Әл – Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің Биология мұражайындағы омыртқалы жануарлардың био алуан түрлілігі


Пән: Биология
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 66 бет
Таңдаулыға:   

ӘЛ - ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

БИОЛОГИЯ ЖӘНЕ БИОТЕХНОЛОГИЯ ФАКУЛЬТЕТІ МАГИСТРАТУРА

БИОАЛУАНТҮРЛІЛІК ЖӘНЕ БИОРЕСУРСТАР КАФЕДРАСЫ

6М060700-Биология

МАГИСТРЛІК ДИССЕРТАЦИЯ

Әл - Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің Биология мұражайындағы омыртқалы жануарлардың биоалуантүрлілігі

Орындаған Асамбаева Ақбота «__» 2013 ж.

Ғылыми жетекшісіЕсжанов Б. Е. «__» 2013 ж.

б. ғ. к., доцент

Ғылыми жетекшісіСапаров Қ. А. «__» 2013 ж.

б. ғ. к., профессор

Қорғауға жіберілді:

Кафедра меңгерушісіАйдосова С. С. «__» 2013 ж.

б. ғ. д., профессор:

АЛМАТЫ, 2013

ТҰЖЫРЫМ

Магистрлық диссертация 80 бетте жазылған, онда 7 кесте және 7 сурет және 1 карта берілген. Жалпы әдебиеттер саны - 40.

Кілттік сөздер: Систематика, Мұражай, Классификация, Отряд, Класс, Тұқымдас, Туыс, Түр, Қосмекенділер, Бауырымен жорғалаушылар, Сүтқоректілер, Қызыл кітап, Биоалуантүрлілік, Қор, Коллекция.

Жұмыстың мақсаты: Биология мұражайынының көрме залы, витриналары мен қорындағы омыртқалылардың бар қорларын (қосмекенділер, бауырымен жорғалаушылар және сүтқоректілер) бір жүйеге келтіру.

Жұмыстың міндеттері:

  • Биология мұражайындағы қосмекенділер мен бауырымен жорғалаушылардың биоалуантүрлілігін анықтау;
  • Көрме залы мен витриналардағы сүтқоректілерді систематикалық топтар бойынша ретке келтіру;
  • Мұражай қорындағы сүтқоректілерді систематикалық топтар бойынша ретке келтіру;
  • Мұражайдағы сүтқоректілерді Қазақстан бойынша аудандастыру;

Зерттеу объектісі: Биология мұражайындағы омыртқалы жануарлар (қосмекенділер, бауырымен жорғалаушылар және сүтқоректілер) .

Зерттеу әдістері: Көзбен қарап, бақылау және систематикасын құрастыру.

Зерттелген нәтижелер: Биология мұражайындағы омыртқалы жануарлар (қосмекенділер, бауырымен жорғалаушылар және сүтқоректілер) бір жүйеге келтірілді және Қазақстан бойынша аудандастырылды.

Зерттеудің ғылыми жаңалығы: әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің Биологиялық мұражайындағы омыртқалы жануарларға алғаш рет қазір ТМД елдерінің зоолог - ғалымдары қолданылатын И. Я. Павлинов ұсынған (2006) жаңа жүйелеу жұмыстары жүргізілді.

Енгізу туралы нәтижелер: баспадан шыққан мақалалардың жалпы саны 5, оның ішінде 2 мақала, 3 тезис.

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ
4
: 1
КІРІСПЕ:

НЕГІЗГІ БӨЛІМ

ӘДЕБИЕТКЕ ШОЛУ

4: 5
: 1. 1
КІРІСПЕ: Жалпы мұражай жайлы
4: 5
: 1. 2
КІРІСПЕ: Биология мұражайы (тарихы)
4: 7
: 1. 3
КІРІСПЕ: Биология мұражайының бөлімдері
4: 9
: 1. 4
КІРІСПЕ: Биология мұражайының витриналары мен көрме залындағы Қазақстанның Қызыл кітабына тіркелген кейбір омыртқалылардың биологиясы (құстардан басқа)
4: 11
: 2
КІРІСПЕ: ЗЕРТТЕУ МАТЕРИАЛДАРЫ МЕН ӘДІСТЕРІ
4: 18
: 2. 1
КІРІСПЕ: Сүтқоректілер систематикасының тарихы
4: 18
: 2. 2
КІРІСПЕ: Эволюцияға дейінгі классификация
4: 19
: 2. 3
КІРІСПЕ: Эволюциялық классификация
4: 22
: 3
КІРІСПЕ: ЗЕРТТЕУ НӘТИЖЕЛЕРІ МЕН ТАЛДАУ
4: 26
: 3. 1
КІРІСПЕ: Қосмекенділер мен бауырымен жорғалаушылардың систематикасы
4: 26
: 3. 2
КІРІСПЕ: Сүтқоректілердің систематикасы
4: 32
: 3. 3
КІРІСПЕ: Биологиялық мұражайдағы сүтқоректілердің жалпы коллекциясы мен Қазақстан бойынша аудандастырылуы
4: 70
:
КІРІСПЕ: ҚОРЫТЫНДЫ
4: 75
:
КІРІСПЕ: ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
4: 78

КІРІСПЕ

Бүкіл жер бетіндегі биологиялық алуан түрлілікті сақтау биосфераның тұрақты даму концепциясының негізгі мақсаты болып табылады. Қазақстан қалпына келетін қорларға бай, оған өсімдіктер мен жануарлар әлемі кіреді. Табиғатты тиімді пайдалану стратегиясы бар байлықты сақтап қалу және көбейтуді қарастырады.

Жүйелеу, систематика (грек. systematіkos - тәртіпке келтірілген), биологияда - Жер бетінде тіршілік ететін барлық организмдердің және бұрын тіршілік еткен организмдердің қазба қалдықтарының туыстық қарым-қатынасын, олардың жеке түрлері мен түрлер тобының байланысын зерттейтін биологияның бір саласы. Жүйелеу организмдерді сипаттайтын жеке белгілерді (морфологиялық, физиологиялық, биохимиялық, экологиялық, т. б. ) өз алдына бөлек-бөлек, сондай-ақ, оларды біріктіріп, организмдердің барлық жиынтығының жіктелімін жасау үшін қолданады. Жүйелеудің негізгі мақсаты - Жер бетінде кездесетін жануарлар (1, 6 миллиондай түрі) мен өсетін өсімдіктер (350 мыңдай түрі) және микроорганизмдер түрлерін жан-жақты сипаттап, топтастыру. Биологияда көп жағдайда Жүйелеудің орнына таксономия - өсімдіктер мен жануарлар әлемінің жүйелеу топтарын жіктеу принципі туралы ілім қолданылады.

Біздің зерттеу жұмысымыздың тақырыбы әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің биология мұражайындағы омыртқалы жануарлардың систематикасы, биомұражайда құстар класына жататын омыртқалылардың алуантүрлілігі көп болғандықтан және ол арнайы зерттеуді қажет ететіндіктен біздер Қосмекенділерге, Бауырымен жорғалаушылар мен Сүтқоректілердің алуантүрлілігіне тоқталдық.

Жұмыстың өзектілігі. Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің биология мұражайы 1936 жылы биология факультетінің зоология кафедрасының жанынан зоология, ал 1949 жылы факультеттің биология мұражайы болып ашылған. Биологиялық мұражайдың қорында 1890 жылдан бергі жинақтар (коллекциялар) бар. Биология мұражайындағы жинақтардың ішінде құстардың 5000-ға жуық, сүтқоректілердің 2000-нан аса, бауырымен жорғалаушылардың 40-тай және қос мекенділердің 10-нан аса жәдігерлері сақталған.

Мұражай ашылған күнінен бастап, осы уақытқа дейін оқу базасында, Қазақстанның табиғи қорын және мәдени түріндегі материалдарды сақтауда алатын орны ерекше.

Мұражайдың бағалы материалдық ақпараты тек биолог студенттері емес, басқа да көрермендерді қызықтырып тартады. Мұражай барлық Алматыдағы жоғары оқу орындарына, колледж, мектеп-гимназиялар мен қала маңындағы мектептерге танымал.

Мұражай қорындағы экспонаттарды; жалпы биология, ботаника, зоология, жануарлар мен өсімдіктер дүниесінің жүйесі, морфология, фито-зоогеография, экология, табиғат байлықтарын пайдалану және табиғатты қорғау сабақтарында пайдаланады. Осыған орай мұражайдағы жәдігерлерді бір систематикалық жүйеге келтіру жұмыстарын жүргізу көзделеді.

Зерттеу жұмысының мақсаты мен міндеттері. Жұмыстың мақсаты - Биология мұражайынының көрме залы, витриналары мен қорындағы омыртқалылардың бар қорларын (қосмекенділер, бауырымен жорғалаушылар және сүтқоректілер) бір жүйеге келтіру. Көздеген мақсатқа жету үшін мынандай міндеттер алдыға қойылады:

  • Биология мұражайындағы қосмекенділер мен бауырымен жорғалаушылардың биоалуантүрлілігін анықтау;
  • Көрме залы мен витриналардағы сүтқоректілерді систематикалық топтар бойынша ретке келтіру;
  • Мұражай қорындағы сүтқоректілерді систематикалық топтар бойынша ретке келтіру;
  • Мұражайдағы сүтқоректілерді Қазақстан бойынша аудандастыру;

Зерттеудің ғылыми жаңалығы. әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің Биологиялық мұражайындағы омыртқалы жануарларға алғаш рет қазір ТМД елдерінің зоолог - ғалымдары қолданылатын И. Я. Павлинов ұсынған (2006) жаңа жүйелеу жұмыстары жүргізілді.

Зерттеу жұмысының теориялық және практикалық маңыздылығы. Биология мұражайындағы омыртқалы жануарлар (қосмекенділер, бауырымен жорғалаушылар және сүтқоректілер) бір жүйеге келтіріліп, жаңа ғылыми мәліметтермен толықтырылды. Сүтқоректілер класының коллекциясы жасалынып, Қазақстан бойынша аудандастырылды. Алынған ғылыми мәліметтер мұражай қорында Қазақстан аумағында мекендейтін сүтқоректілер класының қанша отряды, тұқымдасы, туысы және түрі бар екенін анықтауға мүмкіндік берді. Бұл зерттеу жұмысының нәтижесін жоғарғы оқу орындарында биолог, эколог мамандары үшін арнайы курстар оқуға пайдалануға болады.

НЕГІЗГІ БӨЛІМ

  1. Әдебиеттерге шолуМұражай жайында

Мұражай, музей, (грек тілінде museіon - муза сарайы) - тарихи-ғылыми дерек ретіндегі ескерткіштерді, өнер туындыларын, мәдени құндылықтарды, т. б. мұраларды сақтап, жинақтап, ғылыми-танымдық қызмет атқаратын мекеме.

Мұражай заттық және рухани құндылықтарды танытуда, ғылыми тұрғыда зерттеп, оның нәтижелерін насихаттауда, осы негізде тәлім-тәрбие беруде маңызды рөл атқарады. Музей ғылымның, білімнің, мәдениеттің қалыптасуына ықпал ететін ғылыми мекеме ретінде өскелең ұрпақтың тәрбиесіне, тарихи сананың қалыптасуына ықпал етеді [1] .

Музей алғашында бағалы бұйымдар мен заттар, мәдени жәдігерлерді сақтайтын қазыналық қор ретінде қалыптасты. Музейлердің қалыптасуына көне замандардағы коллекциялар негіз болды. Ежелгі Рим шешені Марк Туллий Цицерон: “коллекция- шашыранды заттарды бір топқа біріктіру” деп түсіндірді. Коллекциялау ісімен Аристотель, Рим патшасы Юлий Цезар, т. б. айналысты. Еуропада тарихи музейлер 16 - 18 ғасырларда пайда болды. Музейдің қалыптасуы ұлттық сана-сезімді оятуға, мәдени-саяси идеяларды (ой-сезімді) насихаттауға көмектесті. 1820 ж. Германияда өнер музейлері құрылды. 1811 ж. Ресейде - Феодосияда, 1825 ж. Одессада, 1828 ж. Керчьте археологиялық бағыттағы және әскери-тарихи музейлер құрылды. 19 ғ. этнографиялық зерттеулердің дамуы нәтижесінде этнографиялық музейлер құрылып, олар ғылыми-зерттеу орталықтарына айналды. Олар: Будапешт (1872), Стокгольм (1874), Париж (халықтану музейі, 1877), Роттердам (1883) қалаларында құрылған этнографиялық музейлер. Ашық аспан астындағы алғашқы этнографиялық музейлер Скансенде (Стокгольм, 1891), қасиетті Мартинде (Словакия, 1893), Софияда (1893), Брюссельде (1897), Краковта (1910), Арнхемде (Нидерланды, 1912) құрылып, ірі ғылыми ізденістермен айналысты [2] .

Мұражай негізгі бaғыты тұрғысынан бірнеше топтарға бөлінеді: тарихи музейлер (жалпы тарих, археологиялық, антропологиялық, этнографиялық, нумизматикалық, т. б. ), көркемөнер музейлері (көркемөнер, мүсін, қолөнер, қолдaнбалы өнер, театр, музыка кино, т. б. музейлер), ‘‘жаратылыстану музейі’’ (биологиялық, зоологиялық, геологиялық, минералдық, палеонтологиялық, т. б), техникалық музейлер (авиация, автокөлік, кеме жасау, тау-кен ісі, өнеркәсіп, өндіріс өнімдері, т. б. ), ‘‘кешенді музейлер’’ (тарих, шаруашылық, жаратылыстану, т. б. бағыттарды біріктіріп, жұмыс істейтін кең профильді өлкетану музейлері), мемориалдық музейлер (мемлекетке, өнерге, әдебиетке ғылымға еңбегі сіңген белгілі адамдардың жеке өнері мен қызметіне арналған музейлер) . Музей ісінің негізгі бағыттары - музейлік мұраларды (жәдігерлерді) жинау, есепке алу, сақтау, қорларды жүйелеу, қайта қалпына келтіру (рестоврация), консервациялау, зерттеу нәтижелерін ақпарат жүйелерінде тарату, музейдің кадрлық жүйесін жетілдіру [3] . Осылардың ішінде биологиялық алуантүрлікті зерттеп - білуде биологиялық мұражайлардың алатын орны ерекше.

1. 2 Биология мұражайы (тарихы)

әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің жанындағы биология мұражайы алғаш рет 1936 жылы биология факультеті зоология кафедрасының жанынан зоология мұражайы болып құрылған. Мұражайдың тарихын зерттей келе даму кезеңін бірнеше кезеңдерге бөлуге болады;

І. 1936-1948 жылдар аралығы, - мұражайдың ұйымдастырылу кезеңі;

ІІ. 1949-1969 жылдар аралығы - өсу кезеңі;

ІІІ. 1970-2009 жылдар аралығы - мұражайдың толық қалыптасу кезеңі;

Бірінші кезең мұражайдың алғашқы қорлары жинақталды, оған сол кезеңде таксидермист А. Горынин және қор жинақтаушы Б. Сердюк қызмет жасады. Осы жылдар аралығында республикамыз аумағында ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізіп жатқан профессорлар В. Н. Шнитников, А. А. Слудский, ҚазМУ доценті В. А. Селевин және Қазақстанның халық жазушысы, зоолог-ғалым М. Д. Зверевтер мұражайдың қорына өз қорларынан көптеген аңдар мен құстардың тұлыптарын тарту етті. Бұл кезеңде мұражайда б. ғ. к., доцент А. А. Емельянов, б. ғ. д. А. Н. Дьяконов, аға оқытушы В. С. Бажанов, ассистент Г. Ш. Шаменовтер қызмет етті. Мұражайдың қалыптасуына Д. Л. Поляков (ботаника), Н. Г. Скопин (жәндіктер), Н. П. Глиняный (дарвинизм) сияқты мұражай қызметкерлері үлкен үлес қосты.

Екінші кезең 1949 жылғы 14 наурыздағы университет әкімшілігінің № 48 бұйрығына сәйкес зоология мұражайын биология мұражай етіп қайта құру жарлығы оған кең жол ашты. Мұражай омыртқасыздар зоологиясы; омыртқалылар зоологиясы; ботаника және дарвинизм бөлімдері болып қайта құрылды. 1950 жылы университетте су түбі балықтары, Қазақстан балықтары, Қазақстанда ауланатын аңдар және адамның шығу тегі туралы диорамалар жасалынып, 40 түрлі құстың тұлыбы және 50 аса аң мен құстың тұлыптары сатылып алынып, мұражайдың қоры 5000 жәдігерге дейін толықты. Осы кезеңде мұражайдың қорын толықтыруға биология ғылымының докторы, профессор Н. З. Хұсайнованың Арал, Каспий және Жерорта теңіздерден әкелінген жәдігерлерінің маңызы зор, оны қазіргі уақытқа дейін оқу үрдісінде пайдалануда және мұражайдың жүйелеу витриналарында қойылған.

Мұражайдың бұдан кейінгі дамуына профессор Б. А. Домбровский көп еңбек сіңірді. Ол мұражайдың университет көлемінде ғана емес республика аумағында ғылыми зерттеу орталығына айналуына және студенттердің ғылыммен айналысуына, сонымен бірге мұражай қорын әрқашан толықтырып отыру керек екенін назардан тыс қалдырған емес. Келешекте салынатын университет қалашығында арнайы екі көрме залы болатындығы мұражай мен зоология кафедрасының қызметкерлері бірігіп, оның жобасын жасауға кірісті және арнайы тұлыптар жасайтын таксидермиялық зертхана мен қорды сақтайтын бөлмелерді де жобаға енгізді.

Үшінші кезең мұражайдың жаңа ғимаратын жобалау және ұйымдастыру, сонымен бірге толық қалыптасу кезеңі.

Қазақ ССР Жоғарғы білім министрлігінің 1977 жылы маусымның 27-сінде шыққан № 626 бұйрығы бойынша университеттің биологиялық мұражайына Қазақтың Еңбек Қызыл туы орденді С. Киров атындағы мемлекеттік университетінің ІІІ дәрежелі көмекші оқу бөлімі деген құқықтық мәртебе берілуінен қазіргі мұражайды құруына кең жол ашты.

Университеттегі биологиялық мұражайды ұйымдастыруда бұрынғы университет ректоры, академик Ө. А. Жолдасбековтың және сол кездегі проректор, қазір министр Б. Т. Жұмағұловтың, биология факультетінің декандары, академиктер И. О. Байтуллиннің, М. Х. Шығаеваның және мұражай директоры болған Л. С. Байтуллинаның еңбектері аса зор. Осы аты аталған ғалымдардың тікелей ұйытқы болуының арқасында 1984 жылы университеттің 50-жылдық мерей тойы қарсаңында мұражай ашылды. 1977 жылы алғашқы көрме залы мұражайдың қабырға сөрелерінде “Жануарлар дүниесінің жүйесі” және “Өсімдіктер дүниесінің жүйесі” қойылған жәдігерлермен ашылды. Мұражайдың ішіндегі жәдігерлерді жасауға таксидермист Э. Ф. Родионов және шәкірттері З. Т. Серединаның, Б. П. Жуйконың, С. Кокоткиннің, С. Шевяковтың және безендіру мен көркемдеу жұмыстарын жүргізген Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Қазақстан Республикасының Суретшілер Академиясының академигі К. В. Муллашевтың басқаруымен cуретшілер Г. Я. Супонин, Ф. Ш. Адильшинова, Т. Исхаков, В. Егоров, И. Агапов, А. Уткин және М. П. Кимнің қосқан үлестерін ерекше атап өту керек. Мұражайға жасалынған жәдігерлерді бағалап сараптау үшін “ Мұражай кеңес алқасы” құрылды оның төрағасы болып факультет деканы М. Х. Шығаева тағайындалып барлық кафедралардың меңгерушілері және зоология мен ботаника кафедраларының жетекші мамандары тартылды. Осы жобаны іске асыруда мұражайдың қызметкерлері: Л. С. Байтулина (директор), Э. Ф. Родионов (меңгеруші және алғашқы директор болған), Б. П. Жуйко (таксидермиялық қайта-құрау зертханасының меңгерушісі), З. Т. Срединина - суретші-таксидермист, М. Э. Дильмухамедов - зоология кафедрасының доценті, сонымен қатар мұражайдың сектор меңгерушілері: Банченко В. К., Ифантьева Л. В., Гаркуша Т., Көбегенова С. С., Хегай И. В., Малиновская В. А., Алпысбаева М. З., Шыңғысова Р. К., Анциферова А. А. ; таксидермистер: Л. Анохина, Т. Гусева, А. Муров, С. Кокоткин, Н. Қиқымов; жетекші маман - Ф. Ф. Карпов. лаборанттар: Р. Ф. Илющенко, С. Шевяков, А. Аскаровтар үлкен үлес қосты [4] .

  1. Биология мұражайының бөлімдері

Мұражай залы үш үлкен бөлімнен тұрады. Олар: “Қазақстан табиғатының биоалуантүрлігі” (сурет 1), “Жердің даму тарихы және тіршіліктің пайда болуы” (сурет 2) және “Табиғатты қорғау” (сурет 3) .

DSC_0215

Сурет 1 - Қазақстан табиғатының биоалуантүрлігі бөлімі

Мұражайда - диорамаларда жердің табиғат зоналары, витриналарда жануарлар мен өсімдіктер дүниесінің жүйесі көрнекті кескінделген. Мұражайда көптеген карталар, панно, биотоптар, кестелер және басқа

DSC_0169

Сурет 2 - Жердің даму тарихы және тіршіліктің пайда болуы бөлімі

көрнекті оқу құралдары көрсетілген. Олар тақырып бойынша төмендегінше бөлінген:

  1. Табиғат зоналары

Диорамалар:

1. Іле Алатауы, селеулі дала, аралас орман, сулы дала, суат, құмды шөлейт, сортаң, сор шөлейт, тоғай.

Панно:

1. Шөлейт түрлері

2. Ақбөкендердің мерзімдік миграциясы

Карталар:

1. Экологиялық системаның схемасы

2. Қазақстанның табиғат зоналары

ІІ. Жер бетіндегі тіршіліктің эволюциялық дамуы

Диорамалар:

1. Алғашқы қауым адамдарының тұрағы

2. Шарын шатқалында қазып алынған Іле түйеқұсы

3. Микродиорамалар эволюция бойынша

Панно:

4. Жануарлар мен өсімдіктер дүниесінің геохронологиялық таралуының негізгі тобы. 5. Ұлы спиральды тіршілік. 6. Құрылықтың ығысуы.

ІІІ. Табиғатты қорғау

Диорамалар экологиялық дағдарыс:

1. Австралия

2. Тундра

3. Мұхит жағалауы

4. Су тасқыны, сел

5. Қорықтардың орналасуы.

Панно:

1. Қазақстан қорықтары; 2. Сирек кездесетін және жойылуға жақын өсімдіктер; 3. Жойылып кеткен жануарлар.

Витриналар:

1. Қызыл кітапқа енгізілген өсімдіктер. 2. Қызыл кітапқа енгізілген жануарлар

ІҮ. Жануарлар мен өсімдіктер топтамасының жүйелілігі

Қойылған витриналарда:

1. Өсімдіктер дүниесінің жүйесі (2-ші қабатта) . 2. Жануарлар дүниесінің жүйесі (1-ші қабатта)

Мұражайдың халыққа мінсіз қызмет етуі мен қорының молдығына байланысты 1991 жылы мұражайға I дәреже деген мәртебе берілді.

http://www.kaznu.kz/content/images/pages/19563.jpg

Сурет 3 - Табиғатты қорғау бөлімі

  1. Биология мұражайының витриналары мен көрме залындағы Қазақстанның Қызыл кітабына тіркелген кейбір омыртқалыларының биологиясы(құстардан басқа)

Қызыл кітап - халықаралық табиғат қорғау одағының “Қызыл кітабы”- халықаралық дәрежедегі құжат.

Қызыл кітапқа сирек кездесетін, жылдан жылға азайып не жойылып бара жатқан, сондықтан да айрықша қорғауды қажет ететін жануарлар мен өсімдіктердің түрлері тіркеледі. Жануарларды халықаралық дәрежеде қорғау мәселесі 20 ғасырдың бас кезінде қолға алынды. 1902 ж. Париж қаласында алғаш рет Құстарды қорғаудың халықаралық конвенциясына қол қойылды. 1948 ж. ЮНЕСКО-ның жанынан Халықаралық табиғат қорғау одағы ұйымдастырылды. Халықаралық табиғат қорғау одағының Қызыл кітапбы 1966 ж. тұңғыш рет 2 том болып шықты. Оның 1-томында сүтқоректілердің 211 түрі, 2-томына құстардың 312 түрі туралы деректер берілді. Бұл кітап күнтізбе парақтары тәрізді арнайы жасалды, түрлер 4 категорияға топтастырылды. 1966 - 71 ж. Қызыл кітапқа тіркелетін түрлер туралы мәліметтер қайта толықтырылып, 2-басылымы, 1972 ж. 3-басылымы жарияланды. 1978 - 80 ж. 4-басылымы 5 том болып жарық көрді. Оның 1-томы сүтқоректілерге арналып, оған сүтқоректілердің 226 түрі мен 79 түр тармағы, 2-томында құстардың 181 түрі мен 77 түр тармағы, 3-томында қосмекенділердің 41 және бауырымен жорғалаушылардың 105 түрі, 4-том балықтарға арналып, балықтардың 194 түрі, ал 5-томы жоғары сатыдағы өсімдіктердің түрлеріне арналып, 25000 түрі тіркелді. 1980 жылдары бұрынғы томдар негізінде “Қызыл кітап” қайта шыға бастады. 1983 ж. шыққан Қызыл кітапта омыртқасыз жануарлартуралы мол мәлімет берілген. Жойылу қаупі төнген түрлерді сақтап қалу үшін оларды зоологиялық парктерде қолдан өсіріп, көбейту шаралары қолға алынған. Соның нәтижесінде соңғы Қызыл кітапқа тіркелген сүтқоректілердің 97, құстардың 39, қосмекенділер мен бауырымен жорғалаушылардың 37 түрі дүниежүзілік зоологиялық парктерде қолдан көбейтілген. Халықаралық табиғат қорғау одағының Қызыл кітабын шығаруға Құстарды қорғау жөніндегі халықаралық кеңес, Су құстарын зерттейтін халықаралық бюро, Жануарларды қорғау жөніндегі бүкіләлемдік федерация, т. б. ұйымдар қатысады. Қызыл кітап табиғат қорғаудың негізгі іргетасы, экологиялық білім мен тәрбие берудің қайнар көзі болып саналады.

Қазақстанның Қызыл кітабында сирек және жойылып бара жатқан түрлердің тізіміне енгізілген жабайы омыртқалылардың 87 түрінің және өсімдіктердік 303 түрінің қазіргі таралуы, санының жай- күйі, биологиясы туралы мәліметтер келтірілген.

Қызыл кітапқа ресми енгізілген өсімдіктердің 16 түрі Батыс Алтай мемлекеттік табиғи қорығының аумағында тіркелген. Алайда Алтай ботаника бағының ғылыми қызметкері б. ғ. к. Ю. А. Котуховтың жұмысының нәтижесінде сирек, осалдау және жойылып бара жатқан түр мәртебесіндегі тағы да 50 түр анықталды.
Адамдар мыңдаған жылдар бойы өсімдіктер мен жануарлар дүниесін пайдаланып келді және де өзінің жан- жақты тіршілігінде жануарлар мен өсімдіктердің пайдалы қорын қолданып ғана қойған жоқ, сонымен бірге табиғатты өзгерту арқылы көптеген түрлердің өмір сүру жағдайларына әсер етті. Табиғатқа антропогенді ықпал етудің әсерінен жер бетінде өсімдіктер мен жануарлардың кейбір түрлерінің жойылу процесі басталды.
Ғылыми-техникалық прогресс адамдардың қолына табиғат әлеміне әсер ететін күшті құралдар берді. Бұл құралдар қаншалықты пайдалы болса, соншалықты зиянды. Адамдар көбінесе кейде түсінбей, кейде салақтықтан табиғатты қалпына келтіру үшін ұзақ уақыт қажет болатынын ойламастан, оған қалай болса солай қарайды. Сыңсыған орманның орнындағы жанған түбірлер, су шайып өткен тау беткейлеріндегі жыртылған жерлер, ағаш ағызу кезінде ластанған өзендер. Осының бәрі сирек кездесетін көптеген бағалы аңдар мен өсімдіктердің құруына әкеп соғады.
Табиғатта пайда болған әрбір түр өзінші бірегей және ешқашан қайталанбайды, сондықтан да оның жойылуы - орны қайта толмайтын нәрсе. Және де бұл жоғалту қауымдастықтың бүтінділігі мен табиғаттағы жалпы тепе- теңдіктің бұзылуына әкеп соғады. Сондықтан да қазіргі кезде табиғатты қорғау мәселесі дүниежүзілік мәселеге айналып отыр. Бұл мәселе бүкіл әлемде маңызды мемлекеттік мәселе ретінде қаралады.

Кеміргіштер отряды - Rodentia - Грызуны

Жайралар тұқымдасы - Hystricidae - Дикобразы

Жайра - Hystrix indica - Индийский дикобраз

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Биология ғылымының жетістіктері
Жануарлар экологиясы
Органикалық дүниенің даму мәселелері
Омыртқасыз зертханалық жануарлар
Зоологияны оқыту процесінде фаунистик материалды қолдану
Қазақстанда табиғатты қорғау ғылым аспектілерінің орнығуы туралы мәлімет
Табиғатты қорғау мәселелері
Зертханалық жануарлар түрлері
Цитология лекция тест және бақылау сұрақтары глоссарий оқу құралы
ЕРЕКШЕ ҚОРҒАЛАТЫН ТАБИҒИ ТЕРРИТОРИЯЛАР ЭКОТУРИЗМ ДАМУЫНЫҢ НЕГІЗІ
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz