Постиндустриялық кезеңдегі Швейцария экономикасының даму мәселелері


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
АБАЙ атындағы ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
«Елтану» кафедрасы
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы : «Постиндустриялық кезеңдегі Швейцария экономикасының даму мәселелері»
Алматы, 2012
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
АБАЙ атындағы ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
«Елтану» кафедрасы
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы : «Постиндустриялық кезеңдегі Швейцария экономикасының даму мәселелері»
ҚОРҒАУҒА ЖІБЕРІЛДІ
«__» 2012 жыл
«Елтану» кафедрасының меңгерушісі, г. ғ. д., профессор
Каймулдинова К. Д.
Ғылыми жетекшісі:
География ғылымдарының докторы,
профессор К. Д. Каймулдинова
Оқытушы Н. М. Тургумбекова
Орындаған:
« 050116-География»
мамандығының “ география және
экономика” бөлімінің 4 курс студенті
Алибекова Дария
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ . . . 4
- ШВЕЙЦАРИЯҒА ЖАЛПЫ ГЕОГРАФИЯЛЫҚ ШОЛУГеографиялық орны, қалыптасу тарихы, саясаты . . . 6Швейцарияның саяси жағдайы және елдің әлемдік саясаттағы орны . . . 11Табиғат жағдайлары мен ресурстары . . . 14Қорғалатын аумақтары және экологиялық жағдай . . . 17
2 ПОСТИНДУСТРИЯЛЫҚ КЕЗЕҢДЕГІ ШВЕЙЦАРИЯНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУЫ
- Постиндустриялық дамудың теориялық негіздері . . . 20
- Швейцарияның халқы және әлеуметтік жағдайы . . . 21
- Швейцарияның білім беру жүйесі - дамудың негізі . . . 33
- Швейцария экономикасы. . . . 38
- ШВЕЙЦАРИЯНЫ ЖАЛПЫ БІЛІМ БЕРЕТІН МЕКТЕПТЕРДЕ ОҚЫТУДЫҢ ӘДІСТЕМЕЛІК Қазақстанмен қарым-қатынасының дамуы . . . 55Швейцария мемлекетін орта мектепте оқып-үйренудің әдістемесі . . . 59
ҚОРЫТЫНДЫ . . . 73
ӘДЕБИЕТТЕР . . . 75
ҚОСЫМШАЛАР . . . 77
КІРІСПЕ
Швейцария - жоғары дамыған өнеркәсібі мен өнімді ауыл шаруашылықты, жеті миллионнан астам халқы бар өте бай мемлекеттердің бірі. Швейцария дүние жүзінде капиталды шетке шығарудан алғашқы орындардың бірін иемденеді, дүние жүзіндегі ең ірі қаржы орталықтарының бірі саналады. Швейцария банкілерінің сейфтерінде дүние жүзіндегі ең дамыған елдердің, барлық құнды қағаздарының жартысы жатыр. Өнеркәсібі жоғары сапалы, қымбат және ғылым жетістіктерін қажет ететін өнімдер шығаруға маманданған. Ел экономикасында ірі ұлтаралық монополиялар үстемдік жағдайға ие. Елдер мен аумақтардың ғаламдық бәсекеге қабілеттілік индексі бойынша Швейцария дүние жүзінде 1-орынды иеленеді.
Швейцария - тіл мен мәдениеттің араласқан аймағы. Сондықтан да білім алу мерзімінің ұзақтығына қарамастан, Швейцариядағы білім өзге елдердегі біліммен салыстырғанда жоғарғы тәжірибе беруімен құнды. Сондықтан да оқу бағдарламаларының көп түрлілігіне байланысты әлемдегі алдыңғы қатарлы мемлекеттердің бірі.
Швейцария елін зерттеу негізінде, елдің физикалық географиясы, әлеуметтік-экономикалық дамуы негізінде қалыптасқан шаруашылық салаларына талдау жасау, саяси жағдайы мен елдің әлемдік саясаттағы орнына талдау жасау арқылы оның оң тәжірибесін Қазақстан Республикасында қолдану мүмкіндіктерін қарастыру аса маңызды болды. Швейцария мен Қазақстанның байланыстарын қарастыру осы екі елдің жалпы дамуына ықпал ететін факторлар ретінде бағаланады. Осы аталған мәселелер зерттеу тақырыбының өзектілігін анықтайды.
Жұмыстың мақсаты - Швейцария мемлекетінің географиялық орны мен табиғи-ресурстық әлеуетіне баға беру, қазіргі әлеуметтік және экономикалық жағдайына нақты деректер негізінде талдау жасау арқылы елдің даму тенденцияларын анықтау және Қазақстан мектептеріндегі география курсында осы елді оқытуды әдістемелік тұрғыдан негіздеу.
Бұл мақсат жұмыстың мынадай міндеттерін анықтап берді:
- Дамуға ықпал ететін факторлар ретінде Швейцарияның қалыптасу тарихына талдау жасау, географиялық орны мен табиғи-ресурстық әлеуетіне өзіндік баға беру;
- Статистикалық мәліметтерге сүйене отырып, елдің экономикалық және әлеуметтік географиясына талдау жасау;
- Болашақ география пәнінің мұғалімі ретінде Швейцария Конфедерациясын Қазақстан мектептеріндегі география пәні аясында оқытудың әдістемелік мәселелерін негіздеу.
Зерттеу объектісі: Швейцария Конфедерациясы
Ғылыми зерттеудің жаңалығы. Бұл зерттеу жұмысында Швейцария елінің географиялық жағдайы зерттеліп қазақ тілінде жазылды. Елдің физикалық және экономикалық жағдайына сипаттама беріледі. Халқының саны, демографиялық жағдайларына, шаруашылық салаларының әрқайсысына талдау жасалып, бүгінгі күнгі экономикалық-әлеуметтік көрсеткіштері беріледі.
Зерттеу әдістері. Диплом жұмысының кешенді географиялық сипаты зерттеу барысында тарихи, салыстырмалы-географиялық, баламалау, статистикалық, картографиялы әдістер қолданылды.
Зерттеудің бастапқы материалдары. Зерттеудің деректемелік материалдары Ұлттық кітапхана қорындағы ғылыми және әдістемелік басылымдарды, ресми ұйымдардың сайттарындағы ақпаратты, баспасөз құралдарындағы жарияланымдар мен картографиялық деректерді қамтыды.
Жұмыстың қолданбалы мәні. Зерттеу нәтижелерін география мұғалімдері мен педагогикалық практика өтетін студенттер 10 сынып оқулықтары «Материктер мен мұхиттар географиясы», «Дүниежүзінің әлеуметтік және экономикалық географиясы», 11-сыныпқа арналған география оқулықтарында Швейцария мемлекетін оқып-үйренуде, сондай-ақ өлкетану жұмыстарында, туризм, экономика саласында, Швейцария жайлы анықтамалықтар құрастыруда пайдалануға болады. Сонымен қатар, зерттелген аймақ жайлы мәліметтерді жоғарғы оқу орындарында кеңінен қолдануға болады.
Жұмыстың құрылымы мен көлемі. Диплом жұмысы кіріспеден, 3 тараудан, қорытындыдан, пайдаланған әдебиеттер тізімі мен қосымшалардан тұрады. Жұмыстың негізгі бөлігі 76 бетті құрайды, қосымшалар 7 бетті қамтыған. Жұмыс мәтіні 9 кесте, 24 суретпен жабдықталған. Пайдаланған әдебиеттер саны - 35.
- ШВЕЙЦАРИЯҒА ЖАЛПЫ ГЕОГРАФИЯЛЫҚ ШОЛУГеографиялық орны, қалыптасу тарихы
Швейцария Конфедерациясы - Орталық Еуропадағы мемлекет. Аумағы 41, 3 мың км 2 . Солтүстігінде Германиямен, батысында Франциямен, оңтүстігінде Италиямен, шығысында Австрия және Лихтенштейнмен шектеседі (1-сурет) .
1-сурет. Швейцария Конфедерациясының физикалық картасы
Физикалық-географиялық тұрғыдан алғанда, Швейцария аумағы Еуразия материгінде орналасқан. Оған Пеннин Альпісі, Юра тауы, Лепонтин, Ретийя Альпісі мен Бернин массиві, Үлкен Сен-Бернар, Симплон, Сен-Готард, Бернина асулары, Рейн, Ааре, Рона, Инн, Точино өзендері, Женева, Тунн, Фирвальдштет, Цюрих, Невшатель мен Биль көлдері тәрізді физикалық-географиялық бірліктер енеді. Швейцария Конфедерациясы 46 0 50′ с. е. және 8 0 20′ ш. б. аралығында, Еуропаның дәл орталығында орналасуы қолайлы климатты қалыптастырып қана қоймай, экономикасының да тиімді дамуына өз септігін тигізеді.
Экономикалық-географиялық орнының ерекшеліктері ретінде мыналарды атауға болады:
- Швейцарияның Еуропаның күшті дамыған елдерімен (Германия, Франция, Италия, Австрия, Лихтенштейн) көршілес орналасуы, бұл фактордың оның дамуына қолайлы ықпал ететіндігі;
- Швейцарияның Еуропаның батысы пен шығысы, солтүстігі мен оңтүстігіні байланыстыратын халықаралық қатынас жолдары бойында орналасуы оның дамуына оң әсер ететін фактор болып табылады;
- Еуропаны дәл орталығында орналасуы мен бейтарап саясат ұстануының арқасында маңызды халықаралық конференциялар мен дипломатиялық кездесулер жиі өтетін орын болып табылады.
- Швейцарияның тікелей теңізбен шектеспеуі оның ұзақ уақыт бойы сыртқы байланыстарын қолайсыз әсер етті.
Геосаяси жағдайы. Кез келген мемлекеттің геосаяси жағдайы оның тарихи тағдырына, дамуына ықпал етеді. Мысалы, Британдық ғалым, саясаткер сэр Хэлфорд Джон Маккиндердің (1861-1947) геосаяси тұжырымдамасында көрсетілгендей, орталықта, яғни құрлықтың орталық бөлігінде орналасқан мемлекеттің географиялық орны ең ұтымды болып табылады деген пікір келтірілген [1] . Ғалым «әлемнің жүрегі» («хартленд») деп атаған орталық жерлер әлемді бақылау жасауға қолайлы географиялық плацдарм болып табылатынын айтқан. Осындай г еосаяси теориялар тұрғысынан алғанда, Швейцария мынадай артықшылықтар мен қолайсыздықтарға ие болады:
- Еуропаның орталығындағы орны елдің жалпы саяси қауіпсіздігіне қолайлы әсер етеді;
- Қазіргі кезде елдің Еуропалық Одаққа енетін елдермен, соның ішінде бейтарап саясат ұстанатын елдермен көршілес болуы оның геосаяси жағдайын нығайтады;
- Елдің бейтарап саясат ұстануы оның халықаралық аренадағы беделін арттырып, көптеген халықаралық маңызы бар ұйымдардың штаб-пәтерлерінің осы елде орналасуына себепші болады. Мұның өзі дамуға қолайлы фактор болып табылады;
- Елдегі саяси жағдайдың тұрақтылығы мен құқықтық заңдылықтың қатаң сақталуы оның әлемдегі аса ірі қаржы, қызмет көрсету орталығына айналуына жағдай жасады.
Қалыптасу тарихы. Швейцарияны ежелгі заманда мекендеген адамдардың көптеген қоныстары сақталған (Драхенлох, Бирзек, т. б. палеолиттік үңгірлер, мезолиттік қоныстар, сырғауылды құрылыстар, т. б. ) . Швейцария тұрғындары жөніндегі алғашқы жазбаша деректер б. з. б. II ғасырға жатады. Бұл кезде Швейцарияның көпшілік бөлігін кельттердің гельвет, шығысын рет тайпалары мекендеді. Б. з. б. 58 жылы Бибракт түбінде гельветтерді Г. Ю. Цезарь әскері талқандап, Римге тәуелді федераттарға айналдырды. Кейінірек б. з. б. 15 жылы рет тайпалары да Рим империясына толық бағындырылды. V ғасырда ел аумағын алеманн, бургунд, остгот тайпалары басып алды. VII ғасырда Швейцария жері франктер корольдігінің бір бөлігіне айналып, жергілікті тұрғындар христиан дінін қабылдады.
X-XI ғасырларда Швейцария “Қасиетті Рим империясының” құрамында болды. XIII ғасырда Габсбургтер Орталығы Еуропаны Италиямен байланыстыратын тау асуларын бақылап отырған “тау кантондарын” (Швиц, Ури, Төменгі Унтервальден) өздеріне толық бағындырмақ болды. Габсбургтермен күрес қызған кезде 1291 жылы тамызда бұл кантондар Швейцария одағының (конфедерациясының) негізін қалаған “мәңгілік одақ” құрды. 1315 жылы Моргартен түбіндегі шайқаста австриялықтарды жеңу нәтижесінде Швейцария конфедерациясы өз тәуелсіздігін сақтап қалды. 1499 жылы Швейцария “Қасиетті Рим империясынан” толық тәуелсіздік алды, бұл 1648 жылы Вестфаль бейбіт келісімінде ресми түрде бекітілді. XVI ғасырда елдің экономикасы жағынан дамыған қалаларында Ж. Кальвин, У. Цвингли бастаған Реформация орталықтары пайда болды. 1798 жылы ел аумағына француздардың баса-көктеп кіруі нәтижесінде Швейцарияда Гельветия қуыршақ республикасы құрылды. Н. Бонапарттың жеңілуіне байланысты 1814 жылы Швейцария егеменді кантондардың тәуелсіз конфедерациясына айналды. 1815 жылы Вена конгресі Швейцарияның “Мәңгілік бейтараптығын” жариялады , яғни ел соғыстарға қатысудан, әскери одақтарға еніп келісім жасасудан, өз аумағын кеңейтуден бас тартатындығы жөнінде мәлімдеме жасалды. Вена конгресінде Швейцарияның қазіргі шекарасы да анықталды.
1848 жылы қабылданған конституция бойынша Швейцария астанасы Берн қаласы болған біртұтас конфедерациялық мемлекетке айналды. Бірінші және Екінші дүниежүзілік соғыстарда Швейцария өзінің бейтараптығын сақтады. XX ғасырдың 2-жартысында Еуропа елдерінің саяси және экономикалық интеграциясы барысында Швейцарияның рөлі біршама артты. Дегенмен, 1986 жылғы референдумның нәтижесінде халық Швейцарияның БҰҰ-ға кіру ұсынысына өз келісімін бермеді. 2-дүниежүзілік соғыстан кейінгі кезеңде ел көптеген халықаралық ұйымдардың жұмысына белсене қатыса отырып, бейтараптық саясатты ұстап келеді. [2]
Саяси құрылымы. Швейцария ресми түрде Конфедерация деп аталады. Конфедерацияны әдетте федерациялық құрылымның бір түрі ретінде қарастырады, мұнда мемлекетті құрайтын бірліктер құқықтық жағынан дербес мемлекеттер сияқты болады. Швейцария кантондары осындай дербестікке ие болғанына қарамастан, біртұтастығын сақтап отыр. [1] . «Конфедерация» ұғымы өзіндік билік құрылымы бар, кей жағдайларда ішкі және сыртқы саясаттағы мәселелерге байланысты бірігетін егемен мемлекеттік одақ дегенді білдіреді.
1848 жылы қабылданған Конституция негізінде Швейцария бір орталыққа бағынған федеративті республика болып белгіленді. Конституция қабылданған сәттен бері кантондар конфедерация құрамынан шығу құқынан айырылды. Конституцияның тиімді қорытындысы автономды кантондар мен мемлекеттің қызығушылығын әділетті түрде қанағаттандыру болып табылады. Мемлекет билігі (Федералдық Кеңес) парламент сайлаған 7 адамнан тұрады. Швейцар билігінің өзгелерден ерекшелігі билік мүшелері кезегімен президент тағына бір жылдық мерзімге тағайындалады.
Демократияның тікелей қалыптасқан үлгісіне байланысты швейцар азаматтары мемлекеттегі және әр кантондағы заң шығаруға тікелей қатысады. Швейцария шынымен де өзінің гуманитарлық дәстүрін мақтан етеді. Мемлекеттің бейтараптық мәртебесі өз кезегінде даулы жағдайларда делдал болуына мүмкіндік береді. [3]
Әкімшілік-саяси бөлінуі: Кантондар. Швейцария Конфедерациясының құрамында бір кантон, Тичина - италян тілдік, бірнеше неміс тілдік және бірнеше француз тілінде сөйлейтін 20 кантон мен 6 жартылай кантонға бөлінеді (1-кесте, 2-сурет) :
Кесте1 - Швейцарияның әкімшілік-саяси бөлінуі
2-сурет. Швейцария Конфедерациясының әкімшілік-саяси бөлінуі
Кейбір кантондарда екі тіл қолданылады, яғни неміс және француз тілдерінде сөйлесе, ал Граубюнден кантонында бірден 3 тіл қолданылады (неміс, ретороман және итальян) .
Кейбір кантондар іс жүзінде бір ғана қаладан тұрса (Женева кантоны), кейбір кантондардың көп бөлігін таулар мен жазықтардан (Ури кантоны) құралған. Кантондар аумақтары бойынша ғана емес, халқының тығыздығы бойынша да айырмашылық жасайды. Кантондардың бірі мемлекет құрылғаннан бері, енді бірі кейін қосылса, кейбірі ертеден қалыптасқан кантондардан бұрын бөлініп кеткен. Ең жас кантон болып Юра есептелінеді. Ол 1978 жылы күзде Берн кантонынан бөлінуге байланысты жалпы халықтық сайлау нәтижесі бойынша 1979 жылы құрылған.
Үш Швейцар кантоны жартылай кантондарға бөлінген:
- Унтервальден: Обвальден және Нидвальден жартылай кантондары;
- Базель: Базель қаласы және Базель жері жартылай кантондары;
- Аппенцель: Аппенцель Ауссерроден және Аппенцель Иннерроден жартылай кантондары.
Кантондардың автономдығы. Федерация құрамындағы кантондар мен жартылай кантондардың өзіндік Конституциясы, федерация заңына қарсы келмейтін сот және заң жүйесі бар. Кантондар өз бетімен заң қабылдап, әкімшілік-шаруашылық және басқарушылық шешімдерді қабылдай алады. Салық жүйесі де әр кантонда әртүрлі.
Әкімшілік-саяси бөлінуі: Қауымдар. Әр кантон бірлестіктерден құралады (3-сурет) . Бірлестіктер де кантондар сияқты өзіндік басқаруға ие. Бірлестіктердің құқықтық ұйымдастырылуы әртүрлі және ол аумағының көлеміне байланысты. Заң шығарушы билік тұрғындардың жиналысы арқылы (кіші бірлестік) немесе парламент арқылы (үлкен бірлестік)
3-сурет. Швейцарияның әкімшілік бөлінуі
ұйымдастырылуы мүмкін. Кіші бірлестіктерде тұрғылықты халық жылына бір реет жиналыс ашып, өзекті мәселелерді қарастырады. Ал, үлкен бірлестіктерде маңызды мәселелер жасырын дауыс беру арқылы жүзеге асырылады [4] . Қазіргі таңда Швейцариядағы бірлестіктердің саны 2900. Бірлестіктердің аумағы 0, 3 км 2 -282 км 2
- Швейцарияның саяси жағдайы және елдің әлемдік саясаттағы орны
Швейцария азаматтары елдің саяси өміріне тікелей өзгерістер енгізе алады. Ол екі түрлі мүмкіндік арқылы: халықтық бастама және референдум арқылы жүзеге асады.
Халықтық бастама. Швейцар азаматтары бірнеше қол жинау арқылы жаңа заңның кіріспесін талап ететіп оны іске асырмауға немесе бұрынғы заңға өзгеріс енгізуіне құқығы бар. Қол жинау жолы арқылы сонымен қатар Конституцияны қайта қарауды талап ете алады. Ол тек кемінде дауыс беруге құқығы бар 100 000 тұрғынның қолын жинау арқылы орындалады. Қол 18 айдың көлемінде жиналуы тиіс. Осындай жүйенің арқасында демократияның көріністерін айқын байқауға болады. Мысалы, 1989 жылы «армиясыз Швейцария», 2000 жылы халық құрылымындағы шетелдіктердің санын 18%-ға кеміту мәселелері көтеріліп, халық инициативасы бойынша жүзеге асырылмады.
Референдум. Егер парламент тарапынан қабылданған заң жобасына халықтың бір бөлігі келіспесе, онда заң күшіне енбегенінше халықтың қолын жинау арқылы шешім шығаруға әсер ете алады. Ол үшін 100 күндік мерзімде жиналған 50 000 қол талап етіледі. Қазіргі таңда Швейцарияда Конституцияға өзгеріс енгізу үшін немесе халықаралық ұйымға мүше болып енуі үшін міндетті түрде бүкілхалықтық дауыс беру (референдум) өткізіледі. Бұл ешқандай қол жинауды қажет етпейді, ол тек тікелей кантондардың басым бөлігінің дауыс беру арқылы орындалады. Кантондар өз кезегінде сайлау округі ретінде қатысады. Әрбір жеке кантондарда сайлаудан кейін дауыстар саналады. Егер дауыс санының қорытындысы бойынша көпшілік «иә» деп дауыс берсе, онда кантондық көпшілік дауысқа қол жеткізгендік болып есептеледі.
Тарихқа жүгінсек, әлемде ең алғашқы референдум 1449 жылы Швейцарияда өтті деп саналады. Швейцария Конституциясында «жоғарғы заң шығарушы билік - халықтікі» деп жазылған. Бұл құзырет бүкілхалықтық референдумдарда дауыс беру арқылы жүзеге асырылады.
Дауыс беру және сайлауға қатысу. Швейцарияда сайлауға қатысу құқығы жақсы дамыған. Швейцар азаматтары жылына 4 рет бүкілхалықтық дауыс беруге қатысады, бір жыл ішінде федералдық деңгейдегі 20-дан астам әртүрлі мәселелерге байланысты қол жинайды. Кантон әкімшілігіндегі және бірлестіктер басқармасындағы сайлау тұрғындардың уақытын үнемдеу мақсатында федералды сайлаумен бір мезгілде өткізіледі. [5]
Швейцария және әлемдік қауымдастық. Бейтарап саясат ұстанатын Швейцарияда Біріккен Ұлттар Ұйымының құрамына енетін Бүкіл Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының, Халықаралық еңбек ұйымының, Дүниежүзілік метеорологиялық ұйымның және Халықаралық пошта одағының штаб-пәтерлері шоғырланған.
Швейцария мен Лихтенштейн Еуропалық еркін сауда ассоциациясына біріккен. [1] .
Әлемде болып жатқан өзгерістерге қарамастан, Швейцария сыртқы саясатта мемлекеттің ішкі сұраныстарына сай қызмет етуге күш салуда. Сыртқы саясаттағы ұстанымдары 4- суретте берілген.
4-сурет. Швейцарияның сыртқы саясаттағы ұстанымдары
- Тұрғындардың бейбіт өмір сүруі. Швейцария күш көрсетуге байланысты даулы мәлелелерді шешуге белсене араласуда. Бұл өз кезегінде демократияны жетілдіріп және қадағалауға, құқықтық жүйені сақтауға бағытталған.
- Азаматтардың құқығын қорғау және құрметтеуШвейцарияның алдына қойған алғашқы кезектегі мақсаты болып табылады. Ұзақ жылдар бойы дүние жүзі азаматтарының құқығын баұылауға белсене араласуда.
- Табиғи қоршаған ортаны сақтау. Швейцария әлемдік деңгейде қоршаған ортаны қорғау, соның ішінде климат, биоәртүрлілік, химиялық заттар, су және орман ресурсын қорғау мәселелеріне өз үлесін қосуда.
- Басқа мемлекеттегі Швейцария экономикасын қорғау. Швейцария билігі ел экономикасының дамуы үшін барлық жағдайларды жасауда. Саясатта экспорт көлемін арттыру, ғылыми-зерттеу орталықтарын дамыту үшін басқа мемлекеттермен екі және көпжақты келісімдер жүргізуде.
Әлемдегі кедейшілікпен күрес. Экономикасы дамушы елдердегі кедейшілікпен күрес ел саясатының өзекті мәселесі. Негізгі көрсеткіштерге: кірісті ұлғайту, жақсы басқару, жеке секторларды дамыту, табиғи ресурстарды тиімді пайдалану, әлемдік сауда байланысындағы интеграция, әлеуметтік теңдік, дағдарысты шешу және оның алдын алу жатады.
Швейцарлықтар еш қиындықсыз ел аралай алады және бірнеше шет тілдерін меңгерген, әрі елдің егемендіне қол сұғушылықты болдырмауға бар күш-жігерін салуда. Сол себепті де швейцар халқының көбісі халықаралық ұйымдарға күдікпен қарайды.
Бейтараптық және оқшаулану. 500 жылдан астам бойы сыртқы саясатта Швейцария қасиетті Никлаус фон дер Флюдің (1417-1487) «Өзгелердің ісіне араласпау» саясатын ұстанады.
1515 жылы Швейцария өзінің бейтараптығын Вена конгресінде жариялады. Тұрғындарының 83%-ның дауыс беруі бойынша Швейцарияның бұдан әрі де бейтарап саясатты ұстануын қолдайды.
Бітімгершілік мәртебесі. Бейтараптылық саясатының арқасында Швейцария бітімгершілік қызметті жиі атқаруда. Швейцарияның бейтарап территориясы әлемдік маңызды кездесулер мен келісім-шартқа келудің негізгі куәсі болуда. Мысалы, 1985 жылы Кеңес Одағының президенті Михаил Горбачев пен АҚШ-тың президенті Рональд Рейган, ал 2000 жылы америка президенті Билл Клинтон мен Сирия президенті Хафез Ассад арасында маңызды кездесулер өткен.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz