Қазақ тіліндегі синонимдердің және синонимдік қатарлар


Пән: Тілтану, Филология
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 104 бет
Таңдаулыға:   

КІРІСПЕ

Жұмыстың жалпы сипаттамасы. Әлемдік тіл біліміндегі ғылыми бағыттар мен жаңалықтар қазіргі таңда қазақ тіл білімінің дамуына да өзіндік үлесін қосып, жаңа ғылыми бағдарлардың өмірге келуіне игі әсер етуде.

Қазақ тіліндегі синонимдер тілдің шұрайын енгізіп, тілдік қолданыста ерекше рөл атқарады, сондықтан тіліміздегі синоним сөздердің мағыналық құрылымын қарастырудың ерекше маңызы бар. Екіншіден, синонимдік атаулардың мағыналық дамуы олардың жасалу жолымен тікелей байланысты.

Синонимдердің пайда болуы мен жасалуы ең алдымен халықтық таныммен тікелей байланысты екені анық. Болмыстағы заттар мен құбылыстардың әр алуан ерекше белгілері жүйелі түрде танылып, халықтық санада жасалған тұлғалар негізінде таңбаланып отырады. Синонимдердің жасалуын ұлттық санамен, ұлттық болмыспен байланысты қарастырудың ерекше маңызы бар деп есептейміз. Ұсынылып отырған магистрлік зерттеу жұмысы қазақ тіліндегі синонимдік қатарлардың жасалуы мен олардың танымдық ерекшеліктерін айқындауға, синонимдердің денотаттық және сигнификаттық қызметтерін көрсетуге, сөз варианттары мен синонимдердің арақатынасын тереңірек ашып көрсетуге арналған.

Зерттеу жұмысының өзектілігі. Қазақ тіл біліміндегі синонимдердің зерттелуі Ә. Болғанбайұлының есімімен байланысты. Ғалымның бұл саладағы зерттеуінің ғылыми айналымға енгеніне де жарты ғасыр уақыт өтіпті. Содан бері синонимдер, әсіресе, сын есімді синонимдер мен олардың жасалу жолдары, ұлттық таныммен ішкі гносеологиялық байланысы зерттеу нысанына айналмаған. Қазіргі қазақ тіліндегі синонимдердің сөзжасамдық тәсілдер арқылы жасалуын, пайда болуындағы ұлттық дүниетанымның рөлін, функционалды-семантикалық өрісін, қолданылуындағы стилистикалық сипатын қарастыру - теориялық тұрғыдан зерттеу нысанына айналып, қазақ тіл білімінің қажеттілігінен туындап отыр.

Зерттеу жұмыста сындық ұғымды білдіретін, яғни адамды сипаттайтын сын есімдердің синонимдік атаулары қарастырылады. Сондықтан бұл зерттеу жұмысы бүгінгі күнде қазақ тіл ғылымы үшін маңызды, өзекті болып саналады.

Зерттеу жұмысының нысаны. Адамды сипаттайтын сын есімдердің синонимдік қатарларын (ағылшын, қазақ материалдары негізінде) анықтау.

Зерттеу пәні. Қазақ тіліндегі синонимдер және оның сөзжасамдық жолдары.

Зерттеу жұмысының мақсаты мен міндеттері. Зерттеудің негізгі мақсаты - қазақ тілі жүйесіндегі синонимдердің сөзжасамдық жолдарын, ғылыми-теориялық тұрғыдан зерттеу. Осыған байланысты зерттеу жұмысында төмендегідей міндеттер шешу көзделді:

  • сын есімді синонимдік атаулардың сөзжасамдық сипаты мен мағынасына талдау жасау;
  • сын есімді синонимдердің тілдік варианттармен ұқсастығын, айырмашылығын анықтау;
  • адамды сипаттайтын сын есімдердің синонимдік қатарларын анықтау;
  • сын есімді синонимдік атаулардың қызметтерін көрсету;
  • адамды сипаттайтын сын есімдердің ағылшын және қазақ тілдеріндегі синонимдік қатарларын айқындау.
Зерттеудің дереккөздері. Дереккөздер негізінде М. Қашқаридың «Диуани лұғат ат-түрк», В. В. Радловтың «Опыт словаря тюркских наречии», «Древнетюркский словарь», Ә. Болғанбаевтың «Қазақ тіліндегі синонимдер сөздігі», С. Бизақовтың «Синонимдер сөздігі» және І. Кеңесбаевтың «Фразеологиялық сөздігі», «Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі» (10 т. ), «Қазақ әдеби тілінің түсіндірме сөздігі» (6 т. ) алынды.

Зерттеу жұмысының теориялық және практикалық маңызы. Зерттеу барысында алынған тұжырымдар мен қорытындылар қазақ тіліндегі сын есім синоним сөздердің мағыналық мәндестігі, жақындығы - номинативтік белгілері атау теориясына қосатын үлесі мол болмақ. Зерттеу жұмысында синонимдер мен олардың танымдық қырларының, стильдік ерекшеліктерінің синонимдер жайлы қалыптасқан теорияға белгілі дәрежеде үлес қосады. Практикалық тұрғыдан зерттеу жұмысының ғылыми тұжырымдары мен нәтижелерін жоғары оқу орындарында филология факультетінің студенттеріне «Қазақ тілінің лексикологиясы, «Қазақ тілінің сөзжасамы, «Қазақ тілінің семантикасы пәндері бойынша оқылатын дәрістер мен жүргізілетін практикалық сабақтарда, арнайы курстарда көмекші құрал ретінде, сонымен бірге ғылыми-зерттеу жұмыстарына пайдалануға болады.

Зерттеу жұмысы бойынша ұсынылатын тұжырымдар:

Синонимдік қатарлар сөзжасамның фонетика-семантикалық, синтетика-семантикалық, аналитика-семантикалық және семантикалық тәсілдері арқылы жасалады;

  • сөз варианттары - синонимдік қатарлардың жасалуының бір жолы, оның негізгі ұлттық дүние-танымының дамуымен тікелей байланысты;
  • сын атаулары негізінде пайда болған синонимдік қатарлардың жасалуына ұлттық танымның қосар үлесі мол, ол әр түрлі наным-сенім, әдет-ғұрып, салт-дәстүрге байланысты қалыптасқан тілдік бірліктерден анық көрінеді.

Зерттеу жұмысының әдіс-тәсілдері. Зерттеу әдістері мен тәсілдерін белгілеу, ғылыми жұмыстың алға қойылған мақсаты мен міндеттеріне байланысты туындап отырады. Жұмыс барысында жинақтау, мәліметтерді статистикалық тұрғыда өңдеу тәсілі, құрылымдық, сипаттау, салыстырмалы-типологиялық, салғастыру, тарихи-этимологиялық, талдау, нақты материалды жинақтау барысында бірыңғай іріктеу әдістері қолданылады.

Жұмыстың әдістанымдық негіздері . Синонимдердің зерттелуі, синонимдік қатарлардың жасалу жолдары мен танымдық жағынан қарастыруда А. Байтұрсынұлы, Қ. Жұбанов, Ғ. Айдаров, Ә. Құрышжанов, М. Томанов, Ә. Болғанбаев, Ғ. Қалиев, Б. Әбілқасымов, Б. Қалиев, Ф. Мұсабекова, Ф. Оразбаева, М. Серғалиев, Ш. Құрманбайұлы, Ж. Манкеева, Н. Уәлиұлы, Б. Сағындықұлы, А. Салқынбай, Г. Смағұлова, Б. Қасым, А. Н. Кононов, Ю. Д. Апресян, В. А. Маслова, И. И. Ильин т. б. зерттеушілердің ғылыми еңбектері мен мақалалары басшылыққа алынды.

Зерттеу жұмысының құрылымы. Зерттеу жұмысы кіріспеден, екі негізгі бөлімнен, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

I ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕГІ СИНОНИМДЕРДІҢ ЖӘНЕ СИНОНИМДІК ҚАТАРЛАРДЫҢ ЖАСАЛУЫ

  1. Синонимдік қатарлар мәселесі, оның қолдану аясы.

Синонимдік қатар - тілдің жалпы жүйесіндегі микро жүйе. М. Ф. Палевская былай есептейді. Бұл микро жүйе бір немесе бірнеше объективті іс - әрекетке негізделеді [1, 98] . Тілдің жалпы жүйесінде синонимдік қатар өзін белсенді ұстайды. Тілдің даму заңнамасында ол синонимдік қатардағы өзгерісін, дамуын, көбеюін, азаюын толығымен көрсете алады.

Лингвистикалық әдебиетте синонимдік қатар туралы бірнеше анықтама берілген. Ю. Д. Апресян синонимдік қатар өзіндік жүйесі бар тарихи топқа жататын сөздер десе, В. А. Серотина синонимдік байланысқа түскен сөздер тобы дейді.

Шарль Балли синонимдерге өзіндік үлесін қосқан бірден бір зерттеуші синонимдік қатар құрайтын синонимдерді «иницатар сөздер» деп атайды.

Тілдің лексикалық жүйесіндегі өзгеріс синонимдңк қатарларда және фразеологиялық оралымдарда нақты көрінеді.

Кей кездерде синонимдік қатар микро тақырыптармен сөзбен мазмұнының құрылымын құрылымы мен тепе тең келеді.

Тілдің синонимиялық жүйесін қарастырғанда оның тілдік қағидаларын ескеру қажет. В. Г. Велюман синонимдік қатарға жататын синонимияның белгілерін семантикалық сөздермен ауыстырып қолдануға болады деп есептейді. Синонимдік қатарлардың факультативтік белгісі ретінде сөздің морфологиялық құрылымы мен дыбыстық жағын ұқсастыра салыстырады [2, 60] .

Сөздердің тақырыптың байланысы микро тақырып немесе синонимдік қатарын өзгеруіне алып келеді. Ауыспалы мағынадығы сөздер оның тең дәрежедегі мүшесі бола алады. Сондықтан синонимдік қатарға тура мағынасындағы сөздер мен тек қана сөздер немесе фразеологиялық оралымдар ғана емес сонымен қатар ауыспалы мағынадағы сөздер мен оралымдар жатады.

Сөз бұл лексикалық және грамматикалық мағынасындағы білдіретін дыбысты белгі. Тек қана сөздің негізгі мағынасы арқылы сөздің көп мағыналығы анықталады. Керісінше, сөздің тура және ауыспалы мағынадағы тілдің синонимиялық жүйесі арқылы анықталады.

Қазіргі тіл білімінде синонимдік қатардан доминант сөзді бөліп алу жақсы жолға қойылған. В. А. Серотина былай деп көрсетеді: «доменант сөз қолдану аясына қарай ешқандай эмоционалды экспресивті белгіде болмауы керек».

Сөздің көп мағыналығы доменантты ажыратуды қиындатады. В. Н. Клюева былай дейді: «кең көлемді» мағынада алынған доменант синонимдік қатарды айыруға кедергі жасайды, оны тек қана шектеулі мағынада қолдану керек [3, 7] .

Доминантты ажырату ешқандай күдік келтірмейді: керсінші доменанттар синонимдік қатарлардың мүшелерін бір - бірімен ажыратуға мүмкіндік береді.

Ағылшын тілінде түсіндірмелі және синонимдік қатарлар сөздігін зерттегенде қазіргі ағылшын тіліндегі нормадан жоғары сапалық мағынасын білдіретін 30 сын есімдер анықталады. соның ішінде жиі қолданысқа түсетін (good, nice, fine…), қолданысқа түсетін сөздермен стилистикалық белгісі бар (magnificent, first - rate, marvelous…) сөздер қолданылған.

Синонимдік қатарларда бұл сын есімдер эмоционалды және стилистикалық белгілер өсу дәрежесі бойынша орналасқан. Синонимдік қатарлардағы барлық жерде кездесетін сөз «Old» сөзі. Бұдан былай жоғары нормадағы сапалық сәйкестік мағынасын білдіретін синонимдік қатардағы «Old» сын есімдерін доменант деп есептейміз.

Қазақ тіліндегі сын есімдер мағыналық жағынан зат есімдермен ұштасса, мәні мен қызметі жағынан есімшелердің, кейде үстеулердің кейбір топтарымен жалғасып жатады. Зат есімдермен мағыналық байланысының себебі осыдан бұрынғы тақырыпта айтылды. Ал, сын есімдердің кейбір түрлерінің (көбіне етістік, негізгі сын есімдердің) есімшелермен (немесе үстеулермен) байланысы бірыңғай формалардың тілдің даму барысында әрі есімше, әрі сын есім, келде үстеу ретінде қалыптасады. Бір мысал: Көк -түс аты, аспан - есімше тұлғасы, еын есім; -қы: шайқы - зат есім; -қыш: тұтқыш - зат есім, тапқыш - сын есім. Түркі тілдеріндегі сын есімдердің бір ерекшелігі-(мүмкін, тек қана түркі тілдерін деп емес, жалпы алтай тілдеріндегі) оларды басқа сөз таптардан ерекшелейтін, басы ашық тек қана «сын есімдерге тән» деп қарауға болатындай морфологиялық тұлғалардың өте аздығы (немесе тіпті жоқтығы) . Айталық, қазақ тіліндегі сын есім жасайтын қосымшалы түп негізі жағынан-лық қосымшасының тарихи варианты. Ал-лық көне түркі тілінің өзінде таза сын есім жасайтьш қосымша болмағаны мәлім, сын есімнің шырай түрлерін жасайды деп есептелетін тұлғалардың қалыптасуы тіл дамуының кейінгі дәуірлерінде болса керек. Бұлардың бәрі сын есімдер деп аталатын грамматикалық топ түркілердің негіз тілі құрамына қатысты деп тұжырымдауға дәлел болмайды. Сын есімдердің басқа топтарынан (әсіресе, зат есімдерден) семантикалық және грамматикалық жағынан жіктелуі, өз алдына топ ретінде оқшаулануы тілдің даму барысында орныққан құбылыс болса керек. Түркі тілдері құрамында сын есімдер екі түрлі жолмен қалыптасқан: 1. Есімдердің (зат есімдер де, қимыл есімдері де) контексте қолданылу барысында сын есімге айналуы (трансформация) ; 2. Есімдердің басқа топтарынан оқшаулана морфологиялық жүйенің қалыптасуы.

Сын есімдердің қалыптасуы есім тұлғаларының әуелі анықтауыштық қызметке ие болып, соның нәтижесінде сындық мән алып, тұрақталуына негізделеді. Бұл жолмен (трансформация) жасалғандарға қазіргі тіліміздегі негізгі сын есімдердің көпшілігі жатады, яғни қазіргі түркі тіл-дерінің барлығында кейбір фонетикалық өзгерістермен қолданылатын көк, қара, қызыл, жасыл, сары, жас, кәрі т. б. сын есімдер осы жолмен қалыптасқан. Бұл сөздердің арғы негізі әр түрлі есім де, етістік те болуы мүмкін. Айталық, қара дәлел: қара сөзі зат есім мәнін де береді (қара көрінді) ; ал етістік деп қарауға дәлел - бұл сөздің етістік тұлғасы қарай, соңғы -й элементі көсемше тұлғасы. Ал, көсемше тек етістік түбірден ғана жасалатыны белгілі, сары сын есімінің арғы негізі - етістік, бұл сөздің көне түркі ескерткіштері тіліндегі тұлғасы сарығ, соңғы-ығ әдетте етістік түбірге жалғанатын қимылсын қосымшасы. Сонымен, осы айтылғандардан шығатын қорытынды: негізгі сын есімдер сібаста әр түрлі есім * тұлғалардың қолданысы негізінде қалыптасқан. Жоғары фактілерден байқалып отырғандай, трансформация жолымен түбір сөздер ғана емес, туынды түбірлерде де сын есімге айналған. Негізгі түбірлер сапалық сын есімдерге ұйтқы болса, туынды түбірлер көбінесе қатыстық сын есімдердің негізін қалады. Туынды түбірлер негізінде қалыптасқан сын есімдердің едәуір тобы қазіргі тілде шырай қосымшаларын қабылдамайды. Мысалы: Кеш - кешірек, кештеу, бірақ кешкі сын есімі шырай қосымшаларын қабылдайды.

Ал, сын есімдер жасаудың екінші жолы - оларды басқа сөздер тобынан ерекшелейтін морфологиялық жүйенің қалыптасуы - туымды есім түбірлердің трансформация жолымен сын есімге айналуына негізделсе керек. Туынды түбірлердің текст құрамында қолданылу барысында сындық мән алып, орнығуы олардың форманттарының сын есімдік мән туғызу тәсілдері ретінде қайта ұғынылуына жағдай жасады (аналогия) . Осы жолмен есімдерден сын есім жасайтынлы және -лық (бір аффикстің екі варианты) етістіктерден сын есім жасайтынқын, -ар, -қыр т. б. аффикстер құралған, сын есім жасаудың морфологиялық жүйесі қалыптасты.

Қазіргі түркі тілдеріндегі сын есімдерді морфологиялық тұрғыдан екі топқа бөліп қарастыру қалыптасты. Ондай топтар: негізгі есімдер және туынды сын есімдер. Негізгі сын есімдер тобында әдетте бүгінгі тіл құрамында бөліп қарауға келмейтін, түбір ретінде ұғынылатын сөздер жатады да, туынды сын есімдерге қосымшалар арқылы басқа сөз таптарынан (есімдер мен етістіктерден) жасалған сын есімдер жатады.

Негізгі сын есімдер: ақ, қара, көк, қызыл, сары, ала, жақсы, жаман, зор, үлкен, кіші, тегіс, бай, кедей сияқты сөздер барлық түркі тілдерінде айтылады, (әрине, әр тілдің немесе тілдер тобының өздеріне тән фонетикалық ерекшеліктеріне сай) . Негізгі сын есімдердің едәуір тобы, әсіресе түр-түсті білдіретін сын есімдер бүгінгі түркі тілдерінде кейбір фонетикалық ерекшеліктермен түгел қайталанып отырады. Мысалы, қазақ: ала, ноғай: ала, ұйғыр: ала, алтай: ала, түркімен, әзірбайжан: ала т. б. сол сияқты заттың ерекшелігін білдіретін сөздер түркі тілдерінің барлығына дерлік тән, мысалы, қазақ: жаңа, ноғай: йаңы, құмық: йаны, ұйғыр: йени, түрік: йени әзірбайжан: йеңи, чуваш: джіні, қазақ, ұйғыр, қарақалпақ: көк, түрік: татар: күкт, якут: күрк, чуваш: қалак, түркімен: т. б. Сонымен бірге негізгі сын есімдердің кейбір түрлері, әсіресе заттың әр түрлі сапалық ерекшеліктерін білдіретін сын есімдер жеке тілдердің қалыптасу, даму ерекшеліктеріне лайық өзгеше болып отырады: бұл жерде, әеіресе чуваш тілін еске алу керек. Мысалы, чуваш: ваты -қарт, кәрия, віті - ұсақ, майда, хырақ, хырах - жалғыз, лутака - аласа, домалақ. Бұл ұғымдар көпшілік түркі тілдерінде басқа сөздер арқылы беріледі. Чуваштық эквиваленттер басқа түркі тілдері мен чуваш тілі арасында белгілі дыбыс сәй-кестіктеріне жатпайды, чуваш тілінің өзіндік дамуының нәтижесі болып табылады .

Сонымен қатар сөздік қордың басқа саласы сияқты, сын есімдер тобы да басқа тілдермен байланыс арқылы толығып отырған. Чуваш тіліндегі -лытқы, -тыныш, -лутака -аласа, жатаған, янкар - шірік, шулятра - үлкен, дәу т. б. толып жатқан сын есімдер, өзбек тіліне араб, парсы тілінен енген сын есімдер т. б. осы жол арқылы қалыптасқандар. Туынды сын есім жасайтын аффикстердің бірі және осы қызметте ең жиі қолданылатын -лық, -лік (бұлардың фонетикалық варианттары -лығ, -ліг, -лы, -лі) Бұл аффикске қатысты ескеретін бір жай - көне түркі, ескі түркі (орта түркі) тілдерінде бұл аффикс көбіне -лығ (соңғы дыбысы ұяң -ғы) сипатында айтылған да, әрі зат есім, әрі сын есім жасаған. Бұл аффикстің -лық варианттарының қалыптасуы - фонетикалық өзгерістерінің нәтижесі.

Мұндай аффикстердің ұяластығы бүгінгі тіл құрамында қолданылу ерекшеліктерінен байқалады, Мысалы, қазіргі қазақ тілінде -лы орнына -лық немесе керісінше қолданылу кездеседі (аудандық жер - ауданды жер) .

Қазіргі түркі тілдерінде -лық және лы аффикстері арқылы жаңа сөз тудыру қатыстық сын есімдер (яғни туынды сын есімдер) жасалуының ең өнімді тәсілдері болып табылады. Тува: даштығ (тасты), дағлығ (таулы), суғлығ (сулы), өзбек: куркинчли (қорқынышты), хакас: маллығ (малды), тоннығ (тоңды, киімді), башқұрт: ішлі (етті) . Осы тұлғалас қатыстық сын есімдердің қазіргі түркі тілдеріндегі семантикасы мен қолданысы көбіне ыңғайлас болады да, тілдер бүл жөнінде бір-бірінен пәлендей оқшау құбылыс байқатпайды.

Дегенмен, қазіргі кейбір тілдерде бұл тұлғалы сын есімдердің өзгеше қолданысы да (көне түркі тілімен салыстырғанда) байқалады: -лы, -лық тұлғалы сын есімдер кісінің ұлт, мекенге қатыстылық мәнін білдіреді. Мысалы, қарашай: қытайлы (қытайлық), оруслу (Ресейлік), карачайлы (қарашай, қарашайлық), түрік: истанбуллы (Стамбулдық), түркімен: Морылы (Морайлық) өзбек: Самарқандік (Самарқандық) т. б. Бұндай қолданыс -лы, -лық тұлғалы сын есімдердің семантикалық дамуының нәтижесі. Түркімен, ұйғыр тілдерінде осы мәнде -лық, -лек аффиксі де қолданылады: ітлек (етті), музлақ (мұзды) . Якут тілінде осы мәнде -тах, -тәх аффикстері айтылады: аттах (атты), оғолох (ұлды) .

Қатыстық сын есім жасайтын аффикстердің бірі -шақ, (-шек і-чан, -чен, -ча), Бұндай түлғалы сөздер белгілі бір іске, әрекетке, әдетке ыңғайлылықты, икемділікті біл-діреді. Қазақ: бойшаң, алтай: соғушчан (төбелесшіл), ұрысқақ, татар: талайчән (талайшыл), өзбек: сүзчан (сөзшең) т. б. Қазақ тілінде, тағы басқа тілдерде бұл мәнде -қақ, -кек аффикстері айтылады (ұрысқақ) . бұл айтылғандардан басқа есім түбірлерден сын есім жасайтын аффикстер мыналар: -қы, -кі: қысқы, жазғы, әзірбайжан: ахшамықа (ақшам уақытындағы, кешкі), түрік: сабаһқы (ертеңгі), чуваш: сурки (көктемгі), тува: часқы (көктемгі) т. б. -дақы, -декі жоғарыдағы аффикс пен жатыс жалғау қосымшасынан құралған: ауылдағы, үйдегі, түрік: долаптақы (шкафтағы), якут: тыатағы (тайгадағы), хакас: чирдеги (жердегі) т. б. Қазіргі түркі тілдері құрамында сын есім жасайтын аффикстердің жалпы саны әдәуір. Бірақ олардың көпшілігі (жоғарыда айтылғандардан басқалары) өнщсіз, азын-аулақ сөздер құрамында ғана кез-деседь Мысалы: -ғай аффиксі қазақ тілінде қапсағай тәрізді бірен-саран сөздер құрамында ғана үшырайды. Ал, татар тілінде айтылатын -лач, -леч аффикстері (итләч -етті, йыплач -жүндес) қазақ тілінде атымен кездеспейді. Немесе қарашай-балқар, түрік тілдеріндегі (ақылман, қараман), алтай тіліндегі -сығ (дашсығ -тас сияқты, кіэзізіг-кісілік), қазақ тіліндегі -гөй (ақылгөй) тәрізді аффикстер көбіне аталған тілдерде және бірен-саран сөздер құрамында айтылады. Сондай-ақ жеке аффикстердің белгілі бір тілдер құрамында қолданылу дәрежесі де бірдей болып келмейді. Мысалы: қазақ тілінде -маң. аффиксі сын есім жасамайды, ал қарашай-балқар, түрік тілдерінде сын есім жасайтын аффикстер қатарына жатады. Сол сияқты -сақ аффиксі қазақ тілінде кейбір есімдерге қосыльш, субъектіні, бас-қалардан ерекшелейтін қылық, мінезге үйірлігін білдіретін сын есімдер жасайды: сусақ, малсақ т. б. Бірақ шай, айыр, балық т. б. есім сөздерге жалғанбайды, яғни сондай зат есімдерден сын есім жасамайды. Екінші сөзбен айтқанда, мұндай қолданыс қазақ тілінде норма емес, ал алтай тілінде: арақызақ (арақ құмар), үйқұзақ (үйқышыл), тува тілінде: « айунзақ (ойынға құмар), чайымсақ (шайқұмар), балығым-сах (балыққа қүмар), якут тілінде: этімсех (етке қүмар, ет құмар) т. б. Қазақ тілі мұндай жағдайда -шыл, -қор, -құмар тәрізді қосымшаларды қолданар еді. Қолданысқа байланысты мұндай ерекшеліктер көбіне әдеби тілдің даму ерекшеліктерімен ұштасып жатады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ЗАТ ЕСІМДІ СИНОНИМДІК ҚАТАРЛАРДЫҢ ЖАСАЛУЫ
Синонимдік қатарлардың жасалуы және когнитивтік мәні (зат есімдердің негізінде)
Синонимия және сөз варианттары
Синонимдердің пайда болуы
Синонимдердің мағыналық реңкі
Функционалды стиль түрлерінде синонимдік қатарларды оқытудың әдістері
Әдеби тілде ұшырасатын сөздердің мағыналық айырмашылықтары
Мұхтар Әуезов синонимдерді қолдануда стилистикалық бояумен әшкелеудің шебері
Қазақ тіліндегі синонимдердің зерттелуі
Мағыналас фразеологизмдер
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz