Медицина қызметкерлерінің техникалық қауіпсіздігі


Пән: Медицина
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   

Медицина қызметкерлерінің техникалық қауіпсіздігі

- Медицина саласындағы бүгінгі күнгі өзекті мәселелердің бірі - қызметкерлердің еңбегің қорғау және жұмыс жағдайының қауыпсіздігін қамтамасыз ету. Дәрігерлер мен медбикелердің еңбек орындарының қауіпсіздігі кәсіподақ белсенділерінің қоғамдық бақылауында. Себебі олардың жұмыс барысында залалды факторлар мен қауіпті жағдайлар жиі кездеседі.

Адам өмірінің қауіпсіздігі - барлық адамның қоршаған ортадағы ұдайы белсенді және салаутты өмір салтының ғылымы. Елдегі тіршіліктің әр түрлі дүлей апаттардан, зілзала, қираудан қорғау мақсатындағы жүргізілетін мемлекеттік, әлеуметтік, қорғаныс шаралары жүйесінің бір құрамдас бөлігі болып табылады. Сондай-ақ өмір қауіпсіздігінің тағы бір мақсаты - төтенше жағдайлардың пайда болуының қаупін төмендету.

Өмір қауіпсіздігінің негізі ( ӨҚН) - адам өміріне төніп тұрған қауіпті зерттейтін, олардың пайда болу құбылыстарының заңдылығы мен олардан қорғану жолдарын қарастыратын білім

Бұл бағытта қарастырылатын негізгі үш бөлім:

  1. Қауіпті және төтенше жағдайлардан адамды қорғау, олардың
  2. Медициналық білім негізі және салауатты өмір салты
  3. Әскери қызмет негізі.

Қызметпен барлығы айналысады - балалар, жасы ұлғайған адамдар т. б. , сондықтан да өмір қауіпсіздігінің барлық адамға тікелей қатысы бар. Қауіптілік адам өміріне көптеген өндірістерде төніп тұрады Қауіпсіздік - белгілі бір ықтималдылықпен қауіптіліктің туындауын жоғалтқан кездегі қызмет жағдайы. Қауіпсіздік - бұл мақсат, ал өмір қауіпсіздігі - сол мақсаттарға жету жолдары, әдістері және құралы . Өмір қауіпсіздігі - төтенше қауіптіліктерден адам өмірін қорғау дәрежесі, мұндағы қауіптілік сөзінің астарында адам өміріне әсер ететін факторлар жатады. Олар адамзат денсаулығының қалыпты жағдайдан ауытқуына әкеліп соқтырады. Бұл факторлардың табиғаты әлеуметтік-экономикалық сипаттамалардың себептерімен (экологиялық зілзала, өмірдің ең төменгі экономикалық дәрежесі және т. б. ) қалай байланысты болса, сондай-ақ техногенді сипаттама себептерімен (адамның өндірістегі өміріне қоршаған ортаның ластануының әсер ету дәрежесі, өнеркәсіптегі және көліктегі неше түрлі апаттар мен зілзала т. с. с) де байланысты бола алады

Жұқпалы аурулар ауруханасында, әсіресе облыстық туберкулез диспансерінде ауру жұқтыру қаупі басым. Өткен жылдары қойылған талабымыздың нәтижесінде, қазір облыстық туберкулез диспансері қызметкерлері респираторлармен қамтылды. Бұған дейін қолданыста болған ауыз бен мұрынды жабатын дәкелер туберкулезден 10-ақ пайызға қорғайды екен. Ал респираторлар 90 пайызға қорғайды.

Жалпы қоғамда болған кез келген оқыс оқиғаға шұғыл түрде жететін мамандардың арасында міндетті түрде медицина қызметкерлері де болады. Өрт шықса да, дәрігерлерлер жедел көмек көрсетуге ұмтылады. Қаламызда бірнеше жыл бұрын канализациялық-насостық станциядағы жарылыста жедел көмекке жеткен медицина қызметкерлер қайғылы қазаға ұшырады…

Бүгінгі күні жедел жәрдем бекетінің барлық қызметкерлерінің өмірлері мен денсаулықтарын сақтандыру ісінің жүзеге асқанына кәсіподақтың үлесі мол деп айта аламын. Жедел жәрдем көліктерін GPS-навигация жүйесімен жабдықталды. Бұл жүйе өте тиімді: фельдшерге кезекші дәрігермен «байланыста» болуға, видеорежимде кеңестер алуға және шұғыл оталарға дайын отыру үшін кезекші бөліммен байланысып отыруға мүмкіндік береді. Ал электронды анықтамалық сырқаттың белгілеріне нақтырақ диагностика жасауға және жағдайға байланысты жасалуы тиіс шұғыл іс-қимылдар бойынша кеңестер береді. Міне, мұның бәрі дәрігерлердің жұмыс жағдайының жақсаруы үшін жасалған зор мүмкіндік.

Ауылда еңбек ететін медицина саласының мамандарына коммуналдық төлемдерді төлеуде жеңілдіктер беру көптен бері шешімін таппаған мәселе еді. Облыстық мәслихаттың депутаты ретінде осы мәселемен ұзақ айналысуға тура келді. Бұл мәселе облыстық үшжақты комиссияның отырысында қаралып, аудандық бюджеттерден қаржы бөліну туралы арнайы ұсыныс жолданды. Нәтижесінде, әр аудан өз бюджетінің мүмкіндігіне қарай қаржы бөлетін болды. Байғанин мен Ырғыз аудандары дәрігерлер мен медбикелерге 10 айлық есептік көрсеткіш көлемінде қаржы төлесе, басқа аудандар одан көрі аз мөлшерде бекіткен.

Сауықтыру

Кәсіподақ назарындағы шаруалардың бірі - медицина саласындағы қызметкерлердің денсаулығын жақсарту, сауықтыру. Облыстық денсаулық сақтау басқармасының бастығымен денсаулық сақтау саласы қызметкерлері кәсіподағының облыстық филиалы арасында салалық келісімшарт бар. Онда медицина саласының қызметкері ауруханада емделуге жатса, оған оң жағдай жасауға ықпал ету керектігі көрсетілген, олар өздеріне қажетті медициналық көмекті тиесілі көлемде ақысыз алуға тиісті.

90-шы жылдары еліміз басынан өткерген ауыр жағдай медицина саласын да айналып өткен жоқ. Қаншама сауықтыру мекемелері жабылып қалды. Басқа салалардан ерекшелігіміз, Денсаулық сақтау министрлігі мен кәсіподақтың орталық комитеті бірігіп, сауықтыру орталықтарының ішінде бір мекемені қызметкерлерді сауықтыру үшін сақтап қала алдық. Ол - Бурабайдағы «Қарағай» шипажайы. 25 орынға арналған шипажай жылына 600 адамды тегін қабылдайды. Кәсіподақ мүшелеріне еліміздегі «Мерке», «Сарыағаш», «Сосновый бор», «Манкент» және басқа шипажайларға 30, 50, 70 пайызға дейін жеңілдетілген жолдамалар береміз. Жалпы, шипажайларда жыл сайын 700-800 адам демалып келеді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жоғары білімі бар мейірбикенің мамандығы, біліктілік талаптары және қызметтік міндеттері
Денсаулық сақтау саласын басқаруды жақсартудағы қаржылық реттеу бағыттары
Сәйкестік аудитін денсаулық сақтау мекемелерінде жүргізу ерекшеліктері
Денсаулық сақтау саласы қызметінің экономикалық - қаржылық көрсеткіштерін талдау
Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған «Салауатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы
Өртті болдырмау
Пациент пен мейіргерлердің қауіпсіздігіне әсер ететін факторларды талдау
Өндірістік эстетика.Еңбекті қауіпсіз жүргізу үшін нұсқамалар түрлері
Вирусологиялық зертхана персоналдары
Трансплантация жайында
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz