Халықты жұмыспен қамту


Жұмыспен қамтудың шетілдік тәжірибесі және оны
Қазақстанда қолдану мүмкіндіктері
3. 1
3. 2
3. 3
Жұмысшы кадрларын қайта даярлау жүйесін жетілдіру
Халықты жұмыспен қамту - 2020 бағдарламасы
Халықты жұмыспен қамтуды мемлекет тарапынан реттеу жолдары
КІРІСПЕ
Тақырыптың өзектілігі . Қазіргі кездегі нағыз пәрменді әлеуметтік саясат - ол халықты жұмыспен қамту туралы саясаты болып келеді және болып қала береді. Екі қолға бір жұмыс таба алмай пұшпаймен болып жүргендер ауылда да, қалада да аз емес. Осыған орай, халықты жұмыспен қамту бүгінде мемлекеттік маңызы бар өзекті мәселе болып отыр. Үкімет түрлі бағдарламалар дайындап, халықты еңбекпен қамту мәселесін шешуге тырысып-ақ жатыр. Елбасының биылғы Жолдауында да бұл мәселеге ерекше көңіл бөлді. Осы орайда, Үкімет ұзақ жылдарға арналған халықты еңбекпен қамту мәселесін шешуге арналған бағдарлама қабылдап, ол биылдан бастап қолға алынуда. Бұл бағдарламаның өзгелерден ерекшелігі сол, онда нақты қаржы тетігі қарастырылған және еңбек нарығының таяу болашақтағы сұранысы ескеріле отырып жасалған. Міне, осы бағдарлама және халықты әлеуметтік қолдау, еңбекпен қамту жайында.
Еліміздің әлеуметтік-экономикалық даму саясатындағы басым бағыттардың бірі халықты еңбекпен қамту болып отырғаны белгілі. Шынын айтқанда, мұның өзі бүгінде мемлекеттік маңызы бар, келелі мәселе болып отыр. Енді екі-үш жылдың ішінде жоғарыда аталған бағдарлама аясында іске қосылатын кәсіпорындарға қажетті жұмысшы мамандарда даярлау қазір өзекті мәселеге айналып отыр.
Дипломдық жұмыстың мақсаты - Қазақстанда жұмыспен қамту жүйесінің өзекті мәселелерін анықтап, оларды шешу жолдарын талдау.
Дипломдық жұмыстың міндеттері:
- Қазақстан Республикасындағы жұмыспен қамту жүйесінің қалыптасу теориясын негіздеу
- Халықты жұмыспен қамту саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын қарастыру
- Халықты жұмыспен қамту жүйесін қалыптастыруда батыс елдері тәжірибесін қолдануды қарастыру;
- Халықты жұмыспен қамтудың қазіргі жүйесін талдау;
- Қазақстанда халықты жұмыспе қамту жүйесін көтеруде мемлекеттік қолдауды дамыту
- Халықты жұмыспен қамтудың - 2020 бағдарламасының ерекшеліктерін қарастыру
- Облыстағы еңбек нарығы мен жұмыспен қамтудың жалпы сипаттамасын қарастыру;
Дипломдық жұмыстың зерттеу объектісі:
Жұмыстың зерттеу пәні Қазақстан Республикасындағы жұмыспен қамту жүйесінің қалыптасуының теориялық, әдістемелік және тәжірибелік аспектілер жиынтығы болып табылады.
Нарықпен келген жұмыссыздық адамдардың әлеуметтік жағдайына, тұрмыстық ахуалына кері әсерін тигізгені белгілі. Осыған орай, халықты жұмыспен қамту мәселесіне Үкіметіміз үнемі жете көңіл бөліп, бұл бағытта мақсатты және жоспарлы жұмыстар жүргізілуде. Қол жеткен жетістіктеріміз де жоқ емес. Ал, ұзақ жылдырға арналған халықты жұмыспен қамту жөніндегі бағдарлама бұл міселені түбегейлі шешуге игі ықпалын тигізері анық. Еліміздің экономикалықдамуына ерекше серпін беретін 2071 жылға дейінгі кезеңгі арналған үдемелі индустриалдық-инновациялық даму бағдарламасы көптеген жаңа жұмыс орындарының ашылуына игі әсерін тигізбекші.
Сондықтан, жұмыссыздық мәселесін жан - жақты қарастыру, оның ішінде жұмыссыздық деңгейін анықтау мәселесіне үлкен көңіл бөлу керек. Қазақстан Республикасының Статистика жөніндегі агенттігімен «Еңбек нарығының статистикасы» атты жоба іске асырылды. Бұл жоба «Қазақстан Республикасы мен Еуропалық одақ арасындағы және бірлескен қызмет» туралы келісімге сәйкес жүргізілді.
Дипломдық жұмыстың құрылымы және көлемі: Дипломдық жұмыс кіріспеден, негізгі бөлімнен, негізгі бөлімнің өзі үш бөлімшеден, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
- ХАЛЫҚТЫ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУДАҒЫ ӘЛЕУМЕТТІК САЯСАТТЫҢ РОЛІ
1. 1 Халықты жұмыспен қамту ұғымынының Қазақстанда зерттелуі
Жұмыспен қамту - бұл қазіргі еңбек нарығы тәжірибесіндегі ең күрделі мәселердің бірі және оны жетілдіру қазіргі қайта құру сатысындағы басты міндет. Қазіргі кездегі нағыз пәрменді әлеуметтік саясат - ол халықты жұмыспен тұрлаулы қамту саясаты болып келеді және болып қала береді. Осыған орай әлеуметтік көмек көрсету саясаты әлеуметтік топтардың тиіс емес, қайта еңбекке қабілетті азаматтарды жұмысшыларсанына қосуға даярлау міндеті ауқымында шоғырландырылуға тиіс.
Яғни жұмыспен қамтылу дегеніміз - азаматтардың жеке кажеттерін қанағаттандыруға байланысты және оларға табыс немесе кіріс әкелетін Конституцияға, зандарға, өзге де нормативтік құқықтық актілерге қайшы келмейтін қызметі.
Көптеген елдердің тәжірибесін үйренуде жүйелік және нақты тарихи көзқарас халық шаруашылығындағы еңбек нарығын реттеудің әлеуметтік-экономикалық, ұйымдастырушылық-инфрақұрылымдық қызметету тетіктерін жетілдіру, облыс тұрғындарын жұмыспен қамту, әлеуметтікқорғаудың белсенді формасы ретінде жұмыссыздарды кәсіби даярлау жәнеқайта даярлау, қоғамдық бағдарлама жасау негізгі өзекті мәселелердің біріболып отыр, ғылыми тұрғыдан зерттеуді талап етеді.
Әлемдегі көптеген экономист ғалымдардың еңбектерінде еңбек нарығын реттеу тақырыбы, оның маңыздылығы, қоғамның дамуындағы рөлі, экономикадағы алатын орны зерттелген.
Жұмыспен қамту көрсеткіші әр түрлі елдердің немесе олардың топтарының еңбек рыногын салыстыру үшін база ретінде қолданылады. Ол ерлер мен әйелдер үшін, сондай-ақ әр түрлі жас топтары үшін жеке есептелінеді. Жыныс белгісі бойынша жұмыспен қамту деңгейін талдау ерекше мүддені көрсетеді, өйткені ерлер мен әйелдердің жұмыспен қамту деңгейлерінің салыстырмалы ұқсастығы немесе алшақтығы нақты елдің еңбек рыногында қалыптасқан гендерлік айырмашылықтарын сипаттайды.
Мәртебесі бойынша жұмыспен қамтылғандардың жіктелімі еңбек рыногының, сондай-ақ тұтас алғанда экономиканың серпінін зерделеу үшін маңызды. Жұмыспен қамту мәртебесі қызметкерлердің мінез-құлығын және еңбек жағдайын сипаттау үшін, сондай-ақ индивидуумның әлеуметтік-экономикалық ережелерін анықтау үшін статистикалық негізді береді. Жалданып жұмыс істейтіндердің жоғары үлесі экономикалық дамудың жоғары деңгейі жөнінде куәландырады. Жұмыспен қамтылған халықтың елеулі үлесін отбасылық кәсіпорындардың ақы төленбейтін қызметкерлері құрайтын мемлекет ең алдымен нашар дамыған болып табылады және жұмыспен қамту өсуінің елеулі емес қарқынымен, барлық жердегі кедейшілікпен және көбінесе, ауыл шаруашылық өндірісінің басымдылығы кезінде өндірістік индустрияның жоқтығымен сипатталады.
Жұмыспен қамту мәртебесі үш маңызды санаттар арасында жұмыспен қамтылған халықтың айырмашылықтарын жүргізеді:
‑ жалданып жұмыс істейтіндер (жаладамалы қызметкерлер) ;
‑ жалданып жұмыс істемейтіндер (өз бетінше жұмыс
істейтіндер) ;
‑ отбасына көмектесетін мүшелері (сондай-ақ, отбасылық
кәсіпорындардың ақы төленбейтін қызметкерлері деп
аталатындар) .
Осы үш топтардың әрқайсысы жұмыспен қамтылған халықтың жалпы санындағы, сондай-ақ жұмыспен қамтылған халықтың ерлер мен әйелдер санындағы тиісті үлесі түрінде көрсетілген.
Экономикалық өсу шамасына қарай жұмыспен қамтылған халық ауыл шаруашылық секторынан өндірістік секторына және қызмет көрсету саласына ауысады, бұл өз кезегінде жалданып жұмыс істейтіндер санының өсуіне мүмкіндік береді.
Дамыған елдердің тәжірибесін үйрену еліміздің еңбек нарығын реттеу мен халықты жұмыспен қамтудың үлгісін жасауға негіз болады.
Мемлекеттің еңбек нарығын реттеу, жұмыспен қамту және халықтың әлеуметтік саясатын жетілдіру мәселелерін қазақстандық ғалым-экономистер: Я. Ә. Әубәкіров, Т. А. Әшімбаев, Ү. С. Байжомартов, С. Х. Берешев, Б. А. Жүнісов, Қ. М. Жұмақанова, М. Б. Кенжеғозин, Ж. Ш. Кенжалина, Ш. К. Көпешов, Ж. К. Қорғасбаев, А. К. Қошанов, А. Қатарбаева, Н. К. Мамыров, М. К. Мельдаханова, А. Қ. Мейірбеков, А. Б. Молдашев, Т. Ж. Нұрымбетов, Н. А. Омаров, А. К. Отаров, Ж. Ж. Сүлейменов, С. Д. Тәжібаев, М. Э. Тілеужанова, Ө. Қ. Шеденов және т. б. өз еңбектерінде жан-жақты қарастырып, экономика ғылымына айтарлықтай үлес қосқан.
Дамыған және дамушы елдердің тәжірибесін үйренуде жүйелік және нақты тарихи көзқарас халық шаруашылығындағы еңбек нарығын реттеудің әлеуметтік-экономикалық, ұйымдастырушылық-инфрақұрылымдық қызметету тетіктерін жетілдіру, облыс тұрғындарын жұмыспен қамту, әлеуметтікқорғаудың белсенді формасы ретінде жұмыссыздарды кәсіби даярлау жәнеқайта даярлау, қоғамдық бағдарлама жасау негізгі өзекті мәселелердің біріболып отыр, ғылыми тұрғыдан зерттеуді талап етеді. Әлемдегі көптеген экономист ғалымдардың еңбектерінде еңбек нарығын реттеу тақырыбы, оның маңыздылығы, қоғамның дамуындағы рөлі, экономикадағы алатын орны зерттелген.
К. Маркс- өз еңбегінде еңбек нарығытуралы теориялық-әдістемелік негізін зерттесе, Д. Ж. Кейнс пен М. Фридманеңбек нарығы мен жұмыспен қамтуды реттеуде мемлекеттің жүргізу саясатының қажеттілігінің маңыздылығын қарастырған. Сонымен біргетәжірибеде теориялық жағынан қамтылған және Батыс елдердің үлкен. Әлемдегі көптеген экономист ғалымдардың еңбектерінде еңбек нарығын реттеу тақырыбы, оның маңыздылығы, қоғамның дамуындағы рөлі, экономикадағы алатын орны зерттелген. Дамығанелдердің тәжірибесін үйрену еліміздің еңбек нарығын реттеу мен халықты жұмыспен қамтудың үлгісін жасауға негіз болады.
Жұмыспен қамту теорияларының эволюциясы өте ұзақ, олардың концептуалдық бағыттары, әдістері, инструментариі мол. Осы мәселеге назар аударған неоклассикалық мектептің өкілдеріне Д . Гидлер, А. Лаффер, М Фелдстайн, Р. Холл тағы басқа жатады. Олар өздерінің концепцияларының негізіне А. Смиттің классикалық теориясын тартқан. Осы авторлар еңбек нарығын нарықтық заңдарға бағынатын іштей біркелкі емес және динамикалық байланыстардың жүйесі деп тұжырымдайды. Оның реттеушісі нарықтық механизм. Еңбек бағасы (жалақы дәрежесі) жұмысшы күшінің сұранысы мен ұсынысына әсер етеді. Жұмысшы күшінің бағасы нарық конъюнктурасына сезімшілдікпен жауап береді, осы конъюнктураның нақты қажеттігіне сәйкес өсіп немесе төмендеп отырады. Жалақының өсуі немесе азаюы арқылы еңбекке сұраныс және ұсыныс реттеліп отырады. Егер еңбек ұсынысының оған сұраныстан артық болуының нәтижесінде жұмыссыздық пайда болса, онда жұмыссыздық бағаның төмендеуіне, яғни, жалақының төмендеуінің арқасында еңбек нарығында тепе - теңдік орнағанша әсер етеді. Классикалық үлгі еңбек нарығы өзін - өзі реттеуші деген принципке негізделеді.
Кейнстік бағыт еңбек нарығын жұмысшы күшін қатал бақылап отыратын оқшау ( инерттік ) жүйе деп қарайды. Жұмыспен қамтудың негізгі параметрлері - жұмыспен қамту мен жұмыссыздықтың дәрежесі, еңбекке сұраныс, нақты жалақының дәрежесі, - еңбек нарығында белгіленбейді, олар тауарлар мен қызыметтердің тұтынулық және инвестициялық нарығындағы тиімді сұраныстын көлемімен белгіленеді. Еңбек нарығында тек жалақының дәрежесі және осыған тәуелді еңбек ұсынысының көлемі қалыптасады. Бірақ еңбек ұсынысы нақтты жұмыспен қамтуды қалыптастыруда жетекші рөл атқармайды, ол тек жалақының берілген көлемі жағдайындағы оның барынша жоғары дәрежеде болатын мүмкүндігін сипаттайды. Жұмысшы күшіне сұранысты жиынтық сұраныс, инвестициялар және өндірістің көлемдері реттеп отырады. Жұмыссыздықтың амалсыз болуы жиынтық тиімді сұраныстың жетімсіз болуымен байланысты. Мұны реттеудің бюджеттік және ақша - несиелік реттеудің экспансионистік шаралары жоя алады. Жиынтық сұраныстың өсуіне әсер етіп, мемлекет еңбекке сұраныстың өсуіне көмектеседі. Осының нәтижесінде жұмыспен қамтудың өсуіне және жұмыссыздықтың төмендеуіне жол ашылады.
Кейнстік концепция бойынша, жұмыспен қамтуға тек жиынтық сұраныс әсер етпей қоймайды, оған жалпы сұраныстың өсуінің әр түрлі салалар арасындағы бөлінуде, яғни жиынтық сұраныстың құрлымы әсер етеді. Жұмыспен қамтудың жеткілікті дәрежесінің тиімді құралына мемлекеттің инвестициялық іс - әрекеттерінің молаюы, экономикалық дамудың нақты жағдайларымен есептесе отырып, мемлекет тарапынан инвестициялардың оптималдық көлемі қамтамасыз етілуі жатады. Кейнстік үлгі мемлекеттің макроэкономикалық процестерді басқаруға кірісуіне негізделеді, ал оны жүзеге асыру механизмі психологиялық сипаты бар заңдылықтар мен құбылыстарға ( тұтынуға бейімділік, жинақтауға бейімділік, инвестицияға ынталандыру ) және басты экономикалық көрсеткіштердің арасындағы мультипликативтік байланыстарға негізделеді.
1. 2 Халықты жұмыспен қамту саясаты әлеуметтік саясаттың негізгі бағыты ретінде
Қай саланы болмасын еліміздің өркендеуінің негізгі болып адами фактордың танылатындығы баршаға мәлім. Әлеуметтік мәселелерді айқындау және осы бағыттағы бағдарламалық іс-шараларға әркімнің тікелей қатысу мүмкәндігі заңнамамен айқындалады. Жалпы халықты жұмыспен қамту саясатында негізгі бағытын айтар болсақ жұмыспен қамту-2020 бағдарламасын айтуға болады.
Халықты жұмыспен қамту саласындағы құқықтық, экономикалық және ұйымдық қатынастарды Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтарда қабылданған «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңы реттейді.
«Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту - Қазақстан дамуының басты бағыты» атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауында ҚР Президенті Н. Ә. Назарбаев халықты жұмыспен қамту мәселесін 2012 жылдың басым бағыты ретінде анықтады. 2011 жылы Елбасының тапсырмасы бойынша халықты жұмыспен қамту бағдарламасы қабылданған болатын. 2011 жылғы қабылданған бағдарламаны жетілдіру бойынша жаңа ұсыныстарды айтты.
2011 жылы Бағдарламаға қатысу мәселелері бойынша 84 мыңнан астам адам өтініш білдірді, олардың ішінде 58, 6 мың адам Бағдарламаға қатысуға ниет білдіріп, әлеуметтік келісімшартқа қол қойды. Жалпы Жұмыспен қамту бағдарламасы бойынша 2011 жылдың екінші жартыжылдығында 37, 5 мың адам жаңа жұмысқа орналастырылды.
Осылайша, «Жұмыспен қамту-2020» Бағдарламасы ілкі жоба ретінде іске қосылған 2011 жылы Бағдарлама көздеген шаралар 98 мың азаматымызға қатысты қолданылды. Бағдарламаны 2012 жылы іске асыруға республикалық бюджеттен 50, 6 млрд. теңге көзделді.
Азаматтардың қызметі, олардың мамандық, жұмыспен қамтылу, соның ішінде ақы төленетін жұмысты атқарумен байланысты емес жұмыспен қамтылу (бала тәрбиелеу, үй шаруашылығын жүргізу, қоғамдық қызмет) түрі мен сипатын талдап алуы олардың еріктілігіне ғана негізделген. Зандарда көзделген реттерден басқа кезде азаматтарды еңбек етуге әкімшілік жолмен және өзге де күштеудің кез-келген нысандарына жол берілмейді. «Әркімнің еңбек ету бостандығына, қызмет пен кәсіп түрін еркін таңдауына қүқығы бар. Еріксіз еңбекке соттың үкімі бойынша не төтенше жағдайда немесе соғыс жағдайында ғана жол беріледі» делінген Қазақстан Республикасы Конституциясының 24-бабының 1 тармағында.
Заңда жүмыспен қамтылған азаматтардың санаттары белгіленген. Оларға мыналар жатады:
- жеке еңбек шартымен жүмыс істейтін, оның ішінде толық, толық емес жұмыс уақыты жағдайларында сыйақы үшін жұмыс орындайтын немесе өзге де ақы төленетін жұмысы (қызметі) . Кірісі бар азаматтар:
- кәсіпкерлік қызметпен шұғылданатындар;
- өз бетімен жұмыспен айналысатындар;
- қосалқы кәсіпшілікпен айналысатындар және өнімді шарттар бойынша өткізетіндер;
- жұмысты азаматтық-құқықтык сипаттағы шарттар бойынша орындайтын азаматтар;
- өндірістік кооперативтердің мүшелері;
- ақы төленетін қызметке сайланғандар, тағайындалғандар немесе бекітілгендер;
- Қазақстан Республикасының Карулы Күштерінде, ұлттык қауіпсіздік органдарында, Ішкі істер министрлігінің ішкі әскерлерінде, Республикалық ұланда, Төтенше жағдайлар жөніндегі агенттігінің бөлімдерінде және өзге де әскери кұрылымдарда кызмет атқарып жүрген азаматтар.
Біздің мемлекетіміз азаматтардың жұмыспен нәтижелі әрі еркін таңдау арқылы қамтылуына жәрдемдесетін саясат жүргізілуін қамтамасыз етеді.
Елімізде қазіргі күні халықты табысы жақсы тұрақты жұмыс орнымен қамту ісі жан-жақты бағыт бойынша өріс алып келе жатыр деп айта аламыз. Соның үлкен көздерінің бірі - 2011-2014 жылдарға арналған индустриялық-инновациялық даму бағдарламасы. Осы бағдарламаның негізінде өткен жылы елімізде 152 жаңа жоба іске қосылды. Биылғы жылы тағы да осындай 192 жобаны іске қосу жоспарланып отыр. Осылардың негізінде жаңадан сан мыңдаған жұмыс орындары ашылатын болады. Жұмыссыз халықтың біраз бөлігі осы жаңа жұмыс орындарына қарай бағытталатын болады. Ал оларды бағыттау тетіктері «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасында нақты айқындалған. Бағдарламадағы шараларды жүзеге асыру негізгі үш бағыт бойынша жүргізіледі.
Бағдарламаны жүзеге асыру басталатын 2011 жыл - қанатқақты кезең болып есептеледі. Осы жылы бағдарламаны іске асырудың тетіктері нақтыланып, олар құқықтық тұрғыдан, яғни заңдық негіздермен қамтамасыз етіледі.
Екінші кезең 2012-2015 жылдарды, үшінші кезең 2016-2020 жылдарды қамтиды. Бұл кезеңдерде бағдарламаны жүзеге асыру жүйелі жолға түсіп, пәрменді сипатқа ие болуы тиіс.
Қазіргі күні Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі бағдарламаны іске асыру үшін нормативтік-құқықтық базаны жетілдіру жөніндегі жұмыстарды жалғастыруда. Осы бойынша бағдарламаға қатысушылардың өзара міндеттемелері айқындалды. Ол міндеттер әлеуметтік келісім-шарттар жасасу арқылы бекітіледі. Көп ұзамай Индустрияландыру картасындағы жобалар мен «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасындағы шаралар негізінде пайда болған және жаңадан құрылатын жұмыс орындарын нақты пайдалану үшін ағымдағы және перспективалық жұмыс орындарының автоматтандырылған дерекқоры жұмыс істей бастайды.
Бағдарламаның бірінші бағыты азаматтардың тұрғылықты жері бойынша жұмысқа орналасуына жәрдемдесу арқылы олардың жұмыспен тұрақты және нәтижелі қамтылуын қамтамасыз етуді көздейді. Бұл бағыт өз бетінше жұмыспен айналысушылар, жұмыссыздар және табысы аз адамдарды қамтитын болады.
Бағдарламаға қатысудың басым мүмкіндіктері ауыл жастарына беріледі.
Бірінші бағытқа қатысушыларға мемлекеттік қолдаудың мынадай түрлері көрсетілетін болады:
- кәсіптік даярлау, қайта даярлау және біліктілігін арттыру курстарына тегін жолдамалар беріледі және оқу орнына жеткенге дейінгі жолақы шығындары субсидияланады;
- лайықты бос жұмыс орындары іздестіріледі және жұмысқа, оның ішінде әлеуметтік жұмыс орындарына орналасуына жәрдем көрсетіледі;
- жұмысқа психологиялық бейімдеу шаралары ұйымдастырылады.
Егер бағдарламаға қатысушы кәсіптік оқуды аяқтағаннан кейін жұмысқа орналаса алмаса, оған бағдарламаның екінші немесе үшінші бағыттарына қатысу ұсынылады.
Екінші бағыттың мақсаты - жеке ісін ұйымдастыру арқылы азаматтардың экономикалық белсенділігін арттыру болып табылады.
Жеке ісін ұйымдастыруды қалайтын және оған мүмкіндігі бар азаматтар бағдарламаның қатысушылары бола алады. Соның ішінде жеке ісін ауылда ұйымдастыруды қалайтындар негізгі назарға алынады, яғни оларға басымдық берілетін болады.
Осы бағыт бойынша бағдарламаға қатысушыға консультациялық қызмет көрсету, кәсіпкерлік негіздерін оқыту, шағын несие беру, жетіспейтін инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымдарды дамыту және жайластыру секілді мемлекеттік қолдау түрлері көрсетіледі.
Шағын несие беру ауылдағы кәсіпкерлікті қолдаудың негізгі тетігі болып табылады. Ол қайтарымдылық негізінде 3 млн. теңгеге дейінгі көлемде 5 жылдан аспайтын мерзімге беріледі.
Ескерте кететін бір жағдай, шағын несие тұтынушылық мақсаттарға, басқа кредиттерді өтеуге және жылжымайтын тұрғын үй алуға берілмейді, тек қана жеке ісін ұйымдастыру немесе кеңейту үшін беріледі. Бұл несиенің бір артықшылығы - оны алушыға кредит бойынша пайыздарды төлеу және негізгі қарызды өтеу бойынша он сегіз айға дейінгі мерзімге жеңілдікті кезең ұсынылады. Ал оны алушы үшін шағын несие бойынша жылдық тиімді пайыздық ставканы өңірлік комиссиямен келісе отырып, уәкілетті өңірлік ұйым белгілейді.
Егер жұмыс іздеушінің жоғарыдағы екі бағытқа қосылуға мүмкіндігі болмаған жағдайда оған бағдарламаның үшінші бағыты ұсынылады. Бұл бағыт жұмыс іздеушіні экономикалық әлеуеті төмен елді мекендерден экономикалық өсу орталықтарына өз еркімен көшуіне жәрдемдесу мақсатын көздейді. Көшіру бір ауданның ішінде немесе бір облыс ішінде (бір ауданнан екінші бір ауданға) жүргізілуі мүмкін. Бұл бағытқа қатысудың басым құқығы көбінесе ауыл жастарына берілетін болады.
Барлық бағыттар бойынша мемлекеттік қолдау түрлері мен оларды ұсыну тәртібі қазіргі уақытта Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі әзірлеп жатқан ережеде толық қамтылады.
Бұл бағдарлама халыққа не береді?
Біріншіден, жұмыссыз, өзін-өзі жұмыспен қамтыған және әлеуметтік жағынан аз қамтылған азаматтар тұрақты жаңа жұмыс орнына ие бола алады.
Екіншіден, кәсіпкерлер осы бағдарламаның негізінде жеңілдікті шағын несиелерге ие болу, жаңадан инфрақұрылымдарды қалыптастыру негізінде өз ісін ұйымдастыру мен кеңейтуді үйренеді.
Үшіншіден, жұмыссыз, әлеуметтік аз қамтылған немесе өзін-өзі жұмыспен қамтылған азаматтар мемлекеттің тегін оқытуының нәтижесінде жаңа мамандықтарды игеріп, өз біліктіліктерін арттыра алады.
Төртіншіден, өз тұрған орындарында жұмыс таба алмаған адамдар жаңа жерлерге барып, жаңадан тұрмыс бастап, өмірін жаңарта алады. Жаңа жұмысқа ие болады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz