Солтүстік мұзды мұхит
Кіріспе
І Солтүстік Мұзды мұхит жайлы жалпы мәліметтер
1.1. Мұхит суының физикалық және химиялық қасиеттері
1.2. Мұхит суындағы газдар
1.3. Мұхит суының тығыздығы
1.4. Мұхиттағы судың қысымы
1.5. Мұхит суының мөлдірлігі
1.6. Мұхит суының түсі
1.7. Мұхит суының температурасы
1.8. Мұхиттағы температураның тереңдік бойынша өзгеруі
1.9. Мұхиттағы мұздар
ІІ Мұхит суының қозғалысы
2.1. Дүниежүзілік мұхит ағыстары
2.2. Солтүстік Мұзды мұхиттағы ағыстар
ІІІ Мұхит тіршілік ортасы
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер

Дүние жүзілік мұхиттың көлемі – 1 370 000 000 км3 (гидросфера көлемінің 94 пайызы). Орташа тереңдігі 4000 м болғанда мұхит жер бетінің ¾ бөлігін алады. Жердің беті бойынша мұхиттың суын біркелкі етіп жайғанда оны 2700 метрдей қалыңдықпен бүркеген болар еді. Жердің мөлшерімен салыстырғанда бұл қабат мардымсыз аз, бірақ географиялық қабықта болып жатқан процестерде мұның ролі орасан зор.
Біртұтас Дүние жүзілік мұхит бөліктерге – мұхиттарға бөлінеді.

1.Горбацкий Г.В. Физико- географическое районирование Арктики, Ч.3 Арктический бассейн – М: «Наука», 1973.-237с.
2.Богданов Д.В. География Мирового океана.- М: «Наука», 1978.-632с.
3.Львович М.И.Мировые водные ресурсы.- М: «Мысль»,1974-291с.

әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті
Курстық жұмыс
Тақырыбы: Солтүстік мұзды мұхит.
Орындаған:Имашев Мухидин
Тексерген:Мақаш Қ К
Тақырыбы: Солтүстік мұзды мұхит.
Жоспар:
Кіріспе
І Солтүстік Мұзды мұхит жайлы жалпы мәліметтер
1.1. Мұхит суының физикалық және химиялық қасиеттері
1.2. Мұхит суындағы газдар
1.3. Мұхит суының тығыздығы
1.4. Мұхиттағы судың қысымы
1.5. Мұхит суының мөлдірлігі
1.6. Мұхит суының түсі
1.7. Мұхит суының температурасы
1.8. Мұхиттағы температураның тереңдік бойынша өзгеруі
1.9. Мұхиттағы мұздар
ІІ Мұхит суының қозғалысы
0.1. Дүниежүзілік мұхит ағыстары
0.2. Солтүстік Мұзды мұхиттағы ағыстар
ІІІ Мұхит тіршілік ортасы
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Мазмұны
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
І Солтүстік Мұзды мұхит жайлы жалпы мәліметтер ... ... ... ... ... ... . 3
1.1. Мұхит суының физикалық және химиялық қасиеттері ... ... ... ... ...5
1.2. Мұхит суындағы газдар ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..10
1.3. Мұхит суының тығыздығы ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 11
1.4. Мұхиттағы судың қысымы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... .12
1.5. Мұхит суының мөлдірлігі ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...12
1.6. Мұхит суының түсі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 13
1.7. Мұхит суының температурасы ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..13
1.8. Мұхиттағы температураның тереңдік бойынша өзгеруі ... ... ... ... .15
1.9. Мұхиттағы мұздар ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...16
ІІ Мұхит суының қозғалысы ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .20
0.3. Дүниежүзілік мұхит ағыстары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .21
0.4. Солтүстік Мұзды мұхиттағы ағыстар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 22
ІІІ Мұхит тіршілік ортасы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 24
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .29
Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 29
Кіріспе
Дүние жүзілік мұхиттың көлемі - 1 370 000 000 км3 (гидросфера көлемінің 94 пайызы). Орташа тереңдігі 4000 м болғанда мұхит жер бетінің (34) бөлігін алады. Жердің беті бойынша мұхиттың суын біркелкі етіп жайғанда оны 2700 метрдей қалыңдықпен бүркеген болар еді. Жердің мөлшерімен салыстырғанда бұл қабат мардымсыз аз, бірақ географиялық қабықта болып жатқан процестерде мұның ролі орасан зор.
Біртұтас Дүние жүзілік мұхит бөліктерге - мұхиттарға бөлінеді. Осы төрт мұхиттың бірі Солтүстік мұзды мұхит. Менің курстың жұмысым осы Солтүстік мұзды мұхитына арналады.
І. Солтүстік Мұзды мұхит жайлы жалпы
мәлімет
Солтүстік Мұзды мұхит - солтүстік полюс аймағындағы мұхит. Кейбір мұхит зерттеушілері Солтүстік Мұзды мұхитты жеке бөлмей, Атлант мұхитының шеткі теңізі (Солтүстік Полюстік теңіз, Арктикалық теңіз) деп есептейді.
Солтүстік Мұзды мұхит барлық жағынан дерлік Еуразия мен Солтүстік Америка құрлықтарының солтүстік жағалауларымен шектелген. Мұхиттың жалпы аумағы 14,75 млн км2, суының көлемі 18 млн км3, орташа тереңдігі 1220 м, ең терең жері 5527 м (Гренландия теңізінің солтүстігі). Ұлыбритания, Гренландия, Исландия, Фарер аралдарының аралықтарындағы бұғаздар арқылы Атлант мұхитымен ,Беринг бұғазы арқылы Тынық мұхитымен жалғасады. Солтүстік Мұзды мұхит физико- географиялық ерекшеліктеріне және геологиялық құрылысына қарай 3 алапқа бөлінеді. Арктикалық алап - мұхиттың орталық терең бөлігі. Солтүстік Европа алабына Гренландия, Норвег, Баренц және Ақ теңіздер жатады. Арктикалық теңіздер алабына - қайраңда жатқан (мұхит аумағының 13-ін алатын) Кара, Лаптевтер, Шығыс Сібір, Чукча, Бофорт, Баффин теңіздері, Гудзон шығанағы кіреді. Солтүстік Мұзды мұхит аралдарының саны жағынан Тынық мұхиттан
кейін екінші орында; жалпы ауданы 3,8 млн км2. ең ірілері: Гренландия (2175 мың км2), Баффин Жері (478 мың км2), Виктория (221 мың км2), Элсмир (200,4 мың км2), Банкс (64 мың км2) және Девон (64,5 мың км2) Солтүстік Америкаға жақын орналасқан. Еуразия жағалауында Шпицберген, Франц, Иосиф Жері, Жаңа Жер, Солтүстік Жер, Жаңа Сібір ірі аралдар тобы мен Врангель аралы жатыр. Скандинавия, Исландия, Гренландия жағалаулары қатты тілімденген, көбіне биік, фьордтық. Еуразия жағалаулары абразиялық, ішінара ойпатты, жазық, кей жерлері атыраулық. Солтүстік Америка жағалауы көбіне аласа, тегіс болып келеді. Мұхит табаны аумағының 50,3 %-ын Дүниежүзілік мұхит бойынша ең көлемді құрлықтық қайраң алып жатыр. Ені еуразия жағалауында 1300 км-ге жетеді, орташа тереңдігі 200-350 м. Менделеев (1500 м), Ломоносов (954 м) және Гаккель (400 м) су асты жоталары Арктикалық алапты Нансен (5449 м), Амундсен (4321 м), Макаров (3940 м), Канада (3838 м) қазаншұңқырларына бөледі.
Климаты - Солтүстік Мұзды мұхит климаты арктикалық белдеуде орналасуы мен тұрақты мұз жамылғысына байланысты қалыптасқан. Қыста Солтүстік Мұзды мұхиттың орташа бөлігінде атмосфералық қысым жоғары (Арктикалық антициклон), жазда- төмен болады. Жылдың барлық мезгілінде Атлант мұхитынан циклондар тарайды. Қаңтардың жылдық орташа температурасы - 28-30 С градус, шілдеде -10-12 С градус, батысында 6-8 С градус. Күшті желдер (20-25 мс) жиі болып тұрады. Жылдық жауын- шашын мөлшері 75- 300 мм.
Гидрологиялық режимі - Атлант мұхитымен су алмасуы басты орын алады. Солтүстік Атлант ағысы мен оның тарамдарының жылы суы Солтүстік Мұзды мұхитқа өтеді. Керісінше арктикалық салқын су Атлант мұхитының Лабрадор және Шығыс Гренландия ағыстарына құйылады. Беринг бұғазы тар және таяз болғандықтан Солтүстік Мұзды мұхиттың Тынық мұхитпен су алмасуы нашар жүреді. Еуразиядан және Солтүстік Америкадан құятын ірі, суы мол өзендер Солтүстік Двина, Печора, Об, Енисей, Хатанга, Лена, Индигирка, Колыма, Макензи, т.б. мұхит суының тұздылығын төмендетеді. Мұхитқа жылына 5000 км3 тұщы су қосылады. Тұздылық құрлықтардың жағалауына жақын маңда 25-29 %- ден Солтүстік Атлант жылы ағысы кіретін бөлігінде 32 % -ге дейін көтеріледі. Жарты тәуліктік толысуының биіктігі орталығында 0,5-0,6 м, батысында 1 м, ең биік жерінде (Баренц теңізінде) 6 м Солтүстік Мұзды мұхитқа тән ерекшеліктердің бірі - қалың мұз қабатының түзілуі. Мұз қыста 10-11 млн км2, жазда 7,5-8 млн км2 аумақты қамтиды. Солтүстік Атлант жылы ағысы тармақтарының әсерінен гренландия, Норвег, Баренц теңіздерінің біраз бөлігі жыл бойы қатпайды. Арктикалық алапты негізінен қалыңдығы 3-5 м көп жылдық мұз (пак) басып жатады. Қалған бөлігінде бір жылдық мұз таралған (қалыңдығы 0,8- 2 м). Канаданың Арктикалық топаралынан мұхитқа түсетін құрлық мұзынан тұтас мұз аралдары пайда болады. Баффин, Гренландия теңіздерінде мұзтаулар (айсбергтер) кездеседі.
1.1.Мұхит суының физикалық және химиялық
қасиеттері
Тұздылығы- салмағы жағынан алғанда мұхит суы 96,5 % таза судан және 3,5 % оның ішінде еріген тұздан, газдан және ерімейтін жүзгін бөлшектерден тұрады. Түрлі заттардың біршама шағын мөлшерінің болуы басқа табиғи сулардан оған елеулі айырым береді. Бұл Жер бетіндегі белгілі барлық химиялық элементтер бар, қоректік ерітінді. Мұхит суында әсіресе хлор, натрий, магний, күкірт көп болады. Мұнда бром, көміртегі, стронций, бор едәуір аз болады. Барлық қалған элементтерге 1 % аз келеді, яғни олардың құрамы мардымсыз аз. Бұлардың арасында организмге мейлінше қажет биогендік элементтер де (фосфор, азот, т.б.), микроэлементтер де бар. Мұхиттағы тұздардың жалпы мөлшері 50 х 10 он алды дәрежелі т. Бұлар мұхиттың түбін шамамен 60 м, бүкіл Жерді 45м, ал құрлықты 153 м қабат болып бүркей алады. Мұхит суында барлығынан көбі натрий (NaCl, Na2SO4- 1 литрде 27,2 г) яғни ас тұзы (NaCl), сондықтан да мұхит суының дәмі тұзды келеді. Содан соң магний тұзы MgCl2 (1 литрде 3,8 г) және MgSO4 (1 литрде 1,7 г) келеді, суға ащы дәм береді. Мұхит суында 1 м3-те 0,3 мг күміс және 1 м3-те 0,008 мг алтын болады. Бұлардың жалпы мөлшері едәуір болғанымен (алтын 11 млрд. тоннаға жуық) мұндай концентрацияда өндіру пайдалы емес.
Мұхит суының таң қаларлық ерекшелігі - тұз құрамының тұрақтылығы. Мұхиттың түрлі бөліктерінде ерітінді аз немесе күшті болуы мүмкін, бірақ ең басты тұздардың қатынасы өзгеріссіз қалады. Сондықтан да судың жалпы тұздылығын анықтау үшін хлордың мөлшерін анықтау және шыққан шаманы 1,81 ( S =1,81 Cl 000) көбейту жеткілікті болады. Мұхит суы тұздың құрамының тұрақты болу себебін оның араласып тұруынан көруге болады, бірақ бұл түсінікті жеткілікті деп есептеуге болмайды. Мұндай тұздылықтың пайда болуы туралы сұрақ туады. Мантия затынан су бөлініп шыққанда су буымен бірге құрамында хлор, бром, фтор қоспалары бар вулкан түтіндері бөлініп шығады деп болжанады. Жер бетіндегі бірінші су қышқыл болды, ол тау жыныстарынан сілті элементтерін - натрий, калий, кальции, магний т.б. ала отырып оларды сілтісіздендірді. Бұлардың хлормен және броммен реакциясының нәтижесінде ерітінді нейтралданып, ал сонан соң жалғасып келіп түскен сілті элементтердің есебінен, қазіргідей аздап сілтілі болды. Мұхитта өсімдік тіршілігі пайда болғанда (бұдан 3 млрд. жылдан астам бұрын) бос оттегі пайда болды. Жер қойнауынан бөлінген азот тотыққанда бос азот, ал көміртек қосылыстары тотыққанда бос көмір қышқылы түзілді. Палеозоидан бастап (500 млн жыл бұрын) мұхит тұрғындарының қазба қалдықтарына қарағанда мұхит суының тұздық құрамы өзгермеген. Бірақ егер өзендер мұхитқа басқа тұзды құрамды суды үздіксіз әкеліп құйса, мұны қалай түсіндіруге болады. Бұлар әкелген, ерітілген заттардың мөлшері жылына 5,4 млрд тонна, ал қалқымалары жылына 32,5 млрд тонна жетеді. әуел баста өзен суларындағы тұз құрамы сірә мұхит суының құрамына жақын болса керек. Бірақ уақыт өтуіне қарай құрылық бетінде минералдар біршама өзгеруінің нәтижесінде ол басқаша болды. өзендердің мұхитқа әкелген тұздары едәуір дәрежеде шығындалады. Қаңқалар мен раковиналар құратын организмдер кальций мен кремний қосылыстарын судан алады. Нашар еритін химиялық қосылыстар - темірдің аллюмосиликаттары (глаукониттер), фосфориттер, темір- марганец түзілістері - судан бөлініп қалады. Темір- марганец конкрециясы мұхит түбі алаңының 10 процентін жабады.
Кейбір жануарлар өз денесінде белгілі бір заттарды концентрациялауға қабілетті келеді. Су тыныстағанда, қоректенгенде жануарлар организмі арқылы өтіп өзгеріске ұшырайды. Нақ осы өсімдіктер мен жануарлар мұхит суының қазіргі тұздық құрамын анықтайды.
Дүние жүзілік мұхиттың орташа тұздылығы 35 % (промиль). Қайсы жағына болсын орташа тұздылықтан ауытқуды негізінен алғанда тұщы судың кіріс- шығыс балансындағы өзгерістер тудырады. Мұхиттың бетіне жауатын атмосфералық жауын- шашындар, құрлықтан келетін ағындар, мұздардың еруі тұздылықты, булануды төмендетеді, мұздың түзілуі, керісінше оны арттырады. Құрлықтан келген су жағалаудың, әсіресе өзен құбылысына жақын жердің тұздылығына айтарлықтай әсер етеді.
Мұхит бетіндегі тұздылық оның ашық бөлігінде негізінен атмосфералық жауын- шашын мен буланудың қатынасына (яғни климаттық жағдайларға) тәуелді болғандықтан оның таралуында ендік зоналылық байқалады. Бұл изогалин - тұздылығы бірдей пунктерді қосатын сызықтар картасынан жақсы көрінеді.
Экваториалдық ендіктерде судың беткі қабаттары мұнда жауын- шашын мөлшері буланудан көп болуы салдарынан біраз тұщыланған. Субтропиктік және тропиктік ендіктерде беткі қабаттардың тұздылығы жоғары болады, бұл ашық мұхиттың беті үшін максимум 36-37 % жетеді. Бұл булануға кеткен судың шығынын жауын- шашынның жаумайтындығымен түсіндіріледі. Мұхит ылғалды жоғалтады, тұз болса қала береді. Тропиктік ендіктерден солтүстікке және оңтүстікке қарай мұхит суларының тұздылығы буланудың, жауын- шашын мөлшерінің артуынан біртіндеп 33-32 % дейін төмендейді. Жоғары ендіктерде мұхиттың бетінде тұздылықтың төмендеуіне қалқыма мұздардың еруі әсерін тигізеді.
Мұхит бетінде тұздылықтың ендік бағытта таралуын ағыстар бұзады: жылы ағыстар оны арттырады, суық ағыстар, керісінше төмендетеді.
Мұхиттар бетіндегі орташа тұздылық әр түрлі. Ең көп орташа тұздылық Атлант мұхитында -35,4 %, ең азы- Солтүстік Мұзды мұхитта -32 %, Атлант мұхитының жоғарғы тұздылығы оның салыстырмалы енсіз жағдайында материктердің әсерімен түсіндіріледі. Солтүстік Мұзды мұхитқа тұщыландыратын әрекетті Сибирь өзендері жасайды (Азияның жағалауларында тұздылық 20 % -ге дейін төмендейді).
Тұздылық өзгерістері негізінен алғанда, тұщы судың кірісі мен шығысына байланысты болғандықтан, олар атмосфералық жауын- шашын тікелей жауатын және суды буландыратын беткі қабатта және соның астындағы араласу тереңдігін анықтайтын шағын қабатта ғана байқалады. Араласу 1500 метр тереңге дейінгі су қабатын қамтиды. Дүние жүзі мұхиты суының тұздылығы тереңірек те өзгеріссіз қала береді (34,7 -34,9 %). Тереңге қарай тұздылықтың өзгеру сипаты мұхит бетіндегі тұздылықты анықтайтын жағдайларға байланысты. Тереңдікке қарай тұздылық өзгерістерінің төрт типін бөледі: І-экваторлық, ІІ- субтропиктік, ІІІ- қоңыржай және ІУ- полярлық.
І.Экваторлық ендіктерде тереңдеген сайын тұздылық біртіндеп өседі де, мұнда мұхиттың тропиктік бөлігінен экваторға қарай неғұрлым тұзды су келетін 100 м тереңдікте максимумға жетеді. Тұздылық 100 м тереңде кемиді, ал 1000- 1500 м тереңнен бастап тұрақты дерлік болады.
ІІ.Субтропиктік ендіктерде тұздылық 1000 м тереңдікке дейін тез азаяды, онан тереңде ол тұрақты болады.
ІІІ.Қоңыржай ендіктерде тереңдеген сайын тұздылық аз өзгереді.
ІУ.Полярлық ендіктерде мұхиттың бетіндегі тұздылық мейлінше төмен, тереңге қарай әуелі бұл тез өседі, ал содан кейін шамамен 200 м тереңдіктен бастап мүлде дерлік өзгермейді.
Теңіз беттеріндегі судың тұздылығы мұхиттың ашық бөлігіндегі тұздылықтан күшті айырма жасауы мүмкін. Бұл да ең алдымен су балансымен анықталады, демек климаттық жағдайларға да байланысты. Теңіз ашық мұхитқа қарағанда өзі шайып жатқан құрлықтың ықпалына едәуір күшті ұшырайды. Теңіз құрлыққа неғұрлым тереңірек кірсе, оның мұхитпен байланысы неғұрлым аз болса, орташа мұхиттықтан оның суының тұздылығы соғұрлым көп айрықшаланады.
Полярлық және қоңыржай ендіктердегі теңіздердің суының балансы оң болады. Сондықтан да олардың бетінде, әсіресе өзендер құяр жерде тұздылық төмен. өзен саны аз болып келетін құрлықпен қоршалған субтропиктік және тропиктік ендіктердегі теңіздердің тұздылығы жоғары болады. Қызыл теңіздің тұздылығының көптігі (42 %-ге дейін) құрғақ және ыстық климат жағдайларындағы оның құрлық ортасындағы жағдайымен түсіндіріледі. Теңіз бетіне жауын- шашын жылына не бары 100 мм мөлшерінде жауады, құрлықтан келетін ағын жоқ, ал булану жылына
3000 мм-ге жетеді. Мұхитпен су алмасу тереңдігі 125 м, тар Баб-эль-Мандеб бұғазы арқылы өтеді. Жерорта теңізінің жоғарғы тұздылығы (39 % -ге дейін) - құрлықтан келетін ағын мен жауын- шашын буланудың орнын толықтырмауының, ал мұхитпен су алмасудың қиындай түсуінің нәтижесі. Қара теңізде (18 %, керісінше, ағын буланудың орнын түгелге жуық толтырады ағынның жылдық қабаты 80 см) және жауын- шашын судың балансын оң жасайды.
Мрамор теңізімен еркін су алмасуының жоқтығы төмен тұздылықтың сақталуына көмектеседі. Бір жағынан мұхиттың, екінші жағынан күшті тұщыланған Балтық теңізінің ықпалына ұшыраған Солтүстік теңізде тұздылық оңтүстік- шығыстан солтүстік- батысқа қарай 31% -ден 35% -ге дейін артады.
Мұхитпен тығыз байланысты барлық шеткі теңіздердің тұздылығы мұхитқа жапсарлас бөліктердің тұздылығына жақын болады. өзен келіп құятын теңіздердің жағалық бөліктерінде су күшті тұщыланады да тұздылығы көбіне бірнеше промилль ғана болады.
1.2.Мұхит суындағы газдар
Мұхиттағы суда газдар әр уақытта еріген болады. Мұхит суының газдары еріте алатын қабілеті оның температурасына, тұздылығы мен гидростатикалық қысымына байланысты. Судың температурасы мен тұздылығы неғұрлым жоғары болса, мұның ішіндегі газдардың еруі соғұрлым аз болады. Суда, ең алдымен оттегі мен көмір қышқыл газы (оттегінің қос тотығы) сондай-ақ күкіртті сутегі, аммиак, метан еріген болады. Газдар суға атмосферадан түседі, химиялық және биологиялық процесс кезінде бөлініп шығады, оларды өзен алып кетеді, олар су асты атқылаулары кезінде келіп түседі. Газдардың қайта таралып бөлінуі араласу арқылы өтеді.
Оттегі мұхитқа атмосферадан түседі де фотосинтез кезінде бөлініп шығады. Ол дем алуға, тотығуға жұмсалады. Қызған кезде (көктем, жаз) су оттегін атмосфераға береді, суынғанда (күз, қыс) оны атмосферадан тартады. Фотосинтез процесінің интенсивтігі суға Күн сәулелерінің түсуіне байланысты болғандықтан мұндағы оттегінің мөлшері тәулік бойынша ауытқиды және тереңдікке қарай өзгереді.
Судың беткі қабаты (100-300 м) барлық уақытта оттегіне қанық; сонымен бірге оның құрамы экватордан полюске қарай өсе түседі: 0 градус -5 см3л,
50 градус с.е. - 8 см3л. 200 м тереңге жарық аз енеді, өсімдік кездеспейді, оттегінің құрамы азаяды. Оның 400-800 м тереңде ерекше күрт төмендеуі өлі органикалық заттарды толықтыруға жұмсалумен түсіндіріледі. Мұхиттың түп жағындағы қабаттарға оттегін полярлық ендіктерде төмен түсіп экваторға қарай жылжыған суық сулар әкеледі. Оттегі мұхит тұрғындарына да қажет. Суық ағыстарының оттегіне байырақ болатындығы бұларда тіршіліктің дамуына жол ашады.
Көмір қышқыл газы - оттегі мен азоттан айырмашылығы мұхит суында, негізінен алғанда байланысқан күйде, көмір- қышқыл қосындылары түрінде (карбонаттар мен бикарбонаттар) болады. Ол суға атмосферадан келіп түседі, организмдер дем алғанда және органикалық заттар шірігенде бөлініп шығады, су асты атқылауларында жер қыртысынан келіп түседі. Оттегі сияқты көмір қышқыл газы суық суда жақсы ериді. Сондықтан температура жоғарылағанда су оны атмосфераға береді, төмендегенде - сіңіреді. Күндіз өсімдіктердің көмір- қышқыл газдарын тұтынуының күшейе түсуіне байланысты оның судағы мөлшері азаяды, түнде, керісінше, өсе түседі. Жоғары ендіктерде мұхит көмір қышқыл газын сіңіреді, төменгілерінде - оны атмосфераға бөледі. Мұхиттағы көмір қышқыл газының қоры 45-60 м3л құрайды. Бұл мұхитқа қарағанда атмосферада 60 есе аз болады. Мұхит біресе газды сіңіріп отырады, біресе оларды атмосфераға бөліп шығарады. Мұхит пен атмосфера арасындағы газ алмасулары - үздіксіз процесс.
Азот - мұхит суында әрқашанда болады, бірақ оның мөлшері басқа газдарға қарағанда атмосферадағыдан гөрі аз. Мұхитта, ол, сірә, үлкен роль атқармаса керек. Кейбір түп маңындағы бактериялар оны нитраттар мен аммонийлерге айналдырып жібереді.
1.3.Мұхит суының тығыздығы
Мұхит суында тұздылықтың артуымен әрқашанда өсе түседі, өйткені судан гөрі үлкен меншікті салмағы бар заттардың құрамы артады. Судың бетінің тығыздығының артуына суынуы, булануы, әрі мұздың түзілуі себепті болады. Судың қызуы, сондай- ақ тұзды судың атмосфералық жауын- шашын суымен немесе еріген сумен араласуы тығыздығын азайтады. Беткі қабаттың суының тығыздығы артқанда конвекция пайда болады. Мұхиттың бетінде тығыздықтың өзгерісі 0,9960-тан 1,083-ке дейінгі шекте байқалады. Ашық мұхитта тығыздық, әдетте, температурамен анықталады, сондықтан да экватордан полюске қарай жалпы өседі. Мұхитта судың тығыздығы тереңдеген сайын арта түседі.
1.4.Мұхиттағы судың қысымы
Мұхит бетінің әрбір квадрат сантиметріне атмосфера шамамен 1 кг күшпен (бір атмосфера) түседі. Сондай қысымды сондай ауданға биіктігі не бары 10,06 м су бағанасы түсіреді. Сонымен, әрбір 10 м тереңдікке қысым 1 атм артады деп санауға болады. Үлкен тереңдікте болып жатқан барлық процестер күшті қысым арқылы болады, бірақ бұл мұхит түбінде тіршіліктің дамуына кедергі жасамайды.
1.5.Мұхит суының мөлдірлігі
Күн нұрының энергиясы су қабатынан өте отырып, шашырап және сіңіріледі. Оның шашырауы мен сіңірілу дәрежесіне судың мөлдірлігі байланысты. Судағы қоспалардың мөлшері барлық жерде бірдей емес және уақыт ішіне өзгеріп отыратындықтан, мөлдірлік те тұрақты болып қала бермейді. Ең аз мөлдірлік жағадағы тайз суда әсіресе теңіз дауылынан соң байқалады. Планктон кең дамыған кезде судың мөлдірлігі едәуір азаяды
(3 % көбірек ). Мөлдірліктің азаюы мұздардың еруінен туады (мұзда әрдайым қоспалар болады; бұдан басқа мұз ішінде тұрып қалған ауаның толып жатқан көпіршіктері суға ауысады). Судың мөлдірлігі тереңдігі сулардың бетіне көтерілген жерлерінде артатындығы байқалған.
Қазіргі кезде мөлдірлікті жарық шоғырының өткен жолының қашықтығына байланысты әлсіреу заңын пайдалануға негізделген мөлдірлік өлшегіш құралымен анықтайды. Су қабаты арқылы өткен жарық шоғы өлшенеді. Мұхиттағы күн нұрының өту тереңдігі жарықтың осы заманғы жарық қабылдағышымен - фотоэлектрондық көбейткіштермен өлшенеді, бұлар тіпті жеке фотондарды да ұстай алады. Мөлдір суда күн нұры 600 м тереңдікте 10х12 есе әлсірейді; онда өте қараңғы болады. Лай су үшін бұл тереңдік аз.
1.6.Мұхит суының түсі
Жарықты жинап сіңіру және шашырату нәтижесінде мұхиттың таза сулы қабаты көгілдір немесе тек түсті болады. Судың бұл түсін мұхит шөлінің түсі деп атайды. Планктон мен анорганикалық қоспалардың болуы судың түсіне әсер етеді де ол жасылдау келген реңкке ие болады. Қосымшалардың көп мөлшері суды сарғылт жасыл етеді, тіпті өзен сағалары маңында қоңыр болуы да мүмкін. Экваторлық және тропиктік ендіктерде мұхит суының басым түсі қоңырқай көгілдір, тіпті көк болып келеді.
1.7. Мұхит суының температурасы
Мұхиттың негізгі жылу алатын көзі- оның бетіне түсетін күн радиациясы (тура және шашыранды). Мұхит суы жылуды сондай- ақ атмосфераның ұзын толқынды сәулеленуін сіңіре отырып мұз түзелуден, ылғал конденсациясынан бөлінген жылудан және химиялық- биологиялық процестерде бөлініп шығатын жылудан алады. Мұхитқа жауын- шашындар, өзен сулары, ауамен келген жылулар сумен жанасады және жылы мұхит ағыстары жылу әкеледі. Мұхиттың терең қабаттарының температурасына жердің ішкі жылуы мен төмен түсетін судың адиабаттық қызуы ықпал етеді.
Мұхит жылуды негізінен булануға, ауаны қыздыруға, өзендер мен мұхит ағыстарының суық суларын жылытуға, мұздарды ерітуге және басқа процестерге жұмсайды.
Судың температурасы жылу балансына байланысты, мұнда бүкіл мұхит үшін күн радиациясын судың сіңіруіне және булануға жылудың кетуіне анықтаушы маңыз беріледі. Нақтылы жағдайларда жылу балансы статьясының маңызы өзгеріп отырады да екінші дәрежелі статьялар жетекшіге айналады.
Жылу балансы элементтерінің барысындағы өзгерістер су температурасының барысын анықтайды.
Мұхит беттеріндегі су температурасы ауытқуларының тәуліктік амплитудасы, оның үстіндегі ауа температурасының тәуліктік амплитудасынан едәуір аз. Күндіз жылу келіп түседі (күн радиациясы), бірақ күшті булану нәтижесінде шығындалады. Түнде су атмосфераға жылу шығарады да; судың суынған бетінде ылғал конденсация болғанда оны алады. Сондай - ақ температураның ауытқулары судың үлкен жылу сыйымдылығының арқасында баяулайды.
Мұхиттің бетінде су температурасы ауытқуларының тәуліктік амплитудасы орташа есеппен 0,5 градустан аспайды. Ең үлкен тәуліктік амплитуда төменгі ендіктерде (1 градусқа дейін), ең азы- жоғары ендіктерде (0 градусқа дейін). Мұхиттағы температураның тәуліктік ауытқулары бағынышты роль атқарады, бірақ олар судың жоғарғы қабатында жылудың қайта бөлінісінің ең қысқа циклі болып табылады.
Мұхиттің бетіндегі температура ауытқуларының жылдық амплитудасы тәуліктен көп болады. Бұлар радиациялық баланстың жылдық өзгерісіне, ағыстарға, басым желдерге байланысты және түрлі ендіктерде түрліше болады. Төменгі ендіктерде (1 градус) және жоғағы (2 градус) ендіктерде температураның жылдық ауытқулары көп болмайды. Бірінші жағдайда, жылудың көп мөлшері жыл бойында біркелкі бөлінеді, екіншісінде - қысқа жаз ішінде су күшті қызып үлгермейді. Ең көп жылдық амплитуда (10 градустан көп) қоңыржай ендіктерде байқалады.
Изотерма картасына қарап, мұхит бетіндегі таралуы зоналы екендігіне көз жеткізуге болады. Зоналылықты мұхит ағыстары, тұрақты желдер мен құрлық ықпалы бұзады.
Судың ең көп орташа жылдық температурасы (27- 28 градус) экваторлық ендіктерде байқалады. Тамыз айынан ақпан айына қарай су температурасының таралуындағы өзгерістер карталарда изотерма бүкіл системасының оңтнстікке қарай жалпы ауысуымен көрсетіледі. Тропиктік ендіктерде ағыстың ықпалымен бір ендіктің өзінде мұхит бетіндегі су температурасы шығысына қарағанда батыс жағалауда жоғары. Бұл ендіктердегі шығыс жағалауларда температураның төмендеуіне жағалаулардан суды ығыстыратын пассаттар басым болады: кеткен судың орны судың төменде жатқан, неғұрлым суық қабаттары көтеріледі. Солтүстік жарты шардың қоңыржай ендіктерінде ағыстардың арқасында мұхит температурасы шығыс жағалауларда жоғары келеді. Оңтүстік жарты шарда 40 градус о.е.- тен оңтүстікке қарай құрылық өте аз болады да температураның ендік таралуы мүлде дерлік бұзылмайды.
Мұхиттың бетіндегі ең жоғары температура (+ 32 С градус) Тынық мұхитында тамыз айында, ең төменгі - ақпан айында Солтүстік Мұзды мұхитта ( - 17 С градус) байқалады. Орташа жыл бойынша мұхиттың беті Солтүстікке қарағанда оңтүстік жарты шарда суығырақ болады (суық антарктикалық сулардың ықпалы).
Мұхит бетінде орташа жылдық температура + 17,4 С градус, ал сол уақытта ауаның орташа жылдық температурасы + 14 С градус. Үлкен бөлігі төменгі ендіктерде жатқан ( + 19,1 градус) Тынық мұхиты бетінің, Үнді
( + 17,1 градус), Атлант ( + 16,9 градус) мұхитының орташа температурасы жоғары болады. Мұхит бетінің 54 % -нің орташа жылдық температурасы + 20 С градус жоғары, тек 14 %-і ғана + 4 С градус төмен болады. Суының үлкен жылу сыйымдылығының арқасында мұхит Жердегі күн жылуының аккумуляторы болып табылады.
1.8.Мұхиттағы температураның тереңдік
бойынша өзгерісі
Судың жоғары қабатын қыздыратын күн радиациасының жылуы төмен жатқан қабаттарға өте баяу беріледі. Мұхит суы қабаттарында жылудың қайта таралуы конвекция және толқын мен ағыстардың араласуы арқасында өтіп жатады. Сондықтан да, әдетте тереңдеген сайын температура төмендейді. Жоғары және орта ендіктерде жазда қызған беткі қабат астында температураның шұғыл секірісті жұқа қабаты - термоклин орналасады. Күшті толқындарда және қысқы суыну кезінде секіріс қабаты жойылады немесе төмен түседі де шұғылдығы азая түседі. Бұл тереңдіктерде қыста судың интенсивті вертикалдық циркуляциясы болады, демек тіршілік дамуы үшін қолайлы жағдайларды қамтамасыз ететін оттегі мен қоректік тұздардың тасымалы болады.
Экватордан с. және о. ендіктердің 50-60 градусына дейін термоклин 100-ден 700 метрге дейінгі тереңдіктерде тұрақты. өйткені температуралық секіріс қабаты - тығыздық өзгерісінің қабаты болғандықтан, мұның ішінде ұсақ тірі организмдер шоғырланады, балықтар жиналады.
Солтүстік Мұзды мұхитта судың температурасы 50-100 м тереңдікке дейін ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz