Дала жағдайында өскен стевия линияларының биологиялық ерекшеліктері


Обложка
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті
Биотехнология кафедрасы
«Қорғауға жіберілді»
Биотехнология кафедрасының меңгерушісі Кистаубаева А. С.
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы: Дала жағдайында өскеН стевия ( Stevia rebaudiana Bertoni ) линияларының биологиялық ерекшеліктері
5В070100 - «Биотехнология» мамандығы
Opындaған Aбдуллаева Х. А.
Ғылыми жeтeкшiлері
б. ғ. к., доцент Acpaндинa C. Ш.
Нopмa бaқылayшыcы
оқытушы Бектилеуова Н. К.
Aлмaты, 2015
PEФEPAТ
Дипломдық жұмыc 56 бeттeн, 2 кecтeдeн, 19 cypeттeн, 50 әдeбиeт көздерінен тұpaды.
Түйiн cөздep: cтeвия, іn vivo, in vitro, трихома, стевиозид, акклиматизация.
Зерттеу жұмысының мaқcaты : cтeвия регенеранттарын сыртқы ортаға көшіру, бейімдету әдістерін оңтайландыру мен дала жағдайында өскен стевияның биологиялық ерекшеліктерін зерттеу.
Жұмыстың мiндeттepi: cтeвия регенеранттарын сыртқы ортаға көшіру, бейімдету әдістемелерін оңтайландыру және морфологиялық, биохимиялық қасиеттерін, цитологиялық ерекшеліктерін зерттеу.
Зepттey әдicтеpi: cтевия регенеранттарын топыраққа көшіру, акклиматизациялау әдістері микроклондық жолмен көбейтудің соңғы сатысымен жүргізілді. Стевияның өсу белсенділігі мен биохимиялық қасиеттері физиологиялық, биохимиялық және цитологиялық әдicтepмен жүргізілді.
Алынған нәтижелер: Стевия линиялары жапырақтарына цитологиялық құрылымдық анализ жасауда, безді трихомаларына сиптаттама берілді. Жапырақ құрамындағы минералды элементтер мөлшері стевия линиялардың түрлерінен тәуелді болатыны анықталды.
Практикада қолдануы: Бұл жерге қандай салаларда қолдануға болатынын көрсету керек. Мен оны билмеймин ғой. Дұрыс жазбағансыз. Қорытынды керек емес бұл жерге. Ұсыныстар керек .
РЕФЕРАТ
Дипломная работа состоит из 56 страниц, 6 таблиц, 19 рисунков и 48 использованных источников литературы.
Ключевыe слова: стевия, іn vivo, in vitro, трихома, дитерпенные гликозиды, стевиозид, адаптация, акклиматизация.
Цель работы: разработать методику пересадки и адаптирования регенерантов стевии во внешнюю среду и исследовать биологические особенности стевии, выросшей в полевых условиях.
Задачи: разработать методику пересадки и адаптирования регенерантов стевии во внешнюю среду и исследовать некоторые морфологические и биохимические свойства и цитологические особенности.
Методы исследования: методы пересадки в почву и акклиматизации регенерантов стевии были проведены по последней стадии микроклонального размножения. Активность роста и некоторые биохимические свойства были определены на основе физиологических, биохимических, и цитологических методов.
Полученные результаты: Была разработана методика пересадки регенерантов стевии в почву и адаптации во внешнюю среду. Были дана характеристика железистых трихом на основе цитологического структурного анализа литьев линий стевии. Результаты показали, что между видами трихом, их числом и частотой образования, и накопление ДГ синтезирующихся в листьях стевии есть положительная корреляционная связь. Было определено, что уровень некоторых минеральных элементов в составе листьев зависит от видов линий стевии.
Практическое применение: Было показано, что в целях пересадки в почву и адаптации регенерантов стевии, орошение надземной части растения 0, 001% глицерином; а корни обрабатывать в течении 30 минут 0, 001% ИМК (индолилмасляная кислота) значительно повышает их жизнеспособность. Было показано, что между видами трихом в листьях, их числом и частотой образования, и накопление ДГ (дитерпеновые гликозиды) синтезирующихся в листьях стевии есть положительная корреляционная связь. Было показано, что при сравнении линий между собой, число и частота расположения трихом в плоских листьях высокое, в овальных листьях среднее, а в длинных листьях значительно низкое. Было выявлено, что уровень некоторых минеральных элементов в составе листьев зависит от видов линий стевии.
ABSTRACT
Diploma paper consists of 56 pages, 6 tables, 19 figures and 48 literature sources used .
Keywords: stevia, in vivo, in vitro, trichomes diterpene glycosides, stevioside, adaptation, acclimatization .
Purpose of the work: To develop a method of transplanting and adaptation regenerants of stevia to the external environment and explore the biological characteristics of stevia, which has grown in the field.
Objectives: To develop a method of transplanting the regenerants of Stevia and adaptation them to the external environment and explore some of the morphological and biochemical properties and cytologic features.
Methods: Methods for transplanting of Stevia regenerants into the soil and their acclimatization were conducted on the last stage of microclonal propagation. Growth activity and some biochemical properties were determined on the basis of physiological, biochemical and cytological methods.
Results: Transplantation technique of Stevia regenerants into the soil and adaptation of them to the external environment has been developed. Characteristic of glandular trichomes on the basis of cytological structural analysis of Stevia lines leaves were given. The results showed that between types of trichomes, their number and frequency of the formation and accumulation of DG synthesized in the stevia leaves, there is a positive correlation. It was determined that the level of some mineral elements in the leaves depends on the species of Stevia lines. Practical application: It has been shown that, in order to occur the transplantation of stevia regenerants to soil and adapt them, the irrigation of aboveground plant parts by 0. 001% glycerol; and processing the roots within 30 minutes by 0. 001% of IBA (indolebutyric acid) significantly increases their vitality. It was shown that among kinds of trichomes in leaves, their quantity and formation rate, and accumulation of DG (diterpene glycosides) synthesized in Stevia leaves, there is a positive correlation. It has been described, that while comparing lines together, the number and location frequency of trichomes in plane leaves were high, in oval leaves were average, and in long leaves were significantly low. It was found that levels of certain mineral elements in the leaves depends on the species of Stevia lines.
МAЗМҰНЫ
БЕЛГІЛЕР МЕН ҚЫCҚAPТЫЛҒAН CӨЗДEP
дитерпенді гликозидтердің альтернативті метилэритритол-
фосфатты жолмен синтезделуі
КIPICПЕ
Тақырыптың өзeктiлiгi . Бүгінгі таңда өсімдік шаруашылығында өсімдіктерді интродукциялау және акклиматзациялау бағытында зерттеу жұмыстарын жүргізу бірқатар өзекті мәселелердің шешімін табуда қолданылатын маңызды құралдардың бірі болып табылады. Интродукциялау және акклиматзациялау әдістерін жасау мен оңтайландыру табиғи және жасанды флорада қалыптасқан жаңа түрлердің қасиеттерін зерттеуді, құнды қасиеттерге ие өсімдіктерді айқындауды және олардың таралу ареалдарын кеңейтуді, жаңа сорттар мен будандарды алуды көздейді.
Стевия тропикалық өсімдік болғандықтан, оның өсіп-дамуына өзіндік талаптарды (жоғары әрі тұрақты температура мен ылғалдылық, қысқа күндік жарық, бірегей топырақ құрамы) қажет етеді. Біздің еліміздің экологиялық жағдайында стевияны тек бір жылдық цикл бойынша өсіруге болады. Бұл оны өсірудің ерекшелігін айқындайды. Стевияны көбейту мен интродукциялау кезінде тұқымдардың толық пісіп-жетілу дәрежесі төмен әрі өміршеңдігі тұрақсыз болатыны анықталған [2] .
Біз өз зерттеуімізде стевия өсімдігіне қатысты ғылыми - теориялық зерттеулердің негізінде бұрыннан қалыптасқан мәліметтерді толықтыру мақсатында стевияның бірқатар физиологиялық және биохимиялық қасиеттерін зерттеуді көздедік. Осының негізінде cтeвия регенеранттарын сыртқы ортаға көшіру және бейімдету әдістемелерін оңтайландырып, өсімдіктің кейбір морфологиялық, биохимиялық қасиеттерін және цитологиялық ерекшеліктерін зерттеу мақсатында ізденіс жұмыстарын жасадық.
Ғылыми жаңалығы. Стевия регенеранттарын топыраққа көшіру және сыртқы ортаға бейімдетудің оңтайлы әдістемесі жасалды. Стевия линияларының жапырақтарына цитологиялық құрылымдық анализ жасау негізінде, безді трихомаларына сиптаттамалар берілді. Трихомалдардың түрлері, саны және қалыптасу жиілігі мен стевия жапырақтарында синтезделетін ДГ жинақталуы арасында оң коррелятивті байланыс болатыны көрсетілді. Жапырақ құрамындағы кейбір минералды элементтер мөлшері стевия линиялардың түрлерінен тәуелді болатыны анықталды.
Практикалық маңыздылығы. Стевия регенеранттарын топыраққа көшіру және бейімдету мақсатында өсімдіктің жерүсті мүшелерін 0, 001% глицеринмен бүрку, ал тамырларын 0, 001% ИМҚ - мен минут бойы өңдеу, олардың өміршеңдігін анағұрлым жоғарылататыны көрсетілді. Жапырақтағы безді трихомалдардың түрлері, саны және қалыптасу жиілігі мен стевия жапырақтарында синтезделетін ДГ жинақталуы арасында оң коррелятивті байланыс болатыны көрсетілді.
Ғылыми мәселенің қазіргі таңдағы бағалануы. Қазақстанға интродукцияланған стевияның бірқатар физиологиялық және биохимиялық қасиеттерін зерттеу нәтижесінде бұрыннан қалыптасқан ғылыми-теориялық мәліметтер толықтырылған. Ғылыми ізденістердің негізінде, стевияны микроклондық көбейтудің соңғы сатысында, яғни регенеранттарды сыртқы ортаға көшіру және акклиматизациялау кезінде орын алатын қиындықтарды шешудің оңтайлы әдістемелері жасалды.
Зерттеу жұмысының мaқcaты : cтeвия регенеранттарын сыртқы ортаға көшіру және бейімдету әдістемелерін оңтайландыру мен дала жағдайында өскен стевияның биологиялық ерекшеліктерін зерттеу.
Зерттеу жұмысының міндеттері:
1. Стевия регенеранттарын сыртқы ортаға көшіру және бейімдету әдістерін оңтайландыру және дала жағдайында өсу ерекшеліктерін зерттеу;
2. Стевияның үш линияларының жапырақтарындағы трихомалардың қалыптасуы мен ДГ жинақталуының коррелятивті байланысын анықтау;
3. Cтeвияда жапырақтарында минералды элементтердің мөлшерін зерттеу;
Зерттеу объектісі: ҚазҰУ Агробиологиялық станциясында өскен стевия ( Stevia rebaudiana Bertoni ) өсімдігінің тұқымдарынан in vitro - жағдайында өніп - өскен стевия регенеранттары, дала жағдайында өскен стевия.
Теориялық және әдістемелік негізі. Дaлa жaғдaйындa cтeвияның өciп-дaмy қapқыны физиoлoгиялық әдicтep нeгiзiндe зерттелді. Цитологиялық зерттеулерге тоңaзытқыш микротом (ТОС-2), МБИ-6, МОВ-1-15, CAM V400/1. 3M видеокамера қолданылды. Жапырақтарын фиксациялау Стрaсбургер-Флемминг әдісі бойынша жүргізілді. Жaпырaқтардың анaтомиялық құрылысын сиптатауға Р. A. Бaрыкинa еңбектері қолдaнылды. Гликoзидтep жиынтығының мөлшepiн анықтауға ЖТСХ қoлдaнылды. Жaпыpaқтapдың құpaмындaғы микpoэлeмeнтepдiң мөлшepi aтoмдық-aдcopбциялық cпeктpoмeтpдe анықталды.
Практикалық базасы. Диплом жұмыс әл - Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, биология және биотехнология факультеті, биотехнология кафедрасы, «Өсімдіктер биотехнологиясы зертханасында» орындалды. Зерттеу жұмыстары 0634/ГФ2 «Қазақстан Республикасының өндіріс саласына табиғи қант алмастырғыш көзі - стевия өсімдігін ендіру үшін биотехнологиялық көбейту әдістерін жетілдіру», 2012-2014 жж. (ғылыми жетекшісі б. ғ. к., доцент Асрандина С. Ш. ) №0112РК02587 бағдарлама шеңберде жасалды.
НЕГІЗГІ БӨЛІМ
- Әдебиетке шолу
1. 1 Стевия өсімдігін интродукциялау және оның ғылыми теориялық маңызы
Бүгінгі таңда өсімдік шаруашылығында өсімдіктерді интродукциялау және акклиматзациялау бағытында зерттеу жұмыстарын жүргізу бірқатар өзекті мәселелердің шешімін табуда қолданылатын маңызды құралдардың бірі болып табылады.
Интродукциялау және акклиматзациялау әдістерін жасау мен оңтайландыру табиғи және жасанды флорада қалыптасқан жаңа түрлердің қасиеттерін зерттеуді, құнды қасиеттерге ие өсімдіктерді айқындауды және олардың таралу ареалдарын кеңейтуді, жаңа сорттар мен будандарды алуды көздейді. Сондай-ақ, өсімдік әлеміндегі фитоалуантүрлілікті сақтау мен қорғауға, регионалды деңгейде қалыптасқан экологиялық, экономикалық және өндірістік мәселелердің шешімін табуға септігін тигізеді [1] .
Интродукция латын тілінен аударғанда introduction - ендіру, introductus - ендірілген культураға ендірілген деген мағананы білдіреді, яғни өсімдіктерді жаңа арелға көшіру және жерсіндіру, бұрын соңды өспеген аудандарда өсімдіктің сорттары немесе түрлерін өсіріп, игеру арқылы адамзат игілігіне пайдалану, өсімдіктің табиғи өсу ареалынан жаңа климаттық жағдайларға көшіру арқылы жасанды жолмен өсімдіктің өсу ареалдарын кеңейту [2] .
Өсімдіктерді интродукциялау әр түрлі мақсатта, мәселен бір өсімдіктерді декоративтік сәндік ерекшеліктеріне қарай, екінші бір өсіміктерді тәтті жемістері мен тұқымдары үшін, ал үшінші топ өсімдіктерін ароматтық және құнды дәрілік, тағамдық ерекшеліктеріне т. б. және қасиеттеріне қарай қолданады.
Сонымен интродукция дегеніміз сұрыпталған пайдалы өсімдік ресурстарын жаңа табиғи өсіру жағдайларына көшіру және жерсіндіру, өсімдіктердің морфо- физиологиялық, биохимиялық қасиеттерін комплексті түрде жан-жақты зерттеп, әр түрлі мақсатта игеру болып табылады [3] .
Интродукциялық зерттеулер өсімдіктерді жаңа климаттық жағдайларға көшіру мен акклиматизациялау әдістерін жасау және оларды оңтайланды- рудың, өсімдіктердің сыртқы орта факторлардың өзгерістеріне жауап реакцияларын зерттеудің, жаңа ортада өніп-өсуін, дамуын, өнімділік дәрежесін айқындаудың, тәжірибе нәтижелерін бағалау мен сараптаудың ғылыми бағыты болып табылады.
Интродукциялық зерттеулер көпқырлы әрі ұзақ мерзімді қамтиды, яғни өсімдіктерді зерттеу әрі сынақ сараптамасынан өткізуге әр түрлі климаттық жағдайлармен, топырақ құнаралығымен т. б. жағдайлармен өзара ерекшелінетін түрлі аудандарда жүргізіледі. Сондай-ақ, әр түрлі региондарда өніп-өскен, бір түрге жататын өсімдіктер зерттеуге алынады. Егер интродукцияланатын өсімдіктің табиғи өсу аймағы тым алыс болатын болса, ондай өсімдіктерді жасанды ортада in vitro - жағдайында өсіру арқылы, олардың қасиетін жан-жақты зерттеу мүмкіндіктерін кеңейтуге болады.
Өсімдіктер интродукциясын интегралды ғылым ретінде қарастырып, қазіргі таңдағы ботаника ілімі мен басқа да биологиялық (іргелі және қолданбалы) ғылым салаларының әдістерін ұштастыра отырып, өсімдіктерді зерттеудің ғылыми теориялық деңгейін және тиімділігін жоғарылатуға болады. Өсімдіктерді акклиматизациялау және жерсіндіру будандастыру және генетиканың замануи әдістері көмегімен шешуге болады [4] .
Ғалымдар мен мамандар интродукция мақсатында флораны байытып қана қоймай, онда жоқ өсімдіктерді енгізіп, жаңа сұрыптарды алуға және олардың популяцияларын қалыптастуыруға талпыныс жасайды. Интродукция теориясы Н. И. Вавилов, Н. В. Цицин, П. М. Жуковский, Гродзинский А. М. сияқты ғалымдардың еңбектерінде талқыланған және де қазіргі таңда РФ-ның ботаникалық саябағы мен ғылыми-зерттеу институттарында зерттеу жұмыстары белсенді түрде дамуда.
Әдеби көздерде бірқатар ғалымдардың белгілі бір өсімдіктерді интродукциялау мәселесі төңірегінде жасалған зерттеулерде түрлердің жаңа орта жағдайларына бейімделуі төмен немесе мүлдем бейімделмейтіндігі кездеседі. Бұл негізінен бастапқы өсімдіктің табиғи өсу ареалының жаңа ортадан өте алшақ орналасуынан әрі климаттық жағдайлардың мүлдем сәйкес келметіндігінен туындайтыны белгілі. Ол негізінен өсімдіктің жаңа орта жағдайларынан туындайтын өзгеріс қабілетінің генотиптік норма реакциясымен шетелуіне байланысты болады. Көп жағдайларда өсімдіктердің бейімделуі табиғи өсу ареалы мен жаңа ортаның климаттық жағдайларының сәйкес болғанда орын алады.
Өсімдік интродукциясы саласындағы сәттілік көптеген факторларға тәуелді. Интродукцияның бастапқы сатысы өсімдікті таңдау және оның биологиялық қасиетін зерттеу болып табылады. Табиғи жағдайдан мәдени жағдайға өсімдікті ауыстыру кезінде оның өзгергіштігін зерттеу мен бағалау - интродукция бойынша жүргізілетін тәжірибенің негізгі факторынің бірі болып саналады.
Интродукциялану мүмкіндігінің шегін анықтау үшін өсімдіктің сыртқы морфологиялық белгілері мен ішкі құрылымдық ерекшеліктеріне, ортаның экзогенді жағдайлардың өсімдік арасындағы байланыс заңдылығын мен өнімділіктің өзара корреляциясын зерттеу жүргізу керектігі ұсынылады [5] .
Өсімдік организмі биотикалық және абиотикалық факторларға спецификалық және спецификалық емес бейімделушілік реакциясын көрсетеді. Бұл ең алдымен вегетативті органдарға (жапырақтың формасы мен көлеміне, мамықтануының интенсивтілігіне) тән қасиет. Жаңа тіршілік ортасы онтогенездің барлық жақтарына әсер етеді, морфогенездің фазаларының өту мерзімінің өзгеруіне алып т. б. келеді.
Интродукцияланатын өсімдіктердің дамуының маусымдық ырғақтығына талдаулар жүргізу интродукция нәтижесіне болжам жасауға көмектеседі. Органогенездегі өзгерістер өсімдіктің жаңа ортаға бейімделу көрсеткіші ретіде қарастырылуы мүмкін. Олар сонымен қатар өсімдіктің даму кезеңінің генеративті ерекшелігіне де таңба қалдыра алады (генеративті органдардың орналасуына, олардың қалыптасуы динамикасына, тұқымның және дәннің даму дәрежесіне), репродуктивті органдарының өзгеруіне алып келеді. Сондай ақ сыртқы орта жағдайларының өзгеруі өсімдіктің аллопатиялық әсерінің пайда болу дәрежесіне әсер етеді. Қоршаған ортаның қолайсыз жағдайлары кезіндегі бейімделу құбылыстарының көрінуі тұқымдық репродукцияда және ұрпақтарының өзгерген кезінде жүзеге асады, сондықтан интродукциялық зерттеулерде өсімдік онтогенезінің барлық сатыларын, морфогенез және органогенез сатыларын зерттеу маңызды [6] .
Өсімдіктің мүшелері мен ұлпаларының морфологиялық-анатомиялық құрылымының өзгеруімен қатар түрлі физиологиялық функциясы мен биохимиялық процестердің өзгерістері де жүзеге асады. Өсімдік организмінің даму заңдылықтарын түсіну арқылы зерттеуші олардың бағытын керекті жолға бұру арқылы өзгерте алады. Өсімдіктің өсуі мен өнуіне жаңа орта жағдайлары қалай әсер ететінін біле тұра адам ондағы процестерге басшылық жасай алады, сөйтіп керекті нәтижеге қол жеткізеді.
Мәдени өсімдіктердің немесе олардың қатарына қосылатын өсімдіктердің өнімділігі өсімдіктің биологиялық ерекшелігіне байланысты, сондай ақ, белгілі орта жағдайларына (жарық, температура, топырақ, минералды қоректену, сыртқы ортаның қолайсыз жағдайлары) байланысты болады.
Бастапқы өсімдікке қарағанда экологиялық тұрақты өсімдіктің жаңа сорттары мен формаларын алу интродукцияның жетістігін көрсетеді. Өсімдіктерді акклиматизациялау интродукцияның бір формасына жатады.
Акклиматизация жетістігі тұқым қуалау табиғатын өзгерту және тіршіліктің жаңа факторлар комплексіне бейімделу дәрежесіне байланысты болады. Акклиматизациямен айналысатын мамандар өсімдіктерге әр түрлі факторлармен әсер ету, сондай ақ, георгафиялық немесе өзара алыс систематикалық формаларды алыстан будандастыру, тіршілік ортасын өзгерту, арқылы жаңа құнды әрі пайдалы қасиетке ие (өсу жылдамдығы мен өнімділігі жоғары, түрлі факторларға: суыққа, ыстыққы, құрғақшылыққа, індетті ауруларға т. б. төзімді) өсімдіктің формаларын алуды көздейді. Осы қасиеттердің өсімдікте қалыптасуын мақсатты түрде біртіндеп өзгертіп, олардың ұрпақтарында тұрақты сақталу әдістемелерін іздестіреді. И. В. Мичуриннің ойынша акклиматизациялауда неғұрлым жас өсімдіктерде пісіп жетілген тұқымдарды пайдалану, сондай ақ, тұқымдарды себу алдында қатаң түрде сұрыптаудан өткізу арқылы оңтайлы болатынын көрсеткен. Өсімдіктің табиғи өсу ареалы мен жаңа ареалдың климаттық жағдайларының сәйкестігі натурализация деп аталады [7] .
Стевия ( Stevia rebaudiana Bertoni ) Қазақстанның оңтүстік өңірінде (Алматы облысында) интродукцияланатын тағамдық әрі дәрілік құндылығымен ерекшелінетін перспективті өсімдіктердің бірі болып табылады. Стевия күрделі гүлділер (Asteraceae) туысына жататын, көп жылдық жартылай бұталы шөптесін өсімдік. Ол қос жарнақты, отаны - Оңтүстік Америка (Парагвай, Бразилия, Аргентина) . Стевияның жер үсті бөлігінде құрғақ салмаққа шаққанда 6, 5-11% дейін төмен каллориялы, тәтті дитерпенді гликозидтер (стевиозид, ребаудиозид, дулькозид) синтезделеді. Сонымен қатар, олардан олигосахаридтер, бос қанттар, витаминдер P, A, E, C; никотин қышқылы, өте сирек кездесетін эфир майлары; 8 алмаспайтын және 9 алмасатын амин қышқылдары; пектиндер; биологиялық активті фенолды қосылыстар, минералды қосылыстар түзіледі. Осы қасиеттеріне байланысты стевияны медицинада, тағам және парфюмерия өндірісінде кеңінен қолданылад [8] .
Бүгінгі таңда стевияны кеңінен қолданатын бірден - бір ел - Жапония. 1954 жылы американдықтардың ядролық қаруы Жапон еліне тасталғаннан кейін, соңғылары ұлтын құтқару бағдарламаларының шеңберінде стевия өсімдігін жылыжайларда өсіруді қолға алған. Кейіннен, қанттың әсерінен туындайтын кариес, қант диабеті мен семіздіктен жапон тұтынушыларының денсаулықтарын сақтандыру мақсатында стевияны өсіру кең өріс ала бастады. Нәтижесінде, 1987 жылы 1700 тонна стевия жапырағы жиналып, одан шамамен 190 тонна стевия сығындысы алынды. 1988 жылы стевия сығындысы жапон саудасындағы жоғары потенциалды қант алмастырғыштардың 41% құрады. 1995 жылы 750 тонна стевия сығындысы алынды [ 9] .
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz