Тұрмыста қолданылатын химиялық қауіпті заттар және уланғандағы көрсетілетін алғашқы көмек


Жұмыс түрі: Материал
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:
Тұрмыста қолданылатын химиялық қауіпті заттар және уланғандағы көрсетілетін алғашқы көмек
Мазмұны:
1. Тұрмыстағы қауіпті заттар
2. Хлор қосылған құралдар
3. Тұрмыстық химия препараттарымен уланған кезде көрсетілетін алғашқы көме
Тұрмыстағы қауіпті заттар
Тұрмыстық химия препараттары. Тұрмыстық химиялық препараттар үй-ішіндегі жұмысты жеңілдетеді, бірақ оларды абайлап пайдалану керек. Оларға мыналар жатады: косметикалық құралдар (лосьондар, әтірлер, шашты қалпына келтірушілер) . Олардың құрамына орталық жүйке жүйесіне уытты әсер ететін түрлі спирттер кіреді; инсектицидтер (зиянкес жәндіктермен күресу тәсілдері - хлорофос, карбофос, “Прима” дихлофосы, “Антимоль”) . Бұлармен ауыр уланған кезде зардап шегуші есінен танып қалып, онда қалтырау пайда болады, оның жүрек соғысы нашарлайды, бұлшық еттері әлсізденеді, артериялық қысымы төмендейді, тыныс алуы тоқтап қалуы мүмкін. Интоксикациялық улануға бастың айналуы, жүректің айнуы, құсу, көрудің бұзылуы, психикалық қозу тән; репелленттер (ұшатын жәндіктерге қарсы препараттар) . Олардың адам ағзасына түсуі ауыр асқынулар тудыруы мүмкін, өйткені репелленттердің құрамына кіретін диметилфталат ағзада метил спиртіне айналады, ал ол болса, бірқатар уытты өнімдерге ыдырайды (құмырсқа қышқылы, формальдегид) . Адам есінен танады, тыныс алу мүшелерінің қызметі бұзылады, көру жүйкесі зақымданады - бұл соқырлыққа алып келуі мүмкін; қышқылдар мен сілтілер (сірке қышқылының 80-пайыздық ерітіндісі, тұз, карбол қышқылы) . Улы сілтілерден каустик содасы, мүсәтір спирті, күйдіргіш калий аса қауіпті;
Тұрмыстық химия препараттарының кез келгенін пайдалану барысында сақталуы қауіпсіздікті қамтамасыз ететін және оған кепілдеме беретін негізгі ережелер мыналар: тұрмыстық химияның барлық заттары жеке, тамақ өнімдері мен дәрілерден қашықта, міндетті түрде жапсырмасымен сақталуы тиіс; нұсқауды басшылыққа алу қажет; тамақ өнімдерін, мейілі, оны қаншалықты мұқият жусаңыз да, тұрмыстық химия құралдарынан босаған ыдыста сақтауға болмайды; ас үй мен тұрғын бөлмелерді инсектицидтермен өңдегенде тамақ өнімдерін жауып тастап, балаларды, отбасының егде тартқан жандарын пәтерден уақытша шығара тұру керек. Инсектицидтермен жұмыс істеушілер ауызы мен мұрнын төрт қабатталған дәкелі байлауышпен, ал көздерін - көзілдірікпен қорғауы тиіс. Инсектицидтерді қолданған соң бөлмені бірнеше сағат бойы желдетеді. Инсектицидтерді түнге қарай, адамдар ұйқыға жататын бөлмелерге қолдануға мүлдем тыйым салынады.
Біз тұратын үй - әлемдегі ең жайлы орын. Біз оны үлкен махаббатпен жабдықтап, күтіп, таза ұстауға тырысамыз. Үйімізде өзімізді толық қауіпсіз сезінеміз . . . Ал шынында, бұл солай ма?
Қоршаған ортаны қорғау басқармасының ғылыми зерттеу нәтижесіне сәйкес, қарапайым үйдің ішіндегі ауа сырттағы ауаға қарағанда, 2-5 есе көп лас болады екен. Бір үйлердің ішіндегі кейбір химиялық элементтер «көше» көрсеткіштерінен 70 есе артық. 20 улы химиялық элементтің баспана сыртында тіркелген ең жоғарғы көрсеткіші ғимарат ішіндегі ең үлкен қоюлығынан 200-500 есе аз болып шыққан. Бұған не себеп? Өз үйімізде біздің денсаулығымызға не қауіп төндіреді?
Хлор қосылған құралдар
Тазалағыш құралдар тұрған шкафты улы заттары бар барлық құралдардан босатыңыз. Пеш тазалайтын, ысқылағыш, жәндіктерге қарсы құралдар құйылған бөтелке мен бүрікпеден ауаға улы заттардың кішкене бөліктері буланып, бөлінеді. Әсіресе шишаны ашып, тіпті қызығып, дәмін татып көре алатын кішкентай балалар үшін улану қаупі жоғары. Тым болмаса, тұрмыстық химияны балалар қолы жетпейтін және жақсы желдетілетін жерде сақтаңыз.
Неге екені белгісіз, бірақ біз түрлі залалсыздандырушы құралдар өздері арналған лас пен микробқа ғана жойғыш әсер етеді деп есептейміз. Дегенмен, ауаға таралған барлық құралдар ертелі-кеш адам ағзасына енеді.
Ағартқыш, залалсыздандыру сұйықтықтары, сантехниканы тазалау құралдары, ыдыс жуатын машинада қолданылатын жуғыш құралдары - тұрмыста қолданылатын құрамында хлоры бар барлық сұйықтықтар тері мен шырышты қабықты тітіркендіретін ұшқыш заттар түзейді. Хлордың өз бетімен бөлек немесе басқа химиялық заттармен бір қоспада қолданылуы маңызды емес, - мұндай жуғыш құралдары денсаулыққа зиян келтіреді, яғни сізді тез қартайтып, сұлулығыңыздың жауына айналады. Құрамында хлор көрсеткіші жоғары тазалағыш құралдарынан шығатын булану өкпе мен кеңірдек тарамының тітіркенуін тудыруы мүмкін. Егер хлорлы жуғыш құрал кішкентай, нашар желдетілетін бөлмелерде, мысалы пәтеріміздегі ванна бөлмесінде қолданылса, одан төнетін қауіп еселеп артады. Әсіресе құрамында хлоры бар құралдардың жұпар иістендірілгендері аса қауіпті. Хлор иісін парфюмерия заттарымен бітеу улануға әкелуі мүмкін. Себебі, біз қырағылықты жоғалтып, «лимон» мен «альпы шөптерінің» иісін рахаттана иіскейміз.
Абай болыңыз! Тазартқыш құралдарының кейбір өндірушілері былай қулық жасайды: тазартқыш құралының құрамындағы хлорды көрсетпеу үшін, оның құрамына гипохлорит натрия (sodium hypochlorite) немесе жай ғана гипохлорит (hypochlorite) кіреді деп жазады.
Хлор әсерінен қалай қорғануға болады?
Құрамында хлоры бар құралдарға жақындамау үшін, хлорлы ағартқыш пен бас тарту жеткіліксіз. Сонымен қатар, ағартылған қағаздан жасалған сулық, дәретхана қағазы, асүй майлығы және кофеқайнатқышқа арналған қағаз фильтрін де сатып алмауға тырысыңыз. Ағартылған қағаз құрамында адам ағзасына жеңіл енетін органохлорин мен диоксин болуы мүмкін. Дәл осы тауарлардың ағартылмаған қағаздан жасалғанын таңдаңыз, - «сыртқы» түрі әдемі болмағанмен, денсаулығыңызға зияны жоқ.
1. Мата мен сантехниканы ағарту үшін сілтілі жуғыш құралдарын қолданыңыз.
2. Үй ішіндегі бірталай дүниені ас содасы мен сірке суының немесе сутек тотығының қосындысы жақсы тазалайды.
3. Сантехника құбыры мен унитазды тазалау үшін уландырғышсыз/усыз керемет құрал бар. Бактерия мен вирустардың 80-99%-ын жоятын кәдімгі сірке суының бір стақанын унитазға аптасына бір рет құйсаңыз, жеткілікті.
4. Көптеген бактерияға қарсы құралдардан гөрі, лаванданың антисептиктік сипаты басым болады. Хош иісті және усыз бактерияға қарсы спрейді өзіңіз-ақ дайындай аласыз. Бір стақан су, бір шай қасық лаванда майы мен 10-15 грамм спиртті араластырып, бүрікпеге құйыңыз. Қолданар алдында шайқап алыңыз. Бұл құралдың сақтау мерзімі шектеусіз, онымен унитазды, есік тұтқаларын, азық-түлік кесетін тақтайларды, балалар ойыншығын және дезинфектор қолдануға әдеттенген т. б. заттарды залалсыздандыруға болады.
Сусабын. Тұрмыстық химияны сатып алғанда абай болыңыз: күнделікті қолданыстағы ең қарапайым құралдардың өзі қауіпті. Киім жұмсартқыштың құрамында теріні тітіркендіріп, экзема мен дерматит, сондай-ақ тыныс жолдарының қабынуын тудыратын толуэн, стирин, фенол, тимол, ксилен және триметилбензин болуы мүмкін. Құрамында дихлорбензин (dichlorobenzene) бар ауа сергіткіші бүйрек пен байырға қауіпті және жүйке жүйесіне ауыр тиеді. Затбелгіні мұқият оқыңыз!
Шаш жууға арналған құралдарда этоксилат пен натрий лаурилсульфаты болады. Бұл химиялық заттар жуғыш құралының қоюлығы мен көпіргіштігіне «жауап береді». Бәленің бәрі мынада: бұл заттардың құрамында құрылысы әйел жыныс гормондарына ұқсас ксеноэстроген мен эстроген бар. Бұл заттар адам гормон жүйесіне аса қауіпті. Олардың шамадан тыс мөлшерінен қыздардың етеккірі ерте келіп, әйел адамдарда, керісінше, климакстың ерте басталып, ал ер адамдарда спермотозоидтардың түзелуі бұзылуы мүмкін. Лаурилсульфат теріге, әсіресе балалар терісіне оңай сіңеді. Рұқсат етілген мөлшерінен асып кетсе, натрий лаурилсульфаты жасушаның ақуыз құрамын өзгертіп, шаш түйінінің құрылысын бұзып, шаштың түсуі мен көздің нашар көруіне әкеледі. Бұл химикаттың тіпті аз ғана концентрациясы теріні құрғатып, сүйкімсіз етіп, оған жарықшақ түсіреді.
Абай болыңыз: экологиялық таза қосындыдан жасалған сусабындар мен шаш күтіміне арналған құралдарды қолданыңыз. Сусабыннан мүлдем бас тартуға да болады, - шашты ас содасы мен шикі жұмыртқа (тек саруызын қолдануға болады) қоспасымен және жұмсақ табиғи сабынмен жууға болады.
Парафин шамы. Хош иісті шам құрамында болатын шамды парафин, бояулар мен түрлі заттар ысығанда, бензол мен толуол бөліп шығарады. Олар демікпе мен экзема ауруын асқындыруы мүмкін. Егер сіз шамды сирек қолдансаңыз, денсаулығыңызға айтарлықтай зияны бола қоймас, дегенмен оларды күнделікті қолдану, әсіресе нашар желдетілетін бөлмеде, аса қауіпті. Кем дегенде, бетіңіздің өңі қашып, теріңіз құрғап, тітіркенгіш болуы мүмкін.
Абай болыңыз: парафин шамдарының орнына балауыз шырағын сатып алған жөн. Олар қымбат болғанымен, әйтеуір жанғанда адамға зиян заттар бөлмейді. Ал табиғи балауыз иісі жасанды хош иістендіргіштер «коктелінен» әлдеқайда нәзік және жағымды!
Тұрмыстағы жуғыш заттардың зиянды әсерлері
Күнделікті тұрмыста қолданылып жүрген ыдыс және кір жуатын тауарлардың құрамында 55 мыңнан астам біздің ағзамызға қауіпті химиялық қоспалар бар екен. Олар көзге, тыныс алу жолдарына әсер етіп, жүйке жүйесі ауруларына шалдықтырады екен. Тіпті халық арасында «жаман ауру» деп аталып келе жатқан қатерлі ісік ауруына бірден-бір себепкер. Соңғы жылдары тұрмыста қолданылатын химиялық заттар түрі өте көбейіп кетті. Түрлі хош иісті сабын, сусабын, гель, кір жуатын ұнтақ сияқты жуынуда, кір жуу процесінде қолданылатын заттардың құрамында әр-алуан химиялық қоспалардың бар екені шындық. Міне, осы заттардың адам ағзасына тигізетін әсерінің жоқ емес екенін де ешкім жасыра алмайды.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz