Химиялық қауіпті нысандағы авария». Апаттың туындау себептері мен белгілері



1. Кіріспе
2. «Химиялық қауіпті нысандағы авария» түсінігіне анықтама
3. Апаттың туындау себептері
4. Апаттың белгілері
5. Халықтың іс.әрекеті (яғни, оған дейін және одан кейін)
6. Мысалдар
7. Қорытынды
8. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Химиялық авария – қауіпті химиялық заттардың шығуы немесе төгілуімен қатар жүретін, адамдардың өлімін немесе зақымдануын, азық – түліктің, тағамдық шикізаттың және ауылшаруашылық малдары мен өсімдіктерінің, немесе қоршаған табиғи ортаның химиялық зақымдануын туғызуға мумкіндігі бар химиялық қауіпті нысандағы авария.

Химиялық зақымдану - белгілі бір уақыт ішінде адамдарға, ауылшаруашылық малдары мен өсімдіктеріне қауіп тудыратын, қауіпті химиялық заттардың қоршаған табиғи ортада концентрация немесе мөлшер түрінде таралуы.

Қауіпті химиялық заттар – адамға тікелей немесе жанама әсері ауыр немесе созылмалы ауру туғызатын немесе олардың өліміне алып келетін химиялық зат.

Қауіпті химиялық заттың шыгарылуы – герметикалау кезінде техникалық құрылғылардан, қауіпті химиялық заттардың немесе өнімнің сақтайтын немесе тасымалдайтын сыйымдылықтардан химиялық авария тудыруы мүмкін мөлшерде қысқа мерзім ішінде шығуы.

Қауіпті химиялық заттардың төгілуі – герметикалау кезінде техникалық құрылғылардан, қауіпті химиялық заттардың немесе өнімнің сақтайтын немесе тасымалдайтын сыйымдылықтардан химиялық авария тудыруы мүмкін мөлшерде төгілуі.

Қауіпті химиялық нысан – қауіпті химиялық заттарды сақтайтын, өндіретін, пайдаланатын немесе тасымалдайтын нысан, ондағы авария немесе қирау кезінде адамдардың өлімі немесе ауылшаруашылық малдарының, өсімдіктердің, сондай – ақ қоршаған табиғи ортаның химиялық зақымдануы мүмкін.

Химиялық зақымдану аймағы – белгілі уақыт ішінде адамдардың өмірі мен денсаулығына, ауылшаруашылық малдары мен өсімдіктеріне қауіп тудыратын мөлшерде немесе концентрацияда қауіпті химиялық заттар жайылған немесе алып келінген аймақ.
1. Өнеркәсіптік қауіпсіздік негіздері : «Өмір тіршілігінің қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау» мамандығының студенттеріне арналған оқу-әдістемелік құралы / К. Ш. Арынгазин, Е. Т. Кусанов, О. Г. Газизова, А. Х. Жакиянова. – Павлодар : Кереку, 2012
2. “Тіршілік қауіпсіздігі” курсы бойынша жоғары оқу орындары студентеріне арналған оқу құралы. /Қазақстан Республикасы төтенше жағдайлар жөніндегі агеттігі. Алматы, 2003 ж. 1,2 том.
3. Ы.Қ.Тойбаев, Қ.А.Жұбанов, У.Ә.Садықов, Ә.Қ.Қоқанбаев. Химиялық технология негіздері.
4. Баешов А.Б. Экология және таза су проблемалары.
5. Жатқанбаев Ж. Экология негіздері. Алматы: “Зият” баспасы, 2003.
6. «Радиациялық қауіпсіздік жөніндегі» ҚР заңы, 23 сәуір 1998 ж.
7. «Тіршілік қауіпсіздік негіздері және салауатты өмір салтын қалыптастыру» К. Е. Саудабеков Ш.-1999 ж.
8. «Тіршілік қауіпсіздік негіздері және медицина апаты». Л.К. Фефилова М.-2005ж.

Жоспары:
1. Кіріспе
2. Химиялық қауіпті нысандағы авария түсінігіне анықтама
3. Апаттың туындау себептері
4. Апаттың белгілері
5. Халықтың іс-әрекеті (яғни, оған дейін және одан кейін)
6. Мысалдар
7. Қорытынды
8. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

КІРІСПЕ
Химиялық авария - қауіпті химиялық заттардың шығуы немесе төгілуімен қатар жүретін, адамдардың өлімін немесе зақымдануын, азық - түліктің, тағамдық шикізаттың және ауылшаруашылық малдары мен өсімдіктерінің, немесе қоршаған табиғи ортаның химиялық зақымдануын туғызуға мумкіндігі бар химиялық қауіпті нысандағы авария.

Химиялық зақымдану - белгілі бір уақыт ішінде адамдарға, ауылшаруашылық малдары мен өсімдіктеріне қауіп тудыратын, қауіпті химиялық заттардың қоршаған табиғи ортада концентрация немесе мөлшер түрінде таралуы.

Қауіпті химиялық заттар - адамға тікелей немесе жанама әсері ауыр немесе созылмалы ауру туғызатын немесе олардың өліміне алып келетін химиялық зат.

Қауіпті химиялық заттың шыгарылуы - герметикалау кезінде техникалық құрылғылардан, қауіпті химиялық заттардың немесе өнімнің сақтайтын немесе тасымалдайтын сыйымдылықтардан химиялық авария тудыруы мүмкін мөлшерде қысқа мерзім ішінде шығуы.

Қауіпті химиялық заттардың төгілуі - герметикалау кезінде техникалық құрылғылардан, қауіпті химиялық заттардың немесе өнімнің сақтайтын немесе тасымалдайтын сыйымдылықтардан химиялық авария тудыруы мүмкін мөлшерде төгілуі.

Қауіпті химиялық нысан - қауіпті химиялық заттарды сақтайтын, өндіретін, пайдаланатын немесе тасымалдайтын нысан, ондағы авария немесе қирау кезінде адамдардың өлімі немесе ауылшаруашылық малдарының, өсімдіктердің, сондай - ақ қоршаған табиғи ортаның химиялық зақымдануы мүмкін.

Химиялық зақымдану аймағы - белгілі уақыт ішінде адамдардың өмірі мен денсаулығына, ауылшаруашылық малдары мен өсімдіктеріне қауіп тудыратын мөлшерде немесе концентрацияда қауіпті химиялық заттар жайылған немесе алып келінген аймақ.

Химиялық қауіпті обьектідегі апаттар. Химиялық өндіріс халық шаруашылығында кеңінен пайдаланады.Бірақ кейбір кездерде кішігірім апаттар орын алуда.Ол апаттар әсерінен химиялық зиянды заттар атмосфераға тасталынып қоршаған ортаны ластауда.Химиялық өндірістің қауіпсіздігі шикізаттың және өнімнің физика химиялық қасиетіне,қондырғылардың сенімділігіне, технологиялық процестің сипатына, химиялық зиянды заттардың сақталу және тасмалдау шарттарына, бақылау құралдардың деңгейі мен жағдайына, мамандардың профессионалдық біліктігі мен дайындығына және апатқа қарсы құралдардың тиімділігіне байланысты.Химиялық қауіпті заттардың тасталуы химиялық ластануға әкеліп соғады. Химиялық қауіпті заттар адам организміне тыныс алу жүйесі және тері арқылы енеді. Химиялық қауіпті заттар адам организміне жара беттеріне де кіреді. Химиялық қауіпті заттар адам организміне әсер жағынан 4 қауіпті классқа бөлінеді:
1. Өте қауіпті.
2. Жоғары қауіпті.
3. Орта қауіпті.
4. Қауіптілігі аз.
Химиялық қауіпті обьектілердегі апатты топтар
Химиялық саладағы апаттар 2 категорияға бөлінеді:
* жарылыс салдарынан болған апаттан технологиялық тізбектің және инженерлік қондырғының бұзылуы;
* апат салдарынан қосымша технологиялық және негізгі қондырғылардың зақымдануы.
Химиялық апаттардың топталуы.
1. Жеке.
2. Обьектілі.
3. Жергілікті.
4. Регионалды.
5. Глобальды.
Жеке -- зақымдағы улы заттарды атмосфералық ауаға тастамаған апат.
Обьектілі-зияндығы жоғары улы заттардың санитарлық қорғау зонасының радиусынан аспайтын апат.
Жергілікті-зияндылығы жоғары улы заттардың қоймасының қирауынан туындаған апат.
Регианалды-зияндылығы жоғары улы заттардың үлкен көлемді тасталуына алып келген апат.
Глобальді-үлкен химиялық қауіпті өндірістік барлық зияндылығы жоғары улы заттардың барлық қоймаларының толық қирауының салдарынан болатын апат .
Химиялық қауіпті нысандағы авариялар.Қатты әсер ететін улы заттар - бұл химиялық зат немесе қоспалар, олар қоршаған ортаға төгілген не болмаса шашылған кезде, адамдардың не жануарлардың жаппай зақымдануына, сонымен қатар ауаның, құмның, судың, өсімдіктердің және әр түрлі объектілердің зақымдануы.

Химияландырудың қарқындылығы шаруашылық қызметте ҚӘУЗ қолданудың кеңінен тарауына жағдай жасады. Соған сәйкес, көптеген шаруашылық объектілері, ең алдымен өнеркәсіп кәсіпорындары химия - лық қауіпті болып табылады.

Химиялық қауіпті объектілер (ХҚО) болып авария немесе қирау кезінде халықтың, жануарлар мен өсімдіктердің жаппай зақымдануы мүмкін объектілер ұғынылады. Улы заттардың ірі қорына химиялық өндіріс орындары, целлюлоза - қағаз, мұнай өндейтін және мұнай хи - миялық кәсіпорындары, қара және түсті металургиялар, жер тыңайтқышын шығаратын кәсіпорындар жатады. ҚӘУЗ - дің айтарлықтай қоры сондай - ақ тамақ объектілерінде, ет - сүт өнеркәсібінде, азық - түлік базаларында, тұрғын үй - коммуналдық шаруашылықта шоғырланған. ХҚО - ге ҚӘУЗ санатына негізгі шикізат, екі ортадағы және негізгі өнім, жанама өнім сондай - ақ өңдеулердің еріткіші және құралы жатады. Бұл заттардың қоры базистік және негізгі қоймаларда, технологиялық аппаратураларда, көлік құралдарында (құбыр өткізгіштер, цистерналар) болады.
Аса қауіпті инфекциялық аурулардың алдын алу бойынша санитариялық-эпидемияға қарсы (профилактикалық) іс-шаралар
1. Осы "Аса қауіпті инфекциялық аурулардың алдын алу бойынша санитариялық-эпидемияға қарсы (профилактикалық) іс-шараларды ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидалар (бұдан әрі - Санитариялық қағидалар) аса қауіпті инфекциялық аурулардың алдын алуға бағытталған санитариялық-эпидемияға қарсы (профилактикалық) іс-шараларды ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын талаптарды белгілейді.
2. Осы Санитариялық қағидалардың орындалуын бақылауды Қазақстан Республикасының мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау және ветеринариялық-санитариялық бақылау органдары өз құзыреті шегінде жүзеге асырады.
3. Осы Санитариялық қағидалар мынадай ұғымдар пайдаланылды:
1) аса қауіпті инфекциялар - халық арасында өлім-жітімді көбейтіп, жаппай белең алатын, үлкен аумақтарға тез таралатын және адамдардың көпшілігін зақымдайтын, адамнан адамға берілуге қабілетті аурулар (эпидемиялық белең алулар мен эпидемиялар);
2) мәжбүрлеп сою - қырылуды болдырмау мақсатында немесе емдеудің экономикалық жағынан тиімсіздігіне байланысты ауру малды сою;
3) инфекциялық ауру қоздырғышының резервуары - патогенді микроорганизмдердің биологиялық иелері;
4) инфекция тасымалдаушылар - табиғатта ауру қоздырғыштары болып табылатын жылы қанды жануарлар, ең алдымен кеміргіштер және басқа да ұсақ сүт қоректілер (сирек жағдайда құстар);
5) инфекция таратушылар - негізінен салқын қанды омыртқасыз жануарлар, атап айтқанда қан соратын жәндіктер, кенелер;
6) инсектоакарицидтік қасиет - құралдың (препараттың) жәндіктерді ғана емес, кенелерді де жоятын қасиеті;
7) импрегнация - адамға қан сорушыларды жақындатпау мақсатында сыртқы киімді инсектицидтермен немесе репеллентермен өңдеу;
8) контаминация (жанасу) - қоршаған ортадағы заттарда микроорганизмдердің табылуы;
9) қауіп төндіретін аумақ - күйдіргі бойынша қолайсыз елді мекенмен тікелей шекараласатын аумақ немесе адамдар мен жануарлардың ауруға шалдығу қаупі бар аумақ;
10) қорғаныш аймағы - инфекция тасымалдаушылары жәненемесе таратушылары жойылған елді мекеннің айналасындағы аумақ;
11) резистенттілік - пестицидтердің, улы химикаттардың және басқа да агенттердің әсеріне шыдамдылық;
12) күйдіргі бойынша стационарлық-қолайсыз пункт (СҚП) - топырақты ошақ немесе адамның немесе жануардың күйдіргіге шалдығу жағдайы тіркелген аумақтағы пункт;
13) табиғи ошақ - белгісіз ұзақ уақыт бойы сырттан әкелместен ауру қоздырғышының айналымы жүзеге асырылатын жер бетінің учаскесі;
14) топырақты ошақтар - күйдіргіден қырылған малдың өлген, сойылған, мүшеленген және өлекселерінің заңсыз көмілген жерлері;
15) физикалық күресу әдісі - пестицидтерді (улы химикаттарды) қолданбастан, кеміргіштерді немесе буын аяқтыларды жоюдың агротехникалық іс-шараларын, механикалық құрылғыларды, жабысқақ массаларды және басқа да әдістерді қолдану;
16) химиялық күресу әдісі - инфекциялық аурулардың қоздырғыштарын таратушыларды және тасымалдаушыларды пестицидтер мен улы химикаттарды пайдалана отырып жою;
17) эпидемиялық ошақ - науқас адамның тұратын жері;
18) эпизоотиялық ошақ - инфекция қоздырғышының көзі, берілу факторлары және сезімтал жануарлар орналасқан, шектелген орын.
1.Радиaция
Адамзат баласы жер бетінде пайда болған кезден бастап, табиғи радиоактивті заттардан қажетті дозасын алып отырған, әсіресе, радиоактивті сәулені жерден алады. Қалған бөлігі космос сәулесімен келеді. Жылына адам 200 мР радиация қабылдайды. Жер шарының әрбір аймақтарында тұратын халықтар әр түрлі мөлшерде радиация алады. Жылына жалпы алғанда 50-ден 1000 мР радияция қабылдайды.
радиоактивті заттардан қорғану
Радиоактивті заттардан қорғаудың бірнеше жолдары бар. Олар: физикалық, химиялық және биологиялық тәсілдері.
Физикалық тәсіл. Бұл тәсілдің ұйғаруы бойынша, дер кезінде қол-аяқты денені жылы су мен жуып отыру керек. Қолға арнаулы түрде дайындалған перчаткаларды кию керек. Қатты радиоактивті элементтердің бөлшектерінің кішкентай түйіршіктері ішкі органдарға өтіп кетпеуін қадағалап отыруы керек.
Екер кішкентай бөлшектер ішкі органдарға өтсе, олар тез арада ағзадан шыға қоймайды. Әсіресе радий, уран, плутоний, стронций, иттрий және цирконий бөлшектері ағзаларға өтсе қауіпті ісіктер туғызуы мүмкін. Олар радиоактивті сәулелер таратады. Цезий тез еритін тұздарды түзеді. Сөйтіп адам ағзаларының жұмсақ тканьдерінде жиналады да үнемі иондалған сәулеленуді таратады.
Радиоактивті стронцийдің бөлшектерін адам ағзаларынан шығару оңай емес. Стронцийді кальциймен ығыстырып шығаруға болады.
Тез еритің цезий - 137 бөлшектерін ағзалардан ығыстырып шығару үшін көп мөлшерде су ішу керек. Радиоактивті элементтерді ағзалардан шығару үшін қымыздық сірке қышқылы мен лимон қышқылынкөп мөлшерде пайдалану керек. С,Д витаминің ішу өте пайдалы (сәбіз, редис). Арақ-шарап ішуге болмайды. Олар радияцияның әрекетін күшейтіп жіберуі мүмкін. Бірақ кейбір адамдар Уран өндіретін шахталарда істеп жүріп күніне азды- көпті арақ ішіп жүрген. Ол адам күні бүгінге тірі. Ал арақ ішпеген оның әріптестері жарық дүниемен баяғыда қоштасқаның ол жіпке тізгендей айтып беріп отырады. Біздіңше, азды-көпті арақ-шарап ішіп отырған жөн болғаны.
Радияциядан қорғанудың химиялық және биологиялық жолдары. Радияцияға қарсы қолданатын препараттарды радиопротекторлар деп аталады. Олар радиоактивті элементтердің бөлшектері ағзалардан шығару үшін неше түрлі химиялық препараттарды пайдаланады.
Олар ағзаларды радияциядан сақтап қалады. Иондалған сәулеленуді ем-дом ретінде пайдалануға болады. Дерттерге диагностика қою үшін де таңбаланған атомды пайдаланады.
Сәуле тератиясы мен қан, ауруларын емдеуге болады. Қауіпті ісіктерді де емдеу үшін бета-сәулесін пайдаланады. Адамдарды Радияциядан қорғау Қазақстан Республикасының алдында тұрған аса күрделі мәселе. Қазақстан Республикасында адамдардың денсаулығына өте үлкен көңіл юөлінеді. Әсіресе экологиялық аппатқа ұшыраған аймақтарда да тұратын халықтардың денсаулығы қатаң бақылауға алынған. Осы айтылғандарды қорыта келе, радияция (сәуле) дертіне шалдықпау үшін халыққа, әсіресе, жеткіншіктерге радиоэкологиядан жан-жақты білім және тәрбие беру екенін естен шығармауымыз керек.
Адамзат баласы осы кезде бұрын - сонды болып көрмеген орасан көп ғылыми табыстарға жетіп, техника мен технологияны дамыта түсуде. Оларды төтенше түрде дамуы биология ғылымдарына тікелей байланысты. Ол жаратылыстану ғылымдарының көрнекті салаларының бірі. Оның басты міндеттері жер бетіндегі тіршіліктің пайда болуын, оның эволюциялық жолмен дамуын зерттеу. Биология жердің тіршілік иелері адамдар мен жануарлар өсімдіктер мен неше түрлі көзге көрінбетін микроорганизмдер әлемін зерттейді. Алынған мәліменттердің негізінде сигнал хабарды дәл тіркейтін сезімтал машиналар мен механизмдер шығару жұмыстарын жүргізеді.
Кейінгі кезде биологиялық ғылымдар орасан зор ілгерлеп, алға басты. Осы уақыттың ішінде тіршілік дүниесі адамдар, жан-жануарлар, өсімдіктер әлемі туралы көптеген түсінігіміз бар. Тірі организмдердің пайда болу жолдарын, биохимиялық процестерін білеміз. Бірақ көптеген биологиялық көріністердің құпия сырлары әлі күнге дейін өз шешімін тапқан жоқ.
Халықтың химиялық қауіпті кәсіпорындардағы авариялар негізіндегі іс-әрекеті. ҚӘУЗ шығаратын, сақтайтын немесе пайдаланатын шаруашылық объектілері химиялық қауіпті объектілер (ХҚО) деп аталады, олардың зақымдалуы немесе бүлінуі адамдардың, хайуанаттар мен өсімдіктердің жаппай улануына алып келуі мүмкін, химия, қағаз, тоқыма, қорғаныс, мұнай өңдеу, кәсіпорындарында мұнай-химия өнеркәсібінде, түсті және қара металлургияда, минералды тыңайтқыштар өнеркәсібінде ҚӘУЗ-дің үлкен қоры бар. ҚӘУЗ-дің үлкен бөлігі агроөнеркәсіп және тұрғын үй коммуналдық шаруашылығында жинақталған. ҚӘУЗ зақымдауына ұшыраған аймақ химиялық зақымдану аймағы деп аталады. Оған ҚӘУЗ төгілген орынмен улаушы концентрациядағы ҚӘУЗ-і бар бұлт тараған аумақ кіреді. ҚӘУЗ-дің химиялық зақымдау аймағы зақымдалған бұлттың таралуының тереңдігімен және енімен сипатталады. Аймақтың жылжымалылығы ауа ағынының тік және көлбеу қозғалысына байланысты.Ауаның жер бетіндегі қабаты(екі метрге дейінгі биіктік) атмосфераның жоғарғы қабатындағыдан суығырақ (инверсия) және жел әлсіз болған ауа райының қолайлы жағдайда зақымдалған бұлт тұрақтылығымен ерекшеленіп едәуір қашықтыққа жылжуы мүмкін. Ауаның жер бетіндегі қабатының температурасы (2-30 метрге дейін) тұрақты (изотермия) немесе төменгі қабатының температурасы жоғарғы қабаттағыдан жоғары (конвекция), және желдің жылдамдығы 3-7 мсек. Болған жағдайда зақымдаушы бұлттың таралу тереңдігі мардымсыз. ҚӘУЗ химиялық зақымдалу аймағының айтарлықтай тұрақтылығы атмосфера күйі үлкен беріктілікпен ерекшеленетін түнде, таң ата жауын-шашынды ауа райында пайда болады. Жергілікті жердің жекелеген биік бедері зақымдалған бұлт қозғалысына кедергі келтіруі мүмкін. Елді мекендерде будың жинақталуы және ҚӘУЗ беріктігі ашық жерге қарағанда жоғары болады. Қаланың көшелерінде ҚӘУЗ жоғары концентрациясы ауа ағысымен таралуы мүмкін, сол уақытта көрші, көлбей орналасқан көшелерде ҚӘУЗ айтарлықтай аз көлемде болуы мүмкін.ҚӘУЗ-дің адамдарға зақымдаушы ықпалы олардың адам организміне ене отыра оның қалыпты тіршілігін бұзу, әртүрлі ауру-сырқауға ұшырату, ал белгілі бір жағдайда оны ес-ақылынан айыру қабілетімен ерекшеленеді. Адамдар мен хайуанаттар ҚӘУЗ-дің: тыныс алу органдары, тері қабаты, кілегейлі қабық, жарақаттанған мүше арқылы өтуі нәтижесінде зақымдалады. Оның организмге ықпал ету нәтижесінде уланумен қатар жекелеген генетикалық салдар да пайда болуы мүмкін. Олардың пайда болу мүмкіндігі организмнің зақымдану деңгейімен анықталады. Улану белгілері мыналар: бастың ауруы, бастың айналуы, көздің қаратуы, құлақтың шуылы, қатты әлсіздік, демікпе, құсықтың келуі. Ал қатты уланған жағдайда құрысуы, естен тану, тіпті өлім жағдайына жеткізеді.
Ең көп тараған ҚӘУЗ - хлор мен аммиак. Хлор - қатты тітіркендіргіш иісі бар, қоңыр-жасыл газ, ауадан 2,5 есе ауыр. Кәдімгі қысымда: қатты T=101 C; C=34 C, 5-7 атмосфералық қысымда сұйылады.
Ерекшелігі - хлор аласа жерлерде, жер төлелерде, тоннельдерде, құдықтарда жинақталады, жерге жасыл түсті тұман жайылады. Суда нашар ериді, барлық химиялық элементтермен дерлік қосылыс түзеді.
Хлор органикалық қосылыстарды шығаруға пайдаланылады, маталарды ағарту, ауыз суын залалсыздандыру үшін қолданылады. Хлорды болат баллон мен темір жол цистерналарында қысым мен сұйық күйінде сақтайды. Атмосфераға шыққанда түтінденіп, суаттарды зақымдайды.
Организмге әсері. Хлор буы тыныс алу органдарын, көз бен теріні қатты тітіркендіреді. Ұзақ уақыт бойы әсер еткенде өкпені қабындырып, қиын жағдайға душар етеді. Тітіркендіргіштік әсер 10 мгм шамасындағы концентрациясында пайда болады. 30-60 минут бойында 100-200 мгм өмір үшін қауіпті. Бұдан жоғары жинақталу қас қағым сәтте өмірден әкетеді.
Улану белгілері: кеуденің шаншып ауруы, көзден жас ағу, құрғақ жөтел, құсқысы келу, ентігу, жоғары концентрацияларда зардап шегуші тұншығады, оның беті көгеріп қашуға әрекеттенеді, алайда құлап есінен айрылады.
Қорғану құралдары. Тыныс органдары мен көзді сүзгілік азаматтық газқағарлар қорғайды: А-қоңыр түсті, Б-сары түсті, Г-қарақоңыр түсті, Е-қара түсті, маркадағы қораптағы өндірістік сүзгілік газқағарлар, БҚФ - қышқыл жасыл түсті, оқшаулаушы газ қағарлар қорғайды. ГП-5, ГП-7 азаматтық газқағарлар 10000мгм концентрацияда хлор буынан 30 минутқа дейін, 1000 мгм концентрацияда 100 минутқа дейін қорғайды. Газқағар жоқ болса, су бүркілген дәкң мақта таңғышын пайдалануға боладыю
Алғашқы дәрігерлік көмек көрсету. Зардап шегушіні жедел таза ауаға алып шығып, су буымен демалдыру керек. Ауыр клиникалық формадағы айырықша жағдайда ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Сұйытылған газдардың суыту қасиеті
Сұйытылған көмірсутекті газдарды пайдалану
Облыстың аумағындағы ықтимал авариялар мен апаттар, дүлей зілзалалар және олардың халық пен ұйымдар үшін салдары
Автожанармай стансасына қойылатын өрт қауіпсіздігінің талаптары
ТІРШІЛІК ҚАУІПСІЗДІГІ НЕГІЗДЕРІ пәні бойынша дәрістер жинағы
Радиациялық қауіпті объектілер
Техногендік сипаттағы ТЖ кезінде жүргізілетін апаттық-құтқару жұмыстары
Өнеркәсіптік қауіпсіздіктің талаптары
Төтенше жағдайлар (ТЖ)
Апаттық құтқару және басқа қауырт жұмыстар жүргізу ұғымы
Пәндер