Жергілікті бюджеттердің кассалық орындалуына қазынашылық бақылау
Кіріспе
1.БЮДЖЕТ ҚАРАЖАТТАРЫН НЫСАЛЫ ПАЙДАЛАНУДЫ ҚАЗЫНАШЫЛЫҚ БАҚЫЛАУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ
1.1 Қазақстан Республикасындағы Қазынашылық жүйенің құрылуы мен дамуы
1.2 Бюджет қаражаттарын нысалы пайдаланудағы қазынашылықтың міндеттері мен функциялары
1.3 Бюджет қаражаттарын нысалы пайдалануды қазынашылық бақылаудың шетелдік тәжірибесі
2.РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЖӘНЕ ЖЕРГІЛІКТІ БЮДЖЕТТЕРДІҢ КАССАЛЫҚ ОРЫНДАЛУЫНА ҚАЗЫНАШЫЛЫҚ БАҚЫЛАУДЫҢ ҚАЗІРГІ ЖҮЙЕСІН ТАЛДАУ
2.1 Бюджет қаражаттарын нысалы пайдаланудағы қазынашылық бақылауды құқықтық реттеу мәселелері
2.2 Түсімдер және шығындар бойынша ҚР.ң республикалық және жергілікті бюджеттерінің қазынашылық бақылау
2.3 Облыстық және аудандық бюджеттердiң атқарылуына қазынашылық бақылау
3. БЮДЖЕТТІҢ ОРЫНДАЛУЫНДАҒЫ ҚАЗЫНАШЫЛЫҚТЫҢ РОЛІ МЕН ҚАЗІРГІ КЕЗЕҢДЕГІ ҚАЗЫНАШЫЛЫҚ ЖҮЙЕНІҢ ДАМУ БАҒЫТТАРЫ
3.1 Республикалық және жергілікті бюджеттердің орындалуына қазынашылық бақылауды жетілдіру жолдары
3.2 Қазақстан Республикасының бюджет жүйесін ұйымдастырудың негізгі мәселелері мен оның даму болашағы
Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер тізімі

Дипломдық жұмыс тақырыбының өзектілігі. Қазіргі кезде Қазақстанда жүзеге асырылып жатқан мемлекеттік басқару саласындағы қайта құрулар қоғамның қазіргі заманғы қажеттіліктеріне жауап беретін тиімді және бәсекеге қабілетті мемлекет құруға бағытталады.Қазақстанның ұлттық экономикасын дамытудың стратегиялық мақсаттарын орындау әлеуметтік-экономикалық үдерістерді мемлекеттік реттеуді түбегейлі жақсартуды көздейді. Тұрақты экономикалық дамуды қамтамасыз етіп, соның негізінде халықтың тұрмыс жағдайын көтеру үшін ең алдымен мемлекеттік қаржы саласында мемлекеттік басқарудың нысандары мен әдістерін жетілдіру қажет.
1. Өтебаев Б.С, Мемлекеттік бюджет: Оқулық. – Алматы:Экономика/2009ж
2. Сейтқасымов Ғ.С. Ақша, несие, банктер: Оқулық. –Алматы: Экономика, 2008. – 416 бет
3. Мельников В.Д, Ильясов К.К. Финансы. – Алматы: Каржы-каражат, 2001г
4. Елубаева Ж.М. Основные этапы формирования бюджетной политики за период независимости РК// «Каржы-каражат» - №1/2011г – с.3
5. Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі. –Алматы: Юрист, 2012ж
6. Смадиев А. Қаржы жүйесіндегі бюджеттің атқаратын ролі, экономикалық мәні мен мазмұны// «Аль-Пари» - №1-2/2011ж – 196б.
7. Мухтарбекова Б.С. Бюджетная система РК: состояние и перспективы// «Аль-Пари» - №4/2012г – с.85
8. Дуйсенгалиева М. Этапы формирования бюджетной системы Казахстана и дальнейшие направления укрепления финансовой дисциплины//«Каржы-каражат» - №5-6/2011г – с.32
9. Сартаев С.С. Бюджеттік құқық: Оқу құралы. –Алматы:Жеті Жарғы/2009ж
10. Ли В.Д. Финансы в вопросах и ответах: учеб.пособие - Алматы:
Изд. дом "Свет", 2007.- с.141
11. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011-2013 жж арналған орта мерзімді фискалды саясаты// Егемен Қазақстан.13 тамыз 2010жыл

Мазмұны
Кіріспе
1.Бюджет қаражаттарын нысалы пайдалануды қазынашылық бақылаудың теориялық аспектілері
0.1 Қазақстан Республикасындағы Қазынашылық жүйенің құрылуы мен дамуы
1.2 Бюджет қаражаттарын нысалы пайдаланудағы қазынашылықтың міндеттері мен функциялары
0.3 Бюджет қаражаттарын нысалы пайдалануды қазынашылық бақылаудың шетелдік тәжірибесі
2.Республикалық және жергілікті бюджеттердің кассалық орындалуына Қазынашылық бақылаудың қазіргі жүйесін талдау
2.1 Бюджет қаражаттарын нысалы пайдаланудағы қазынашылық бақылауды құқықтық реттеу мәселелері
2.2 Түсімдер және шығындар бойынша ҚР-ң республикалық және жергілікті бюджеттерінің қазынашылық бақылау
2.3 Облыстық және аудандық бюджеттердiң атқарылуына қазынашылық бақылау
3. Бюджеттің орындалуындағы Қазынашылықтың ролі мен қазіргі кезеңдегі Қазынашылық жүйенің даму БАҒЫТТАРЫ
3.1 Республикалық және жергілікті бюджеттердің орындалуына қазынашылық бақылауды жетілдіру жолдары
3.2 Қазақстан Республикасының бюджет жүйесін ұйымдастырудың негізгі мәселелері мен оның даму болашағы
Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер тізімі
Кіріспе
Дипломдық жұмыс тақырыбының өзектілігі. Қазіргі кезде Қазақстанда жүзеге асырылып жатқан мемлекеттік басқару саласындағы қайта құрулар қоғамның қазіргі заманғы қажеттіліктеріне жауап беретін тиімді және бәсекеге қабілетті мемлекет құруға бағытталады.Қазақстанның ұлттық экономикасын дамытудың стратегиялық мақсаттарын орындау әлеуметтік-экономикалық үдерістерді мемлекеттік реттеуді түбегейлі жақсартуды көздейді. Тұрақты экономикалық дамуды қамтамасыз етіп, соның негізінде халықтың тұрмыс жағдайын көтеру үшін ең алдымен мемлекеттік қаржы саласында мемлекеттік басқарудың нысандары мен әдістерін жетілдіру қажет.
Мемлекет бюджет жүйесін өзінің экономикалық өсуін ынталандыруға, инвестициялық белсенділікті реттеуге, ұлттық экономиканың басымдық сегменттерін қаржымен қолдау жөніндегі іс-шараларын жүзеге асыру кезінде экономикалық механизм ретінде пайдаланады. Сонымен қатар, мемлекеттік реттеу әлеуметтік-экономикалық даму нәтижелілігін арттырып, мемлекеттің экономикада өз қызметтерін тиімді атқаруына негіз болады және Қазақстан экономикасының дамуына кедергі келтіретін теріс тенденцияларды жеңуге қажетті жағдай жасайды.
Тақырыптың өзектілігі әлемде болып жатқан инновациялық даму мен қаржылық жаһандану кезеңінде экономиканың тұрақты өсуін қамтамасыз етуде маңызды орын алатын бюджет жүйесінің қазіргі тетіктерін реттеу көмегімен оны жетілдіру жолдарын анықтау болып есептеледі.
Тақырыптың зерттелу деңгейі. Экономикадағы бюджеттік тетіктерді реттеу мәселесі Қазақстанның және шетелдің қаржы ғылымында ортақ мәселе. Классикалық мектеп өкілдері А.Смит, У.Петти, Ж.Б.Сей, Дж.С.Милль өз еңбектерін мемлекеттің экономика салаларын қаржылық реттеу мәселесін зерттеуге арнады.
Сонымен қатар, бюджет мәселесін зерттеуге Дж.М.Кейнс, Р.Харрод, Э.Хансен, Дж. Хикс, Ф.Перру, Н.Калдор және тағы басқа ғалымдар өз үлестерін қосты, олардың идеясы бойынша экономиканы реттеу үшін бюджетті белсенді пайдалану керек. Әлеуметтік сала мәселелері неоклассикалық теория шеңберінде де толығымен бөлшекті түрде зерттелген. Олар салықтардың мөлшерлерін төмендетуді, бюджеттік тапшылықты жою мен жекешелендіруді экономикалық өсуді ынталандырудың құйралы ретінде пайдалануды қарастырған.
Дж. Бьюкенен, Д.Норд, Р.Коуз, К.Эрроу бюджет тетіктерінің қоғамдық әл-ауқатқа, оның жекелеген азаматтарының әл-ауқатына әсерін, мемлекеттік қаражаттарды шығындаудың басым бағыттарын анықтауға, мемлекеттің бюджет жүйесінің институционалды негізін жетілдіру мәселелеріне аса көп көңіл бөлді.
Экономика салаларын мемлекеттік реттеудегі бюджеттік жүйе мәселесі көптеген ресейлік Л.Брузати, Е.Гурвия, Л.Дробозина, Д.Львов, С.Лушин, В.М.Родионова, В.Сенчагова және қазақстандық экономист ғалымдар В.Д.Ли, Ә.М.Джуманов, И.К.Жүйріков, К.К.Ильясов, Ә.К.Идрисов, Р.С.Каренов, Ш.К.Купешов, О.Қалдыбаев, М.К.Мамыров, В.Д.Мельников, А.Нурумов, М.Т.Оспанов, А.Н.Саханова, О.Сабден, Қ.Сағадиев, Ә.К.Отаров, А.И.Худяков және т.б. басты зерттеу нысаны болып отыр.
Дипломдық жұмыстың мақсаты мен міндеттері. Мемлекетте нарықтық қатынастар жағдайында экономика салаларының тұрақты өсуін қамтамасыз ету бағытында мемлекеттік реттеу құралы ретінде бюджет қаражаттарын нысалы пайдалануды қазынашылық бақылаудың нәтижелілігін арттыру жолдарын жетілдіру бойынша теориялық, тәжірибелік және әдістемелік ұсыныстарды жасау болып табылады.
Қойылған мақсатқа жету үшін келесі міндеттерді шешу қажеттілігі талап етілді:
нарықтық экономика жағдайында арнайы экономикалық әдебиеттерді,
монографиялық еңбектерді оқу негізінде бюджеттік жүйені мемлекеттік
реттеу тетіктерінің маңызын, мәнін анықтау және оның экономикадағы орнына
баға беру;
экономиканың әлеуметтік салаларын тұрақты дамытудың міндеттерін шешуде мемлекеттік реттеудің іс-жүзіндегі тәжірибесін зерттеу;
әлеуметтік салаларды қаржыландыруда бюджет қаражаттарын нысалы пайдалануды қазынашылық бақылауды реттеудің бағыттарын белгілеу;
Қазақстан Республикасының бюджет қаражаттарын нысалы пайдалануды қазынашылық бақылауды дамытуда мемлекеттік қарыздарды қысқартуды бюджет тетіктерінің жанама көрсеткіші ретінде қарастыру;
бюджет қаражаттарын нысалы пайдалануды қазынашылық бақылауды дамыту жөнінде ұсыныстар жасау.
Дипломдық жұмыстың зерттеу пәні болып Қазақстан Республикаында бюджет жүйесі болып табылады.
Дипломдық жұмыстың зерттеу объектісі болып мемлекеттің бюджет жүйесінде қызмет ететін субъектілер мен қаржылық қатынастар есептеледі.
Дипломдық жұмыстың теориялық және әдістемелік негізі ретінде бюджет жүйесін реттеу және жүргізу, мемлекет меншігі мен мемлекеттік қарыздарды басқару жөніндегі отандық және шетелдік ғалымдардың еңбектері, Қазақстан Республикасының заң актілері, Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлықтары, Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулылары, нормативтік және әдістемелік материалдар, ғылыми ұйымдардың нұсқаулары пайдаланылды.
Жұмысқа ақпараттық база ретінде Қазақстан Республикасының статистика Агенттігінің, Қазақстан Республикасының Қаржы Министрлігі мен Экономикалық даму және сауда Министрлігінің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің орта мерзімді фискалды саясатының мәліметтері қолданылды.
Дипломдық жұмыстың ғылыми жаңалығы бюджет қаражаттарын нысалы пайдалануды қазынашылық бақылауды дамытудың негізгі бағыттарын жүзеге асырудың басты механизмдерін жетілдіру жолдарын қарастыру және ол төмендегідей тұжырымдар мен ұсыныстарды қамтиды:
бюджет жүйесін реттеуге бюджет қаражаттарын нысалы пайдалануды қазынашылық бақылаудың ішкі және сыртқы факторлардың әсер ету
ерекшеліктерін есепке алатын талдау әдістемесін дамыту;
Қазақстан экономикасының қарқынды өсуіне кедергі келтіретін қазіргі заманғы бюджет қаражаттарын нысалы пайдалануды қазынашылық бақылаудың кемшіліктері анықталды және оны жою механизмдері жасалды;
отандық экономиканың, бәсекелестік қабілетін арттырумен тығыз байланысты болатын инновация мен әлеуметтік салаларға мемлекеттік шығындарды басымдылықпен бөлудің негіздемесі түзілдi;
болашақта бюджет қаражаттарын нысалы пайдалануды қазынашылық бақылаудың тиімділігі мен шынайылығын қамтамасыз ету тәсілдері жасалды;
мемлекеттің бюджет қаражаттарын нысалы пайдалануды қазынашылық бақылаудың элементтерін кешенді пайдалану механизмдері айқындалды;
бюджет қаражаттарын нысалы пайдалануды қазынашылық бақылаудың жетілдіру құралдары анықталды;
Дипломдық жұмыс құрылымы: Жұмыс кіріспеден, үш бөлімнен, қорытынды мен пайдаланылған әдебиеттер тізімі тұрады.

5.1 Қазақстан Республикасындағы Қазынашылық жүйенің құрылуы мен дамуы
Экономиканың дамуы көбінесе мемлекеттің қаржы жүйесінің жағдайына байланысты. Мемлекеттің дамуындағы қаржылық, несиелік, бюджеттік қарым-қатынастың ролі, орны мен мәні өте маңызды екені белгілі, себебі жалпы ішкі өнімнің өсу қарқыны, жұмыссыздық пен инфляция деңгейі, валюталық курс және басқа да макроэкономикалық көрсеткіштердің оңтайлық деңгейге жету осы қарым-қатынастардың ахуалына тәуелді 1.
Қазақстан Республикасында экономикалық реформаларды жүзеге асыру үшін қазіргі кезеңге дейін нарықтық экономика аумағындағы жинақталған жалпы қаржы қарым-қатынасының, оның ішінде бюджеттік қарым-қатынасының даму тәжірибелерін біліп, дұрыс пайдалану қажет.
Экономикалық өмірге мемлекеттің қатысу себептері, формалары мен тәсілдері өзекті мәселелер қатарына жатып, ғылыми зерттеудің пәні болып табылады. Нарық экономикасында мемлекеттік реттеудің тиімді жүйесінің болуы елдің экономикалық дамуын және саяси тұрақтылықты ұстап тұрудың маңызды шарты болып саналады. Қазіргі заманда мемлекет экономиканың өмірін енжар бақылаушы емес, керісінше елдің шаруашылық-экономикалық өміріне белсенді түрде қатысып, қажет болған кезде елдің экономикасын тұрақтандыру үшін қажетті шараларды да жүргізеді.
Тиімді қаржы-экономикалық саясат - қазіргі кезеңдегі қоғам өміріне қажетті жағдай. Мемлекет қызметін тиімді атқармаса, оның әлеуметтік-экономикалық тұрғыдан тұрақты дамуы мүмкін емес. Экономикада болып жатқан өзгерістер мемлекеттің қазіргі сатыдағы базалық мәселелеріне қайта оралып қана қоймай, сонымен қатар ғылыми тұрғыдан да, тәжірибе тұрғысынан да оны өзекті етеді 2.
Қазіргі кезде мемлекеттің экономикадағы орны мен ролі үздіксіз күшеюде. Бұны тек жалпы ішкі өнім қатынасында мемлекеттік кірістер мен шығындардың өсуі ғана емес, сонымен қатар экономикадағы дағдарысты жағдайларды жеңуге бағытталған, үкіметтің реттеуші шараларының мәнінің де өсуін куәландырады. Шаруашылық тәжірибе көрсеткендей, компаниялардың өз қызметтерін жоспарлаудағы уақыт кезеңдерін кеңейтуге деген қажеттілігі елдің шаруашылық дамуындағы мемлекеттің ролін жаңаша түсінуді қажет етті.
Экономикада мемлекеттік реттеудің тапсырмалары мен тәсілдерінің өзгеруі әртүрлі факторлардың әсерінен болады, олардың ішінде ерекше орынды қаржылық жаһаңдану, инновациялық дамудың ерекшелігі, сонымен қатар әлеуметтік-саяси факторлар алады. Үнемі өзгеріп отыратын жағдайда өзінің қызметін тиімді атқаруға қабілетті мемлекеттің сапасы жайлы мәселе туындайды.
Қаржылық байланыстардың орасан зор әр алуандығында жеке ортақ ерекшеліктерімен көзге түсетін оқшауланған аяларды бөліп көрсетуге болады. Мәселен, мемлекеттің шаруашылық жүргізуші субъектілермен және халықпен қалыптасатын қаржы қатынастары жалпы қоғамдық өнімді құндық бөлудің ерекше саласын құрайды және қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандыруға арналған орталықтандырылған ақша қорын қалыптастырумен және пайдаланумен байланысты болады. Қаржы қатынастарының бұл жиынтығы мемлекеттік бюджет ұғымының экономикалық мазмұнын құрайды. Демек, мемлекеттік бюджет мемлекеттің орталықтандырылған ақша қорын жасау және оны ұдайы өндіріс пен қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандыру мақсаттарына пайдалану жолымен қоғамдық өнімнің құнын бөлу және қайта бөлу үдерісінде мемлекет пен қоғамдық өндірістің басқа қатысушылары арасында пайда болатын экономикалық қатынастарды білдіреді.
Қазақстан Республикасының Бюджеттік кодексінің 4-бабына сәйкес бюджетке келесідей түсінік беріледі: Бюджет - ол мемлекеттің міндеттері мен қызметтерін іске асыруын қаржылық қамтамасыз етуге арналған оның орталықтандырылған ақша қоры. Бюджеттің формасы - қаржылық жоспар, материалдық негізі - орталықтандырылған ақша-қаражаттар қоры, экономикалық негізі - жалпы экономикалық қарым-қатынас, заңнамалық белсендірілуі - заң болып табылады 1.
Бюджет әр мемлекетке өзінің экономикалық, әлеуметтік және саясаттық қызметтерін орындауға объективтік ақшалай түрде қажетті. Бюджет қай мемлекеттікі болмаса да мазмұндары бірыңғай категориялардан қалыптасады, яғни салық, займдар, шығын және тағы басқалары, сонымен қатар олар бір қоғамдық-экономикалық формациядан басқа формацияға ауысса да өздерінің мазмұнын өзгертпейді. Дәл осы ұғым бюджетті экономикалық категория деп дәлелдейді.
Қаржы қатынастарының белгілі бір жиынтығы ретіндегі мемлекеттік бюджетке ең алдымен жалпы қаржы категориясынан ажырататын өзгеше белгілер тән: бюджет қатынастарының бөлгіштік сипаты бар, әрқашан ақша нысанында жүзеге асырылады, мақсатты ақша қорларын қалыптастырумен және пайдаланумен қосарлана жүреді. Сонымен бірге, бюджет қатынастарына белгілі бір өзіндік ерекшелік тән, алайда ол қаржымен ортақ өзгеше белгілердің шеңберінен шықпайды.
Мемлекеттің орталықтандырылған ақша қорын қалыптастырумен және пайдаланумен байланысты болып келетін бюджеттің жұмыс жасауы ерекше экономикалық нысандар - бюджеттің кірістері мен шығыстары арқылы болып отырады. Олар құндық бөліністің жеке көздерін білдіреді. Категориялардың екеуі де бюджеттің өзі сияқты объективті және олардың өзгеше қоғамдық арналымы болады: кірістер мемлекетті қажетті ақша қаражаттарымен қамтамасыз етеді, шығыстар орталықтандырылған ресурстарды жалпы мемлекеттік қажеттіліктерге сәйкес бөледі. Бюджеттің түсімдері кірістер, бюджеттік кредиттерді өтеу, мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер, сондай-ақ мемлекеттік қарыздар, ал оның шығыстары шығындар, бюджеттік несиелер, қаржы активтерін сатып алу, қарыздар бойынша негізгі борышты өтеу болып табылады.
Кірістер мен шығыстардың құрамы мен құрылымы нақты әлеуметтік-экономикалық және тарихи жағдайларда жүзеге асырылатын мемлекеттік бюджет және салық саясатын жүргізудің бағыттарына байланысты болады. Бұл кезде мемлекеттің белгілі бір жағдайларда кірістерді қалыптастырудың және шығыстарды жұмсаудың қолайлы нысандары мен әдістерін пайдаланады.
Мемлекеттік бюджеттің экономикалық маңызы жалпы қаржы қасиеттерімен сипатталады, яғни экономикалық маңызды әлпеттейтін әдіс жалпы қаржы мен оның тізбектерінде біртиптік функцияларға сәйкес. Сондықтан, мемлекеттік бюджет барлық қаржы жүйесі секілді бөлу және бақылау функцияларын атқарады. Сонымен қатар, қаржы категориясына қарағанда бюджет ерекше категория, оған келесі қызметтер атқару тән:
ұлттық табысты қайта бөлу;
әлеуметтік саясатты қаржымен қамтамасыз ету;
экономиканы реттеу мен ынталандыру;
ақша қаражаттарының орталықтандырылған қорын қалыптастыру мен пайдалануын бақылау.
Мемлекеттік бюджеттік бөлу және бақылау қызметтері бір бірінен бөлек емес, неғұрлым бірігіп, бір уақытта іске асырылады, себебі бұларда бюджеттік қарым-қатынастың барлық жағы бейнеленеді 3.
Мемлекеттік бюджет категориясы объективті болғандықтан, оның қызметтері де объективті. Бюджет қызметтерін бірден оның ішкі потенциалдық қабілеттігінен түсіну қажет, себебі ол өзін тек міндетті түрде бюджеттік қатынасы бар қоғамдық қарым-қатынастың белгілі саласында көрініс табады. Сондықтан, бюджетке тән қасиеттер көрінісі, оларды бөлу мен бақылау құралдары ретінде пайдалануы тек адами іс-әрекет үрдісінде мүмкін, ал ол мүмкіндік мемлекет жасаған бюджеттік механизм арқылы іске асырылады.
Бюджеттік механизм, бюджеттік саясатты шынайы түрде іске асырушы болып және нақты түрде бюджеттік қатынастарды экономикалық және әлеуметтік сауалдарды шешуге бағытталады. Бұл арада бюджет іс-әрекетінің объективтік және субъективтік жақтарының арасындағы арақатынасты дұрыс түсіну үшін тиімді ұйымдастырылған бюджет жүйесінің мәні өте зор.
Бюджет құрылысында басты орынды бюджет жүйесі алады, ол экономикалық қатынастарға және құқықтық нормаларға негізделген түрлі деңгейлер бюджеттерінің, сонымен бірге бюджет үдерісі мен қатынастарының жиынтығын білдіреді. Әр түрлі елдердің бюджет жүйелері өзінің құрылымы, аумақтық құрылысы мен бөлінісіне байланысты болады.
Қазақстан Республикасының бюджет жүйесінің құрылымы унитарлық типімен анықталады, өйткені Қазақстан Республикасы - федеративті емес, басқарудың Президенттік нысананы және сайланатын Парламенті бар унитарлы мемлекет 4.
Бюджеттік жүйе мемлекеттің барлық қаржы жүйесінің маңызды құрамдық бөлігі болып табылады. Бюджеттік жүйе экономикалық категория ретінде мемлекеттің орталықтандырылған ақша қорын - бюджетті қалыптастыру мен пайдалану бойынша заңды, жеке тұлғалар мен аймақтар арасындағы барлық қаржылық қатынастар, бюджеттік қалыптасу мен атқарудың әдіс-тәсілдері және сол қатынастарды басқару органдарымен байланысты. Басқаша айтқанда, барлық деңгейдегі бюджеттер мен Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры және экономикалық қатынастар мен құқықтық нормаларға негізделген бюджеттік үдеріс пен бюджеттік қатынастар қосындысын бюджеттік жүйе деп атайды.
2009 жылы 1 қаңтарда күшіне енген жаңа Бюджеттік кодекстің 6 - бабына сәйкес Қазақстан Республикасының бюджеттік жүйе құрамына келесі бюджет түрлері мен деңгейлері кіргізілген 5:
oo республикалық бюджеті;
oo облыстық бюджеті, республикалық маңызы бар қалалар мен астана бюджеті;
oo аудан бюджеті (облыстық маңызы бар қалалар бюджеті).
Бюджеттік заңнамаларға сәйкес бюджеттің барлық түрлері мен деңгейлері дербес болып есептеледі. Бюджеттік жүйе құрылымында Төтенше мемлекеттік бюджет пен Ұлттық қор қарастырылады.
Төтенше мемлекеттiк бюджет республикалық және жергiлiктi бюджеттер негiзiнде қалыптастырылады және Қазақстан Республикасында төтенше немесе соғыс жағдайларында енгiзiледi. Төтенше мемлекеттiк бюджеттiң қабылдануы туралы Қазақстан Республикасының Парламентi дереу хабардар етiледi. Төтенше мемлекеттiк бюджеттiң қолданылу уақытында республикалық бюджет туралы заңның және барлық деңгейлердегi жергiлiктi бюджеттің бюджеттері туралы мәслихаттар шешiмдерiнiң қолданылуы тоқтатыла тұрады. Төтенше мемлекеттiк бюджет төтенше немесе соғыс жағдайы енгiзiлген мерзiм iшiнде қолданыста болады және оның қолданылуы тоқтатылысымен республикалық және жергiлiктi бюджеттердi нақтылау жүргізіледі.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіндегі шотында шоғырландырылатын, мемлекеттің қаржылық актив түріндегі, сондай-ақ, материалды емес активтерді қоспағанда, өзге де мүлік түріндегі активтері Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры болып табылады. Ұлттық қор мемлекеттің тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуын қамтамасыз етуге, қаржылық активтердің және материалдық емес активтерді қоспағанда, өзге де мүліктердің қорлануына, экономиканың мұнай секторына тәуелділігін және қолайсыз сыртқы факторлардың ықпалын төмендетуге арналған.
Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры жинақтау және тұрақтандыру қызметтерін жүзеге асырады. Жинақтау қызметі материалды емес активтерді қоспағанда, қаржылық активтер мен өзге де мүліктің жинақталуын және тәуекелдің деңгейі бірқалыпты болған кезде ұзақ мерзімді перспективада Қазақстан Республикасы Ұлттық қоры активтерінің кірістілігін қамтамасыз етеді. Тұрақтандыру қызметі Ұлттық қордың активтері өтімділігінің жеткілікті деңгейін ұстап тұруға арналған. Тұрақтандыру қызметін жүзеге асыру үшін Ұлттық қордың бір бөлігі кепілдік берілген трансфертті қамтамасыз етуге қажетті деңгейде айқындалады.
Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын қалыптастыру мен пайдалану дүниежүзілік және ішкі тауар мен қаржы нарықтарының коньюнктурасы, мемлекеттегі және шет елдердегі экономикалық жағдай, республиканың әлеуметтік-экономикалық дамуының басымдықтары ескеріле отырып, бұл ретте макроэкономикалық, фискалдық тұрақтылық және Қазақстан Республикасының Ұлттық қорының негізгі мақсаттары мен міндеттері сақтала отырып айқындалады 1.
Елдің бюджеттік жүйесінің орталық орнын келесі қаржы жылға Қазақстан Республикасының заңымен бекітілген республикалық бюджет алады. Жаңа бюджеттік кодекс бойынша республикалық бюджет салықтық және басқа түсімдер арқылы қалыптасқан және мемлекеттік биліктің орталық органдарының функцияларын қаржымен қамту және мемлекеттік саясаттың жалпы республикалық бағыттарын іске асыруға арналған орталықтандырылған ақша қоры ретінде анықталған. Кодексте осыған сәйкес анықтамалар бюджеттің басқа да түрлеріне берілген. Олар жергілікті мемлекеттік органдардың қызметтерін қаржымен қамту және аймақтар мен аудандарда мемлекеттік саясатты іске асыруға арналған.
Бюджеттік жүйе қызмет атқаруының негізі келесі қаржылық қатынастарды бейнелейді:
oo мемлекеттің кәсіпорындармен орталықтандырылған ақша қорын қалыптастыру;
oo мемлекеттің өндірістен тыс саласының мекемелерін бюджет тарапынан қаржыландыру;
oo мемлекеттің халықпен бюджет кірісін қалыптастыру және әр түрлі өтемақы төлеу мен әлеуметтік жәрдем жасау;
oo қаржы-несие жүйесінің мекемелері арасында (Қаржы министрлігі, Ұлттық банк, т.б.);
oo мемлекеттің шетелдік мемлекеттермен болатын қаржылық қатынастар.
Қаржылық қатынастардың бұл формалары мемлекет реттейді, жетілдіреді және белгілі қағидаттар мен құқықтық нормалар негізінде басқарады.
Мемлекеттің кәсіпорындар, мемлекеттік мекемелер мен халық арасындағы қаржылық қатынастарды бюджеттік қатынастар деп атайды. Бұл қатынастардың қаржы қатынастар бөлігі ретіндегі ерекшелігі - олар мемлекет қатысатын бөліс үрдісінде болады және жалпы мемлекеттік мұқтаждықты қамтамасыз етуге арналған ақша құралдарының орталықтандырылған қорын қалыптастыру және пайдалану байланысынан тұрады.
Бюджет қатынастары - мемлекет пен халық, мекемелер мен кәсіпорындар арасында пайда болатын қаржы қатынастары деген ұстанымды ұстайтын болсақ, онда бір жағынан мемлекет кәсіпорындар, мекеме мен халық қаражаттарын ала отырып, мемлекет бұл қаражаттарды өз иелігіне жұмылдырады және өзінің мемлекеттік қызметін орындауға жұмсайды, сондай-ақ коммерциялық және коммерциялық емес салаларға, халыққа әсер етуге және тұтастай экономиканы реттеу қызметіне пайдаланады. Әсер ету нысандары әр түрлі болуы мүмкін: кәсіпорындарды қаржыландыру және қаражаттандыру; мемлекеттік инвестицияларды іске асыру; өнеркәсіптің қорғаныс салаларының айырбасталымын қаржыландыру арқылы экономиканың құрылымдық қайта құруына әсер ету. Мұнда кіріс немесе шығыс баптарын ұлғайту немесе азайту қатынасы саяси кеудемсоқтыққа байланысты елдің халықпен айла-шарғы жасау қаупі туындайды. Осыған орай, бюджет саясатының қалыптасуы, оның іске асуының бағытталуы барлық кезде тек экономикалық даму үрдістерімен ғана байланысты емес, сондай-ақ саяси кеудемсоқтықты көрсетеді. Егер, бюджет саясатының бағытталуы экономикалық даму заңдылықтарының анықталуы негізінде емес, көпшілік дауыс пен көптеген түзетулер арқылы анықталса, онда мұндай бюджет саясаты тұрақты болмай, үнемі өзгерту үстінде болады, яғни тек экономикалық саланың қайта қалыптасуы нәтижесінде ғана емес, сондай-ақ биліктің осы немесе өзге саласының жағдаяттық пайымдауынан болады.
Макроэкономикалық реттеудің маңызды құралы болып бюджет саясаты табылады, ол салық салу мен мемлекеттік шығындарды өзгерту арқылы іскерлік белсенділік деңгейіне мемлекеттің әсерін көрсетеді. Бюджет саясаты ұдайы өндірістік кезең аяқталуының нәтижесінде жинақталатын, қаржы ресурстарын жұмылдыру бойынша мемлекеттің қаржы саясатының экономикалық мазмұнын анағұрлым толық көрсетеді және олардың мемлекет дамуының әлеуметтік-экономикалық басымдылықтарының пайдаланылуы мен бөлінуіне әсер етеді. Қаржы ағындарының қозғалысына реттеудің бастапқы қағидасы жиынтық тұтынудың өсуіне бағытталған ұдайы өндіріс үдерісінің барлық қатысушыларының мүдделерін ымыраға жеткізуден тұрады. Бюджет - бюджет саясатының негізгі құралы ретінде мемлекеттің қаржы жүйесінің барлық буындарын біріктіреді. Үлкен қаржы ағындарымен басқарудың қажеттілігі осымен шартталған, яғни экономиканы реформалауға арналған шетел несиелері мен инвестициялары елдің төлем балансын өзгерту мен жалпы қоғамдық өнімнің қозғалысына бюджет саясатының белсенді әсері де шартталған. Бюджет саясаты бюджеттің белгілі бір механизмін әзірлеу, қарастыру, бекіту, орындау, бақылау, сонымен қатар бюджеттің орындалуы туралы есептің қызмет етуінің әр түрлі бюджет деңгейінің өзара байланысына негізделген. Дамыған елдерде ортақ валюта-қаржылық жүйені жасау бөлігінде қуатты және қаржы саласында орталықтан бағытталған беталыстар айқын түрде көрініс табады. Ал бұрынғы кеңес үкіметі аумағында қаржы жүйесінің жергілікті деңгейлерін өзін-өзі қаржыландыру, жеке аймақтар мен жергілікті көздерінің мәні мен рөлін күшейту және егемендіктің қалыптасуының қажеттілігі туындайды 4.
Тәуелсіздік алғаннан кейін Қазақстан Республикасы мемлекеттік қазынаға ерекше көңіл бөле бастады. 1994 жылы үкімет Қаржы Министрлігінің қызметін белгілеп, яғни Қаржы Министрлігі бюджеттік қорларды анықтап қашан, кімге, қанша ақша керек, кімді қаржыландыру керек, шексіз ресурстарды қалай тиімді пайдалану керектігін беліглеумен болды. 1994 жылғы Президент Н.Ә.Назарбаев жарғысында Қаржы Министрлігімен құрылған Қазынашылық жүйе калыптасты. Бірінші этапта Қазақстан Республикасыньщ Халықтық банкінің есеп айырысу кассалық орталығы бар жерде аймақтар қазынасын территориялық басқарумен басталды.
Қазақстан Республикасының қазына жүйесі бас кезінде пассив, яғни екінші роль атқарды. Сол кезде олар халықтык банкінің есеп айырылысу орталығымен параллельді, яғни республикалық бюджеттің кірісімен республикалық және жергілікті бөлімшесін бақылады.
Салықтық есеп және кірістердің кассалық кірістер есебі, кірістерді бөлу, яғни бюджеттің жағдайына байланысты және кассалық республикалык бюджеттің кассалық жұмысының орындалуын халықтық банкінің жұмысына қалдырды.
1995 жылғы 1 қыркүйектен бастап Қазынашылық орган өзіне республикалық бюджеттің құрамы банктік операциялар бақылауындағы ұйымдастырушылық қызметті алды.
1995 жылдың қазанындағы Қазақстан Республикасының Президентінің жарғысына сәйкес Халықтық банкінің есеп айырысу кассалық орталығы Қаржы Министрлігінің казынасына берілді. Осы негізде 1996 жылы 6 маусымда Қазақстан Республикасының Халықтык банкінде жеке қазыналық шот ашылды.
1996 жылдың қыркүйегі мен 1997 жылдың желтоқсанында Қазынашылық орган бюджеттік мекемедегі ақшалай шот арқылы есеп айырысу операцияларына бақылау жасады. 1995 жылдың аяғында орталык казынада валюталық операцияларға есеп беру және мемлекеттік бағалы қағаздар мен мемлекеттік қарыздар туралы бөлім ұйымдастырылды.
Облыстық, қалалық Қазынашылық басқару органы әр күн сайын мемлекеттік бюджетке түсетін кірістер мен шығатын шығыстар туралы есепті, Қазақстан Республикасының Халықтық банкіндегі жеке шоттың мәліметтерін бақылап отырды.
Әр айдың бірінші күнінен бастап облыстық Қазынашылық басқару органы қазыналық Департаментке айлық шығыстардың есебі мен жыл басындағы бюджеттік класификацияның әрбір жаңа кодтарын беріп отырады. Негізгі міндеті - бюджеттік дисциплиналарды нығайту, ведомстваларды, қазыналық құжаттарды үйымдастыру, шығару мен кіргізумен байланысты және де қазыналық ресурстарды үкіметтің пайдалануын қадағалап отыру.
1997 жылдың қаңтарынан бастап қазына қызметі әр ай сайын министрліктер мен ведомстволарға кассалық шығындар мен операциялық шешімдер қабылдағаны туралы хабарлап отырады.
1997 жылдың 4 тамыздағы ҚР-ң Үкіметінің қаулысымен бюджеттік мекемелер стипендияларды, еңбекақыны және басқа да каржылық төлемдерді жеке шоттар арқылы немесе пластикалық карта негізінде беру бекітілді.
Кейіннен облыстық Қазынашылық құрылымына келесі бөлімдер: операциялық, каржылық төлемдер мен баланстарды реттеу және бақылау, қолма-қол алуды ұйымдастыруды қамтамасыз ету, валюталык операциялар, ақпараттық-есептеу жұмысы, жүйелік қамтамасыз ету және аймақтық қазыналық органдардың жұмысын бақылау. 1998 жылдың қазанынан бастап Қаржы Министрлігінің қаржыларды бақылау комитеті қазыналық органға келесідей негізгі қаржылық бақылау функцияларын белгіледі:
:: Министрліктің каржы-шаруашылық кызметі, мемлекеттік комитеттер, ведомствалар мекемелер;
:: Мемлекеттік және мемлекетгік емес займдардың қолданылуы.
Комитетті қайта ұйымдастыру және тарату заңнамаға сәйкес жүзеге асырылады. Осы жоғарыда қарастырылған мәліметтердің барлығы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 29 казанындағы №1129 қаулысымен бекітілген, және де Қазақстан Республикасы Қаржы Министрлігі Қазынашылық комитетінің құрылымын төмендегідей бекітеді:
:: басшылық;
:: жиынтық қаржылық жоспар басқармасы;
:: республикалық бюджеттің шығыстарын қаржыландыру басқармасы;
:: түсімдерді есепке алу басқармасы;
:: төлем операциялары басқармасы;
:: қолма-қол ақша, шоттарды талдау және салыстыру басқармасы;
:: несие беру басқармасы;
:: мемлекеттік борышқа қаржылық қызмет көрсету басқармасы;
:: мемлекеттік және мемлекет кепілдік берген борыштың мониторингі және оны қайтару басқармасы;
:: жиынтық есеп беру және бас кітап басқармасы;
:: бюджеттік есепке алуды ұйымдастыру басқармасы;
:: Қазынашылық жүйесін сүйемелдеу басқармасы;
:: бағдарламалық-технологиялық құралдарды сүйемелдеу басқармасы;
:: ұйымдастыру және кадр жұмысы басқармасы;
:: ішкі бақылау басқармасы.
Комитеттің төмендегідей әрекет етулеріне толық құқықтары бар:
:: Мемлекеттік мекемелерден республикалык және жергілікті бюджеттердің атқарылуын ұйымдастыру үшін қажетті ақпарат пен мәліметтер алуға, ал олар уақтылы ұсынылмаған жағдайда бухгалтерлік есеп беруді сұрауға;
:: Теңгеде және шетел валютасында бірыңғай Қазынашылық шоты мен банктік шоттарының болуына;
:: Тиісті қаржы жылына арналған жиынтық қаржы жоспарын қалыптастыру және оларға өзгерістер енгізу кезінде бюджеттік бағдарламалардың әкімшілкітері ұсынатын есептемелердің негізділігін тексеруге;
:: Қаржы тәртібінің сақталуына және мемлекет қаражатының мақсатты әрі тиімді пайдаланылуына бағытталған ұсыныстарды енгізуге;
:: Мемлекеттік мекемелердің қаржылық есеп беруінде жолсыздықтар анықталған жағдайда әкімшілік құқык бұзушылық туралы хаттамалар жасауға және оларды қаржылық бақылау органдарына қарауға жіберуге;
:: өз құзыретінің шегінде бюджеттік және бухгалтерлік есеп, бюджет жүйесіндегі есеп беру және Қазынашылық органдарындағы ішкі аудит, есеп операцияларын жүргізу мәселелері бойынша бұйрықтар қабылдауға және олардың атқарылуын бақылауды қамтамасыз етуге, сондай-ақ нормативтік құқыктық кесімдердің жобаларын әзірлеуге қатысуға;
:: халықаралық шарттардың, келісім шарттардың, және келісімдердің жобаларын дайындауға қатысуға;
:: инвестициялық жобаларды іске асыруға жауапты министрліктерден үкіметтік сыртқы қарыздар қаражатының түсуі (игерілуі) және жүмсалуы туралы есептерді сұратуға және алуға;
:: Мемлекеттік және мемлекет кепілдік берген қарыз алу кезінде бюджеттік кредит беруді жүзеге асыру үшін қажетті барлық ақпаратты қаржы агенттерінен, қарыз алушылардан, мемлекеттік органдардан алуға;
:: Комитет органдарының қызметін тексеруді жүзеге асыруға, оны жетілдіру жөніндегі ұсыныстар енгізуге;
:: Шет елдердің Қазынашылық жүмыс тәжірибесінің практикалық пайдалануы жөнінде ұсыныстар әзірлеуге;
:: Тек қана мемлекеттік бюджеттің қаражатына қатысты және оның есебінен олардың жүзеге асырылуын үшінші тұлғаларға беру құқығынсыз, ұлттық және шетелдік валютада мынадай банктік операцияларды;
:: Заңды тұлғалардың депозиттерін кабылдауды, банктік шоттарын ашуды және жүргізуді;
:: Аударым операцияларын: заңды түлғалардың ақшаны аудару жөніндегі тапсырмаларын орындауды;
:: Есеп операциялары: заңды тұлғалардың вексельдерін және өзге де борыштық міндеттемелерін есепке алуды (дисконт);
:: Қарыз операциялары: ақшалай нысанда кредиттер беруді;
:: Аккредитивті ашуды (көрсетуді) және растауды әрі олар бойынша міндеттемелерді орындауды жүзеге асыруға құқықтары бар. Комитеттің мүлкі жөнінде төмендегідей ережелер бекітілген:
:: Комитеттің жедел басқару қүқығындағы оқшауланған мүлкі болады.
:: Комитетке бекітіліп берілген мүлік республикалық меншікке жатады.
:: Комитеттің өзіне бекітіліп берілген мүлікті өз бетінше иеліктен шығаруға немесе оған өзге тәсілмен билік жүргізуге қүқығы жок.
Қазақстан Республикасындағы Қазынашылық жүйенің құрылуы ең басты міндет ретінде және қаржыны тиімді басқарудың маңызды шарты ретінде қарастырылды. Бірінші кезекте Қазынашылықтың облыстық басқармашылығы барлық аудандарда құрылды.

Облыстар мен қалалар бойынша Қазынашылық Департаменттері Қазақстан Республикасының Қаржы Минимтсрлігінің Қазынашылық Комитетінің территориялық бөлімдері болып табылады. Олар мемлекеттік бюджеттің орындалуын қамтамасыз етумен, республикалық және жергілікті бюджеттердің орындалуындағы оперуцияларды есептеуді қамтамасыз етумен және ашық шоттар бойынша мемлекеттік мекемелердің операцияларын жүргізумен айналысады.
Өз қызметтерін Департаменттер Қазақстан Республикасының Заңына, Конституциясына, Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Президентінің актілеріне, бұйрықтарына және басқа да нормативтік актілерге, сонымен қатар қазіргі уақыттағы Типтік ережелер негізіндегі жасалып бектіліген Ережелерге сүйене отырып жүргізеді.
Департамент өзінің қазақша және орыс тілдеріндегі есімі, штампы және мөрі бар заңды тұлға және ұйымдық-құқықтық негізде құрылған мемлекеттік мекеме болып табылады.
Өз құрылымында территориялық бөлімдер - аудандық, қалалық және қалалардағы қазынашылықтың тікелей бағынушылықтағы аудандық бөлімдерден тұрады. Олар да қазақша және орыс тілдеріндегі есімі, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес республикалық және жергілікті бюджет құралдарынан қамтамасыз етілетін банктегі шоттардағы ақшалай қаражаттары, штампы және мөрі бар заңды тұлға және ұйымдық-құқықтық негізде құрылған мемлекеттік мекеме болып табылады.
Қызмет ету барысында Департамент мемлекеттік бюджетке түсімдер, олардың жергілікті бюджет деңгейлері арасында бөлінуі, жергілікті бюджеттердің шоттары, мемлекеттік мекемелердің шоттары және республикалық және жергілікті бюджеттер арқылы қаржыландырылатын аударым операциялары мен олардың есебі бойынша жергілікті атқарушы және уәкілетті органдар мен қарым қатынас жасайды.
Департамент туралы Ереже мен Департаменттің штаттық кестесі Қазақстан Республикасының Қаржы Министрлігінің қазынашылық Комитетінің төрағасы мен жүзеге асырылады. Департаменттің штаттық санының лимиті Қаржы Министрлігінің қазынашылық Комитетімен бекітіледі.
Департамент қызметі республикалық бюджеттен қаржыландырылады. Департамент кәсіпкерлік субъектілерімен өзі қызмет атқаратын құралдарына келісім жасауға құқығы жоқ. Табыс әкелетін қызметті жүзеге асыру барысындағы табыстар республикалық бюджеттің табыстарын жатқызылады.
Департаменттің негізгі міндеттері келесілер болапы табылады:
oo республикалық бюджеттің орындалуы мен жергілікті бюджеттердің кассалық орындалуын ұйымдастыру мен бақылау;
oo бюджеттік бағдарламаларды қаржыландыру жоспарларын орындау бойынша операциялар есебін қамтамасыз ету;
oo жергілікті уәкілетті және атқарушы органдарымен бірдей нормативтік-құқықтық базамен қамтамасыз етілетін,бюджеттік түсімдерді қайта бөлу арқылы қатынасқа түсуге негізделетін барлық бюджет деңгейлері арасындағы толықтықты, реалистікті, транспаренттілікті, жауапкершілікті нақтылықты, бірліктілік принциптерін орындау арқылы жұмыс істеу;
oo мемлекеттік бюджетті орындауды қамтамасыз ету бойынша алдын-ала және ағымдық бақылауды қамтамасыз ету;
oo қазынашылық орган жүйесіндегі ішкі бақылау мен бюджеттік жүйесіндегі бухгалтерлік есеп пен есеп беруді дамыту;
oo ақпараттық қауіпсіздік саласында нормативтік құқықтық актілер талаптарына сәйкес қызмет етуді ұйымдастыру мен қамтамасыз ету;
oo Қазынашылық жүйенің ақпараттық интеграцияланған қызметін қамтамасыз ету.
Департамент тағайындалған заңдылық бойынша келесі қызметтерді орындайды:
oo мемлекеттік бюджеттің орындалуын қамтамасыз ету;
oo мемлекеттік бюджет құралдарынан қамтамасыз етілетін мемлекеттік мекемелердің қаржыландырылу жоспарларына, жергілікті бюджеттер бойыншабюджеттік бағдарлама әкімшіліктерін қаржыландыру жоспарларына, мемлекеттік мекемелердің кірістері мен шығыстарын қаржыландыру жоспарларына, өзгерістер енгізу;
oo республикалық және жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелер мен жергілікті бюджеттік бағдарлама әкімшіліктеріне рұқсаттар енгізу;
oo республикалық және жергілікті бюджет есебінен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелердің міндеттерін тіркеуді жүзеге асыру;
oo республикалық және жергілікті бюджет есебінен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелерінің төлеуге шоттарын бекіту, өзгерту, сақтау;
oo республикалық және жергілікті бюджет есебінен қамтамасыз етілетін мемлекеттік мекемелердің шоттарына,валюталық шоттарға, жергілікті бюджеттер бойынша қолма-қол шоттарға бақылау шоттарын енгізу;
oo республикалық және жергілікті бюджет есебінен қаржыландырылатын және мемлекеттік мемкемемен жүргізілетін валюталық операцияларға валюталық бақылау жасау, сатып алуға, сатуға, шетел валютасын ауыстыруға өтініштер құрау;
oo экспорттық-импорттық валюталық бақылау бойынша есеп беруді ұйымдастыру;
oo табыстар бойынша бюджеттік жіктеме кодтары арасындағы және салық органдары арасындағы ауыстырулармен байланысты операцияларды жүргізу,дұрыс есептелмеген салық пен басқа да бюджетке төлемдер сомаларын қаутару мен есептеу бойынша төлеуге шоттарды бекіту, өзгерту, сақтау;
oo республикалық және жергілікті бюджет есебінен қаржыландырылатын мемлекеттік мекеменің тапсырысы бойынша тауар, қызмет, жұмыстарды орындау бойынша жабдықтаушыларға анықтама енгізу;
oo республикалық және жергілікті бюджет есебінен қаржыландырылатын кассалық шығындар мен бюджеттік бағдарламаларды қаржыландыру жоспарын есептеуді, сондай-ақ республикалық және жергілікті бюджет есебінен қаржыландырылатыншоттар бойынша, ақылы қызметтер бойынша, демеушілік көмек бойынша, депозиттік құралдар бойынша есептеуді жүзеге асыру;
oo активтер қозғалысы мен қолма-қол ақшаның есебін жүргізу;
oo республикалық бюджетте бекітілген сома көлемінде Астана,Алматы қалаларынан, облыс бюджеттерінен республикалық бюджетке алынымдарды есептеуді қамтамасыз ету;
oo республикалық және жергілікті бюджет есебінен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелерді екінші деңгейлі банктердің қолма-қол ақшалары арқылы қамтамасыз етуді ұйымдастыру;
oo республикалық және жергілікті бюджеттер бойынша мемлекеттік мекемелермен жүргізілетін төлемдердің негізділігіне бақылау жүргізу мен жергілікті бюджеттер бойынша төлем пакеттерін ұйымдастыру;
oo республикалық және жергілікті бюджет есебінен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелердің кассалық шығындарын ауыстыру немесе қайта қалыптастыру;
oo жергілікті бюджеттердің кассалық орындалуы бойынша жергілікті атқарушы, салық, кеден органдарына ақпаратарды жеткізу;
oo жергілікті бюджеттің орындалуы бойынша есеп беруді құрастыру;
oo республикалық және жергілікті бюджет есебінен қаржыландырылатынмемлекеттік мекемелергебағдарлама бөлімі бойынша берілген рұқсаттар мен кассалық шығындар туралы, , шоттар бойынша жасалған операциялар туралы ақпараттар ұсыну;
oo жергілікті бюджет қолындағы қолма-қол ақшасы бар бақылау шоттарының жағдайы туралы күнделікті ақпаратты құрастыру;
oo Қазынашылықтың территориялық органдарында ішкі бақылауды жүзеге асыру;
oo Республикалық бюджет есебінен қаржыландырылатын мекеменің бухгалтерлік есебін тексеруді жүзеге асыру;
oo қаржылық тәртіпті сақтауға бағытталған ұсыныстарды дайындау мен мемлекеттік құралдарды тиімді және мақсатты қолдану;
oo жүргізілетін операциялардың заңдылығын қадағалау;
oo бағдарламалық - аппараттық және телекоммуникациялық кешенді қамтамасыз ету;
oo қазынашылықы органдарында ұйымдастырушылық кадрлық жұмыстарға байланысты және жұмыскерлер квалификациясын жоғарлату бойынша шараларды жүзеге асыру;
oo қазынашылық оргағдардың қаржылық, материалдық-техникалық қамтамасыз ету жұмыстарын жүзеге асыру;
oo басқа да қызметтерді Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асыру.
Қала және аудан бойынша Қазынашылықтың территориялық органдары келесілерді орындайды: мақсатты қаржыландыру қорлары мен республикалық бюджеттің орындалуы, мекемелерді қамтамасыз етуге қатаң түрде құралдарды бөлу, заңда қарастырылған шамада жергілікті және республикалық бюджетер арасында реттейтін табыстарды бөлу, республикалық бюджеттің кірістері мен шығыстарының және мақсатты қаржыландыру қорларының орындалғаны жөнінде бухгалтерлік есеп және есеп беруді жүзеге асыру, есептелген мәліметтерді жоғары тұрған территориялық Қазынашылық органына тапсыру және осы тапсырғандар бойынша жауапкершілікте болу,салықтық инспекциясымен келісім бойынша республикалық бюджетке артық немесе қате төленген салықтарды қайтару, жергілікті салықтық және қаржылық органдармен қызметтерді шоғырландыру.
Заңнамада белгіленген жағдайларда және шекте Комитетке мүлікке билік ету құқығы берілуі мүмкін. Келесі жағдайда комитеттің қызметін үйымдастыруды қарастырамыз. Біріншіден, комитетті Қазақстан Республикасы Қаржы Министрінің ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының екіншіден, комитет төрағасының заңнамада белгіленген тәртіппен қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын, санын Қазақстан Республикасының Үкіметі анықтайтын орынбасарлары болады. Үшіншіден, төраға Комитеттің жұмысын ұйымдастырады және оған басшылық жасайды және Комитетке жүктелген міндеттердің орындалуы мен оның өз функцияларын жүзеге асыруы үшін жеке жауап береді.
Қазақстан Республикасы тәуелсіздігін алғалы бері бюджеттік жүйе көптеген өзгерістерге ұшырады, бірқатар реформалау кезеңдерінен өтті.8
Бірінші кезең (1992-1995жж.) әлеуметтік салаға бағдарланған нарықтық экономикаға өтуге бағытталды. Осымен бірге, мемлекет көптеген объективті жағдайлардың пайда болуы салдарынан бюджет саласындағы ағымдағы мәселелерге көңіл бөлуге мәжбүр болды, ал бұл қоғамның әлеуметтік-экономикалық жағдайындағы өзгерістерге жүйелі түрде араласуға кедергі болды. Бұл кезеңде жаңа бюджеттік жүйе мен мемлекеттік қаржылық бақылау жүйелерінің құқықтық негіздері қалыптаса бастады. Осымен байланысты арнайы институттар пайда болды: Қазақстан Республикасының қаржылық бақылау Комитеті және қазынашылық Комитеттері құрылды. Жаңа комитеттердің әлсіз мүмкіндіктері мен заң актілерінің толық болмауы бюджеттік үдерістің айқындылығын және қаржылық тәртіптің нығаюын тежеді. Бұл әсіресе бюджеттік құралдарды пайдаланудың нәтижелілігі мен тиімділігіне кері әсерін тигізді. 1995 жылы жаңа Конституцияның қабылдануы бюджеттік жүйедегі реформалауды тездетті. Республикалық және жергілікті бюджеттердің қызметтері мен өкілеттіктері айқындалды, екі деңгейлі бюджеттік жүйенің қызмет етуінің құқықтық базасы құрылды.
Екінші кезең (1996-1999жж.) экономикалық өсумен басталды және бұл белсенді экономикалық саясат жүргізуге бастама болды. Осы кезеңде Қазақстан азаматтарының денсаулығы, білімі мен салауатты өмір салты, сондай-ақ кедейшілік пен жұмыссыздыққа қарсы күрес қазақстандық қоғамның стратегиялық дамуының негізі болып қаланды. Сонымен қатар, бюджеттік жүйе мен мемлекеттік қаржылық бақылау жүйелерін жетілдіру мәселелері көтерілді.
Республикалық бюджеттің орындалуын қадағалайтын арнайы орган Есеп комитеті құрылды. Есеп комитеті республикалық бюджеттің атқарылуына сыртқы қаржылық бақылау қызметін жүзеге асырды. Бюджеттен тыс қорлар қызметтерін тоқтатты. Түрлі бюджет деңгейлері арасындағы қызметтер мен өкілеттіктердің кеңеюі Қазақстан Республикасының Бюджеттік жүйе туралы Заңын қабылдауға үлесін қосты. Бұл бюджеттің түрлі деңгейлері мен олардың арасында пайда болатын қатынастардың мәртебесін бекітті.
Осы кезеңде, 1998 жылы зейнетақы реформасы басталды. Қазақстан ТМД елдерінің арасында бірінші болып жинақтаушы зейнетақы жүйесіне көшті.
Сонымен қатар, бұл кезеңнің ең маңызды шараларының бірі 1997 жылы қабылданған Қазақстан 2030 Стратегиясы болып табылады. Аталған Стратегия Қазақстан Республикасы азаматтарының ұзақ мерзімде дамуының басымдықтарын айқындады. Реформалаудың бұл кезеңі Қазақстанның макроэкономикалық және саяси тұрақтылығын қамтамасыз етті, сонымен қатар институционалдық және нормативтік құқықтық база нығайды.
Үшінші кезең (2000 жылдан бастап) әлеуметтік саясаттың басымдықтарымен ерекшеленеді. Бұл кезеңде мемлекеттің өркениетті дамуына қажетті көптеген стратегиялар мен заңдар қабылданды: Қазақстан Республикасы Үкіметінің қызмет ету Бағдарламасы, кедейлік пен жұмыссыздыққа қарсы күрес Бағдарламасы, еңбек туралы заң, әлеуметтік әріптестік туралы заң, жұмыспен қамту туралы заң, мемлекеттік мекен-жай бойынша әлеуметтік көмек көрсету туралы заң, ҚР Салық кодексі, ҚР Бюджет кодексі, жыл сайынғы Қазақстан Республикасы Президентінің Жолдаулары.
Осыған байланысты Үкімет реформалардың әлеуметтік салаға бағытталуын күшейтті және жұмыссыздықпен күрес, кедейлікті төмендету шараларын жүзеге асыру қызметтерін жандандырды. Адам әлуетінің дамуы мен өмір сүру деңгейін тұрақтандыру мақсатында еңбек әлуетін жандандыруға, халық табыстарының деңгейін көтеруге тиісті қолайлы жағдайлар жасау арқылы және халыққа медициналық көмек көрсету, білім берудің қолжетімділігі мен сапасын арттыру арқылы, кедейлікпен күресудегі әлеуметтік бағдарламалардың атаулы сипаты мен экономикалық сауықтыру шараларын жүзеге асыру арқылы қол жеткізу көзделді.
Қаржы министрлігінің маңызды функцияларының бірі бюджеттің толық және уақытылы атқарылуын қамтамасыз ету болып табылады, сондықтан Қаржы министрлігі бюджеттердің атқарылуына және мемлекеттік мекемелердің шоттарына қазынашылық қызмет көрсетудің сапасын арттыру және мемлекеттік сатып алу үдерісінің тиімділігін оңтайландыру және арттыру, сондай-ақ мемлекеттік бюджеттің қаражатын пайдалану кезінде қаржылық бұзушылықтардың алдын алу жөніндегі жұмыстарды жалғастыруда.
Қазіргі уақытта Қазынашылық жүйеде 15 мыңға тарта мемлекеттік мекемелерге қызмет көрсетіледі, 3 мыңға жуық Қазынашылық жүйені пайдаланушылар нақты уақыт режимінде мемлекеттік бюджет қаражаттарын есепке алу және жұмсау рәсімдерін жүргізе отырып, Қазынашылықтың ақпараттық жүйесінде операцияларды жүзеге асырады. Күн сайын орташа ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz