тіркелген құжаттар тізімі;

8) наразылық келтірілген күн және наразылық келтірген тұлғаның қолы Осыдан басқа, кассациялық наразылық жасаған тұлға сотқа іске қатысушы адамдардың санына байланысты оның көшірмесін, қажет болып жатқан жағдайда наразылыққа тіркепген жазбаша материалдардың көшірмесін қоса тапсырады.

Наразылық келтірудің маңыздысы - наразылық жасалған сот шешімінің дұрыс еместігін анық та айқын көрсете білу.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Прокуратура құқық қорғау органы ретінде
Прокурорлық қадағалау туралы ақпарат
Прокурорлық қадағалау түсінігін ашу
Еліміздегі прокурорлық қызметті ұйымдастыруды тиiмділеуде прокурордың құқықтық жағдайын анықтау
Тәуелсіз Қазақстанның прокуратура органдары
Қазақастан Республикасы прокуратура органдары қызметінің басты бағыттары
Сот билігі органдарының бақылау өкілеттіктері
Қазақстан Республикасы органдар жүйесіндегі прокуратураның орны мен рөлі
Прокуратура органдарын ұйымдастырудың құқықтық негізі және принциптерінің өзекті мәселелері
Прокуратураның қызметі. ҚР Азаматтық іс жүргізу құқығындағы прокурордың орны
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz