публицист жазушы Нұрмахан Оразбеков



Сөз басын ұлттың рухани ұстазы атанған Ахмет Байтұрсыновтың публицистикаға берген мына анықтамасымен бастасақ: «Көсемсөз – шешенсөз сияқты әлеуметке айтқанын істету мақсатымен шығарылатын сөз»[1].Қазақ руханиятының күре тамырына қан болып құйылған атақты Ахмет Байтұрсынов аталмыш жанр туралы өз ойын осылай деп түйіндейді. Ойлы оқушының бұдан публицистиканың – қоғамдық ой-пікір тудырып, қоғамдық ойды алға жетелеуші, сонымен қатар, сол пікір мен ойдың жүзеге асуына ықпал етушіөнер екенін айтқызбай-ақ аңғарары анық. Иә, аталған қызметі үшін де көсемсөз ұлттық журналистикамызда жаңадан қалыптасып келе жатқанына қарамастан, өткен ғасырдың басындағы патшалық билік пен кейінгі кеңестік жүйенің бұғауына бағынышты болған қазақ қоғамы үшін ауадай қажет болды. Осыны бірден аңғара білген Әлихан Бөкейханов бастаған Алаш зиялылары аталмыш жанрды қару етіп «Айқап», «Қазақ», «Ақ жол» сынды сол тұстағы қазақ басылымдары беттерінде көлемі құлаштай мақалалар жариялау арқылы: «Батыр елден бақташыға айналып бара жатқан»[2]. ұлтымыздың рухын ояту үшін түйсігін түрткіледі. Қаламы қайқы қылыштай өткір Міржақып Дулатовтың «Қазақ тілінің мұңы», «Алашқа»[3]. Жүсіпбек Аймауытовтың «Ұлтты сүю», «Қазақ тілін іске асыру қамы»[4.]. Мұхтар Әуезовтің «Қазіргі қазақ күйі», «Қазақ қашан жетіледі?»,«Өліп таусылу қаупі»[5].сынды т.б көсемсөздері тәуелсіздігімізді жеделдетіп, елдігіміздің ғұмырын ұзартты. Бұл публицистиканың өткен ғасырдағы рухани қоржынымызға қосқан олжасының бір парасы ғана.
«Сырлы аяқтың сыры кетсе де, сыны кетпейді» демекші, аталмыш жанр өз маңызын әлі жойған жоқ. Керісінше кешегі кеңестік жүйе қалыптастырған бодандық санадан рухымызды тазартып, біртұтас ұлттық идеологиямызды айқындап, егеменді еліміздің ертеңгі көркем болашағын қамтамасыз етудің қадіріарта түскені анық.
Диплом жұмысының сипаттамасы. Тәуелсіздіктен бергі іргесі бүтін, мәртебесі биік қазіргі Қазақ көсемсөзі «Ылдидан салса төске озған, азаннан салса кешке озған» жез тағалы жүйріктерге кенде емес. Біз бұлардың ішінен тақырып етіп публицист,жазушы Нұрмахан Оразбеков көсемсөзін алып отырмыз. Жалпы қай кезеңде болмасын ұлттың руханияты үшін еңбек етіп, қоғамдық ақыл ойдың өркендеуіне өзіндік үлесін қосқан әрбір қаламгер шығармашылығын ғылыми тұрғыдан бағалап, болашаққа бағдар жасау сөз өнері атаулының атқаруға тиісті төл ісі болып саналған. Сол себепті көсемсөз шеберінің Қазақ журналистикасында өзіндік қолтаңбасы негізінде, шығармашылығына тоқталып отырмыз. «Теңізден тебен іздегендей» болмасақта, «Инемен құдық қазғандай» бұл шығармашылықтағы һәм шығармашылық жолдағы жаратылысқа бойладық. Сөз түзелген, бізде түзелгенді жөн санадық!
Бұнда барынша жаңа іиірімдер мен қалтарыстарда немесе тасада жатқан шығармашылық мүмкіндіктерге ат басын бұрыпта көрдік. Бейне, өткен
1. Байтұрсынов А. Шығармалары, 1-том. – Алматы: Жазушы, 1989 ж. –165 б.
2. Жұртбай Т. Дулыға (тарихи әфсаналар).1-том. – Алматы: Жалын, 1994. – 249 б.
3.Міржақып Д. Алашқа // Абай. – 1992. №2
4. Жүсіпбек А. Ұлытты сүю, Қазақтілін іске асыру қамы // Қазақ алманағы. – 2009. №2
5. Мұхтар Ә. Өліп таусылу қаупі//Абай. – 1918. №12
6. Әсемқұл Т. Интертекст// Алматы ақшамы, 29 наурыз2014.
7.Оразбеков Н. Мұхиттың арғы жағы, бергі жағы. – Алматы: Қазақстан, 1997. – 6 б.
8.Жақып М. Мінезді адам // Егемен Қазақстан. – 2012. №23
9. Мағауин М. Шытырман: 3-том. – Алматы: Қағанат, 2002. – 34 б.
10.Есім Ғ. Жар жағасы. – Алматы: Санат, 2007 ж. – 197 б.
11. Оразбеков Н. Көрген жерден көз кетпейді. – Алматы: Қазақстан, 2009. – 4-182 б.
12.Оразбеков Н. Қағажу көрген өмірден. – Алматы: Мектеп, 1982. – 28-37 б.
13. Нұрғазы А. Қазақтың модернистік поэзиясы. – Алматы: Арна, 2010.–
3 б.
14. Нұрғазы А. Полкнер мен Хэмингуей.–Ақпараттық портал / www.abai.kz
15.Оразбеков Н. Бар айласы – бас пайдасы. – Алматы: Мектеп, 1986. – 124-125 б.
16. Мұртаза Ш. Смайл К. Елім саған айтамын, Елбасы сенде тыңда. – Алматы: Қазақстан, 1998. – 17 б.
17.Бес ғасыр жырлайды. 1-том. Құраст.: Мағауин М. – Алматы: Жазушы, 1984. – 36 б.
18.Қыраубаева А. Ежелгі дәуір әдебиеті. –Алматы: Анатілі, 1991. –
6-7 б.
19.«Қазақстан»: Ұлттық энциклопедиясы, 7-том. – Алматы: Қазақ энциклопедиясының Бас редаксиясы, 2005 ж. – 300 б.
20.Торайғыров С. Зарландым. 2-том. –Алматы: Жазушы, 1967. – 162 б.
21. Жұртбай Т. Дулыға (тарихи әфсаналар).ІІ-том. – Алматы: Жалын, 1994. – 157 б.
22.Амандосов Т. Публицистика дәуір үні. –Алматы: Қазақстан, 1974. – 19 б.
23. «Уикипедия» ашық энциклопедиясы /kk.wikipedia.org
24. Байтұрсынов А. Әдебиет танытқыш. – Алматы: Атамұра, 2003. – 18 б.
25. Қамзин К. Қазақ көсем сөзінің кемелдену үдерісі. – Алматы: Экономика, 2009. – 322 б.
26.Захир ад-дин Мұхаммед Бабыр. Бабырнама.–Алматы: Ататек, 1993.–223 б.
27. Қамзин К. Талдамалы Журналистика.– Алматы: Қазақ университеті, 2012.– 227-228 б.
28. Смайлов К.Журналист – өмір тамшысы, 1-том.–Алматы: Қазығұрт, 2004 ж.– 234 б.
29. «Қазақстан»: Ұлттық энциклопедиясы, 4-том. – Алматы: Қазақ энциклопедиясының Бас редакциясы,2002 ж.– 281 б.
30. Әл-Фараби. Философиялық трактаттар.– Алматы: Ғылым, 1973.– 16 б.
31. Ақсұңқар С. Түсініксіз адам// Орталық Қазақстан, 2014 ж. 26 наурыз
32. Оразбеков Н. Иә, бұл – төңкеріс!// Орталық Қазақстан, 1991 ж. 20 тамыз
33. Совет халқына үндеу // Орталық Қазақстан, 21тамыз 1991.
34. Тәшенов Т. 1991 жылғы мәскеудегі тамыз бүлігі немесе қиын кезеңде қазақ журналисі қалай ерлік жасады // Айқын, 24 тамыз 1991.

Пән: Маркетинг
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 64 бет
Таңдаулыға:   
КІРІСПЕ

Сөз басын ұлттың рухани ұстазы атанған Ахмет Байтұрсыновтың публицистикаға берген мына анықтамасымен бастасақ: Көсемсөз - шешенсөз сияқты әлеуметке айтқанын істету мақсатымен шығарылатын сөз [1]. Қазақ руханиятының күре тамырына қан болып құйылған атақты Ахмет Байтұрсынов аталмыш жанр туралы өз ойын осылай деп түйіндейді. Ойлы оқушының бұдан публицистиканың - қоғамдық ой-пікір тудырып, қоғамдық ойды алға жетелеуші, сонымен қатар, сол пікір мен ойдың жүзеге асуына ықпал етуші өнер екенін айтқызбай-ақ аңғарары анық. Иә, аталған қызметі үшін де көсемсөз ұлттық журналистикамызда жаңадан қалыптасып келе жатқанына қарамастан, өткен ғасырдың басындағы патшалық билік пен кейінгі кеңестік жүйенің бұғауына бағынышты болған қазақ қоғамы үшін ауадай қажет болды. Осыны бірден аңғара білген Әлихан Бөкейханов бастаған Алаш зиялылары аталмыш жанрды қару етіп Айқап, Қазақ, Ақ жол сынды сол тұстағы қазақ басылымдары беттерінде көлемі құлаштай мақалалар жариялау арқылы: Батыр елден бақташыға айналып бара жатқан [2]. ұлтымыздың рухын ояту үшін түйсігін түрткіледі. Қаламы қайқы қылыштай өткір Міржақып Дулатовтың Қазақ тілінің мұңы, Алашқа [3]. Жүсіпбек Аймауытовтың Ұлтты сүю, Қазақ тілін іске асыру қамы [4.]. Мұхтар Әуезовтің Қазіргі қазақ күйі, Қазақ қашан жетіледі?,Өліп таусылу қаупі[5]. сынды т.б көсемсөздері тәуелсіздігімізді жеделдетіп, елдігіміздің ғұмырын ұзартты. Бұл публицистиканың өткен ғасырдағы рухани қоржынымызға қосқан олжасының бір парасы ғана.
Сырлы аяқтың сыры кетсе де, сыны кетпейді демекші, аталмыш жанр өз маңызын әлі жойған жоқ. Керісінше кешегі кеңестік жүйе қалыптастырған бодандық санадан рухымызды тазартып, біртұтас ұлттық идеологиямызды айқындап, егеменді еліміздің ертеңгі көркем болашағын қамтамасыз етудің қадірі арта түскені анық.
Диплом жұмысының сипаттамасы. Тәуелсіздіктен бергі іргесі бүтін, мәртебесі биік қазіргі Қазақ көсемсөзі Ылдидан салса төске озған, азаннан салса кешке озған жез тағалы жүйріктерге кенде емес. Біз бұлардың ішінен тақырып етіп публицист, жазушы Нұрмахан Оразбеков көсемсөзін алып отырмыз. Жалпы қай кезеңде болмасын ұлттың руханияты үшін еңбек етіп, қоғамдық ақыл ойдың өркендеуіне өзіндік үлесін қосқан әрбір қаламгер шығармашылығын ғылыми тұрғыдан бағалап, болашаққа бағдар жасау сөз өнері атаулының атқаруға тиісті төл ісі болып саналған. Сол себепті көсемсөз шеберінің Қазақ журналистикасында өзіндік қолтаңбасы негізінде, шығармашылығына тоқталып отырмыз. Теңізден тебен іздегендей болмасақ та, Инемен құдық қазғандай бұл шығармашылықтағы һәм шығармашылық жолдағы жаратылысқа бойладық. Сөз түзелген, біз де түзелгенді жөн санадық!
Бұнда барынша жаңа іиірімдер мен қалтарыстар да немесе тасада жатқан шығармашылық мүмкіндіктерге ат басын бұрып та көрдік. Бейне, өткен уақыттың салмағы санамызда сарғайған бір түп тұңғиық гүліндей, аталмыш тұңғиық іиірімдер де малтықтырады. Зымырап бара жатқан қос доңғалақты арба артынан қарап отырғаныңды өзің де сезбейсің. Тек артта шұбатылған шаң. Ол да бір, дым бүркіп түскен тұман да бір. Жайшылықта арба сүйреген аттың тамшылаған ащы терін байқамайсың. Тұман арасынан да жылқылардың нақты сұлбасына көз жетпейді, тек кісінеген дауысы, шұрқыраған дауысы жүрегіңе бойлайды. Қос доңғалақты арба сүйреген аттың тамшылаған тері мен тұман арасында шұрқыраған жылқыларды көру керек болса, бейне, уақыт іздерінде тозаңға көмілген бір шоқ тұңғиық гүлін, көкірек көзіңмен шаңды айықтырып, тұманды сейілтіп аршып алуың керек. Шығармашылыққа баға берумен талдау осыған ұқсас нәр.
Тақырыптың өзектілігі. Көтерген тақырып біріншіден, өз атауына сай кейіпкер шығармашылығының символы. Онда жалпы көлемнің бір нүктеге жинақталғанындай мән болмақ. Ұлы жаратылыс мәнінен алып қарағанда да, нүкте тамшымен мәндес. Тамшы үлкен өмірдің ең алғашқы бастамасы болып бейнеленеді. Біз көтеріп отырған бұл тақырып публицист шығармашылығының нүктеге таяу мәні деп ескереміз.
Екіншіден, зерттеу еңбегіміздің тақырыбы бұрын соңды көлемді түрде зерттелмегендіктен, өз қолтаңбамызды қалдыру ретінде кірісіп отырмыз. Публицист шығармашылығы, өмір өнегелері жөнінде жазылмады деуге де болмайды. Әйтсе де, жазылымдардың шектеулі, аз сандылығын ескерсек, бұл тақырыптың өзектілігін сезінген болар едік.
Жұмыстың мақсаты мен міндеттері. Нұрмахан Оразбеков публицистикасының өзіндік ерекшеліктерін айқындау үшін, ізденуші алдына мынадай міндеттер қойды:
- Нұрмахан Оразбеков шығармашылығының қоғамдық маңызын ашып, тақырыптық идеясына назар аудару.
- Нұрмахан Оразбеков шығармашылығының тілдік байлығы мен стильдік ерекшеліктерін ашып көрсету.
- Қаламгер шығармашылығындағы инновация, эстетикалық қуатын тану.
- Қазақ баспасөзінің өркендеуіне Нұрмахан Оразбеков шығармашылығының қосқан үлесін пайым таразысында безбендеу.
Диплом жұмысының нысаны. Нұрмахан Оразбеков публицистикасының ерекшеліктері.
Нұрмахан Оразбеков публицистік шығармашылығын сөз еткенде, Көсемсөзшінің қоғамдық маңызы зор толғақты мәселелерді тақырып етіп жазған материалдары мен халықаралық сараптамалық шығармалары негізінде және Нұрмахан Оразбеков туралы айтылымдар мен жазылымдар негізінде тілге тиек ете отырып талдау жасалады.
Негізгі дерек көзі ретінде публицистің 1982 жылы Мектеп баспасынан жарық көрген халықаралық тақырыптарға арналған публицистік шығармаларынан тұратын Қағажу көрген өмірден, 1986 жылы Мектеп баспасынан шыққан Бар айласы - бас пайдасы, 1997 жылы Қазақстан баспасынан шыққан Мұхиттың арғы жағы, бергі жағы атты жинақтары мен республикалық мерзімді басылымдарда жарияланған материалдарын, сондай-ақ, осыған дейін өзі еңбек еткен газет, журнал тігінділерін қарастырдық.
Жұмыстың ғылыми жаңалығы. Постмодернистік концепция басты ұғымы - Палимпсест. Таратып айтсақ, палимпсест - көне жазуда, көне сурет өнерінде көп пайдаланылған технология. Бұрынғы сурет, көне графика, қағаздың орнына арнайы өңделген, пергамент деп аталатын (бізше - сірі) теріні пайдаланылған. Міне, кейбір жағдайларда (оның себебі өте көп) бұрынғы сурет, яғни бұрынғы жазуды үстінен бір қабат арнайы желіммен сылап тастап, желімнің үстіне жаңа текст жазады немесе жаңа сурет салады. Кейде палимпсест бір-бірімен қабаттасқан жиырма-отыз суреттен немесе жазудан тұруы мүмкін.
Қазіргі нарратологияның негізін қалағандардың бірі, белгілі француз әдебиеттанушысы Жерар Женеттің айтуынша, кез келген текст - палимпсест болып табылады: қандай да болмасын текст бұрыннан бар текстердің үстінен жазылады. Бұрынғы текстердің семантикасы, соңғы жазылған тексттің мағынасының астынан сәуле шашып көрініп тұрады. Бір-бірімен қабаттасқан интертекстуальдік семантикалардан тыс жазу - мүмкін емес. Бұл жерде таза парақ деген ұғымның ешқандай мағынасы жоқ. Жазатын адам (ол кім болса да мейлі) қашан болсын таза параққа емес, қисапсыз шимайланған, есепсіз көшірілген ескі теріге жазады [6]. Айтпағымыз бұл емес, бұл ендігі айтылымның кілті тәрізді, демек аталмыш жұмыстың жаңашылдығын да осы кілт сөзі арқылы жеткізуге ниеттенбекпіз. Жаңашылдық дегенде осы шақтағы жасампаздық, өткен ғасырлар қатпарында қалыптасып отырған жасампаздықтан тыс қалыптасқан емес. Қайта, терең тамырлы рухани мәдениеттен нәр алып, алуан формада дамып, күрделіленіп отырады. Ол және де бір ұласпалы беттермен толықтандырылады.
Сол негізде, біз жұмыс жаңашылдығын бірнеше бағытта қарастырып отырмыз: біріншіден, Публицист шығармашылығындағы нақты дәуір көрсеткіші һәм дәуірмен сабақтастық. Екіншіден, шығармадағы деталдардың сөйлеуі. Үшіншіден, Публицист жөнінде жаңа дәуір беттерінің ашылуы, баспасөздегі аңыс.
Дипломдық жұмыстың теориялық және әдістемелік негіздері.
Нұрмахан Оразбеков шығармашылығындағы ХХ ғасырмен үндестік, осы кезеңде жазылған шығармалар, инновациялды ой-пікір қалыптастырудың заманалы құрылымы, айтылым тұрғысындағы ізденістер. БАҚ саласына сіңірген еңбектері жайында шолу.
Жұмыстың құрылымы. Жұмыс кіріспеден, ХХ ғасырмен шығармашылық үндестік, Нұрмахан Оразбеков дүние танымы және заманалы журналистикаға инновация атты екі тараудан, қорытындыдан тұрады. Жұмыстың соңында пайдаланылған әдебиеттер тізімі берілген.

І. ХХ ғасырмен шығармашылық үндестік

1.1 Нұрмахан Оразбековтің өмір мектебі
Сен Ниаз Шараптың сайлауынан он күн бұрын туғансың, - дейтін қарт апасы. Кейін білді, Ниаз Шарап дейтіні КСРО жоғарғы кеңесінің Қазақстаннан сайланған тұңғыш 52 депутатының бірі екен, ал сайлау 1937 жылғы 12 желтоқсанда болыпты, яғни 1937 жылы 1 желтоқсанда дүниеге келген. Апасы дейтін, бір шалдың кіндігінен өрбіген бесеудің ең үлкені мен ең кішісінің еншісі бөлінбепті де, немере ағаларының үлгісімен өз шешесін "Жеңеше", әкесін "Тәте", әкесінің жеңгесін "Апа" деп кетіпті.
- Сен шешеңді жалмап туғансың, - дейді қарт апасы күйініп кеткен бір сәттерінде. Онысы рас. Бала дүниеге келгеннен кейін көп ұзамай жиырма бес жастағы ана төсек тартып жатып қалады, төрт жыл бойы азаппен алысып, қырық екінші жылдың қыркүйегінде дүние салады.
- Оу, қақпас құдай, маңдайыма өмір бойы жетім бағуды жазып қойып па едің? - деп налиды қарт ана жайбасар, болбыр баланың тапсырған шаруаны ұқсата алмағанына күйініп. Мұнысы да рас. Қайтыс болған апасының орнына келіп, оның екі баласын, он екіге жаңа толған кенже қайнысын ботадай боздап жүріп өсірген. Енді сол үшеуі де, өзінің тұңғышы да қан майданда, шалы жақында қайтыс болған. Тұңғышы да, қайнысы да хабарсыз кеткен. Қолынды кенжесі және қайнысы мен сүйікті келінінің жалғызы. Осы екеуін жеткізсем екен деп, арқалап отын тасиды. Біреудің қабын, біреудің алашасын тоқиды, арқанын еседі, жібін иреді.
- Сен Сырдың арғы бетінде, Қандөз деген жерде туғансың, енді Шорнақта өсіп жатырсың, - дейді қарт апасы. Онысы да рас. Бірақ Қандөз баланың есінде жоқ, білетіні Шорнақ. Оның туған жеріндегі колхоз шаруашылық болып жарытпаса керек, бұл іште жатқанда-ақ әкесі кәсіп іздеп осы Шорнаққа келіпті, темір жол үшін малта тас қазатын карьерде істепті. Ол жұмыста түгесілген соң Қызыләскер ауылының қойын бағыпты. Содан қырық екінші жылдың наурызында төсектен тұра алмай жамбасы тесілген әйеліне де, жаутаңдаған жалғызына да қарайлатпай майданға ала жөнелген [7].
Сол бала жеңіс жылының, қырық бестің бір күнінде мектепке барды. Барғаны да қызық. Ойын баласы жалғызсыраған, жалғызсырағанда жолдасын іздеген. Іздеген жолдасы ойыннан жеріп қалыпты, "Мектепке барам" дейді. Ұнжырғасы түсіп кері қайтты. Жолай жол жағасында жатқан бір парақ қағазды іле кетті. Қолға іліккен қалам тұқылымен күні бойы сондағы жазуды көшірген. Түгіне түсінбей көшірген. Кейін білді, онысы латын алфавитімен шыққан әлдене кітаптың бір беті екен. Кешкілік қарт апасы мен төртінші класта оқитын немере ағасына мақтана көрсеткен. Сонда апасы айтқан:
- Түзелбай-ау, бұл шаруа бағып жарытпас, осыны мектепке апаршы, жетімнің несібесін оқудан жазған шығар жаратқан.
Сөйтіп мектепке құрдастарынан бір-ер ай кешірек барған. Дегенмен ешкімнен кем болған жоқ, ел қатарлы мектеп бітірді. Сол тұс "Тың игеру" ұранының аттандап тұрған кезі. Тәрбиесінің дені кітаптан қалап алған жас жігіт "Тыңға барам-ды" шығарды. Үш жыл немістердің тұтқынында отырып, екі жылға тарта Орал тауының бір өңірінде қара жұмыс атқарып, табандатқан бес жылда елге әрең оралған әкесі "Заготскоттың" қойын өргізіп бара жатып поезға бүгін мінбек баласына қайырылып бір-ақ ауыз сөз айтты:
- Балам, өз ақылың бір басыңа жетерлік секілді, тыңыңа барасың ба, мыңыңа барасың ба, өзің біл. Бірақ, қайда жүрсең де табылса ағарған ішіп жүр.
Баяғы болбыр бала, сол кездегі бірбеткей жігіт әкенің бір ауыз сөзін әлі ұмытпай келеді, ұмытпақ былай тұрсын "менің әкемнен ақылды адам кемде-кем" деп мақтан тұтып келеді - дейді ол.
"Іле" кеңшарының, Солоков-Сарыбай кен байыту комбинатының құрылысын салуға қатысты, бұл 1955-1957 жылдар аралығында еді. Сонда да біраз нәрсені көңіліне түйген. Түйген де, басқа ұлт өкілдерінің өз халқына кемсіте қара - ғанына қатты ашынған. Қаны қарайған сәттері де болғанға ұқсайды. Сонда оның қандай әрекеттерге барғаны белгісіз. Кейінгі журналистік еңбек жолында жазған шығамаларында мысалы, Мұхиттың арғы жағы, бергі жағы жинағында капитал еліндегі ұлтаралық, нәсіларалық теңсіздіктерді шығармасына өзек еткен болатын. Ол бұндай теңсіздікке жас кезінен-ақ қарсы болатын. Ал Нұ - рекең басқа жұрт куә болмаған нәрсені айтпайды. Жұрт куә болған нәрселер кейінірек, ол университетке түскеннен кейін басталды.
Қазақ мемлекеттік университетінің журналистика бөлімінде оқыды, оқып жүріп корректор, фототілші болып істеді. Журналистика да оқып жүрген Нұрмахан Оразбеков жөнінде, Мамадияр Жақып былай дейді: Жасымыз Нұрекеңнен аз-кем кіші болған - ымен, университетке мектепті бітіре салып түскендіктен, одан екі курс жоғары оқыдық. Сонда оның бір студент, басқа ұлт өкілінің ұлттық намысына тигені үшін жұрт көзінше сабағанын, комсомол жиналысында ұлт мәсе - лесін көтеріп, сөйлегенін естігенбіз. Біздікі жай естіген әңгіме, ал Нұрмахан Оразбековтің курстасы, үлкен жазушымыз Мұхтар Мағауинның Шытырман роман-эссесінде жазғаны - көзбен көргендер, сонда өзінің курстасының қолымен де, сөзбен де төбелескендері әсерлі айтылған [8].
Төбелес деген онша жағымды нәрсе емес. Әсіресе, зиялы қауым құптай қоймайды. Бірақ сол төбелес те көзқарас. Әділдікке сөзбен, уәжбен жетуге болмайтын кезде, жұрт оған амалсыз барады. Ауылында, өз ортасында ол ешқашан да біреуге қол көтермеген адам. Өз дегеніне уәжбен, сөзбен жеткен. Ал уәжге тоқталмағандарға амалсыз мінез көрсеткен. Ол кезде бұндай мінезділіктің соңы оңайға түспесе керек. Бұл жөнінде жоғарыда айтылған Мұхтар Мағауиннің Шытырман романында былай айтылыды:
Университетке келіп түскен кезде менің дүниетаным, көзқарасым өз тұрғыластарымнан мүлде басқаша болатын. Әрине, қалыптан шықпау қажетін де басқалардан жақсырақ білетінбіз. Десе де ұран болып отырған идеологияның бір саласы - ұлттың теңдігі туралы қағида бар, таза қазақ ауылынан келген маған астанадағы дөкір шовинизм, өзіміз оқуға түскен филология факультетіндегі жолсыздықтар, әсіресе, орыс бөлім студенттерінің нәсілдік артықшылық тұрғысындағы мінез-құлық, қазақ балаларын кемсіте қарайтын жеккөрініші мен өшпенділігін ашық білдірген бейбастақ жүріс-тұрысы ашу-ыза тудырмай қоймас еді, - деп толғанса, сонымен бірге ары қарай бүй дейді:
Мектептен соң өндірісте екі жыл темірші болып, "Орыс пролотариатының ортасынан" шынығып келген, өзі өңді, өзі қайратты бір жігітіміз - Нұрмахан Оразбеков орыс бөлімі мен ортақ дәріс үстінде: "сенің түрің сүрленген ет сияқты" - деп кемсіткен асыл нәсілді бір курстасын үзілісте сабап алды; жеке төбелес жаппай төбелеске ұласа жаздап, текті ағайындар аздығынан қорқып қана тоқтады, ақыры факультет басшылары әдепкі кикілжіңге сүйеп, сылап-сипап әрең басты.
Осыдан бұрын ба, кейін бе, нақты есімде жоқ. Қазан айында болса керек, факультеттің жылдық комсомол жиналысында жаңжалдың ең үлкені шықты. Жиналыс орыс тілімен ашылып, орыс тілінде жалғасқан. Есепті баяндамадан соңғы бірер кісіден кейін мен сөз сұрап едім. Әрине, қазақ тілінде сөйледім. Қазақ университетінде, қазағы басым филология факултетінде жалпы жиналыс неге орыс тілінде жүреді дегеннен бастап, факультеттегі жағдайды айтып, орыс студенттерінің астам мінезіне арнайы тоқталдым, ақыр соңында Қазақстанда тұратын адам қазақ тілін білуі керек, үйренуі керек, тым құрыса сыйлауы керек деп аяқтадым.
Топалаң басталды. Сөз алды ма, өзі кетті ме, мінбеге Нұрмахан Оразбеков шықты. Орыс тілінде тым жеттік, әрі шешен, бізден гөрі қаттырақ сілтеді. Ұмытпасам, сөзін "Шовинизімнің тамырына балта шабу керек!" - деген тұрғыда түйіндеді ғой деймін. Комсомол жиналысы, есеп беру, сайлау, тәртібі жайына қалды, журналистика бөлімінен Зейнолла Тұрарбеков деген оқытушы баптанып тұрып, біздің қателігімізді айтып, жөнге салмақ болып еді, жұрт шулап кетті. Ақыры, жылдық жиналыс тоқтатылып ертеңге көшірілді.
Ертеңіне таңертеңгі алғашқы лекциядан бастап топтап та, жекелей де тәрбие, насихат жұмыстары жүргізілді. Кешінде жиналыстың қорытынды бөлігі у-шусыз өтті, ал біздің қырағы көзге түскеніміз, есепке алынғанымыз анық еді; бірақ заманның біршама кеңіген кезі, Әбіш екеумізді түртпектей қойған жоқ, ал орысша сөйлеп жеткізіп айтқан және басқадай да мінездері бар, біздің сол кездегі ұғымымызда кемел жас - аға жасы жиырмаға толған Нұрмахан Оразбеков университет жылдарының өзінде бақылауда болған сияқты. Онымен жүргізілген әңгімелерде қызықты өтсе керек. Нәтижесінде жаңалығы мол, деңгейі жоғары, ғылыми зерттеу тұрғысында жасалған дипломдық жұмысын сүріндіре жаздап төмен бағамен әрең жіберген [9].
Халықымыздың аяулы перзентте - рінің бірі, қазақ баспасөзінің үлкен қайраткері Қасым Шәріповтің 100 жылдығына орай кітап шығатын болды да, сол азаматты бі - летіндер іздестірілді. Білетіндердің бірі Нұр - махан Оразбеков екен. Естелігін жазды. Сол естелігінде Нұр - махан Оразбеков университет қабырғасындағы хикаяларының соңғысына бірша - ма егжей-тегжейлі тоқталған. Бұл - диплом жұмысын қалай қорғағаны жайында. Жалпы Нұрмахан Оразбековтің бір қасиеті - жұ - мыс - тың ауырын өзі тауып жүреді. Журна - листердің әулие ұстазы Қайыржан Бекхожинге диплом жұмысының тақырыбын Қазақстан және Правда деп бекіттіріп алады. Оның өзінде ұстазы шағын кезеңді алуға көндіреді. Әйтпесе ол докторлық диссертацияға да ауырлық ететін тақырыпты алмақ болған ғой. Тіпті сол 1919-1925 жылдарды алғанының өзінде ұшан-теңіз материал жинап, соның өзін диплом жұмысына әзер сыйдырады. Сыйдырғанда, Кеңес өкіметінің қазақ даласына әкелген жақсылығынан гөрі, одан билік басына келген Орталық өкілдерінің озбырлығы көптеу болғаны аңғарылар еді. Қазақстанда пролетариат жоқ, пролетариат - орыстар, пролетариат диктатурасы кезінде билікті кім ұстауы керектігін олар ісімен дәлелдегендей. Қызылордада ревком болған Гержот дегеннің қысымынан бір миллионға жуық қазақтың ауа көшіп, көпшілігі қырылғаны айтылады. Дипломдық жұмыс емес, кандидаттық диссертацияның жүгін арқалағандай бұл еңбек басқалардан бұрын оның біраз ұстаз - дарының қарсылығын тудырады. Талқылау бірнеше сағатқа созылады. Өзіне қамқор болуға тиіс ұстаздары мұндай ұлтшылдық пиғылдағы жұмысты қорғатпау керек - деп даурығады. Нұрмахан-студент райынан қайт - пай, өзінің ой-пікірін дәлелдеп қасарысады. Кім біледі, мемлекеттік комиссияның төр - аға - сы таяздау, жалтақ біреу болып, универси - теттегі атақтары дардай ғалымдардың ығына жығылса, өз пікірі бар, дайындығы мол студент дипломсыз қалар ма еді. Бірақ оның бағына қарай, төраға белгілі қоғам қайрат - кері, ҚазТАГ директоры Қасым Шәріпов болып шықты. Талқылаудан кейін, біраз уақыт үзілістен соң (сірә, олар тағы да талқыласа керек), комиссия төрағасы дипломға төрт деген баға қойылғанын, оның өзінде студент - тің өз ұстаздарымен көбірек айтысып кеткені орынсыз екені ескерілгенін хабарлайды. Сол аса принципшіл қайраткер адаммен Нұрмахан Оразбеков арада он жылдай уақыт салып, қайта кезікті. Қасым Шәріпов ҚазТАГ директоры кезінде сол мекемеге жауапты редактор болып барды [8].
1962 жылы оқу бітіре сала аудандық газетте істеймін дегенді шығарды. Университетті бітірген соң да сол мінезді - лігімен, Нұрмахан Оразбеков талай адамның пайымына сыймайтын қадамдар жасады. Өмірді көре - мін, журналистік жұмысты басынан бастаймын деп, Алматыдағы қызметін тастап, сонау Торғай, Түркістан асып, аудандық газеттерде жұмыс істеді. Сонда да өзіне тән саяси белсен - ділігінен таймай, көзге түсіп жүрді 1962-1973 ж. Қарағанды облысының жезді аудандық Октябрь туы, Оңтүстік Қазақстан облысының Түркістан аудандық Коммунистік еңбек газетінде журналистік жолын жалғастырды. Сонда жүріп те республикалық басылым басшыларының назарына ілінген. Лениншіл жас газетіне солай келген (қазіргі Жас Алашта). Қазақстан Жастар Одағының орталық комитетінде қызмет атқарды. Жаңашыл, талапшыл адамға кейде өзінің бауыр басқан ортасы да айтарлықтай ауырт - палық тудырады. Ол Социалистік Қазақ - станда (қазіргі Егемен Қазақстанда) өткен ғасырдың 70 жылдарының басында біраз жыл жұмыс істеді. Жақсы көрінді. Біраз тың тақырыптар ұсынып, оны жазуға өзі қатысып, көзге де түсті. Әсіресе, сыртқы саясатты, шетел өмірін жазуда тек Мәскеудің бергенін жариялайтын заманда, бұл тақырыпта біраз материалдар жариялап, газеттің өз бетін көрсет - ті, өзін де танытты десек болар еді. Өзінің міне - зіне басып, партияның заманы жүріп тұрған кезде, осы біз неге әр материал сайын партия - ның съезд, пленум шешім - дерінің маңызын айта береміз, біреуін де айтсақ жетпей ме деген ұсыныс та білдірген. Бұл ұсы - ныс әсіресе коммунист ағаларына ұнамаған, олардың мұны Саяси сауатсыз деп жазғыр - ғанын да естіген. Олармен дауласуды артық көрген ол сонда ешқандай ың-шыңсыз өзін көптен шақырып жүрген Тарих институтына ауысып кеткен. Жалпы Нұрмахан Оразбеков бір жұмысқа өзі өтініш жасап бармайды. Әдетте оны шақырады. Тіпті бір жұмысты атқаруды өтінеді. Тарих институтына солай барған. Қаз-ТАГ-қа да ша - қырды. Алғашында бас редакторлыққа, одан соң директордың орынбасары етті. Жұрт оны сол ҚазТАГ-тың жұмысына арнап жарал - ғандай көретін. Сол заманда барлық газет ҚазТАГ-пен байланыста. Ресми материал - дар - дың бәрін содан алады, соның бетіне қарай - ды. Газет басшыларына ең танымал адамның бірі Нұрмахан Оразбеков болды.
1988-1991 жылдары Қарағанды облыстық Орталық Қазақстан газетінің бас редакторы болып тағайындалды. Бұрындары ол өзі басқаларға тәуелді жағдайда жүрді. Бір идея айтса, оның жүзеге асуы басқаларға байланысты еді. Кейде қалып қоюы да мүмкін. Ал мұнда ол - бастық, шешуші тұлға. Ойындағысын жүзеге асыра алады. Сол газет те басқалардың қарауында емес пе, редактор да біреуге бағынышты емес пе деуге болар, солайына-солай, бірақ Нұрмахан Оразбеков оны басты нәрсе санамады, азарлығы - орнымнан алып тастар, әзірге өз ойымдағыны жүзеге асырамын дегенді ұстанды. Алғашқы күннен-ақ бұл газет өзгеріп сала берген. Қиындау тақырыптың материалдары жиі жарияланатын болды. Жұрт, әрине, сондай материалға құмар. Сол тұста облыс - тық газеттер редакциялары басқа облыстан шығатын газеттерді де алып отыратын. Сөй - тіп, Орталық Қазақстандағы өзгерісті бүкіл республика журналистері біле бастады. Бұл газетте Желтоқсан оқиғасына қатысты материал жарияланғанда, оған МҚК атынан ескерту де жасалды. Редактор оны тыңдады да қой - ды. Қуғын-сүргінге ұшыраған жазушы Жа - йық Бектұровтың естелік материалдары бірі - нен соң бірі шықты. Ғалым Евгенй Бөкетов туралы естеліктердің де жолы болмай жүр екен, оларға да жол ашылды. Ақын Серік Ақ - сұң - қар - - ұлының мінезді өлеңдері де оқырманға жетті. Осының бәрі жаңа редактор Нұрмахан Оразбековке қатысты болып жатқанын оқыр - ман қауым бірден аңғарған. Бірақ сол оқыр - ман бір күні осы газетте Барлық елдердің пролетариаты, бірігіңдер! деген ұранның Бас кеспек болса да, тіл кеспек жоқ! деп өзгергеніне таң қалды, сенбеді. Таңданғанда, кеңестік құрылыстың жарғысындай болған ұранды да өзгертуге болады екен-ау, оған редактордың қалайша дәті барды деген. Бұл құбылыс сол тұстағы редактордың инновациялы қызыметі қызметінің айқын көрнісі еді. Әрі ол кез жүйесінде ойламаған бұрылыс.
Бұл өзгертуді түсіндіріп жату артық. Ол редактордың ерлігі екені даусыз. Нұрмахан Оразбеков Қазақстанда бірінші болып осылай жасады. Сол мақалада айтылғандай, азарлығы - бас кетер; кеткенде, қызметтен алар деген шығар. Бұл оған жарасатын мінез. Баспасөз министірінің мерзімді баспасөз бас басқармасының бастығы, ағылшын тілінде шыққан республикалық Қазақстан газетінің бас редакторы болды.
1995 жылдан Қазақстан баспасының директоры, сонымен бір мезгілде 2000-2002 жылдар, республикалық Ақиқат журналының бас редакторлық қызметін атқарды. Қазір Қазақстан баспа үйінің мойынсерігінің директоры.
Құрмет орденімен (2001) Қазақ КСР Жоғарғы кеңесі төралқасының құрмет грамотасымен марапатталған. Капитал қамалындағы 18 күн, Қасиеттісің сен Отан!, Қағажу көрген өмірден, Бар айласы, бас пайдасы, Мұхиттың арғы жағы, бергі жағы атты кітаптары жарық көрген.
Міне, кейіпкер бояуымен жеткізер болсақ осындай тарихқа кездесеміз. Тарихтың қатпар-қатпар қалтарыстары бар, мың жылдықтарда сыры ашылмаған құпия қойнаулары да, жазылмаған парақтары да бар. Бүгінгі уақыт, ертең тарих. Ол ғасырлар үндестігінде бір арнада әртүрлі ағыспен аға береді. Ол парақтарды ашқанда, алуан түс көрсетуі мүмкін. Сүлейменовше айтқанда, (Аз и Я) Бірде қызарып, бірде көгеріп, бірде сұрланып кетуіде ғажап емес. Бір ғұмырдың басы, бір ғұмырдың аяғы іспетті ұрпақтан-ұрпаққа жалғастық ретінде ұласа береді. Ол белгілі бір тарихи кезеңдермен тығыз байланысып жатады.
1937 жылы қазақ зиялылары солақай саясаттың шырмауында жаппай қуғын-сүргінге ұшырады. Біздің қазіргі кезде шайналған бармағымыздың қара қотырланып жазылып келе жатуы да, сол тарихпен біте қайнасқан. Мүмкін әлі де жазылған емес. Көркемдік кеңес ұзаққа созылады. Алайда, қандай құбыжық жүйеге болса да өнер керек. Сонымен, НКВД-ның сыншылары ойланып, толғанып, біраз нәрселерді кесіп, фильмді көпшілікке ұсынуға мәжбүр болады. Келесі 37-ші жылы тағы да қаншама адам қуғын-сүргінге ұшырайды, тағы да миллиондаған бала жетім қалады.
Кеңес системасын құлатқан - капитан Гранттың балалары. Бұл жерде әкені Австралияның немесе Жаңа Зеландияның қалың жыныс ормандарынан іздей ме, әлде НКВД немесе КГБ-ның абақтыларынан іздей ме, айырмасы жоқ. Ең бастысы, бала шындықты іздеп үйренеді [6]. Белгілі кеңес режиссері Владимир Вайншток 1936 жылы Капитан Гранттың балалары атты фильм түсіреді. Жюль Верннің романын оқыған адам біледі, бұл фильм алыс құрлықтарды, аралдарды іздеп, сол сапарда жоқ болып кеткен капитан Гранттың балаларының басынан өткен хикметтері жайында. Балалар ақырында әкесін ешкім мекендемейтін аралдан іздеп табады. Бұл мысалды келтірудегі себебіміз; жазушы тұлғаның, рухани әкесінен айрылған сол тұстағы қазақ баласы үшін, іздеу мен табу, көкіректе көксеген ұлы мұратқа ұласқаны жөн еді. Табуымызға да болмас еді, қаламгер болған тұлғаның санасында болмауы мүмкін емес. Дегенмен ол кезең қаламгер өмір есігін ашқан тұстың көрінісі болды. Ол рухани әкені іздеп тапты ма, әлде таба алмады ма, оған біз жауап бере алмағанымызбен, жүрек қанымен жөңкілген түйршіктер өне-бойында өмір нәрі іспетті тулағаны хақ. Ал біз өз жөнімізде тым болмағанда рухани әке жөнінде ойланып көрдік пе? Ойлап көрген болсақ, таба алдық па?!
Нұрмахан Оразбеков өмір мектебіне үңілсек иірімдер мен жылымықтарға жиі кездесіп отыратынымыз мәлім, мысал ретінде келтірген жоғарыдағы сипаттамаларды айтпағанда, біздің тек қаламгерге тән ғана мақсат емес, жалпымызға бірдей жүк болған ұғымды алып шығып, сомдап отырмыз. Яғни рухани әке тұрғысынан, көзге көрінбейтін, сана жолында ізі түспейтін баспалдақтар арқылы кеңістікке көтерілеміз. Кеңістік, ол біз шиырлаған сана шеңберінен де басқаша күйде, салыстырмалы түрде жазықтықтағы қиылыспайтын параллель екі түзудің, жазықтықтан шығып, кеңістікте шексіз созылудан қиылысқаны секілді мән [10, 195 б.]. Біз айтпақшы болған өмір мектебінің бір парасы осы, көбінде біз ойлап көрмеген құбылыстармен астасып жатады.
Біз тегінде, зымырап бара жатқан қос доңғалақты арбада отырып, артына қарап бара жатқан жолаушы іспетті, тарам-тарам жолдарға түсіп кете барамыз. Рухани көсемдерінен айырылған мылқау далада ұрпақ жалғастығы ұласа берген. Ұлы жаратушының алқауымен сабақтасқан бұл ел тамырымен... Нұрмахан Оразбеков өмір есігін ашқан кезең осылай.
Тарих қашанда уақыт саусақтарымен өз миссиясын орындауға құрылған. Алайда ол уақыт өте келе (ұзақ уақыттық тас бетіне бедерленген жазулардың, формалық жақтан, тіптен түбегейлі өзгеріп өшіп кеткеніндей) өзгерістерге ұшырап қала береді. Мүлде адам танығысыз күйге де түсіп қалады. Ол бір ескі үй секілді, ешкім аяқ баспаған, жұрт ұмытқан. Барар жолдарды көзге көрінбейтін ауыр шынжырлар құрсап алғандай, тіптен апарар жолдардың өзіне құпия сөздермен құпия цифрлар орнатылған сынды, ол құпия код өткендер қиялында ұмытылған секілді. Тарих, логикалар мен қалдықтардан өзін іздейді. Неліктен! Ол кеше қалай болды; жер қайысқан қол, желкілдеген ту, желбіреген жалау, бүгін ұмыт болмап па?! Ол бір кезде айбынынан айырылып, жығылмап-па?! Жығылғанында, тозаң көмбеп пе?! Түкті сирақты бүйелер жүріп өтпеп пе?! Кейде бұлар сана жолында ізі жасырынған қиял секілді... келешек оны сақтай алмады. Олай қабылдағысы да келмеді. Өйткені келешек өзі жасаған ұстанымдарға сай, өзіндік қалыптастырған идеологияға сай шын жүзіне тура қараудан қорықты.
Қорытып айтқанда, Өткен XX ғасырда келешек ғасырлардың бірі, әрі жалғасы. Онда жасалған шындықтар мен сұмдықтар бар, бұрын соңғысы да емес, тағы өтпелісі де емес; Бір ұрпақтың бір ғұмыры, кіндік ұрпақтың жарты ғұмыры. Өмір осылай алуан түрлі ұқсамаған соқпақтарда, ұқсамаған тағдырларды қалыптастырады. Ұқсамаған өмір мектептерінде тәрбиелейді [11]. Онда үндестік заңы қашанда сақталып отырады. Публицист өмір мектебі жөнінен алып қарағанда да, шығармашылық үндестік тұрғысынан тоқталсақ та, біздің көрер келбетіміз сол дәуірдің жемісі. Айтарымыз басқа тақырыптарға жүк болғанымен ескере кетсек бір-бірін толықтап отырар еді. Публицист шығармашылығынан өмір деректерін шырақ алып іздесек, шырақ түбінен көзге сәуле шашарлықтай зат тапқандай боламыз. Ол: Капитал қамалындағы 18 күн болсын, Қсиеттісің сен Отан! болсын, Қағажу көрген өмірден, Бар айласы - бас пайдасы болсын, Мұқиттың арғы жағы, бергі жағы, Шапық Шөкин болсын кейіпкер өмір мектебін кеңістікте тұтастырған тамыр, арқау ретінде болмысқа ие. Тек бұл ғана емес әрбір сатылы кезеңдер де, өзі бетпе-бет кездесіп отырған жайттер куә болар еді. Біз бұларды кейінгі арнаулы тақырыптарда таратып айтуға тура келсек те, осы тараудың сірге жияр сөзі іспетті санап, осы бөлімнің нүктесі санап айта кеткеніміз жөн болар еді. Жеке тұлғалық психологиялық, философиялық тұрғыда талдауға тура келсек, тұлға жөнінде шеңбер етіп шегендеп тастауға тырыспас едік. Өйткені біз жасаған пікірлермен, біз шиырлаған жолдармен басқалардың да міндетті түрде жүріп өтуі шарт емес. Сондықтан да, публицист жөнінде Көрген жерден көз кетпейді жинағын және Орталық Қазақстан газетінің 1991 жылы 20 тамыз №191 жарияланған Иә, бұл төңкеріс атты мақаласын алып айталық, сол мақала тұрғысында һәм автор тұрғысында көп айтылатын сұхбаттар мен мақалалардан айтсақ: 1991 тамыз бүлігі немесе қиын кезеңде қазақ журналисі қалай ерлік жасады?, Ғалым болу әркімнің міндеті емес, бірақ бәрін білу - журналистің міндеті сияқты еңбектерден тұлғаның қандай мектепте қалыптасқаны турасындағы көкейде жүрген сұрағымызға жауап алған болар едік...

1.2 Қаламгер шығармашылығындағы креативті элементтер.
Адамзат өз ізгі мүмкіндіктеріне қай күні шектеу қойса, сол күннен бастап сана сынтасына қалдырар таңбалар тізбегінен айырыла бастайды. Өз сөзімізбен айтқанда таңба деп отырғанымыз да, жасампаздық рухтың бейнеленуі сияқты дүние. Ал біздің ізгі мүмкіндіктеріміз жөнінде жан айнамызда жарқырай түсетін тіркестер қалай айтылмақ? Сұрақтарға жауап іздеген сайын жолдың қиын қияларына бетпе-бет келіп отырамыз. Сондықтан да, біз қазіргі осы шақтағы өз кеңістігімізде шарлап жүрген алуан ойлардың, сана саусақтарына ілінгенін ұстап аламыз да, өз орнына қоюға тырысамыз. Ол әлбетте әр түрлі кеңістікте бізге кездесіп қалуы мүмкін. Бұнда тар әлемнен шексіз кеңістік ашылуы мүмкін, кең әлемнен тар кеңістіктік шиырлануы да әбден мүмкін. Осы түйінге негізделсек Борхестің мына бір сөзі еске оралады. Құдай қалай қалжыңдайды, маған үш жүз мың кітап беріп көз нұрымды алып қойды, демек осындай жаратылыстық санадан тағдырмен тура келгенде жасампаздық рухымыздың қаншалық мүмкіндіктерге ие, қаншалық шектемеліліктерге мойын ұсынатындығын байқаймыз. Әрине, бұл басқа сөз, басқа аспан. Басқа аспан болғанда да, біздің айтпақ болған тақырыбымыздың басқа қырынан келгенде кездесіп отыратын аспанымыз десек қателескен болмаймыз.
Мейлі шағын, мейлі көлемді шығарма болсын қаламгер әуелі өмір туралы, адам және олардың араларындағы қарым-қатынастар туралы өзіндік ой-пікірі мен көзқарастарын оқырманға ұсынады. Шығарманы жазбас бұрын оқушының алдына қандай мәселені тартпақшы, сол туралы аз ба, көп пе ойлайды. Сан ой, сан алуан пікірлердің ішінен біреуін таңдап алып жазбақ болған дүниесінің негізгі қазығы етеді. Шығамадағы креативтың басталуы да осыған сәйкес.
Мәселен, М.Әуезовтың Абай романы - төрт томдық көлемді еңбек. Әйтсе де сол романдағы креативті элементтердің молдығын мысал ретінде келтіре кетсек: Жарты ғасырлық дала елінің іздерін, қалай бейнелеу арқылы оқырманымен қауыштырғаны көпке мәлім. Алғаш оқырманға жол тартқан "Абай жолы" романының қалай сынға ұшырап, қалай таяқталғаны да мәлім. Бірақ, аталмыш романның кейінгі төрт томдық еңбек болып, сәтті сапарға бет алысы, жазушы шебер жасампаздығының жемісі болды. Көбінде шығармашылық әлемде өзіндік толықтырулар мен жасампаздық шеберліктің біреуден-біреуге санаулы һәм айқын әсерлері болатындығын ескерсек, бірінші томда Қодар өлімінен кейін Абайдың ауыр науқастанып, мүлдем басқа бейнеде, мүлдем басқа адам болып сомдалған образы... Міне бұл негіздегі сюжеттер Достоевский шығармаларындағы сюжеттерге жақын келеді. Жасампаздықта бұндай бір-біріндік толықтыруларға дәлел деректер жетіп артылады. Бұл тек бір парасы ғана болмақ әрі жоғарыда айтып өткеніміздей, Жасампаздық тағдырының бұрын-соңдылығы, кімге берілген мүмкіндіктің формасы секілді. Онда кім сол жаңа жолды салушы, кімдер сол ашылған жаңа жолдармен жүріп нысанасына жетуші дейтін ұғымдар қатар жүреді [10, 197 б.].
Қаламгер жасампаздығы қалай болса, солай қалыптаса қалмайды. Шығармаға негіз болатын өмір құбылысы мен әр алуан өмір мәселелері көп. Солардың ішінен әр жазушы өзінің өмірге көзқарасы, дүние танушылығы (Негізінде жасампаздық топтар мен таптардың сойылын сілтеуге жаратылған емес, біз ұдайы айтып отыратын шығармашылық эстетика онан да жоғары маңыздылыққа ие ) тұрғысынан қадам басады.
Кеңестік социалистік реализм тұсында шығармадағы таптар өкілі шығармашылықты өзіндік мүддеге пайдаланғандары бар. Негізі ол ортада өмір сүрген маңдайалды құбылыс кеңес адамының образын сомдау, кеңес қоғамының мақтанышын жырлау болды. Демек, әрине бұнда бір кері ағыс пайда болғандай еді. Нұрмахан Оразбеков публицистикасының кей тұстары осыған жақын еді. Яғни, жасампаздықтың кері ағысы. Сол тұста ол асқан отаншылдық сезімдер, мақтаныш сезімдер болып, ол тегінде кейінгі өтпелі дәуір, өткіншіден кейін мәнін жоғалтты. Мәнін жоғалтқаны: біздің замана беталысының кері бұрылып кеткені. Жазушы шығармашылығынан цитат келтірсек Сан ғасырлар адамзат жинақтаған білімді келесі ұрпақ игермей қоғамның ілгері басуы мүмкін емес. Сондықтан бұл мәселеге социалистік қоғам орасан мән береді. Білім берудің келелі жүйесін жасап өз ұрпағын мәпелеп өсіреді. Ал капиталистік қоғам ше? Дәл осы саланың өзінен біз алалаудың, әлеуметтік теңсіздіктің алуан түрлі мысалдарын қиналмай-ақ таба аламыз [12]. бұл пікірдің екі түрлі қыры болар еді - бірінші, капиталистік қоғамдағы құн көзқарасының арта түсуінің аса қауіпты екенін көрсеткендігі. Енді бір қыры, түбегейлі сенім - сенімнің санада бой көтерген сәулесі. Сол тұстағы публицист өмір сүрген, сенген социалистік қоғам публицист ойлағандай емес еді. Ұзақ жылдық жоспарланған дербестігінен айрылған ұлттарға деген көзқарасы, ұстанатын саясаты белгілі еді. Нағыз шовинизмнің жезтырнағы жең ішінде өсіп, қайралған өткір жүзін қиып түсуге сайлап отырған. Сондай-ақ, адамдарды идеялогиялық тұрғыда қалыптастыру жөніндегі сана сатысында, сыртқы дүниеге деген мұрын шүйіру, кері түсінік қаламгер шығармашылығын-дағы кей тұстардан да мұндалап тұратын. Бұл әрине, шығармашылық тұрғы-сында ой елегінен өткізген адам тұрғысынан эстетикаға мүлдем сыймайтын жайттер еді. Ал әртүрлі идеялық бағыт ұстанған, әртүрлі көзқарастағы қаламгер қауымын алсақ, олардың мейлі бір тақырып туралы қалам тербесе де өзіндік дүниетанушылық көзқарас тұрғысынан толғайтындықтарын көреміз. Мысалы ХІХ ғасырдың екінші жартысында өмір сүрген Әбубәкір мен Алтынсаринды алсақ, бірі ескішілдік, бірі жаңашылдық көзқарасты қолдаушы ақындар екенін көреміз. Олардың тақырып таңдаулары да, сол тақырыптың негізінде суреттелген өмір құбылыстарын оқушыларына жеткізу әдістері де өздерінің өміртану көзқарастарымен нық байланысты.
Реализм - белгілі публицистердің айтылымдарына сүйенсек, отарлану кезеңіндегі әдебиетке тура келеді. Ол жөнінде Отарлану кезеңіндегі біздің әдебиет Абаймен басталды. Аспанды қара бұлт торлап келе жатқан еді. Ел шетіне жау ілінгенде, әдебиеттің заман ауқымынан тыс қалмайтыны белгілі. Абай шығармаларында реализмнің негізгі орын алып, тұтас отарлану кезеңіндегі әдебиетті енді бір тұрғыдан "Қарсылық көрсету кезеңінің әдебиеті" деп атауға болады. Жаугершілікте қас батырлар қан майданда өледі. Біреулер қаруын тастайды, бірақ, өмір бойы намыстың отына күйіп өтеді. Енді біреулер жаудың дегенін істей бастайды. Жылап-сықтағандар да, құр уайымға салынғандар да болады. Тағы біреулер бойұсынғанымен қоймайды, сатқын атанып, жауынан бетер өз халықына өршелене шабады. Бұл - өмірде ғана емес, әдебиет майданында да кездесетін жағдай. Іздесеңіз, XX ғасырдағы Қазақ әдебиетінен кездестіре аласыз [13].
Нұрмахан Оразбеков шығармашылығынан "Қарсылық көрсету кезеңінің әдебиеті" деп аталатын тіркесті де көруге болатын еді. Ол өзіндік өмір сүру қағидасы негізінде де, принцип негізінде де аталмыш тіркеске лайықты тұлға. Біз алдыңғы бөлімде айтып өткен осы негіздегі келтірілген дәлелдемелер айқындай түсетін еді. Мысалы, Мұхтар Мағауиннің Шытырман романында Нұрмахан Оразбеков жөнінде айтылатын тұстар бар, сол кездегі тас бұғауға айналған жүйені бұзған бұл әрекет оның қанында жөңкілген қарсылық, бұлқыныс еді. Тіптен Бұндай шовинизмнің тамырына балта шабу керек! деген. Ал кейінде Орталық Қазақстан газетінде 1991ж. Москвадағы тамыз бүлігіне байланысты Иә, бұл - төңкеріс! мақаласы да бұған дәлел. Біздің бұл айтып отырғандарымыз, тақырыптық мәнді аша түсу негізінде публицистің жасампаздық тұлғалық сомдалуына шолу жасау. Біздің негізгі креативті элементтерге жіңішкелікпен жекелей тоқталуымыз келесі сатыға көтерілумен бірдей мән.
Бүгінгі ғылымның немесе өнердің қай саласы болсын, онда өмір сүріп жатқан миссия аса күрделі деңгейге аяқ басты. Заманалық қалыптасу, өткен ғасырлар керуенінен кей-кейде қалтарыстарда қалып қойған. Егер сөздің нақты мағыналарының белгілі тарихи кезеңдердің аумалы-төкпелі сарындарына байланысты ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Нәзір Төреқұлов
Ыбырай Алтынсарин және дәуір
Ыбырай Алтынсарин шығармаларының тілі
Ілияс Омаров
Онлайн қазақ басылымдары
Сәкен Иманасовтың публицистикасы
Елші Нәзір Төреқұлов
Интернеттің журналистикаға әкелген жаңалығы
Төлеген Қажыбаевтың драмаларындағы мінез
Кәкімжан Қазыбаевтың публицистикасы
Пәндер