Кенесары Қасымов


Пән: Тарихи тұлғалар
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   

ЖОСПАР:

І. Кіріспе.

ІІ. Негізгі бөлім.

А) Ел қадірлеген қайсар қайраткер.

Ә) Сот ісіндегі шебер саясаты.

Б) Қылмыс пен жаза - шешілмес дау.

ІІІ. Қорсытынды.

IV. Қолданылған әдебиеттер тізімі.

КІРІСПЕ

Абылай ханның немересі, Қасым төренің баласы сұлтан кейіннен хан Кенесары (1802-1847) бұрынғы Көкшетау облысының Көкшетау елді мекенінде дүниеге келді. “Кенесары туғанда тым кішкентай болыпты. Сондықтан оның атын Кенесары қойыпты” делінеді ертеректегі авторы белгісіз бір жырда. Кенесары Ресей отарлауының қазақ даласына дендеп ене бастаған тұсында билік басына келген болатын. Кенесары 1841 жылы таққа көтеріліп, 1847 жылдары аралығына дейін билік құрды. Кенесары ханның билік құрған кезеңдегі басты мақсаты дәстүрлі хандық жүйені қалпына келтіру болды. Сондықтан да, ол Ресей патшалығына және Орта Азиялық хандықтан қоқан мен хиуаға қарсы көтеріліске шықты. Кенесарының мемлекетті басқарудағы, сонымен қатар, тағы да бір ұстанған саясаты билер сотын қалпына келтіру және билік ісін негізінен шариат нормаларына сәйкес жүргізуді қолға алды.

Кенесары құрған ел- феодалдық мемлекет болды. Себебі, қазақ қоғамының өндірістік қатынастарының феодалдық негізі Кенесарының қайта құрушылық қызметінен өзгере қойған жоқ еді. Керісінше, өндірістік қатынастардың феодалдық сипаты Кенесары тұсында күшейе түсті. Ол қазақ жерінің территориясын хан тұқымының меншігі деп қарап, ол ойын бірнеше рет атап өткен. Кенесары Герн арқылы үкіметтен «ата-бабасына тиісті» жерді қайтарып беруді талап етті.

Өзінің бір хатында ол былай деп жазды: «Әкеміз Абылайдан мұраға қалған жерлер бекініске толды». «Сіздер, - деп жазды ол Горчаковқа арналған бір хатында, - атамыз Абылай ханға тиісті жерлерге округтік дуандар құрдыңыздар». Феодалдық көзқараспен ол қазақ халқын хан тұқымының меншігі деп санады. «Абылай қазақ ордаларының ханы болды, - деп жазды ол, - сондықтан жер соған тиісті». Ол «қазақ халқын орыс езгісінен босатамын» деп уәде берді, себебі, барлық қазақтар атасы Абылай ханның құқы бойынша өзіне тиесілі деп ойлады. Рулық қоныстарды бөлудің правосына сай, ол кей кездерде ең жақсы жайылымдарды өзіне алып отырды. Орыс тыңшыларының мәліметтеріне қарағанда, оның жылқы табындары «шөбі шүйгін жайылымдарда жайылғандықтан» қоңды көрінеді деген. Алайда Кенесары феодалдық экономика шеңберінде ілгерішіл маңызы бар бірқатар реформалар жүргізді. Осы реформалар қазақ халқы күштерінің бірігуіне, қазақ мемлекетінің күшеюіне алып келді. Тек біз есте ұстайтын жайт, осы реформалардың барлығы феодалдық мемлекетті күшейтуге арналған және басқаша болуы мүмкін де емес еді. Кенесары тұсындағы хан билігінің әлеуметтік негізін билердің орта тобы мен төре тұқымына жатпайтын феодалдар, батырлар құрады.

Кенесарының қарамағындағы батырлары көтерілісте ерекше рөл атқарумен қатар, қазақтардың феодалдық мемлекетін құруда да белсенділік көрсеткенін атап өтуіміз керек. Батырлардың «Хан кеңесіндегі» басымдығын айтпағанның өзінде, олардың көпшілігі жеке істерді басқарды.

Қазақтың біртұтас мемлекетін құруға, негізінен, феодалдардың орта тобы мүдделі болды, олар бұл іске өздерін аман алып қалатын шара ретінде қарады. Аса ірі ақсүйектер біртұтас мемлекеттің құрылуына қарсы болды, себебі, орталықтандыру олардың дербестігінің соңы еді.

Кенесарының қайта құрушылық қызметі билікті ұйымдастырудың барлық жағын қамтыды. Енді мемлекеттік аппаратты құру ісіне және саяси құқықтық реформаларына тоқталып өтейік.

Қазақ мемлекетінің басында Кенесарының өзі тұрды. Онымен бірге ең жақын серіктерінен: батырлар, билер және ханның кейбір туыстарынан құрылған Кеңес жұмыс істеді. Хан кеңесі - кеңесуші орган ғана болды: тек хан ғана шешуші дауысқа ие болды. Әбілқайыр тұсындағы хан еркін тежеп отырған Ақсақалдар кеңесіне қарағанда бұл біршама ерекшелік еді.

Кенесары Хан кеңесінің құрамына бытыраңқылықты қолдайтын ақсүйек феодалдарды кіргізбеді. «Кеңеске азаттық күрес барысында хан құрметі мен сеніміне бөленген адамдар мүше болды. Мәселен, оның інісі Наурызбай батыр, Арыбай, Иман батырлар, өзінің елшілік табыстарымен атағы шыққан би Шоқпар Бақтыбаев, Сайдақ қожа Оспанов сияқты адамдарды атауға болады. Хан кеңесінде елдің ішкі және сыртқы жағдайының басты мәселелері қаралды. Кеңес барлық уақытта Кенесары пікірімен есептесіп отырды. «Өйткені оған берілген серіктері оны ең батыр және ең ақылды хан деп есептеді».

Кенесары мемлекетті сот, елшілік, қаржы, әскери іспен және азық-түлік жинау мәселелерімен айналысатын жеке адамдар арқылы басқарды.

Сот билігі қай қоғамда болмасын, маңызды роль атқаратын болған. Оның ішінде дәстүрлі қазақ қоғамында сот билігіне, оны жүзеге асыратын билерге ерекше ілтипатпен қараған. Қазақтың билері дала демократиясының жаршысы ғана емес, сонымен қатар, сол демократияның тірі тетігі де болып табылды. Бұл мәселені байқаған Кенесары хан да, өзінің мемлекеттілігін қалыптастыру ісінде сот жүйесіне ерекше мән беріп, оны реформалауға тырысқан болатын. Кенесары ханның сот реформасын жүзеге асыруда дәстүрлі қазақ қоғамындағы билер сотының жалпы сипаты, мәні сақталғанмен, сот ісін жүргізуде үлкен жаңашылдықтар енгізілді. Мұның өзі Кенесары ханның үлкен саясаткер екендігін, әрі мемлекет қайраткерлігін көрсететін жағдай болып табылады.

Кенесары Қасымұлы сот реформасын жүзеге асырған кезеңде соған дейін қазақ даласында бұл бағытта жүргізген реформалардың тәжірибесіне сүйенді, әрі оның заман талабына сәйкес келетін жақсы қырларын қолдануға ұмтылған болатын. Егер ғалымдардың пікіріне көңіл аударатын болсақ Кенесары Қасымұлының жүргізген реформаларына, Тәуке ханның, Арынғазының және Әбілқайырдың саяси қадамдары әсер еткен болатын.

Билер соты Ресей дәуірінде өзінің дәстүрлі сипатынан айырылған болатын. Ал, Кенесары болса билер сотын реформалауда осы дәстүрлі жолды сақтап қалуға оны дамытуға тырысты. Сот реформасында белгілі өзгерістер болды. Сот ісін қарауда істер негізінен мынандай топтарға бөлінді:

Бірінші, Кенесары хандығында туындайтын даулы істер;

Екінші, Кенесарыға қарамайтын басқа рулардың істері;

Үшінші, патшаға қарайтын адамдар арасында туындайтын сот істері.

Кенесарының реформасы бойынша, ең жоғарғы сот билігі ханның қолында болды. Хан негізінен маңызды дауларды шешуге қатысты, ал басқа істердің барлығын Кенесары хан тағайындайтын билер қараған болатын. “Өзінің заң шығарушылық қызметін Кенесары әдеттегі праволарға өзгерістер енгізумен бастады, ол ру билерінің сотын тарқатып, сот ісін өзі тағайындаған билер мен жасауылдардың қолына берді. Мысалы, Төртқара руының құрметті билері болып Байтен Бекмырзаев және Қазанғап Өтебасов сайланды. Шөмекей руында би атағын Тағбан Мәмбетов алды. Қызметін жеке мүддесіне пайдаланған билерді Кенесары орнынан алып, олардың орнына халық сеніміне ие болған адамдарды сайлап отырды және оларға “граф” атағын беріп отырған.

Кенесары Қасымұлының саяси-құқықтық реформасының тағы бір негізгі бағытын алым-салық мәселесін тәртіпке келтіру құрайды. Алым - салық жүйесін тәртіптеуде, Кенесары үлкен жаңашылдықтар енгізе де білді. Бұл негізінен жалпы алым-салықтың түрлеріне қатысты болған жоқ. Өйткені, Кенесары жүйелеген алым-салықтар қазақ даласында бұрыннан белгілі болатын және қазақтың мемлекеттілік тарихында, әр кезеңде қолданылып отырды. Алым-салық ісіндегі Кенесарының негізгі жаңалығы да, әрі реформалық қадамы да, алым-салықтың түрлерін нақтылап, оның мөлшерін белгілеп, оны қолданудың тетіктерін айқындауы болып табылады. Жалпы қазіргі кезеңде біз білеміз, алым - салық мемлекеттің негізгі белгілерінің қатарына жатады. Мемлекет және құқық теориясында алым-салыққа мемлекеттің белгісі ретінде мынандай түсінік берілген: “Мемлекет органдарын, оларда істейтін қызметкерлерді қаражаттандыратын оның арнаулы материалдық қоры болды. Ол қорды жасау үшін мемлекет салық-алым белгілейді және жинайды”. Көріп отырғанымыздай, мемлекеттің өмір сүруінің бірден-бір негізі осы алым-салықтан құралады.

“Кенесарының салық жинау саясатындағы негізгі өзгерісі-жеке феодалдар жинайтын салықты хан қазынасына түсетін жалпы салықпен ауыстыру болды. Бұл феодалдық салықты, мемлекеттік салықпен ауыстыру қадамы болды. Кенесары билігін мойындаған қазақтар Хиуа не Бұқар ханына салық төлеуден және орыс үкіметіне түтін салығын төлеуден құтылған еді. Бұл қазақтардың алым-салықтан біршама жеңілдеуіне әсер етті. Алайда, соғыс уақытының талабы Кенесары хан қазынасы түсетін әр түрлі салықтарды қатаң талап етуге итермеледі, ал бұл қол астындағы қазақтарға ауыр соқты”. Кенесарының мұндай шешуші әрекеті, өзінің мемлекеттігін құруға деген қадамының көрінісі және күшті биліктің болғандығын көрсетеді. Кенесары алым-салық реформасын жүзеге асыру барысында салықты отырықшы халықтардан жеке түрде және мал шаруашылығымен айналысатын қауымнан басқа түрде алып отырды. Бұл Кенесарының алым-салық саясатын терең меңгергендігін және қазақтың өткен күндеріндегі салық мәселесіне байланысты жиналған тәжірибені қорыта алғандығының көрінісі болып табылды. Кенесары мал шаруашылығымен айналысатын халықтан негізінен зекет жинаған болатын. Зекет салық ретінде қазақ даласында бұрыннан келе жатқан белгілі салық түрі еді. Зекеттің қолданылуы туралы қазақ әдет құқығы жүйесінде өзіндік тәртіп те қалыптасқан.

Қазақ даласында бұрындары зекет жинауға дін өкілдерін қатыстырып та, отырған болатын. Көбінесе, зекетті Қазақстанның Оңтүстік аудандарында молдалар жинайтын еді.

Кенесары хан болса, зекет жинауда өзіндік тәртіпті, ерекшелікті енгізуге тырысты. Осы жерде тағы бір айтатын жағдай, зекеттің толық жиналу тәртібі, мөлшері, ерекшелігі мынандай да болды: “Зекет басы азат, шаруашылығы бүтін азаматтардың бәріне бірдей міндет. Егер тапқан пайдасы, не болмаса шаруашылығының өнімі өзіне, әйелі, бала-шағасына жетіп артылып отыратын болса, қысы-жазы киетін киімін, мінетін көлігін, жейтін тамағын, аяқ - табағын, төсек орнын, үй-жайын ақтаса зекет беру парыз болады.

Түйе малының бестен кеміне зекет жоқ, бес түйеден тоғыз түйеге шейін бір қой, он түйеден он төртке дейін екі қой. Он бестен жиырмаға шейін үш қой, жиырмадан-жиырма беске шейін төрт қой, жиырма бестен отыз алтыға шейін-тайлақ, яки бір тайлақтың басын төлемек, отыз алтыдан қырық алтыға шейін-құнажын, інген, қырық алтыдан-алпыс беске шейін-бір беске шығаратын, алпыс бестен-жетпіс алтыға-бесті түйе, жетпіс алтыдан-тоқсан бірге дейін-екі құнажын інген, тоқсан бірден-жүз жиырмаға шейін-екі дөнежін інген, жүз жиырмадан асқан соң әр бес түйеге 1 қой қосыла береді. Сиырдың отызынан кеміне зекет парыз жоқ. Отыздан қырыққа шейін сиыры бар кісіден бір жасқа толған бір сиыр.

Мемлекет меншігіне жиналған қазына мемлекеттік мүддені көздейтін іс-шараларға арналуы тиіс: елшілік аттандыру, өзге елдің елшілігін қабылдау, өзге мемлекет басшыларына сыйлықтар, жұтқа ұшыраған руларға жылу көмек, жаугершілік кезінде қару-жарақ, мінер ат, тамақ, тұтқыннан босату үшін (өз қандастарын сатып алу үшін) .

“Кенесары мал шаруашылығымен айналысатын аудандардан “зекет” ал егіншілерден “ұшыр” салығын сақтап қалды. Сонымен қатар, ол ауыл бойынша ерекше салық және әр түрлі дәстүрлі сый-сияпат ретіндегі сыйлықтар алып отырды.

Зекет салығын жинаған кезде ол белгілі бір өлшемді сақтап отырды: 40 басқа дейінгі малдан салық алынбады. 40 бастан 100 басқа дейінгі малдан 1 бас, онан әрі әр 40 бастан 1 бас алынып отырды. Көптеген Кенесары жақтастарының көрсетуі және патша тыңшылардың хабары осы мәліметті растайды. Өзіне қарасты рулардан Кенесары зекетті киім, қару-жарақ, ер-тұман түрінде жинады. Жиналған зекет негізінен әскер қажетін өтеді.

Қорыта келгенде, Кенесарының алым-салық саясаты, дәстүрлі қазақ қоғамында бұрыннан келе жатқан алым-салықтарды жаңғыртуға негізделген саясат болып табылды. Ол біздің ойымызша, мынандай алым-салық түрлерін енгізіп, жүзеге асырды:

Біріншіден, отырықшы елдерден жинайтын салықтар;

Екіншіден, мал шаруашылығына негізделген қауымнан алынатын алым-салықтар;

Үшіншіден, сауда және сауда керуендерінен алынатын алым-салықтар;

Төртіншіден, ерікті түрде халықтың өзі беретін садақа түріндегі алымдары;

Бесіншіден, хан сотын жүзеге асырғаны үшін алынатын ханлық алымы.

Кенесарының алым-салық мәселесі бойынша жүргізген реформасы бүгінгі таңдағы Қазақстанның салық саясатын жетілдіруде тарихи берері мол, тәжірибенің бірі болып табылады.

Кенесары Қасымұлы саяси-құқықтық реформалармен қатар, әскер ісін де жолға қойып, оның белгілі бір тәртіпке түсірді. Кенесарының әскери реформаларында негізінен ежелден келе жатқан әскери дәстүр сақталғанмен, өз заманына сәйкес жаңашылдықтары да енгізіліп отырды. Әскери реформаны жүргізуде Кенесары Шығыс елдерінің тәжірибесімен қатар, европалық елдердің, оның ішінде Ресейдің әскери тәжірибесіне ерекше ден қойғанын байқауға болады. Мысалы, ұрыста батырлық көрсеткен жауынгерлерді марапаттау белгілерін енгізуі негізінен, осы Ресейлік тәжірибеге жақын келеді. Сонымен қатар, Кенесары соғыс ісінің үлкен білгірі болып табылды. Оны өзінің қарамағындағы сарбаздарынан талап еткен болатын. Әскери тәртіпке ерекше көңіл қойды. Әскери тәртіптің мүлтіксіз сақталуын қадағалап отырды. Бұл жағдайлардың барлығы Кенесарының әскери реформасында өте тиімді тұрғыда өз шешімін тапқанын көреміз. Кенесарының әскери реформада енгізген алғашқы жаңашылдықтарының бірі, тұрақты армия құрып, ағымдағы соғыс және бейбітшілік мәселесін шешетін әскери (батырлар) кеңесін құруы болып табылады. “Кенесары 20 мың жігіттен тұратын армия құрды. Оның ұйытқысы батырлар бастаған жасақтар мен төлеңгіттер болды. Қиын кезеңдерде Кенесары маңына жасақшы-жігіттер жиналатын болған. Әскер басында Кенесарының өзі тұрды. Ал, оның ағалары мен жақын достары әскери кеңес құрамына кірді. Оның құрамында Кенесарының жақын серіктері-інісі-Наурызбай, Сайдақ қожа Оспанов, Таймас Бектасов, Жеке-батыр, Ағыбай батыр, Жоламан Тіленшиев және т. б. болды. Әскери кеңесте соғыс жоспарлары жасалып, үлкен жорықтар алдындағы жауапты шешімдер қаралатын.

Кенесары өзінің әскерін бөлуді жолға қойған болатын. “Кенесары әскері жүздікке және мыңдыққа бөлінді. Көтеріліске шыққан қазақтардың бірі-Әбілғазы патша түрмесіне отырып, Кенесарыға хат жазған екен, онда ол кейбір жолдастарын қызметтегі атағымен “жүзбасы”, “мыңбасы” деп атаған. Солармен қатар, өте мергендерден құрылған ерекше отряд басы “мерген басы” қызметі болды. Бұл отрядқа өз қаруын шебер меңгерген, “құралайды көзге атқан” мерген жігіттер кірді. Айта кететін нәрсе, әскердің осындай басқару тәртібі ортаазиялық мемлекеттерде Шыңғысхан заманынан бері келе жатыр. Мұндай жүйенің өміршеңдігі далалық жерлердегі соғыстың сипатына және әскери қимылдарды жүргізу ерекшеліктеріне байланысты болуы мүмкін”. Сонымен қатар, “Кенесары алғаш әскери іске жүйелі үйретуді жолға қойды. Әскерлерінің бір бөлігі тұрақты әскери өнерге үйретілді.

Кенесарының әскерінде барлау қызметі ерекше орынға қойылған болатын. Әскери барлау, әрқашанда соғыста жеңімпаз шығуға бірден-бір себепші болған негізгі әдістің біріне жатады. “Кенесары армиясында әскери-далалық және агентуралық барлау біршама жақсы жолға қойылған еді. Ол сенімді адамдардан арнайы түрде барлаушылар тағайындап отырды. Олар оған дұшпан туралы қажетті мәліметтерді жеткізіп отырды. Көп жағдайда барлаушылар жау тылында қимыл жасады.

Қарап байқайтын болсақ, әскери реформасында бүгінгі күннің талабына сәйкес келетін жаңашылдық қадамдарды енгізе білген. Оның жүргізген реформасы, өз қоғамының талабына жауап берумен қатар, сол кезеңнің озық әскери құрылымын қалыптастыруға жағдай жасады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Кенесары хан
Шегіне келе, Кенесары қырғыз жеріне шекаралас
Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт – азаттық көтеріліс және оның тарихнамасы
Ермұхан Бекмаханов
Кенесары хан бастаған халық-азаттық күресі (1837-1847)
С.Қасымов көтерілісінің мәні
1837-1847 жж. кенесары ханның басшылығымен болған көтеріліс
1837-1847жж. Кенесары ханның басшылығымен болған көтеріліс
Кенесары Қасым ұлы бастаған Орта жүз қазақтарының көтерлісінің барысын талдау
Кенесары көтерілісінің қозғаушы күштері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz