Алакөл көлдер жүйесіндегі жыртқыш балықтардың қоректенуі



КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
1 ӘДЕБИЕТТЕРГЕ ШОЛУ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
1.2 Қазақстандағы ихтиологиялық зерттеу жұмыстары ... ... ... ...
1.3 Алакөл көлдер жүйесінің физико.географиялық сипаттамасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
1.4 Алакөл көлдер жүйесінің гидрофаунасы балықтардың азық қоры ретінде ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
1.5 Алакөл көлдер жүйесінің ихтиофаунасы ... ... ... ... ... ... ... ... ...
2 ЗЕРТТЕУ МАТЕРИАЛДАРЫ ЖӘНЕ ӘДІСТЕРІ ... ... ... ... .
2.1 Балықтардың морфо.биологиялық сипаты ... ... ... ... ... ... ... ... ..
2.2 Гидрофаунаны жинау әдістері мен құралдары ... ... ... ... ... ... ...
2.3 Материалдарды лабораториялық және экспедициялық жағдайда анықтау және өңдеу әдістері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
2.4 Жыртқыш балықтардың қоректік компонеттерін өңдеу және анықтау әдістері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
3 ЗЕРТТЕУ НӘТИЖЕЛЕРІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
3.1 Алакөл көлдер жүйесіндегі гидробионттардың жыртқыш балықтардың қорегі ретінде маңызы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
3.2 Көксерке балығының қоректік компоненттеріне сипаттама ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... .
Барлық балық шаруашылық зерттеулердің негізгі мақсаты – өндірістік обьектілердің саның қайта қалпына келтіру. Балықтардың қоректенуі–олардың биологиясында негізгісі болып табылады. Қоректік базаның жағдайы мен балықтардың қоректенуінің ерекшеліктерін балықтардың миграция сипатымен, таралуымен және қозғалғыштығымен, өсу жылдамдығы немесе майлылығымен анықталады.
1 Руководство по изучению питания рыб в естественных условиях – Ленинград.,1939. -240 с.
2 Паллас П.С. Путишествия.-СПб.,1809.C-1-424.
3 Данилевский Н.Я. Краткий очерк. Уральского рыбного хозяйства ВестникРус. геогр. об-ва,1858. – Т.1. C.22.-56-74 )
4 Северцов Н.А. Жизнь красной рыбы в уральских водах// Журн.Мин. госуд.имущества,1863.-Т.83.- Вып.2.-92 с.
5 Берг Л.С. Рыбы Туркестана //Изв. Турк. Отд. РГО/ Науч. резты Арал. эксп. – СПб, 1905. – Т. 4. – Вып .6.- 262 c.
6 Хусаинова Н.З. Ихтиологические и гидробиологические исследование в Казахстане за 40 лет // Каз.гос. университет.им. С.М. Кирова к сорокалетию республики: Сб. статей. –Алма-Ата.: Казучпедгиз, 1961. C.294-313.
7 Володкин А.В. О развитии рыбохозяйственной науки на Аральском море // Сб. работ по ихтиологии и гидробиологии. – Алма-Ата.: АН.КазССР, 1961. – Вып.3. С.10-14.

Пән: Өнеркәсіп, Өндіріс
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 55 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының ғылым және білім министрлігі

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті

Қорғауға жіберілді

Биоалуантүрлілік және биоресурстар
кафедрасының меңгерушісі Айдосова С.С.

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

Тақырыбы: АЛАКӨЛ КӨЛДЕР ЖҮЙЕСІНДЕГІ ЖЫРТҚЫШ
БАЛЫҚТАРДЫҢ ҚОРЕКТЕНУІ

050408 - Балық шаруашылығы мамандығы бойынша

Орындаған Мадибекова М.Ж.

Ғылыми жетекшісі Сатыбалдиева Г.Қ.
б.ғ.к., доцент

Нормобақылаушы Суворова М.А.

Алматы, 2012

РЕФЕРАТ

Гидробиологиялық материал өндірістік практиканың бағдарламасын орындау барысында Алакөл көлдер жүйесіндегі көлдерінен 2011 жылы мамыр - қыркүйек айларында жиналды. Диплом жұмысы 60 бетте жазылған,3 тараудан және кіріспе мен қорытынды бөлімдерінен тұрады. Зерттеу нәтижелері ... ... ... ... ... .Қолданылған әдебиеттер тізімі - 34.
Диплом жұмысында кездесетін кілттік сөздер: гидрофауна, ихтиофауна, планктофаг, бентодаг, зоофаг,гидробиологиялық және ихтиотрофологиялық әдістер.
Зерттеу материалдарын жинау, өңдеу және талдау мақсатында классикалық гидробиологиялық және ихтиотрофологиялық әдістер қолданылды. Материал арнайы анықтауыштар арқылы анықталды.
Зерттеу материалдарының негізін планктонды, нектонды және бентосты организмдер құрады.

МАЗМҰНЫ

Б.

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

1
ӘДЕБИЕТТЕРГЕ ШОЛУ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

1.2
Қазақстандағы ихтиологиялық зерттеу жұмыстары ... ... ... ...

1.3
Алакөл көлдер жүйесінің физико-географиялық сипаттамасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..

1.4
Алакөл көлдер жүйесінің гидрофаунасы балықтардың азық қоры ретінде ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .

1.5
Алакөл көлдер жүйесінің ихтиофаунасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... .

2
ЗЕРТТЕУ МАТЕРИАЛДАРЫ ЖӘНЕ ӘДІСТЕРІ ... ... ... ... .

2.1
Балықтардың морфо-биологиялық сипаты ... ... ... ... ... ... ... . ... .

2.2
Гидрофаунаны жинау әдістері мен құралдары ... ... ... ... ... ... .. .

2.3
Материалдарды лабораториялық және экспедициялық жағдайда анықтау және өңдеу әдістері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

2.4
Жыртқыш балықтардың қоректік компонеттерін өңдеу және анықтау әдістері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .

3
ЗЕРТТЕУ НӘТИЖЕЛЕРІ ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ...

3.1
Алакөл көлдер жүйесіндегі гидробионттардың жыртқыш балықтардың қорегі ретінде маңызы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ..

3.2
Көксерке балығының қоректік компоненттеріне сипаттама ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... .



КІРІСПЕ

Барлық балық шаруашылық зерттеулердің негізгі мақсаты - өндірістік обьектілердің саның қайта қалпына келтіру. Балықтардың қоректенуі - олардың биологиясында негізгісі болып табылады. Қоректік базаның жағдайы мен балықтардың қоректенуінің ерекшеліктерін балықтардың миграция сипатымен, таралуымен және қозғалғыштығымен, өсу жылдамдығы немесе майлылығымен анықталады.
Балықтың қоректенуі, балықтың популяциясы, олардың таралуы суқоймаларда кездесетін гидробионттарға байланысты. Балықтардың уылдырық сатысынан бастап ересек сатысына дейінгі қорек тізбегін, қоректік рационының құрамы арқылы анықтауға болады. Балықтар қоректенуі бойынша планктофаг, бентофаг және зооофаг, яғни жыртқыштар деп бөлінеді. Көлді зерттей отырып көлдің гидрохимиясын, гидробионттарын, сонымен қатар балық қорегі ретіндегі маңыздылығын және көлде кездескен балықтарды қарастырдық [1].
Алакөл көлдер жүйесінде кездесетін балықтар тұқы, ақамур, торта, тыран, алабұға, көксерке, балқаш маринкасы, теңбіл талма балық, жалңаш көкбасжәне тағы басқа балықтар кездеседі. Солардың ішінде жыртқыштарға албұғалар және көксеркелер жатады.
Балықтардың қорегін зерттеп балықтардың қоректік компонеттерінің кездесу жиілігін, компоненттердің сандық және сапалық көрсеткіштерін анықтауға болады.
Жыртқыш балықтарға әдетте су жәндіктерімен, ұсақ балықтардың шабақтармен немесе балықтармен, кейбіреулері су кеміргіштерімен және ұсақ сүтқоректілермен қоректенетін балықтарды жатқызады.
Зерттеу материалдарын жинау, өңдеу және талдау мақсатында классикалық гидробиологиялық және ихтиотрофологиялық әдістер қолданылды. Материал арнайы анықтауыштар арқылы анықталды
Осы мәліметтерді ескере отырып, біздің жұмысымыз жыртқыш балықтардың, солардың ішінде көксеркенің қоректенуін зерттеуді қарастырдық.
Дипломдық жұмыстың мақсаты: Жыртқыш балықтардың (көксеркенің) коректік компонеттерін зерттеу.
Дипломдық жұмыстың міндеттері:
1) Көксеркенің қоректенуіндегі сапалық көрсеткіштерді зерттеу;
2) Көксеркенің қоректік компоненттері;
3) қорек компоненттердің сандық және сапалық көрсеткіштерін: а) ішектің толысу көрсеткішін; б) компоненттердің кездесу жиілігін; в)компоненттердің түрлік санын; г) компонеттердің өлшем санын; асты қабылдау индексін анықтау.

1 ӘДЕБИЕТТЕРГЕ ШОЛУ

1.1.Қазақстандағы ихтиологиялық зерттеу жұмыстары

Қазақстан суқоймаларын балық ресурстарына бай. XVIII-XX ғасырда
ірі натуралисттер, соның ішінде [2] П.С Паллас ең бірінші Орал, Ертіс, Каспий теңізін зерттеген. Ең бірінші балықтар туралы ғылыми мәліметтер Арал теңізі туралы 1820 жылы Г. Мейндарф жазды. Балқаш Іле және Алакөл бассейніндегі ихтиофауна 1840 жылы А.Л Шренк зерттеген. XIX ғасырда шамамен Республиканың барлық суқоймалары зерттелді. Каспий теңізінің ихтиофаунасын 1853-1857 жылы К.Э. Бэр және Н.Я. Данилевский [3] зерттеді. 1957-1972 жылдары ірі ғалымдардың бірі Н.А. Северцов ФедченкоА.Г - Сырдария, Орал, Іле өзендерін зерттеді [4] . Қазақстанның өзен-көлдерінің ихтиофаунасын Г.В. Никольский 1929-1940 жылдары Шу, Іле,Сырдария және Арал теңізін зерттеді[5]. Ал Балқаш көлінде атақты ғалымдар П.Ф. Домбарчев; Е.В. Бурмакин; Г.В. Домбровский; П.Л. Дрягин және көптеген ғалымдар[6].
Қазақстан ихтиофаунасы туралы мәліметтер Н.З.Хусаинова, А.В. Володкина [7] және М.Г. Дукровца [8], В.П. Митрафанов сияқты ірі ғалымдардың еңбектерінде кеңінен көрсетілген.
Және көптеген еңбектерін сіңірген қазақ балық шаруашылық институтының негізгі мамандарының тізімі :А.И. Горюнова, В.И. Ерещенко, П.Ф. Мартехов, И.К. Иванов, Н.П. Серов, Н.Г. Некрашевич, П.М. Коновалов, Г.П. Трифонов, И.А. Пивнев, Л.Н. Солонинова, Х.К. Исмуханов, Л.А. Федотова, Л.И. Фролова, К.П. Цыба, В.С. Башунов, Н.Н. Башунова, Н.Е. Быков, А.С. Стрельников, Ю.Н. Коломин, В.А. Мельников, С.Е. Якубовский, Н.Ф. Лысенко, Н.Е. Песериди, Р. Исламгазиева, Ю.Д. Новокшенов, А.А. Сливка, А.В. Володкин, Е.Л. Маркова, Е.Л. Галактионова, В.П. Абакумов, В.П. Сироткин, З.К. Ермаханов, А.В. Убаськин және тағы басқалар [9].
Ал Қазақ ұлттық университетінде (әл-Фараби) ихтиолог ғалымдар - В.П. Митрофанов, 1959-1960 ж, А.Ф. Сидорова, Т.М. Дукравец, А.А. Баимбетов, Ю.А. Бирюков, С.С. Кобегенова, В.В. Кормилин, В.К. Нездолий, А.Ш. Баекешев, С.К. Копылец және тағы басқа ғалымдар[9]. Қазақстанның суқоймаларын зерттеу 30-шы жылдары ихтиологиялық зерттеулерге байланысты - балық өнімділігін арттыру шаралары және балық ресурстарын оптимальді қолдану стратегиясы қабылданды.
Алакөл көлдерінде зерттеу жұмыстары ең бірінші 1840-1885 жылдары көлдің гидрофаунасын зерттеумен байланысты болды. Осы зерттеулерге ат салысқан ғалымдар: А.Л. Шренк, К.Ф. Кесслер, В. Петерс, О. Финша, А. Бэрма, В.И. Полякова сияқты ғалымдармен байланысты [9].
1939 жылы Н.Г. Некрашевич Алакөл көлінде көпжылдық зерттеулер жүргізді. Осы кезде тұқы жақсы бейімделді, себебі бұл Балқаш көлінен жерсіндірілген түр болып саналады. Осы зерттеулердің нәтижесінде Н.Г. Некрашевичтің "Рыбы Алакольских озер' деген кітабында , осы көлде кездесетін балықтардың морфологиялық және биологиялық сипаттамасы толық жазылған [10].
Алакөл көлдер жүйесіндегі әр көлдің балық өнімділігі анықталды, жлпы -1,7 кгга ауданның өнімділігі - 42 мың.ц. Алакөлде - 7, Қошқаркөлде -2, Сасықкөлде - 2. Алакөл көлдер жүйесінің негізгі ерекшеліктері, көлде кездесетің 2 түрлі алабұғаның болуында: жағалаулық (қамыстық) және пелагикалық [11]. Бұлар тек өсу темпі, өмір ұзақтығы, тұқымдылығы, қоректену спектрі арқылы ғана ерекшеленеді.
1980 жылдары көлдік жүйенің жағдайы күрт нашарлады, бұның себебі - сумен қамтамассыз етілудің төмендеуі. 1986 жылы 1970 жылмен салыстырғанда су деңгейі 2,4 м төмендеді. Бір көлдік жүйе 3 тұйық көлдерге бөлінді. Балық өнімділігі күрт төмендеп, әсіресе тұқының, аулануы 10 есе төмендеді. Осыған сәйкес көледер жүйесіне жүргізілетін бірнеше мелиорациялық шаралар жүргізілді. Арнайы балық өсіру зауыттарында жасанды жолмен балықтады өсіру қолға алынды [12]. Осымен қатар суқоймаға тыран балығын жерсіндіру жұмыстары атқарылды. Алакөл көлдеріне тыранды 1987-1988 жылдары жерсіндірді. 1992 жылы оның аулануы - 83 т, ал 1997 жылы -206 т жетті. Кейін 1990 жылдары су деңгейі қайта қалпына келіп, көлдер қайта байланысты.()
2000 жылы көлдердегі ихтиоценоздың пайда болу процестері зерттелді. Ихтиоценоз құпамының өзгеруінің нәтижесінде, жаңа түрлерді жерсіндіру кезінде байқағандай бір түрдің пайда болуы, екінші түрдің ығысуына алып келеді, яғни бәсекелестік пайда болады. Ең алғаш көлдердің экосистемасының математикалық моделі құрастырылды. Бірақ модель ретінде қолданылатын материалдың жетіспеушілігінен, биоценозды толық болжай алмамыз [13].
Ал балық қорегінің компонеттерін зерттеу туралы Пирожников Л.П 1953 жылы балықтың ішегінің ішіндегі асқортудың мезгілін белгілеп, компоненттерін санап, уақытын белгілеп, қорек шыққан уақыттан анықтады. Тортаның қоректенуі, туралы материал 1676-1979 жылдары Қапшағай суқоймасынан жиналған: 349 дана балықтың қоректенуінің ұзындығы 12,0-28,0 см, жасы 2 + -6+ (79,3%) және 7+-8+ (20,2%) балық арасында қарастырылған. Қорек тізбегіне 42 түр кірген, оның 14 зоопланктондар, бүйірімен жүзушілер, моллюскалар, насекомдар,омыртқасыздардың жұмыртқалары, тағы да макрофитті балдырлар, детриттер кездесті. Ең көп кездескен тортаның қореінде макрофиттер, балдырлар, мизидалар, дафниялар[13].
Сазанның 49 дана алынған 18-46 мм көлемдегілер зерттелген. Зоопланктондардан шаяндар және уақытша планктондармен (хирономид дернәсілдері) қоректенген. Орал өзенінің зоопланктондары балық шабақтарының өмірінде үлкен рөл атқарады [14].
Лысков В.Н Гусинное көліндегі балықтардың қоректенуі және қоректік қатынастары, орын ауыстыруы, жерсіндірілген балықтардың қоректенуі туралы жұмыс жасаған. Шығыс Сібір суқоймаларында балықтардың сол судағы балықтардың қоректік қарым қатынастарын анықтады. Жұмыстар Гусинное, Баин-Гол және тағы басқа өзендерде жүргізілді. Гусинное көлінен 200 ішек - қарын алып, 26-60 см ұзындықта, ал Цайдан көлінен 32 дана көлемі 35-50 см, жайын балығын алды. Жайын балығының негізгі қорегі сүліктер - Herpobdella octoculata - 26,1%, тағы гамаритдтер, жылғалықтардың дернәілі, моллюскалар және жоғарғы сатыдағы су өсімдіктері. 200 қарынның ішінен тек 3 жайын қарнында табан және алабұға қалдығы болған [15].
Табан суқойманың солтүстік жағалауынан ауланған, 20 дана балық анализге алынды. Каркул өзенінен көлемі 7,5 тен 14 мм арасында әкелінген, қоректік спектірі коловраткалар және зоопланктондар кездесті. Коловраткалардың ішінен Keratella tesfudo және су түбінен Bdelloidea , бұтақмұрттылардан - Ciclops vcinus vejanin кездескен [16,15].
К.Р. Фортунатов және басқа да көп авторлар балықтардың қорегіне нақты түсініктеме беру үшін күнделікті қоректік рационына сүйенген дұрыс деді. Неміс ғалымдары жыртқыш балықтардың қоректенуін зерттеп,жыртқыш балықтардың асқорту жүйесінде, асты тез қорытатын ферменттер көп кездеседі деді. Қыста жайын балығы кездеспейдә деуге болады. Амур жайыны қыста қоректенбейді [17].
Табан және сазан балығының қоректенуін зерттеу үшін 150 ішек-қарын зерттелді. 14-36 см көлемінде және 105 сазан ішек-қарынында, 26-60 см көлемінде балық зерттелінді. Ең негізгі қорегіхирономидтер дернәсілдері (20%), хирономидтер имагосы (17,3%), жылғалықтардың личинкасы (19%), моллюска,көктемдіктер дернәсілі және тағы басқа қоретік компоненттер кездесті Гусинное көлінің балықтарында планктондық қорек өте көп, өйткені көлдің түбінде тек бентостық қорекпен қоректенетін табан мен сазан балығы кездесті. Торта балығының қорегі зерттелді, 100 дана (11-24 см) және 260 (12,5-29 см) арасында балықтар алынды. Торта тек макрофиттермен қоректенеді.алабұға шабақ кезінде планктонмен қоректенеді, ал ересек алабұғаның қоректерінде 75%, торта ішегі және 77% алабұға ішегі бос болып шықты, ал қорек бар жердегі алабұға ішегіндегі дафния және жылғалықтардың дернәсілі кездесті [18].
Богоров В.Г жазылған жұмыстарында көрсетілген Кездесу жиілік немесе экземплярдың сандық әдісін топтардың ара қатынасын һте қатты бұрмалайды қоректік материал ретінде планктонның биомассасын қолдануынан жіне осыдан планктонжегіш балықтарды зерттеу туралы, өлшеу әдісін қолдану керек деген тұжырымға келді. Зианкевия А.А және Броаский В.А (1931 жыл) бойынша жасалынған, осының нәтижесінде арнайы инструкция жасалынды. Материалдарды жинау және өңдеу туралы балықтардың қоректенуін зерттеген.
Теңіз және тұщы суқоймаларының планктонжегіш балықтарының қоректенуі туралы негізгі әдебиеттер: негізінен Богорв әдістемесімен жүргізілген Кун, 1955 жыл әдісінен. Атлант және Мурман майшабақтарынның қоректенуіне Болдавстың, Мантефельдің жұмыстары алынған; Николаев И.П (1950 жылы) және басқа автор салакийдің және балтика шпротының қоректенуі туралы жұмыс жасаған.
Лишев 1950а, 1950б; Фортунатова, 1940, 1951, 1955, 1961а, 1964; Ковалев, 1958; Vasarheleyi, 1958; Woynarovich, 1958; Horoszewicz, 1960; Molnar, Tlg, 1961, 1963; Schmidt, 1968; Бурмакин, 1959; Скалкин, 1961, 1965; Новикова, 1962, 1966; Доманевский, 1963; Пиху и Пиху, 1970а [20].

1.2.Алакөл көлдер жүйесінің физико-географиялық сипаттамасы

Алакөл көлдер жүйесі негізінен 3 көлдік жүйеден тұрады. Сасықкөл, Қошқаркөл және Алакөл көлдер жүйесі және Балқаш бассейнінен 2 өзен ағып шығып, бассейнді құрап, бір аймаққа кіреді. Осылайша Алакөл көлдер жүйесін құрайды [21].
Алакөл көлі - Қазақстанның оңтүстік-шығыс бөлігінде Балқаш-Алакөл ойысының шығыс шетінде орналасқан. Солтүстігінде Тарбағатай, оңтүстігінде Жоңғар Алатауының етегіне ұласады. Шығысында Жалаңашкөл арқылы Жоңғар қақпасына жалғасады. Көршілес Сасықкөл, Ұялы, Жалаңашкөлдермен қосыла тізбектеліп Алакөл жүйесін құрайды. Ауданы 2200-2500 км2- ге дейін. Суының көлемі 58,5 млрд. м3. Ұзындығы 104 км, ені 52 км, орта тереңдігі 22,1 м (ең терең жері 54 м), жағалауының ұзындығы 384 км. Жалпы Алакөл жүйесінің су жиналған алабы 48 мың км2 - ге жуық. Орналасуы: Шығыс қазақстан мен Алматы облысының шекарасында Теңіз деңгейінен 347 м-де жатыр. Ұзындығы: 104 км ;ені: 52 км дейін; ең терең жері: 54 м; орташа тереңдігі: 22 м; мөлдірлігі: 1-3,5 м. Құйатын өзендері: 15 жуық өзендер.
Жалпы көл аралды, түбекті, шығанақты, мүйісті келеді. Жағасы негізінен жазық, төрттік кезеңнің әр түрлі борпылдақ жыныстарынан және солтүстік-шығыс жағасы эолдық шөгінділерден түзілген. Үлкен және Кішкене Аралтөбе, Белқұдық тағы басқа аралдары бар. Атырабының климаты шұғыл континеттік. Суының мамыр - караша аралығындағы орташа температурасы 4,5 - тан 15,3 С° - қа дейін; әсіресе қыркүйек айында суы жақсы жылынады. Айдынның бетімен есетін желдің жылдамдығы минутына 2 - 60 мс; күзде және қыста күшейеді. Ең күшті толқындарының биіктігі 2 - 2,5 м. Қарашаның соңына қарай мұз қата бастайды, ақпанда оның қалыңдығы 0,8 м жетеді. Мамырда мұзы ериді. Алакөлге 15 астам шағын өзен құяды. Үржар, Еміл, Қатынсу, Жаманты, Жаманөткел, Тасты тағы басқа. Алакөлдің көлемі үнемі ауытқып отырады. Мысалы: көл деңгейі 1909 - 1946 жылдар аралығында 5,27 метрге төмендегені анықталды, 1947-1974 ж. Керісінше 7,18 метрге көтерілді. 1975 жылдан көлдің аздап тартыла бастағаны байқалады. Судың минералдығы ауытқып отырады және тереңдеген сайын бұл біршама арта түседі. Химиялық құрамына келетін болсақ көл суы - хлоридті-натрийлі келеді. Алакөл фитопланктоны құрамында балдырдың 58 түрі, зоопланктонның 80 түрі бар. Балыққа бай (алабұға, шармай, көксерке, көкбас, сазан тағы басқа). Алакөл суында балықтың 24 түрі мекендейді. Аққу, қаз, үйрек, балықшы, бірқазан тағы басқа құстар, қамыс арасында теңбіл мысық, өзен сағаларында ондатр кездеседі. Жағалауы - шабындық және жайылым. Жағасында Көктұма, Рыбачье, Жарбұлақ тағы басқа елді мекендер бар.
Мамырдың аяғында су температурасы + 7... +15 С болады. Акватория бойынша су минерализациясы 1,2-11,6 гл. Құрамы жағынан су хлоридті-натрийлі және хлоридті-сульфатты-натрийлі болып келеді. Алакөлдің құрамындағы фтор мен бромның деңгейі жоғары.
Алакөл көлі ежелден өзінің емдік қасиетімен танымал. Теңіз деңгейінен 579 м биіктікте және Алакөл көлінен 2 км қашықтықта. Барлық минералды бұлақтары орналасқан. Алакөл суының 1 литрінде 8 гр тұз бар.
Алакөл көлі Қазақстанның ішкі бөгендері арасындағы көлемі жағынан екінші және республиканың ағынсыз көлдердің арасындағы жалғыз терең көл болып табылады. Алакөлдің су көлемі Балқаштың су көлемінің жартысына тең және Бұқтырма мен Волга бөгендерінің су көлемдерінен артық. Ені мен биіктігі көп жылғы су деңгейінің тербелісі кезеңіне байланысты өзгеретін клиф етегінің оңтүстік-батыс және оңтүстік-шығыс жағалауларының жемірілген бойы қиыршық тасты жағажайға дейін жайылған. Бұл жердегі қайталама жинақталудың пайда болу сипаты қорғаныс шығанағын құратын малта тасты енсіз түбек болып табылады. Енсіз түбектің ені мен биіктігі де көп жылғы су деңгейінің тербелісіне байланысты өзгереді.
Соңғы 25 жылда көлдің жағалау сызығының бойы опырылуы нәтижесінде шығыс жағалауы аймағы құлап, құрлықтың 300 метр тереңдігінде қалды. Жыл сайынғы жағалау сызығының опырылуы құрлық тереңдігінен орташа алғанда 10-30 метрге дейін жетеді. Шығыс Қазақстан облысы, Үржар ауданы, Қабанбай ауылында жағалау сызығының опырылуы нәтижесінде Алакөл көлінің жағалауында орналасқан демалыс үйлері, жағалаудағы ғимараттарды қосатын жалпы ұзындығы 1800 метрге төселген асфальт жол бұзылды [22,23].

Сурет 1- Алакөл көлдер жүйесінің картадан көрінісі

1.2.Алакөл көлдер жүйесінің гидрофаунасы

Алакөл көлдер жүйесіне жасалған гидробиологиялық зерттеулер жоспарлы немесе жүйелі түрде жүргізілген. Ең алғаш гидрофауна туралы мәліметтер 1940 жылы ВНИОРХ Балқаш гидробиологиялық отрядымен жиналған. Бұл Алакөл көлін солтүстік батыс бөлігін, Ұялы (Қошқаркөл) және Сасықкөл көлдерін зерттеген. Осы зерттеу нәтижесінде Н.О Савинаның (1941 ж) жұмысында байқалған. Ол планктонның биологиялық массасын анықтап, түрлік құрамын зерттеді [24].
Сасықкөл көлінің зоопланктон құрамы
Зоопланктон құрамында омыртқасыз жануарлардың 13 таксоны белгіленді. Көктемде тек қана ескекаяқты шаяндар таралған - Mesocyclops leuckarti және Arctodiaptomus salinus ( кездесу жиілігі 89 %). Жазда барлық жерде (100 %) кездесетіндер арасынан түрлер көрсетілген, сонымен қатар бұтақмұрттылар туысы Diaphanosoma, Daphnia galeata және жылысүйгіш Thermocyclops crassus.

Кесте 1 - Сасықкөл көлінің зоопланктон ауданы бойынша маусымдық динамикасының саны ( мың.дана.м3) мен биомассасы (Б, мгм3), 2008ж
Аудандар
Жұмырқұрттар
Бұтақмұрттылар
Ескекаяқтылар
Барлығы

С
Б
С
Б
С
Б
С
Б
Мамыр
Батыс
-
-
0,60
26,0
13,00
1260,1
13,60
1286,1
Солтүстік - Шығыс
-
-
0,04
1,6
11,26
76,7
11,30
78,3
Оңтүстік - Шығыс
0,06
1,0
-
-
11,56
94,0
11,62
95,0
Орташа
0,02
0,3
0,21
9,2
11,94
326,0
12,18
486,3
Маусым
Батыс
0,3
1,1
14,56
607,0
7,07
323,6
21,92
931,7
Солтүстік - Шығыс
0,2
1,7
13,46
384,7
10,1
229,3
23,88
615,7
Оңтүстік - Шығыс
-
-
6,71
291,6
9,4
201,8
16,06
493,4
Орташа
0,1
0,9
5,82
427,8
4,4
251,5
20,60
680,2

Көктемде көлдің барлық акваториясында сандық көрсеткішті ескекаяқты шаяндар құрайды, ол 98 % алып жатыр. Түрлердің саны бірдей болғанымен батыс аудандарда биомасса ең үлкен көрсеткіш көрсетті (кесте 1). Ол ірі жыныстық жетілген түрлер мен диаптомустың копеподит сатысынан қалыптасқан (89,8 %). Басқа аудандарда акватория бойынша ұсақ денелі мезоциклоп ( массасы 49) және диаптомус шабағы (48 %) басты орын алды. Нәтижесінде, батыс ауданның зоопланктон биомассасы біркелкі қоректі деп бағаланса, суқойманың қорегі бойынша, басқа аудандармен салыстырсақ төмен [24].
Жазғы бұтақмұртты шаяндардың топтарының даму есебінеде, маусымда планктон концентрациясы 1,7 есе, масса екі есе жоғарылады. Диафанозомалар доминантты болды. Кладоцералардың көл бойынша орташа саны 48 %, салмағы 63 % құрайды. Суқойманың батыс және солтүстік - шығыс аудандарында екі көрсеткіште өскен, бірақ биомассаның көлемі төменгі шегіне жеткен. Батыс ауданда зоопланктон массасы көктемдегідей тым жоғары болды, оның көлемі жоғары қорек деңгейіне дейін жетті.
Қошқаркөл көлінің зоопланктон құрамы. Көл зоопланктонының пелагикалық құрамы бай емес, аздап алуан түрлілік тек жазда 9 таксон болса, көктемге қарай - 3 кемиді. Тұрақты мекендеушілер болып, Сасықкөл көліндегі сияқты ескекаяқты шаяндар түрі M.leukarti, A.salinus және Th.crassus кездеседі. Жазда доминантты түрлер құрамын толтырған D.lacustris. Мамыр айында планктонда толығымен жұмырқұрттар мен бұтақмұртты шаяндар болмайды [25].
Қорек қорының саны мен биомассасы мамырда тек қана ескекаяқтылармен қалыптасты, көбіне, жыныстық жетілмеген диаптомустар маусымға қарағанда (кесте 2) екі есе көп болады. Мамыр айында биомассаның негізін диаптомус ( 75 %) құраса, ал маусымда диафанозома ( 67 %). Жазда сандық көрсеткіштің тез төмендеуі, балықтардың осы кезеңде жоғары өнімді диафанозомалармен қарқынды қоректенуі нәтижесінде. Қошқаркөл көлінде зоопланктон биомассасы мамыр және маусым айларында қорек деңгейі ең төмен деп есептелінеді.

Кесте 2 - Қошқаркөл көлі зоопланктонының маусымдық динамикасының саны (С, мың. данам3) мен биомассы (Б, мгм3), 2011ж

Айы, жылы
Жұмырқұрттар
Бұтақмұрттылар
Ескекаяқтылар
Барлығы

С
Б
С
Б
С
Б
С
Б
Мамыр
-
-
-
-
9,90
175,6
9,90
175,6
Маусым
0,02
3,8
3,81
67,2
2,01
31,0
5,93
98,3

Алакөл көлінің зоопланктон құрамы. Берілген көлдің планктонының фауналық құрамы - 35 таксон, алдыңғы екеуіне қарағанда едәуір әр түрлі. Бұл үлкен су көлемінің массасының және өзен периметірі бойынша биотоптардың өзгеше алынуымен қабылданған. Зоопланктон құрамының алуан түрлілігі шамамен ұқсас болды, бірдей түрлерден - 24 және 20 кездесті. Әр түрлілігі бойынша жұмырқұрттар топтары бірінші болып, жалпы құраманың - 49 % алып отыр. Осы топтың едәуір түрі көптеген жерге таралған. Планктон тобының құрамына жұмырқұрттардан Brachionus calyciflorus, B.quadridentatus, B.plicatilis, түрдің туысы Keratella және Asplanchna, Hexarthra fennica, шаяндар Ceriodaphnia reticulata мен C. quadrangula, Moina brachiata, A. salinus және M. leuckarti ( кездесу жиілігтері 42 - 100%) [15, 26].

Кесте 3 - Алакөл көлі зоопланктонының аудандар бойынша маусымдық динамикасының саны (С, мың.дана.м3) мен биомассы (Б, мгм3), 2008ж

Аудандар
Жұмырқұрттар
Бұтақмұрттылар
Ескекаяқтылар
Барлығы

С
Б
С
Б
С
Б
С
Б
Мамыр
Батыс
0,01
0,01
-
-
0,70
19,8
0,70
19,8
Солтүстік
12,10
104,3
0,31
6,1
5,58
39,0
18,00
149,3

Кесте 3- жалғасы
Шығыс
30,81
794,6
-
-
4,68
30,4
35,49
825,0
Орташа
14,31
299,6
0,1
2,0
3,65
29,7
18,06
331,4
Маусым
Батыс
1,47
5,1
0,09
2,3
0,32
0,9
1,87
8,4
Солтүстік
1,62
8,9
0,74
15,2
1,15
4,2
3,51
28,3
Шығыс
2,11
30,9
4,13
38,9
2,12
17,5
8,36
87,2
Оңтүстік
1,59
8,5
0,01
0,2
0,27
2,4
1,86
11,1
Орташа
1,70
13,4
1,24
14,2
0,96
6,2
3,90
33,8

Мамыр айында планктонда ең көп копеподалар таралған, диаптомустың арқасында (76 және 89 %, барлық көрсеткіштен), маусымда - жұмырқұрттар - B.quadridentatus (78 және 61 %). Көктемде солтүстік ауданында омыртқасыздардың концентрациясының өскені байқалды, ал шығыста олар максимальді болды. Екі ауданда да жұмырқұрттар көрсеткіштері жоғары (67 - 87 % саны, 70 - 96 % массасы бойынша). Бірінші ауданда - B. Calyciflorus (40 және 46 %), екіншісінде - A.henrietta (76 және 93 %). Жұмырқұрттардың планктонда массасының өте жоғары болуы, шығыс ауданына Эмель өзенінің құюымен байланысты, басқа көлдердің акваторияларына қарағанда аздап биогенді затқа бай. Жалпы жұмырқұрттар өте ұсақ болғандықтан, саны бойынша толығымен төмен массаны құрайды - 825 мгм3.
Зоопланктонның көл бойынша орташа көрсеткіші маусымда 5 тен 10 есеге дейін төмендеген, мамырға қарағанда және барлық аудандар да шкала бойынша өте төмен деп бағаланды.
Көлдегі зоопланктон биомассасының көрсеткіші көп жылдық мәліметтер бойынша салыстырсақ (кесте 4) маусымдық және жылдық ауытқулары едәуір екен. Сасықкөл көлінің көптеген қорлары төрт жылдық айналымда 0,3 тен 5,4 гм3 дейін ауытқыған, өте төменнен жоғарыға шегіне дейін алмасқан. Соңғы жылы көрсеткіштер кенеттен үш есе төмендегені байқалған, былтырғы жылға қарағанда. Жоғары көлемдегі биомасса көлдің батыс және солтүстік - шығыс аудандарына әдеттегідей болды, онда ірі шаяндар диаптомустар (көктем) немесе диафанозомалар (жазда) доминанттылық көрсетті. Оңтүстік - шығыс қорық аудандарында планктон массасының қалдықтарыны төмендеп кетуі балықтардың қарқынды қоректенуімен ескертіленіледі.

Кесте 4 - Көл жүйелерінің ауданы бойынша зоопланктон биомассаның көпжылдық динамикасы (мгм3)

Аудандар
2005
2006
2007
2008
Орташа

06
08
06
08
05
07
05
06

Сасықкөл көлі
Батыс
8986
2310
1318
2872
216
2406
1286
932
2541
Солтүстік - шығыс
4335
302
1654
1845
2224
4218
78
616
1909
Оңтүстік - шығыс
1742
397
1597
2763
295
1619
95
493
1125
Орташа
5021
1003
1523
2493
912
2748
486
680
1858
Қошқаркөл көлі
Орташа
1618
1623
75
2212
683
884
176
98
921
Алакөл көлі
Батыс
1193
237
168
128
17
59
20
8
229
Солтүстік
1536
623
680
299
357
319
149
28
499
Шығыс
2992
1212
477
334
249
422
825
87
825
Оңтүстк
67
318
212
60
-
217
-
11
111
Орташа
1447
598
384
205
156
254
248
34
420

Қошқаркөл көлінде көрсетілген жылдар тізімінде планктон биомассасы өте төменнен 0,07 ден 2,2 гм3 жоғары қорек деңгейіне дейін ауытқыған, даму нәтижесінде доминантты түрлер Сасықкөл көлінде де кездескендер Қошқаркөл көлімен салыстырсақ Алакөл көлінің жағалауындағы аудандардағы көрсеткіштер өте төмен, майда түрлері екі есеге азайған. Зоопланктон азықтары Алакөл аудандары шкала трофность бойынша өте төменнен төмен деңгейге дейін бағаланады. Эмель өзені құятын аймақта шығыс ауданының мөлшері көбірек болып көзге түскен. Көлдің осы аймағында зоопланктон массасы жылдар бойы ауысқан 2.99 гм3. Басты ценозды жұмырқұрттар құрады. Көбірек минералданған оңтүстік және батыс аудандарда биомасса көрсеткіші өте төмен болды. Бұндай маусымдық және жылдық өзгерістер, көбінесе, тұтынушылардың қоректі қарқынды жеуі әр түрлі процессте өтеді.
Қошқаркөл мен Сасықкөл көлідерінде зоопланктон динамикасының дамуын бақыласақ толқын тәрізді (2 сурет бойынша). Оларда қорек қорының биомассасының максимальды даму кезеңі шілде немесе тамыз айларынада болған.
Алакөл көлінің планктон жағалауында жұмырқұрттарды бақылауға алған кезеден бастап динамикасының басқа типі басымдырақ болған. Жылдар мен мерзімдер бойы суқойма үшін тұрақты орта массасының төмендеуі, көбіне желінген деп сипатталынды.
Соңғы жылдары жем қорының төмендеуі және қарқынды қоректену, көбіне балық шабақтары санының көбеюіне байланысты.

Алакөл көлі

Сурет 2 - Алакөл, Сасықкөл, Қошқаркөл көлдерінің зоопланктон биомассасының көпжылдық динамикасы

Негізінен суқоймадағы балықөнімділігін есептеу үшін жаздағы зоопланктон биомассасы ( В), оның өніміділігі ( Р) есептелінген. Берілген аймақтың доминантты түрлері мен топтарына РВ коэффициенті қолданылады. Балықтар планктонның нақты 60 % қоректенеді (RF) және қорек коэффициентінің мөлшері зоопланктон бойынша 10 тең. Аудан бойынша балықөнімділігнің мөлшерін ( PF) және басқаларын жеке ауданға ауыстыру үшін өзеннің орташа тереңдігі есептелінді. Жалпы жануарлардың өнімділік жиынтығын анықтау үшін жыртқыш емес жануарлар кірді, ал жыртқыштардың рационын жалпы көрсеткіштен алып тастады [30]. Жыртқыштарға циклоптардың және жұмырқұрттардың аспланхн тұқымдасының тең жартысы жатады. Климаты ұқсас аймақтарда жыртқыш емес жануарлар бөлімнің рационы орташа есеппен өнімділіктің 25 % құрады.
Сасықкөл көлінің зоопланктон өнімі оңтүстік - шығыстан, батыс ауданына дейін өсті (кесте 5). Мүмкін, ихтиомасса өсімінің көбейгені зоопланктон есебінде. Балықөнімділігінің мөлшерін көлдің аудандары бойынша есептегенде 2.2 - 4.6 кгга құрады.
Кесте 3.5 - Алакөл көл жүйесінің аудандары бойынша зоопланктон өнімін және балық өнімділігін есептеу, маусым 2008ж.

Кесте 5- Алакөл көл жүйесінің аудандары бойынша зоопланктон өнімін және балық өнімділігін есептеу.

Аудандар
В, гм[3]
Р, гм[3]
Р, гм[2]
RF, гм 2
PF, гм 2
P, кгга
Сасықкөл көлі
Батыс
0,93
3,90
7,68
4,61
0,46
4,6
Солтүстік - шығыс
0,62
2,52
3,96
2,38
0,24
2,4
Оңтүстік - шығыс
0,49
1,99
3,58
2,15
0,22
2,2
Орташа
0,68
2,80
5,07
3,05
0,31
3,1
Қошқаркөл көлі
Орташа
0,10
0,45
1,22
0,73
0,07
0,7
Алакөл көлі
Батыс
0,01
0,02
0,03
0,02
0,002
0,02
Солтүстік
0,03
0,12
0,39
0,23
0,023
0,2
Шығыс
0,09
0,30
1,13
0,68
0,068
0,7
Оңтүстік
0,01
0,05
0,22
0,13
0,013
0,1
Орташа
0,03
0,49
0,44
0,26
0,026
0,3


Сасықкөл көлінің зообентос құрамы. Сасықкөл көлінің бентофаунасында айында 2 топ кездесті, хирономидтер 3 және олигохеттер. Барлық акваторияда доминантты организмдер болып, олигохеттер мен Chironomus plumosus Linne саналды. Қалған өкілдері сирек болды. Олигохеттер сандық көрсеткіштің 69%, ал биомассаның бесінші бөлігін құрады (кесте 6). Ch. plumosus үлесіне жалпы сандық көрсеткіші 35%, ал жалпы биомассаның төрттен үш бөлігі тиді.

Кесте 6 - Алакөл көл жүйесі бойынша, суқойманың кәсіпшілік аудандарының саны (экз.м2) мен биомассасын (мгм2) таралуы

Топтар
Сасықкөл көлі
Қошқаркөл көлі
Алакөл көлі

О - Ш
С- Ш
О - Б
Орташа

Ш
С
Орт
Саны
Олигохеты
40
13
170
89
640
27
74
58
Хирономиды
140
13
60
61
1000
385
392
390
Другие
-
-
-
-
-
13
33
27
Итого:
180
26
230
151
1640
425
499
475
Биомассасы
Олигохеты
100
13
185
109
2160
7
61
41
Хирономиды
280
120
740
431
560
986
337
553
Другие
-
-
-
-
-
7
47
34
Итого:
380
133
925
540
2720
1000
445
628
Ескертулер: 1 - О-Ш - оңтүстік-шығыс аудандар, 4 - Ш - шығыс аудан,
2 - С-Ш - солтүстік - шығыс аудандар, 5 - С - солтүстік аудан,
3 - О-Б - оңтүстік - батыс

Көлдің оңтүстік - батыс аудандарында зообентос деңгейінің максимальды дамуы байқалды, бірақ қоректік деңгейі төмен болды. Бұл жерде тек қана азқылтанды құрттар және Ch. plumosus мекендейді. Хирономидтер үшін олигохеттердің ұқсас сандық көрсеткіштері үш есе көтерілді. Биомассасның 80% Ch. Plumosus қалыптастырды.
Көлдің солтүстік - шығыс ауданының бентофаунасының құрамы кедей. Tubifex sp. және Ch. Рlumosus кездесті. Екі топтың сандық көрсеткіштері бірдей болғанымен, жалпы биомасса көрсеткіштері бойынша хирономидтер - 90% бірінші болды. Зообентостың қорек деңгейі классификация бойынша, ең төмен классқа лайық .
Оңтүстік - шығыс аудандарда сутүбі жануарларының алуан түрлілігі өте жоғары екені байқалды. Екі топтан 4 таксон кездесті: олигохеттер - 1, хирономидтер - 3. Доминантты болған хирономус - 56% саны және 47% биомассасы. Олигохеттердің көрсеткіштері екі есе төмен болды. Сутүбі жануарларының аудан бойынша қалған биомассасының көлемі ең төмен қорек деңгейіне тең.
Сасықкөл көлінің макрозообентос биомассасын мамыр айында ультраолиготрофты суқойма деп сипатталынды.
Сасықкөл көлінің зообентос құрамында үш топтан 9 таксон кездесті. Бұлар олигохеттер - 1, мизидалар - 2, хирономид личинкалары - 6. Барлық
жерде жиі мизидалар кездесті, екі есе сирек Ch. plumosus личинкалары. Қалған өкілдері сирек кездесті. Суқойма бойынша орташа максимальды тығыздылықты хирономус (42 %) құрады, биомассаның үштен бір - ақ бөлігін қалыптастырды. Paramysis intermedia Czerniavsk мизида үлкен дараларының массасының саны 37 %, биомассаның 32% құрады.
Оңтүстік - шығыс аудандардың бентофаунасы олигохеттерден-1, хирономидтерден-4 және мизидалардан тұрды. Доминантты болған олигохеттер, жалпы сандық көрсеткішітің - 38%, ал биомассаның 63% құрады ( кесте 7). Осы көрсетілген акваторияның зообентос биомассасы ең төмен қоректік деңгейге тең.

Кесте 7 - Алакөл көл жүйесі бойынша, кәсіпшілік суқойма аудандарының саны (экз.м2) мен биомассасын (мгм2) таралуы.
Топтар
Сасықкөл
Қошқаркөл
Алакөл

О - Ш
С- Ш
О - Б
Орташа

Б
Ш
С
О
Орт
Саны
Олигохеттер
140
0
0
35
0
0
0
0
80
20
Хирономидтер
220
80
140
110
187
319
120
385
373
300
Мизидалар
5
114
232
117
628
-
-
-
-
-
Басқалары
0
0
0
0
0
27
0
40
39
23
Барлығы :
365
194
372
262
815
346
120
425
492
343
Мизида үлесі (%)
1
59
62
45
77
-
-
-
-
-

Кесте 7- жалғасы
Биомассасы
Олигохеттер
154
0
0
39
0
0
0
0
13
3
Хирономидтер
80
27
223
116
121
160
84
61
157
127
Мизидалар
12
219
663,5
298
896
-
-
-
-
-
Басқалары
0
0
0
0
0
27
0
11
33
11
Барлығы :
246
246
886,5
453
1017
187
84
72
203
141
Мизида үлесі (%)
5
89
75
66
88
-
-
-
-
-
Ескертулер: 1 - О-Ш - оңтүстік-шығыс аудандар, 5 - Ш - шығыс аудан,
2 - С-Ш - солтүстік - шығыс ауданда, 6 - С - солтүстік аудан,
3 - О-Б - оңтүстік - батыс ауданда, 7 - О - Оңтүстік аудан,
4 - Б - батыс аудан

Солтүстік - шығыс зообентос аудандарында хирономидтер - 2 мен мизидалар - 2 кездесті. Ch. plumosus пен P. intermedia особьтарының тығыздықтары бірдей деңгейіде. Бірақ, биомассасның 89% мизидалар қалыптастырды. Бентос организмдерінің даму деңгейін ең төмен қоректік класс деп сипатталынды.
Оңтүстік - батыс зообентос аудандарын хирономидтер және мизидалар құрады. Көл үшін қорек қорының сандық көрсеткішітері максимальды болды. P. intermedia осы ауданда доминант болып есептелінді, оның саны 58 %, ал биомассасы 68%. Биомасса көлемі өте төмен қоректік деңгейде болды.
Сонымен қатар, көктемде ультраолиготрофты суқойма типіне суқойманың жазғы бентос биомассасыда жатады. Бұл доминантты хирономид топтарының гетеротропты қалыптасуынан. Сутүбіндегі қорек қорын қалыптастыруда мизидалар маңызды. Көлдегі орташа биомасса үлесі үштен екі. Көлдегі қорек қорының тұрақты болуы, мизиданың даму кезіндегі циклдің кенет болмауынан.
Қошқаркөл көлінің зообентос құрамы. Қошқаркөл көлінде көктемде сутүбі гидробионттарынан олигохеттер және Polypedilum bicrenatum Kieffer хирономид түрі кездесті. Хирономидтер саны көрсеткіштен 1.5 есе жоғары болды ( кесте 3.6). P. bicernatum дара массасының төмен болғандықтан, басты биомассаны азқылтанды құрттар (79%) құрайдна пресноводных [25].
Қошқаркөл көлінде жазғы зообентосты мизидалар - 2 мен хирономидтер - 4 қалыптастырды. Көп тараған мизидалар болды. Хирономидтердың кездесу жиілігі әр түрлі (30%). Сандық пробаларда р.Henslowiana қосжақтаулы моллюскалары кездесті.
Сандық жоспар бойынша, төрттен үш бөлігін мизидалар P. intermedia ( жалпы биомассаның 83%) құрады. Доминанттардың таяз зонада үйренгендігінен, судың жағалаулық зоналары ең өнімді бөлік деп саналынды. Ch. plumosus үлесіне 16 саныдық және 11% массасы тиді. Басқа компоненттердің рөлі шамалы. Жазғы кезеңде Қошқаркөл көлінде зообентос биомассасының жиынтығы өте төмен қорек классына жатты.
Алакөл көлінің зообентос құрамы. Суқойманың бентофаунасында 18 таксон анықталған. Бұлар хирономидтер - 16, олигохеттер - 1 және цератопогонидалар - 1. Жоғарыда аталған топтар солтүстік және шығыс аудандарда жиі және біркелкі кездесті. Батыс аудан бойынша зообентоста кездеспеді.
Хирономидтер - көлдің басты компоненттері ( кесте 3.6). Ең жоғары тығыздылықты (жалпы жиынтықтың 30 %) Cryptocladopelma viridula (Fabricius) құрады. Биомасса көбінесе Ch. plumosus (Linne) (53%) үлесінде қалыптасты.
Солтүстік ауданда сутүбі жануарларының құрамында олигохеттер - 1 , хирономид личинкалары - 12 және цератопогонидалар - 1 болды. Осылардың ішінде орташа тығыздылықты (19 және13 %) Harnischia fuscimana Kieffer және Stictochironomus gr. histrio (Fabricius) қалыптастырды. Зерттеу кезінде көрсетілген дара организмдердің биомассасы 10% аз. Көлдің солтүстік бөлігінде бентос омыртқасыздарының ішінен биомассаның төртен бір бөлігін ірі Ch. рlumosus құрады. Суқойманың солтүстік бөлігінде зообентос саны максимальді болғанмен, биомассасы өте төмен қоректі болды.
Олигохеттер - 1, хирономидтер - 11 және цератопогонидалар шығыс ауданның макрозообентосын құрады. Хирономида Cryptocladopelma viridula (Fabricius) басты сандық көрсеткішті (75%) құрады. Ch. рlumosus личинкаларымен (67%) қалыптасқан сутүбі омыртқасыздарының биомассасы 1гм2, өте төмен деп есептелінді.
Алакөл көлінің көктемдегі зообентос биомассасының көлемі шкала трофность бойынша, өте төмен қоректі.
Жазғы зообентос құрамында 19 таксон анықталынды. Бұлар хирономидтер - 15, олигохеттер - 1, біркүндіктер - 1, мокрецтер - 1, мизидалар - 1. Хирономид личинкалары барлық жерде кездесті, аздап сиректеу - мокрец личинкалары (75%), қалған өкілдері өте сирек. Көктемгі кезең сияқты, жалпы саны мен биомассаның 80 % хиономид личинкалары құрайды [26].
Зообентостың ең жоғары сандық көрсеткіші оңтүстік ауданда болды (кесте 7). Акваторияда сутүбі жануарларынан олигохеттер (1), хирономидтер (7), цератопогонидалар (1) және біркүндіктер (1) кездесті. Ең жоғары тығыздылықты Cladotanytarsus гр.mancus Walker хирономид личинкасы қалыптастырды. Хиронмид қуыршағы биомассаның төрттен бір бөлігін қалыптастырды, бұл өте төмен қорек классына сәйкес.
Батыс ауданның бентофаунасын хирономидтер 7таксон мен цератопогонидалар 1 құрады. P. bicrenatum (шамамен 60 %) басты сандық көрсеткішті көрсетті. Акватория бойынша бентостың қорек деңгейі ең төмен классқа жатты.
Солтүстік ауданның бентофауна құрамында хирономидтер 11 таксон мен цератопогонидалар - 1 кездесті. Cricotopus silvestris Fabricius майда хирономид личинкасы, шамамен үштен бір сандық көрсеткішті құрады. Басты биомассаны хирономид қуыршақтары қалыптастырды. Классификация бойынша, өндірс аудандарының зообентос деңгейі ең төмені.
Шығыс ауданының зообентосы хирономидтерден тұрды 2 таксон, басты лидер болған Stictochironomus gr. histrio Fabricius. Хирономидтердің сандық дамуы көлде де минимальды болды, бұл ең төмен қорек деңгейіне сәйкес.
Хирономид жануарлар тобында орташа сандық көрсеткштің доминанты, суқойманың көктемгі көрсеткіштерінен жазда айырмашылық байқалмады. Сонымен, ірі хирономидтердің суқоймадан ұшу нәтижесінде биомасса көлемі 3.5 есе төмендеді. Жинау кезінде түлеген болар. Суқоймада көктемдегі кезең сияқты жазда да зообентос даму деңгейі ультраолиготрофты болады.
Сасықкөл мен Қошқаркөл көлдерінде омыртқасыз жануарлардың бентофаунадағы басты компоненттері болып шаянтәрізділерден - мизидалар және хиорномид личинкалары саналады. Жазғы бентос суқоймасында мизидалардың үлесі көбейген, бұл көбіне көктемде ересек хирономидтердің көптеп ұшуына байланысты. Бұл хирономидтердің суқоймада тұрақсыз екендігіне байланысты. Маусымдық динамиканың көктемнен жазға дейінгі жалпы көрсеткіштерінің төмендеуі нәтижесінде осы топтардың биологиялық ерекшеліктіктері және қорекпен қарқынды қоректенуі сипатталады.
Сонымен қатар барлық өндірістік аудандар жүйесі бойынша бентос биомассасы төмен және өте төмен қоректі. Бәлкім бұл көл жүйесіндегі су деңгейінің төмендеуінен болар.
Көлдегі төртжылдық динамиканың биомассасына талдау жасағанда бірлестіктің өзгергіштігі көрнекті болған (сурет 3.2). Сасықкөл және Алакөл көлдерінде осы жылы биомасса төмендеген. Қошқаркөл көлінде 2006 - 2007 жж. қарағанда көрсеткіштері өскен[25].

Сурет 3 - Алакөл көл жүйесінің зообентос биомассасының көпжылдық динамикасы [25].

Негізнен 2008ж. сәуір - мамыр айларында бентос организмдерінің қалған биомассасының (В) көлемі және өнімділікгі (Р) шамамен вегетациялық кезеңнің 5 айына саналынды. Жеке таксономиялық топтарға РВ коэффициенті пайдаланылды. Жыртқыш организмдерінің жалпы өнім жиынтығынан алған үлесі 10% (бар болғаны), олардың рационы бентостағы жыртқыш емес өнімінің 37% құрады. Бентоста жыртқыш түрлерден хирономид личинкалары P. ferruqineus, р. Cricotopus, Tanypus және Cryptochironomus кездесті. Көктемде Алакөл және Қошқаркөл көлдерінен макрозообентос биомассасының максимальды көрсеткіштері мен жаздағы мизиданың жиынтығынан жалпы зообентос өнімі алынды. Вегетация кезеңінде мизиданың сандық даму деңгейі (өмір ұзақтығы шамамен 1 жыл) әрдайым. Балық өнімін (PF) есептеуде бентос қоректі балықтар нақты 60% бентофауна өнімімен (RF) қоректенеді, қорек коэффициенті 6 болғанда.
Сасықкөл көлінің әр түрлі аудандарында зообентос өнімінің көлемі және ихтиомассаның өсімі (PF) кең ауқымда өзгерген (кесте 8).

Кесте 8 - Алакөл көл жүйесінің аудандары бойынша 2007 - 2008жж. балықөнімділігіне және зообентос өнімінің динамикасына сипаттама.
Аудандар
Жылдар

В, гм[2]
Р, кгга
RF, кгга
PF, кгга
Сасықкөл көлі
Оңтүстік- батыс
2007
0,71
20,2
12,1
2,0

2008
1,59
135,3
81,2
13,5
Солтүстік - шығыс
2007
1,11
46,5
27,4
4,7

2008
0,15
19,9
11,9
1,98
Оңтүстк - шығыс
2007
2,45
46,6
28,0
4,7

2008
0,39
25,1
15,1
2,5
Қошқаркөл көлі
2007
2,38
100,8
60,5
10,0

2008
3,61
199
119,4
19,9

Алакөл көл жүйесі бойынша, ең жоғары қорек өнімі Қошқаркөл көлінде болды, сонымен қатар, балық өсімділігі алдынғы жылға қарағанда шамамен екі есе жоғарылаған. Осы суқоймада басты зообентос өнімін мизидалар қалыптастырды.
Алакөл көлінде тым жоғары өнімділік шығыс ауданында көрсетілген. Көлдің солтүстік ауданында көрсеткіштерді былтырғы жылмен салыстырсақ үш есеге төмендеген. Алакөл көл жүйесінің сутүбі организімдерінің маусымдық дамуын және алынған материалдарды анализдей отырып зообентос өнімділігінің ауытқуын сипаттау керек. Екі суқойманың қорек қорын мизидалар толтырады және басты компонент болып есептелінеді. Бентос қоректі балықтардың ихтиоөнімінің өте қолайлы жағдайда қалыптасуы. Қошқаркөл көлінде, Сасықкөл көлінің оңтүстік - батыс ауданында және Алакөл көлінің шығыс бөлігінде болған.

1.3.Алакөл көлдер жүйесінің ихтиофаунасы

Балықтардың қоректену типін анықтайтын анатомиялық ерекшеліктер.
Балықтардың қоректену сипатын олардың белгілі бір организмдермен қоректенуі және асқорту жүйесінің морфологиялық ерекшеліктеріне байланысты бөледі. Әдетте балықтарды негізгі 3 топқа бөледі: өсімдікқоректі (фитофагтар), жануарқоректі (зоофагтар) және қорек талғамайтындар (зоофитофагтар). Бұл топтар өз кезегінде бұдан ұсақ топшаларға бөлінеді. Өсімдікқоректі балықтар қорегіне байланысты, фитопланктонмен (фитоплпнктонофагтар), жағалаулық немесе жоғары сатыдағы су өсімдіктерімен (макрофитофагтар), макрофиттердегі немесе басқа заттардың үстінде өсетіндер (перифитофагтар), детриттермен немесе бактериялармен (детритофагтар) [27].
Жануар қоректі балықтар - омыртқасыздармен қоректенетіндер, яғни планктонмен (зоопланктофагтар), бентостық омыртқасыздармен және инфауна немесе эпифауна өсінділері (бентофагтар) және омыртқалылармен қоректенетіндер, негізінен балықтармен (ихтиофагтар немесе жыртқыштар). Қорек талғамайтын балықтардың қорегінде жануарларда өсімдіктерде кездесе береді. Кей кездері момын және жыртқыш балықтарға бөледі.
Көпшілік жыртқыш балықтар өз іс әрекеті арқылы, қоректі ұстау әдісімен және қоректену сипатымен басқа балықтардан ерекшеленеді. Көпшілік жыртқыш балықтар топ құрмайды. Олар басқа балықтармен салыстырғанда ірі организмдермен қоректенеді. Жыртқыш балықтардың қандай қорекпен қоректенетінің анықтауымыз керек, жыртқыш балықтардың қоректі өте баяу қорытатындықтан олардың қоректік рационың анықтау өте қиынға соғады. Жыртқыштар өз қоректерін түгел жұтады, сол себептен кейбір жұтылған балықтарды, тұқы тәрізділерді төменгі жұтқыншақ сүйектері (pharyngeal infeior) арқылы анықтайды. Ал басқа тұқымдастарды - төменгі жақ сүйектері (dentale) арқылы анықтайды. Соңғы кездері оталиттері және омыртқалары арқылы анықталып жүр.
Жыртқыш балықтардың асқорту жүйесінің құрлысы.
Жыртқыш балықтардың асқорту жүйесінің құрылысында басқаларға қарағанда бірқатар өзгешеліктер бар. Жыртқыштардың аузының орналасуы, үлкендігі оның қоректі ұстау әдісіне байланысты. Әдетте жыртқыш балықтардың жұтқыншақ аппаратының ерекшеліктері бар, бұл қоректі ұстауына көмектеседі. Ауыз- желбезек қуысы әдетте жақты қоршап тұратын тікен тәрізді өткір тісшелермен жабдықталған. Қозғалмалы үлкен жоғарғы жұтқыншақ аумақтары және төменгі жұтқыншақ аумақтары жақсы жетілген. Жыртқыштардың тістері жыл сайын ауысып отырады. Әдетте ескі тістің астына жаңа тіс шығып, орның алмастырады. Тұқылар отрядына жататын жыртқыштардың жақтарында тістері болмайды. Олардың тістері жұтқыншағында және желбезек доғаларында болады [28].
Тұқылар отрядының жыртқыштарының тістері екі қатарлы, жұқа, ұзарып иілген формалы. Жұтқыншақ тістері бар жыртқыштардың асты қорыту процесі жұтқыншақтан басталып, өңешке барады. Жырқыштардың асқорту жүйесінің құрлысы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мөңкенің биологиялық сипаттамасы
Алакөл жүиесіндегі қошқаркөл табан балығының морфо-биологиялық сипаттамасы және жыныс бездерінің даму ерекшелігі
Іле өзені мен Қапшағай суқоймасында кәсіптік балық шабақтарының таралуы
Тұщы судың қоры, өзендер
Қазақстанның көлдері мен өзендерінде кездесетін балықтар
Бадам өзенінде жойылып бара жатқан балықтардың түрлерін сақтап қалу
Тұқытәрізділердің сипаттамасы
Іле – Балхаш бассейіндегі кәсіптік маңызы бар балық түрлерінің биологиялық сипаттамасы
Қазақстан суқоймаларындағы (балқаш көлі, алакөл көлдеріндегі) балықтардың гельминтоз ауруларын зерттеу
Қапшағай суқоймасындағы кейбір бөгде балықтардың таралуы
Пәндер