Солтүстік Қазақстан экономикалық ауданының жер қоры


Кіріспе
Адам қоғамы табиғаттың бір ерекше саналы бөлігі бола тұрып, табиғат қорынсыз тіпті өмір сүре алмайды. Мысалы, адам организмі ауасыз (оттегісіз) тек 2-5 минут, сусыз 4-5 тәулік, ал тамақсыз 30-35 тәулік өмір сүреді екен . Адам өміріне аса қажетті табиғаттың осы үш қорыда (ауа, су және тамақтық заттар) осы өзіміз мекен етіп отырған жерімізде орын алып, түзіліп, өндіріледі. Сондықтан адам баласы, көне заманнан-ақ ''Жерді - асыраушы анамыз'' деп өте құрметпен атаған. Сонымен қатар жер қабаты тек адам қауымы емес, бүкіл тіршіліктің тірегі, әрі мекені, әрі асыраушысы. Республиканың солтүстік аймақтарында бұрынғы кезден бос жатқан миллиондаған тың және тыңайған жерлерді, астық өндірісін дамытуға байланысты игеріле бастады. Бұл кезде тың игерудің талабы бойынша 400 гектар төртбұрыш болуы талай агроэкологиялық заңдылықтарын бұзды. Тың игерудегі алғашқы қателер осы түста айқындала түсті. Бұл сияқты аса маңызды мемлекеттік іс ең алдымен жер, топырақ жағдайларын жан-жақты зерттеуден басталу керек еді.
1954 - 1960ж тың және тыңайған жерлерді игеру барысында бастапқы кезде 25 млн. га жерге астық егілді. Қазақстан тыңында миллиард пұт астық алған жылдардың өзінде, гектарынан 12 - 14 центнерден аспады, ал құрғақшылық жылдары 5-6 центнер алынды. Сонымен республика тыңындағы астық өнімі негізінен әр гектарынан емес, егістіктің жалпы мол көлемі есебінен алынады. Құрғақ аймақтағы жыртылған жерлер тиімді өнім бермесе де жылдар бойы жыртылып, астық егіліп келді. Коммунистердің әміршілдік-әкімшілік кезінде егістік жерлерді қысқарту жөнінде сөз қозғау мүмкін емес еді.
Сонымен бұл мәселеге Қазақстан тек тәуелсіздік алғаннан кейін қайта оралды. 1994 жылдың 25 ақпанында Ақмолада тың игерудің 40 жылдық мерейтойына жиналған ауылшаруашылық қызметкерлерінің алдында сөйлеген сөзінде Елбасы Н. Ә. Назарбав тың игеру кезіндегі жіберілген қатенің бірі - тиімді өнім бермейтін құрғақ жерлердің жыртылып кетуін айтты. Тың өңірінде гектарынан 10 центнерден төмен өнім беретін астық, экономикалық жағынан өзін-өзі ақтамайтыны сондықтан, мұндай алқаптарды егістіктен шығару жайында нұсқау берген болатын. Бұл берілген нұсқаудан кейін егістік жерлер қысқарды. Бұрыңғы кезде 25 млн. га жерге астық егіліп келсе, егістік көлемі 20 млн. га азайды.
Міне сондықтан біздер төменде Солтүстік Қазақстанның - топырақ жамылғысы мен жер қорлары, астық егуде оны бағалау, тиімді пайдалану мен қорғау мәселелері туралы сөз болады.
1. СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ЭКОНОМИКАЛЫҚ АУДАНЫНЫҢ ЖЕР ҚОРЫ
1. 1Солтүстік Қазақстан экономикалық аудандар бойынша жер қорын бөлу.
Солтүстік Қазақстан республиканың аса ірі егіншілік ауданы, Қазақстан Республикасындағы дәнді дақылдар егіс көлемінің 60 пайыздан астамы осы ауданның үлесіне келеді. Жыртуға жарамды жер көлемі жағынан Солтүстік Қазақстанды Солтүстік Кавказ және Украина сияқты аудандармен салыстыруға болады.
Солтүстік Қазақстанға- Қостанай, Павлодар, Ақмола, Солтүстік Қазақстан облыстары кіреді. Жер көлемі - 600900 шаршы шақырым. Республика халқының 24%-ы Солтүстік Қазақстан ауданында тұрады. Еңбек ресурсы жоғары аудан. Экономикалық белсенді халықтың үлесі 73%, жұмыссыздардың үлесі орта есеппен 7, 8%. Солтүстік ауданның урбандалу деңгейі 58%. Қала халқының үлесі төмен облыстарына Солтүстік Қазақстан (35%) және Ақмола облысы (48%) жатады.
Мемлекетіміздің басқа аймақтарына қарағанда халықтың орналасуы біркелкі, орташа тығыздығы 1 км2-ге 5, 4 адамнан келеді. Ірі өзен аңғарларында халықтың орналасу тығыздығы жоғарыласа, қиыр Оңтүстігіндегі аудандарда халық сирек қоныстанған. Аудан жеріндегі ұсақ ауылдар көбірек кездесіп, арақашықтығы бір-бірінен ондаған километрге алысырақ орналасқан. Ауданның ұлттық құрамы күрделі, негізінен қазақтар, орыстар, украиндар, белорустар, татарлар, немістер, мордвалықтар, поляктар, еврейлер, т. б. халықтар тұрады [3] . Солтүстік Қазақстан солтүстігінде Тобыл, Обаған, Есіл, шығысында - Ертіс, оңтүстігінде - Торғай және Нұра өзендерінің алабында орналасқан. Жер беті негізінен жазық, климаты қатаң континентті, қысы суық та, жазы ыстық. Қысы қарлы, ашық күндер көп болады, оның есесіне жазда аңызақ ( яғни құрғақ та ыстық жел) соғып, қуаншылық болып тұрады. Республикадағы қара топырақты жердің көбі Солтүстік Қазақстанда. Жылына 300 мм жауын-шашын түседі. Жалпы алғанда, топырақ климат жағдайлары суармай - ақ дәнді дақылдар өсіріп, біршама мол өнім алуға мүмкіндік береді.
Бұл ауданның халық шаруашылығының дамуына тың және тыңайған жерлерді игерудің зор әсері болды. Тек 1954 - 1960 жылдар аралығында аудан халқының саны, негізінен сырттан қоңыс аударып келгендердің есебінен халық саны 1 млн адамға артты. 1953 жылмен салыстырғанда Солтүстік Қазақстанның егіс 4 есе ұлғайды. Бұл республика бойынша ауданда жердің игерілуі ең жоғарғы деңгейде екенін көрсетеді. Жері ең көп жыртылған - орманды дала зонасында орналасқан Солтүстік Қазақстан ауданы. 1954 - 1955 жылдары, яғни тек екі жылдың ішінде Солтүстік Қазақстанда 13 млн гектар жаңа жер жыртылды.
Бұл ауданның негізгі мамандану бағыты - астық шаруашылығы. Жалпы егіс көлемінің 80 пайызын дәнді дақылдар, негізінен жаздық бидай егіледі. Жаздық бидаймен қатар арпа, тары, сұлы, қарақұмық, қарабидай өсіріледі. Техникалық дақылдар, негізінен күнбағыс, т. б майлы дақылдар егіс көлемінің 1 пайызына жетпейтін бөлігін алады. Егістіктің 20 пайызына жуығына малазықтық дақылдар егіледі. Өйткені ауыспалы егісте дәнді дақылдар егістігі малазықтық шөп егістігімен алмасып отыруы керек. Бұл мал шаруашылығының жемшөп базасын нығайтуға көмегін тигізеді.
Қазақстан егін шаруашылығы тұрақты көлемде өнім алатын зонаға жатпайды. Астық өнімдерін өсіруге және жинауда қолайлы және қолайсыз жылдар кезектесіп отырады. Негізгі егіс танаптарында жаздық бидайдың қатты сорттары егілген және топырағының құнарлығы аз құрғақ дала зонасы территориясында орналасқан. Бұнда жиі - жиі құрғақшылық жылда бір рет, кейде екі рет қайталанып отырады. Мысалы, 1955ж құрғақшылық 10 жылда 1 гектардан 2, 6ц/га бидай жиналды. Тың игерген кезеңде құрғақшылық жылдары 1 га - дан 3, 5 ц астық алынды [1] .
Дәнді дақылдардың үлесі, оның ішінде бидайдың күшті және қатты сорттарын егу және өндіру ұлғайып келе жатыр. Бұның басты себебі, халықаралық еңбек бөлінісінде бидайдан экспорттың ролінің күшеюімен түсіндіріледі. 2003 ж. Дәнді және дәнді бұршақ дақылдары үлесіне барлық ауыл шаруашылығы егін алқабының 79, 5 пайызы тиесілі болды.
Дәнді - дақылдар егетін және тауарлық астық өндіретін басты аймақтар Қостанай, Солтүстік Қазақстан облысы, Ақмола облыстары республикадағы үлесі - 71, 1 пайызды құрайды. Қазақстанда басты егілетін дәнді - дақылдар - жаздық бидай, яғни оның қатты сорттары егіледі, оның дәнді дақылдар егістігіндегі көлемі - 70 пайыздан астам. Сапасы жағынан дүние жүзілік стандарттқа сәйкес, яғни құрамында кілегейлі (клейковина) 28 - 35 пайызға дейін болғандықтан, нан өнімдерін өндіруге бірден - бір шикізат болып есептеледі. Қазақстан егін шаруашылығы тарихында ең көп өнім 1979 ж алынды: түссімділігі 1 га - 13, 6 ц (тазартылған салмағы 32 млн. т), одан кейінгі түсімділігі мол болған жыл - 1992 ж ( 1 га - 14, 8 ц, тазартылған салмағы 29, 8 млн. т), 2003 ж 14, 8 млн. т ( 1 га - 10, 8 ц) дәнді дақыл өнім алынды [2] .
Солтүстік Қазақстан облысының жалпы көлемі 9804, 3 мың га, соның ішінде облыс аумағының жалпы көлемі 9799, 3 мың га және Павлодар облысында аралық жер учаскесінің жалпы көлемі 5 мың га құрайды. Ауылшаруашылық алқаптар 8383, 7 мың га, соның ішінде егістік 4586, 7 мың га, тыңайған жер 234, 3 мың га, шабындық 41, 6 мың га, жайылым 3521, 7 мың га, орман қоры 681, 2 мың га, ауылшаруашылық мақсаттағы жер 6675, 5 мың га немесе облыс аумағының 68 пайызын құрайды(1 кесте) .
Кесте 1
2010 жылдың 1 қарашасына арналған Солтүстік Қазақстан облысы аудандары бойынша жер қорын бөлу, мың га [3] .
р/с
атауы
Ауылшаруашылық мақсаттағы жерлерде ауылшаруашылық алқаптар 6470, 2 мың га немесе облыс аумағының 66 пайызын құрайды (2 кесте) .
Кесте 2
2010 жылғы 1 қарашадағы жағдайы бойынша ауылшаруашылық алқабын жер санаттарына бөлу, мың га [3] .
атауы
Жер реформасы жылдары, 1993 жылдан бастап жер пайдаланудың жаңа жүйесін жасау үдерісі болып жатты - монополиялық-мемлекеттік меншіктен жерге меншіктің әртүрлі нысаналарына және, ақылы жер пайдалануға ауысу. Объективті себептердің күшімен ол жерді қайта бөлуге, жаңа шаруашылық субъектілер мен жер пайдаланудың жаңа жүйесін ұйымдастыруға сүйенді. Мұның барлығы жерге жеке меншік үлесінің біртіндеп өсуіне себеп болды.
Ауылшаруашылығы кәсіпорындарын жекешелендіру бойынша іс-шаралардың негізінде 2008 жылдың 1-ші қарашасына 3445 шаруа (фермерлік) қожалықтары, 771 мемлекеттік емес ауылшаруашылығы кәсіпорындары, соның ішінде 611 серіктестік пен акционерлік қоғамдары, 4 өндірістік кооперативі, 23 ауылшаруашылық ғылыми ұйымдары құрылды [3] .
1. 2 Топырақ түрлері (режимі) және оларды ретттеу. Топырақтың сипаттамасы.
Топырақ - барлық материалдық игіліктердің көзі. Ол азық-түлік, малға жем, киім үшін талшық, құрылыс материалдарын береді. Топырақтың ең маңызды байлық екенін айта отырып, К. Маркс, еңбек - байлықтың әкесі болса, топырақ - анасы деген. Топырақтың физикалық касиеттері су, ауа өткізгіштігі, су сақтағыштиғы, құрамы мен құрылым ерекшелігіне байланысты. Топырақтын негізгі бөлігін бастапқы Топырақ түзуші аналық жыныстан бастау алатын минералды құрамы анықтаса (85 - 99%), біршама бөлігін топырақ түзілу процесінде, негізінен осында өскен өсімдіктер қалдықтары (шіріген тамыр, түскен жапырақ, т. б. ) ыдыраған кезде синтезделіп түзілетін органикалық. (қара-шірінді) заттар кұрайды (1 - 15%) . Жануарлар дүниесі (негізінен омырткасыздар) тіршілігінің әрекетінен органикалық. заттардың ыдырауы жылдамдайды. Адамның шаруашылық әрекеті (орманды кесу, шөп егу, жер жырту, мелиорация, органик., минералды тыңайткыштар қолдану) топырақ түзуші кейбір факторларға (мыс, өсімдікке) әсер етіп, топырақ түзілу процесінің бағытында тез өзгертеді[1] .
Топырақтың қатты, сұйық, газ қүрамды және тірі организмдерде бөліктерден түрады. Олардың ара-қатынасы әр түрлі, топырақта ғана емес, тіпті бір топырақтың әр қабаттарында әр түрлі болады. Топырақтың жоғары қабатынан төмен қабатына қарай органикалық заттар мен тірі организмдер азая түседі, ал жыныстардьң түзілу қарқьндылығы төмен қабатынан жоғарғы қабатына қарай арта түседі.
Топырақтың қатты бөлігінде алғашқы (кварц, дала шпаты, слюда, т. б. ) және екінші ретті минералдар (гидрослюда, монтмориллонит, каолинит, т. б. ) басым келеді. Топырақ борпылдақтығының қалыптасуы осы қатты бөлігінің кұрамы мен оның кұрылымының ерекшеліктеріне байланысты. Топырақтың негізгі массасын, негізінен түйірлері 1 мм-ден кіші болатын ұсақтопырақтар құрайды. Табиғи түріндетопырақ массасы көлемінің бір бөлігін - қатты бөлігі, ал қалған бөліктерін топырақ ерітіндісі ментопырақ ауасынан тұратын бөлігі құрайды. Топырақтың қатты бөлігінің минералды және химиялық құрамына қарай көбіне оның құнарлылығын анықтауға болады. Органикалық заттар ыдыраған кезде оның құрамындағы азот өсімдіктердісіңіре алатындай түрге айналады.
Топырақтың сапасы морфологиялық, генетикалық, химиялық және физикалық қасиеттеріне байланысты болады. Осы қасиеттерге сәйкес топырақтың сапасын анықтауға қажетті негізгі табиғи диагностикалық белгілерге мыналар жатады: қарашірік қабатының қуаты (қалыңдығы) ; қарашіріктің, тұнбаның және саз балшықтың проценттік мөлшері; топырақтың қарашірінділігі; топырақтағы қозғалмалы қоректік элементтердің (фосфордың және калийдің) қоры (запасы) ; топырақтың механикалық құрамы, қышқылдығы және тағы басқалары.
Адамның жерді өңдеуінің нәтижесінде, топырақ құрғақта, ылғалды да құнарлы не құнарсыз да болуы мүмкін. Бірақ, қандай жағдайда да тегі әр түрлі минералды және органикалық бөлшектерден тұрады. Қабат-қабат болып жатқан бөлшектердің аралығында ауа, су және көптеген организмдер толы саңылаулар болады. Осы бөлшектердің үлкен-кішілігіне қарай ірі және ұсақ түйірлі топырақ деп бөлінеді. Ұсақ түйірлі топырақтар саңылаулығы ірі түйірлі топыраққа қарағанда жоғары болады. Егер ұсақ түйірлі топырақ саңылаулығы 85 пайызға жетсе, ірі түйірлі топырақ саңылаулығы 30 пайыздан кем.
Саңылаулықтың санитариялық мәні зор. Мәселен, жекелеген саңылау көлемі мен топырақ бөлшектерінің көлемі үлкен болған сайын ауа және су жақсы өтеді. Дәлірек айтқанда, ірі түйірлі құмдақ топырақтың су өткізгіштігі ұсақ түйірлі сазды топыраққа қарағанда көп есе артық. Ірі түйірлі топырақтан белгілі бір уақыт өлшемінде ұсақ түйірлі топыраққа қарағанда ауа көптеген есе көп өтеді. Топырақ саңылауы 60-65 пайыз болса онда биологиялық және химиялық ластанудан өздігінен тазару процестері үшін қолайлы жағдай туады.
Топырақтың ылғал тартқыштық қасиеті. Топырақ түйірлерінің беткейі ауадағы су буын, яғни ылғалдылығьш тартатын әрі топырақ саңылауларында кептіретін қабілеті бар үлкен жазықтықты құрайды. Топырақ қаншалықты ұсақ түйірлі болса, оның ылғал тартқыштығы соншалықты жоғары болады. Сондай-ақ, топырақта шірінді және коллоидты заттар көп болса да және ауаның атмосфералық ылғалдылығы жоғары болса да өседі. Органикалық заттармен ластанған сазды топырақтың да ылғал тартқыштықтары жоғары келеді. Топырақтың коллоидты заттары суды өзіне ең көп сіңіреді. Фермалардың ластанбаған территориялары мен шаруашылықтардың жайылымдық учаскелерінің ірі түйірлі топырақтарының ылғал тартқыштығы өте аз.
Топырақтың булану қабілеті қаншалықты нашар болса, оның құрамындағы ылғал да соншалықты көп ұсталады. Сөйтіп, ол анағұрлым сызды болады. Мысалы, ұсақ түйірлі өсімдік аз шығатын, күн сәулесі нашарлау түсетін сұр(боз) топырақта ірі түйірлі топыраққа қарағанда ылғал тартқыш қабілетін арттыратын еріген тұздар болса, ауа ылғалды келсе, жауын-шашын және қар суы топырақты шайып жатса топырақ бетінде ылғалдың булану деңгейі төмендейді.
Топырақтың ауа өткізгіштігі деп - топырақтың өз бойынан ауа өткізу қабілетін айтады. Ауа топырақтың су болмаған саңылауында, ал сіңірілген күйінде топырақ бөлшектерінің құрамында болады. Сонымен, жер асты суында ауа еріген күйінде болатыны белгілі. Құрамы жағынан топырақ ауасы атмосфералық ауадан біраз айырмашылығы бар: мысалы топыраққа тереңдеген сайын оттегі мөлшері азаяды, органикалық заттарды тотықтыруға көп жұмсалады, ал көмір қышқылы құрамы керісінше көбейеді.
Органикалық заттарға бай топырақтарда оттегі мөлшері 10 пайызға дейін, тіпті одан да азаяды да, көмір қышқылы құрамы 15 пайызға дейін және одан да артық көбейеді. Ластанған топырақтарда газ тәрізді қоспалар (СН4, Н28, N11, ), сондай-ақ, май қышқылдары т. б. болуы мүмкін.
Топырақтың ауа өткізгіштігі барометрлік қысымның өсуіне байланысты артып, топырақтың үстіңгі қабатының қалыңдығы және ылғалдылығы ұлғайған сайын кемиді. Саңылауларды толтыратын су олардан ауаны сығып шығарады да, ауаның топыраққа енуіне кедергі жасайды. Топырақ ауасының құрамыңда шаң да, микроорганизмдер де болмайды. Олар ауа топырақта сүзілген кезде ұсталып қалады да, топырақ бөлшектері ыдыратып жібереді.
Топырақтың ауа өткізгіштігінің және оның оттегімен баюының топырақта өтетін тотығу және оны адам мен жануарлар енгізетін органикалық лас затгардан босату тәрізді биохимиялық процестерге байланысты гигиеналық маңызы зор. Тағы топырақ түйірлі ірі және құрғақ болуға тиіс. Өйткені, ылғал және ұсақ түйірлі топырақ өте нашар желдетіледі. Сондықтан да онда өздігінен тазару процесі айтарлықтай жүрмейді.
Топырақтың жылулық қасиеттері -топырақ негізінде күннен қызуы. Бұл процесс топырақтың жылу сыйымдылығына, жылу өткізгіштігіне және радиациялау қабілетіне көп байланысты болады. Сыртқы ауа температурасынан топырақ температурасының едәуір айырмашылығы бар. Тәулік және жыл бойында онша көп ауытқымайды және топырақ тереңдеген сайын бірте-бірте азая береді. Тереңдеген сайын топырақтың тәуліктік және жылдық ең жоғары температурасы ауа температурасынан едәуір төмен. Қыстыкүні топырақ температурасы ауа температурасынан жоғары, ал жаздыкүні керісінше салқын болады.
Топырақтың жылу өткізгіштігі нашар болады. Әсіресе, борпылдақ, ұсақ түйірлі, ылғалды шірінді заттары көп, ақ шағыл, шөп өспейтін түсті топырақтар аз қызады. Ірі түйірлі, құрғақ, қоңыр түсті және шөп жақсы өсетін топырақтар, сондай-ақ тасты, тығыз топырақ нағыз жылу аккумуляторы болып табылатын таулы жер топырақтары жылуды тым-тәуір өткізеді. Борпылдақ топыраққа қарағанда тығыз топырақта жылу тереңге енеді. Топырақ саңылауларын толтыратын су сол саңылауларды толықтыратын ауаға қарағанда жылуды 21-26 есе көп өткізеді екен. Жылуды ылғал топырақтың оңай да терең өткізетіні сондықтан.
Топырақ температурасының өте үлкен маңызы бар. Ол жергілікті жердің климатына, ал жергілікті климат-микроклиматқа әсер етеді. Топырақ температурасы ерекшеліктерінің өсімдік тіршілігі үшін маңызы зор. Олардың тамырлары қыстыгүні топырақтың жылы қабатында жатады да, суықтан сақталады. Ол, яғни топырақ температурасы сол топырақтың өзінде жүрілетін физико-химиялық және биологиялық процестеріне де әсер етеді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz