ADSL технологиясын Алматы каласында автоматизациялау


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТІРЛІГІ

ҚАЗАҚСТАН ИНЖЕНЕРЛІК-ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

Махмудов Бакытжан Маратович

ADSL технологиясын Алматы каласында автоматизациялау ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

Мамандық 5В070200- «Автоматтандыру және басқару»

Алматы- 2013 ж.

Қазақстан Республикасының білім және ғылым министірлігі

Қазақстан инженерлік-технологиялық университеті

Қорғауға жіберілді.

«Есептеу техникасы, автоматтандыру және телекоммуникация» кафедрасының

меңгерушісі т. ғ. д., профессор Қайым Т. Т.

«»2013ж.

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС Тақырыбы: «ADSL технологиясын Алматы каласында автоматизациялау»

Мамандық 5В070200- «Автоматтандыру және басқару»

Орындаған Махмудов Б. М.

Ғылыми жетекшісі т. ғ. д., профессор Султангазинов С. К.

Алматы, 2013 ж. Факультет Инженерлік- технологиялық

Мамандығы 5В070200- «Автоматтандыру және басқару»

Кафедра Есептеу техникасы, автоматтандыру және телекоммуникация

ТАПСЫРМА

Дипломдық жұмысты орындауға арналған

Студентке Махмудов Бакытжан Маратович

Тақырыбы: «ADSL технологиясын Алматы каласында автоматизациялау»

ЖОО бұйрығымен бекітілген № « » 2013ж .

Аяқталған жұмыстың өткізу уақытты « _ » 20___ ж.

Жұмысқа пайдаланған мәліметтер:

  1. Әдістемелік нұсқау;
  2. Ақпараттық жабдықтау;
  3. Бағдарламалық құралдар;
  4. Техникалық құралдар.
  1. Дипломдық жұмыстың сұрақтары және қысқаша мазмұнын қарастыру тізімі:
  2. Кіріспе(тақырыптың маңыздылығы, жаңалығы және тәжірбиелік мәні, зерттеудің тапсырмасы және мақсаты)
  3. Негізгі бөлім. Техникалық бөлім(объектілер, әдістер, оларды зерттеудің нәтижесі)
  4. Экономикалық бөлім(техникалық-экономикалық көрсеткіштер)
  5. Еңбекті және қоршаған ортаны қорғау(зертханадағы техника қауіпсіздігі және еңбекті қорғау)
  6. Қорытынды. Әдебиеттер тізімі.

Графикалық құрылымдың тізімі ( слайд, кесте, сызба және т. б) :

  1. Мазмұны. Кіріспе. ADSL технологиясының құрылымдық сұлбасы
  2. ADSL модемдерінің жылдамдықтары
  3. Мекеме байланыс желісінің сұлбасы
  4. Есептеу нәтижелері
  5. Өмір тіршілік қауіпсіздігі
  6. Қорытынды

Ұсынылған әдебиеттер:

  1. Н. Кунегин Технологии xDSL. Учебное пособие. 2001- 41с
  2. А. Филимонов Алгоритмы модуляций технологий xDSL. 2003.
  3. Бакланов И. Г. Технологии ADSL/ADSL2+ теория и практика применения - М. : Метротек, 2007.
  4. В. Олифер, Н. Олифер. Компьютерные сети. Принципы. Технологии, протоколы, С-П, Интермир, 2000, 267с
  5. В. Горальски Технологии ADSL/DSL Учебное пособие - Москва, 2007.
  6. Е. А. Голубицкая, Г. М. Жигульская Экономика связи Москва: «Радио и Связь» 2000, 193 с.
  7. Методические указания к выполнению дипломных проектов для студентов специальности 652400 - Радиоэлектроника и телекоммуникации. / Алибаева С. А - Алматы: АИЭС, 2001.

Жұмыстың бөлімдеріне қатысты кеңес және нұсқау беру:

Бөлім
Кеңес
Уақыт
Қолы
Бөлім: Кіріспе
Кеңес: т. ғ. д., проф. Султангазинов С. К.
Уақыт: 18. 03. 13-25. 03. 13
Қолы:
Бөлім: Негізгі бөлім. Техникалық бөлім
Кеңес: т. ғ. д., проф. Султангазинов С. К.
Уақыт: 26. 03. 13-20. 04. 13
Қолы:
Бөлім: Экономикалық бөлім
Кеңес: аға оқыт. Артықбаева Л. К.
Уақыт: 20. 04. 13-04. 05. 13
Қолы:
Бөлім:

Еңбекті және

қоршаған ортаны қорғау

Кеңес: аға оқыт. Касымов Н. Ж.
Уақыт: 04. 05. 13-15. 05. 13
Қолы:
Бөлім: Қорытынды. Әдебиеттер тізімі.
Кеңес: т. ғ. д., проф. Султангазинов С. К.
Уақыт: 15. 05. 13- 25. 05. 13
Қолы:

Сызба

Дипломдық жұмысқы дайындықтың кестесі

№ п/п
Бөлімдердің атауларының құрастырылған сұрақтар тізімі
Жетекшіге көрсетілген уақыт тізімі
Ескертулер
№ п/п: 1
Бөлімдердің атауларының құрастырылған сұрақтар тізімі: Кіріспе, әдебиеттерге шолу
Жетекшіге көрсетілген уақыт тізімі: 18. 03. 13-25. 03. 13
Ескертулер:
№ п/п: 2
Бөлімдердің атауларының құрастырылған сұрақтар тізімі: Негізгі бөлім. Техникалық бөлім
Жетекшіге көрсетілген уақыт тізімі: 26. 03. 13-20. 04. 13
Ескертулер:
№ п/п: 3
Бөлімдердің атауларының құрастырылған сұрақтар тізімі: Экономикалық бөлім
Жетекшіге көрсетілген уақыт тізімі: 20. 04. 13-04. 05. 13
Ескертулер:
№ п/п: 4
Бөлімдердің атауларының құрастырылған сұрақтар тізімі:

Еңбекті және

қоршаған ортаны қорғау

Жетекшіге көрсетілген уақыт тізімі: 04. 05. 13-15. 05. 13
Ескертулер:
№ п/п: 5
Бөлімдердің атауларының құрастырылған сұрақтар тізімі: Қорытынды.
Жетекшіге көрсетілген уақыт тізімі: 15. 05. 13- 25. 05. 13
Ескертулер:

Тапсырманың берілген мерзімі « » 20 ж.

Кафедра меңгерушісі т. ғ. д., профессор Қайым Т. Т.

Норма бақылаушысы ж. ғ. м., аға оқытушы Желилова К. А.

Ғылыми

жұмыстың жетекшісі т. ғ. д., профессор Султангазинов С. К. .

Студент дайындаған

тапсырманы қабылдады Махмудов Б. М.

АНДАТПА

Осы диплом жұмысында тұтынушыларға ADSL технологиясы бойынша Интернет желісіне қосылу қызметтерін, қала ішіндегі (санды арналарды) қада аумағындағы алшақ офистердің жергілікті желілерін қоуға, банктік pos-терминалдарды (банкоматтар) және т. б. ұсыну мақсатында Алматы қаласының моральды ескірген телекоммуникация желісін жаңғырту және автаматтандыру жүзеге асырылатын болады.

Gigabit Ethernet технология базасында байланыс операторы деңгейінде Metro Ethernet желіні құру жұмыстарының мақсаты болып табылады. Жобалаған жүйе Алматы қаласының аумағында транспорттық желілер мен қосылу желілері ретінде пайдалануға арналған.

Өміртіршілік қауіпсіздігі бойынша мәселелер қаралды және дипломдық жобаның бизнес-жоспары жасалады.

АННОТАЦИЯ

В данном дипломном работе будет осуществлена модернизация морально устаревшей телекоммуникационной сети города Алматы с целью предоставления клиентам услуг доступа к сети Интернет по технологии ADSL, внутри городских “цифровых каналов” для подключения локальных сетей удаленных офисов на территории города, банковских pos-терминалов (банкоматов) и др.

Целью работ является создание Metro Ethernet сети уровня оператора связи на базе технологии Gigabit Ethernet. Проектируемая сеть предназначена для использования в качестве транспортной сети и сети доступа на территории города Алматы.

Рассмотрены вопрос по безопасности жизнедеятельности и составлен бизнес-план проекта

ANNOTATION

In given degree work will is realized modernization to morally outdated telecommunication network of the city Almaty for the reason granting client services of the access to network Internet on technologies ADSL, inwardly town "digital channel" for connection of the local-area networks of the remote offices on territory of the city, bank pos-terminal (the банкоматов) and others Purpose of the work is a creation Metro Ethernet network level operator relationship on the base of the technologies Gigabit Ethernet.

The Designed network is intended for use as transport network and network of the access on territory of the city Almaty.

Considered question on safety of vital activity and is formed business plan of the project.

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ . . . 9

1 Асинхронды сандық абонеттік желі технологиясы

1. 1ADSL технологиясы . . . . . . 10

1. 2 ADSL технологиясын сипаттау . . . 11

1. 3 ADSL тұжырымдамасы . . . 15

1. 4 Тасымалдау әдісі . . . 17

1. 5 Дискретті көпүнді моділяция (DTM) . . . 18

1. 6 Қателерді түзейтін кодтар . . . 23

1. 7 Кадр форматы . . . 24

2 Негізгі бөлім. Alcatel компаниясының ADSL жабдықтарының технологиялық сипаттамасы

2. 1 ADSL жабдығының жалпы сипатты . . . 28

2. 2 Желіні сипаттау . . . 29

2. 3 ADSL қатынаудың ішжүйесі . . . 31

3 ТЕХНИКАЛЫҚ БӨЛІМ. ADSL абоненттерінің жүктемесін есептеу

3. 1 ADSL абоненттерінен жүктемені есептеу . . . 35

3. 2. ADSL. технологиясы бойынша коммутациялық буманы есептеу . . . 38

3. 3 Арнаның өткізу қабілетін есептеу . . . 41

4 Бизнес жопар

4. 1 Жобаның мәні . . . 46

4. 2 Маркетинг . . . 46

4. 3 Финанстық жоспар . . . 51

5 Өміртіршілік қауіпсіздігі

5. 1 Еңбек жағдайын талдау . . . 58

5. 2 Табиғи жарықтануды есептеу . . . 60

5. 3 Жасанды жарықтануды есептеу . . . 62

5. 4 Өрт қауіпсіздігі . . . 65

5. 5 Кондициорлеу және кондиционерді таңдап, есептеу . . . 66

ҚОРЫТЫНЫ . . . 71

ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 72

ҚОСЫМША А

ҚОСЫМША Б

КІРІСПЕ

Оn-line режімінде деректерді тарату қызметтерінің Қазақстандағы нарығының дамуы бастапқы кезеңінде жүр. Негізгі тоқтатып тұрған себебі қызметтердің үлкен өзіндік құны мен тұтынушылардың төлемқабілеттілігінің арасындағы сәйкеспеушілік болып табылады, оның нәтижесінде осындай текті қызметтерді бүгінгі күндері тек орта және үлкен бірлескен тұтынушылар пайдалана алады. Қызметтердің өзіндік құнын азайту тек «соңғы мильдің», яғни абоненттерді орналастыруды оператордың қатынау нүктесіне қосатын тораптарды ұйымдастыруға арналған деректерді тарату ортасын таңдауда маңызды міндетті атқаратыны құпия емес. Бұқаралық пайдаланушыларға есептелген желіні тұрғызғанда, «соңғы мильге» арналған технологияны таңдауы тарифтерге ықпал жасау тұрғыдан қарағанда ұстанымды болады.

Деректерді жоғары жылдамдықты тарату мүмкіншіліктері көп жылдары мәлім экономикалық түсініктерімен бөлектелген талшық - оптикалық желілерді қолдануды өздеріне рұқсат ете алмайтын, шағын бизнестің және жеке абоненттердің миллиондаған өкілдеріне таралған жоқ. Бірақ, абоненттердің осы топтарының сандық тарату технологияларындағы қажеттілігі әрқашан өскен және өседі, соңғы уақытқа дейін оларға тек ортақ пайдаланудың телефондық желі тораптарын қолданатын, деректер тарату ортасынының құралдарына сену ғана қалған. DSL технологиялары (сандық абоненттік желілер) осындай текті мәселелерді шешудің басты құралдарының бірі болып табылады.

DSL технологияларын телефондық желінің абоненттеріне қолдану абоненттік кабельдік желіні деректерді жоғары жылдамдықты тарату желісінің бөлігіне айналдыру мүмкіншілігін берді. Телефондық компаниялар өз абоненттеріне қолайлы бағамен деректерді жоғары жылдамдықты тарату мүмкіншіліктерін беру үшін бар кабельдік телефондық желіні қолданып, өз кірістерін жоғарлату мүмкіншілігін берді.

DSL асиметриялық технологиясы қазақстан нарығына нақты баса - көктеп кірді. Және бұл бәріненде бұрын «Қазақтелеком» ААҚ берілген қызметтерін беретін, байланыстың басым болушы оператор жерлеріндегі ұйымдастырылған сұрақтармен байланысты. Негізінде оны ISDN технологиясымен салыстыруға болады, бірақ, деректердің тасмалдау нәтижесі бойынша ADSL технология ISDN желілерде қолданылатын, ақпаратты тарату әдістері басым болады. ISDN сияқты ADSL -дің негізгі нарығы Интернетке қатынау нарығы болып саналады. Бүгінгі күндері Қазақстанда осы технологияны қажетті магистралды инфрақұрылымның жоқ болуынан (өйткені ADSL сервис магистралды деңгейде АТМ технологиясында негізделеді), және де АТМ желісінің трафигін телефондық арналардың трафигіне және керісінше түрлендіруге арналған желіде телефондық шлюздердің жоқ болуынан, «Қазақтелеком» ААҚ деректерін тарататын АТМ желісінің бар сегменттерінде телефондық шлюздердің жоқ болуынан мүмкіндік көрсетілмейтін бірлескен желілерге арналған шешім ретінде қарастыруға болады. Бірақ, белгілі бір сенімдер бар, бизнесті болашақты жобалау мен дамыту Қазақстандағы DSL нарығындағы бірлескен қосымшаларда ADSL - ді қолдану жолын ашты. Әзірше біз ADSL - ді тек Интернетке қатынау және қалалық АТС - тардан бір телефондық арна алу үшін қолданумен шектелеміз, бұл негізінде қызметтердің осы спектрінде халықтың өте кең қажеттілігін жабады.

Қазіргі кездің DSL технологиясы қарапайым телефондық кабельді жоғары жылдамдықты сандық арналарға түрлендіріп, әрбір үй немесе әрбір орта және шағын бизнестің кәсіпорнына Интернетке жоғары жылдамдықты қатынауды ұйымдастыру мүмкіншілігін береді. Деректерді тарату жылдамдығы пайдаланушы мен провайдерді қосатын, желілердің сапасы мен ұзындығынан тәуелді.

1 АСИНХРОНДЫ САНДЫҚ АБОНЕНТТІК ЖЕЛІНІҢ ТЕХНОЛОГИЯСЫ

1. 1 ADSL технологиялары

Соңғы жылдары ақпаратты тарату мөлшерінің көбейуі, қолданыстағы желіліерге қатынау арналарының өткізгіштік қасиетінің төмендеуіне алып келегені байқалады. Бірлескен күйде бұл мәсәлә бір шама шешіліп жатыр десек, пәтерләк және шағын бизнес секторларында бұл мәсәлә әлі де орын алып тұр.

Бүгінгі күнде тұтыныушының жерлілікті тораппен, және жалпы қолданыстағы тораппен байланысуының негізгі тәсілі телефондық желілерді және сандық ақпаратты аналогты абоненттік телефондық желілері арқылы тарату құрылғысы - модемдерді қолдану арқылы жүзеге асады. Мұндай байланыстың жылдамдығы үлкен, максималды жылдамдық 56 кбит/с-қа дейін жетуі мүмкін. Бұл интернетке қатынауға жеткілікті, бірақ беттердің графика мен бейнеге қанық болуы, электронды поштаның және құжаттардың көлемінің үлкен болуы, жақын арада-ақ өткізгіштік қасиетті ары қарай үлкейту жолдарын іздестіру мәсәлесін қайта алға қояды.

Қазіргі кезде ең тиімдісі ADSL (Asymmetric Digital Subscriber Line) технологиясы болып табылады. Бұл - стандатты аналогты абонентік телефондық желілерді жоғары жылдамдықты қатынау желілеріне айналдыратын жаңа модемдік технология. ADSL технологиясы тұтынушыға ақпаратты 6 Мбит/с-қа дейін жылдамдықпен тарату мүмкіндігін туғызады. Кері бағытта 640 кбит/с-қа дейінгі жылдамдығы қолданылады. Бұл мынаған байланысты, өйткені заманауи желілік қызмет көрсетушілердің бірқатары тұтынушыдан аз мөлшердегі жылдамдықты талап етеді. Мысалы, MPEG-1 форматындағы бейнефильмдерді жазып алу үшін 1, 5 Мбит/с өткізу жолағы қажет. Абоненттен келетін қызметші ақпарат үшін 64-128 кбит/с та жеткілікті (1. 1-сурет) .

  1. сурет - ADSL технологиясының құрлымдық сұлбасы.

1. 2 ADSL қызметін ұйымдастыру заңдылықтары

ADSL қызметі (сурет 1. 1- де) ADSL модемі және DSL Access Module деп аталатын ADSL модемдерінің жинағы арқылы жүзеге асады. Айтарлықты барлық DSLAM-дар Ethernet 10 Base-T портымен жабдықталады. Бұл қатынау түйіндерінде қарапайым концентраторлар, коммутаторлар мен маршрутизаторларды қолдануға мүмкіндік береді.

Бір шама жасапшығарушылар DSLAM-ды АТМ интерфейстерімен жабдықтай бастады, бұл оларды аумақтық-үлестіруші тораптардың АТМ-коммутаторларна тікелей қосу жолын ашады. Сонымен қатар жасапшығарушылардың бір қатары ADSL модемі болып келетін, бірақ ақпарттық қамсыз үшін АТМ бейімделушісі болып табылатын тұтынушы модемін жасап шығарды.

ADSL модем мен DSLAM аралығындағы аймақта үш ағым жүзеге асады (функционалады) : абонентке жоғары жиілікті, екі жақты қызметші және ТЖ арнасының стандартты жиіліктер диапазонындағы (0, 3-3, 4кГц) дыбыстық арна. Жиіліктік бөлгіштер (POTS Splitter) телефондық ағымды бөліп алады да, оны қарапайым телефондық аппаратқа жібереді. Мұндай сұлба бір мезетте телефон арқылы сөйлесуге және ақпарат таратуға мүмкіндік береді және де ADSL құрылғысы істен шыққан жағдай да телефондық қызмет үзілмейді. Құрлымдық түрде телефондық бөлгіш ADSL модеміне айналады, әрі дербес құрылғы ретінде де жұмыс жасай алатын жиіліктік сүзгі болып табылады.

Шеннон теоремасына сүйенсек, модемдер арқылы 33, 6 кбит/с-тен артық жылдамдыққа жету мүмкін емес. ADSL технологиясында сандық ақпарат стандартты ТЖ арнасының жиіліктер диапазонынан тыс таратылады. Мұнын салдарынан, телефондық станцияда орнатылған сүзгілер 4 кГц-тен жоғары жиілікті кесіп тастайды, сондықтан әр телефондық станцияда аумақтық-үлестіруші тораптарға қатынау құрылғыларын (коммутатор немесе маршрутизатор) орнату қажет.

Абонентке ақпарат тарату 1, 5-нан 6, 1 Мбит/с дейінгі жылдамдықта жүзге асырылады, қызметтік арна жылдамдығы 15-тен 640 кбит/с-қа дейін құрайды. Әр арна бірнеше төмен жылдамдықты логикалық арналарға бөліне алады.

ADSL модемдері қамтамасыз етенін жылдамдықтар Т1, Е1 сандық арналардың жылдамдықтарына сәйкес. Минималды үлесімде ақпарат 1, 5 немесе 2, 0 Мбит/с жылдамдықта таратылады. Негізінде, қазіргі кезде деректерді 8 Мбит/с жылдамдықпен тарататын құрылғылар бар, бірақ стандарттарда мұндай жылдамдықтар көрсетілмеген.

ADSL модемдерінің жылдамдығы арналар санына тәуелді 1. 1 кесте - де көрсетілген

1. 1 кесте - ADSL модемдерінің жылдамдығы арналар санына тәуелді

Негізгі жылдамдық
Арналар саны
Жылдамдық
Негізгі жылдамдық: 1, 536 Мбит/с
Арналар саны: 1
Жылдамдық: 1, 536 Мбит/с
Негізгі жылдамдық: 1, 536 Мбит/с
Арналар саны: 2
Жылдамдық: 3, 072 Мбит/с
Негізгі жылдамдық: 1, 536 Мбит/с
Арналар саны: 3
Жылдамдық: 4, 608 Мбит/с
Негізгі жылдамдық: 2, 048 Мбит/с
Арналар саны: 1
Жылдамдық: 2, 048 Мбит/с
Негізгі жылдамдық: 2, 048 Мбит/с
Арналар саны: 2
Жылдамдық: 4, 096 Мбит/с
Негізгі жылдамдық: 2, 048 Мбит/с
Арналар саны: 3
Жылдамдық: 6, 144 Мбит/с

Желінің максималды жылдамдығы желі ұзындығы мен телефондық кабельдің қалыңдығын қосқа қарастырғанда бірқатар жағдайларға тәуелді. Желі сипаттамалары оның ұзындығының артуы мен өткізгіш сымның қимасы кішірейген сайын нашарлайды. 1. 2-кестеде жылдамдықтың желі параметрлеріне тәуелділігінің бірнеше нұсқасы келтірілген [2] .

  1. кесте - жылдамдықтың желі параметірлеріне тәуелділігі
Желі ұзындығы (км)
Өткізгіш қимасы (2 мм)
Максималды жылдамды (Мби/с)
Желі ұзындығы (км): 2, 7
Өткізгіш қимасы (2 мм): 0, 4
Максималды жылдамды (Мби/с): 6, 1
Желі ұзындығы (км): 3, 7
Өткізгіш қимасы (2 мм): 0, 5
Максималды жылдамды (Мби/с): 6, 1
Желі ұзындығы (км): 4, 6
Өткізгіш қимасы (2 мм): 0, 4
Максималды жылдамды (Мби/с): 1, 5 немесе 2
Желі ұзындығы (км): 5, 5
Өткізгіш қимасы (2 мм): 0, 5
Максималды жылдамды (Мби/с): 1, 5 немесе 2
1. 2. 1 Арналарды жиіліктік бөлу

Осы механизмді қолданған кезде жіберлетін деректердің төмен жылдамдықты арнасы аналогты телефонияны жіберу үшін қолданылатын жиіліктердің жолағынан кейін бірден орналасады. Қабылданатын деректердің жоғары жылдамдықты арнасы жоғары жиіліктерде орналасады. Жиіліктердің жолағы бір сигналмен жіберлетін биттің санынан тәуелді

Жалпы алғанда, желінің барлық өткізгіштік қасиеті екі бөлімге ажыратылады. Бірінші бөлім дыбысты таратуға арналған, және 0, 3-3, 4 кГц диапазонынды орналасқан. Деректерді таратуға арналған сигнал диапазоны 4 кГц-тен 1 МГц шегінде орналасқан. (1. 2 - суретінде көрсетілген) . Көптеген желілердің физикалық параметрлері деректерді 1МГц-тен артық жылдамдықта тарату мүмкіндік бермейді. Өкінішке орай көп желілер (әсіресе ұзаққа созылғандарында) бұл сипаттамаларға да ие емес, сондықтан өткізу жолағын кемітуге тура келеді, ал ол өз алдында тарату жылдамдығын азайтады. Бұл ағымдарды жасауда екі тәсіл қолданылады: арналарды жиіліктік бөлу тәсілі және эхокомпенсация тәсілі.

1. 2 сурет - телефондық желі жиіліктерінің өткізу жолағындағы ағымдардың бөліну сұлбасы

Жиіліктік бөліну әдісі мынаған негізделген, әр ағым үшін өз жиіліктерді өткізу жолағы бөлінеді. Жоғары жылдамдықты ағым бір немесе бірнеше төмен жылдамдықты ағымдарға бөлінеді. Осы ағымдардың таратылуы «дискретті көпарналы модуляция» (DTM) әдісі арқылы жүзеге асады.

Эхо компенсация әдісі мынаған негізделген, жоғары жылдамдықты және қызметші ағымдар диапазондары бір біріне беттеседі. Ағымдарды бөлу модемге орнатылған дифференциалды жүйе көмегімен жүзеге асады. Бұл тәсіл заманауи V. 32 мен V. 34 модемдерінің жұмысында қолданылады. Жоғары жылдамдықты ағым бір немесе бірнеше төмен жылдамдықты ағымдарға бөлінеді алады. Осы ағымдардың таратылуы «дискретті көпарналы модуляция» (DTM) әдісі арқылы жүзеге асады.

Ағымдар көптігін тарату кезінде олардың әрқайсысы блоктарға бөлінеді. Әр блок қатені түзету кодымен жабдықталады (ЕСС) .

Салыстыру:

  • жаңғырту компенсациясы өнімділікті 2дБ-ға жақсарту мүмкіндігін береді, бірақта оны ұйымдастыру өте қиын.
  • EC артықшылығы ISDN немесе 384 кбит/с жылдамдықтағы видеотелефония сияқты жоғары жылдамдықты технологияларды қолданған кезде өседі. Осы жағдайларда FDM өшуді көбейту және таратудың максималды қашықтығын қысқартуға алып келетін, жоғары жиіліктерді қабылданатын деректердің жоғары жылдамдықты арнасында бөлектеуді талап етеді.
  • бір жиілікте екі арнаны біріктіру, ЕС қолданған кезде FDM қолданғанда жоқ болатын өзіндік NEXT әсерінің пайда болуына әкеледі.
  • ADSL стандартты FDM мен ЕС механизмін қолданатын, әртүрлі жабдықтар арасындағы әрекетті алдын-ала қарастырады, нақты механизмді таңдау қосуды орнатқан кезде анықталады.
1. 2. 1 ADSL технологиясын сипаттау

Жоғары жиілікті аналогты сигналды тарату бойынша мыс есулі қоссымның мүмкіншіліктері бәріне мәлім. Аналогты модемдер стандартты телефондық арнасымен 28 Кбит/с дейін жылдамдыққа жету мүмкіншілігін береді. Модуляцияның осыған ұқсас әдістерін қолданып, ADSL технологиясы бәсең ағынның (стансадан пайдаланушыға) жылдамдығын бірнеше Мбит/с дейін жеткізе алады. Төменгі жылдамдықты арнада пайдаланушыдан стансаға бұл технология пайдаланушыға бәсең ағындарды басқару мүмкіншілігін береді (1. 3 - суретте келтірілген [3] ) . Модуляция мен кодалаудың қазіргі кездегі алгоритмдері теориялық шегіне жақындайтын, ADSL жылдамдығын қамтамасыз ететінін атап өтейік.

1. 3 сурет -. ADSL абонент желісі.

Бәсең ағынның жоғары жылдамдығы үй пайдаланушыларының қосымшаларының көбісі асимметриялық болғандықтан таңдалған. Симметриялық жоғары жылдамдықты қосымшаларды қажет ететін бизнес пайдаланушылар деректерді жоғары жылдамдықты екі жақты айырбастауды қамтамасыз ететін оптикалық немесе коаксиалды кабельді қолданады. Сондықтан, ADSL технологиясы бірінші кезекте үй тұтынушылардың нарығы үшін өңделген.

Осыған байланысты, пайдаланушы бұрыннан бар телефондық байланысты пайдалануды жалғастыра алады. Іс-жүзінде бұл пайдаланушы ADSL жабдығын қолданып деректерді таратқан кезде телефондық шақыруларды іске асыра алады.

Экрандалмаған есулі қоссымды қолданатын модемдердің дамуының қысқаша тарихы (1. 3 - кестесінде келтірілген) .

1. 3 кесте - Бөліп шығарған қос симметриялы кабельді қолданылатын модемдер

Жыл
Технология
Сипаттама
Арақашықтықтар/Диаметр
Жыл: 1985
Технология: UDSL
Сипаттама: 160 Мбит/с жылдамдықта бір экрандалмаған қос екі жақты тарау
Арақашықтықтар/Диаметр: 8-10 км максималды 4 км/0. 4 м
Жыл: 1990
Технология: HDSL
Сипаттама: 2 Мбит/с жылдамдықта 2 немесе 3 экрандалмаған қос екі жолақты татару
Арақашықтықтар/Диаметр:

2 UTP. 2. 4 км/0. 4

2 UTP. 2. 6 км/0. 6

3 UTP. 3. 9 км/0. 4

3 UTP. 4. 9 км/0. 6 мм

Жыл: 1995
Технология: ADSL
Сипаттама: 1. 5 - 8 Мбит/с шығатын ағын, 640 - 1000 Кбит/с кіретін ағын
Арақашықтықтар/Диаметр: 1 - 5. 4 км максималды
Жыл: 1997
Технология: VDSL
Сипаттама: 20 - 50 Мбит/с
Арақашықтықтар/Диаметр: 3 UTP
1. 3 ADSL тұжырымдамасы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Желіге қатынаудың шектелуі
PON желісі архитектурасы
ATM over ADSL технологиясының дамуы мен қолданылуы
TRIPLE PLAY ТЕХНОЛОГИЯСЫН ТАЛДАУ
NGN қызметтеріне қосылуды ұйымдастыру
Қызмет деңгейі және қызметтерді басқару
Қолданыстағы желіні талдау
ATM over ADSL технологиясы
PON желілер сәулеті
DLS және ISDN технологиялары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz