Ислам шариғатындағы «Жала жабу» сөзі


КІРІСПЕ
Еліміз егемендік алып, ата-баба дініне қайта оралған тұста қандастарымызға қол үзіп қалған шариғат ілімдерін үйренуді, ана тілінде діни әдебиеттерді оқуды нәсіп еткен Құдіретті Жаратушымызға шексіз мадақтар болсын! Пайғамбарлардың абзалы әрі соңғысы Мұхаммедке Аллаһтың сансыз салауаты мен сәлемі болсын!
Жұмыстың жалпы сипаттамасы . Дипломдық жұмыс «Жала жабудың жа-засы» турасында баяндалмақ. Құрандағы аяттардың негізгі мағынасын, өнегелі ғибраттардың маңыздылығын адам баласы түсінуі үшін Алла тағала Өз Кітабын құлдарына түсіруден бұрын, оларға елшілері мен пайғамбарларын жіберді. Алла тағала барлық нәрсені жұп-жұбымен жаратқан. Соның ішінде, адамзат баласын да ер және әйел қылып жаратқан. Әрі оларға үйлесімділік беріп, ризықтарын да бір-біріне ортақ еткен. Демек, осы Құран Кәрімдегі аяттардан алынатын ғибрат-тар мен пайдалар - дініміздегі ең ұлы үлгі-өнегелердің бірі болмақ.
Қасиетті Құранда қиссалар мен мысалдар, бұйрықтар мен тыйымдар, діндегі үкімдер яғни, құлшылық-ғибадатқа, дүние тіршілігіне байланысты үкімдер айтылады. Алла тағала оны ермек үшін келтірмейді. Себебі, дұрыс, мәнді өмір сүруіміз үшін олардан бағыт-бағдар, пайдалар аламыз. Сонымен қатар, пайғам-барлардан үлгі ала білген пенде, өзінің жандүниесінің тазарып, тәрбиеленгенін сезінеді. Жақсы қасиеттерді бойына сіңіре білген, әрі оған берік болғандарға Алла тағала үлкен сауаптарды уәде еткен және оған күпір етіп, қарсы амал жасағандарға жазасын белгіледі. Құран аяттары мен олардың тәпсірінен адам баласы өнеге ала алатындығы жайлы Құран мен сүннетте ашық дәлелдер келтіріліп кеткен.
Пайғамбар (с. ғ. с) жала жабуға байланысты істерден сақ болған әрі, барша мұсылмандарды одан тыйған. Яғни, жала жабу ісі - өте ауыр күнә. Дипломдық жұмысымды жазу барысында осы күнәнің салдары мен нәтижесі хақында баяндалған аяттарға, Пайғамбарымыздың (с. ғ. с) хадистеріне, Құран аяттарын кең-ауқымды түсіндірген тәпсір кітаптарына сүйендім.
Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Осы тақырыпта қозғалып отырған дипломдық жұмыстың өзектілігі: қазіргі надандық басым болған заманда зина мәселесі яғни, кісі зина жасау арқылы қоғамға тигізер зардаптары мен ақыретте тартатын азаптары толық қамтылған бұл мәселені мұсылмандардың тереңірек түсінуі және зина мен зина жасады деп жала жабудың ара-жігін ажыратып беру болып табылады. Оның шариғаттағы үкімдері, оған қойылатын шарттары, оның жазасы қалай жүзеге асатындығы толық баяндалады. Қазіргі таңда, мұсылман жастардың саны күннен-күнге көбеюде. Әрине, санымен бірге, сапалы, білімді жас мұсылмандар қатары көбейсе, нұр үстінен нұр болмақ. Адамның жақсылық-қа дамуы екі нәрсемен ғана жүзеге асады. Біріншісі − пайдалы ілім, екіншісі − ізгі амал. Сондықтан, әрбір мұсылман өзіне міндеттелген құлшылықтар жайында баяндалған аяттар мен өзін қауіп-қатерге итермелейтін күнәлі істерден хабар беретін аяттарды оқып-білуі арқылы және пайғамбардың (с. ғ. с) өмірбаянымен танысу арқылы осы дүние мен ақыретке қажет пайдалы азық алған болар еді.
Зерттеудің мақсаты. Діндегі «Ғибрат пен пайда алу» ұғымын түсіндіру және өмірде оны іске асыру жолдарын көрсету осы жұмыстың мақсаты болмақ. Құран Кәрімдегі үкім аяттарының мән-мағынасын ислам дінін сонау ғасырдан бері ұстанып келе жатқан қазақ халқының ұрпақтарына әрмен қарай жеткізу, әрі осы аяттармен қалай амал етілу керектігін үйрету әрбір сауаты бар мұсылманның міндеті. Зерттеу барысында, Құран Кәрімдегі ислам заңдары (шариғат) айтылған аяттармен тікелей байланысты болғандықтан, оның зерттеу қайнар-көздері ретінде араб тілінде жарық көрген Ас-самарқандидің, имам аз-Зухайлидің, имам Құртубидің еңбектері, сондай-ақ пайғамбарымыздың (с. ғ. с) хадистері жинақ-талған имам Бухаридің, имам Муслимнің кітаптары, «Пайғам-бар өмірбаяны» жайында том-том мағлұматтар қалдырған ғалымдардың еңбектері, ислам әдептері туралы, мұсылман мінез-құлықтары туралы жазылған еңбектер де пай-даланылды.
Жұмыстың тәжірибелік маңызы. Құрандағы «Зина және зинамен жала жабу» турасындағы аяттардың тәпсірі жайлы жазатын болашақ зерттеушілердің жұмысын жеңілдетеді деп үміттенемін. Ислам діні саласында жүргізілетін ғы-лыми жұмыстарға да көмекші болады деп сенемін.
Зерттеу жұмысының ғылыми жаңалықтары. Дипломдық жұмыстың басты ғылыми жаңалықтары ретінде мыналарды атауға болады:
«Исламдағы зина, әрі зина жаласын жабу мәселелері», әрі ондағы фиқһтық мәселелер мен пайдалары.
Зерттеу әдістері. Осы жұмысты жазу барысында ғылыми тәсілдерді қол-дануға әрекет жасадым. Негізгі тақырыпқа коса оған қатысты қосымша мә-селелерді қозғауды да жөн көрдім. Үкім аяттары келтірілген кезде, олардың нақты мағыналарына және хадистердің де мағыналарына тоқталып, жан-жақты ашып, одан алынатын үкімдерді білдіруге және ондағы өнегелерді келтіруге тырыстым.
Жұмыс құрылымы. Дипломдық жұмыс кіріспеден, негізгі бөлімнен, қоры-тынды бөлімнен, пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады.
1 ИСЛАМ ШАРИҒАТЫНДАҒЫ «ЖАЛА ЖАБУ» СӨЗІНЕ ЖАЛПЫ ТҮСІНІК ЖӘНЕ ОНЫҢ ТҮРЛЕРІ
- «Жала жабу» сөзінің тілдік және терминдік мағыналары
Тілдік мағынасы: ( قذف ) сөзі араб тілінде масдар үлгісінде келіп, «алысқа лақтыру», «қатты бір затты лақтыру», «ұшыру», «күшпен лақтыру», «үрей салу» секілді бірнеше мағынаны білдіреді.
- Лақтыру, тастау
«Олар: «Біз саған берген уәдеден өздігімізден таймадық, Алайда, біз (Перғауын) қауымының көп әшекей бұйымдарын ала шыққан едік, оларды Самиридің бұйрығы бойынша отқа) тастадық, Самири де тастады», - деді» [1, 20:87] .
- Үрей салу
Құрандағы мына аят осы мағынада айтылады:
«Аллаһ кітап иелерінен жауға болысқандарды бекіністерінен түсіріп, олардың жүректеріне үрей салды. Олардың бір бөлігін өлтірдіңдер, бір бөлігін қолға түсірдіңдер» [1, 33:26] .
- Ату, атқылау
«Олар жоғарыдағы топтың (періштелердің) сөзін ести алмайды, олар жан - жақтан (отты жұлдыздармен) атқыланады, қуылады» [1, 37:8] .
Бірақ, көп қолданыстағы мағынасы арлы, абыройлы ер адам немесе әйелге зинақор жаласын жабуда айтылады[2, 197-бет] .
Терминдік мағынасы: Ғұламалар «жала жабу» сөзіне әр түрлі анықтама берген.
Ханафи мазһабының белгілі ғалымдарының бірі Ибн Һуммәм «жала жабуға» қатысты былай анықтама береді: «Шариғаттағы жала жабу - зинақор жаласын жабумен бо-лады»[3, 89-бет] .
Маликилік Әл-Әзһәри: «Жала жабудың шариғи мағынасы - азат, күнәдан алыс, әрі мұсылман, балиғат жасына жеткен басқа бір ер кісіге не әйелге немесе балиғатқа толмаған есті қызға және тегіне күмән салу арқылы басқа мұсылман-ның тегіне зинақорлықты жапсыру», - деп анықтама берген[4, 286-бет] .
Шафиғи мазһабынан болған Ар-Рамили: «Жала жабу - намысына тию, қорлау мақсатында куәгерлерсіз зинақорлықпен жала жабу», - деген[5, 415-бет] .
Бәһуәти ханбали мазһабының ғұламасы былай түсіндіреді: «Жала жабу - зинақорлықпен немесе лиуатпен болады, бірақ оған қарсы куәгер алып келуде айғақ, дәлелі толық болмайды»[6, 104-бет] .
Жала жабу − ол өтірік айту. Ислам шариғатында кез келген күнәнің өтемі (кәффараты) бар, тек өтірік айтудың кәффараты жоқ. Мысалы, ұрлық істеген адамның қолы кесілуі, зина жасаған адамның ражм не жәлдә (тасаттық не дүре соғу) етілуі сияқты. Күнә істеген адамға осындай кәффараты атқарылса, оның сол күнәларынан осы өмірде жазасын алу арқылы, ақыреттегі есеп-қисабы жеңілдетіледі. Рұқсат етілген жағдайлардан басқа жағдайларда шариғат барша мұсылмандарды өтірік айтудан, жала жабудан қайтарады. Шариғат өтірік айтуға рұқсат берген жағдайлар адам өмірінде жиі кездесе бермейді. Алла тағала:
«Сондай-ақ өтірік сөздерден сақтаныңдар» [1, 22. 30] .
Өтіріктен сақтану барша мұсылман үшін міндет болады. Алла тағала толық білуші, Оның ілімі барлығын қамтиды. Ол бір істен қайтарса, одан қайту − құтылу, жеңіс, соңы қуаныш болады. Ал, егер ондай істерден қайтпаса, түбі өкініш, не қайғы-қасіретке тап етеді. Алла тағала өзінің сүйген құлдарын мақ-тайды, әрі олардың қандай болатынын, қалай болу керек екенін мына аятта былай баяндайды:
«Рахманның құлдары жерде сыпайы түрде жүріп, оларға білместер, надандар тіл тигізсе де: «Сәлеметшілік» деп, дұрыс жауап береді. Олар түнді, Раббыларына сәжде қылу, тіке тұрумен өткізеді. Олар: «Раббымыз, тозақ азабын бізден аулақ қыл! Рас, оның азабы тұрақты», - дейді. Шы-нында ол орынның да, мекеннің де жаманы. Олар мал сарп қылғанда, ысрап та қылмай, сараңдық та істемей, осы орталықта тұрады. Олар Алламен бірге басқа тәңірге жалбарынбайды. Алла өлтірілуін арам еткен кісіні орынсыз өлтірмейді де зина қылмайды. Кімде - кім оларды істесе, күнәға жолығады. Қиямет күні, еселеніп азап болады. Олар онда қор болып, мүлде қалады. Бірақ кімде - кім тәубе қылса, сондай - ақ кім иман келтіріп, ізгі іс істесе, міне Алла тағала олардың жамандықтарын жақсылықтарға ауыстырады. Алла өте жарылқаушы, ерекше мейірімді. Кімде - кім тәубе қылып, түзу іс істесе, рас, ол, Алла тағалаға лайықты түрде қайтқан болады. Олар өтірікке айғақ болмайды да, бос (пайдасыз) сөздерге кездессе, маңғазданып өтеді» [1, 24. 63-72] .
Ақиқатында, шынайы мұсылмандар өздерін күнәлі істерден аулақ ұстайды. Әрі, оның аузынан шығатын әрбір сөзді Алла тағаланың періштелері іліп алатынын біледі.
«Расында адамзатты жараттық. Оған, нәпсісінің не сыбырлағанын білеміз. Өйткені, Біз оған күре тамырынан да жақынбыз. Оның оңынан да, солынан да екі байқаушы отырады. Аузынан бір сөз шығарса - ақ болды, алдында аңдушы дайын »[1, 50. 16-18] .
«(Мұхаммед Ғ. С. ) оларға: «Көңілдеріңде бір нәрсені жасырсаңдар да, жарияласаңдар да Алла оны біледі. Әрі, Алланың барлық нәрсеге толық күші жетуші» де. Сол күні әркім істеген игілігін әзір табады да, істеген жамандығының арасымен өз арасының ұзақ қашықтықта болуын қалайды. Алла сендерді өзі сақсындырады. Алла тағала құлдарына тым жұмсақ» [1, 3. 29-30] .
«Олар сырлары мен сыбырларын Алланың анық білетіндігін білмеді ме? Шынайы түрде, Алла көместерді толық біледі» [1, 9. 78] .
Сонымен қатар, кім не істеген болса соның не сыйын, не жазасын алады. Егер, Алла біреуді жазаласа, оның осы өмірді дұрыс сүрмегендігінен болады. Ал, кімде кімді марапаттаса, ол осы өмірін дұрыс өткізгендігінен. Алла тағала құл-дарына залым емес. Сондай-ақ, қиямет күні барлық ақиқаттар ашылып, әшкере болғанда адамдардың ауыздары бекіп, олардың дене-мүшелері барлық болған
жайды тізіп айтып беретінін біледі. Құран Кәрімде:
«Сендерге уәде етілген тозақ осы. Қарсы келулерің себепті бүгін оған кіріңдер. Ол күні олардың ауыздарын мөрлейміз. Бізге олардың қолдары сөйлеп, не істегендеріне аяқтары айғақ болады» [1, 36. 63-65] .
Өтірік айту, жала жабудың жазалары өте ауыр. Себебі адам құқығы ислам дінінде егжей-тегжейлі қарастырылады. Себебі, әрбір адам дұрыс өмір сүруге, құлшылық етуге, білім алуға, шариғат шеңберінде көңіл көтеруге ақысы бар, тіпті, Алла тағала құлына таңдау еркін берген, оның иман етуі, не етпеуі де мүмкін. Мұның өзі ешкім ешкімнің өміріне қол сұғуға, не қиянат етуге ақысы жоқ екендігін білдіреді. Ал, бір адамға жала жабу - оның өмірін күл талқан етумен тең. Хадисте: «Мұсылманның жаны, қаны, ар ұяты, мал мүлкі басқа мұсылманға харам » , -деген. Демек, жала жабу ауыр күнәлардан болып есепте-леді. Алла тағала жала жабушылардың жазаларын Құран Кәрімде былай кел-тірген:
«Енді Аллаға берген уәделеріне қарсы келіп, өтірік айтқандары үшін Алла өзіне жолығатын күнге дейін олардың жүректеріне екі беткейлік салып, қояды» [1, 9. 77] .
Жазаның бірінші түрі − өтірікшінің жүрегіне екіжүзділік сипаты беріледі. Алла тағала адамдардың екіжүзді болуын қаламайды, алайда, адамдар өздері өздеріне сұрап алады. Ал, екіжүзділіктің жазасы ең ауыр жаза. Ақиқатында, екіжүзділер тозақтың ең түбінде болады. Ислам шариғатында екіжүзділікті екіге бөліп қарастырады:
Амалдағы екіжүзділі: Абдулла бин Амр (р. а. ) жеткізген хадисте: «Кімнің бойында төрт белгі болса, нағыз екіжүзді (мұнафық) . Ал, осы төртеудің бірі табылса, одан арылмайынша, кісіде екіжүзділіктің нышаны болғаны, ол: аманат-қа қиянат етеді, сөйлегенде өтірік айтады, сертін бұзады және дауласса арамдық-қа барады». Мұнафық - ішкі дүниесі сыртқы көрінісіне қарама-қайшы адам. Екіжүзділік иманда, іс-әрекетте және мінез-құлықта кездеседі. Иманға бойлаған екіжүзділік күпірлікке алып барады. Хадисте айтылған төрт белгіден адамның екіжүзілігін аңғаруға болады. Шын мәнінде, бұл аталған төрт белгі жүрегінде кәміл иманы бар адамда ешуақытта болмайды.
Қиянат - аманатқа жеңіл қарау және немқұрайлық таныту. Аманат адамға табысталған мал-мүлік, ар-намыс және Алла тағала парыз еткен барлық амалдар жатады. Сол себепті, Алла тағала Құранда:
«Әй, мүміндер! Аллаға және Елшісіне опасыздық қылмаңдар, тағы біле тұра аманаттарыңа қиянат етпеңдер» , - деп Кітабына және елшісіне қарама-қайшы әрекет етуді қиянат деп ескерткен.
Жалған сөйлеу - екіжүзділіктің негізі. Мұсылман кейде жалқау, кейде қорқақ болуы мүмкін. Алайда, қандай жағдай болса да, мұсылманның тілінен өтірік сөз шықпайды. Уәдені бұзу өтірік айтудың бір қыры. Құранда: «Енді Аллаға берген уәделеріне қарсы келіп, өтірік айтқандықтары үшін Алла өзіне жолығатын күнге дейін олардың жүректеріне екі беткейлік салып қояды» , - деп айтыл-ған аят екіжүзділердің жүректерін баяндайды.
Ия, уәдені бұзу сенімсіздік тудырады. Адамның күнделікті өмірі мен жұмы-сына орасан кедергі келтіреді. Ақыр соңы, оны үлкен олжадан мақұрым етеді. Ол басқалардың оған деген сенімі. Орындау ниетімен сөз беру сауап. Берілген сөзде тұру мұстахаб. Сөзінде тұрмау тәнзиһән мәкрух болады. Өзіне сөз берілген адам, «Сен маған сөз бергенің үшін бұл менің ақым», - деп айтуға ақысы жоқ. Хадис шәрифте былай делінген: «Бір адам, орындау ниетімен берген сөзін ұстай алмаса, күнә болмайды».
Орындамайтын болса да, өтірік айтумен сөз беру күнә болады. Бұлай сөз беріп және сөзінде тұрмау да, күнә болады. Орындамау ниетімен сөз беріп, бірақ кейіннен берген сөзінде тұрса, өтірікшілік күнәсы кешіріледі. Хадис шәрифте: «Сөзінде тұрмау − мұнафықтықтың (екіжүзділіктің) белгісі», - делінген. Сөзінде тұруға шамасы келмесе, имандық тұрғыдағы мұнафықтық белгісі болмайды. Өзіне мүлік, сөз немесе құпия аманат берілген адамның бұларға қиянат етуі мұнафықтық болады. Қорыта айтқанда, уәдеде тұруға тырысу керек. Құран Кәрімде былай келтірген:
«Алла (келісімді бұзудан) сақтанғандарды жақсы көреді» [1, 9. 7] .
Хадис шәрифте былай делінген: «Сөз беру қарыз болып саналады. Сөзінде тұрмағандарға өкініштер болсын». Уәдеде тұру − адамның ең жақсы қасиеттері-нің бірі. Бұл жөнінде көптеген даналық сөздер, мақал-мәтелдер келген: «Ердің екі сөйлегені - өлгені», «Уәде - ердің опасы», «Сөз берме, берсең қайтпа!», «Ат тізгінінен, адам сөзінен ұсталады», «Түкірігін жалау (берген уәдесінен қайту) ер жігітке жараспайды» және тағы да басқа. Құран Кәрімде уәдеге берік мұсыл-мандар мақталған. Сүйікті пайғамбарымыз (с. ғ. с) хадис шәрифінде былай деген: «Кез келген мәселеде берген сөзінде тұру - жақсы мінез. Сөзінде тұру, адамның абыройын көтеретін жақсы әдеттердің ең алдында келеді. Берген уәдені орын-дамау болса, мұсылмандарға жараспайтын ең жаман әдет. Уәдесінде тұрма-ған адам, Алла тағаланың және құлдарының ақысын аяқ асты еткен болады. Адамдар арасындағы қарым-қатынастарда, сауда-саттықтарда және келіссөздер-де уәдеде тұру - Алла тағаланың әмірі. Мұсылман берген уәделерін, жасасқан келісімдерін орындауы керек. Орындай алмайтын, қолынан келмейтін нәрсе-лерді айтып уәде бермеуі керек». Пайғамбардан (с. ғ. с) бір кісі қарыз алған болады. Екеуі бір жерде кездесуге уәделеседі. Пайғамбар уәделескен жерге ба-рып күтеді, бірақ әлгі адам келмейді. Ақыры, үшінші күні болғанда ғана есіне түсіп келеді. Мұнда пайғам-барымыздың (с. ғ. с) сөзге беріктігі, сабырлығы көрініс табады.
Дауда арсыздыққа барады. Екіжүзді адам кісі ақысын мойындамай, арсыз-дықпен оның ар-намысы мен мал-мүлкіне қол сұғады. Яғни, оны жеңу үшін кез келген әрекетке барады. Тіпті, шариғат шеңберінен шығып болса да. Бұл төрт жаман қасиет кейде мұсылманның бойынан табылуы мүмкін. Ондай болған жағ-дайда, оған кәпір, нағыз мұнафық деуге болмайды. Ол мінез-құлқында екіжүз-ділік бар адам болып есептеледі. Бұл имам Науаидің аталмыш хадиске берген түсіндірмесінен алынды[12, 189-бет] .
Мұнафықтарға қатысты мына хадисте, Әбу Һурайра (р. а. ) риуаят етеді: «Мұнафықтың белгілері үшеу: сөйлесе өтірік айтады, уәде берсе бұзады және аманатқа қиянат етеді», - деп айтылған. Бұл үш белгі адамның ішіндегі арам пиғылын айқындайтын нышандар. Алайда, екіжүзділік белгісі осы үш белгімен шектелмейді. Екіжүзділік белгілері көп. Бірақ, бұл үшеуі адамның ниеті, амалы және сөзінің бұзылғандығын көрсететін негізгі белгілері. Бұл айтылған екіжүз-ділік белгілері негізінде жаман қасиеттер, алайда, адам осы күнәлары үшін әрдайым Алладан кешірім сұрап жүруі керек. Себебі, ол Алла тағаланың құлы болғандықтан қателесуі, күнә жасауы жаратылысындағы құбылыс.
Сенімдегі яғни ақида тұрғысындағы екі жүзділік.
«Адамдардың кейбіреулері, екіжүзді (мұнафықтар) : «Аллаға, ақырет күніне сендік» - дейді. Бірақ олар сенбейді. Олар (өздерінше) Алланы және иман келтіргендерді алдайды. Бірақ олар өздерін ғана алдағандарын сезбейді. Олардың жүректерінде дерт бар. (Күншілдік дерті) . Сонда Алла олардың дертін арттыра түсті. (Мұсылмандар дамыған сайын күншілдіктері қоза түсті) . Сондай-ақ оларға өтіріктіліктерінің салдарынан күйзелтуші азап бар» [1, 2. 8-10] .
Бұл екіжүзділіктің бұл түрі аса қатерлі. Себебі, бұндай адамдар Алла тағалаға еш сенбейді, тек қана сенгендей болып жүреді. Бұл адамдар тек өз - өздерін алдау-да. Әр адам өзінің жүрегін өзі реттейді. Бір іске сенгісі келсе сенеді, сенгісі келмесе сенбейді, күнәні істегісі келсе істейді, не істемейді. Ешкім оларға екіжүзді бол деген емес, олар өздері соны қалады. Солай ету оларға қызық болды. Бұндай адамдарға Алла тағала Құран Кәрімде:
«(Оларға) айт: «Сендерге Алланың қасында жаза тұрғысынан бұдан да жаманын хабарлайын ба?» Алла біреуді лағнеттеп оған ашуланса және олардан маймылдар, доңыздар, тағы пұтқа табынатындар қылса, міне солар, орны жаман және тура жолдан мүлде адасқандар. Және қашан олар сендерге келсе: «Иман келтірдік», - дейді. Расында олар қарсылықпен кіріп және онымен шыққан болатын. Алла олардың жасырғандарын жақсы біледі» [1, 3. 60-61] .
Өтірік айтуға рұқсат берілген және берілмеген тұстар: Өтірік айту - күнәлар-дың ең жаманы, кемшіліктердің ең нашары, көңілдерді (жүректерді) қарайтатын бүкіл жамандықтардың басы. Хадис шәрифтерде былай делінеді: «Өтірік айту ризықты азайтады. Өтірік екіжүзділік есіктерінің бірі. Иман иесі кез келген қатеге түсуі мүмкін. Бірақ қиянат жасамайды және өтірік айтпайды. Дұрыс бо-лыңдар, дұрыстық жақсылыққа, ал жақсылық жәннатқа тартады. Өтіріктен сақтаныңдар, өтірікшілік күнәға, ал күнә жаһаннамға тартады. Сөзбен шығарыл-ған бүлік, қылышпен шығарылған бүлік сияқты. Ал өтірік айту, жала жабу арқылы шығарылған бүлік қылышпен шығарылған бүліктен де жаман».
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz