XVIII ғасырдың екінші жартысы мен XIX ғасырдағы Қазақстан мәдениеті



Қазақ халқының XVIII ғасырдың екінші жартысы мен XIX ғасырдағы мәдениеті ежелгі қазақ жерінде өмір сүріп, қазақ халқын құраған ұлыстар мен тайпалардың материалдық мәдениеті мен рухани мәдениетінің заңды жалғасы және жаңа заманға сай дамып қалыптасқан түрі болды.
Рухани мәдениеті: Қазақ халқының ғасырлар бойы жасаған рухани мәдениетінің маңызды бір саласы – қазақ шежіресі екені анық. Қазақтың байырғы салт-дәстүрі бойынша әрбір қазақ азаматы өзінің жеті атасын білуге тиісті еді. Мұны балаларына үйрету әрбір атаның, отбасы тәрбиесінің негізі болды. Тек ата-анасынан айырылған жетімдер ғана мұндай тәрбиеден қалған. Соның үшін қазақ қауымы «жеті атасын білмеген жетімдіктің салдары» дейді. Ру, тайпа және жүздің шежіресін таратып айта алатын адамдар халық ішінде құрметтеліп, «шежірешілер» деп аталды. Ерте заманда шежіре ауызша түрде ұрпақтан-ұрпаққа жеткізілсе, ХҮІІІ-ХІХ ғасырларда бірсыпыра шежірелік жинақтар таспаға түсірілген. Олар: «Көшен-Қарауыл шежіресі» (XVIII ғ.), «Жәңгір хан шежіресі» (1835), Ш.Уәлиханов жазып алған «Ұлы жүздің шежіресі» т.б.
Сол сияқты XVIII ғасыр «ақындар поэзиясы ғасыры» деп аталған. Қазақ мәдениеті мен әдебиетінің өте кұнды мұралары- ақын-жыраулардың өлең-жырларында халықтың өмір тіршілігі, көңіл-күйі, салт-санасы, өндірісі мен тұрмысы, мінез-кұлық өлшемі, сол дәуірдің рухы бейнеленді. Олар халық басына келген қайғыға да, жұрт кенелген мерейге де ортақ болды. Ел басына ауыр күн туғанда шапқыншы жауларға қарсы жан аямай күресіп, елін қорғаған ерлерді дастан етіп жырлап отырды. XVIII ғасырда танымал болған Ақтамберді, Тәттіқара, Үмбетей, Бұқар, Шал, Көтеш секілді жыраулар өз өмірінде ұшан-теңіз жыр шығарды. Қазақ әдебиеті тарихында көрнекті орын алатын XVIII ғасырдағы атақты жырау Бұқар Қалқаманұлының (1668-1781) бірнеше шығармалары сақталған. Ол тәуелсіздікті сақтау және нығайту идеясын білдірген көрнекті дидактикапық өлең-толғаулар шығарған. Қазақ ханы Абылайды қолдап, әр түрлі даулар мен таластарды шешкен. Жырау қазақтың барлық үш жүзін біріктіріп, бір орталыққа қараған күшті мемлекет болуын армандады.
Тәттіқара, Үмбетей, Шал, Көтеш сияқты жыраулардың жырлары халық жадында үзік-үзік сақталған. Үмбетейдің Бөгенбай батырдың қайтыс

Пән: Қазақстан тарихы
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   
XVIII ғасырдың екінші жартысы мен XIX ғасырдағы Қазақстан мәдениеті
Қазақ халқының XVIII ғасырдың екінші жартысы мен XIX ғасырдағы
мәдениеті ежелгі қазақ жерінде өмір сүріп, қазақ халқын құраған ұлыстар мен
тайпалардың материалдық мәдениеті мен рухани мәдениетінің заңды жалғасы
және жаңа заманға сай дамып қалыптасқан түрі болды.
Рухани мәдениеті: Қазақ халқының ғасырлар бойы жасаған рухани
мәдениетінің маңызды бір саласы – қазақ шежіресі екені анық. Қазақтың
байырғы салт-дәстүрі бойынша әрбір қазақ азаматы өзінің жеті атасын білуге
тиісті еді. Мұны балаларына үйрету әрбір атаның, отбасы тәрбиесінің негізі
болды. Тек ата-анасынан айырылған жетімдер ғана мұндай тәрбиеден қалған.
Соның үшін қазақ қауымы жеті атасын білмеген жетімдіктің салдары дейді.
Ру, тайпа және жүздің шежіресін таратып айта алатын адамдар халық ішінде
құрметтеліп, шежірешілер деп аталды. Ерте заманда шежіре ауызша түрде
ұрпақтан-ұрпаққа жеткізілсе, ХҮІІІ-ХІХ ғасырларда бірсыпыра шежірелік
жинақтар таспаға түсірілген. Олар: Көшен-Қарауыл шежіресі (XVIII ғ.),
Жәңгір хан шежіресі (1835), Ш.Уәлиханов жазып алған Ұлы жүздің шежіресі
т.б.
Сол сияқты XVIII ғасыр ақындар поэзиясы ғасыры деп аталған. Қазақ
мәдениеті мен әдебиетінің өте кұнды мұралары- ақын-жыраулардың өлең-
жырларында халықтың өмір тіршілігі, көңіл-күйі, салт-санасы, өндірісі мен
тұрмысы, мінез-кұлық өлшемі, сол дәуірдің рухы бейнеленді. Олар халық
басына келген қайғыға да, жұрт кенелген мерейге де ортақ болды. Ел басына
ауыр күн туғанда шапқыншы жауларға қарсы жан аямай күресіп, елін қорғаған
ерлерді дастан етіп жырлап отырды. XVIII ғасырда танымал болған Ақтамберді,
Тәттіқара, Үмбетей, Бұқар, Шал, Көтеш секілді жыраулар өз өмірінде ұшан-
теңіз жыр шығарды. Қазақ әдебиеті тарихында көрнекті орын алатын XVIII
ғасырдағы атақты жырау Бұқар Қалқаманұлының (1668-1781) бірнеше шығармалары
сақталған. Ол тәуелсіздікті сақтау және нығайту идеясын білдірген көрнекті
дидактикапық өлең-толғаулар шығарған. Қазақ ханы Абылайды қолдап, әр түрлі
даулар мен таластарды шешкен. Жырау қазақтың барлық үш жүзін біріктіріп,
бір орталыққа қараған күшті мемлекет болуын армандады.
Тәттіқара, Үмбетей, Шал, Көтеш сияқты жыраулардың жырлары халық
жадында үзік-үзік сақталған. Үмбетейдің Бөгенбай батырдың қайтыс болуына
арналған естірту жыры-жоқтауы белгілі. Үмбетей жоқтауында Бөгенбай-халық
қорғаушысының мінсіз бейнесі. Ал Тәттіқара ақын қатардағы жауынгер ретінде
Көптеген шайқастарға қатысып, жорықта туған толғауларында жауынгерлерді
бостандық жолындағы күресте қаңдай да болсын қиыншылықтың алдында бас
имеуге шақырады.
XIX ғасырда қазақ әдебиеті ұлттық дарынды тұлғалардың көптігімен де,
бір-біріне ұқсамайтын дара туындылардың сан қырлы сипатымен де ерекшеленді.
Бұл дәуірде айтыс әнері дамып, даңқты ақундар Жанақ, Шәже, Орынбай, Түбек,
Сүйінбай, Шернияз, Біржан, Бақтыбай, Жамбыл сияқты әйгілі ақындар қатары
Сара, Ырысжан, Үлбике, Тәрбие, дақбала және басқалар сияқты ақын қыздардың
есімдерімен толықты деуге болады. Түрі мен мазмұны жатынан айтыстар бір-
біріне ұқсамайды. Олардың кейбіреулерінің негізгі мазмұнында халықтың
өмірі, оның шаруашылық-тұрмыстық проблемалары, рулық қоғамдастықтың
ерекшеліктері сөз болса, Біржан мен Сара айтысында қазақ әйелдеріне жеке
бостандық беру мәселесі көтеріледі. Мұндай айтыстармен қатар бірін-бірі
қалжыңмен қағыту, танысу, амандасу, көңіл көтеретін өзіл-оспаққа құрылған
айтыс түрлері де аз кездеспейді.
Осы кезеңнің музықалық мәдениетінде Махамбет Өтемісұлы (1804-1846)
өзіндік даралығымен көрінді. Ол 1836-1838 жылдардағы Исатай Тайманұлы
бастаған шаруалар көтерілісінің белсенді қатысушысы ғана емес, кетерілістің
жаны мен жылнамашысы болды. Оның Исатай көтерілісі, Исатайдың
өлердегі сөзі сияқты шығармалары көтерілісті жан-жақты сипаттады.
Сол сияқты Шернияз Жарылғапұлы (1817-1881) Кіші жүз қазақтарының
отаршылдыққа қарсы ұлт-азаттық күресінің жыршысы және ту көтерушісі болды.
Жалынды жырларымен халықты күреске үндеді.
Шығармалары қайшылыққа толы, күрделі тұлға саналған зар-заман ақындары
да қазақ әдебиетінде өзіндік орын алады. Зар-заман ақындарының көрнекті
өкілдері Дулат Бабатайұлы (1802-1874), Шортанбай Қанайұлы (1818-1881),
Мұрат Мөңкеұлы (1843-1909). Олар қазақ халқының өмірін ақиқатпен жырлаған
ақындар болды. Ахмет Байтұрсыновтың Ақындық жалғыз өз көңілінің күйін
толғай білуде емес, басқалардың да халін танып, күйіне салып толғай
алуында деп тұжырымдағаны сияқты, бұл ақындар да қара басын күйттеген ақын
емес, халқының үнімен елдің мұңын жеткізуші болды. Зар-заман ақындары өмір
сүрген кезең патшаның отаршылдық саясаты дәуірлеп, қазақ жерінің нағыз
талауға түскен кезі еді. Мәселен, Мұрат Мөңкеұлы Үш қиян, Сарыарқа,
Әттең бір қатты дүние-ай сияқты толғау-дастандары арқылы қазақ ерін
отарлаушылар батыл әшкерелеп, озбыр саясатқа қарсы тұрса, Д. Бабатайұлы
Бейшара менің қазағым, О, Сарыарқа өлеңдері арқылы қазақтың ауыр тұрмыс
бейнелейді.
ХҮШ-ХІХ ғасырларда ақын-жыраулық поэзиямен қатар шығыстық ақындық
дәстүр үлкен орын алды. Қазақтың дастандары араб-парсы әдебиетімен,
фольқаорымен байланыста болды. Абай қазақтың қаассиқалық әдебиетіне
дастандар алып келді. (Ескендір, Масқұт, Өзімнің әңгімесі).
Абай (Ибраһим) Құнанбайұлы (1845-1904) өзі туған ортадан шоқтығы биік
тұрды. Оның пікірінше, әрбір ойлы адам қоршаған өмір шыңдығына өзінің
саналы көзқарасын қалыптастыруға тиіс. Абайдың бүкіл шығармашылық
әрекетсіздік пен жалған ұятқа деген ымырасыздық идеяларына толы. Ол ел
ішінде бірлік пен татулық болғаңда ғана қоғамның негізгі күштері - ғылым,
алдыңғы қатарлы идеялар, мәдениет толық кәлемде дами алады және бүкіл
халықтық игілік әкеледі деп санады. Қоғамды алға даму жолдарын үнемі
іздестіріп отырды. Яғни, бұл даму егіншілікті, қоләнерді, сауданы дамытумен
тығыз байланыстырылды. Ұлы ақын:
Егіннің ебін,
Сауданың тегін
Үйренін, ойлап, мал ізде
деген болатын. Сол сияқты ақын орыс әдебиеті мен мәдениетімен таныс
болды. М.Ю.Лермонтов, А.С.Пушкин, Н.Крылов шығармаларын аударумен
шұғылданды. Орыс әдебиеті үлгілерін қазақ халқы арасына тұңғыш таныстырушы
болып, олардың әскелең идеяларын насихаттады.
Осы кезеңнің дара тұлғаларының бірі ретінде Ш.Уәлихановты (1835-1865
жж) атаймыз. 1856 жылы Ш.Уәлиханов екі экспедицияға қатысады. Біреуі
Орталық Тянь-Шань арқылы Алакөлден Ыстықкөлге дейінгі, екіншісі
-дипломатиялық тапсырма бойынша Құлжаға сапар. 1857 жылы Уәлиханов Алатау
қырғыздарына тағы да сапар шегіп, қырғыз халқының энциқаопедиялық дастаны
Манасты көшіріп алды. Ыстықкөлге экспедиция кезінде Ш.Уәлиханов тарихи
деректермен қатар көненің көзі- ерте заман бұйымдарының құнды үлгілерін
жинады. Ыстықкөлге барған сапардың күнделігі, Қытай империясының батыс
провинциясы және Құлжа қаласы, Қырғыздар туралы жазбалар деген тарихи-
этнографиялық туындылары жоғарыда аталған сапарларының нәтижесі болатын.
Ш.Уәлихановтың ғылыми қызметі Орыс географиялық қоғамының назарын аудартып,
1857 жылдың ақпанында ол қоғамның толық мүшелігіне қабылданады. Оның ғылыми
мұрасы Қазақстанның және Көп ұлтты Ресейдің, басқа да халықтардың
проблемаларының өзекті тұстарын қамтиды. Шоқан Орта Азия мен оған іргелес
жатқан аймақтар халқының географиясын, этнографиясы мен фольқаорын
зерттеуге де үлкен үлес қосты.
А.Құнанбаев пен Ш.Уәлиханов XIX ғасырдағы екі үлкен білім жүйесінің
өкілдері болды: діни (мұсылмандық) және зайырлы (орыстық). Мектеп пен
медреселерде діни білім беріліп, молдалар мен мұғалімдер даярланды.
Медреселерде теологиялық діни білім философия, тарих, әдебиет, астрономия,
медицина, математика, лингвистика пәндерін оқытса, зайырлы оқу орындары
қазақтарды Ресейге қызмет ету мен орыс мәдениетіне қызығушылық жолдарына
салды. Олардан отарлау аппараттарына шенеуніктер, аудармашылар, оқытушылар,
әскерилер, дәрігерлер шығарды.
Орынбордағы зайырлы оқу орындарының бірін 1857 жылы танымал жаңашыл-
педагог, ағартушы Ы.Алтынсарин аяқтайды. Ы.Алтынсарин (1841-1889)
бастамасымен және тікелей қатысуымен Қазақстанда халықтық азаматтық
мектептер желісінің құрылуына қол жеткізілді. Ол, әсіресе, қоләнер және
ауылшаруашылығы училищелерін ашуға Көп күш-жігер жұмсап, байырғы халық
арасынан Қазақстанның экономикалық дамуы үшін қажетті мамандар даярлауға
ерекше мән берді. Ы.Алтынсарин орыс-қазақ мектептерінің оқушыларына арнап
Қырғыз (қазак) хрестоматиясы және Қырғыздарға (қазақтарға) орыс тілін
үйретуге алғашқы басшылық атты оқу құралдарын жазды. Орыс қаастарына қазақ
тілінен сабақ беріп, ол ұлттық әдебиет пен мәдениетті дамыту, қазақ әдеби
тілін қалыптастыру жолында жемісті еңбек етті.
XIX екінші жартысында Қазақстандағы музықа өнерінің дамуына Құрманғазы
Сағырбайұлы, Дәулеткерей Шығайұлы, Тәттімбет Қазанғапұлы, Ықылас Дүкенұлы
сияқты композитор-музықанттар үлкен үлес қосты. Домбыра, қобыз, сыбызғы
сияқты музықалық аспаптар арқылы түрлі эпостарды, тарихи дастандарды, аңыз-
әңгіме мен ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ХVІІІ ғасырдың екінші жартысы мен ХІХ ғасырдағы Қазақстан мәдениеті
Қазақ халқының музыкалық мұрасы
Ежелгі славяндардың мәдениеті
Қазақстанның XV-XVIII ғасыр мәдениеті
Орталық Азияның ортағасырлық мәдениеті жайлы
XIX ғасырда өмір сүрген ақын - жыраулар
Халқымыздың ұлы ұландары жыраулар шығармашылығында
Орыс ғалымдары ХІХ ғасырдың Қазақстан өндіргіш күштері мәдениеті мен тұрмысы
Ағартушылық ғасырының мәдениеті
Рационализм ғасырының мәдениеті
Пәндер