Инновациялық әлеует саясаты
КІРІСПЕ
1. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ АЙМАҚТАРЫНЫҢ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ.ИННОВАЦИЯЛЫҚ ӘЛЕУЕТІН ҚАЛЫПТАСТЫ.РУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1 Қазақстан Республикасының инвестициялық.инновациялық әлеуетін қалыптасуының мәні мен рөлі
1.2Мемлекеттік аймақтық инвестициялық.инновациялық әлеуетін жүргізуде қолданылатын құралдар
1.3Мемлекеттік аймақтық инвестициялық.инновациялық әлеуетін қалыптастыру және потенциалды пайдаланудағы шетелдік тәжірибе
2. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ӘЛЕУЕТ САЯСАТЫ АЯСЫНДА ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТТІ ЖҮРГІЗУІН ТАЛДАУ
2.1.Қазақстан Республикасының инновациялық әлеует саясаты аясында инвестициялау бағдарламаларының құқықтық мәселелері
2.2. Қазақстан Республикасының мемлекеттік аймақтық инвестициялық.инновациялық әлеуетін жүргізу механизмдері
2.3. Инновациялық әлеует саясаты аясында инвестициялық қызметті қолдау
2.4 Аймақтық инвестициялық.инновациялық әлеуетін дамуын мемлекеттік реттеуді жетілдіру жолдары
3. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ӘЛЕУЕТ САЯСАТЫ АЯСЫНДАҒЫ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБАЛАРДЫ ТАЛДАУ
3.1 Инвестициялық жобаларды талдау
3.2 Аймақтардағы мәселелерді шешу жолдарына ұсыныстарды жасау
ҚОРЫТЫНДЫ
ТЕРМИНДЕРДІҢ, ҚЫСҚАРТУЛАРДЫҢ ТІЗІМІ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН НОРМАТИВТІК.ҚҰҚЫҚТЫҚ АКТІЛЕР МЕН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

Жұмыстың жалпы сипаттамасы. Диплом жұмысы бүгінгі таңның, біздің мемлекетіміздің басты саясаты “Қазақстан – 2030” стратегиялық жоспарының басты мақсаты–2030 жылға қарай Орталық Азия Барысына айналуға байланысты басты стратегиялық дамудың бірі–инвестициялық саясат. Яғни, инвесторларды мемлекеттік қолдау. Осы еңбек мазмұнында инвестиция түсінігі мен түрлері, егемендік алғаннан бері мемлекетіміздің инвестициялық саясаты, инвестициялық саясатты реттеудің құқықтық негізі, Қазақстан Республикасының инновациялық әлеует саясаты аясында инвестициялау бағдарламаларының құқықтық мәселелері, инвестициялық қызметті мемлекеттік қолдаудың құқықтық негіздері, инновациялық әлеует саясаты аясында инвестициялық қызметті қолдау, осы саясат негізінде жүргізіліп жатқан жобаларды талдау қарастырылған.
1. www.zakon.kz 125568.
2. Қазақстан Республикасы “Инвестициялар туралы” заң 2003 жылы 8 қаңтар №373-11 шыққан, кейіннен 2008 жылы 4 мамыр №48, және 2009 жылы 31 қаңтар №125 өзгертулермен.
3. “Тікелей инвестицияларды мемлекеттік қолдау туралы” 1997 жылғы 28 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңы.
4.“Қазақстан инвестициялық қоры туралы” 2004 жылғы 6 шілдедегі N 575 – II Қазақстан Республикасының Заңы (2009.07.07. берілген өзгерістерімен).
5. “Инвестициялық қорлар туралы”2004 жылғы 7 шілдедегі № 576-II Қазақстан Республикасының Заңы(2012.13.02. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен).
6. С.П.Мороз. Кәсіпкерлік (шаруашылық) құқық. “Бастау” баспасы. Алматы 2012 жыл. 172–201 бет.
7. Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі.Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 4 желтоқсандағы N 95 – IV Кодексі.
8. С.П.Мороз. Инвестиционные право. Учебное пособие. Юрист 2010.124–141c.
9. Н.Ш.Әлжанова. Инвестициялық жобалау. Алматы “Қазақ университеті” 2009 жыл.23,38бет.
10. Қазақстан Республикасы мен Еуропа Инвестициялық Банкi арасындағы Қазақстан Республикасында Еуропа Инвестициялық Банкiнiң қызметiн реттейтiн негiздемелiк келiсiмге қол қою туралы.Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2013 жылғы 6 сәуiрдегi № 963 Жарлығы
11. Я.Әубәкіров. К.Нәрібаев. М.Есқалиев. Е.Жатқанбаев. Е.Байжұмаев. С.Досқалиев. Ж.Жәйшібеков. Экономикалық теория негіздері. Алматы “Санат” 1998 жыл.

Глоссарий
ИНВЕСТИЦИЯ - лизинг шартын жасаған кезден бастап қаржы лизингі заттарын, сондай - ақ оларға құқықтарды қоса алғанда, заңды тұлғаның жарғылық капиталына инвестор салатын мүліктің барлық түрлері (жеке тұтынуға арналған тауарлардан басқа) немесе кəсіпкерлік қызмет үшін пайдаланылатын тіркелген активтерді ұлғайту, сондай - ақ концессионердің (құқық мирасқорының) концессия шарты шеңберінде жасаған жəне алған тіркелген активтері.
ИНВЕСТОР - инвестициялық қызметті жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар.
ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТ - инвестицияларды жүзеге асыру процесімен байланысты кәсіпкерлік қызмет.
САЛЫҚ - мемлекет тарапынан біржақты шығарылған заңдардың негізінде, Республикалық немесе жергілікті бюджетті олардың кірістерін қалыптастыру үшін, нақты салық төлеушілер - заңды және жеке тұлғалардан айқындалған мөлшерде, белгіленген мерзімде, сондай - ақ жүйеленген тұрақты түрде мемлекет (немесе жергілікті мемлекеттік басқару органдарының) қарамағына алынатын жекелей - баламсыз, қайтарымсыз, ақшалай (кейде натуралды - заттай) міндетті төлем.
ЭКОНОМИКА - қоғамның шаруашылық жұмысы, сонымен бiрге өндiрiс, үлестiрiлу, айырбас және тұтынуды қатынастардың жиынтығы.
ИННОВАЦИЯ - бұл процесстердiң тиiмдiлiгiнiң сапалы өсуi немесе нарық қажеттi өнiм қамтамасыз ететiн енгiзiлген жаңалықтар. Адамның зияткерлiк қызметi, оның қиялы, творчестволық процесс, ашулар, өнертабыстар және рационализация түпкi нәтижесi болып саналады. Инновациялар мысал жаңа тұтынушы қасиеттерi немесе өндiрiстiк жүйелердiң тиiмдiлiгiнiң сапалы жоғарылатуымен (тауарлар және қызметтер) өнiм бiржола жою базарға болып табылады.
ПРЕФЕРЕНЦИЯ - мемлекеттің кәсiпорындарға және ұйымдарға өз қызметтерін жүзеге асыруға қолайлы жағдайлар жасау мақсатындағы жеңiлдiктер және басымдылықтар,артықшылықтар беруі.
ИНДУСТРИЯ - жұмыс саласы, өндірісті экономика секторы.
БЮДЖЕТ - мемлекеттің өз міндеттері мен функцияларын іске асыруды қаржылық қамтамасыз етуге арналған орталықтандырылған ақша қоры.
БЮДЖЕТТІК ИНВЕСТИЦИЯЛАР - бюджеттен қоса қаржыландыру шартымен бюджеттік инвестициялық жобаларды, концессиялық жобаларды іске асыру арқылы заңды тұлғалардың жарғылық капиталдарын қалыптастыру және ұлғайту, мемлекеттің активтерін құру есебінен мемлекет активтерінің құнын ұлғайтуға бағытталған республикалық немесе жергілікті бюджеттен қаржыландыру.
БЮДЖЕТТІК ЖОБА - белгілі бір уақыт кезеңі ішінде бюджет қаражаты есебінен іске асырылатын және аяқталған сипаттағы жаңа объектілерді тұрғызуға (салуға) не қолда барларын реконструкциялауға бағытталған іс - шаралар жиынтығы.
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ
1. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ аймақтарының ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ - ИННОВАЦИЯЛЫҚ әлеуетін Қалыптасты-рудың теориялық негіздері
1.1 Қазақстан Республикасының инвестициялық-инновациялық әлеуетін қалыптасуының мәні мен рөлі
1.2 Мемлекеттік аймақтық инвестициялық-инновациялық әлеуетін жүргізуде қолданылатын құралдар
1.3 Мемлекеттік аймақтық инвестициялық-инновациялық әлеуетін қалыптастыру және потенциалды пайдаланудағы шетелдік тәжірибе
2. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ӘЛЕУЕТ САЯСАТЫ АЯСЫНДА ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТТІ ЖҮРГІЗУІН ТАЛДАУ
2.1. Қазақстан Республикасының инновациялық әлеует саясаты аясында инвестициялау бағдарламаларының құқықтық мәселелері
2.2. Қазақстан Республикасының мемлекеттік аймақтық инвестициялық-инновациялық әлеуетін жүргізу механизмдері
2.3. Инновациялық әлеует саясаты аясында инвестициялық қызметті қолдау
2.4 Аймақтық инвестициялық-инновациялық әлеуетін дамуын мемлекеттік реттеуді жетілдіру жолдары
3. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ӘЛЕУЕТ САЯСАТЫ АЯСЫНДАҒЫ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБАЛАРДЫ ТАЛДАУ
3.1 Инвестициялық жобаларды талдау
3.2
Аймақтардағы мәселелерді шешу жолдарына ұсыныстарды жасау
ҚОРЫТЫНДЫ
ТЕРМИНДЕРДІҢ, ҚЫСҚАРТУЛАРДЫҢ ТІЗІМІ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН НОРМАТИВТІК-ҚҰҚЫҚТЫҚ АКТІЛЕР МЕН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
КІРІСПЕ
Жұмыстың жалпы сипаттамасы. Диплом жұмысы бүгінгі таңның, біздің мемлекетіміздің басты саясаты "Қазақстан - 2030" стратегиялық жоспарының басты мақсаты - 2030 жылға қарай Орталық Азия Барысына айналуға байланысты басты стратегиялық дамудың бірі - инвестициялық саясат. Яғни, инвесторларды мемлекеттік қолдау. Осы еңбек мазмұнында инвестиция түсінігі мен түрлері, егемендік алғаннан бері мемлекетіміздің инвестициялық саясаты, инвестициялық саясатты реттеудің құқықтық негізі, Қазақстан Республикасының инновациялық әлеует саясаты аясында инвестициялау бағдарламаларының құқықтық мәселелері, инвестициялық қызметті мемлекеттік қолдаудың құқықтық негіздері, инновациялық әлеует саясаты аясында инвестициялық қызметті қолдау, осы саясат негізінде жүргізіліп жатқан жобаларды талдау қарастырылған.
Зерттеу жұмысының өзектілігі. Мемлекеттің дамуы оның экономикасына байланысты. Сол экономиканы қалыптастыруда мемлекетіміз әр түрлі іс - шаралар жүргізуде. Соның ең бастысы "Қазақстан - 2030" стратегиялық жоспары. Осы жоспарда 7 басым бағыт көрсетілген. Соның бірі - "Шетел инвестициялары мен ішкі жинақталымдардық деңгейі жоғары ашық нарықтық экономикаға негізделген Экономикалық өсу.Экономикалық өрлеудің нақтылы, тұрлаулы және барған сайын арта түсетін қарқынына қол жеткізу".
Мемлекетіміз алдына қойған жоспарды орындау үшін көптеген жобаларды іске асыруы қажет. Ал, жобаларды іске асыру үшін қаражат қажет. Біздің мемлекетіміз осы жобалардың барлығын жүзеге асыруға қаражатты бюджеттен шығара алмайтыны анық. Яғни, қазіргі таңда жобалардың барлығын уақытылы қаржыландыруға қаражат жоқ. Осыны негізге ала отырып, мемлекетіміз инвесторларды қолдауды жүзеге асыруда. Инвесторларды қолдау біздің мемлекетіміздің дамуына үлес қосатыны анық. Осыған байланысты инвесторларды мемлекет өз дәрежесінде қолдауы қажет. Осы қолдауды дұрыс, заман талабына сәйкес, тұрақты түрде жүзеге асыру біздің мемлекетіміздің дамуының кепілі болатыны анық. Осы мәселені түпкілікті зерттеген ғалымдардар қатары аз. Ал, қазіргі таңда жүріп жатқан инновациялық әлеует саясаты осы инвесторлардың қаражатына мұқтаж. Осы саясат аясында инвесторларды қолдау өте маңызды мәселе болып табылады.
Тақырыптың зерттелу деңгейі. Қазақстанның аймақтық инвестициялық-инновациялық әлеуетін зерттеу, осыған байланысты кейбір мәселелер кешенді түрде зерттелмеген. Сонымен қатар, инвесторлардың құқықтары мен міндеттері және жеңілдіктері әлә толығымен зерттелмеген.
Зерттеу жұмысының ғылыми - теориялық негізін Қазақстан Республикасының инвестициялық климатқа әсер ететін заңдары мен экономика және заң саласында еңбек етуші ғалымдардың еңбектері құрайды.
Қазақстан Республикасының тәуелсіздігімен қатарлас пайда болған инвестициялық құқық ғылымындағы проблемалық мәселелерді зерделеуге жоғарыда арналған дипломдық жұмыстардың өзектілігі даусыз. Онда зерделенген проблемалық сұрақтар еліміздің және құқықтық дамуына өз ықпалын тигізгені де сөзсіз. Осы тұрғыдан келгенде ұсынылып отырған зерттеу жұмысының қажеттілігі уақыт талабынан туындап отырған, яғни инновациялық әлеует саясатынан деп тұжырымдауға болады.
Зерттеу жұмысының мақсаты. Қазақстан Республикасының инвестициялық саясаттын, оның ішінде аймақтық инвестициялық-инновациялық әлеуетін негізін зерттеу.
Зерттеу жұмысының міндеттері. Қойылған зерттеу мақсатына байланысты дипломдық жұмыс келесі міндеттерді шешуге бағытталған:
- қазақстан Республикасының аймақтық инвестициялық-инновациялық әлеуетін талдау;
- инвестициялық саясатты мемлекеттің тікелей және жанама қолдауын зерттеу;
- инновациялық әлеует саясаты аясында инвестициялық саясатты мемлекеттік қолдауды талдау;
- инновациялық әлеует саясаты аясында жүзеге асырып жатқан инвестициялық жобаларды талдау.
Зерттеудің ғылыми - әдістемелік негіздері. Диплом жұмысы Қазақстан Республикасының заңдық күші бар, қолданыстағы заңнамаларының және отандық экономика және заң әдебиеттері негізінде орындалған. Диплом жұмысының алдына қойылған міндеттерге жету үшін жалпы диалектикалық, танымдық, логикалық, салыстырмалы - құқықтық және басқа да әдістер қолданылған.
Зерттеудің объектісі. Аймақтық инвестициялық-инновациялық әлеуеті. Зерттеудің пәні. Инновациялық әлеует саясаты аясында инвестициялық қызметті мемлекеттік қолдаудың құқықтық негізі.
Зерттеудің тәжірибелік маңызы. Зерттеудің тәжірибелік маңызы төмендегілерден құралады:
- жасалған тұжырымдар, ұсыныстар мен қорытынды ұстанымдар инвестициялық саясатты жетілдіруге негіз болады;
- инвесторларды қолдауды жетілдіру;
- аймақтық инвестициялық-инновациялық әлеуетін дұрыс жүргізуге негіз болатын ұсыныстар.
Зерттеудің нормативтік базасын Қазақстан Республикасының Конституциясы, аймақтық инвестициялық-инновациялық әлеуетіне байланысты заңдар,инвестициялық климатқа әсер етуші факторлар туралы заңдар, Салық кодексі, Бюджет кодексі, стратегиялық жоспарлар құрайды.
Дипломдық жұмыстың құрылымы мен көлемі. Дипломдық жұмыс кіріспеден, үш бөлімнен, алты бөлімшеден, қорытындыдан, терминдердің, қысқартулардың тізімі және пайдаланылған нормативтік - құқықтық актілер мен әдебиеттер тізімінен тұрады.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы. Зерттеу жұмысының нақтыланған мына бағыттағы түйіндері дипломдық жұмыстың алдына қойған мақсаты және міндеттерімен байланысты, әрі ғылыми ізденістегі жаңалықтардың жинағын құрады.
Қазақстан Республикасындағы жүргізіліп жатқан жобаларды орындаудағы қаражаттың қандай жағдайда, қалай орын алып отырғанын қарастырып өтеміз. Инновациялық әлеует саясаты аясында мемлекеттің инвесторларды қосымша қолдау көрсетуіне талдау жасалды. Мемлекеттің инвесторларды тікелей және жанама түрде қолдау қарастырылып өтеді. Үдемелі индустрияландыру саясаты аясында өзгерістерге ұшырап жатқан қолдаударға талдау жасау.

Инвестиция - Қазақстан экономикасының нарықтық экономикаға өтуі кезінде пайда болған жаңа термин. Орталықтандырылған жоспарлау жүйесінің шеңберінде "жалпы капиталдық салынымдар" деген түсінік қолданылатын, осы түсінік бойынша жаңа құрылыс пен қайта өңдеуге, шаруашылық жүргізіп отырған кәсіпорындарының кеңеюі мен техникалық қайта қамтамасыздандырылуына (өндірістік капиталдық салымдар), тұрғын үй мен тұрмыстық - мәдени құрылысқа (өндірістік емес капиталдық салымдар) жұмсалатын барлық қаржылық құралдар түсіндірілетін еді.
"Инвестиция" термині латынның investire - "жұмылдыру" сөзінен алынған. Инвестициялар ақша құралдары, мақсатты банкілік салымдар, пайлар, акциялар және де басқа да құнды қағаздар, технологиялар, машиналар, қондырғылар, лицензиялар, соның ішінде тауар белгісіне, пайда табу мақсатында кәсіпкерлік қызмет объектісіне салынатын интеллектуалды бағалықтар, несиелер, кез келген мүлік немесе мүліктік құқықтар ретінде анықталады және осының бәрі - пайда табу мен әлеуметтік жақсы әсерлерге жету мақсатында. Осы тұрғыдан инвестициялық түсінігі нарықтық тәсілге жақын келеді.
Келтірілген анықтамалар нарықтық және жоспарлық жүйелерде инвестицияның мәнін түсінудегі айырмашылықты көрсетеді. Ресурстардың бөлінуі әкімшілік жүйесі жағдайында меншіктің бір түрімен жүзеге асады, ал инвестицияландыруды қаржылық және басқа түрлері бар екені бәрімізге мәлім. Жоспарлық экономика жағдайында инвестициялар ағымдағы шығындардан тек бір уақыттық сипатымен ғана айрықшаланатын залал түрінде көрінеді. Экономика ғылымы мен тәжірибесі капиталдық салынымдар инвестицияның синонимі емес екенін, берілген терминдер ұқсас емес екенін дәлелдеп отыр. Капиталдық салынымға қарағанда инвестиция түсінігі әлдеқайда кең [1].
Қазақстан Республикасының "Инвестиция туралы" заңына сәйкес, Инвестициялар - лизинг шартын жасаған кезден бастап қаржы лизингі заттарын, сондай - ақ оларға құқықтарды қоса алғанда, заңды тұлғаның жарғылық капиталына инвестор салатын мүліктің барлық түрлері (жеке тұтынуға арналған тауарлардан басқа) немесе кəсіпкерлік қызмет үшін пайдаланылатын тіркелген активтерді ұлғайту, сондай - ақ концессионердің (құқық мирасқорының) концессия шарты шеңберінде жасаған жəне алған тіркелген активтері [2]. Инвестиция - бұл ақшаны, оның сақталуына немесе құнының артуына және табыстың оң шамасын қамтамасыз етуге үміт арта отырып, орналастыруға болатын кез келген құрал. Бос ақша құралдары инвестиция болып табылмайды, себебі қолма - қол ақшаның құнын инфляция жеп қоюы мүмкін және ол ешқандай да табыс әкелмейді. Капиталды орналастырудың түрлі факторлармен айрықшаланатын әр түрлі нысандары бар: құнды қағаздар мен жылжымайтын мүлікке; қарыздық міндеттемелерге; опциондар мен акцияларға; шағын немесе үлкен тәуекелмен; қысқа немесе ұзақ мерзімге; тікелей және жанама.
Инвестициялардың белгілері.
Инвестицияларды мүліктің кез келген түрі деп түсінуге сүйене отырып, инвестициялар ретінде қарастырылуы үшін, ол құндылықтар иеленуге тиіс белгілерді тұжырымдап алған жөн. Инвестициялардың негізгі және айқындаушы белгісі - олардың жеке тұтынуға емес, метериалдық немесе рухани игіліктер құруға бағытталуы болып табылады. Бұл белгі кәсіпкерлік нысандарына немесе қызметтің басқа түрлеріне салынатын инвестициялардың мақсатты жұмсалуынан көрінеді. Мысалы, егер берілетін тауар құрал - жабдық немесе инвестициялық қызметті жүзеге асыруға байланысты басқадай қажеттіліктерге арналған материалдар болмаса, шетелдік тауар кредиттері инвестициялар санатынан шығарылуға тиіс; бұл жағдай ресми техникалық қызмет немесе біздің елімізге берілетін гранттар шегінде келіп түсетін қаражаттарға да қатысты.
Келесі белгілер инвестициялардың кәсіпкерлік маңызын ашады - олар, негізінен, пайда (табыс) табу мақсатында салынады және оларды инвестор өз атынан және өзі тәуекелге бара отырып жүзеге асырады. Бұл жерде инвестициялық қызмет, кәсіпкерлік қызмет сияқты, дербестігімен,яғни өз бетінше әрекет ететіндігімен және бастамашылығымен сипатталатынын айрықша атап өту қажет, бірақ қызметтің бұл түрлері бір - бірімен сәйкесуі де, сәйкеспеуі де мүмкін; тиісінше инвестордың кәсіпкер мәртебесін иеленуі де, иеленбеуі де мүмкін.
Ендігі жерде, инвестициялардың ерекше белгісі - дәстүрлі және үйреншікті түсінігінде қысқа мерзімге арналатыны да болғанмен, біржолғы сипатта еместігі мағынасында олардың ұзақ мерзімді болатыны. Уақыттың белгілі бір ұзақтығы инвестицияларды басқадай қаржы құралдарынан ажыратуға болады [1., 6.181-182 бет].
Инвестициялардың әр түрлі түрлерінің ерекшеліктерін анықтаудың және оларды жіктеудің үлкен теориялық және практикалық маңызы бар, өйткені олар инвестициялық қатынастарды реттеуге және инвестициялық заңдарды ары қарай жетілдіруге себеп болады. Инвестицияларды бөлудің әртүрлі негіздері бар. Солардың ең кең тарағанына тоқталатын болсақ, олар төмендегідей:
1) инвестициялардың түрлері;
2) ақша құралдарын салу объектілері;
3) инвестицияландыруға қатысу сипаты;
4) инвестицияландыру кезеңі;
5) меншік түрлері;
6) инвестордың қатысу түрлері;
7) тәуекел дәрежесі;
8) ұдайы өндіріс түрлері;
9) субъектілік белгісі бойынша.
1.Инвестициялардың түрлерін былайша топтаймыз:
- ақша құралдары, салымдар, пайлар, акциялар және басқа да құнды қағаздар;
- жылжымайтын және жылжымалы мүлік;
- авторлық құқықпен, тәжірибемен және басқа да интеллектуалды құндылықтармен байланысты мүліктік құқықтар;
- жерді, суды, ресурстарды, үйлерді пайдалану құқығы және басқа да мүліктік құқықтар;
- қандай да бір өндірісті (бірақ патенттелген "ноу - хау" емес) ұйымдастыруға қажетті техникалық құжат, дағды, өндірістік тәжірибе ретінде рәсімделген техникалық, технологиялық, коммерциялық сауаттылық.
2. Құралдардың салыну объектілері бойынша:
- нақты инвестициялар немесе құралдардың материалды активтерге салынуы. Нақты инвестициялар - ол нақты активке салынған инвестицияларнемесе материалдық өндіріс саласындағы инвестициялар, өйткені олар ғылыми - техникалық прогрестің дамуына, өндірістің тиімділігін көтеруге, құрал - жабдықтарды ауыстыруға және т.б. мақсаттарға бағытталуы мүмкін.
- материалды емес активтер - лицензиялардың, патенттердің, тауар белгісінің құны, жарнамаға және кадрларды дайындауға кеткен шығындар;
- қаржылық инвестициялар немесе түрлі қаржылық құралдарға ақша құралдарының салынуы - депозиттер, құнды қағаздар (оның ішінде мемлекеттік бағалы қағаздарға, корпорациялық бағалы қағаздарға және т.с.с.), банктық салынымдар.
Басқа әдебиеттерде, инвестициялардың мақсатына байланысты деп 2 - ге бөліп қарастырады:
1.Капитал тудырушы инвестициялар - ол материалдық және материалдық емес активтерді көбейтуге немесе оның өсіміне бағытталған инвестициялар. Басқаша айтқанда, бұл олардың дәстүрлі түсінігіндегі инвестициялар, өйткені, әдетте, инвестициялар капитал тудырушы болып табылады, яғни пайда немесе табыс табудың тәсілі немесе құралы ретінде қолданылады.
2. Зияткерлік инвестициялар - ол әртүрлі деңгейдегі мамандарды даярлауға, сондай - ақ олардың біліктілігін көтеруге, ғылыми зерттеулер жүргізуге және т.б. мақсаттарға бағытталған инвестициялар. Мысалы, қазіргі кезде зияткерлік инвестициялардың ең көп тараған түрлері жоғары білім алу үшін берілетін мемлекеттік және жеке кредиттер болып табылады. "Зияткерлік инвестициялар" ұғымын "әлеуметтік инвестициялар" ұғымына дейін кеңейтуге болады, өйткені екі жағдайда да инвестициялар нысаны әлеуметтік сала болып шығады және негізгі мақсат ретінде әлеуметтік оң пікірге қол жеткізу көзделеді. (бұл кезде бір мезгілде пайда немес табыс табу мүмкіндігі де жоққа шығарылмайды).
3. Инвестициялық процестерге қатысу сипаты бойынша инвестициялар келесі түрлерге бөлінеді:
- тікелей (төте) инвестициялар, бұл кезде инвестицияландыру және ақша құралдарын салу объектісін таңдауда инвестордың тікелей қатысуы қажет етіледі. Сонымен қатар инвестор инвестициялық циклдердің барлық кезеңдеріне тартылады, оның ішінде алдын ала жүретін инвестициялық зерттеулерге, инвестицияландыру объектілерін жобалау мен тұрғызуға, дайын өнім өндірісіне. Халықаралық валюта қорының анықтамасы бойынша, егер акционерлік қоғамның жарғылық капиталының кем дегенде 25%-ы шетел инвестордың меншігінде болса, онда шетелдік инвестициялар төте инвестициялар болып саналады. АҚШ, РФ заңдары бойынша жарғылық капиталдың шетелдік инвесторға тиесілі мөлшері 10% - дан кем емес, ЕО елдерінде - 20 - 25%, Канада, Австралия және Жаңа Зеландия елдерінің заңымен - 50%.
- жанама (қоржындық), бұл ақша құралдарын өз қалауынша, неғұрлым тиімді орналастыратын және аккумуляцияландыратын түрлі қаржылық делдалдар арқылы (инвестициялық қорлар және компаниялар) жүзеге асырады. Мұндай делдалдар инвестицияландыру объектілерін басқаруға қатысады, ал алатын табыстарын клиенттері арасында бөледі. Тұтас басқарылатын құнды қағаздарға салынатын салынымдарды портфельдік деп те атайды.
4. Инвестицияландырудың кезеңдері бойынша инвестицияларды мынадай 3 түрге бөлуге болады. Олар:
- қысқа мерзімді, ұзақтығы бір жылдан аспайды (қысқа мерзімді депозиттік салымдар, жинақ сертификаттар);
- орташа мерзімді 1жылдан 5 жылға дейін;
- ұзақ мерзімді 5 жылдан астам.
Мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздар әрекет ету мерзімі бойынша 1 жылға дейінгі мерзіммен қысқа мерзімді, 1жылдан 10 жылға дейінгісі орташа мерзімді, ал 10 жылдан астамы ұзақ мерзімді деп сараланады.
5. Меншік түрлері бойынша инвестициялар мыналарға бөлінеді:
- азаматтардың, мемлекеттік емес меншік нысанындағы кәсіпорындардың, өкіметтік емес ұйымдардың жеке ақша құралдары;
- мемлекеттік (бюджеттік), ол түрлі деңгейдегі кәсіпорындар мен мекемелердің бюджет көздерінен қаржыландырылады.
Мемлекеттік инвестициялардың жеке инвестициялардан айырмашылығы мынада:1) мемлекеттік инвестициялар көздері бюджеттік қаражат болып табылады;2) мемлекеттік инвестициялар қайтарымдық және ақылы түрде жүзеге асырылады;3) мемлекеттік инвестициялароларды берудің негіздемесін және тәртібін мемлекет белгілейтіндігімен сипатталады;4) мемлекеттік инвестициялардың көлемі мен мөлшері мемлекеттік бюджеттің бекітілуіне байланысты;5) мемлекеттік инвестициялардың мақсатты пайдаланылуына мемлекет бақылау жасайды;6) мемлекеттік инвестициялар мемлекеттік қазына мүлкімен қамтамасыз етіледі. Ал, жеке инвестициялардың басты ерекшеліктері мынада: инвестициялардың көздерін, олардың көлемдері мен мөлшерлерін инвестордың өзі белгілейді, ал мемлекет инвестордың құқықтарын мүмкін болатын қолсұғушылықтан, оның ішінде мемлекеттік органдардың да қол сұғуынан қорғауды қамтамасыз етеді.
6. Инвестордың қатысу түріне байланысты:
- қайта құрылып жатқан кәсіпорындарға жартылай қатысу немесе шаруашылық жүргізіп отырған кәсіпорындардың бір бөлігін иелену (шектеулі меншік қоғамына үлестік қатынас);
- инвестор толық иеленетін кәсіпорындарды құру немесе шаруашылық жүргізіп жатқан кәсіпорындардыөз меншігіне алу;
- жылжымалы немесе жылжымайтын мүлікті акция, облигациялар арқылы немесе басқа да құнды қағаздар түріне алу;
- табиғат ресурстарын пайдалануға, жерді пайдалану құқығына, басқа да мүліктік құқықтарға концессия алу.
7. Тәуекел дәрежесі бойынша:
- тәуекелі аз инвестициялар. Ол белгілі бір табыс табу мүмкіндігінің жоғары дәрежесін негізге ала отырып, қауіпсіз деп танылған инвестициялар, алайда өзінің айрықша кепілділігіне байланысты, инвестициялардың басқа түрлерімен салыстырғанда, олардың табыстылығы төмен (дамыған елдерде бұл - мемлекеттік бағалы қағаздарға, жетекші және беделді компаниялардың акцияларына салынған салымдар).
- тәуекелі жоғары инвестициялар. Ол белгілі бір табыс табу мүмкіндігінің төмен дәрежесін негізге ала отырып, алыпсатарлық деп танылған инвестициялар. Инвестициялау және алыпсатарлық - бұл, жалпы алғанда, инвестициялық қызметке деген бір - біріне қарама - қайшы екі кереғар түсінік. Халықаралық тәжірибеде олардың арасын ажырату инвестициялық табыстың қаншалықты жорамалды және күтілетін нәтижесіне байланысты болады: инвестициялау барысында сатып алынып жатқан бағалы қағаздардың құны орнықты болып қала береді және олар табыс әкеледі деген толық сенімділік сақталады, ал алып сатарлықта мұндай сенімділік жоқ. Алыпсатарлық инвестицияларды жүзеге асыру барысында тәуекелдік жоғары болып тұрғанда, көбірек табыс табу да көзделеді.
Инвестициялармен байланысты тәуекел немесе белгісіздік дәрежесі, мысалы, уақыт, салыным объектісі сияқты факторларға тәуелді. Инвестицияландыру аяқталғаннан кейінгі кәсіпорынның жұмыс істеу нәтижесінің өзгеруі инвестицияландырудың мерзіміне және жобаның масштабы мен оның мақсаттарына тәуелді, сондықтан қауіптіліктің дәрежесі нарықтың мүмкін болатын әрекетін шеше алмау болып табылады (жаңа өнім түрін құру, өндіріс шығындарын төмендету, сату көлемін кеңейту, мемлекеттік тапсырыстарды орындау және т.б.). Дәрежені бағалау критерийлері мыналар болуы мүмкін:
- барлық пайда сомасын жоғалту мүмкіндігі. Тәуекелдің орын алуы мүмкін;
- жоба іске асқаннан кейін пайданы ғана емес, жалпы есептемелік табысты жоғалту мүмкіндігі. Тәуекел дағдарысты болып табылады;
- барлық активтерді жоғалту мүмкіндігі және инвестордың банкротқа ұшырауы немесе апаттық тәуекел.
Осы тұрғыдан алып қарағанда, егер бағалы қағаздардың қазақстандық нарығы туралы айтсақ, онда қазақстандық кәсіпорындардың бағалы қағаздарына инвестициялар салудың жеткілікті дәрежеде тәуекелді іс екені аңғарылады. Біздің еліміздің азаматтарының отандық қаржы және экономика институттарына деген орнығып қалған сенімсіздігін жою үшін, көп жылдар бойы адалдықпен тер төгіп, қызмет ету керек.
Әлемдік тәжірибеде ғылыми - техникалық зерттеулерге, жаңалық ашуға және өнертабыстарға кредит беруге және қаржыландыруға байланысты венчурлік операциялар аса тәуекелді болып саналады. Тәуекелдіктің жоғары дәрежесіне қарамастан, венчурлік бизнес шетелдік мемлекеттерде ,ғылым мен техниканың дамуына септігін тигізеді, бірақ бұл, негізінен, іргелі ғылымның емес, қолданбалы ғылымның дамуын қамтамасыз ететінін айта кету керек.
8. Ұдайы өндіріс инвестицияның келесі түрлерінің бірінде жүзеге асуы мүмкін:
- жаңа алаңдарда және бастапқыда бекітілген жоба бойынша іске асып жатқан жаңа құрылыстар немесе кәсіпорындардың, ғимараттардың салынуы;
- шаруашылық жүргізіп отырған кәсіпорындардың кеңеюі - өндіріс қуаттылығын арттыру мақсатымен шаруашылық жүргізіп отырған кәсіпорындардың екінші және келесі кезектерін, қосымша өндіріс кешендерін және өндірістерді, жаңа кәсіпорындарды салу немесе қызмет етіп жүрген кәсіпорындарды кеңейту;
- шаруашылық жүргізіп жүрген кәсіпорынды қайтв құру - моральды тұрып қалған және физикалық жағынан тозған қондырғыларды ауыстыру арқылы жаңа өнімнің шығарылуының профилін өзгерту мақсатымен өндірісті толық немесе жартылай қайта жабдықтауды ортақ жоба бойынша жүзеге асыру;
- техникалық қайта қамтамасыздандыру - жекелеген цехтардың, өндірістердің, учаскелердің өндірісінің техникалық - экономикалық деңгейлерін арттыруға бағытталған шара кешендерін жүргізу.
9. Субъектілік белгісі бойынша инвестиция 2 түрге бөлінеді:
- шетелдік;
- ұлттық.
Шетелдік және ұлттық инвестицияларға бөлудің жалпыға ортақ белгісі болып мынадай ұстаным танылады: инвестициялар инвестордың елінде немесе басқс бір елде жүзеге асырылады. Екеуінің айырмашылығы олардың құқықтық мәртебесінде. Мысалы: мемлекет жаңа инвестициялық заң қабылдаса, шетелдік инвесторлардың келісімдерінің мерзімі аяқталғанға дейін, олардағы шарттар және қарастырылған жеңілдіктер мен артықшылықтар өзгеріссіз қала береді. Ал, ұлттық инвесторлардікі өзгереді.
Инвестицияның ұсынылған жіктелуі қазіргі заманның инвестициялық жобалау концепцияларын толығырақ түсіну үшін, жүріп жатқан процестерді жан - жақты бағалау үшін қажет. Бұл жерде құқықтық жағынан да аса маңызды болып есептеледі. Оларды айқын заңдық түрде орнықтыру және икемді қолдану республикада қолайлы инвестициялық жағдайды орнатуға және жүріп жатқан инвестициялық жобалардың тиімділігін арттыруға септігін тигізетіні анық [6. 182-189,25].

Макроэкономикалық денгейдегі аймақтың экономикалық саясаты мемлекетпен оның басқару органдары, заң және үкіметтің атқарушы органдары арқылы іске асырылады. Аталған жоғарғы денгейде жалпы ұлттық экономика мен әрбір аймақтың дамуы туралы шешім жалпы ұлттық ;; мүдделерді есепке ала отырып қабылданады. Сонымен бірге ұлттық эконмиканы біртұтас ретінде ғана қарастырып қоймай, әртүрлі белгілері бойынша бір-бірінен өзара ерекшеленетін, бірігіп қызмет атқаратын жүйе ретінде қарастырған дүрыс. Бүл жүйеде, нақты бір аймаққа территория бойынша бекітіліп берілгеніне қарамастан, олар бүкіл елдің өндірістік-экономикалық мүмкіндіктерін, оның әлемдік экономикалық кеңістіктегі орнын, ұлттық және экономикалық қауіпсіздік пен ұлттық экономиканың тұрақтылығын анықтайды. Бұл әскери-өнеркәсіп кешені, бәсекелестік қабілетті, ғылыми ауқымды және жоғарғы технологиялы салалар және маңызды мәдени және әлеуметтік объектілер. Аталған объектілердің дамуын реттеу жоғарғы денгейдегі мемлекеттік аймақтық экономикалық саясаттың негізгі қызметі болып табылады.
Мемлекеттік аймақтық саясатты қалыптастырудың негізі мыналар:
1. мемлекеттің аймақтық саясаттын қалыптастыруда түрлі аудандар халқының өмір сүру деңгейі мен сапасын теңестіру мүдделері
2. елдің өндіргіш күштерді дамыту мен тиімдірек орналастырудың объективті қажеттілігі.
3. мемлекеттің аймақтық - экономикалық саясатын қалыптастырудың анықтаушы факторы ретінде республикадағы ауыл шаруашылығы дамытушы аудандар мен ауылдар.[8 58 65]
Мемлекеттік аймақтық экономиканы реттеудің жалпы мемлекеттік тәсілі, республиканың тұтастай аумағында әлеуметтік әділеттілікті қамтамасыз ету мүдделерінен де туындайды. Ол өз кезегінде, әр түрлі себептерден әлеуметтік тұрғыда артта қалған аймақтар халқының өмір сүру деңгейін көтеру жөніндегі арнайы бағдарламаларды жасап дайындауды немесе ірі үкімет шешімдерін негіздеуді талап етеді. Мұндай бағдарламалар Қазақстанның ауылдық аудандары бойынша кезінде жасалып дайындалған болатын, бірақ олардың орындалуына кейбіреулеріне көңіл толмайды. Жоғарыдағыны жүзеге асыру үшін үш әдіс қолданылады:
1. жергілікті бюджетке аударылатын төлемдер мөлшерін арттыру мақсатында
2. республикалық бюджет алымдарының мөлшерін азайту;
3. әр түрлі аймақтардың дамуына арналған ашық жәрдем ақылар;
4. үкімет деңгейінде аймақтық мәселелерді шешу кезінде әр түрлі аумақтық-шаруашылық жүйелерге арналған мемлекеттік қолдауды ұйымдастыру.
Жоғарғы макроэкономикалық денгейдегі мемлекеттің реттеуші күші төмендегі үш бағытта шоғырланады :
oo ұйымдастыру-басқару,
oo заңды-құқықтық,
oo қаржы-экономикалық.
Ұйымдастыру - басқару бағытында негізінен аймақтық экономикалық саясатты әзірлеу мен іске асыру жауапкершілігі жүктелетін аймақтың дамуын реттейтін негізгі органдар мен институттар қалыптастырылады, алға қойған мақсаттарды шешудегі ұйымдық құрылымдардың өкілеттіктері мен ролі анықталады.
Аймақтардың дамуын заң-құқықтық реттеу Конституцияға сәйкес орталық пен аймақтық мемлекеттік үкімет органдарының арасындағы өкілеттіктерді шектеуді анықтайтын көптеген арнайы заңдармен реттелінеді.
Жалпы аймақтық дамуды реттеудің құқықтық негіздері балансталынған ұлттық дамуға қол жеткізуді қамтамасыз етуі, ұлттық тұтастықты нығайтуға септігін тигізуі керек және азаматтарға олардың өмір сүру ортасына тәуелсіз бірдей мүмкіндіктер беруі қажет.
Мемлекеттік аймақтық дамуды қаржы-эконмикалық реттеу әлемдік тәжірибеде тексерілген және кең тараған реттеу формалары мен әдістерін пайдалануды қарастырады. Бұл:
oo жоспарлау және болжамдау,
oo қаржы - несие және бюджеттік-салық жүйесі.
oo Мемлекеттік аймақтық дамуды реттеу құралдарын олардың әмбебаптығы мен әсер ету көлеміне қарай екіге бөледі:
oo белгілі бір территориядағы көптеген экономикалық субъектілердің қызметіне әсер ететін, жалпы экономикалық реттеуіштер мен макро құралдар;
oo адрестік реттеуіштер мен микро құралдар.
Мемлекеттік аймақтық экономикалық саясаттың микроқұралдары аймақтық экономика субъектілер қызметіне тікелей әсер ету үшін қолданылады. Әсер етудің екі басты бағыттарын бөліп көрсетуге болады: еңбекке және капиталға.
Аймақтағы толық және тиімді жүмыспен қамтамасыз етуге қол жеткізу мақсатында мемлекеттік қаржыларға кадрларды қайта дайындау үйымдастырылады, жүмыс орындарын қүру үшін субсидия және мақсатты несиелер бөлінеді.
Капиталға әсер етудің негізгі микроэкономикалық құралы болып әртүрлі инвестициялық гранттар табылады. Олар аймақтың экономикалық өсуіне септігін тигізетін нақты объектілерді инвестициялау үшін бөлінеді.
Макро және микроқұралдар орталық үкімет сияқты, аймақтық органдармен қолданылады. Мемлекеттік реттеудің тиімділігі көптеген жағдайда әртүрлі макро және микроқұралдар бір-бірімен табысты сәйкес келетіндігіне, сондай-ақ қаржыларды мақсатты пайдалануға байланысты.
Белгіленген облыстардағы әкімшілік шекараларында Қазақстан аймақтарын әлеуметтік-экономикалық даму денгейі бойынша бір-бірінен тез айыруға болады. Барлық неғұрлым маңызды экономикалық көрсеткіштер мен халықтың өмір сүру денгейі және сапасы көрсеткіштері өте үлкен диапазонда ауытқиды.[9 88 105]
ЖІӨ (жалпы ішкі өнім) көлемі бойынша бір адамға шақканда ең жоғарғы көрсеткіш Атырау облысы (581,7 мың теңге) мен ең төменгі Жамбыл облысындағы (50,2 мың тенге) көрсеткіш арасындағы айырмашылық 2000 жылы 11,6 есені қүрады, орта айлық жалақы көлеміндегі алшақтық жоғарғы Атырау облысы мен төменгі Алматы облыстары арасында 3,1 есе, тіркелген қылмыс көрсеткіштерінің ауытқуы 5,4 % құрады. Ең төменгі өмір сүру көрсеткіштерінің ауытқуы Маңғыстау облысында 134,6 % пен Оңтүстік Қазақстан облысында 72,0 % аралығында.
Қазіргі кезде ҚР аймақтары әртүрлі белгілері бойынша топтастырылады. 2001 жылы қабылданған ҚР 2002-2009 жылдардағы аймақтарының даму Концепциясына бойынша Қазақстан аймақтары жалпы аймақтық өнім (ЖАӨ) және бір адамға шаққандағы өнім көлемі көрсеткіштері бойынша 6 топқа бөлінді.
Бірінші топқа ЖАӨ және бір адамға шаққандағы өнім көлемі көрсеткіштері ең жоғары аймақтар кіреді. Бұл дамыған қаржы секторы, жоғарғы ғылыми-техникалық көрсеткіштері бар Астана және Алматы қалалары.
Екінші топты көмірсутегі минералды ресурстарына бай облыстар құрайды: Маңғыстау және Атырау облыстары. Аталған облыстар елдің өнеркәсіп өнімінің 13 береді, халықтың саны жалпы халықтың 5,2 % қүрайды.
Үшінші топ-табиғи минералды-шикізат ресурстарына бай және жергілікті шикізатты пайдаланатын өнеркәсіптік облыстар. Бұл Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Павлодар облыстары. Аталған облыстар ЖАӨ 26,6 % береді.
Төртінші топқа табиғи ресурсқа бай және біраз ауылшаруашылығында пайдаланатын жерлері бар облыстар жатады. Бұл Ақтөбе, Қостанай, Жамбыл
және ОҚ облыстары. Бірінші 2 облыста орташа табыс республикалық денгей көлемінде болса, қалған екеуінде ол көрсеткіштен төмен. Олар ЖАӨ 17,2 %, оның ішінде АШ өнімінің 35,2 % береді.
Бесінші топтағы облыстарға Батыс Қазақстан және Солтүстік Қазақстан облыстары жатады. Бұл облыстарда машина құрылысы, оның ішінде қорғаныс бағытындағы машина жасау дамыған және АШ мақсатындаға шамалы жері бар. Республикалық ЖАӨ үлесі-8,3 %, АШ өніміндегі үлесі 16,6 және өнеркәсіптік өндірісте 4,4 % қүрайды.
Алтыншы топтағы облыстар негізінен аграрлық облыстар-Ақмола, Алматы, Қызылорда, Халықтың табысы ең төменгң денгейде. Республикалық ЖАҚ үлесі -10,8 %, АШ өніміндегі үлесі-27,8 %.
Аймақтарды нақты белгілері бойынша топтастыру аймақтың дамуының мүмкін болатын бағыттарын анықтауға және олардың денгейлерін көтеру бойынша іс-шараларды әзірлеуге мүмкіндік береді.[10 94 106]

Инвестициялық қоржын (портфель) - бұл капиталға саналатын қаржы құралдары, яғни меншікті кампаниялардың және мемелекеттің шығаратын акцияларға, облигацияларға және басқа да құнды қағаздарға жұмсалатын қаржы.
Құнды қағаздарды инвестициялаудың мақсаты - процент алу, капиталды сақтау және капиталдың өсуін қамтамасыз ету. Егерде негізгісі процент алу деп есептесек, онда артықшылықты қабілетті, жаңа компаниялардың өнімділігі төмен және қауіп - қатер жоғары құнды қағаздардан тұратын қоржынға бөлуге болады, алайда, егер, іс сәтті қалыптасса, жоғары проценттер әкелетін болса және керісінше, егерде инвесторлар үшін ең маңыздысы капиаталды сақтау және үстелуін қамтамасыз ету болса, онда белгілі компаниялардың немесе мемлекеттік азғантай тәулділікпен және күні бұрын күтетін орташа немесе аз проценттік төлемдер шығаратын, үлкен өсімділікке ие болатын құнды қағаздар қоржынға қосылады.
Инвестициялық қоржынды қалыптастырудың басты мақсаты - не ол, не бұл капиталды салу формасына байланысты, сөйтіп, салымның сенімділігін және ең үлкен кепілдік табысты қамтамасыз ететін , мүмкіншілікті барынша бірін - бірі өтеу тәуекелі болып табылады.
Құнды қағаздар қоржынын жасау үшін ақша қаражатының қандай болса да қаржы активтерінің бір түрін инвестициялау жеткілікті. Алайда, практикада қоржынның мұндай тұрпаты едәуір сирек кездеседі; анағұрлым көбірек дамыған, әртараптандырылған қоржын, яғни бірнеше құнды қағаздар түрінен тұратын қоржын.
Қоржынның мұндай тұрақты көпшілігінде өзінің қасиеті арқасында тұрақты болымды нәтижеден тұрады.
Инвестициялық қаржыдан алынған пайданың маңызды мезеті қоржынды ойдағыдай басқару. Қоржынды басқару әртүрлі құнды қағаздардан жиынтығына иелік істеу өнерін түсіндіреді, тек олар өзінің құнын сақтау ғана емес, сонымен қатар қандай болса да тәуекелділікке байланысты емес түпкілікті табыс табу.
Қағида бойынша, қоржындарды басқару екі тәсілге бөлінеді - активтік және пассивтік.
2012 жылы АҚШ нарығы пайыздық ставкалардың өсуімен сипатталды, бұл мемлекеттік бағалы ќағаздарды өтегенге дейінгі кірістіліктің өсуіне, тиісінше бағалардың төмендеуіне әкеліп соќтырды.
2012 жылдың 1 қаңтарынан бастап 31 желтоқсан аралығындағы кезеңде жинақтау портфелінің кірістілігі 8,89% болды. Эталондық портфельдің кірістілігі 2010 жылдың 15 қаңтарынан бастап 31 желтоқсанына дейінгі кезеңде 9,36% болды. 2012 жылы жинақтау портфелінің үстеме кірістілігі теріс - (-) 0,48% болды.
Мандаттардың барлық түрлері бойынша жинақтау портфелінің активтерін басќару нәтижелері оң болды. Дегенмен, 2012 жылғы кірістіліктің ең үлкен көрсеткішіне Ауқымды акциялар мандатының түрі бойынша және Активтерді ауқымды тактикалық бөлу мандатының түрі бойынша активтерді басқару нәтижесінде қол жеткізілді. Мысалы, мандаттың бірінші түрі бойынша кірістілік 18,54%, ал мандаттың екінші түрі бойынша кірістілік 2010 жылы 8,69% болды. Ауқымды облигациялар мандатының түрі бойынша басқарылатын жинақтау портфелі активтерінің кірістілігі 2012 жылы 5,65% кірістілікті көрсетті (Х бөлімнің 10.1-бөлімшесіне 2-ќосымша, Ауқымды облигациялар мандатының түрі бойынша жинақтау портфелінің активтерін басқару Мандаттың осы түрі бойынша жинақтау портфелінің активтерін басқаруды Ұлттық Банк дербес те, инвестициялық басқару жөніндегі халықаралық компаниялар да (сыртқы басқарушылар) жүзеге асырды. 2012 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша Ұлттық Банктің дербес басқаруындағы мандаттың осы түрі бойынша жинақтау портфелінің активтері 65,35% болды, ал осы қосалқы портфель активтерінің қалған 34,65% сыртқы басқаруда болды.
2012 жылы жинақ портфелі облигацияларының немесе активтерінің қосалқы портфелін басқарудың кірістілігі Ауқымды облигациялар мандатының түрі бойынша 65,65% болды. Осы қосалқы портфельдің эталондық портфелінің кірістілігі 6,21% болды.
Сөйтіп, 2012 жылы осы мандат түрін басқару нәтижесінде алынған үстеме кірістілік (-)0,56% құрады.
2012 жылы жинақ портфелінің Ауқымды облигациялар мандатының түрі бойынша активтерін басќарудың қорытындысы бойынша сыртқы басқарудағы активтердің үстеме кірістілігі (-)0,54%-ға тең болды, Ұлттық Банктің дербес басқаруындағы активтердің үстеме кірістілігі (-)0,39% ќұрады.
Жинақ портфелінің Ауқымды облигациялар мандатының түрі бойынша активтерін басқару. Жинақ портфелінің Ауқымды облигациялар мандатының түрі бойынша активтерін басқаруды инвестициялық басқару жөніндегі халықаралық компаниялар (сыртқы басқарушылар) ғана жүзеге асырады.
Осы мандат түрі бойынша активтерді басќарудың кірістілігі 18,54% болды, ал бенчмарк кірістілігі 18,99% болды. Сөйтіп, осы мандат түрі бойынша активтерді басќарудың нәтижесі эталондыќ портфельге қатысты теріс болды, кірістілік (-)0,45% болды.
Жинаќ портфелінің Ауќымды тактикалыќ бөлу мандатының түрі бойынша активтерін басқару. Жинақ портфелінің Ауқымды тактикалық бөлу мандатының түрі бойынша активтерін басқаруды инвестициялық басқару жөніндегі 2 халықаралық компания (сыртқы басқарушылар) жүзеге асырады.
Бенчмарк кірістілігі 9,36% болғанда, жинақ портфелінің осы мандат түрі бойынша активтерін басқарудың кірістілігі 8,69% болды. Сөйтіп, жинақ портфелінің осы мандат түрі бойынша активтерін басқарудың нәтижесі эталондық портфельге қатысты теріс болды, үстеме кірістілік (-)0,68% болды.
Эталондық портфельдің кірістілігі 1 қаңтар - 31 желтоқсан аралығында облигациялар үшін 6,21%, ал акциялар үшін 18,99% болды
Капиталдың шетелге шығарылуы елдер арасындағы оның белсенді миграциясы. Қазіргі кездегі дүниежілік шаруашылық пен халықаралық экономикалық қатынастардың өте маңызды белгілерінің бірі.
Капиталдың шетелге шығарылуы тауарлардың шетке шығарылуы монополиясын шетке қарай ығыстырады. Негізінен ол тауарлардың шетке шығарылуын толықтырады және де сыртқы нарықтарда жеңіп алу құралы ретінде қолданылды. Тауарлардың шетке шығарылуы қарқымен салыстырғанда капиталдың шетке шығарылу қарқыны бес есе болды.
Капитал миграциясындағы капитал термині өндіріс факторы ретінде ғана емес, еңбек, жер, кәсікерлік қабілеттілік және басқа да мағынада қарастырылады.
Капиталдың шетке шығарылуы - бұл белгілі бір ұлттық айналымында жүрген капитал бөлігін басқа елдің экономикасына тауар немесе ақша формасында енгізу процесі.
Капитал әкетудің негізгі алғышарты белгілі бір елде капиталдың салыстырмалы артықшылықғы шамадан тыс қорлануы. Кәсіпкерлік пайда немесе пайыз алу мақстанда ол шетелге шығарылады. Капитал экспорты ішкі экономикаға инвестиция жетпеген жағдай да іске асырыуы мүмкін. 90-жж-ң басында әлемде артық капитал көлемі 180 - 200 млрд долл шамсында болды. ХХ ғасырдың екінші жартысынан бастап капитал әкету үздіксіз артып келеді. Капитал экспорты өндірісі дамыған елдерде өзінің даму қарқыны жөнінен тауар экспортында және ішкі жалпы өнімді де басып озды капитал әкету көлемі шұғыл артқан жағдайда оның халықаралық миграциясы күшейді.
Капиталды шетке шығаруға мүмкіндік беретін және оны ынталандыратын факторларға мыналар жатады:
капиталды шетке шығарудың қозғаушы күші ұлттық экономикалық өзара байланысы мен өзара үйлесуі, өндірістің интернационалдануы капиталдардың халақаралық қозғалысы игі әсер етеді және жеделдетеді.
капитал экспорты, әсіресе оынң тікелей инвестиция нысаны ұлттық өндірісті хаықаралық өндіріске айналдырып, халақаралық өнім шығаруды ынталандырады.
халықаралық өнеркәсіп кооперциясы. Бұл трансұлттық корпорациялардың еншіліес команияларды қаржыландыруы. әр елдегі заңды немесе жеке тұлғалардың бір халықарарлық корпорация геңберінде салалық, технологиялық т.с.с. мамандануы арқылы арнайы экономикалық қатынастары халықаралық өнеркәсіпкооперциясы деп аталады.
өнеркәсібі дамыған елдердің экономикалық саясаты.
бұл саясаттың экономикалық өсу қарқынын бәсеңдетпей, алдыңғы қатарлы өнеркәсіп салаларын қоладуға, жұмыспен қамтамасыз етуге бағытталған.
дамушы елдердің экономикалық бағыты.
бұл дамушы елдердің шетелдік капиталдардың қатысуымен өздерінің экономикалық дамуын жеделдетіп, кедейлік шеңберінен шығуға ұмтылыстары дәрежесін көрсететін бағыт
экологиялық фактор. Экологиялық нормалардың (қолдылуы) қатаңдануына байланысты халықаралық корпорациялар өндірісті өнеркәсібі дамыған елдерден дамушы еледрге қарай көшуге тырсады.
капиталдар тасқынын реттейтін және бағыттайтын халықаралық қаржы ұйымдарының да рөлі маңызды.
Әлемдік тәжірбиеде капиталдың орын ауыстыруы мен шетелдік инвеститциялардың арасында нақты айырмашылық жүргізіледі.
Капиталдың сыртқа шығарылуы, ішке тартылуы және оның шетелде жұмыс істеуі төмендегі түрлері бойынша іске асады:
Жеке меншік және мемлекеттік капитал. Ол көбінесе жекелеген елдегі мемлекеттік ұйымдар мен компаниялардың капиталды тасымалдауына негізделеді.
Ақша және тауар сыртқа шығарылатын капитал ақша формасында шығарылмайды, сонымен бірге, ол машина, құрал - жабдық, ноу - хау, патенттер және тауарлық несиелер формасында да шығарады.
Қысқа мерзімдік (бір жылға дейінгі) және ұзақ мерзімдік формада. (1-сурет)
Енгізу және шығару
ұзақ мерзімдегі капитал
Портфельдік инвеститциялар
қысқа мерзімдік капитал
ұзақ мерзімдік заемдар мен несиелер
Тікелей инвеститциялар
Қысқа мерзімдік заемдар және несиелер
Басқа қаржы институттары есеп шоттарындағы депозиттер және қаржылар.
Сурет 1. Инвестицияның мерзім бойынша жіктелуі.
Қазақстанда капиталды инвестициялаудың өскелең тиімділігін дәлелдейді. Осындай жағдайларда резиденттің капиталды әкетуіне қойылған шекетеудің сақталуы валюта нарығында шетел валютасының сұранысы мен ұсынысының арасындағы үйлесімсіздіктің ұсыныстың айтарлықтай жоғарылауына жағына қарай күшеюіне қорғау салады.
Валюта тәртіптемесін одан әрі ырықтандыру ақша-несие және валюта саясатының бағыты болып табылады, ол валюта реттеудің өзгеруін және капиталды әкелу мен әкетуге бақылау жасауды ұйғарады.
Халықаралық қаржы ағындарын ырықтандыру жағдайындағы кез келген ел капиталдың орасан зор жиыныың реттелмейтін ауыстырылуына жауап қайтаруға мәжбүр болады. Сонымен, жауап шаралар инвестицияның түрлеріне (қоржындық немесе тікелей), олардың қозғалыс бағытына (елге немесе елден), елдердің бір алуан тобының экономикалық даму деңгейін ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz