Қазақ интернеті
Кіріспе
Негізгі бөлім:
1. Жалпы интернет ұғымы қайдан шыққан ?
1.2. Қазақ интернеті хақындағы пікірлер
1.3. Қазақ интернеті неге дамымай жатыр?
1.4. Қазақ интернет қолданушысы және mail.ru
Коммуникация дегеніміз не? ... ... ... ... ... ... ... ...
2.1. Коммуникация және коммуникация құралдары туралы түсінік
2.2. Коммуникацияның атқаратын басты қызметтері
2.3. Коммуникация (қарым.қатынас) түрлері және коммуникация процесі
2.4. Кері байланыс және оның кедергілері.
3.1. Коммуникация құралдарының түрөзгерісі және оның мәдениетке тигізетін әсері (М. Маклюэннің концепциясы негізінде)
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Адам қоғамда өзiн қоршаған адамдар тобында өмiр сүредi және дамиды, оның талаптарына сәйкес өз ойлары мен мiнез-құлқын өзгертедi, топтың басқа мүшелерiмен өзара әрекеттесу арқылы әртүрлi байланысты сезiнедi. Қарым-қатынас психологиясы мынандай құбылыстарды зерттейдi; адамдардың бiр-бiрiн қабылдауы және түсiнуi, елiктеу, сендiру және нандыру, ұйымшылдық немесе жанжалдық, бiрiккен iс-әрекет және тұлғааралық қатынастар. Осы психологиялық құбылыстың әр түрлiлiгiнде, олардың пайда болуының негiзгi қайнар көзi болып адамдар арасындағы қарым-қатынас аймағы болып табылады.
1. Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі:Информатика және компьютерлік техника/ Жалпы редакциясын басқарған – түсіндірме сөздіктер топтамасын шығару жөніндегі ғылыми-баспа бағдаламасының ғылыми жетекшісі, педагогика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты А.Қ.Құсайынов. – Алматы: «Мектеп» баспасы» ЖАҚ, 2002. – 456 бет.
2. «Маркетинг негіздері»
3. www.abai.kz
www.minber.kz
4. Биекенов К., Садырова М. Әлеуметтанудың түсіндірме сөздігі. — Алматы: Сөздік-Словарь, 2007. — 344 бет
5. Маклюэн М. Галактика Гуттенберга. 1962
6. Маклюэн М., Фьоре К. Вся суть в средстве
7. Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
8. Интернетке кіріспе «Бүкілдүниежүзілік өрмек»: Әдістемелік құрал.-Алматы, 1999.

Пән: Информатика, Программалау, Мәліметтер қоры
Жұмыс түрі: Курстық жұмыс
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 28 бет
Таңдаулыға:
Жұмыс түрі: Курстық жұмыс
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 28 бет
Таңдаулыға:
Жоспар
Кіріспе
Негізгі бөлім:
1. Жалпы интернет ұғымы қайдан шыққан ?
1.2. Қазақ интернеті хақындағы пікірлер
1.3. Қазақ интернеті неге дамымай жатыр?
1.4. Қазақ интернет қолданушысы және mail.ru
Коммуникация дегеніміз не? ... ... ... ... ... ... ... ...
2.1. Коммуникация және коммуникация құралдары туралы түсінік
2.2. Коммуникацияның атқаратын басты қызметтері
2.3. Коммуникация (қарым-қатынас) түрлері және коммуникация процесі
2.4. Кері байланыс және оның кедергілері.
3.1. Коммуникация құралдарының түрөзгерісі және оның мәдениетке тигізетін әсері (М. Маклюэннің концепциясы негізінде)
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Кіріспе
Адам қоғамда өзiн қоршаған адамдар тобында өмiр сүредi және дамиды, оның талаптарына сәйкес өз ойлары мен мiнез-құлқын өзгертедi, топтың басқа мүшелерiмен өзара әрекеттесу арқылы әртүрлi байланысты сезiнедi. Қарым-қатынас психологиясы мынандай құбылыстарды зерттейдi; адамдардың бiр-бiрiн қабылдауы және түсiнуi, елiктеу, сендiру және нандыру, ұйымшылдық немесе жанжалдық, бiрiккен iс-әрекет және тұлғааралық қатынастар. Осы психологиялық құбылыстың әр түрлiлiгiнде, олардың пайда болуының негiзгi қайнар көзi болып адамдар арасындағы қарым-қатынас аймағы болып табылады. Егер қарым-қатынас болмаса, бiздiң рухани, материалды даму деңгейiмiздiң қандай дәрежеге көтерiлгенiн бiлмес едiк. Бiздiң әрқайсымыз өзiмiздiң негiзгi қырларымызды жеке қарым-қатынас тәжiрбиелерiмiз арқылы жанұядағы, мектептегi, жұмыстағы, көшедегi тiкелей қатынастар арқылы игеремiз. Бұл микроорта. Микроортадағы қарым-қатынас арқылы әрқайсымыз әлеуметтiк әлемдi кеңiнен танимыз және қарым-қатынасқа түсемiз, яғни макроорта әсерiн сезiнемiз.
Макроорта - бұл өз ғылымы, мәдениетi, идеалогиясы, заңы, қоғамдық өлшемдерi бар қоғам. Микро және макроортаның кездесетiн жерi, олардың өзара әрекеттесетiн шек - бұл кiшi топ, онда бiздiң әрқайсымыздың өмiрiмiз өтедi.
Қарым-қатынас тарихи алғашқы форма болып табылады оның негiзiнде өркениет дамуының кейiнгi кезеңдерiнде қарым-қатынастың басқа түрлерi пайда болды. Мысалы; жазбаша қарм-қатынас жазбашалықтың құралуынан кейiн ғана пайда бола бастады. Бiздiң әрқайсымыз адамдар арасында өмiр сүрiп және жұмыс iстегендiктен кез-келген жағдайда өз тiлектерiмiзге тәуелсiз түрде адамдармен қарым-қатынасқа түсемiз.
1.Интернет туралы ұғым
Жиырмасыншы ғасырдың аяғында пайда болған Интернет қазір жер шарының әр түкпірін байланыстырып сан алуан адамдарды, елдер мен құрылқтарды біріктіріп отыр.
Интернет 1960 жылдары АҚШ-та дүниеге келдi.Оны соғыс бола қалған жағдайда бір-бірімен телефон арналары арқылы қосылған компьютер желілерімен байланысып отыру үшін АҚШ-ның орталық барлау басқармасының қызметкерлері ойлап тапқан.Алпысыншы жылдардың аяғында Пентагон ядролық соғыс бола қалғанда компьютер желісінің үзілмеуі үшін арнайы жүйе жасады, тaжiрибенiң ойдағыдай жүргiзiлу барысында ARPA net желiсi пайда болып, ол Калифорниядағы жaне Юта штаты зерттеу орталықтарындағы үш компьютердi ғана бiрiктiрдi.Кейiн ARPAnet бейбiт мақсатқа қызмет еттi, оны негізінен ғалымдар мен мамандар пайдаланды.Сексенінші жылдардың басында Интернет деген термин пайда болды.Бұл ағылшынның халықаралық желі деген сөзі.
1990-шы жылдары Интернетке енушілер саны күрт өсті, ал 2000 жылы оған 5 млн компьютер қосылып, пайдаланушылар саны 200 миллионнан асты.
Интернеттiң мүмкiндiгi шексiз.Талғамыңыз бен көңiл күйiңiзге қарай одан сiздi қызықтыратын көп нәрсе табуға болады.Yйден шықпай газеттiң тың номерiн парақтағыңыз келеме, мейiлiңiз, тек WWW немесе Web деп аталатын aлемдiк шырмауықты қолдансаңыз жетедi. Гиперсiлтеме жүйесi арқылы қажеттi басылымықызды санаулы минуттар iшiнде тауып аласыз .
Планетамыздың кез келген нүктесiндегi ауа райын, ақпараттық агенттiктiң соңғы жаnалықтарын бiлгiңiз келсе Интернет жaрдем беруге aзiр. Шалғай елдерге сапар шексеңiз сiзге қажет елмен, қаламен, қонақ үймен таныса аласыз.Интернеттен ғалым да, бизнесмен де, компьютерлiк ойын әуесқойы да, бәрi-бәрi қажет ақпарат таба алады. Интернет күнделiктi тұрмыс пен жұмыстың айнымас құралына айналып келедi.
Интернеттің негізі АҚШ-да жасалғанымен, оның нақты қожайыны жоқ. Әрбір үкімет, компания, университет ақпараттық қызмет ұсына отырып , бұл желінің тек қана өз бөлігіне иелік жасайды.
Алайда, Интернетке жеке дара ешкім де қожалық жасай алмайды. Сондықтан ол шын мәнінде адамзаттың әлемдік қазынасы болып табылады.
Интернет - ағылшын тілінен тікелей аударғанда халықаралық желі деген сөзді білдіреді. Ол тек желі ғана емес, ол - желілердің желісі.
Интернет әлемдегі миллиондаған байланыс желілерін бір-бірімен біріктіріп, дүниедегі ең үлкен компьютерлер торабын құрайды. Ғаламтордағы ақпараттар веб-сайттар түрінде ұсынылады. Веб-сайт (сайт, интернет қор көзі, портал) - ортақ тақырыппен, навигациямен, ортақ URL-мекенжайымен біріктірілген, өзара еренсілтемелер көмегімен байланысып, бір серверде орналасқан веб-беттері жиынтығы. Әрбір веб-сайттың өзінің бірегей мекенжайы - URL (ағылш. Uniform Resource Locator) бар, оны желіден осы мекенжай бойынша тауып алуға болады.
Веб-сайтқа арналған URL-дің көрінісі мынадай болады: http:www.атауы.үйшік.
Интернеттің қарапайым желілік нүктелері өкімет мекемелерінде, университеттерде, коммерциялық фирмаларда, жергілікті кітапхана жүйелерінде, тіпті мектептерде де орналасқан.
Интернеттің бір ерекшелігі оның құрамындағы көптеген компьютерлер нақты BBS тәрізді жұмыс істейді (шындығында, INTERNET компьютерлерінің көпшілігі BBS сияқты жұмыс істемейді, бірақ әркім одан файлдар алып, мәліметтер базасын пайдаланып, яғни оның ішкі мәліметтерін пайдалануға мұрсат алады).
Интернетке қосылу дегеніміз -- басқа жерлерде тұрған мыңдаған компьютерлік жүйелермен байланысу деген сөз. Желідегі компьютерлерден өкімет мұрағатындағы, университеттің мәлімет базаларындағы, жергілікті қорлар көлеміндегі, кітапхана каталогтарындағы құжаттық мәліметтерді, суреттерді, дыбыс клиптерін, бейнелерді және т. б. цифрлық түрге айнала алатын барлық ақпаратты ала аласыз.INTERNET ақпараттар магистралына өте ұқсас, институт, мектеп терминалы арқылы оған жеңіл кіруге болады. Ол үшін INTERNET-тегі жүйенің нөмірін теру керек. Мұнан кейін керекті жердегі (қала, мемлекет) желі нүктесімен байланысып, өзіңізге қажетті материалдарға қол жеткізесіз. INTERNET желісін сипаттау үшін оны телефон жүйесімен салыстыру қалыптасқан. Жалғыз телефон компаниясы болмайтыны сияқты INTERNET компаниясы да тек біреу емес. Дүниежүзілік немесе мемлекеттік телефон жүйесінің иесі кім? Ешкім де емес. Әрине, оның бөліктерін біреулер иеленеді, бірақ жүйеге толық ешкім ие емес, бұл жүйе өзара келісім арқылы ортақ пайдалануға арналған. Дүниежүзіндегі ірі телефон компаниялары бірігіп, телефон жүйесін қалай пайдаланатыны жөнінде келісіп отырады, яғни әр елдің кодын, төлейтін ақшасын, мұхитаралық кабел құнын - кімдер, қалай бөлісіп көтеретінін және де әр елдің телефон жүйесінің қосылу техникалық мәселелерін бірігіп анықтап отырады. Интернет желісі де дәл осы телефон жүйесі тәрізді басқарылады.
1.2.Қазақ интернеті хақындағы пікірлер
Нұрлан ЕРІМБЕТОВ, АйтPARK пікірталас клубының модераторы:
..Казахский интернет - это почти такой казан-ошак
- Казахскоязычному интернету, к сожалению, присуща скудость обсуждаемых тем. Какая-то невозможность вырваться из узкотемья, или, как говорили раньше казахи, "қазан-ошағының жанынан шықпайтын әнгімелер", то есть сугубо кухонная тематика. Так вот казахский интернет - это почти такой казан-ошак. Казахская дискуссия в нем не соответствует мощнейшей научной и культурной составляющей задаваемого интернетом уровня. Возможно, какая-то наша "казанная" дискуссия и уместна между собой, но когда это выносится на такой высокий уровень, становится горько и обидно. Если вдруг завтра где-то в Америке или в Европе захотят поближе узнать уровень казахскоязычного интернета, то нам будет очень стыдно. Потому что люди, узнав, о чем болит наша голова, подумают: Боже, что за мелкотравчатость, какое скудоумие...
Дәурен ҚУАТ, Abai.kz ақпараттық порталының бас редакторы:
Ерімбетовтердің ескі әдеті
- Кезінде Ахмет Байтұрсынов, Әлихан Бөкейхановтар бастаған Алаштың ұлдары орыстың тілінде ұлттың мүддесін қорғай білді. Бүгін осы тілде ойы өскендер Әлихандардың тырнағына да татымайды. Қазақтың мерейі өсіп, мәртебесі аса бастаса, қиғаш пікір айтып қалатын Нұрлан Ерімбетов қана емес. Мұрат Әуезовтың да ондай-ондайы бар. Өз басым, мұндай пікірлердің ойқастап шығуы, қалыптасып келе жатқан кеңістікті жете бағаламағандықтан деп білемін. Білсеңіздер, осыдан біраз бұрын Қазақ баспасөзі - сорлы басылым деген пікір жалаңдап, жалпақ жұртқа танылып кеткендей болды. Арасында Жас алаш, Алтынорда сияқты мықты басылымдар болса да, қазақ газеттеріне қатысты адрессіз, абстракциялы пікір биліктің де санасына шөгіп қалды. Ендігі жерде Қазақ интернеті - сормаңдай деген пікір қылтиса, бұл осы кеңістікті тұмшалау әрекеті деп түсінемін. Әрі бұған қарсы тұрумыз қажет. Егер Ерімбетов белгілі бір сайттың атын атап, түсін түстеп, кемшілігін кендір жіпке тізсе, басқа әңгіме. Конструктивті сыннан қашпаймыз. Бірақ, мынаусы енді.. сынға жарамайды. Мысалы, біздегі сайттар дін мәселесін көтерді дейік, ол Қазақстанның ғана емес, ғаламның да бас ауруы. Мәдениет тақырыбын алсақ, ол да жаһанданудың өзегі... Осы жағынан алғанда, қазақтілді интернеттің аясы кеңейіп, оқырманы көбейіп, дамып келеді. Сеңбесеңіз, статистикасына қараңыз. Қазан-ошағын қомсынатын болса, Ерімбетов мырза бұның бүкіл ғаламтор көрсетіп отырған мәселелер екенін түсінуі тиіс. Біткен іске сыншы көп. Дұрыс, сыншы көп болсын. Бірақ, бізде басталған іске мінші көп. Осы қазақтың қолынан не келеді-ей дегендей кейіп танытып тұрады..
Ал, IT маманы Аршат Оразов болса қазақ интернеті туралы мынадай пікірде:
Менің ойым - бәріміздің басымызды біріктіретін бір орталықтың құрылуы. Бүгінде елімізде қаншама қазақша сайттар мен блогтар бар, бірақ шынын айту керек, олардың көбі - жеке энтузиастардың арқасында жүзеге асып жатқан жобалар. Сіз маған жеке қолдаумен шығып жатқан қандай сайтты айта аласыз? Рас, www.abai.kz сайты бар. Ал қалғандары ше? Бұдан түйетін ой - қазақ интернеті энтузиастардың қолында. Бұл арада біз сайт жасаушылардың бәрін бір орталыққа жинайтын болсақ, бұл сала көш ілгері дамып кетер еді. Мәселен, олардың бірі жақсы сайт жасайды, енді бірі кодтарды жақсы түзеді, енді бірі пиар мен идеология жасауға жақын. Егерде Үкімет тарапынан көмек көрсетіліп, бәріміздің басымыз біріксе, мынандай сайт жасаңдар деп бағыт берілсе, көп нәрсе өзгерер еді. Мәселен, baq.kz сайты - Ақпарат және байланыс министрлігінің жобасы. Олар бұл жобаны қазақша БАҚ-тарды дамыту үшін қолға алды. Неге басқа министрліктерге де осы тектес жобаларды қолға алмасқа?!
1.3.Қазақ интернеті неге дамымай жатыр?
Аршат Оразов:
1. Мамандардың жоқтығы
Иә, қарапайым ғана жауап. Мамандар жоқ бізде сайт жасайтын. Мен, мысалы, сайт жасаймын. Бірақ осы істің маманы емеспін, мамандығым туризм болса да қолымнан дайын программа, скрипттермен жұмыс істеу, қазақшалау келетін болғандықтан осыны кәсіп қылып, өз бетіммен үйренушілерденмін. Танымал сайт жасаушылар Бақытнұр мен Жанарбек, атыраулық Марат пен Алмас та кәсіпқой вебмастерлер емес. Барлығы да өз ұлтын, тілін сүйетіндер. Энтузиасттар.
2. Жақсы хостинг болмауы
Қазақстанда хостинг беруші компания көп. Бірақ көбісінің техникалық қолдауы нашар. Сайт ісіне қатысты көп скрипттер хостингке орнатылғаннан кейін автоматты түрде жұмыс істеуі керек. Бірақ хостерлер берген хостингтерінде көп нәрсеге тосқауыл қойып қояды. Сондықтан көп нәрсені қолмен жасауға тура келеді. Яғни көптеген скрипттерді біздің хостингтерге қою мүмкін емес. Мысалы, жақында ашқан жобам Кездесу сайтын бастапқыда отандық серверде бастағам, сайтты сервер көтере алмады. Нәтижесінде ресейлік серверге көшіп кеттім. Жоғарыдағы пунктте айтқанымдай серверлерге де қарай алатын мамандар жоқ. Техқолдауға хабарласып хат жазсаңыз, жауап алудың өзі мұң.
3. Ақшаның барлығы
Әдетте сіз бір жобаңызды көрсетіп жоғарыдағыларға барсаңыз, ақша жоқ деген жауап аласыз. Құр сөзбен немесе сізге тегін хостинг берейік деген сөзбен шығарып салады. Шын мәнінде менің ойымша олай емес. Ақша жоқ емес - бар. Ал ол ақша дұрыс жерлерге жұмсалмай отыр. Мысалы қазір соңғы күндері шу болып кеткен Қазконтентті алайық. Сайттарына кіріп көрсеңіз, бүгінге дейін жасаған 3 жобалары бар екен: Bnews.kz және видео портал Kaztube, сосын сайттарға тегін хостинг беру жобасы. Алғашқы екі сайтты мүмкін естіген шығарсыздар, бірақ кірмейтіндеріңіз анық қой? Яғни танымал сайттар қатарына кіргізе алмайсыз. Соңғы жобалары интернетте көп айтылып, жақсы пиар жасалып жатыр. Тегін нәрсе болғасын, әрине, позитив қабылданады.
Ал сіз осы АҚ-ның сайтына кіріп, Мемлекеттік сатып алу бөліміне кіріп, 2010 жылға арналған сатып алу жоспарын қараңызшы. 2500 тг тұратын доменнің өзіне 75 мың ақша бөлінген. Жоғарыда аталған 2 сайтты модернизациялау үшін 6 миллион, ал Ilike.kz деп аталатын қоғамдық желіге 35 миллион бөлінген. Осы сайттың пиарының өзіне 3 миллион, ақпараттық қауіпсіздік нормативті документтеріне 6 762 000, техникалық қолдау қызметтеріне 9 миллион, эксклюзив видеоларға 3 750 000 тг қаржы бөлінген. Басқа пункттерді өзіңіз қарап көріңіз.
Айтайын дегенім - былай білетін адамға бұл қызметтер мұншама ақша тұрмайтыны белгілі ғой. Мысалы ilike.kz деген сайтты мен қазір тегін пиарлап жатырмын, ал сіз бұрын естідіңіз бе? Әлде дайын емес пе әлі? Негізі жылдың басында айтып еді бұрынғы Ақпараттану және Байланыс агенттігінің басшысы наурыз-сәуір айында алғашқы қазақстандық қоғамдық желі ашылады деп. Қазір айлардан маусым, жаз болды көктем кетіп. Айтайын дегенім ақша бар, жұмсалып жатыр. Бірақ бұлар барлығы виртуалды, электронды болғандықтан істелетін қызметтерді қолмен көрсетіп дәлелдеу қиын. Бұл қаланып жатқан кірпіш емес, төселіп жатқан асфальт емес. Бұл виртуал!
4. Орыстық
Сіз қазақтар ашқан ірі компьютер фирмаларын көрдіңіз бе? Ал хостинг компанияларын ше? Жалпы, компьютер, ІТ саласында жоғары жақта - орыстар. Осыған қатысты барлық жерде - орыстар. Тіпті осы айналадағы түрі қазақтар да - орыстар. Орысша сөйлеп, орысша ойлайтын адамды мен орыс деп санаймын. Бойында ұлтшылдық, намыс болмағасын бұлар ешқашан қазақ интернеті неге дамымай жатыр деп те ойламайды. Қазақша сайттар мәмбеттердің сайты сияқты болып тұрады. Жасай алатын болса да, ешкім қазақша сайт жасағысы келмейді. Біз сияқты шамалы болса да тырысып жүргендерді кекетіп, мұқатып, мазақ қылуды ғана біледі. Қазнет деп KZ доменіндегі барлық сайттарды ойлайды. Ресейлік атақты дизайнер Артемий Лебедев былай дейді: Рунет тек Ресей Федерациясының шекарасымен шектеліп қалмайды. Рунет - бүкіл орыстілді интернет.
Яғни біздің мәңгүрттер соншама ақша бөліп Қазақтың Қазнетін емес, орыстың Рунетін дамытып жатыр. Мейлі домені com болсын, kz болсын, info болсын, тілі орысша болғасын, демек бұл - Рунет.
Қорытынды
Жоғарыда айтқандарымды қорытындылай келе, менің қолымда болса, былай істер едім: Қазақша сайттар жасап жүрген жігіттердің (Бақытнұр, Жанарбек, Алмас, Марат, Ерлан Оспан, Асхат Еркімбай) бәрін жинап бір жерге, бар жағдайды жасап, айтар едім ...инетте бір біріңді көре алмай қырылыса бергенше, бірігіп бірнеше жоба жасаңдар қазақша деп. Жұмыла көтерсек жүк те жеңілдеп, бірнеше тамаша жобалар ашылып, Қазнет өзінің ана тілі - қазақша сөйлей бастар еді.
1.4.Қазақ интернет қолданушысы және mail.ru
Қазақстандағы интернет қолданушылардың ресейлік mail.ru компаниясының тегін пошталық қызметіне жүгіну қарқыны бәсеңдеген жоқ. Alexa интернет стастиканы жинақтайтын ресурстың мәліметінше Қазақстандағы ең жиі қолданатын ресурс осы пошталық қызмет болып отыр.
Ғаламтормен жұмысы тығыз байланыста өрілетін қарапайым азаматтарды бұл поштаны таңдауына орыс тілінде болуы, жылдам хабар алмасуы, әрі әлеуметтік желі арқылы дос-жарандарымен байланысы арта түсуі түрткі болуда.
Қазақ интернетінің тынысы енді ашылып, ғаламтордың бір бөлшегіне айналған тұста, қазақ қоғамында ұлттық мәселелерді тек тіл мен діл тұрғысынан қарастыруы технологияда ұлттық бояудың қанық болмауына ұласты. Нәтижесінде ғаламторға шыққан адам қазақи өрнектегі ресурсты таппай орыс тіліндегі ақпарат айдынына шомылды. Кез келген мемлекеттің интернет әлеуеті пошталық қызметі, жеке іздеу торабының болуымен өлшенеді десек, Қазақстанда әзірге екі қызмет түрі де бұқаралық сипатқа ие болған жоқ. Өйткені виртуалды пошта қызметінің алдын ресейлік mail.ru компаниясы орап алды. Ал іздеу торабы американың Google корпорациясына тиесілі.
Жыл өткен сайын Қазақстанда интернет қолданушылар саны артып келеді. Тиісінше, mail.ru тенденциясы казах тили синдромын тудырды. Бірақ техногенді ұрпақ үшін бұл қауіп емес. Себебі технология заманында тіл емес, мазмұн маңызды.
Асылында, m-agent тәрізді лездік хабар алмасу бағдарламалары ағылшын тілінде пайда болып, ресейде оның isq, ал ағылшынтілді ортада skype тәрізді баламалары жетерлік. Бірақ поштаға кіріктірілген нұсқасы қолданушыларға тиімді көрінді. Сөйтіп, mail.ru поштасы өзінің құнын арттырды. Ғаламдық деңгейде twitter микроблогы интернеттегі ең жиі қолданатын құрал болғанымен, пост Кеңестік елдерде ресей ресурсы дес бермей тұр. Алматы қаласында 2009 жылы интернетті дамытуға ынталы топтың отырысында қолданушыларды отандық жобаларға қызықтыру мәселесі сөз болған. Мамандар қолданушы назарын ресейлік ресурстан басқа арнаға қарай тартып алу үшін шектеу шараларын қолдануды ұсынды. Бірақ бір есептен бұл адамның құқығуына қол сұғу болып табылады. Қолданысқа енгізілген заң нормалары m-agent тәрізді бағдарламаны БАҚ-қа жатқызып, ондағы айтылған пікірлер үшін адамдар жауапкершілік жүктейтіні де mail.ru қолданушыларына тосқауыл бола алмады. Соңғы уақытта ірі қалаларда m-agent-ті телефон арқылы қолданатындар саны күрт өсіп отыр. Жасөспірімдерді mail.ru-дың лездік хабар қызметі жылдам, арзан әрі заманауи жолмен байланысқа шығуы елітуде. Жаңа медиа мамандары қандай да бір құралды интернет нарыққа енгізбес бұрын оны жасөспірімдер арасында сынайды. Себебі ғаламторда көп уақытын өткізетін, әрі жаңа нәрсеге үнемі сергек қарайтын топ осылар.
kz доменінде 601 сайт тіркелгенkazakh.ru
Мой мир әлеуметтік желісі интернеттің web 2.0 нұсқасының элементтерін өзіне тиімді жинақтай алды. Мәселен, поштаның ішінен қолданушы өз досына, әрі досының досымен сурет, аудио, видео файлдармен бөліседі. Өзара бәсеке психологиясына, әрі менікі сенікінен жақсы деген қызғаныш сезіміне құрылған Мой мир-дің ортақ, мүдделес жандардың бірігуіне кең жол ашты. Әсіресе, жеті атасын түгендейтін қазақтар үшін әрбір рудың өз мирі, әр ақынның өз фанаттары болуы бұл байланыс түрінің маңызын арттырды. Қазір Мой мир желісінде қала, ру, ортақ мамандық бойынша топтасу үдерісі жүруде. Жаңа медиа мамандары келесі кезеңде белгілі бір мақсат бойынша ортақтасқан жандар нақтылы әрекеттерге көше бастайтынын болжайды. Яғни, виртуалды бірігудің соңы шынайы өмірде ұжымдық акцияларды орындауға ұласады. Саясаткерлер жаңа медианың осы элементін құрал ретінде пайдалануға тырысады. Жалпы ғаламторда Мой мир тәрізді Facebook, Youtube, flickr, msn т.б. әлеуемттік желілер болғанымен қазақ интернетінің төл әлеуметтік желісі болмай тұр. Бар болғаны өзге тілдегіні қазақша аударумен шектелуде. Мәселен, wordpress желісінің 30%-ы қазақшаланса, facebook 1%-ға аударылды. Шетелде әлеуметтік желілер қазір жарнамалық және қолданушыларға қосымша қызмет көрсету арқылы ақша табуға көшті. Көп кешікпей mail.ru-дың да қызметі ақылы болып, қазақ қолданушылары ресей экономикасына секунд сайын инвестиция құя бастайды деп болжауға болады.
Бір ұлттың әлдебір елдің интернет технологиясына тәуелді болуы тек қана эконмикалық емес, идеологиялық тұрғыдан да қауіпті екені рас. Ақпарат, пікір алмасумен құрылған мұндай құралдарды адамдардың санасынан жұлып алып тастау мүмкін емес. Өз елінің интернет жобаларын дамытып, өзге елден қорғанып жатқан Қытай, Жапония, Корея тәрізді елдер мәселенің алдын алу үшін бірінші кезекте бағдарлама жасаушыларға көп көңіл бөлген болатын. Қазақстанда әзірге тек шетелдік порталдарды шектеп, мемлекет ақшасына балама жобалар жасалып жатқаны байқалуда. Биылғы жылы билікте өз алдына Ақпарат және технология министрінің құрылуы интернет жобаларды идеологиялық ғана емес, экономикалық тұрғыдан да тиімді бағалауға сеп болады деген үміт бар.
2.1 Коммуникация және коммуникация құралдары туралы түсінік
Коммуникация деген сөз латын тілінен аударғанда (лат.communicare-біреумен кеңесу) байланыс дегенді білдіреді. Ол ортақ етемін, байланыстырамын, сөйлесіп-пікірлесемін, қарым-қатынас жолы, бір орынның екінші жақпен байланысы; сөйлесу, ақпарат беру дегенді білдіреді. Оны қазақ тіліндегі аудармасын келтіріп бергеннің орнына осы тақырып контестінде термин ретінде латын тілінде қалдырған орынды деп білдік, өйткені байланыс ұғымына адами сарын тән болып көрінеді.
Адам әлемі - коммуникация әлемі. Л. Витгенштейн айтпақшы, адам өзін-өзі адам ретінде тек қана басқа адамдармен коммуникациялық байланыс жүйесіне енгеннен соң сезінеді екен. Біз өзімізге үйреншікті туған-туыс, дос-жаран арасында отырғанда коммуникацияның көптеген вербалды (сөйлеу мен сөзге негізделген) және бейвербалды (сөзге негізделмеген) компоненттерден тұратын кешенді әрі үзіліссіз үрдіс екендігіне мән бермейміз. Бәлкім, біз өзімізден тілі, ділі, діні, мәдениеті бөтен шетелге сапарға аттанғанда ақпараттың тек қана тіл арқылы ғана емес, сонымен қатар, көптеген басқа өз арнамен жететіндігін түсінеміз. Коммуникация дене мен қолдың қимылы, ишаралар (бас изеу, бас шайқау, қол сермеу және т.б.), көзқарас, бет-бейнедегі мимика сынды көптеген құрамдас бөліктерден тұратындығын сонда нақ түсіне бастағандай боламыз.
Коммуникация термині қарым-қатынас құралы ретінде де кең қолданылады. Коммуникацияны араласу, сөйлесу, яғни белгілі бір ақпаратты жеткізу барысында тілді іске қосу деп те қарастыруға болады. Әрине, коммуникация терминіне терең талдау жасайтын болсақ, оның лингвистикалық тілді пайдалану арқылы белгілі бір ақпарды жеткізумен шектейтін мәнімен қоса әлеуметтік-психологиялық мағынасы да барлығын көреміз - адам тұлғаларының эмоционалды, аффективті-құндылықтық реңкі басым қатынасу, іштесу, араласуын да білдіретіндігін көреміз. Осы айтылғанмен жалпылама анықтаманы шектегенді жөн көргендіктен, коммуникация деп біздер адамдар арасында таңбалық-белгілік құрылымдар арқылы ақпар алмасу ісін жүзеге асыратын негізгі қарым-қатынас жолын айтамыз.
Сонымен, араласу мен коммуникация арасында ұқсастықтар да, айырмашылықтар да бар. Қорытындылай келе, анықтайтын болсақ, коммуникация деп тұлғааралық байланыста да, көпшілік байланыста да түрлі коммуникативтік құралдар арқылы ақпаратты жеткізу мен қабылдаудың әлеуметтік шартталған процессін айтады. Коммуникация - адам Мен-інің өзін Басқадан табуына көмектесетін, қарым-қатынасты білдіретін философиялық категория десек те болады. Коммуникация Ясперстің экзистенциализмінде, сондай-ақ, қазіргі француз персонализмінде мейілінше толық көрініс тапты.
Коммуникация мен адамдар арасындағы аралас-құраластық қарым-қатынасы - мәдениеттің маңызды бөлігі. Олардың маңыздылығы сонша, көп жағдайда мәдениетті коммуникациямен теңдестіру сарыны да жиі кездеседі. Мәдени қарым-қатынастарды зерттеудегі танымал маман Э. Холл мәдениет дегеніміз коммуникация, ал коммуникация дегеніміз мәдениет деп теңдестіре қарастырады.
Бұдан басқа коммуникация процессінің психологиялық компоненттері де болады. Оларға:
коммуникативтік ниет - басқа біреумен қарым-қатынасқа түсу пиғылы;
ақпараттың жобасы - автордың қабылдаушыға жібергісі келген таза бастапқы күйдегі ақпарат, сол ақпараттың идеясы;
ақпараттың көздеген мақсаты жатады. Соңғысы әдетте екі топтан тұрады: жақын арадағы мақсат және ұзақ уақытты көздеген түпмақсат. Көбінде адамдар түпмақсатты жасырын ұстауға тырысады.
Коммуникация туралы айта бастағаннан-ақ оның рәміздік табиғатына жүгінуге тура келеді. Адамдардың реттелген түрде қарым-қатынас жасау қажеттілігі, табылған білімді сақтау және мұралау талабы, әлеуметтік мәні бар ақпаратты ұрпақтан ұрпаққа жеткізу керектігі адамзат мәдениетіндегі көптеген таңбалардың, рәміздердің дүниеге келуіне әсер етті.
Рәміз - мәдениеттегі ең көпмағыналы ұғымдардың бірі. Ол қандай да бір затты, процессті әлде құбылысты білдіретін шартты белгілер. Олардың басты қызметі өзі арқылы басқаның орнын басу, басқаның орнына жүру. Мысалы, кітап сөзі нақты шындықтағы кітаптың орын басатын белгі-сөз. Кітапты сурет (икона) ретінде де жеткізуге болады. Рәміздер өзінің тасымалдауға жеңілдігінің арқасында нақты заттардың ауырлығын, қомақтылығын білдіртпейді деуге болады.
Рәмізге байланысты тағы бір айта, түсіндіре кететін терминдер денотация мен коннотация. Денотация деп рәміздің жалпыға түсінікті нақты мағынасын айтамыз, ал коннотация деп барлығы үшін емес, шағын ғана топ үшін өзекті мағына туралы айтылады. Сондықтан да ол денотацияға қарағанда субъективті әрі эмоционалды табиғатқа ие. Халық арасындағы қарапайым мысалды түсінікті болу үшін келтіре кететін болсақ, базар сөзі Шығыс халықтарында сату-сатып алу орнын білдіреді. Бұл мағына көпшілік түсінігіне ортақ. Ол - денотат. Ал ол сөзді қазіргі қоғамдағы кейбір топтар басқа мағынада - айтылған сөз мағынасында пайдаланып жүр. Бұл базар сөзінің коннотациясы.
Адам қарым-қатынассыз тіршілік етпейді. Қарым-қатынас үстіндегі кез келген әрекет ақпарат болып табылады. Өйткені адам әлемі мәнділік әлемі. Сол мәнді беруші де, мәнге назар аударушы да, пайдаланушы да адамның өзі. Адамның сөйлемеген кезінде де, оның үнсіздігінен де көп нәрсені аңғаруға болады, өйткені оның барлығы қоршағандарға әсерін тигізбей қоймайды. Кейде өзіңе қабақ астынан үндемей қараған жанның бұдан гөрі маған айғайлап ұрысқаны дұрыс еді дейтіндей жағдай да болатындығы мәлім.
Коммуникация арналары туралы бір-екі ауыз айта кетер болсақ, онда бұқаралық ақпарат көздері (баспасөз, радио, теледидар және т.б.) мен тұлғааралық қарым-қатынас жолын айта аламыз. Оған вербалды, бейвербалды және паравербалды ақпарат тасымалдау көздерін жатқызамыз.
Вербалды ақпарат көздеріне - тілді, сөзді, айтылған әңгімені жатқызамыз. Ал тіл пайдаланылмаған жағдайда бейвербалды каналдар: мимика, қол қимылы, дене қимылы, көзқарас, арақашықтық, өзі-өзі ұстау мәнері, киім киіс үлгісі мен иіс те кіруі мүмкін. Күліп амандасқаннан жақтырмай суық амандасқанды ажырату оңай ғой. Айтылатын сөз біреу, ал қалдырған әсер - түрліше. Ал паравербалды арналарға интонация, дауыс ырғағы, сөйлеу шапшаңдығы кіреді.

Коммуникацияның атқаратын басты қызметтері төмендегідей болып келеді:
1. Ақпараттық қызмет
2. Әлеуметтік қызмет
3. Экспрессивті қызмет
4. Прагматикалық қызмет
5. Интерпретациялық қызмет
Ақпараттық қызмет - адамдар арасында ақпарат алмасуды жүзеге асырады, ал әлеуметтік қызмет - адамдар арасында өзара қарым-қатынасқа түсу қабілетін арттырады. Осы соңғы қызмет біздің пікірлерімізді, дүниетанымымызды, қандай да ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz