Интернетке тәуелділіктің психологиялық-педагогикалық негіздері


Пән: Психология
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   

Интернетке тәуелділіктің психологиялық-педагогикалық негіздері оригинал

Бұл мақалада интернетке тәуелділік болуының мотивтері мен тәуелділік қалыптасуының кезеңдері туралы және олардың ерекшеліктері туралы айтылады.

Автор:

Базарбаева Гүлдариға Жетпісбайқызы

Садуахасова Айгул Бекежановна

Язык : Қазақша

Список литературы и ссылок

Скачать публикацию 28. 63Kb

27. 05. 2013

Тематика: Білім және ғылым 1742 1 Поделиться на e-mail техникалық прогресс Интернет компьютерлік желі

Өткен ғасырда үлкен жылдамдыққа ие болған ғылыми техникалық прогресс компьютерлерге жағдай жасайтын заңдылықты әрі айқын базаға айналып отыр. Қазіргі заманғы адам интернетсіз өмір сүре алмас десе де болады. Біздің күнделікті өмірге ене отырып, компьютерлік технологиялар дайын ғылыми жасақтамалар мен болашақ жобалардың жаңа идеяларын біріктіретін «көпірге» айналды. Компьютеризация біздің өмірімізге тек жағымды ғана емес, сонымен қатар жағымсыз әсерлерін ендіруде. Интернет және компьютер көмегімен қоғамдық және өндірістік қызметтің барлық сфералары дамытудың қосымша мүмкіндіктеріне ие болды. Осыған орай болашақта адам компьютер немесе интернетсіз толық өмір сүре алмайды деген болжамның жүзеге асу мүмкіндігінің жоғары екендігі туралы айтуға болады. Қазірден көптеген ұйым, компания, фирмалар өз қызметін компьютерлік желісіз жүзеге асыра алмайды. Компьютерлік желілер ауқымы тұтынушыларға өзінің жетілдірулері мен жаңа бағдарламаларын ұсына отырып, жедел әрі тұрақты дамып келеді. Интернет тұтынушыларының мотивациясын зерттеушілер ішінде А. Е. Войскунский мен О. Н. Арестова еңбектерін атап өтуге болады. Олар Интернет тұтынушыларының мотивтерінің келесі классификациясын келтіреді.

1. Іскерлік мотив. Тұтынушылардың көпшілігі үшін Интернеттегі жұмыс нақты мақсатқа, яғни нәтижеге жетуге бағытталған кәсіби қызметтік құрылымды бөлік болып табылады. Бұл нақты бір ақпараттың ізденісі, белгілі бір адаммен өзара әрекеттестік және байланыстар белгілі бір бөлімшенің жұмысын ұйымдастыру және т. б. нақтылы іскерлік нәтижеге бағдарлану іскерлік мотивацияның индикаторлық қызметін атқарады.

2. Танымдық мотив. Бұл мотив жаңа білімдерді алумен байланысты. Тұтынушының танымдық қызығуының бағыттылығына байланысты оның түрлі сипаттамалары болуы мүмкін. Компьютерлік желідегі танымдық қатынас пәні: жаңа қызметтік мүмкіндіктер, түрлі гипермәтіндік ақпарат, жаңа адамдар, жаңа идеялар мен пікірлер визуалды және есту бейнелері.

3. Қарым-қатынас мотиві(коммуникативті мотив) . Ол жаңа танысуларды, қызығулары жақын адамдарды іздеумен, пікірлерді алмастырумен сипатталады. Бұл мотив адамның жаратылыстық қажеттілігі - білімдер, пікірлер, эмоцияларды өзі тәрізіділермен алмастырумен байланысты.

4. Корпоративті мотив (ынтымақтастық мотив) . Адам қызметтерінің көптеген түрлері құрамы бойынша болсын, құрылымы бойынша болсын, әлеуметтік сипатқа ие. Қызмет адамдар арасындағы функцияларды бөледі: қызмет нәтижелерін алмастыру, жұмыс барысында бірігіп отырып мәселені шешу. Адамдардың көпшілігі ортақ қызмет жағдайында еңбек етеді. Тұтынушылардың Интернетте жұмыс істеу барысында басқалармен ынтымақтастыққа бағдарлану корпоративті мотивацияның индикаторының қызметін атқарады.

5. Өзіндік табылу мотиві. Бұл мотив негізінде терең психологиялық құбылыстар жатыр. Тұлғалық өзін-өзі бағалау, талап қою деңгейі, жетістік мотивациясы. Адам қызметі өте жиі жетістіктік сипатқа ие, алайда адамға өзіне және басқаларға өз құндылығын дәлелдеуге тура келеді. Бұл мотив субьектінің тұлғалық құндылықтарының типіне байланысты қызметтің әртүрлі түрлерінде жүзеге асырылады.

6. Рекреация мотиві және ойындық мотив. Ойын және рекреация әр адамның өмірінде маңызды орын алады. Ойын және рекреация жұмысқа қабілеттіліктің функционалды күйін қалыпқа келтіруден басқа, сондай-ақ олар қызметтің жаңа түрлерін игеру әдісі, өз мүмкіндіктерінің жаттығуы және тексеруі, жарысу болып табылады. Интернеттен әр адам өзіне неғұрлым жақын және қызықты болып табылатын ойын түрін таба алады.

7. Аффилиация мотиві. Берілген мотив адамның қызметінің әлеуметтік мәні мен тұлғасының көрінісі болып табылады. Ол әр адамның белгілі бір топқа қатысты болу, оның құндылықтарын қабылдап оларға еру, топ құрылымында өз орнын алуға деген қажеттіліктен көрінеді.

8. Тұлғаның өзіндік жүзеге асу және даму мотиві. Тұтынушылардың айтарлықтай бөлігі Интернеттегі жұмыстың жеке тұлғаға және қызметке әсерін түсінеді. Бұл әсерге танымдық мүмкіндіктер, ойын әрекеті, қарым-қатынас ерекшеліктері, тұлға қызығуы қалыптасуының дамуы жатқызылады. Өз мүмкіндіктерін танымдық, коммуникативті тағы басқаларын дамытып, жүзеге асыруға деген саналы бағыттылық Интернеттегі жұмыс барысында тұлғаның даму мотивін қалыптастырады. Бұл мотивте шығармашылық компонент өзінің айқын көрінісін тапқан. Интернетте жұмыс істеу адамға өзінің шығармашылық қабілеттерін көрсетуге мүмкіндік береді, мысалы, жаңа бағдарламалық өнімді жасау, бүкіл әлемдік желі ресурстарындағы телеконференцияларда ойды білдіру. Бұл адамға өзінің шығармашылық мүмкіндігін жүзеге асыруға, құзырлы эксперттер және мәнді адамдар тарапынан өз шығармашылығы үшін баға алуға мүмкіндік береді.

Зиянды жағдайлар: әрине, интернет күнделікті өміріміздің маңызды қажеттіліктерінің бірі болып табылады. Алайда, бұл жүйеде адамның психологиясын бұзатын, мәдени, тәрбие және діни құндылықтарды жоятын нәрселер де бар. Интернеттегі хат жазысу жағдайлары өздерін басқа біреудің атынан таныстыратын жаман ниетті адамдар тарапынан ақша алу үшін тиімді себеп болатындығын бәріміз білеміз. Өкінішке орай, осы хат алысулардың салдары отбасының ыдырауына дейін әкеліп соғатындығы да мәлім. Интернетте темекі, есірткі және ішімдік базарлары да бар. Бұл базарда біреулер зиянға ұшыраса, басқалар пайда тауып жатады. Бірақ осыны біле тұра, бәрібір бұл қорқынышты жағдайға адамдар құрбан болуда және көпшілік оны көруде. Интернет-тәуелділігінің қалыптасуы біртіндеп жүреді. Берілген тәуелділіктің қалыптасуының кезеңдерін бөліп көрсетуге болады.

1. Жеңіл қызығушылық кезеңі. Бала алғашқы рет компьютерлік ойын ойнағаннан кейін ойынның сюжеті ұнай бастайды, өзін басты кейіпкермен ұқсата бастайды, графика, сурет, музыкасы ұнайды. Бала шынайы және виртуалды әлемді салыстыра бастайды да, таңдауын ақырғысына тоқтатады. Компьютерлік шынайылық балаға өз армандарын жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Алайда бұл кезеңнің өзіндік ерекшелігі бар: ойын компьютерге жүйелік сипат емес, ситуациялық сипат береді. Ойынға тұрақты қажеттілік әлі де қалыптаспаған, ойын үрдісі адам үшін мәнді құндылыққа ие емес.

2. Қызығушылық кезеңі. Бұл кезеңде балада жаңа қажеттілік пайда болады - компьютерлік ойын ойнау қажеттілігі. Бұл жерде ойын жүйелік сипатқа ие. Бұл қажеттілігін қанағаттандыра алмаса, бала белсенді әрекеттерге көшеді.

3. Тәуелділік кезеңі. Мұнда баланың құндылықтық-мағыналық сферасында күрделі өзгерістер пайда болады. Өзіндік сана және өзін-өзі бағалау өзгерісіне ұшырайды. Ойын шынайы әлемді толық ығыстырып тастайды. Тәуелділік өз көрінісін екі формада табады: әлеуметтенген және жекешеленген. Интернет тәуелділіктің әлеуметтенген формасында бала өзі сияқты тәуелді балалармен болса да, қоғаммен әлеуметтік байланысты ұстайды. Мұндай жасөспірімдер бірлесіп ойнағанды ұнатады. Берілген жағдайда ойындық мотивация негізінде жарыстық сипат жатыр. Тәуелділіктің бұл формасы келесі формаға қарағанда әсері әлдеқайда жағымсыз. Жекешеленген формасында адамның тек дүниетанымы ғана емес, сонымен қатар қоршаған орта, социуммен өзара әрекеттестігі бұзылады. Мұндай балалар үшін интернет нашамен теңдес болады. Егер де біраз уақыт бұл құмарлықтың орнын басқа бірдеңе баспаса, онда олжағымсыз эмоциялар сезеді, қозулы, қорқынышта және агрессивті болады. Мұндай құбылыстар клиникалық тілмен психопатология немесе берілген патологияны тудыратын өмір сүрудің стилі деп атайды.

4. Құштарлық кезеңі. Бұл интернет тәуелділіктің ақырғы кезеңі. Ол адамның ойындық белсенділігінің сөнуімен, индивидтің сауығуға психологиясының өзгеруімен сипатталады. Мұнда бала компьютерден қашықтық ұстайды, алайда орныққан тәуелділіктен толық босай алмайды. Берілген кезең ұзақ, кейде тіпті өмір бойы сақталады. Ол құштарлықтың сөну жылдамдығына тәуелді.

Интернет-тәуелділікпен алғашқы болып өз қызметінде Интернетті пайдаланып, қызметкерлерінде он-лайнда отырудан патологиялық құмарлық пайда болу салдарынан шығынға ұшырайтын компаниялар, сондай-ақ дәрігер психотерапевттер кездесті. Интернет-тәуелділік феноменін психологиялық зерттеудің негізін қалаушы екі американдық клиникалық психолог К. Янг және психиатр И. Гольдберг. К. Янг 1994 жылы интернет-тәуелділікті анықтайтын арнайы сұрақша дайындап, оны веб-сайтта орналастырды. Нәтижесінде 500 сауалнама толтырылып, оның 400-ін аддиктілер толтырылған. Өткен ғасырдың 90-шы жылдардың ортасында тәуелділік құбылысын анықтау үшін И. Гольдерг (1996) «Интернет-аддикция» терминін және тәуелділікті анықтауға көмектесетін диагностикалық көрсеткіштер жиынтығын ұсынды.

1998 жылғы М. Орзактың мәліметтерінде Интернет-тәуелділікке тән келесідей психологиялық және физиологиялық симптомдар бөліп көрсетілген:

1. Психологиялық симптомдар: көтеріңкі көңіл-күй және компьютердің алдындағы эйфория сезімі; тоқтаудың мүмкін еместігі; компьютер алдында өткізілетін уақыт көлемінің артуы; жанұя және жолдастарын елемеу; компьютерден алыс кездерде бос болу сезімі, депрессия, мөлшерден тыс қозу; өз қызметі жайлы қызметкерлеріне немесе жанұя мүшелеріне жалған айту; жұмыс немесе оқудағы мәселелер.

2. Физиологиялық симптомдар: карпальды канал синдромы (бұлшықеттің ұзақ күйзеліске ұшырау мен байланысты қолдың жүйкелік жолдарының туннельдік жолдарының зақымдануы) ; көз сұйық затының құрғауы; бас ауруы; омыртқа ауруы; уақытында тамақтанбау; жеке гигиенаны сақтамау; ұйқының бұзылуы.

К. Янг Интернет-тәуелділіктің 5 негізгі түрін сипаттайды:

киберсексуалды тәуелділік - порносайттарға кіруге және киберсекспен айналысуға, чаттарда «ересектерге» арналған арнайы телеконференцияларда сексуалды тақырыпты талқылау.

виртуалды танысуларға құмарлық - жанұямен, достармен шынайы қатынастардың орнына виртуалды кибер қатынастарды қалау.

желіге деген тым жоғары қажеттілік - онлайндық құмар ойындар ойнау, үнемі аукциондарға қатысып сатып алулар жасау.

тым көп ақпарат қабылдау (жабысқақ «веб-серфинг») - жүйедегі үнемі саяхаттаулар, ақпаратты мәліметтер базасы және іздеуші сайттарда іздеу.

компьютерлік тәуелділік - компьютерлік ойындарға үнемі қатысу.

М. Шоттон компьютерден тәуелділіктің типологиясын дайындады, онда бұл тәуелділіктің 3 түрін анықтады:

Бірінішіден, бұл «желішілер» (networkers) : олар оптимист, тәуелділіктің басқа типтерімен салыстырмалы түрде - анағұрлым әлеуметтік белсенді, адамдарға жағымды қатынас көрсетеді, жолдастары болады, ата-аналарымен жағымды қарым-қатынаста болады. Компьютер олар үшін - хобби сияқты: олар өшірілген мәліметтер базаларына ізденіс салулары немесе MUD типіндегі рольдік топтық ойындар ойнауы мүмкін, алайда көрсетілген басқа тәуелді типтерге қарағанда өз бетінше аз бағдарламалайды, компьютерлік графика немесе аппараттық қамсыздандырумен қызықпайды.

Екіншіден, бұл «жұмысшылар» (workers) - саны бойынша ең аз топ. Олар неғұрлым жаңа әрі қымбат комьютерлерге ие. Бағдарламалауүрдісін нақты жоспарлап алып, бұл бағдарламаларды керекті нәтижеге жету үшін дайындайды. Әдетте бұл топтың өкілдерін жақсы оқыған стандартты оқыту бағдарламалары оларды қанағаттандырмайды, сондықтан да олар қосымша оқу курстарына қатысады. Оларға қатаң «қызметтік этика» тән.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жасөспірімдер және әлеуметтік желі
Жасөспірім шақтағы интернет-тәуелділіктің теориялық негіздері
Интернетке тәуелділік
Әлеуметтік желілердің мектеп жасындағы балалардың агрессивті мінез - құлқына әсер ететін психологиялық жағдайлар негіздері
Вертуальды және интернет тәуелділігінің психикалық аспектілері
Қазіргі замандағы Қазақстандағы жасөспірімдер
КОМПЬЮТЕРЛІК ОЙЫНДАРДЫ ҚҰРУ ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫ
Информатиканы оқыту барысында оқушылардың танымдық қызметіне киберпсихология білімінің әсері
Ғаламторға тәуелділік мәселесінің тарихы
Ата ананың отбасында балаға үлгі болу дағдыларын дамыту
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz