Таулы аймақтардағы туристік маршруттар мен турлар ұйымдастыру жолдары



Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3

1. Туристік ресурстар және биік Жетісу Алатауы менТянь.Шань таулы өңірлердің туристік.рекреациялық аудандары

1.1 Туристік ресурстар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .5

1.2 Жетісу Алатауы туристік.рекреациялық ауданы ... ... ... ... ... ... ... ... ..7

1.3 Тянь.Шань таулы аймағы туристік.рекреациялық ауданы ... ... ... ... 18

2. Таулы аймақтардағы туристік маршруттарды ұйымдастыру жолдары

2.1 Тау туризмі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..21
2.2 Тау туризмі маршруттарына жорық ұйымдастыру мен жүргізу әдістемелері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 24

3. Тау туризмнің белсенді түрінің негізгі әдіс.тәсілдері туралы түсінік

3.1 Тау жорығы туралы ұғым және оның классификациясы ... ... ... ... ... ... 30

3.2 Туристік жорық техникасы және тактикасы ұғымдары және жорықты ұйымдастыру мен жүргізу әдістемелері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .34

3.3 Тау жорығындағы кедергілер және оның күрделілік санаттары, құрал.жабдықтары, оларды пайдалану әдістері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...42




Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .54



Қолданылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...56
Қазіргі таңда туризм-әлемдік экономиканың жетекші саласы болуымен қатар, адамдардың салауатты өмір сүруінің пәрменді құралы ретінде танылып отыр.
Мемілекетіміздің «2050 жылдарға арналған стратегиалық бағдарламасында» туризмнің қоғам мен адам игілігі үшін атқаратын іс-әрекеттері айқындалып, оны жандандыру мен дамыту мәселелері жан-жақты қарастырылған.
Туризм-адамдардың мақсат-тілектері мен мұқтаждықтарына сәйкес бос уақытын тиімді пайдалану үшін жан-жақты қызмет көрсету формасы.Туристік қызмет- туристік шаралар мен іс-әрекеттердің жиынтығы.[1]
1. «Туризм мамандарын даярлаудағы география пәндерінің маңызы» н.-п.к. Проблемы подготовки специалистов в системе туризма. АГУ им. Абая 1997 ж. Алшымбеков С.К.
2. Мазбаев О.Б., Асубаев Б.К., Атейбеков Б.Н. «Туризм және өлкетану негіздері». Оқу құралы. 2006 ж.
3. Сборник нормативных правовых актов / Методическое пособие по вопросам туризма / Составители Алчимбаева Ж., Ежикова В. – Талдыкурган.
4. Благовещенский В.П., Гуляева Т.С. Оценка пригодности территорий Жетысуского Алатау для рекреационного природопользования // Актуальные проблемы экологии и природопользования в Казахстане и сопредельных территориях: матер. Междунар. науч.-практ. конф.–Алматы, 2006. –Т.1. - С. 76-78.
5. Мазбаев О.Б., Токпанов Е.А. Жетісу Алатауында туризмді дамытудың таби-ғи және әлеуметтік –экономикалық алғышарттары // Шежірелі Жетісу: матер. Респ. науч.-практ. конф., посв. 100 летию Г Орманова. – Талдыкорған, 2007. - С. 44-49.
6. Расчет состовляющих водно-ледникового баланса внутриконтинен-тальной ледниковой системы. – Алматы: Қағанат, 2004.
7. Климат Казахстана /Под ред. Утешева А.С. – Л.: Гидрометеоиздат, 1959.
8. Жер жаннаты. Жетысу: Фотокнига. – Алматы: Тау Қайнар, 2003. : ил. Ж 50.
9. Пузырева А.А. Климатическое районирование Южного Казахстана. – Алма-Ата: Наука, 1975. - С. 174-180.

Пән: Туризм
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 64 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ
МИНИСТРЛІГІ
АБАЙ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ПЕДОГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

Туризм кафедрасы

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

Тақырыбы: Таулы аймақтардағы туристік маршруттар мен турлар ұйымдастыру жолдары

Қорғауға жіберілді Жұмысты орындаған:

Ғылыми жетекшісі:

АЛМАТЫ 2013

Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3

1. Туристік ресурстар және биік Жетісу Алатауы менТянь-Шань таулы өңірлердің туристік-рекреациялық аудандары

1.1 Туристік ресурстар ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 5

1.2 Жетісу Алатауы туристік-рекреациялық ауданы ... ... ... ... ... ... ... . ... .7

1.3 Тянь-Шань таулы аймағы туристік-рекреациялық ауданы ... ... ... ... 18

2. Таулы аймақтардағы туристік маршруттарды ұйымдастыру жолдары

2.1 Тау туризмі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 21
2.2 Тау туризмі маршруттарына жорық ұйымдастыру мен жүргізу әдістемелері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...24

3. Тау туризмнің белсенді түрінің негізгі әдіс-тәсілдері туралы түсінік

3.1 Тау жорығы туралы ұғым және оның классификациясы ... ... ... ... ... ... 30

3.2 Туристік жорық техникасы және тактикасы ұғымдары және жорықты ұйымдастыру мен жүргізу әдістемелері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3 4

3.3 Тау жорығындағы кедергілер және оның күрделілік санаттары, құрал-жабдықтары, оларды пайдалану әдістері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 42

Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .54

Қолданылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...56

Кіріспе

Қазіргі таңда туризм-әлемдік экономиканың жетекші саласы болуымен қатар, адамдардың салауатты өмір сүруінің пәрменді құралы ретінде танылып отыр.
Мемілекетіміздің 2050 жылдарға арналған стратегиалық бағдарламасында туризмнің қоғам мен адам игілігі үшін атқаратын іс-әрекеттері айқындалып, оны жандандыру мен дамыту мәселелері жан-жақты қарастырылған.
Туризм-адамдардың мақсат-тілектері мен мұқтаждықтарына сәйкес бос уақытын тиімді пайдалану үшін жан-жақты қызмет көрсету формасы.Туристік қызмет- туристік шаралар мен іс-әрекеттердің жиынтығы.[1]
Олай болса туризмнің негізгі жұмыс істеу формаларының бірі - туристік жорықтар.
Туристік жорықтар - адамдар үшін қолайлы туризмнің жұмыс формаларының бірі. Олар халық арасында кең таралған және ұйымдастыру, өткізу, материалдық шығындар жағынан тиімді. Жалпы туристік жорықты ұйымдастырып, өткізуді үш кезеңге бөліп қарастырады. Олар - дайындық, өкізу және қорытынды кезеңдер. Жорыққа дайындық кезеңінде жорықты материалдық жағынан қамтамасыз етеді және жорыққа дайындық басталады.
Өткізу кезеңіндегі барлық факторлар және орындалатын іс-шаралар туризмнің техникасы және тәсілі бойынша қарастырылады. Туристік жорықтың техникасы және тәсілі бірге аталғанымен, екі түсінікті қалыптастырады, бірақ бір-бірімен өте тығыз байланыста болып, теориялық білімнің негізінде былай түсіндіріледі.
Туризмнің тәсілі - туристік жорық жоспарының мақсаты, туристік жорықтың қауіпсіздігі, туристік жорықтың күндік тәулік кестесі, жорықтың негізгі және қосалқы желілерінің нұсқалары (қауіпті және апатты жағдайға байланысты). Осы аталған мәселелер туристік маршруттарды жобалауда және оны өту кезінде туристік-тәсілдік шешімнің ұтымды жақтарын қабылдайтын анықтаушы факторлардың жүйелігін құрайды.
Туризмнің техникасы - жорық жағдайларында нақты іс-шаралармен атқарылатын іс-қимылдар бірлігі. Оған жорық жағдайындағы кестенің реттік жағдайы, рельефтің күрделі жол тізбегін таңдау, топ қозғалысының схемалық сипаты және құрал-саймандарды пайдаланып жүріп өту кіреді.
Туристік маршруттың күрделі бөліміндегі қауіпсіздіктің алдын алу техника және тәсілдік дайындықа байланысты. Сондықтан туризмнің техникасы мен тәсілі кез-келген туристік жорықтың негізі болып, міндетті түрде топ мүшелерінен спорттық және терең пәнді білімді талап етеді.
Қорытынды кезеңінде жорықты өткізу кезеңіндегі барлық факторлар мен іс-шаралар қорытындыланады.
Дипломдық зерттеу жұмысымның мақсаты: Болашақ туризм мамандарына туристік маршруттарды ұйымдастыру және маршрут бойында кездесетін кедергілерден өту техникасы мен тәсілінің жекеленген түрлері мен оны маманның алдағы уақыттағы құрамдас тәжірибе практикасында жүзеге асыру болып табылады.
Маршрут бойындағы кедергілер мен қауіп-қатерден жақсы өтіп, топтың қауіпсіздігін қамтамасыз етуде топ жетекшісінің ролі зор. Мұндай жақсы, білікті маманды даярлау, оның ішінде әдістемелік даярлауға аса мән беріліп отыр.
Дипломдық зерттеу жұмысымның міндеттері: көзделген мақсатқа байланысты келесі міндеттер қарастырылды:
oo Туризмнің белсенді түрінің негізгі әдіс-тәсілдері туралы түсінік
oo Туристік іс-әрекеттегі әдіс-тәсіл ұғымдары және тау жорығы маршрутын ұйымдастыру мен жүргізу мәселелерін меңгеру;
oo Тау жорығы маршрутындағы кедергілер және оның күрделілік санаттары, құрал-жабдықтары, оларды пайдалану әдістері;
oo Туристік тау жорықтар құндылықтары мен жорыққа қатысты мамандар мәселесін шешу;
oo Күрделілік санаттарындағы тау жорықтарын ұйымдастырудың ерекшеліктерін және маршрут бағыттарының сипатын қарастыру;
oo Күрделі санаттардағы спорттық жорықтар және оның маңызы;

Дипломдық зерттеу жұмысының құрылымы мен мазмұны: жұмыс кіріспеден, 3 тараудан, қорытындыдан және пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады. Кіріспеде зерттеудің көкейкестілігі, мақсаты, міндеттері және зертеу жұмысының құрылымы мен мазмұны берілген.
Бірінші бөлім Туристік ресурстар және биік Жетісу Алатауы менТянь-Шань таулы өңірлердің туристік-рекреациялық аудандары Туристік ресурстарды табиғи, тарихи-мәдени және әлеуметтік-экономикалық деп екі топқа бөліп қарайды. Бұл топтарды туристік ресурстар жағдайын анықтайтын (табиғи және әлеуметтік-экономикалық) факторлар ретінде де қарастыруға болады.
Екінші бөлім Таулы аймақтардағы туристік маршруттарды ұйымдастыру жолдары, онда жорық туралы ұғым және оның классификациясы, туристік іс-әрекеттің әдіс-тәсіл ұғымдары, жорық маршрутын ұйымдастыру мен жүргізу әдістемелері, тау жорығындағы кедергілер және оның күрделілік санаттары, құрал-жабдықтары, оларды пайдалану әдістері көрсетілген.
Үшінші бөлім Тау туризмнің белсенді түрінің негізгі әдіс-тәсілдері туралы түсінік аталып, туристік жорықтар құндылықтары мен күрделілік санаттарындағы тау жорықтарын ұйымдастырудың ерекшеліктері және бағыттарының сипаты, күрделі санаттардағы спорттық жорықтар және оның маңызды мәселелерінен тұрады.
Зерттеу тәсілдері: анализ және синтез, статистикалық, ақпарат құралдары материалдарын сүрыптау, картографиялық және тау маршруттары картасымен жұмыс жасау.
1. Туристік ресурстар және Жетісу Алатауы, Тянь-Шань таулы өңірлердің туристік-рекреациялық аудандары мен табиғи рекреациялық кешендері.

1.1 Туристік ресурстар

Туристік ресурстар дегеніміз белгілі бір территориядағы (аумақтағы) туризмді қалыптастырып, дамытуға мүмкіндік беретін тарихи-мәдени және әлеуметтік-экономикалық нысандардың жиынтығы. Туристік ресурстарды табиғи, тарихи-мәдени және әлеуметтік-экономикалық деп екі топқа бөліп қарайды. Бұл топтарды туристік ресурстар жағдайын анықтайтын (табиғи және әлеуметтік-экономикалық) факторлар ретінде де қарастыруға болады. Бірінші топқа көрікті табиғи орындар, тарихи-мәдени және табиғи (табиғат ескерткіштері) экскурсиялық нысаналар, климаттық көрсеткіштер (температура,радиация), теңіз, көл және мұхит жағаларының болуы мен олардың адамдардың демалысы үшін жарамдылығы жатады. Бұл жерде рекреация деген ұғымның мағынасын айта кету керек. Рекреация- адамдардың демалысы мен емделуін қамтамасыз ету арқылы олардың рухани және дене күшін қалпына келтіріп, дамыту, денсаулығын нығайтуға мүмкіндік беретін жағдайлар. Рекреациялық ресурстарға табиғат компоненттері: климат жағдайы, жер бедері, минералды және термальды бұлақтар және өсімдік жамылғысы жатады.
Туристік ресурстардың екінші, әлеуметтік-экономикалық тобына белгілі-бір аумақтардағы туризмді материалдық - техникалық жағынан қамтамасыз етуге бағытталған курорттар, туристік базалар,пансионаттар, демалыс үйлері, санаторийлер, көлік, қонақ үйлер, тамақтану орындары, қосымша туристік инфрақұрылым- арнайы дүкендер, байланыс бөлімшелері, емдеу мекемелері, ойын-сауық және сауықтыру (стадиондар, спорт сарайлары, бассейндер т.б) спорт орындары тиісті. Бұл топқа сондай-ақ қаражаттың жеке еңбек ресурстары да қатысты. Халықтардың ұлттық ерекшеліктері (тұрғын үй жағдайы, ұлттық тағамдары мен киімі, кәсібі, қолөнері, музыка мен фольклор, ұлттық ойындар) мен салт-сана, әдет-ғұрптары мен халықтық, ұлттық мейрамдарын осы екінші топқа енгізуге болады.
Жалпы туристік ресурстарға баға берген кезде территориялардың (аумақтың) табиғи-эстетикалық жағына, олардың тартымдылығы мен қайталанбастығына көңіл бөлу керек, өйткені олар аумақтың туризм бойынша функционалдық сапасын анықтайды. Бұл жерде қолайлы климаттық жағдайлардың рөлі жоғары және аумақ табиғатының аз өзгеру жағдайы ерекше орын алады.
Туристік ресурстарға қатысты келесі ұғым- туристік мүмкіндіктер. Туристік мүмкіндіктер дегеніміз белгілі-бір территориялардағы туризмді қалыптастырып дамытуға мүмкіндік беретін, бірақ әр түрлі себептермен қазіргі жағдайда пайдаланылмай жатқан орындар мен факторлардың жиынтығы. Туристік ресурстардың таралуына байланысты оларды аудандастыру жүргізіледі. Туристік аудандастыру- аумақтағы туризмге байланысты географиялық ақпараттарды жүйелендіруге және ол аумақтағы туризмнің даму заңдылықтарын анықтауға байланысты жеке аудандарды анықтап бөлу. Туристік аудандастыру аумақтың барлық бөліктеріндегі туризмнің жағдайы, факторлары және болашағы жайлы толық түсінік алуға, оларға байланысты жеке аумақтық ерекшеліктерді бір-бірімен салыстырғандағы белгілі-бір аумақтардағы орналасу реті мен жиілігі болу жағдайы. Туристік аудандастыру кезінде әр түрлі таксономикалық рангадағы аумақтық бірліктер бөлініп шығарылады. Олар маңыздылығы жағынан жалпы мемлекеттік (республикалық), дүние жүзілік және жергілікті болуы мүмкін. Ондай аумақтық бірліктерге - туристік-рекреациялық зоналар, туристік аудандар немесе орталықтар жатады.
Туристік рекреациялық зона- көбіне ұзына бойы орналасқан, көрікті, көгалды жерлердегі, тау іші және тау етегі аумақтардағы, көл, бөгендер, теңіз және мұхит жағалауларындағы, темір және автомобиль жолдарының бойындағы, рекреациялық мүмкіндіктерге ие (жағажай, емделу және демалыс орындары т.б) қосымша туристік қызмет орындары және экскурсиялық орындар бар адамдардың танымдық, демалыстық, емделу-сауықтыру қажеттіліктерін қамтамасыз ететін аумақтар. Туристік-рекреациялық зоналарға мысал ретінде Іле Алатауы бойын, Шортанды - Бурабай аумағын, Ресейдің (Анападан Адлерге дейін)және Грузиялық (Леселидзеден Батумиге дейін) Қара теңіз жағалауы, Қырым жағалауларын т.б. айтуға болады.
Туристік аудан немесе туристік орталық-өзінде және төңірегіндегі орналасқан туристік ресурстар негізінде туристік-экскурсиялық қызмет кешені қалыптасқан аумақ, табиғи нысан, қала. Туристік ресурстар мен нысандар туристік аудандардың немесе орталықтардың төңірегіне шоғырланып орналасады.Олар: туристік базалар, қонақ үйлер, пансионаттар, туристік және экскурсиялық нысандар тамақтану және сауда, спорт орындары т.б. Туристік орталықтарға Мәскеу, Санкт-Петербург, Сочи, Ялта, Бұхара, Сергиев Посад, Алматы, Псков, Самарқанд, С уздаль,Бакуриани, Юрмала қалалары, Эльбурс маңы жатады. Туристік аудандар туристік-рекреациялық зоналар бойында да орналасады. Оған мысал Ресейдің Қара теңіз бойындағы (Краснодар өлкесі) Сочи ауданы және Қырым туристік-рекреациялық зонасындағы Ялта туристік ауданы.
Туристік ресурстар бойынша ерекше орынды туристік нысандар алады. Туристік нысан- аумақтық кеңістікте өзіндік орны бар, тарихи-мемориалдық, мәдени-эстетикалық және танымдық мәнге, қасиетке ие,осыған байланысты туристердің көңілін аудартып, олардың өзінде болуына жағдай жасайтын жерлер. Туристік нысандарды 3 топқа бөліп қарастыруға болады.
1) Табиғи туристік нысандар. Олар: табиғаттың көрікті жерлері, рекреациялық орындар, физикалық-географиялық объектілер; шағын көлдер-(Көлсай көлдері, Қайыңды, Үлкен Алматы көлі т.б.); өзендер- (Ертіс, Бзыбь, Кивач, Чусовая, Белая, Чулышман, Катунь т.б.); табиғат ескерткіштері. Табиғат ескерткіштеріне сирек кездесетін өсімдіктер өскен жерлер (Шетен орманы, Таутүрген шыршалары т.б.) әр түрлі бейнелерді елестететін табиғи тасты мүсіндер (Оқжетпес, Шайтан тас т.б.), өзен каньондары (Шарын, Калорадо каньондары т.б.), сарқырамалар (суқұламалар), үңгірлер, вулкан кратерлері.
2) Тарихи туристік объектілер. Олар: қалалардың көне кварталдары, археологиялық орындар , көне мешіттер, мазарлар, шіркеулер, монастырлар, үңгір монастырлері (Киево-Печерска лаврасы), храмдар, синогогтар, пагодалар, мемориалдық-тарихи ескерткіштер, костелдер, тастағы таңбалар мен жазулар, қалашықтар, қамалдар, сарайлар т.б.
3) Әлеуметтік-экономикалық туристік нысандар. Оларға адам қолымен жасалған көрікті орындардың барлығы жатады. Мысалы: Ірі ірі комплекстер, ботаникалық бақтар, мұражайлар, диснейлендтер жэне т.б жатады. [2]


1.2. Жетісу Алатауы туристік-рекреациялық ауданы
Жетісу Алатауының жалпы ауданы 32 мың км2, ұзындығы 450, ені 100 км. Тау жүйесі субендік және ендік бағытта созылған. Солтүстік Орталық және Оңтүстік Орталық жоталар тізбегінен тұрады. Олардың аралықтарын Қоңырөлең, Қоғалы, Қапал, Сарыбөктер, Сапақ - Айпара сияқты үш деңгейлі ірі тектоникалық ойыстар бөліп жатыр. Оңтүстік Орталық жотаның бір бөлігі Қытай Халық Республикасының аумағына ұласады. Көксу мен Боратола өзендерінің су айрығы болып табылатын Қоңыроба таулы алқабында Солтүстік және Оңтүстік Орталық жоталар тізбегі бір-бірімен түйілісіп біртұтас тау жүйесін түзеді. 44°- 46°30' с.е., 76°24' - 82°30' ш.б. аралығында орналасқан Жетісу Алатауының аумағы Лион мен Женеваның ендіктеріне сай келеді [3].
Тау жүйесінің солтүстік-шығыс шекарасы 450 шақырымға созылып жатқан Алакөл - Ебінұр ойыстары арқылы өтеді. Шолақ үстіртін Барлық - Майлы тауларынан ені 10-15 км Жетісу (Қаптағай) қақпасы бөліп тұр. Батысында абсолют биіктігі 1200-1500 метрден орталық бөлігінде біртіндеп биіктейді. Басты жоталардың биіктік бөлігінің іргетасы каледон мен герциннің гранитоидтарынан тұратын ірі антиклинорийлі құрылымдар болып табылады. Алып баспалдақ тәрізді болып келетін Жетісу Алатауын абсолют биіктігіне қарай төмендегі топқа бөледі:
- 700-1600 метрге жететін аласа таулы;
- 1600-3000 метрге дейінгі биіктікті қамтитын орташа биік;
- 3000-4500 м.биіктік аралығын қамтитын биік таулы.
Бірінші төменгі деңгейдегі аласа тауларға сыртқы күштердің әсерінен бұзылған Кеттібай - Борлы, Арғанаты, Малайсары, Лабасы, Қатутау сияқты аридтік климат жағдайында күшті денудацияланған көлбеулігі 15-20º, салыстырмалы биіктік айырмасы 400-500 метр аралығында ауытқитын қалдық таулар жатады. Аласа таулар мен гранитті алқаптарда төрттік мұзбасуларының экзарациялық әрекетінен түзіліп, сыртқы күштердің әсерінен өзгеріске ұшыраған экологиялық және ғылыми-танымдық туризмді дамытуға мүмкіндік беретін Шыңғыс ханның шатыры (Желдіқара тауы), Қыранның қанаты (Қызылтас тауы), Шатыртас (Алмалы тауы), сияқты бірегей табиғат ескерткіштері бар.
Жетісу Алатауының шашырай орналасқан аласа таулы алқаптарын негізгі жоталардан Күреңбел, Қоғалы сияқты тауаралық ойыстар бөліп тұрғандықтан орташа биік тауларға ұласатын біртұтас белдеу түзбейді [4]. Қазіргі кезде аласа таулы белдеу емдік-шипажайлық және саяжайлық рекреация дамыған жақсы игерілген аумақтар болып табылады. Болашақта дельтапланеризм, ат туризмі, тау велосипеді сияқты туризмнің жаңа салалары дамуы мүмкін.
Текелі, Талдықорған, Үштөбе сияқты ірі өндіріс орталықтары шоғырланған Қаратал, Көксу өзендерінің алабында бұқаралық сипаттағы жазғы демалыс орындарын салу көзделуде. Аласа таулы белдеудің шегіндегі минералды ыстық бұлақтардың көзінде салынған бальнеологиялық Қапал - Арасан, Көктал - Арасан, Жаркент - Арасан сияқты нысандарда емдік-шипажайлық рекреация дамыған.
Жетісу Алатауының аласа таулы бөлігінде туристік инфрақұрылымды қалыптастырып, туризмді қарқынды дамытуға кедергі келтіруде. Екінші деңгейдегі биіктік белдеуіне ежелгі төрттік мұзбасуларының абляция аймағында түзілген ысырылу конустары айқын байқалатын денудациялық-тектоникалық жер бедері басым Марқатау, Желдіқарағай, Алтынемел, Жаманқотыртас таулары жатады.[5] Ежелгі мұздықтардың қозғалу аймағында тар шатқалды терең өзен аңғарлары, абляция аймағында Мыңшұңқыр сияқты циркті ойыстар мен мореналы төбелер түзілген. Жоғарыда аталған көлдер мен Жаманқотыртас, Баянжүрек сияқты гранитті алқаптардағы жұмырланған қойтастар мен ысырынды жыныстар анық байқалатын стратиграфиялық маңызды геологиялық соқпақтар мен бағыттарды құруға мүмкіндік береді.
Орташа биіктіктегі таулы белдеудің солтүстік беткейінде 1600-1800-ден 2200-2400 метр биіктік аралығында шыршалы ормандар мен биік шөптесін өсімдікті шалғындар, оңтүстік беткейінде ұсақ жапырақты ормандар мен бұталар, орманды шалғындар мен аршалы-шалғынды далалар, батыс беткейлерінің төменгі бөлігінде алмалы-доланалы жеміс ағаштары, орта бөлігінде қылқан жапырақты ормандар тараған.
Сел мен қар көшкіннің қаупі болуына қарамастан Жетісу Алатауының орташа биіктіктегі таулы бөлігінде рекреациялық нысандарды салуға қолайлы жағдайлар бар. Қазіргі кезеңде ғылыми-танымдық, аң аулау, серуендік-сауықтыру, экологиялық туризмді дамытып, шетелден туристерді тарту мақсатында 2000 жылдан бастап Лепсі, Сарқант, Қапал орман шаруашылығының кордондарында туристік соқпақтар мен қызмет көрсету нысандарын салу қолға алынған.
Үшінші биік таулы белдеуде тектоникалық-денудациялық және күмбез тәрізді альпілік жер бедері 3000-3100 метр биіктіктегі күрделілігі әртүрлі асулар басым. Оларға қазіргі мұзбасулар жүріп жатқан Тастау, Басқантау, Қоңыроба, Тоқсанбай сияқты ең биік жоталар тізбегі жатады. Қазақстанның тау жүйелерінде орталық жағдайға ие болуына, гео-тектоникалық құрылысының ерекшелігіне орай Жетісу Алатауы қазіргі мұздықтар сақталған ірі аудан болып табылады. А.П.Черкасовтың деректеріне сәйкес Жетісу Алатауының Қазақстандық бөлігінде жалпы ауданы 813,9 км² болатын 1369 мұздық бар [6]. Олардың басым көпшілігі Ырғайты, Тентек, Басқан, Ақсу, Көксу өзендері алабында шоғырланған.
Жетісу Алатауының ең биік бөлігі болып табылатын Басқан өзенінің бастауында Бесбақан (4622 м), Шумский (4442 м) шыңдары орналасқан. Олар әртүрлі аймақтық біліктілігі бар альпинистер үшін маңызы зор. Таудың бұл ауданындағы ең аласа асу Талды болып табылады (3504 м). Жер бедері салыстырмалы түрде тегіс жұмыр болып келетіндіктен біліктік жоталардың шыңдары мен жалдарын қазіргі мұздықтардың фирн алаңдары жауып жатыр. Төбесі текшелі жатық болып келетіндіктен күмбез тәрізді үшкір шыңдар сирек кездеседі. Өкінішке орай, көлік қатынасының қиындығы, рекреациялық инфрақұрылымның жоқтығының салдарынан аталған биік таулы ауданда қарқынды туристік-рекреациялық іс-әрекетпен айналысуға мүмкіндік болмай отыр. Туристік-рекреациялық тұрғыдан Жетісу Алатауының биік таулы бөлігінің біршама игерілген аудандарына Тронов, Алтынсарин, Аюсай мұздықтары, Сели Тентек, Шығыс асулары жатады. Мұнда күрделілігі әртүрлі дәрежедегі туристік бағыттар қалыптасқан. Аталған бағытта тасты глетчерлердің, жанартаулық күлдің мұздық саңырауқұлақтарының болуы, тек аймақтық сауықтыру ғана емес, ғылыми-танымдық туризмді дамытуға мүмкіндік береді.
Аймақтық сауықтырудағы маңызын ескере отырып, Қора өзені бастау алатын Алтынсарин мұздығына жақын маңда альпинизм мен тау шаңғысының базасы құрылса жыл бойы пайдалануға мүмкіндік беретін қызықты туристік бағыт пайда болар еді. Жетісу Алатауының саяжайлық рекреацияны дамытуға қолайлы тау бөктерінен бастап құз жартасты биік тауларға дейінгі бөліктерінде жер бедерінің алуан түрлі пішінімен қатар қалың орман алқаптарының, таза сулы өзен-көлдердің, мұздықтар мен ыстық минералды бұлақтардың болуы адамдардың басым көпшілігінің жаппай демалып, денсаулықтарын қалпына келтіру мақсатындағы дәстүрлі рекреациялық іс-әрекеттерді жүзеге асыруға қолайлы аудандардың бірі болып табылады [7].
Табиғат жағдайының ерекшелігіне туристік-рекреациялық әлеуеті мен игерілу деңгейіне қарай Жетісу Алатауы Оңтүстік және Солтүстік табиғи рекреациялық кешендеріне бөлінеді.
Жетісу Алатауының Оңтүстік табиғи рекреациялық кешені. Оңтүстік табиғи-рекреациялық кешен аймағы Солтүстігінде Балқаш ойысымен, оңтүстігінде Тоқсанбай, Тышқантау таулары арқылы Қытаймен, батысы Іле ойысымен, шығысында Қоңыроба алқабы, Шаған, Желдіқара таулары Қазан, Көксу өзендері арқылы Солтүстік табиғи рекреациялық кешенмен шектеседі. Табиғи рекреациялық кешен аумағы Жетісу Алатауының оңтүстік сілемі болып табылатын Итшоқы (3806 м), Саршыбын (3498 м), Тоқсанбай (4052 м), Тышқантау (4370 м), Шақпақтас (3970 м), Шолақтау, Алтынемел, Қояндытау, Қатутау, Шақпақ, Қоянтау, Итжон, Алтынемел, Матай, Шолақ, Малайсары таулары мен Бурақожыр, Өсек, Қорғас, Кескентерек, Быжы, Түлкілі өзендерінің орта ағысындағы биік таулы шалғынды орташа биік таулы орманды-шалғынды және аласа таулы шөлді-шөлейтті және таулы далалы ландшафтардың шегінде теңіз деңгейінен 600-3500 метр биіктік аралығында орналасқан. Беткейлерінің көлбеулігі 25-30º, салыстырмалы биіктік айырмасы 1000-2000 метрден асады [5]. Биік таулы белдеудің бұталы-далалы, альпілік және субальпілік шалғынды өсімдікті аумақтары тасқа өрмелеу, альпинизм мен тау туризмін дамытуға мүмкіндік бергенімен бұқаралық сипаттағы демалысты дамытуға қолайсыз. Биік таулы белдеулерде тұрақты қар қыркүйектің соңы мен қазанның басында қалыптасып, 160-200 күнге дейін жатады. Қалыңдығы 77-89 см-ге дейін жетеді. Мұздықтардың тілдеріндегі қар шілденің ортасында еріп кеткенімен биік шыңдарда жаз бойы сақталады. Жылдың суық кезеңінде 10 мм-ден артық жауын-шашын түсетін күндердің ұзақтығы 10-15 тәулікке жетеді. Шілде-тамыз айларындағы температура градиентінің тұрақты болуы тау туризмін дамытуға қолайлы. Тамыздың соңында биік таулы белдеулердегі метеорологиялық жағдайдың қолайлығы 1- 6%-дан аспайды [5].
Аласа таулы бөлігінің игерілу деңгейі мен көліктік қолжетімділігі жоғары кеңінен қолданылатын аласа таулы бөлігінің беткейлерінің орташа көлбеулігі 15-20º, салыстырмалы биіктік айырмасы 300-400 метр аралығында ауытқиды [6]. Жылдық орташа температурасы 4-6ºС, жауын-шашынның орташа мөлшері 400-500 мм-ден асады. Ең суық ай - қаңтардың орташа температурасы -6º-7ºС.
Отүстік табиғи рекреациялық кешен аумағы аласа және орташа биік таулы алқаптар мен Жаркент, Қоңырөлең тауаралық ойыстарын қамтиды. Басқа туристік-рекреациялық жергілікті жерден айырмашылығы суық, әрі қысқа қыс пен ыстық, құрғақ жаз тән. Климаты қоңыржай ыстық, солтүстігі мен солтүстік-батысынан Матай, Алтынемел Қояндытау, Тоқсанбай, Тышқантау тауларының қоршап жатуына байланысты Солтүстік табиғи рекреациялық кешенге қарағанда бір айға қысқа. Аласа таулы алқаптың тәуліктік орташа температураның 0° көрсеткіші наурыздың соңында байқалады. Сәуір айының бірінші он күнінде тәуліктік орташа температура 5° С-қа дейін артады. Шілденің орташа температурасы 20°-22° С. Жаз 3-4 айға созылатындықтан шілденің екінші жартысы мен тамызда аласа таулы белдеуде бұлтсыз ашық ауа райының қалыптасуы климаттық емделудің көптеген түрлерін, соның ішінде күн сәулесімен емделуге Тау жүйесінің аталған бөлігінің қолайлығы 60-64% құрайды [7].
Ашық күндердің көп болатын құрғақ таулы, далалы және шалғынды-далалы өсімдікті аласа таулы алқаптар мен өзен аңғарларының тоғайларының биоклиматтық жағдайы айлақтық-танымдық туризмді, саяжайлық рекреацияны, бұқаралық сипаттағы демалыс пен туризмді дамытуға жарамды. Мұздықтармен Бурақожыр, Өсек, Бұрқан өзендердің орта ағысы су туризмін дамытуға қолайлы. Қалыңдығы 30-40 см-ден асатын қар желтоқсанның соңында қалыптасып, наурыздың басына дейін сақталуы тауларда шаңғы тебу, шанамен сырғанау сияқты рекреацияның қысқы түрлерін жандандыруға қолайлы.
Қалыптасу жағдайларына қарай Оңтүстік табиғи рекреациялық кешеннің биік таулы белдеулерінің өсімдіктер жамылғысы бес топқа бөлінеді:
- таулы-шалғынды топырақты нашар тілімделген теңге жапырақты әртүрлі шөптесін өсімдікті альпілік шалғындар;
- күшті тілімделген таулы-шалғынды топырақты әр түрлі шөптесін өсімдікті альпілік шалғындар;
- тік беткейлі жар тасты жерлердегі сирек өскен әр түрлі шөптесін өсімдіктер;
- үшінші деңгейдегі биік тау аралық жазықтардың теңгежапырақты - әртүрлі шөптесін өсімдікті шалғындары;
- нивальді-гляциалды белдеудегі сирек өскен альпілік шалғынды, мүкті-қыналы қорымды жартастар.
Табиғи рекреациялық кешеннің аласа таулы алқаптарының қоршаған ортаның эстетикалық тартымдылығы жоғары, әрі температура жағдайы денсаулыққа жағымды әсер ететіндіктен көктемнің соңы туристік саяхаттар ұйымдастыруға өте қолайлы. Жауын-шашынның аз, жылудың мол болуына байланысты климатының аридтігіне байланысты 600-1600 метрге дейін таулы шөлді-шөлейтті, 1600-2000 метр биіктік аралығында таулы далалы және бұталы-шалғынды ландшафтар таралған. Тоғайлар жерасты суы жақын жатқан ойыстар мен шағын бұлақтардың бойында таралған. Аридті денудациялық үрдістердің әсерінен түзілген Әнші құм, Ақтау, Қайыңды, Мыңбұлақ, Долантау, Әулиеағаш сияқты табиғат ескерткіштерімен қатар, Үйгентас, Орбұлақ, Бесшатыр, Жаркент мешіт-медресе кешені тәрізді тарихи-археологиялық мұралардың мол болуы ауданның рекреациялық жергілікті жерін арттырып, Қазақстандағы экологиялық туризмінің ірі орталығына айналдыруға мүмкіндік береді [5].
Оңтүстік табиғи рекреациялық кешенінің аласа таулы алқаптардағы ауылдық елді мекендер торының жиілігі орташа, ландшафтары адамның шаруашылық әрекетінің әсерінен күшті және орташа дәрежеде өзгерген. Онда негізінен егіс алқаптары, шабындықтар мен жайылымдар бар. Экологиялық, ғылыми-танымдық және мінәжаттық туризмді дамытуға мүмкіндік беретін туристік бағыттар мен рекреациялық қызмет көрсету нысандары жеткілікті. Рекреациялық іс-әрекеттерді шектейтін сел мен қар көшкінінің қаупінің әсер ету дәрежесі шамалы.
Туристік-рекреациялық іс-әрекеттерді ұйымдастыру мүмкіндігі мен мамандану дәрежесіне сәйкес Оңтүстік табиғи рекреациялық кешен Матай-Шаған, Алтынемел-Қойбын, Тоқсанбай, Тышқантау жіктелген.
Солтүстік табиғи рекреациялық кешені. Жетісу Алатауының Солтүстік табиғи рекреациялық кешені батысында Қоңыроба таулы алқабы, Көксу өзені, Шағантауының солтүстік беткейі, Быжы өзенінің аңғары мен солтүстік-шығысында Жетісу қақпасымен шектесетін Қарабұта, Ақшакүңгей, Белқайың таулары мен Шолақ тауаралық ойысына дейінгі аумақты қамтиды. Оңтүстік табиғи рекреациялық кешеннен айырмашылығы экстремалды сипаттағы тау туризмі мен алпинизмді дамытуға мүмкіндік беретін күрделілігі әр түрлі дәрежелі шыңдан, мұздықтар мен асулар шоғырланған. Олардың көпшілігі Тентек, Лепсі, Басқан, Сарқант, Ақсу, Қора және Көксу өзендерінің бастауында шоғырланған. Алмалы (1300 м), Кеттібай - Борлы (1466 м), Шатырбай (2133 м), Шыбынды (1327 м), Сарымсақты (1960 м), Күнгей, Тастау, Қарынбай жоны сияқты тау жоталары мен Жетісу Алатауының ең биік бөлігі болып табылатын Басқан, Лепсі, Тентек өзендерінің бастауындағы Бесбақан (4622 м), Абай (4390 м) және Шумский (4442 м), Сандықтас (3722 м) шыңдарының аралығын үш деңгейлі Шолақ, Ақши, Сарыбөктер, Ойжайлау, Сапақ - Айпара, Екіаша, Аманбөктер, Қапал - Арасан ойыстары бөліп жатыр. Жоғарыда аталған шыңдардың аралығында сәуір - қыркүйек айларының аралығында асуға қолайлы альпинизмді дамытуға мүмкіндік беретін Талды, Тарлаулы, Көкетау, Басқан, Сарыбөрік сияқты 1-4 дәрежедегі асулар шоғырланған. Олардың ішіндегі ең аласасы Талды асуы (3504 м) [8].
Халық жиі қоныстанған суармалы егіншілікті Талдықорған өңірінде көп салалы туристік бағыттар құруға қолайлы аумақтардың қатарына аласа және орта биіктіктегі таулы белдеулерді жатқызуға болады. Беткейлерінің орташа көлбеулігі 11-20º аралығында ауытқитын аласа таулы алқаптар климатының аридтігіне орай жер бедерінің эолдық-дефляциялық пішіндерінің басым болуы аумақтың эстетикалық тартымдылығын арттырады. Қаңтардың орташа температурасы Талдықорған ойыстарында -8-10º С. Ашық күндер басым болатындықтан бұлттылық 2-3 баллдан аспайды. Қыстағы атмосфера циркуляциясының антициклондық режимі желдің жылдамдығына да әсер етеді. Қаңтар айында солтүстіктен, солтүстік-шығыстан соғатын желдер басым болады. Олардың орташа жылдамдығы 1,9-3 мсек-тан аспайды. Тұрақты қар жамылғысы қарашаның бірінші және екінші жартысында қалыптасып, 90-130 күн сақталады. Тұрақты қар жамылғысының қалыңдығы теңіз деңгейінен биіктігіне сай 15-20 см-ден тау баурайларында 35-45 см-ге дейін жетеді. Көктемде батыстан, солтүстік-батыстан енетін ауа массаларының әсерінің күшеюінен тұрақсыз ауа райы қалыптасады. Сондықтан жауын-шашынның басым бөлігі сәуір мен мамыр айларында түседі. Мамыр айының тәуліктік орташа температурасы 10-12º С-тан асады.[9] Қоршаған ортаның эстетикалық тартымдылығы жоғары, температура жағдайы денсаулыққа жағымды көктемнің соңы туристік саяхаттар ұйымдастыруға өте қолайлы.
Жауын-шашынның аз, жылудың мол болуына байланысты жусанды, әртүрлі шөптесін өсімдікті шөлді-шөлейтті және астық тұқымдас әртүрлі шөптесін өсімдікті таулы далалы ландшафтар басым. Рекреациялық жергілікті жердің аласа таулы бөлігі мен Көксу, Қаратал, Ақешкі, Қапал өзендерінің аңғарындағы тоғайлар көп күндік және бір күндік экологиялық, серуендік-сауықтыру, су және шипажайлық-сауықтыру туризмі мен саяжайлық рекреацияны дамытуға қолайлы.
Мінәжаттық, экологиялық және ғылыми-танымдық туристік бағыттар құруға ең қолайлы аумақ тарихи-археологиялық және табиғат ескерткіштерінің мол қоры шоғырланған Бурақай (985 м), Ешкіөлмес (1054 м), Баянжүрек (2079 м), Лабасы (1559 м), Дауылбай (928 м) таулары болып табылады. Олардың жер бедерінің ерекшеліктері туристерге ежелгі төрттік мұзбасуларының және сел әрекетінен түзілген жер бедерінің морфомүсіндік пішіндерімен таныстыруға қолайлы [5]. Туристік нысандардың басым бөлігі халықаралық маңызы бар Алматы - Семей тас жолына жақын орналасқан.
Мұздықтармен қоректенетін мол сулы Қаратал, Көксу өзендерінің орта ағысы су туризмінің бірнеше түрлерін дамытуға қолайлы. Аласа таулы алқаптарда қалыңдығы 30-40 см асатын қар желтоқсанның соңында қалыптасып, наурыздың екінші жартысына дейін сақталады. Талдықорған - Текелі өнеркәсіпті ауданында халықтың қысқы демалысын ұйымдастыру мақсатында 2005 жылы іске қосылған шаңғы базасы, шанамен сырғанау, сноуборд сияқты рекреацияның қысқы түрлерін дамытуға мүмкіндік береді.
Тауаралық Қапал - Арасан ойыстарындағы суының тәуліктік ағымы 1,7- 2,5 м3-ден асатын, температурасы 27º С, минералдануы 1-1,1 гл болатын Қапал - Арасан ойысындағы сульфатты-хлоридті-натрийлі жер асты ыстық минералды сулардың кен орнында 1931 жылы салынған шипажайы буын, жүйке және жүрек қан тамырлар жүйесі, асқазан мен бауыр ауруларын емдеуге маманданған. Қаратал өзені аңғарындағы ірі кәсіпорындардың 1970-1980 жылдары іске қосылған сауықтыру орындары қазіргі кезде заман талабына сай қайта жарақтандырылып қуаты арттырылған. Қапал - Арасан, Қаратал шипажайлары мен Талдықорған, Текелі қалаларындағы бальнеологиялық маңызды сауықтыру орындары Мұқыры - Баянжүрек рекреациялық жергілікті жерінің емдік-шипажайлық рекреация бағытын айқындайды [5].
Аласа таулы алқаптарда ауылдық елдімекендер торы жиі болғандықтан ауыл шаруашылығы жақсы дамыған. Ландшафтары адамның шаруашылық әрекетінің әсерінен күшті және орташа дәрежеде өзгерген. Онда негізінен егіс алқаптары, шабындықтар мен жайылымдар сонымен қатар, әлеуметтік-экономикалық маңызды нысандар бар. Аталған табиғи рекреациялық кешен аумағында тартымдылығымен ерекшеленетін бірнеше бағыт ұсынуға болады. Көп салалы туристік-рекреациялық іс-әрекеттерді дамытуға төмендегі факторлар қолайлы әсер етеді:
- ғылыми-танымдық және экологиялық туризмді дамытуға мүмкіндік эстетикалық тартымдылығымен ерекшеленетін қазба жұмыстары жүргізіліп жатқан Ешкіөлмес, Лабасы, Мұздыбұлақ таулы алқаптары мен Күреңбел ойысында тарихи-археологиялық және бірегей табиғат ескерткіштерінің халықаралық маңызы бар жолдарға жақын орналасуы;
- ауаның тазалығымен қатар, жылдың жылы мезгiлiнде температура ауытқуының баяу байқалуына байланысты инсоляцияның қолайлы болуы;
- Қапал ойысында емдік-шипажайлық рекреацияны дамытуға мүмкіндік беретін минералды су көздері қорының мол болуы;
- Қаратау, Жаманкөл жоталарының солтүстік беткейлері жер бедерінің морфометриялық көрсеткіштерінің рекреанттардың жекелеген топтары үшін альпинизм, аймақтық-сауықтыру, тау туризмін дамытуға мүмкіндік беруі;
- тау беткейлері микроклиматының адамның мінез-құлқына, сезімі мен денсаулығына тигізетін қолайлы әсеріне орай Қаратал - Көксу өзендерінің аңғарында шомылып су және күн қауызын қабылдау сияқты бұқаралық сипаттағы қарқынды демалысты ұйымдастыруға қолайлылығы;
- халықаралық маңызы бар ірі жол торабында орналасуына орай шетелдік және отандық туристерді тартуға мүмкіндік беруі.
Тарихи-археологиялық және табиғат ескерткіштерінің қоры жеткілікті болуы Ешкіөлмес, Баянжүрек, Мұзбұлақ таулар алқаптарында экологиялық, ғылыми-танымдық, емдік-сауықтыру туризм мен сауықтыру-серуені сияқты жаппай бұқаралық сипаттағы демалысты дамытуға қолайлы кезең болып табылады. Аталған аумақтағы таудың қызғылт-қоңыр және қара топырағындағы астық тұқымдас әр түрлі шөптесін өсімдікті шалғынды-дала, бұталы-шалғынды өсімдіктер өсетін 1000-1400 метрге дейінгі белесті-жалды аласа таулы бөлігі бұқаралық сипаттағы аймақтық-сауықтыру туризмі мен демалысты жыл бойы ұйымдастыруға ең қолайлы аумақ болып табылады.
Талдықорған өңірінде демалыс пен туризмді ұйымдастырып, адамдардың денсаулығы мен еңбекке қабілеттілігін қалпына келтіріп, рухани-эстетикалық қажеттілігін өтеуде Жетісу Алатауының солтүстігі бөлігіндегі орташа және биік таулы Көкжота, Ақшұнақ, Желдіқарағай, Сарытау, Мыңшұңқыр, Қора, Қаратау, Сарноқай, Қоңыроба тауларының, Тастау, Сандықтас таулары беткейінің абсолют биіктігі, көлденең қимасының пішіні, жер бетінің жалпы кескіні, көлбеулігі сияқты жер бедерінің морфометриялық көрсеткіштері рекреанттардың жекелеген топтары үшін альпинизм, аймақтық-сауықтыру, оқу-танымдық тау шаңғысы туризмдерін дамыту қолайлы жағдай тудырады. Аса тартымдылығымен ерекшеленетін тау мұздықтары мен мореналы көлдер, биік тау өзендеріндегі сарқырамалар (суқұламалар) ауданның туристік-рекреациялық мүмкіндіктерін арттырады. Биік таулы алқаптарды туризмнің ірі орталығына айналдыруға жер бедерінің төмендегі көрсеткіштері әсер етеді:
- жер бедерінің басқа аумақтарда кездеспейтін бірегей пішіндерінің кең таралуы мен аумақтық табиғат кешендерімен үйлесуі;
- биік таулы микроклиматтың адамның мінез-құлқына, сезімі мен денсаулығына тигізтін қолайлы әсері;
- тау беткейлері келбетінің экологиялық сипатының тартымдылығы;
- жауын-шашынның мол түсуіне орай тау беткейлерінде қардың қалың түсуіне байланысты су қорымен жеткілікті қамтамасыз етілуі;
- тауалды шөлейтті дала зонасынан нивальді-гляциальдік белдеуге дейінгі барлық табиғат кешендерінің алмасуы;
- тау аңғарларының теңіз деңгейінен біртіндеп биіктеуіне байланысты Қора, Ақсу, Сарқант, Басқан, Лепсі, Тентек өзендерінің орта және жоғарғы ағысына дейін автокөлікпен баруға мүмкіндік болатын көліктік қол жеткізу мүмкіндігінің жоғарылығы;
- тау туризмін дамытуға мүмкіндік беретін инфрақұрылымдарды дамытуға қолайлылығы;
- халықтың тығыз және облыс орталығына жақын орналасуына орай бұқаралық сипаттағы оқу-танымдық аймақтық экологиялық және тау туризмдерін дамытуға қолайлы әсері.
Жетісу Алатауының солтүстігі бөліктерінің 1000-1100 метр биіктіктегі Текелі, Сарқант қалалары мен Лепсі ауылының маңында көлбеулігі 11-20º салыстырмалы биіктік айырмасы 150-300 метр аралығында ауытқитын миндель мұзбасуының абляция аймағында түзілген соңғы мореналық төбелер мен сел әрекеті тасымалдаған ысырынды қой тастардан тұратын жер бедерінің шағын пішіндері кең таралған. Өндіріс қалдықтарын төгуінен түзілген террикондар мен бедлендтер Талдықорған мен Текелі қаласындағы жоғары, орта арнайы оқу орындары мен мектеп оқушылары үшін жаппай бұқаралық сипаттағы демалыс пен аймақтық, оқу-танымдық, экологиялық және тау туризмдерін дамытуға мүмкіндік беретін маңызды нысандар болып табылады. Теңіз деңгейінен биіктіктің біртіндеп артуына байланысты ландшафтық және гидроклиматтық тұрғыдан туристік саяхат ұйымдастыруға қолайлылығына қарай аудан аумағын үш белдеуге бөліп қарастыруға болады.
Аласа таулы белдеу шатқалдың 1000-1600 метр биіктікке дейінгі бөлігін қамтиды. Тау беткейлерінің көлбеулігі 15-25º аралығында ауытқиды.
Аңғардың табаны солтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа қарай біртіндеп биіктейді [10]. Тау жоталарының бағытына сәйкес жылу мен ылғалдың тарауына батыс пен солтүстік-батыстан және солтүстіктен енетін ауа массалары әсер етеді. Қыста инверсия құбылысы байқалатындықтан қаңтардың орташа температурасы 3-5º С-тан төмен түспейді. Суық арктикалық ауа массалары енгенде -15º-20º С-қа дейін төмендейді. Жауын-шашынның жылдық орташа мөлшері етегінде 500, жоғары бөлігінде 600 мм-ге дейінгі мөлшерде ауытқиды. Тұрақты қар жамылғысы қазанның соңы мен қарашаның ортасында қалыптасып, наурыздың соңы мен сәуірдің бірінші онкүндігіне дейін 160-170 күн сақталады. Ылғалды жылдары қардың қалыңдығы 48-60 сантиметрден аса, құрғақшылық жылдары 30-40 сантиметрден аспайды. [9]
Шаңғы, шанамен еркін сырғанау сияқты қысқы рекреацияны қарқынды дамытуға қолайлы. Шаңғымен серуендеуге қажетті қардың қалыңдығы желтоқсанның үшінші онкүндігінде қалыптасады. Қар кескіндеу жұмыстары-ның деректеріне қарағанда 30 см қардың қалыңдығы наурыздың бірінші онкүндігінен бастап бұзыла бастайды [5]. Теріс және оң радиациялық баланстардың алмасуына байланысты жауын-шашынның басым бөлігі сәуір - маусым аралығында түседі. Жер бетінің қатты қызуына орай шілденің ортасы мен қыркүйектің бірінші он күндігінде бұлтсыз ашық жауын-шашынсыз ауа райы қалыптасады.Ашық қоңыржай жылы жаз Солтүстік табиғи рекреациялық кешен аумағының аласа таулы бөлігінде сауықтыру серуенін, жаппай бұқаралық сипаттағы демалысты, емдік-сауықтыру бағытындағы туризмді дамытуға қолайлы кезең болып табылады.
1400-1600 метр биіктік аралығындағы өзен аңғарларының табаны мен тау жоталарының теріскей беткейлеріндегі таудың қызғылт-қоңыр және қара топырағында алма ағашты-мойылды-көктеректі тоғайлар мен бұталы-шалғынды әртүрлі шөптесін өсімдікті белдеу таралған[11]. Өзен аңғарындағы алма ағашты-көктеректі-мойылды тоғайлар мен бұталы-шалғындардың хош иісті озонға бай мөлдір таза ауасы демалушылардың көңіл күйіне жағымды әсер етіп, психо-физикалық жағдайын қалпына келтіруге мүмкіндік беретін ең қолайлы аумақ болып табылады. Сондықтан таза ауада серуендеу, күн және ауа қауызын қабылдау, сауықтыру шомылуы, тау шаңғысы, тау велосипеді, атпен серуендеу сияқты туризм мен демалыстың бұқаралық сипаттағы түрлерін жыл бойы дамытуға болады. Жауын-шашынның азайып, температураның артуына байланысты туризмнің жоғарыда аталған түрлерін дамытуға ең қолайлы мезгіл шілде - тамыз айлары болып табылады. Өйткені бұл мезгілде тәуліктік орташа температура 20º С дейін көтерілетіндіктен, бірнеше күндік турларды ұйымдастыруға мүмкіндік туады. 1600-2800 метр биіктік аралығын қамтитын орташа биіктіктегі таулы бөлігінің көлбеулігі 25-30ºС, салыстырмалы биіктік айырмасы 800-1000 метрге жететін терең сайлар торымен тілімделген. Аласа таулы белдеуден айырмашылығы жауын-шашынның мол түсуіне байланысты мұздықтардан бастау алатын ағыны қатты тау өзендерінің бұзушы әрекетінен түзілген жер бедерінің алуан түрлі эрозиялық пішіндері мен экзогендік әрекеттер мен неотектоникалық қозғалыстардың әсерінен жүрген көтерілулер нәтижесінде түзілген ерекше тартымдылығымен көзге түсетін алып жартасты дайкалар (сығылмалар) тау беткейлерінің келбетіне көрік береді. 1600-2600 метр биіктік аралығындағы орташа биіктіктегі таулы бөлігінде қаңтардың орташа температурасы -10ºС болса, шілденің орташа температурасы 10ºС-тан артпайды. Жауын-шашынның мөлшері 600-1000 мм шамасында. Жауын-шашынды бұлтты күндердің көп болуына байлынысты шілде, тамыз айларындағы туризм мен демалысты ұйымдастыруға метеорологиялық қолайлылығы орта биіктіктегі таулы белдеуде 34%-ды құрайды. Орташа биіктіктегі таулы белдеуде ашық күндердің санының артуына байланысты жартасқа өрмелеу, альпинизм, сноуборд, тау велосипеді, қысқа мерзімді сауықтыру серуендері, күн және ауа қауызын қабылдау, жеміс-жидек теру сияқты туризм мен демалыстың жеке түрлерін дамытуға ең қолайлы мерзім - шілденің екінші жартысы мен тамыз айы ең қолайлы болып табылады. Бұл кезеңде 2000-2600 метр биіктік аралығының өзінде күндізгі температура 20-25º С болса, түнде 5-6º С-тан төмен түспейді.
Орта биіктіктегі таулы белдеуде орманшылар мен омарташылардың үйлерінің болуы қар көшкіні мен сел қаупіне қарамастан тау шаңғысы базасын салуға қолайлы орын болып табылады. Қазіргі кезеңде Қора шатқалында тау туризмін дамытуға Талдықорған қаласындағы оқушылар шығармашылығы үйіндегі Жетісу туристік клубы зор үлес қосуда.
Табиғи рекреациялық кешеннің 2800-3500 метр биіктіктегі биік таулы бөлігі Мыңшұңқыр, Сандықтас, Қора, Қаратау, Жаманкөл, Желдіқарағай, Арасан, Ақшұнақ, Тастау жоталарын қамтиды. Тау беткейлерінің көлбеулігі 25º-30ºС, салыстырмалы биіктік айырмасы 700-1000 метрден асады. Теңіз деңгейінен биікте орналасуына байланысты эрозиялық-денудациялық және тік беткейлі альпілік жер бедері басым. Жауын-шашынның мол түсуінің әсерінен қазіргі мұзбасулардың ірі орталығы болуына байланысты екінші және үшінші дәрежелі альпинизмді, ғылыми-танымдық туризді дамытуға мүмкіндік береді. Оған біртіндеп көтерілетін жер бедерінің ерекшелігі мен жол қатынасының қолайлылығы жағымды әсер етеді [12].
Мұздықтардың бетінде ауа температурасының төмендігіне байланысты орта биіктіктегі таулы белдеуге қарағанда желдің жылдамдығы артады. Ауаның салыстырмалы ылғалдылығы, ашық күндердің саны, инсоляцияның мәнінің жоғарылығы сияқты рекреациялық ресурстардың жеткілікті болуы экстремалды сипаттағы альпинизм, тау туризмін дамытуға мүмкіндік береді.
Күрделілігі төмен, орташа дәрежедегі альпинизм мен тау туризмін, тау шаңғысы - хелискиді, ғылыми-танымдық туризмді дамытуға ең қолайлы ауданның бірі - Қора, Қоржынтау, Жаманкөл, Арасан, Шыжы, Көксу өзендерінің суайрығы болып табылатын Аралтөбе, Безсонов, Тронов, Аюсай, Сапожников, Лагерный, Алтынсарин мұздықтары. Жоғарыда аталған тау жоталарының түйіскен жерінің төбесі текшелі болып келуі мен ерекшеленетін жер бедері мен жауын-шашынның мол түсуі (1600 мм) тау мұздықтарының таралуына қолайлы жағдай туғызады [13]. Жылы ашық жауын-шашынсыз күндердің көп болуына байланысты тау мұздықтарында альпинизм мен ғылыми-танымдық туризмді дамытуға ең қолайлы кезең шілденің екінші жартысы мен тамыздың соңына дейінгі аралық болып табылады. Жылдың бұл мезгілінде 3000-3500 метр биіктіктегі нивальді-гляциальдік белдеудің өзінде күндізгі температура 22º-24ºС-ге жетсе, түнде 4º-6ºС-тан төмен түспейді. Беткейлерінің көлбеулігі 12º-15º-тан аспайтындықтан аңғарлық, аспалы және қалқан тәрізді мұздықтар тараған. Орта биіктіктегі таулы белдеуден айырмашы-лығы Қора, Шыжы, Көксу, Ақсу, Сарқан, Лепсі, Тентек, Ырғайты өзендерінің бастауында қазіргі мұзбасулардың әсерінен түзілген жер бедерінің экзарациялық-денудациялық пішіндері ысырынды мореналы төбелер мен циркті көлдер, желдің, температураның әсерінен түзілген жер бедерінің дефляциялық-коррозиялық пішіндерінің кең тарауы биік таулы алқаптардың эстетикалық тартымдылығын арттырады.
Жетісу Алатауындағы қазіргі мұзбасулар жүріп жатқан ең ірі ауданның бірі саналатын бірегей тектоникалық-морфоқұрылым болып табылатын Қора, Көксу, Шыжы өзендері бастау алатын таулы алқаптың гипсометриялық және гляциологиялық ресурстарын тиімді пайдалану қажет. Аталған мәселені шешу үшін Текелі қаласынан 57 шақырым қашықтықтағы Қасқабұлақ өзенінің Қораға құяр сағасында болашақта Еуропалық стандартқа сай келетін туризмнің қысқы түрлерін дамытуға мүмкіндік беретін Іле Алатауындағы Шымбұлақ сияқты альпинистік лагерь немесе тау шаңғысының базасын салу керек. Тау туризмнің инфрақұрылымын қалыптастыру үшін Текелі мен Қасқабұлақ арасын байланыстыратын автомобиль жолын қалпына келтіріп, туристер күндіз демалатын, түнде қонатын орындар даярлап, арнайы соқпақтармен бағыттар құру мәселелерін шешу қажет. Жоғарыда аталған туристік нысан тау шаңғысы хелиски, сноуборд сияқты рекреацияның қысқы түрлерін дамытуға ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Шығыс Қазақстан Облысында туризмнің экстремалды түрлерін дамыту
ТУРИСТІК- РЕКРЕАЦИЯЛЫҚ АУМАҚТАРДЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ МАҢЫЗЫ
Туристік инфрақұрылым мен қызметтерді дамыту және ілгерілету
Тау жоталары
Алтай экспедициялары ЖШС-нің қаржылық қызметін экономикалық талдау
Шығыс Қазақстан облысы
Алматы облысында 2007-2011 жылдарға арналған туризм даму бағдарламасының анализі
Шығыс Қазақстан өңірінің туристік потенциалы
Экологиялық туризм ұғымы
Жастар туризмінің мәні
Пәндер