Компанияның қаржы активтері
1 КОМПАНИЯНЫҢ ҚАРЖЫ АКТИВТЕРІНІҢ ТАБЫСТЫЛЫҒЫН БАҒАЛАУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1 Компанияның қаржы активтерінің мазмұны, ерекшеліктері және оның құрылымы
1.2 Компанияның қаржы активтерінің табыстылығының көрсеткіштері
1.3 Компанияның қаржы активтерінің ұлттық экономикада дамуының рөлі

Нарықтық экономика жағдайларында кез-келген кәсіпорынның қаржылық жағдайы, төлем және несие қабілеттілігі оның қажетті өндірістік активтермен қамтамасыз етілуімен тікелей байланысты. Өндірістік активтер активтерді басқару бірқатар факторлармен анықталады: ағымды активтердің құрамы мен көлемі, олардың өтімділігі, ағымды активтерді қалыптастырудың меншікті және қарыз көздері, тұрақты және айнымалы активтердің қатынасы және басқа өзара байланысты факторлар [1].
1 КОМПАНИЯНЫҢ ҚАРЖЫ АКТИВТЕРІНІҢ ТАБЫСТЫЛЫҒЫН БАҒАЛАУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
0.1 Компанияның қаржы активтерінің мазмұны, ерекшеліктері және оның құрылымы
Нарықтық экономика жағдайларында кез-келген кәсіпорынның қаржылық жағдайы, төлем және несие қабілеттілігі оның қажетті өндірістік активтермен қамтамасыз етілуімен тікелей байланысты. Өндірістік активтер активтерді басқару бірқатар факторлармен анықталады: ағымды активтердің құрамы мен көлемі, олардың өтімділігі, ағымды активтерді қалыптастырудың меншікті және қарыз көздері, тұрақты және айнымалы активтердің қатынасы және басқа өзара байланысты факторлар [1].
Қазіргі нарықтық экономикада шаруашылық субъектілер арасынан корпорациялар маңызды орынға ие болуда. Соңғы онжылдықта экономиканың корпоративті секторы деген термин қазіргі заман бизнесінің экономикалық теориясы мен тәжірибесіне кең түрде енуде. Экономиканың нақты секторындағы жетекші орынды корпорациялар алады. Мысалға, АҚШ-та компания нарығының 15 бөлігін алатын корпорациялар жалпы сату көлемінің 80%-на ие.
Корпорация (латын сөзінен алынған) - тап немесе маманданған мүдделерімен біріккен қоғамдасты, қоғам, одақ, тұлғалар тобын білдіреді. Ол капиталистік жүйеде кеңінен қолданылатын акционерлік қоғам формасы, қазіргі кезеңде монополиялық бірлестіктердің негізгі түрлеріне айналып отыр.
Ван Хорн корпорацияға келесідей анықтама береді: Корпорация - бұл заңды негізде құрылған кәсіпорын, оның мүлікті иемденуге және міндеттемелерді алуға мүмкіндігі бар. [2].
Көптеген жағдайларда корпорациялар акционерлік қоғам нысанында ұйымдастырылып, өздерін шаруашылық субъектілердің өзіндік және ерекше түрі ретінде көрсетеді. Корпорациялар акционерлік қоғам ретінде келесідей ерекшеліктермен көрініс табады:
Біріншіден, компания иелерінің қолында бар, бөлінген акциялар нысанындағы капиталдары бар ірі компаниялардың акциялары қор нарығында сатылады және сатып алынады.
Екіншіден, акционерлік қоғамдардың ерекшеліктерінің қатарына олардың өздерін өз бастамашылығымен қызмет атқаратын заңды тұлға ретінде көрсетуінде.
Үшіншіден, акционерлік қоғамдар өндірістік және коммерциялық қызмет мақсатында ұйымдастырылады.
Төртіншіден, қазіргі заманның акционерлік қоғамдары өздерін бизнесті ұйымдастырудың тиімді нысаны ретінде көрсетеді.
Олар едәуір қосылған құн жасайды, ірі капитал қорын жинақтайды, қарыздың жоғарғы деңгейін болдырмауға тырысады, үлкен табысқа ие және жетекші қаржылық технологияларды қолданады.
Ірі акционерлік қоғамдар экономиканың корпоративті секторын құрайды. Олар нарықтық жағдайда бизнесті ұйымдастырудың әртүрлі және қазіргі заманның талаптарына сай технологияларын қолданады.
Сонымен қатар ірі акционерлік қоғамдардың қаржыларының жиынтығы түріндегі корпоративті қаржылар компания мен экономиканың басқа да қатысушылары арасындағы қаржылық нысанындағы әртүрлі ішкі және сыртқы қарым-қатынастарын білдіреді. Олар компанияның табыстарын құру, бөлу және пайдалану процесінде пайда болады. Корпоративті қаржылар ақша қатынастарының ауқымдылығымен және әртүрлілігімен ерекшеленеді.
С.Росс бұл ұғымға келесідей түсініктеме береді: Корпорация - құрылтайшылары бір немесе одан да көп жеке немесе заңды тұлғалар болатын дербес жеке тұлға ретінде құрылған бизнес түрі. [2].
Қазіргі кезде корпоративтік қаржы туралы жазатын экономист ғалымдар айтарлықтай бар. Соның бірі ретінде С.Россты айтып кетуге болады. Ол өз еңбегінде корпарация яғни бұл белгілі бір өзінің бизнесін бастауда керекті ұғым екенін ашып айтады. Сонымен қатар қаржылық активтердің корпорация негізінде үлкен рөл ойнатынында басып айтқан болатын. Басқа бизнес ұйымдарымен салыстырғанда корпорациялардың айрықша белгілері - олар меншік иелеріне тәуелсіз қызмет етеді, сонымен қатар жауапкершілігі шектеулі серіктестікпен немесе жеке кәсіпкерлікпен салыстырғанда маңызды артықшылықтары бар. Корпорация меншік иелеріне шектеулі емес жауапкершіліксіз өз атынан ақшалай нысанда капитал тарту құқығына ие. Сондай-ақ корпорацияға қатысты кемшіліктерді қанағаттандыру үшін акционерлердің жеке мүлкін тәркілеу мүмкін емес. Корпорация меншігінің бір бөлігіне құқығы акционерлік капиталдағы үлесімен расталады, мұндағы әр акция иеленушіге акцияның жалпы мөлшеріне сәйкес мүлік бөлігі тиесілі.
АҚШ, Канада, Жапония және тағы басқа индустриалды дамыған елдерде кәсіпкерлік қызметтің корпоративтік ұйымдастырылу нысаны шешуші болып табылады.
Кәсіпорынның бухгалтерлік балансы екі бөлімнен тұрады. Яғни активтер және пассивтер. Активтер құрамына тоқталар болсақ, оның құрамына қысқа мерзімді активтер және ұзақ мерзімді активтер жатады. Қысқа мерзімді активтер құрамына: ақша қаражаттары және оның баламалары, тауарлы-материалдық қорлар, ағымдағы салықтық активтер, берілген аванстар, банктік салымдар, сауда және басқадай дебиторлық борыштар, алынған салықтық активтер жатады. Ал ұзақ мерзімді активтер құрамына ұзақ мерзімді қаржылық инвестициялар, ұзақ мерзімді дебиторлық борыш, негізгі қаражаттардың
қалдық құны, материалдық емес активтер, басқадай ұзақ мерзімді активтер жатады.
Активтер - дара кәсіпкер немесе ұйым өткен оқиғалар нәтижесінде бақылап отырған, болашақта экономикалық пайда алу күтілетін ресурстар.
Актив - бұл құндық бағасы бар субъектінің құқығы мен жеке мүліктік және мүліктік емес игілігі. Активтер болашақта жүзеге асатын экономикалық олжа ретінде көрсетіледі.Ол өткен мәміленің немесе басқа оқиғаның нәтижесі болып табылады, бірақ ол өздігінен активтің пайда боуына соқтырмайды. Актив өнімді (жұмысты, қызметті) өндіру үшін, сондай-ақ өндірісті басқару және басқа мақсаттар үшін пайдаланылады. Болашақ экономикалық олжа ретінде жүзеге асатын активтер өндірісте және күрделі құрылыста сатылуы немесе басқа активтерге айырбасталуы, кәсіпорынның міндеттемесін өтеу үшін қолданылуы, меншік иелері арасында бөлінуі мүмкін [2].
Активтердің физикалық нысаны да бар болуы мүмкін (ғимараттар, қондырғылар, машиналар т.б.) және ондай нысаны болмауы да мүмкін (лицензия, ноу-хоу, гудвилл т.б.) сондай-ақ активтер дебиторлық қарыз ретінде болып келуі мүмкін.
ШЖС активтерге меншік құқығы болуы да болмауы да мүмкін, бірақ сол активтер кәсіпорынның өз меншігіне жатпаса да, олардың сақталуын қаматмасыз етеді және оларды пайдаланудан алатын олжаны бақылай алады. Жаңа активтерді жасау мен оларға жұмсалған шығыстар арасында тікелей байланыс болады, бірақ олар уақыт кеңістігінде әр уақытта бір-бірімен тура келе бермейді. Бұл жағдайда шығын тек болашақ олжаны іздестіру үшін жасалғандығын көрсетеді, бірақ бұл активтердің түпкілікті өз арналымдарына арналғанын көрсетпейді.
Бухгалтерлік есепте материалдық емес активтердің анықтамасы негізгі құралдардың анықтамасына сәйкес келеді, яғни жай қызметтер үрдісінде сатуға арналмаған және үзақ мерзімге пайдалану мақсатымен сатып алынады. Егер оларды пайдаланудан болашақта табыс алынады деген ықтималдылық болса және егер оларды сенімді бағалауға болатын болса ғана олар танылады.
Ағымды активтер кәсіпорынның өндірістік процесіне тікелей қатысып, нәтижесінде өндірілген өнімнің нақты өзіндік құнын анықтайтын маңызды элемент болып табылады. Сол себепті, кәсіпорындардың өндірілген өнімінің және жалпы кәсіпкерлік қызметінің рентабельділігі ағымды активтерді басқару жүйесін тиімді ұйымдастыруды талап етеді. Қаржы менеджерлері үшін ағымды активтердің құрамы мен құрылымы, олардың көлемі, активтерді қолданудың тиімділігі негізгі талдау және жоспарлау объектісі болып табылады. Ағымды активтерді тиісінше қажетті қаржы көздерімен қамтамасыз ете білу де маңызды болып табылады, түптеп келгенде ағымды активтерді несиелеудің ұйымдастырылу деңгейі олардың тиімді қолданылуының маңызды факторы болып табылады.
Жоғарыда айтылғандардың барлығы ағымды активтердің кәсіпорын өмірінде аса маңызды роль ойнайтынының айғағы болып табылады.
Баланста көрсетілген ақша қаражаты және қысқа мерзімді депозиттер банктердегі ақшалардан және қолма-қол ақша қаражатынан, сондай-ақ, бастапқы өтеу мерзімі үш айдан аспайтын қысқа мерзімді қаражаттардан тұрады.
Ақша қаражатының қозғалысы туралы біріктірілген есептің мақсаты үшін ақша қаражаты және олардың баламалары жоғарыда келтірілген анықтамаларға жауап беретін ақша қаражатынан және олардың баламаларынан тұрады және өтелмеген банктік овердрафты қоспайды.
Тауар-материалдық қорлар екі шаманың ең кішісі бойынша есептеледі: өзіндік құны және таза сату құны. Қорларды межелі орынға жеткізу кезінде келтірілген шығындар және оларды тиісті жағдайға келтіру шығыстарынан тұрады. Таза сату құны -- бұл қарапайым қызмет барысындағы, өндірісті аяқтауға шығындарды және сатып алудың болжанатын шығындарын алып тастағанда, болжанып отырған сатып алу бағасы. Барлық сипаты мен тағайындалуы ұқсаса тауар-материалдық құндылықтарға қатысты тек бір ғана есептеу формуласы қолданылады. Барлық қорлар орташа салмақты құнының тәсілі бойынша бағаланады.
Негізгі құрал-жабдықтар істен шыққан кезде немесе оны пайдаланудан экономикалық пайда көрмейтін немесе осы актив істен шығарылған жағдайда негізгі құрал-жабдықтар объектісін баланстың есебінен шығару жүзеге асырылады. Активті есептен шығарумен байланысты кез келген пайда мен шығындар (істен шығарудан түскен таза түсімдер сомасы және активтердің баланстық құны арасындағы айырма ретінде есептелген) актив істен шығарылған жылдың пайдалары мен шығындары туралы есебіне қосылады.
Активтердің қалдық құны, пайдалы қолдану мерзімдері мен олардың тозуын есептеу тәсілдері әрбір есеп жылының аяғында талданып, қажетіне қарай оларға түзету енгізіледі.
Инвестициялық жылжымайтын мүлік бастапқы кезде мәміле бойынша тозу және жинақталған құнсыздану шығындарды алып тасталған нақты құны бойынша бағаланады. Баланстық құны егер ХБЕС 40 белгіленген капиталға айналдыру критериі орындалса, шығындардың туындау кезеңіндегі жұмыс істеп тұрған жылжымайтын мүліктің бөлігін ауыстыру құнынан тұрады және инвестициялық жылжымайтын мүлікке ағымдағы қызмет көрсету шығындарын алып тастайды. Бастапқы танудан кейін инвестициялық жылжымайтын мүлік жинақталған тозу және жинақталған құнсыздануын алып тастап, бастапқы құны бойынша есептеледі. Тозғаны 50 жылды құрайтын тиімді пайдаланудың келесі есепті кезеңі ішіндегі жүйелік әдіспен есептеледі [3].
Инвестициялық жылжымайтын мүлік, егер олар істен шығарылса не пайдаланудан алынып тасталса және болашақта оларды пайдаланудан ешқандай экономикалық пайда болмаса, онда баланстан алынып тасталады. Инвестициялық жылжымайтын мүлікті шығарудан немесе алып тастаудан келтірілген пайда немесе шығындар пайдаланудан алынып тасталған есепті жылдың пайдасы мен шығыны туралы есепте танылады.
Инвестициялық жылжымайтын мүліктің құрамынан жылжымайтын мүліктің құрамына ауыстыру пайдалану сипатының өзгеруі орын алғанда ғана жүзеге асырылады. Инвестициялық жылжымайтын мүлік құрамынан жылжымайтын мүлік құрамына ауыстырған кезде келесі есепке алу құны ретінде оның оны пайдалану сипатының өзгеру күніндегі әділ құны алынады. Егер меншік иесі бар жылжымайтын мүлік инвестициялық жылжымайтын мүлік болған кезде Топ мұндай жылжымайтын мүлікті оның пайдалану сипаты өзгерген күнге дейінгі негізгі құрал-жабдықтар бойынша есеп саясатына сәйкес есепке алады.
Жекелей сатып алынған материалдық емес активтер бастапқы кезде сатып алу құнымен бағаланады. Компанияның бірігуі бойынша операцияның шегінде сатып алынған материалдық емес активтердің сатып алу құны сатып алу күніндегі әділ құнын білдіреді.
Материалдық емес активтер бастапқы танудан кейін жинақталған амортизациясы мен құнсыздану салдарынан келтірілген шығындарды алып тастағаннан кейінгі сатып алу құнымен көрінеді. Компанияның ішінде туындаған материалдық емес активтер, өнімді дайындауға жұмсалған капиталға айналдырылған шығыннан басқасы, капиталға айналдырылмайды және осы тиісті шығын ол туындаған есепті жылғы пайда мен шығын туралы есепте белгіленеді.
Материалдық емес активтердің тиімді пайдалану мерзімдері шектеулі.
Тиімді пайдалану мерзімі шектеулі материалдық емес активтер бағаланған тиімді пайдалану мерзімі ішінде амортизацияланады және материалдық емес активтің құнсыздану мүмкін белгілері болған жағдайда құнсыздану мәніне талданады. Күтіліп отырған тиімді пайдалануы нақты активті пайдаланудың сипаты және одан түсетін экономикалық пайданы алу өзгергенде, мерзімінің немесе амортизация тәртібінің өзгеруі тәсілімен (жағдайға байланысты) есептеледі және есептік бағасының өзгеруі ретінде қарастырылады. Тиімді пайдалану мерзімі шектеулі материалдық емес активтер бойынша амортизациялық аударымдар материалдық емес активтің қызметіне тиісті шығыстар құрамындағы пайда мен шығындар туралы есепте көрсетіледі.
Материалдық емес активтік танудан келтірілген пайда мен шығын шығарудан түскен таза түсімдер сомасы мен активтің баланстық құнының арасындағы айырма ретінде бағаланады және активті қаржылық есепте тану тоқтаған кездегі пайда мен шығын туралы есепте танылады.
Материалдық емес активтер байланыс қызметін көрсету лицензиясынан, тауарлық белгіден және бағдарламалық қамтамасыз етуден тұрады. Байланыс қызметін көрсету лицензиясы және тауарлық белгі оларды, лицензия үшін 20 жылды құрайтын, тауарлық белгі үшін 7-9 жылды құрайтын есепті мерзім ішінде жүйелік әдіс бойынша амортизацияланады. Басқа материалдық емес активтер тиімді пайдаланудың, ереже бойынша бес жылдан он жыл аралығындағы мерзімді құрайтын есепті мерзім ішінде жүйелік әдіс бойынша амортизацияланады.
Қаржылық есеп берудің халықаралық стандартына сәйкес (№38 ҚЕХС) материалдьщ емес активтер басқа тараптарға жалға өткізу немесе әкімшілік мақсаттар үшін өндірісте немесе тауарлар мен қызмет көрсетуде физикалық мәні жоқ сәйкестендірілетін ақшалай емес активтер больш табьіладьі] Және іскерлік пікірден айқын ажыратылады [2].
Сонымен қатар материалдық емес активтер ретінде ішкі пікірді қалыптастыруға, жарияланатын атауларды, клиенттердің тізімі және сәйкес сипаттың ұқсас баптарын қабылдаудың қажеті жшу'
Патенттер, авторлық құқықтар, франшизалар, тауар таңбалары, үйымдық және жедел шығындар айтарлықтай кең тараған мате-риалдық емес активтер болып табылады.
Материалдық емес активтерді екі үлкен топқа бөлуге болады: айырбастауға жататын және жатпайтын.
Айырбастауға жататын материалдық емес активтер фирманың басқа активтерінен бөлек сәйкестендіріліп және бөлек сатылуы мүмкін.
Кейбір айырбастауға жататын және субъектінің іфізметінде айтарлықтай жиі кездесетін материалдық емес активтер төменде көрсетілген. Патент - бұл занды тіркелген және танылған ерекше қүқық. Патенттік құқық - сырттан басқа тұлғалар араласпаған кезде патент таратылатын үрдісті немесе қызметті, бұйымдарды иесіне пайдалануға, өндіруге, сатуға және бақылауға мүмкіндік береді.
Жалға алынған меншіктің құнын жақсарту үшін мысалы, жалға алынған меншіктің модификациясы жалға алынған мүліктің дебет шотына жатады. Жал меншігін жақсарту материалдық емес активтер ретінде жіктелінеді. Жалға алынған меншікті жетілдіру жалға алынған мерзімнің қалғанына амортизациялануы немесе осы мерзімдердің кайсысы қысқарақ болуына байланысты жақсаруы керек. Сәйкестенбейтін активтер бблек сатылуы мүмкін емес. Төменде сәйкестенбейтін активтердің кейбір мысалдары келтірілген. Материалдық емес активтердің кейбіреулерінің екі арнайы сипаттамасы бар: олар үзақ мерзімді аванстық төлемдер болып табылады және басқа сатылатындай иеленушіге ешқандай құқық бермейді. Бұл материалдық емес активтер жеке идентификация-лануы мүмкін, бірақ айырбастауға жатпайды
Материалдық емес активтерді бағалау кезінде бастапқы құн принципі қолданылады. Яғни материалдық емес активтер, актив терді сатып алумен байланысты барлық шығындарды қосатын сатып алу құны бойынша бағаланады. Сатып алу кұны - бүл барльщ төлемдер немесе алынған активтердің ағымдағы нарықтың құны. Материалдық емес активтерді есепке алу кезінде өте маңызды сұраққа материалдық емес активтерді пайдалану мерзімін анықтау жатады.
Қызмет ету мерзімін анықтағанда келесі факторлар ескерілу қажет:
:: қызмет ету мерзімін ең жоғары шектейтін заңды, реттеуші және келісілген ереже;
:: болжалды қызмет мерзімін өзгертуі мүмкін жаңарту немесе ұзарту үшін шарттар;
:: қызмет ету мерзімін азайтатын тозу, сұраныс және басқа да экономикалық факторлар;
:: жұмыстардың орындалуының күтілген мерзімге сәйкес келетін қызмет мерзімі;
:: материалдық емес активтің бар бәсеке қабілеттілігін шектейтін бәсекелестердің және басқа да субъектілердің күтілген әрекеті;
:: материалдық емес активтердің жиынтығына кіретін басқа активтердің қызмет ету мерзімі [4].
Материалдық емес активтердің құны активтердің қызмет ету мерзімінде жүйелі түрде жазылу керек. Материалдық емес активтердің амортизациясы оның пайдалы қызмет ету мерзімі жүйелік негізде жүзеге асырылады. Амортизацияны пайдалану әдісі активтердің экономикалық тиімділігін банктерде пайдалану моделің сипаттау керекі Егер мұндаи үлгі нақты анықталған болмаса, амортизацияшя теңбе тең аудару әдісін пайдалану керек. Материалдық емес активтердің тиімді қызмет ету мерзімің қарастыру керек. Халыкаралық стандартқа сәйкес материалдық емес активті пайдалануда оның ағымдық, баланстық құны кәсіпорын үшін экономикалық тиімділігін жоғарылатуы мүмкін. Бұндай жағдайда амортизациялық емес қүнды жазу керек және активтің бағамын азайтуды көрсететін шығынды мойындау керек. Сату кезінде айырбастауда немесе материалдық емес активтердің қандаң да басқа жолымен келуі, түсімнен пайданы сипаттай 'отырып материалдық емес активтің шотымен оның амортизациялык емес қүны жазылу керек.
Қаржылық емес активтердің құнсыздануы топ әрбір есепті күнге активтердің құнсыздануының бар-жоғын тексереді. Егер осындай белгілер бар болса немесе жыл сайынғы активті құнсыздану мәніне тестілеу қажет болса, Топ активтің өтелген құнын бағалайды. Активтің өтелген сомасы -- бұл активтердің немесе ақша арналарын басқаратын бөлімшелердің, сату және оның пайдалану құнынан келтірілген шығындарды алып тастағандағы әділ құнынан біршама көп. Бұл ретте бұл сома жекелеген, басқа активтер немесе активтердің топтары генерациялайтынына қарамастан белгілі бір дәрежеде актив ақша құралдарының ағынын тудырмайтын жағдайларды қоспағанда, тәуелсіз актив үшін белгіленеді. Егер активтің баланстық құны оның өтелген сомасынан асқан жағдайда, ондай актив құнсызданған болып саналады және оның құны өтелген сомаға дейін есептен шығарылады. Ақша қаражатының келешекте болжанып отырған арналарынан түскен құнын бағалау кезінде осы активке тән ақша және тәуекелдің уақытша құнының ағымдағы нарықтық бағасын білдіретін салық салғанға дейінгі дисконттау ставкасын пайдалана отырып, оның ағымдағы құнына дейін дисконтталады. Активтің сатып алу бойынша шығындарын есептен шығара отырып, әділ құнын белгілеу кезінде бағалаудың тиісті үлгісі пайдаланылады.
Негізінен айта кететін болсақ, корпорация активтері өз ішіне бірнеше активтер құрамын біріктіреді. Оларды тізіп айта кететін болсақ, компания активтеріне материалдық активтер, материалдық емес активтер, негізгі құралдар, амортизация, салымшылардың депозиттері, қаржылық инвестициялар, қаржылық активтер және де қаржылық емес активтер жатады. Осылардың маңызын ашып көрсетуге тырыстым.
Үздіксіз қызметтің нәтижесінде туындаған шығындар капиталдың құрамында қайта бағалаудың нәтижесі көрсетілген бұрын қайта бағаланған мүлікті қоспағанда құнсызданған активті тағайындауына сәйкес келетін шығыстар санатының құрамындағы пайда мен шығын туралы есепте танылады. Мұндай жағдайда құнсызданудың өзі капиталдың құрамында бұрын жүргізілген қайта бағалаудың сомасының шегінде танылады.
Топ әрбір есепті күнге бұрын активтің, гудвилді қоспағанда, құнсыздануынан деп танылған шығын қазір жоқ немесе қысқарғандығы белгісінің бар-жоғын анықтайды. Егер мұндай белгілер орын алса Топ активтің өтелген сомасына бағалау жүргізеді. Бұрын құнсызданудан болған шығындар құнсызданудан болған шығында танудың уақыты бойынша соңында активтің өтелген құнын белгілеу үшін пайдаланылған баға өзгерген жағдайда ғана қалпына келтіріледі. Аталған жағдайда активтің баланстық құны оның өтелген құнына дейін өседі. Алынған сома алдыңғы есепті кезеңдерде құнсызданудан болған шығынды тану болмағанда актив көрсетілетін баланстық құнынан аспауы тиіс (амортизациясын алып тастағанда). Бұндай құнды қалпына келтіру актив қайта бағалану құны бойынша есептелген жағдайларды қоспағанда, пайда және шығындар туралы есепте танылады. Соңғысында құнын қалпына келтіру қайта бағалау құнының өсуі ретінде есепке алынады.
Сонымен қатар осы қарастырылған әдебиеттерден мынадай түйін жасауға болады. Қаржылық инвестиция туралы жазылған әдебиетті келтірер болсақ, ол Б.Купешованың Корпоративные финансы оқулығын айтуға болады. Бұл жерде, қаржылық актив қаржылық активтердің немесе қаржылық міндеттемелердің немесе екеуісінің де басқарылатын және өнімділігі Топтың тәуекелдері мен инвестицияларын басқару стратегиясына сәйкес әділ құны негізінде бағаланатын тобының бөлігін құрайды және топтардың құрылуы туралы ақпарат іштей осы негізде ұсынылатынын айтып өткен.
Жекелеген активтердің құнсыздану мәнін бағалау кезінде мынадай критерийлер пайдаланылады:
Гудвил құнсыздану мәніне, егер қандай да бір уақиғалар мен өзгерістер оның баланстық құнының құнсыздануы мүмкіндігі туралы куәландырса, жыл сайын немесе жиі-жиі талдау жүргізіледі.
Гудвилдің құнсыздануы гудвил жататын ақша арналарын басқаратын бөлімшелердің өтелген құнын бағалау арқылы белгіленеді. Ақша ағындарын генерациялайтын бөлімшелердің өтелетін құны оның баланстық құнынан аз болса құнсызданудан болған шығын танылады.
Құнсызданудан болған гудвилға жататын шығын келешекте қалпына келтірілмейді. Топ жыл сайынғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша гудвилдің құнсыздану мәніне талдау жүргізеді.
Топ үлестік қатысу әдісін қолданғаннан кейін, Топ инвестициясының құнсыздануынан болған қосымша шығында тану қажеттігін белгілейді. Әрбір есепті күнге топ инвестицияның қауымдастырылған компанияға инвестицияның құнсыздануының объективті белгілерінің бар-жоғын анықтайды. Егер инвестициялану құнсызданған болса, Топ құнсыздану сомасын қауымдастырылған компанияның әділ құны мен сатып алу құнының айырмасы ретінде есептейді. Бұл сома кірістер мен шығындар туралы есепте танылады.
МСФО (IAS) 39 сәйкес қаржылық активтер келесі санаттарға жіктеледі: пайда және шығын арқылы әділ құны бойынша көрсетілген қаржылық активтер, займдар, дебиторлық берешек және өтелгенге дейін ұстаған инвестициялар, я болмаса, жағдайға қарай сатуда бар инвестициялар. Бастапқы кезде қаржылық активтер әділ құны бойынша бағаланады. Егер инвестициялар қаржылық активтер әділ құны бойынша пайда мен шығын арқылы жіктелмеген жағдайда, есепте көрсетілу кезінде олардың әділ құнына онымен байланысты мәміле бойынша шығындар қосылып көрсетіледі.
Топ бастапқы есепте көрсетілгеннен кейін өзінің қаржылық активтеріне тиісті санатты береді.
Қаржы активтерін стандартты талаптарда сату мен сатып алу бойынша барлық операциялар есеп айырысу күніне, яғни активті сатып алушыға жеткізу күніне танылады. Сату мен сатып алу бойынша стандартты операцияларға қаржы активтерін сату мен сатып алу бойынша активтердің заңнамада немесе нарық ережелерінде белгіленген кезеңі ішінде жеткізілуін көздейтін операциялар жатады.
Өтеуге дейін ұсталған инвестициялар
Туынды емес тіркелген немесе белгіленген төлемі бар және тіркелген өтеу мерзімі бар қаржылық активтер егер Топ оларды өтеу мерзіміне дейін ұстап қала алатын болған жағдайда ғана өтегенге дейін ұсталған санатына жіктеледі. Өтегенге дейін ұсталынып қалынған инвестициялар бастапқы танығаннан кейін тиімді пайыздық ставка әдісін қолдана отырып, амортизациялану құны бойынша белгіленеді.
Мұндай инвестициялар бойынша пайда мен шығындар осында инвестициялар істен шыққан немесе құнсызданған кездегі пайда мен шығын туралы есепте көрсетіледі.
Сату үшін қолда бар қаржылық инвестициялар
Сату үшін қолда бар қаржылық активтер сату үшін қолда бар ретінде жіктелген және жоғарыда аталған үш санаттың ешқайсысына жатпайтын туынды емес қаржылық активтерді білдіреді. Сату үшін қолда бар қаржылық активтер бастапқы есепке алынғаннан кейін әділ құны бойынша бағаланады, бұл ретте пайда мен шығын инвестицияны есептен шығарған немесе құнсызданған сәтке дейінгі капитал құрамындағы жеке құрамдас бөлік ретінде белгіленеді. Мұндай жағдайда жинақталған бұрын капиталдың құрамында көрсетілген пайда мен шығын туралы есепке қосылады.
Займдар мен дебиторлық берешек белсенді рынокта бағасы жоқ белгіленген немесе белгілі бір төлемдермен туынды емес қаржы активтерінен тұрады. Мұндай сипаттағы қаржы активтері тиімді пайыз ставкасы әдісін пайдалана отырып, тозу құны бойынша есептеледі.
Кірістер мен шығыстар пайдалар мен шығындар туралы біріктірілген есепте займдар мен дебиторлық берешекті тануды тоқтату я болмаса олардың құнсыздануы кезінде танылады.
Қаржылық активтер мына санаттарға жіктеледі: пайдалар немесе залалдар (FVTPL) арқылы әділ құны бойынша есепке алынатын қаржылық активтер, өтеуге дейін ұсталып қалатын инвестициялар, сату үшін қолда бар қаржылық активтер (AFS) және заемдар мен дебиторлық берешек. Жіктеу қаржы құралдарының сипаттамасы мен мақсатына байланысты және бастапқы мойындау сәтінде анықталады.
Инвестициялар инвестицияны сатып алу немесе сату келісім-шартқа сәйкес жүргізілген, қайсысының шарттары инвестицияны тиісті нарықпен белгіленген мерзімде ұсынуды талап ететін және бастапқыда әділ құны бойынша көрсетілетін, пайдалар немесе залалдар арқылы әділ құны бойынша есепке алынатындай жіктелген қаржылық активтерден басқа, мәмілелерді жүргізуге тікелей қолданылатын шығындарды қоса алғанда бастапқыда әділ құны бойынша танылатын сауда-саттық операциясы жүргізілетін күнге көрсетіледі және көрсетілуін тоқтатады.
Тиімді пайыздық мөлшерлеме әдісі - бұл қаржылық активтің өтелім құнын есептеу және тиісті кезең ішінде пайыздық табыстарды бөлу әдісі. Тиімді пайыздық мөлшерлеме - бұл қаржылық активтің күтілетін мерзімінен немесе, егер қолдануға болатын болса, өте қысқа мерзімінен кейін ықтимал күтілетін ақша түсімін (тиімді пайыздық мөлшерлеменің ажырамас бөлігін құрайтын, төленетін немесе алынатын барлық комиссияларды қоса алғанда) дәл дисконттайды.
Табыс FVTPL ретінде анықталған қаржылық активтерден басқа қарыз құралдары бойынша тиімді пайыздық мөлшерлеме негізінде танылады.
FVTPL ретінде есепке алынатын қаржылық активтер
Қаржылық активтер қаржылық актив сауда үшін тағайындалған не болмаса FVTPL ретінде анықталған уақытта FVTPL түрінде жіктеледі.
Қаржылық активтер сауда үшін тағайындалған ретінде жіктеледі, егер:
* ол негізінен жуық арадағы болашақта сату мақсаты үшін сатып алынған болса; немесе
* Топ бірге ұстап қалатын және қысқа мерзімді пайда алу тенденциясы бар қаржы құралдарының белгілі бір қоржынының бөлігі болып табылады; немесе
* хеджирлеу құралы ретінде тиімді емес және анықталмаған туынды құрал болып табылса.
Сауда үшін тағайындалған ретінде жіктелген қаржылық активтерден басқа қаржылық актив бастапқы тану кезінде FVTPL ретінде анықталуы мүмкін, егер:
* осындай тану бағалаудың немесе танудың қарсы жағдайда пайда болуы мүмкін тиянақсыздығын болдырмайтын немесе елеулі түрде азайтатын болса; немесе
* қаржылық актив қаржылық активтердің немесе қаржылық міндеттемелердің немесе екеуісінің де басқарылатын және өнімділігі Топтың тәуекелдері мен инвестицияларын басқару стратегиясына сәйкес әділ құны негізінде бағаланатын тобының бөлігін құрайды және топтардың құрылуы туралы ақпарат іштей осы негізде ұсынылатын болса; немесе
* бір немесе одан да көп кіріктірілген туынды құралдардан тұратын келісім-шарттың бөлігін құрайды және БЕХС 39 (Қаржы құралдары: тану және бағалау бүкіл құрамдастырылған келісім-шартты (актив немесе міндеттеме) FVTPL ретінде анықтауға рұқсат етеді [3].
FVTPL қаржылық активтері кез-келген пайдаларды немесе залалдарды пайдалар мен залалдар туралы шоғырландырылған есепте танумен әділ құны бойынша есепке алынады. Пайдаларда немесе залалдарда танылған таза пайдаларға немесе залалдарға қаржылық актив бойынша алынған кез-келген дивидендтер немесе пайыздар кіреді.
Өтеуге дейін ұстап қалынатын инвестициялар
Топтың жақсы ниеті мен өтеуге дейін ұстап тұратын қабілеті бар, тіркелген немесе анықталған төлемдері мен тіркелген өтеу күні бар векселдер мен борыштық міндеттемелер өтеуге дейін ұстап қалынатын инвестиция ретінде жіктеледі. Өтеуге дейін ұстап қалынатын инвестициялар табысты нақты пайда әдісі бойынша танумен құнсыздануды шегеріп тастағандағы тиімді пайыздық мөлшерлеме әдісімен өтелім құны бойынша есепке алынады.
Сату үшін қолда бар қаржылық активтер (AFS)
Белсенді нарықта сауда жүргізіліп отыратын белгіленетін акциялар және Топ ұстап қалатын ауыстырылуы тиісті белгіленетін векселдер AFS түрінде жіктеледі және әділ құны бойынша есепке алынады. Әділ құнындағы өзгерістерден болған пайдалар немесе залалдар, құнсызданудан болған залалдарды, тиімді пайыздық мөлшерлеме әдісі бойынша есептелген пайыздарды, тікелей пайдаларда немесе залалдарда танылатын ақша активтері бойынша бағамдық айырмашылықтан болған пайдалар немесе залалдарды қоспағанда, инвестицияларды қайта бағалау резервіндегі тікелей капиталда танылады. Инвестициялар сыртқа шыққан немесе құнсызданған ретінде анықталған уақытта инвестицияларды қайта бағалау резервінде бұрын танылған жиынтық табыстар немесе залалдар кезең ішіндегі пайдаларға немесе залалдарға енгізіледі.
AFS үлестік құралдары бойынша дивидендтер Топтың алынған төлемге құқығы белгіленген уақытта пайдаларда немесе залалдарда танылады.
Шетел валютасында берілген AFS ақшалай активтерінің әділ құны аталған шетел валютасында анықталады және айырбастау бағамы бойынша есептік күнге ауыстырылады. Бағамдық айырмашылыққа жататын, активтің өтелім құнындағы өзгерістің нәтижесінде болған әділ құнындағы өзгерістер пайдаларда немесе залалдарда танылады, басқа да өзгерістер меншік капиталында танылады.
Заемдар мен дебиторлық берешек
Тіркелген немесе анықталатын төлемдері бар, белсенді нарықта белгіленетін, заемдар мен дебиторлық берешек ретінде жіктелетін басқа да дебиторлық берешек пен заемдар, сауда-саттық дебиторлық берешек заемдар мен дебиторлық берешек сияқты жіктеледі. Ұзақ мерзімді заемдар мен ұзақ мерзімді дебиторлық берешек кез-келген құнсыздануды шегеріп тастағанда тиімді пайыздық мөлшерлеме әдісін қолдана отырып, өтелім құны бойынша бағаланады. Пайыздық табыс пайыздарды тану елеулі емес болуы мүмкін уақытта қысқа мерзімді дебиторлық берешектен басқа тиімді пайыздық мөлшерлемені қолдану жолымен танылады.
Ақша қаражаттары мен олардың баламалары
Ақша қаражаттарына және олардың баламаларына банк шоттарындағы қаражаттар, кассадағы бар ақша және кем дегенде үш ай бастапқы өтеу мерзімімен қысқа мерзімді депозиттер кіреді. Егер ақша қаражаты мен олардың баламалары пайдалануда шектелген болса, онда олар шоғырландырылған қаржылық есептеменің қосымшасында тиісті түрде ашылады.
В.В. Бочаров және .Е. Леонтьетің ой-пікірлері бойынша кәсіпорын мен корпорациялардың қаржыларын ұйымдастыру қағидалары олардың қызметімен, нақты құрылтайшы құжатымен, мақсаттарымен тығыз байланысты.
Сонымен қатар, қаржылық активтерді зерттеген міндетті түрде қаржылық активтердің құнсыздануын айтып өтпеске болмас.
Қаржылық активтердің құнсыздануы
FVTPL қаржылық активтерінен басқа қаржылық активтер теңгерім құрудың әр күнінде құнсыздану белгісіне бағаланады. Қаржылық активтер қаржылық активті бастапқы танудан кейін орын алған бір немесе одан да көп оқиға нәтижесінде инвестиция бойынша ықтимал алдағы ақша қозғалысына ықпал көрсетілгендігі туралы нақты куә бар уақытта құнсызданады.
Өтелім құны бойынша есепке алынатын қаржылық активтер үшін құнсыздану сомасы өз алдына активтің теңгерім құны мен бастапқы тиімді пайыздық мөлшерлеме бойынша дисконтталған ықтимал ақша қозғалысының ағымдағы құны арасындағы айырмашылықты білдіреді.
Қаржылық активтің теңгерімдік құны тікелей барлық қаржылық активтер бойынша құнсызданудан болған залалға азаяды.
AFS үлестік құралдарын қоспағанда, егер кейінгі кезеңде құнсызданудан болған залалдың сомасы азайса, азаю құнсыздануды танығаннан кейін орын алған оқиғаға объективті түрде байланысты болуы мүмкін, құнсызданудан болған бұрын танылған залал, егер құнсыздану танылмайтын болса, құнсыздану түзетпесінің күніне инвестицияның теңгерімдік құны өтелім құны құрауы мүмкін сомадан аспайтын шамада пайдалар немесе залалдар арқылы түзетіледі.
AFS үлестік бағалы қағаздарына қатысты бұрын пайдаларда немесе залалдарда танылған құнсызданудан болған залалдар пайдалар немесе залалдар арқылы түзетіле алмайды. Әділ құнының кез-келген артуы құнсызданудан болған залалдан кейін тікелей капиталда танылады.
Қаржылық активті есепке алудың тоқтатылуы
Топ қаржылық активті есепке алуды тек қана актив бойынша ақша ағымдарын алуға келісім-шарт құқығы біткен немесе қаржылық актив пен барлық елеулі тәуекелдер мен активтерді иеленуден болған пайдалаларды басқа компанияға табыс еткен уақытта ғана тоқтатады. Егер Топ негізінен барлық тәуекелдердә және активтерді иеленуден болған пайдаларды табыс етпесе немесе ұстап қалмаса және табыс етілген активті бақылауды жалғастыратын болса, онда Топ активтегі өзінің қалған үлестік қатысуын және онымен байланысты міндеттемені өзі төлей алатын сомаға таниды. Егер Топ негізінен табыс етілген қаржылық активтерді иеленуден болған барлық тәуекелдер мен пайдаларды ұстайтын болса, Топ қаржылық активті есепке алуды жалғастырады, сондай-ақ қамтамасыз етілген заемдардан болған қаражатты есепке алады.
Амортизацияланған құн резервтен құнсыздануды және төлемді немесе негізгі берешек сомасының азаюын шегере отырып, тиімді пайыз ставкасы әдісін пайдалана отырып есептеледі. Есепте актив сатып алу кезінде кез келген үстеме төлемдер мен шегерімдер, сондай-ақ, тиімді пайыз ставкасының ажырамас бөлігі болып табылатын басқа да төлемдер және мәмілелер бойынша шығындар ескеріледі.
Топ әрбір есепті күнге қаржы активінің немесе қаржылық активтері тобының құнсыздану белгісінің бар- жоғын белгілейді.
Активтердің құнсыздануының нәтижесінде шығын келтірілгендігінің белгісі болған жағдайда мұндай шығынның сомасы активтің баланстық құны мен қаржы активі бойынша тиімді пайыз ставкасымен дисконтталған (яғни, бастапқы тануда есептелген тиімді пайыз ставкасы бойынша) келешектегі ақша арналарының ағымдағы құнының арасындағы (кредит бойынша әлі келе қоймаған болашақтағы күтілетін жоғалтуларды алып тастағанда) айырмасы ретінде белгіленеді. Активтің баланстық құны құнсыздану резервінің сомасына азайтылады. Шығынның сомасы пайда мен шығындар туралы есепте көрсетіледі [5].
Егер құнсызданудан келтірілген шығын сомасын есептеуде көрсетілгеннен кейін болған уақиғаға жатқызылуы мүмкін құнсызданудан келтірілген шығын сомасы төмендесе, онда активтің баланстық құнын қалпына келтіру құны оның амортизация құнынан аспайды. Кез келген келесі құнсызданудан келтірілген шығын пайда мен шығындар туралы есепте көрсетіледі.
Топ шоттың бастапқы талаптарына сәйкес оған тиесілі барлық соманы іздеп таба алмайтындығының объективті белгісі болса (займшының қаржы жағдайының болмау мүмкіндігі немесе айтарлықтай қаржылық қиындықтардың болуы ықтималдығын қоса алғанда), сауда дебиторлық берешекке қатысты құнсыздану резерві түзіледі. Дебиторлық берешектің баланстық құны құнсыздану резервінің сомасына азаяды. Құнсызданған берешекті есепке алу ол сенімсіз деп танылған немесе оның шағым талабының мерзімі өткен сәттен бастап тоқтатылады.

Сату үшін қолда бар актив құнсызданған жағдайда оның бастапқы құнының (негізгі сомасымен амортизациясы бойынша төлемдерді ұстап қалғанда) және оның ағымдағы әділ құнының құнсызданудан болған шығынды ұстап қалғанда, арасындағы айырманы білдіретін бұрын пайда мен шығындар туралы есепте көрсетілген сома капиталдың құрамынан пайда мен шығындар туралы төлемнің құрамына ауыстырылады. Құнсыздану бойынша сату үшін қолда бар ретінде жинақталған үлестік құралдармен байланысты шығынды қалпына келтіру пайда мен шығындар туралы есепте көрсетілмейді. Құнсыздану бойынша үлестік құралдардың шығындары пайда және шығын туралы есеп арқылы құралдың әділ құнының өсуі шығынды құнсызданудан кейінгі уақиғаға жатқызылса, қалпына келтіріледі.
Қаржылық актив (немесе, қаржылық активтің бөлігі немесе ұқсас қаржылық активтер тобының бөлігі қолданылатын) мынадай жағдайларда баланста есептелуді тоқтатады:
:: Активтерден ақша арналарын алу құқығының мерзімі өтсе;
:: Топ активтен ақша арналарын алу құқығын сақтайды, бірақ оларды ешқандай кідіріссіз үшінші тұлғаға беруге өзіне міндеттеме қабылдады;
:: Топ өзінің активтен ақша арналарын алу құқығын берді немесе (а) активтегі барлық тәуекелдерді және сыйақыны берді, не (б) берген жоқ, бірақ активтегі барлық тәуекелдерді және сыйақыны өзінде сақтамайды да, бірақ осы активті бақылауды берді.
Егер Топ өзінің активтен ақша арналарын алу құқығын бере отырып, активтегі барлық тәуекелдерді және сыйақыны бермесе не өзіне қалдырмаса, сондай-ақ, активті бақылауды да бермесе Топ өзінің активке қатысын қандай деңгейде жалғастырса, актив те сол деңгейде танылады. Берілген актив бойынша кепілдік нысанын қабылдайтын қатысу мынадай шамалардың мейлінше кішісімен танылады: активтің бастапқы баланстық құны немесе Топ талап етуі мүмкін төлемнің ең үлкен сомасы.
Егер берілетін активке қатысу сатылған жәненемесе сатып алынған опцион (есебі ақша қаражатын төлеу жолымен жүргізілетін немесе осындай жағдайдан тұратын опционды қоса алғанда) нысанын қабылдаса, Топтың қатысу деңгейі -- бұл Топ сатып ала алатын берілетін активтің құны, опционмен сатуға шығарылған жағдайдан өзге (есебі ақша қаражатын төлеу жолымен жүргізілетін немесе осындай жағдайдан тұратын опционды қоса алғанда) әділ құны бойынша бағаланатын актив бойынша нысан қабылданады. Мұндай жағдайда Топтың қатысу деңгейі мынадай екі шаманың ең кішісі бойынша өлшенеді: берілетін активтің әділ құны және опционның орындалу бағасы.
Қаржы активтерінің компания негізінде алатын орны жоғары екенін байқауға болады. Сонымен қатар, осы бөлімде қаржылық активтердің мәні, ерекшеліктері және де құрылымы қарастырылып өтті.
1.2 Компанияның қаржы активтерінің табыстылығының көрсеткіштері
Кәсіпорынның ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz