Этно-мәдени туризмді Қазақстанда дамыту болашағы


Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті
География және табиғатты пайдалану факультеті
Рекреациялық география және туризм кафедрасы
«Қорғауға жіберілді»
кафедра меңгерушісі
Артемьев А. М.
«ЭТНО-МӘДЕНИ ТУРИЗМДІ ҚАЗАҚСТАНДА ДАМЫТУ БОЛАШАҒЫ» тақырыбына
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС
5В090200-Туризм мамандығы бойынша
Орындаған Кенжебаева Ж. А
Ғылыми жетекшісі
г. ғ. к., доцент Жылқыбаева М. І.
Алматы, 2015
КІРІСПЕ
Әлемнің көптеген мемлекеттерінде туризм елдің бюджет қоржынына түсетін қаржының басым бөлігін құрайтын тиімді салаға айналған. Ресми дерекке сүйенсек, дүниежүзі бойынша туризм саласынан түсетін табыс мұнайдан, көлік жүйесінен кейінгі үшінші орынды алады екен. Туризмді табыс көзі деп санайтын елдер қатарына ежелгі Мысырдан бастап, Таяу Шығыстағы, Еуропа мен Африкадағы, Австралия мен Латын Америкасындағы көптеген мемлекеттерді жатқызуға болар еді. Мәселен, Мысыр мен Грекияның, Түркия мен Италияның, Тайланд пен Біріккен Араб Әмірлігінің және т. б. осы секілді өркениетті мемлекеттердің экономикасының тамырына қан жүгіртіп отырған дәл осы туризм саласы десек, артық айтқандық болмас. Содан да болар, бұл елдерде аталған салаға айрықша көңіл бөлінеді. Нәтижесінде, бұл елдерде туризм саласы өте жақсы дамыған.
Курстық жұмыстың мақсаты: туризм саласын дамытуды насихат жұмыстарын қарқынды жүргізу арқылы ғана жолға қоюға болады, себебі туристер қай жерге баратындығы жайлы шешімді өздері ат басын бұрған елдердің табиғатының әсемдігі мен саяси тұрақтылығының бекемдігін, демалуға барлық жағдайдың жасалған-жасалмағандығын, туристік кешендер мен демалыс орындарындағы сервистік қызмет сапасының жоғары-төмендігін талдап, таңдау жасағаннан кейін барып қана қабылдары анық. Қазіргі таңда демалыс стилінде де өзгерістер пайда болуда. Қазір «Үш S»-Sea-Sun-Sand (теңіз-күн-жағажай) қағидасының орнын «Үш L»-Lore-Landscape-Leisure (ұлттық салт-дәстүрлер-пейзаж-бос уақыт) формуласы алуда [1] . Бұл тенденциядан біз адамдардың өзге елдердің ұлттық салт- дәстүрлеріне, мәдениетіне деген қызығушылығын, яғни этнографиялық туризмнің даму перспективаларын көруімізге болады. Жалпы, туризмнің тек демалудан басқа өзге елдердің тарихымен, мәдениетімен және ғасырлар бойы халықпен бірге жасасып келе жатқан салт-дәстүрі және әдет-ғұрпымен танысуды мақсат тұтумен жасалатын этнографиялық туризм деп аталатын түрінің де маңызы зор. Жер қойнауы табиғи байлыққа толы Қазақстан туризмді, соның ішінде этнографиялық туризмді дамытуға сұранып тұрған мемлекет екені ақиқат. Себебі туристік кластер жүйесін мүмкіндігінше қарқынды дамытудан еліміздің бюджет әмиянына түсетін мол қаражат тауып қана қоймай, қазақ жері мен еліміздің байырғы ұлт өкілдері -қазақтарды жалпақ жұртқа тереңірек таныстыруға қол жеткізеді.
Этнографиялық туризм - бұл танымдық туризмнің ерекше бір түрі, негізгі мақсаты белгілі бір аумақта қазір өмір сүріп жатқан немесе бұрын осы аумақта өмір сүрген ұлттың этнографиялық нысандарымен, оның мәдениетімен, сәулет-құрылысымен, танысу мүмкіндік туғызатын туризм түрі [2] . Этнографиялық туризм - қазіргі таңда көптеген елдер үшін қызығушылық туғызып отырған мәдени танымдық туризмнің бір тармағы. Қазақстанда этнографиялық туризмнің дамуы жетекші және жаңа салалардың бірі болып табылады. Бұл туризмнің түрi өзінің қайталанбаушылығымен болашақта қажеттілікті талап ететін болады. Туризмнің осы түрiнің дамуы, бiрегей мәдени және этнографиялық мұраға бай еліміз Қазақстан үшін өте перспективті болып табылады. Қазақстанда этнографиялық туризмді дамытуға негізделген ұлттық салт-дәстүрлер, мәдениет, ұлттық ойындар, тағамдар, әдет-ғұрыптарға бай ел. Оны келесі кестеден көруге болады (Кесте -1) .
1 - кесте. Қазақтың ұлттық салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптары (автордан)
Елімізде туризмнің дамуына қажеттi- зор аумақ, бай тарихи және мәдени мұралар бар. Әр түрлi кезеңдерде Қазақстанның бай тарихында, кең көлемді алып жатқан аумағында сақтар, ежелгi үйсіндер, ғұндар, қаңлылар, түркі тілдес тайпалар тағы басқалар өз iздерiн қалдырды. Осындай ұлттық салт-дәстүрлер, мәдениет, ұлттық ойындар, тағамдар, әдет-ғұрыптарға, ұлттық құндылықтарымызға бай елімізде этнографиялық туризмді дамыту мақсатында «Этноауыл»деп аталатын жобамызды ұсынғымыз келеді. Туристерге арналған «Қазақ этноауыл» жобасы. Бұл жобада д емалуға, мәдениетімізбен танысуға арналған киіз үй орналастырылады, ұлттық тағамдарымыздан дәм татуға негізделген ұлттық мейрамхана, ұлттық қолөнерімізді дәріптеуге, кәде-сый жасауға арналған шеберханалар, әр түрлі кәде-сыйларды, ұлттық тауарларымызды сатып алуға мүмкіндік беретін базар, көкпар ойынына арналған ипподром, ұлттық ойындарымызды тамашалауға, қатысуға мүмкіншілік туғызатын ойын алаңдары орналастырылады (Сурет -1 ) .
Сурет 1. «Қазақ этно ауылы» жобасының сұлбасы (автордан)
1-қазақ үй;
2-ипподром;
3-шеберханалар;
4-сауда орны;
5-мейрамхана;
6-ойын алаңы.
Егер біз этнографиялық ауылдарды дұрыс ұйымдастыра алсақ, Қазақстанның барлық өңіріне туристерді көп тарта алатын болар едік. Бұл үшін онда жергілікті тұрғындардың көмегімен этнографиялық ауылдарды құрастыру қажет. Бізде оған қажетті барлық негіз бар. Жалпы этнографиялық туризм арқылы халқымызды әлемге таныстырудың мүмкіндігі өте зор. Этнотуристік бизнесті тек қана шетелдік қонақтарға ғана арнап емес, сонымен қоса белсенді өмір ырғағына үйреніп қалған, рухани демалуды іздейтін қала тұрғындарына да бағыттауға болады. Этнотуризм нені ұсына алады (қазақ этносының мысалында) : ұлттық киімдерге киініп суретке түсу, белгілі уақытқа жергілікті халықпен бірігіп өмір сүру, сол халықтың дәстүрлі кәсібімен, шаруашылығымен айналысу, ұлттық тағамдардың дәмін татып қана қоймай- әзірлеуді де үйрену; кешкі уақытта ұлттық ойындарын ойнап, халық ауыз әдебиетімен танысу - аңыз әңгімелерін тыңдау, аңшылық, бүркітшілік шоуларына, салт-дәстүрлерді көрсетуінде қатысу, ұлттық спорт түрлерін тамашалау, жылқымен серуендеу, кешкі мал сауу процесін бақылау т. б.
Этнотуризмді кешенді дамытудың табысты іске асырылуын қамтамасыз ету, саланы мемлекеттік басқару әдістерін дұрыс таңдауға тікелей байланысты. Этноауыл жобамыздың еліміздің дамуына тигізетін оң әсерлері :
Этноауыл жобамызда ұлттық құндылықтарымызды, салт-дәстүрлерімізді, мәдениетімізді көрсету арқылы, қазақ атауының әлемге танылуы;
Ұлттық қолөнердің дамуына негіз болуы;
Қолөнер бұйымдарын жасау арқылы отандық туризм саласына инвестиция тарту;
Халқымыздың бүкіл тарихы, салт дәстүрінен толық мағлұмат беруі;
Қазақ халқының осыншама тереңнен бастау алған бай тарихы этнографиясы арқасында, сан мыңдаған шетелдік туристердің танып білу мүмкіндігі;
Ауыл адамдарының жұмыспен қамтамасыз етілуі;
Туристік инфрақұрылымның дамуына септігін тигізуі;
Ұлттық мейрамдардың аталып өтуіне мүмкіншілік жасауы;
Мәдени мұраның сақталуына ықпал етуі;
Еліміздің экономикасына қаржы түсіруге негіз болуы, 1 турист 9 адамды жұмыспен қамтитынын ескерсек, экономиканың да дамуына үлес қосар еді;
Ауыл халқының тұрмыс тіршілігінің өсуіне, әл ауқатының артуына түрткі болуы.
Курстық жұмыстың міндеті: қазіргі уақытта саланы мемлекеттік реттеу мынадай шараларды жүзеге асыруға бағытталуға тиіс:
- Республикалық және аймақтық деңгейлерде этнотуризмді дамыту саясаты мен жоспарлауды үйлестіру;
- Халық арасында этнотуризм құндылықтарын және қоршаған ортаны қорғауды насихаттау;
- Халықтың түрлі әлеуметтік-демографиялық санаттары мен топтары арасында этнотуризмді дамыту үшін қолайлы жағдай жасау;
- Мемлекеттің этнотуристік көрнекті орындарын құру және қорғау;
- Этнотуризм инфрақұрылымының аса маңызды базалық компоненттерін жасау.
1 ЭТНО-МӘДЕНИ ТУРИЗМДІ ОҚЫТУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1. 1. Этномәдени цикл ғылымдарының қысқаша тарихы
Жер шарындағы халықтың этникалық алуантүрлілігі туралы эмпирикалық білімдер ежелгі дәуірде пайда бола бастады. Коммуникация жүйесі, қоғамның саяси эволюциясы, мәдени прогресске байланысты этносфера туралы мәлімет уақыт өте келе арта бастады. Этнологиялық ғылымның дамуы адам қажеттіліктерімен тығыз байланысты. Этникалық алуантүрлілік адамның жеке сана-сезіміне байланысты болып келеді.
Халықтарды топтастыру ежелгі шығыс деспотиялары дәуірінде орын алды. Ежелгі Парсы мемлекетінде басым болған көзқарасқа байланысты әлемнің ортасында парсылардың өзі болған, ал оларды қоршап жатқан халықтар алыс қашықтықта орналасып тұр деп есептеді. Дәл осы парсылар «мәдени шеңбер» түсінігін енгізді. Этникааралық әртүрлілік туралы теориялар Ежелгі Египет, Ассирия, Вавилонда пайда болды.
Этнология көздері сауда, саяси, әскери қарым-қатынас дамыған, империялар қалыптасқан Антикалық кезеңдепайда болды. Бұл кезде өркениетті халықтармен қатар, дамымаған халықтар туралы мәлімет тарала бастады. Кейбір ежелгі авторлар этностарды халықтың ауыздан-ауызға таралған әңгімелері бойынша, зерттелген топтардың шаруашылық, тұрмыстық, антропологиялық іс-әрекетіне байланысты топтастырды. Мұндай зерттеулер көршілес халықтың өмір салты мен мәдениет жайлы факт ретіндегі көп мәлімет берді.
Ұлы географиялық ашылулармен еуропалықтардың ғылыми және жаппай сана-сезімінің өзгеруі байланысты. ХV-ХVI ғасырларда португалдық ер адамдардың жартысы жақсы өмір қалап, Португалия шегінен тыс саяхат жасай бастады. Португалдықтардың ізін қуалап, қазына, жайылымды құнарлы жерлерді іздеу мақсатында испандықтар, голландықтар, ағылшындықтар мен француздардың да көп бөлігі өз туған жерлерінен кетті. Еуропалықтардың көбісі теңізге шығу, теңіз саудасымен айналысуы, дипломатиялық және әскери қызмет шеңбері этномәдени тематика арқасында кеңейді.
ХVI ғасырдан бастап флора мен фауна, минералдар, киім, бас киімдердің экзотикалық түрлерін жинау орын алды. Бұл іс-әрекет Еуропалық ақсүйек қоғамының көп бөлігін қамтыды.
Әлемнің түкпір-түкпірінен жиналған ақпарат пен артефакттар түбінде Еуропада этнографиялық мұражайлардың пайда болуына және сол кездегі қоғамда этнография мен этнологияны сүйетін адамдарды қалыптастырды. ХVIII ғасырдың екінші жартысынан бастап мұражайлардағы және ақсүйек клубтарындағы этнографиялық бағыт танымал бола бастады.
Уақыт өте келе Саяси және экономикалық мақсаттарды этнографияға бағыттау орын алды. Еуропалықтар үшін Африка, Азия, Австралия, Америка жерлері ХІХ ғасырдың басына дейін «танымайтын бармаған жерлер» болып қала берді. Еуропалықтар бағындырған жерлердегі олар халықты басқарудың эффективті жолдарын білді. Өз кезегінде, бұл сол халық туралы әр түрлі ақпаратты жинауға және олардың этномәдени спецификасын зерттеуге көмек берді. Еуропалық администраторлар, алғашқы ашушылар, миссионерлер мен дәрігерлер үшін сол халық өмірінің әлеуметтік және саяси аспектілерімен танысу өте маңызды болды.
«Этнология» термині ХVIII ғасырдағы авторлар шығармаларыда қолданды. Бірақ бұл терминді ғылымға 1830 жылы француз ғалымы Ж. Ж. Ампер енгізді. Ол «этнология» терминін халықтар мен мәдениеттерді атаған кезде қолдану үшін енгізген болатын. Біраз уақыттан кейін бұл термин барлық әлем елдерінің қарапайым тұрмыс-тіршілігінде қолдана бастады.
Этнологияны институттарда қолдану 1830 жылдардың соңында және 1840 жылдардың басында орын ала бастады. Сондай-ақ, Париж, Лондон және Берлинде антропологиялық дисциплиналарды оқыту этнографиялық орталықтар ашылды.
Заманауи этнология феномені Германияда ХVIII ғасырдың соңында volkerkunde пәнінің енгізілуіне байланысты пайда болды. Бұл пән еуропалық емес мәдениеттерді зерттеуге және оқытуға бағытталды. 1830 жылдан бастап немістілдік ғылыми ортада, көрші елдердің күнделікті өмірінде қолданатын, «колониалдық және тәуелді этностар» деген мағынаны беретін «этнология» сөзі қолдана бастады. Неміс халқының этностарға қызығушылығы олардың сол кездегі Африка аймағында колонияларының пайда бола бастауына байланысты болды. Сол кезде Африка континентін толығымен бақылайтын Германия болды.
Осы пәнмен қатар Германияда volkskunde (сөзбе-сөз «халықтану») пәні дамыды. Оның зерттеу объектісі немістілді топтар болды. Неміс этнология мектептерінің басқа еуропа мектептерінен айырмашылығы олардың неміс этнологиясын тиянақты, бөлшектеп зерттеуі болды.
Басқа еуропа мектептерінің арасында әлемдік этнологияның қалыптасуы мен дамуында француз ғалымдары маңызды орын алады. Әскери-саяси және экономикалық жағынан Фрнация Ұлыбританиядан артта қалғандықтан, олар колониалды саясатттың этномәдени аспеектісіне аса үлкен мән берді. Сондықтан француз ғалымдарының этномәдени зерттеулерінде этникалық топтардың өмір салтына, материалдық және рухани мәдениетіне, қоғамдық-саяси ұйымдастырылуына аса көп мән берілген.
Француз зерттеушілері этнографиялық мәліметтерді анықтаған және құрастырған кезде классикалық принциптерді ұстанған болатын. Бұл «адам географиясы» деп аталатын мектепте байқалды. Колониалдық халықтарды, сонымен қатар Шетелдік Еуропа, Солтүстік Америка және Ресей халықтарын сипаттағандағы тиянақтылық пен нақтылық француздық этнология мектебінің статусын жоғарылатады. Француз зерттеушілерінің Африка, Азия, Латын Америкасы, Австралия мен Океания халықтарын сипаттаған жұмысы этномәдени туризмді ұйымдастырушылар қызметін жеңілдетті.
Континенталдық Еуропа мектептеріне қарағанда Ұлыбританияның этнология мектебі антропология ғылымымен тығыз байланысты болды. Дж. Фрэзердің енгізген анықтамасы бойынша этнологиялық зерттеулер әлеуметтік антропологиямен біріктірілген. Сондықтан британ мамандары барлық әлемде қолданатын «этнология» ұғымының орнына «әлеуметтік антропология» синонимдес түсінігін қолданады. Британдық этнологиялық зерттеулердің көбісі этногенез мәселелерін, халықтар мәдениетінің дифференциясын зерттеуге бағытталған.
Британ мектебіне тән көзқарасты американдық мектеп те ұстанған. АҚШ-та этномәдени тематиканы зерттегенде кроссмәдени алуантүрлілік қарастырылды. Солтүстік Американдық этнология мектебі еуропалық мектептерге қарағанда тым кеш пайда болып, дамыды. Американдық мектеп физикалық антропологияға акцент жасап басқа мектептерге қарағанда өзгеше болды. Осындай этнонәсілдік құрамы жоғары мемлекет үшін популяцияаралық айырмашылықтар тән болып келеді.
Ресейде этникалық мәселелерді зерттеу ХVIII ғасырдың екінші жартысында басталды. Оған саяси және әскери проблемаларды шешу үшін қажет ресей халқының этногенезі, тарихи ролі мен перспективасы туралы мәлімет алу қажеттілігі себеп болды. Сондықтан 1846 жылы құрылған Орыс географиялық қоғамында арнайы этнографиялық бөлімше ашылды. Бұл бөлімшенің басты міндеті орыс халқының тұрмыс-тіршілігі, менталитетін зерттеу болды. Орыс этникалылыққа қызығушылықты славянфилдердің қозғалысы тудырды. Басында бұл ұйымның бағдарламылқ құжаттарында оның міндеті Ресей империясындағы халықтарды зерттеу болатын. Ішкі және сыртқы саяси жағдайларды шешу үшін Кавказ, Орталық Азия, Сібір халықтарының орыстың этникалылықты қабылдау, қабылдамауы маңызды болды.
Этникалық тақырыптағы зерттеулерді көбінесе Г. Г. Шпет философы жүргізді. Бұл адам ресей этнопсихологиясының негізін қалаушы болып табылады. Оның айтуынша, әрбір этносқа спецификалық психологиялық сипаттар тән. Оларды объективті мәдени феномендерді зерттеу арқылы ғана түсініге болады. Халықтың «жаны» - этникалық топ мінезінің қасиеттер жинағы.
Отандық этнологияның басты прициптериін К. Бэр, Н. Надеждин, К. Кавелин ХІХ ғасырдың ортасында қалыптастырды. Бұл кезең еуропалық этнологиялық ғалымның қалыптасу кезімен сәйкес келеді.
Этномәдени туризмнің теориялық және практикалық негізін қалыптастыруда этнография ерекше орын алады. Этнография дегеніміз - бұл әр түрлі халықтардың өткен және қазіргі кездегі орналасуы, оның ішінде этникалық шекаралар мен санының динамикасы туралы ғылым. Этнографиялық зерттеулердің жүруіне және дамуына Н. Н. Миклухо-Маклай, Н. Н. Чебоксарова, Б. В. Андрианова, В. В. Покшишевский, В. И. Козлов, Л. И. Пучков, С. И. Брук, Л. Н. Гумилев, В. А. Тишков еңбектері зор әсер етеді. Этнология және этнография негізінде этногенез теориясы пайда болып, танымал болды. Бұл теория этникалық процесстердің алгоритмін, сипатын және динамикасын анықтап, түсіндіреді.
Этномәдени туризмнің теоретико-методологиялық маңызды базасы мәдениет географиясы пәні болып табылады. Мәдениет географиясының зерттеу пәні мәдениет және оның жеке элементтерінің (халықтың өмір салты мен әдет-ғұрпы, материалдық және рухани мәдениет элементтері) территориялық дефференциациялануы. Этнография сияқты мәдениет географиясы да мәдениет феномендерінің кеңістікте ұйымдастырылуын қарастырады.
Этномәдени туризм, әсіресе оның ностальгиялық және этнотанымдық түрлерінің дамуының теориялық негіздерін қарастыру халықтың кеңістікте ұйымдастырылуын немесе халықты жан-жаққа орналастыруды қарастыруды да қажет етеді. Халықты жан-жаққа орналастыру дегенде халықты тек әр түрлі категориядағы мекендерге орналастыру ғана емес, халық тұратын орындардың бір-бірімен функционалды түрде байланыс жасауын қарастыру қажет. Жан-жаққа орналастыру жүйелерін зерттеу этномәдени туризмнің ресурстық базаның спецификасы принципиалдық мағынада қолданылады.
Қалалық этнографиялық және әлеуметтік-мәдени туризм дамуының перспективалары мен өзгерістерінде геоурбанистика(қалалар географиясы) жетістіктері ерекше қызығушылық қалыптастырады. Қала тұрғындарының және сондағы этнографиялық мұраның сақталу деңгейінің ара қатынасы пропорционалды болып келеді. Қала халқының жастық-жыныстық, әлеуметтік-мамандандырылған динамикасы және жалпы сапалы құрылымы белгілі бір этникалық мәдениеттің сақталуы мен өндірілуінің маңызды элементтері туралы нақты болжам жасауға көмектеседі. Бұл үй-жайлардың интерьері, үй-жайлық және шаруашылық құрылыстар сияқты аспектілерден тұрады. Осылайша, Петушки қаласындағы (Владимир облысы) жаңа құрылыстардың этникалық маңызы жоқ. Ал Ресейдегі Чувашиядағы чуваштарда, Архангельск облысындағы орыстарда, Удмуртиядағы удмурттарда құрылыс ғимараттарында территориялық этникалық стиль сақталған.
Этникалық топтарды зерттейтін әр түрлі саладағы мамандар мәдениетаралық қарым-қатынас тұрғысынан этникалық топтарды жан-жаққа орналастыру мәселесін қарастыруда. Урбанизацияның басты стадиясында ауылдық елді-мекендер маңызды орын алады. Бұрынғы ауылдықтардың қалалық ареалдарға жаппай көшуі әлеуметтік-мәдени орта параметрлерінің өзгеруіне алып келеді. Бұл қалалық адасдардың өмір салтына, өмірге деген көзқарасына және мәдени салт-дәстүрге әсер етеді.
1. 2. Этнос спецификалық әлеуметтік феномен ретінде
Генетиктер алғашқы адамдардың шамамен 190-200 мың жыл бұрын пайда болғанын анықтай алды. Бірақ тіршіліктің бастапқы этапында да адамзат өзінің аздығына қарамастан әлеуметтік топтарға бөліне алмады. Дұрыс мәлімет көздеріне сүйенетін болсақ, адам топтары неолит қозғалысына дейін 50-100 адамнан, максимум 150-200 адамнан тұрды. Бұл әлеуметтік топтасуды этникалық ұйымдардың бастапқы формасы ретінде қабылдауға болады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz