Дамыған және дамушы елдердің экономиканы мемлекеттік реттеуі



Кіріспе.
1. Мемлекттің экономикаға араласуының негізгі себептері
1.1 Дамушы және дамыған елдердің экономиканы мемлекеттік реттеуі.
1.2 Қазақстанның экономикасын мемлекеттік реттеуіндегі негізгі бағыттар.
Қорытынды.
Соңғы уақыттағы жаһандық деңгейдегі өзекті мәселелердің бірі әлемдік қаржы дағдарысы екендігі белгілі. Тіпті соғыс, саяси қақтығыс немесе мемлекет басшысын сайлау сияқты басқа да маңызды мәселелерді тілге тиек етсе де, экономикамен байланыстырып айтылады. Оның үстіне, саясатқа қарағанда қаржы саласы ешкімді бейтарап қалдырмайтыны тағы бар. Бұл жағдайда Елбасы Н.Назарбаевтың «Алдымен – экономика, содан кейін – саясат» деген сөздерінің саяси ұран ғана емес, әлеуметтік саяси тұрақтылықтың қажетті шарты орнықты дамушы экономикаға негізделген мемлекет құрылымының жүйелі қағидаты екендігіне енді бір мәрте көз жеткізе алдық.

Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 17 бет
Таңдаулыға:   
әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті
экономика және бизнес факультеті
экономикалық теория кафедрасы

РЕФЕРАТ
Тақырыбы: Дамыған және дамушы елдердің экономиканы мемлекеттік реттеуі.

Орындаған: Сисембаева Г.Б.
Тобы: Эк07К1
Тексерген: э.ғ.д. профессор Шеденов Ө.Қ.

Алматы 2009

Жоспар

Кіріспе.
1. Мемлекттің экономикаға араласуының негізгі себептері
1.1 Дамушы және дамыған елдердің экономиканы мемлекеттік реттеуі.
1.2 Қазақстанның экономикасын мемлекеттік реттеуіндегі негізгі бағыттар.
Қорытынды.

Кіріспе

Соңғы уақыттағы жаһандық деңгейдегі өзекті мәселелердің бірі әлемдік қаржы дағдарысы екендігі белгілі. Тіпті соғыс, саяси қақтығыс немесе мемлекет басшысын сайлау сияқты басқа да маңызды мәселелерді тілге тиек етсе де, экономикамен байланыстырып айтылады. Оның үстіне, саясатқа қарағанда қаржы саласы ешкімді бейтарап қалдырмайтыны тағы бар. Бұл жағдайда Елбасы Н.Назарбаевтың Алдымен - экономика, содан кейін - саясат деген сөздерінің саяси ұран ғана емес, әлеуметтік саяси тұрақтылықтың қажетті шарты орнықты дамушы экономикаға негізделген мемлекет құрылымының жүйелі қағидаты екендігіне енді бір мәрте көз жеткізе алдық. Егер математикалық тілмен сөйлесек, кез келген жүйенің мейлінше тұрақтылық көрсеткіші қандай да болса ауытқудың болмауымен емес, сол ауытқудың қандай да бір күшті сыртқы ықпалдың әсерінен алдын-ала белгіленген шекарадан шықпауымен бағаланады. Демек, бүгінгі әлемдік қаржы дағдарысы мемлекеттік құрылымның беріктігін сынап отырған әлгі күшті сыртқы ықпалға айналды. Мұндай жағдайда алдағы оқиғаны болжай білу, елді еш әбігерсіз стратегиялық мақсатқа жетелеу мемлекеттік басқару жүйесінің кемелденгендігін білдірсе керек.
Қазіргі кезде біз кезінде тым ақылгөй болып көрінген ғылыми теориялар мен оларға негізделген ойға сыймас ақыр заманғы болжаулардың орындала бастағанын көріп отырмыз: кейбір мемлекеттер тұтасымен өздерін банкрот етіп жариялауда (мысалы Исландия), американдықтар - ауыспас қаржы алпауыттары байырғы ұлылығын ұмы - тып, өздерінің жылтыр аяқтарымен әбігер - ле - ніп, сүрініп-қабынуда, ал мыңжылдықтар бойы жеке меншіктің мызғымас нышанына айналған ірі Швейцар банктері ұялмастан мем - лекет меншігіне өту мүмкін - діктерін қарастырып жүр. Сонымен қа - тар, бізді нарықты мем - лекеттік реттеу үшін сынап-мінеп жүрген кейбір еуропалық либе - рализмнің апологеттерінің Карл Маркстың еңбектерін зерттеп, мемлекеттің экономикаға бел - сенді араласу теориялық ірге - тасын іске асыру жолдарын қарастыруда. Осылай нарықтық экономиканың негізін қалаушылардың бірін берген Ұлыбритания Премьер-Министрі өзінің Мен капитализмді жү - гендеймін атты мақаласында нарықтық жүйеге күмән келті - ріп, мемлекет көмегі - мен экономиканы қолдауды ұсынады. Олардың қасында нарықтық құн - дылықтарға кейіннен кі - рік - кен мемлекеттердің (Венгрия, Украина және т.б.) өз беделі туралы ұмытып, жедел түрде ХВҚ (МВФ) және басқа да халықаралық институттардан қаржылық көмек сұрауы еш таңдандырмайды. Мұндай маңызды оқи - ға - лар - дың қарқынды дамуы барлық мемлекеттерді туындаған сауалдарға жауап іздеуіне итерме - лей - ді. Жаппай ақиқат сәті туындауда. Оның ішіндегі біздің мемле - кетіміз үшін де.

1. Мемлекттің экономикаға араласуының негізгі себептері

Жаһандану үстіндегі әлемдік кеңістікте "рыноктың көрінбес қолымен" және белсенді мемлекеттік реттеу арқылы халықаралық еңбек бөлінісіне тартылған елдердің өзара тәуелділігінің, өзара астасуларының күшеюі байқалады. Ұлттық экономикалардың бір-біріне тартылысында тереңдей де кеңейе түскен сауда байланыстарына ерекше рөл жүктеледі. Индустриялық және дамушы елдердің экспорттық-импорттық саясатқа әрқилы қатысуы, соңғыларының тәуелділігі күшейе түсуі әлемдік экономикадағы күштер орналасуына ықпал етіп келеді.
2007 жылдан басталған Америкадағы ипотекалық дағдарыс пен содан кейінірек азық-түлік тапшылығынан туындаған проблемалар біздің елімізді қапы қалдырмады. Президент тапсырмасымен қысқа мерзімде дағдарысқа қарсы бірінші кезектегі іс-шаралар жоспары әзірленді. Жедел түрде екінші деңгейдегі банк - тердің өтімділігін қолдау бойынша шаралар қабылданды. Сонымен қатар, бізден кейін осындай қадамдар Ұлыбритания, АҚШ, Ресей тараптарынан да жасалды. Уақытында қабылданған шаралар өз нәтижесін беріп, қазіргі мем - ле - кетіміздің қаржы-несиелік жүйе - сі тұрақтанды, оны тіпті ХВҚ сарапшылары да мақұлдаған. Мұнда мәселе тек сол екінші деңгейдегі банктерге 4 млрд. доллардың жетіс - пеуінде ғана емес еді. Мемлекет бірде-бір банктың ойсырауына жол бермеу үшін барлық қолынан келген шараларды жасауға даяр екендігі осы салаға сенімділік білдірді. Бүкіл әлем бойынша тұрғындар салымының қайтарылуы белең орын алса, біздің елімізде кері - сінше жыл басынан бері ол 30 пайызға артқан.
Жаңандық азық-түлік қорының төмендеп, оның қауіпсіздігі әрбір мемлекеттің басты мәселесіне айналудағы бүкіләлемдік тенденцияны ескере отырып мақсатты жұмыс жасалды. Ол туралы биылдың өзінде ауыл шаруашылық саласына мемлекеттік бюджеттен көрсетілген көмектің көле - мімен өлшеуге болады. Азық-түлік қауіпсіздігі үкімет бағдарламасы шеңберінде біз әрбір өңірде мемлекеттік азық-түлік қорын жасадық. Осы жы - лы мем - - лекет импортпен сатып ал - ған өнімді өндіру көлемін ұл - ғайтуға 135 миллиард теңге бөл - ді. Мысалы, Қызылорда облысы бойынша күріш өндіру үшін субсидий көлемін 7,5 мың теңгеден 20 мыңға дейін үш есеге ұлғайтты. Нәтижесі жер - гілікті ауыл шаруашылығын өнді - рушілерді қорғауға және күріш өсіруші шаруашылықтарға қо - сымша 1 млрд. теңге бөлуге көмектесті.
Экономикалық өзгерістердегі локомотив қызметін мемлекет өз жауапкер - шілігіне алу арқылы тұрақты экономикалық жүйе құрады.
Ең бастысы, экономика дамуындағы нарықтық механизмдер мен оны мемлекеттік ынталандыру тәсілдері арасында қа - жетті баланс табылды. Бүгінде мемлекет салмақты ресурстарды иемдене отырып, эко - номикалық салаларды аса бір машақатсыз қолдай алады, сондай-ақ, өзіне жүктелген әлеу - меттік міндеттерді әрі қарай кең ауқымда жалғастыра алады.
Алдымен айта кетерлік жағдай, басқа елдердегі мемлекеттік реттеу әлеуметтік экономикалық жағдайымызға өзгертпей көшіріп алу емес. Бұл келесі объективті сипаттағы себептерге байланысты мүмкін емес:
Республика басқа елдердегі саяси, табиғи-экономикалық, әлеуметтік- демографиялыық, этномәдени және тағы да басқа себептерге байланысты өзгешеленеді;
Қазіргі Қазақстан жағдайында біз ұлттық экономиканы құру процесіндеміз және де әлемдік экономикалық тарихта әкімшілік-жоспарлық шаруашылықтан нарықтық экономикаға өткен бізге ұқсас ешбір ел жоқ.
Басқару жүйесі мен шаруашылықта негізгі өзгерістер белгілі бір себептерге байланысты тиісті негіздеусіз жүргізіледі және революциялық көрініс табады, ал нарықтық экономиканы мемлекеттік реттеу шаралары олардың эволюциялық даму нәтижесі болып табылады.
Бірақ та шет елдер тәжірибесін ғылыми қорытындылау қажеттігі келесі жағдайлар бойынша түсіндіріледі: біріншіден, экономиканы мемлекеттік реттеудің қағидалары мен жүйесінің тұжырымдамалы негізін, түбірін анықтауға мүмкіндік туады, екіншіден, аралас экономиканың жалпы заңдылықтарын анықтау мүмкіндігі туады, және де бұл Қазақстан жағдайында мемлекеттік реттеудің механизмдерін түістіруге мүмкіндік жасайды, үшіншіден, мұндай толықтыру мемлекеттік реттеудің нәтижелерін салыстырып талдауға мүмкіндік береді.

1.1 Дамушы және дамыған елдердің экономиканы мемлекеттік реттеуі.

Ұлы дағдарыс жылдары ( 20- жылдардың аяғы мен 30- жылдардың басы) алдыңғы қатарлы капиталистік елдердің нарықтық экономиканың өзін өзі толық реттей алмайтындығына көздері жетті және де туындаған қиындықтарды уақытында шешу тек әлеуметтік экономикалық өмірге мемлекттің белсенді араласуымен ғана жүзеге асатынын түсінді. Бұл ақиқатты мойындау елдегі экономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ететін ресми мемлекеттік ұйымдардың ресми ұсынымдарынан көрініс тапты. АҚШ-тағы жұмыспен қамтамасыз ету туралы Заңға сәйкес (1946 ж.) құрылған Президенттік экономикалық Кеңесі осы заңның талаптары бойынша барынша өнірісті толық қолдап, жұмысбастылықты, халықтың тұтынушылық қабілетін сақтай отырып, мемлекеттік монополистік реттеумен айналысты. 60-жылдардың соңында аталған Кеңеске міндет ретінде экономикада ұлттық басымдылықтарды анықтау, ұзақ мерзімдік болжау мен бағдарламалар жасау әдістерін әзірлеу жүктелінді.
Капиталистік елдерде бағдарламалаудың алғашқы кезеңдерінде экономиканы басқарудың салааралық қағидасы қолданылды. Францияда, Швецияда, Жапонияда, ФРГ және тағы басқа мемлекеттерде дайындалған салааралық бағдарламалар барлық шешуші экономикадық салаларды қамтиды және олардың дамуын маңызды және тұтастай болжауда үлкен рөл атқарады. 80-жылдардың басында АҚШ-та мұндай бағдарламалар 1200-ге жуық болды. Бұлардың ішінде энергияны үнемдеу, космостық зерттеулер, аймақтық даму басты орын алды. Бұл бағдарламаларды жүзеге асыру барысы салааралық байланыстарды күшейтуге бағытталған мемлекеттік шараларды қажет етті. Сондықтан АҚШ-та 20 жыл бұрын орталық экономиканы басқару органдарының аймақтық филиалдары құрылған, тиісті аймақтық Комиссияның міндетті бағдарламаларды жүзеге асыруға байланысты ұйымдастырушылық мәселелерін шешу болып табылған. Бұл тәжірибе біздің жағдайға пайдалы болар еді. Нарықтық жүйеге көшуге байланысты эйфория халық шаруашылық мәселелерін тиімді шешу жолдарын кейінге қалдырады.
Францияда, Жапонияда, Түркияда және т.б. елдерде ағымдағы, орта мерзімдегі жоспарлаудың ғылыми әдістемелік және ұйымдастырушылық мәселелерін арнайы мемлекеттік органдар шешеді. Францияда бұл қызметті Жоспарлау бойынша бас Комиссариат жүргізеді, Жапонияда Экономикалық жоспарлау басқармасы мен Аймақтық кешкнді даму департаменті және т.б. жүргізеді. Ұзақ мерзімді экономикалық даму және күрделі жұмсалымдар аясының құрылымдық саясатымен қатар өндірістің аймақтық орналасуының ұзақ мерзімді мақсаттарын белгілеу Жапонияның экономикасын жоспарлаудағы мықты жағы деп саналады.
Түркияда орта мерзімді жоспарлау 1963-1967 ж.ж. бірінші бесжылдық жоспардан басталып, жүйелі түрде жоспарлау уақытының міндеттеріне байланысты жүзеге асырылуда. Осындай алтыншы бесжылдық жоспарда нарықтық жүйенің дамыған күйін ескеріп, халық шаруашылығының макроэкономикалық көрсеткіштерін нақтылауға көп көңіл бөлінді.
Германияда экономиканы реттеу біраз басқаша, мұнда көбінесе бәсекелестікті қарғауға, мемлекеттің антимонополиялық және бақылау қызметін нығайтуға нарықтағы ірі кәсіпорындардың қосылуына тыйым салуға, жоспарлар мен бағдарламалардың әлеуметтік қызметін кеңейтуге көңіл бөлінеді.
Реттеуші органдардың басты міндеттерінің бірі аймақтардың үйлесімді кешенді дамуын қамтамасыз ету. Мысалы, Францияда 1982 жылы жүргізілген реформалардың нәтижесінде аймақтық шаруашылық жүйесін басқару иерархиясының үш деңгейінің функциялары ажыратылған (коммуналар, департаменттер, аймақтар). Ал департамент құрамына кіретін кантондар мен аудандардың өзіндік даму мәселелерін шешуде құқықтық және ұйымдастырушылық тәуелсіздігі жоқ.
Халық шаруашылығында аймақтық мәселелер мен оларды салалық экономикамен үйлесімді байланыстыруға Швецияның, Англияның, Германияның, Оңтүстік Кореяның және де басқа дамыған нарықтық жүйедегі елдердің көптеген үкіметтік шешімдері арналған. Бұл шешімдердегі басты ой, жергілікті билік органдары өзінің әлеуметтік экономикалық саясатын жүргізе отырып жалпы мемлекеттік және макроэкономикалық мақсатқа жету.
Қарастырылып отырған мемлекеттердің тәжірибесінен мемлекеттердің экономикасын реттеудегі күшті тетіктерінің бірі қаржы бюджет ресурстарын пайдалану және салық жинау механизмі болып табылады. Осы механизмдерді негізге ала отырып, бірнеше тұжырым жасауға болады. Біріншіден, бюджеттік қаржымен қаржыландыру арқылы (субсидиялар, дотациялар, субвенциялар, бюджет шығындарын жоспарлау) халық шаруашылығының басымдылықтарын және білімді көп қажет ететін салаларды жылдам дамыту мәселелері шешіледі.
Екіншіден, құрылымдық-инвестициялық саясатты жүзеге асыру үшін салық салу механизмі үлкен рөлді атқарады. Бұл механизм арқылы шаруашылық жүргізуші субъектілердің қызығушылығын арттыруға болады, өйткені олар өндіріс және өнеркәсіп салаларының тез дамуына әкеледі. Ол деген импортты ауыстыратын және бәсекеге түсе алатын түрлі тауарларды шығару.
Егер соңғы он жылдықтарда инвесторлар үшін елдердің тартымдылығы жұмыс күшінің төмен құнына негізделген, қазіргі кезде ол энергетикалық ресурстардың қолжетімділігімен айқындалады. Жер бетіндегі халықтың үштен бірінен астамы тұратын өсіп келе жатқан азиялық алыптар - Қытай мен Индия энергия ресурстарына деген орасан зор сұраныс танытып отыр. Мысалы, Қытай әлемде мұнайды тұтыну бойынша екінші орынға шықты. Осы экономикалардың өзін мұнай мен газдың сенімді көздерімен, оның ішінде шетелдегі неғұрлым белсенді инвестициялық саясат есебінен қамтамасыз етуге деген ұмтылысын танытатын энергия ресурстарының импортына өсіп келе жатқан тәуелділігі (2006 жылы Индияда - 70 %, Қытайда - 50 %).
Әлемдік тәжірибе барлық елдерде (Францияны, Германияны, Оңтүстік Кореяны және Жапонияны қоса алғанда) өнеркәсіптік саясат адресаттары ретінде салалар емес, компаниялар танылғанын куәландырады. Мысалы, Францияда әрбір салада өз айналасына ұсақ бизнесті біріктіруге және әлемдік нарықтарда шетелдік фирмалармен бәсекеге түсуге тиіс бір немесе екі ірі компания құрылған. Экономикалық жағынан дамыған елдердің қазіргі заманғы өнеркәсіптік саясаты үшін қатаң салалық басымдықтардың болмауы тән, бұл ең алдымен бизнестің жоғары әртараптандырылған бүкіл құрылымының салдары болды. Сондықтан өнеркәсіптік саясаттың негізгі адресаты ретінде көбінесе белгілі бір елде қалыптасқан, ел мүдделеріне жауап беретін корпоративтік құрылымдар танылады. Дәл осы жерде жалпыұлттық даму ресурстары: кәсіби кадрлар (маркетологтар, топ-менеджерлер), басқару өкілеттігі, алдыңғы қатарлы технологиялар мен қаржы ресурстары өспелі дәрежеде шоғырланады.
Қазіргі заманғы өнеркәсіптік саясаттағы маңызды рөл корпоративтік басқаруға тиесілі. Бұл ұғым кәсіпкерлік ортасы корпорациялар туралы заңдармен, бағалы қағаздар, инвестициялар шығару және оларды пайдалану саласындағы ережелермен, қор нарығының жұмыс істеу рәсімдерімен, бухгалтерлік есеп стандарттарымен және салық заңдарымен реттелетін фирмалар мен басқа да экономикалық субъектілер арасындағы күрделі өзара қарым-қатынас жүйесін танытады. Корпоративтік басқару инвесторлардың шешімдеріне және өз кезегінде капиталдың тиісті ағындарына әрі ресурстарды орналастыруға таралатын тәуекелдер, жаңа технологиялар мен адами капиталға инвестициялар саласындағы фирмалардың стратегиясына әсер етеді.
Осылайша, мемлекет пен трансұлттық компаниялар тандемі - салалар мен экономиканың тиісті сегменттерінде ірі компанияларды дамыту стратегиясымен байланыстырылған салааралық кешендерді дамыту стратегиясын әзірлеу.
Дамыған экономикалы елдерде (АҚШ, Жапония, Финляндия) өнеркәсіп кәсіпорындары НИОКР-ды өзін өзі ақтау мен өзін өзі қаржыландыру шарттарында жүзеге асырады және мемлекеттік шығыстардың үлесіне орта есеппен 30 % келгенде, ғылыми зерттеулер мен әзірленімдерге арналған барлық ұлттық шығыстардың 70 %-ына дейін игереді.
Үшіншіден, мемлекет және ғылыми салаларына шығындарын азайтпауы қажет. Соңғы он жылда Жапонияның әлеуметтік шаруашылық дамуындағы тәжірибесінен ғылым және білім экономикалық өсу моделінің интенсивті және негізгі құрылымдық факторы ретінде көрінеді.
Атап айтқанда, соңғы жылдар ішінде мемлекеттің ғылыми зерттеулер мен әзірленімдерге жұмсаған шығыстары: Швецияда ІЖӨ-ден 4 %-ға жуық, АҚШ-та, Германияда, Жапонияда - шамамен ІЖӨ-ден 3 %-ды, Ұлыбритания мен Францияда - 2 %-дан астамды құрады. Еуроодақ өзінің барлық мүшелеріне ғылымға бөлінетін қаржының деңгейін ІЖӨ-ден 2,5 %-ға дейін жеткізуді ұсынады.
Дамыған өнеркәсіптік елдерде экономикалық өсудің интенсивті моделінің икемді құралы экономиканы реттеудің ақша-несие механизмі болып табылады.
Австрия, Италия, Франция, Оңтүстік Корея, Жапония және тағы басқа елдердің үкіметтерінің баға деңгейін реттеу АҚШ елімен салыстырғанда өте қатал тәртіппен және арнаулы экономиканы басқару органдарымен жүзеге асырылады. Мысалы, Францияда мемлекеттік баға реттеу қызметтері бәсекелестік қызмет арқылы жүргізіледі және халық шаруашылығындағы бағаның бестен бір бөлігін қамтиды. Австрияда мұндай қызмет баға туралы арнайы заң арқылы жүзеге асады.
Венгрия шаруашылық жүргізуде кәсіпкерлікті ынталандырудың түрлерін алдын ала ескере жүргізген. Австрияның тиісті мемлекеттік органдары сыртқы экономикалық қатынастарды тереңдетуде экспорттық түсімдердің және импорттық төлемдердің тең болу қағидаларына сүйенеді. Австриялық тәжірибеде үкімет тарапынан жасалған бәсекелестік шаралар нарық экономикасына қолайлы жағдай туғызуымен ерекшеленеді.
Поляк Халық Республикасында нарықтық шаруашылық жүргізу модельіне тездетіп өтудің белгілі бір тәжірибесі қалыптасып отыр, мұнда жеке кәсіпкерлік қоғамның экономикалық рөлінде жаңа құбылыс болып табылмайды. Оның рөлі ауыл шаруашылық өндірісінде, саудада, қоғамдық тамақтану саласында елеулі.
Чехия республикасы үшін әлеуметтік-экономикалық салада тиімді және кешенді қайта құруларды салыстырмалы түрде қысқа мерзімде тез жүзеге асыру тән.
Қытай Халық Республикасында экономиканы мемлекеттік реттеу тәжірибесі белгілі бір қызығушылық туғызады. Қазіргі Қытай әлемдегі шоқтығы биік елдерге жатады. Бүгінгі Қытайдың экономикасы да, әскери қуаты да, әлеуметтік саласы да мығым. Олай демеске амал жоқ, өйткені аждаһа елінің бүгінгі қол жеткізіп отырған табыстарына көз салсаң, амалсыз илануға тура келеді. Жартылай аш-жалаңаш отырған Қытайға 1978 жылдың күзінде Дэн Сяопин алғаш рет нарықтық экономиканың тәжірибесін жасауды ұсынды. Артынша аспан асты елі ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бәсекелік артықшылық
Кедендік төлемдер және салықтар.Кедендік төлемдерді есептеу және төлеу тәртібі
Еркін сауда аймақтары
Халықаралық экономика туралы
Сыртқы экономикалық қызметте саясаттың қалыптасуы
Қазақстан Республикасындағы инновациялық инфрақұрылым элементтернің даму жолы және бүгінгі жағдайы
Экономиканы мемлекеттiк реттеудiң шетелдiк тәжiрибесi жайлы
Халықаралық экономикалық қатынастардың жиынтығы
Халықаралық еңбек бөлінісі. Халықаралық интеграция. Халықаралық сауда
Халықаралық сауданың теориялары
Пәндер