Іс-шаралар туризмінің қазіргі жағдайын талдау, жоспарлау және ұйымдастыру ерекшеліктері. Қазақстанда дамуы


Пән: Туризм
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 57 бет
Таңдаулыға:   

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ

1 ІС-ШАРАЛАР ТУРИЗМІНІҢ ҚАЗІРГІ ЖАҒДАЙЫН ТАЛДАУ

1. 1 Іс-шаралар туризмі: мәні, анықтамасы

1. 2 Іс-шаралар туризмінің дамуына әсер ететін факторлар

1. 3 Іс-шаралар туризмінің жіктелуі

2 ІС-ШАРАЛАР ТУРИЗМІН ЖОСПАРЛАУ ЖӘНЕ ҰЙЫМДАСТЫРУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

2. 1 Дүние жүзіндегі әйгілі іс-шараларға талдау

2. 2 Ресейдегі іс-шаралар туризмінің ұйымдастырылуы

2. 3 Қазақстандағы іс-шаралар туризмінің ұйымдастыру ерекшеліктері

3 ІС-ШАРАЛАР ТУРИЗМІНІҢ ҚАЗАҚСТАНДА ДАМУЫ

3. 1 Іс-шаралар мерекелерін ұйымдастыру

3. 2 Көрмелер және жәрмеңкелердің іс-шаралар туризмі дамуындағы ролі

3. 3 Қазақстанда іс-шаралар туризмінің дамуына ұсыныстар

ҚОРЫТЫНДЫ

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

КІРІСПЕ

Іс-шаралар туризмі секілді термин өткен жылдарда бізге өте түсініксіз болатын. Бүгінгі күндері бұл термин тәжірибенің маңызды бір бөлігі және Қазақстан турфирмаларының алдында кәсіпорынның табысына байланысты болатын нақты жұмыстар атқарылып жатыр.

Қазіргі уақытта Қазақстан нарығында туристік ағымның көп бөлігі елімізде өткізілетін саммиттерге, конгресстерге бағытталады. Қазақстан жаһанданудың жалпы тенденцияларына ілесе отырып, әлемдік экономикалық процесстерге қосыла отырып, туристік ағымның көп бөлігін өзіне тарта білді.

Іс-шаралар туризмі өте қызықты бағыттардың бірі. Туризмнің бұл түрі саяхатшыларға көрмелерді, фестивальдарды, карнавалдарды, концерттерді, спроттық шараларды және тағы басқа да танымал өнер, мәдениет саласындағы шаралардың куәгерлері болуға мүмкіндік береді. Осыған байланысты іс шаралар туризмін зерттеу осы жұмыста теориялық және практикалық қажеттілікке байланысты ерекше маңызды. Іс шаралардың көптеп ұйымдастырылуына байланысты ұлтаралық және мәдени байланыстар нығаяды, танымдық белсенділік және туристік ағым жоғарылайды.

Іс-шаралар туризмі Қазақстанның экономикалық потенциалының дамуына және жоғарғы табысқа ие әлемдік бірлестік интеграциясына әсер ететін фактор. Бір жағынан прогресс және ұлттық экономиканың интеграциясы іс-шаралар туризмінің сферасынсыз елестету қиын.

Іс-шаралар туризмі халықаралық нарықта Қазақстанның өз брендін қалыптастыру және туристер арасында өз танымалдылығын жоғарылатуға арналған актуальды ресурстардың бірі.

Зерттеу мақсаты Қазақстан нарығындағы іс шаралар туризміне талдау жасау.

Жұмыстың міндеті:

Іс-шаралар туризмінің қазіргі даму жағдайын және даму перспективаларына сипаттама беру.

Іс-шаралар туризмінің әлем ресурстарына және нарығына баға беру.

1 ІС-ШАРАЛАР ТУРИЗМІНІҢ ҚАЗІРГІ ЖАҒДАЙЫН ТАЛДАУ

1. 1 Іс-шаралар туризмі: мәні, анықтамасы

Барлық әлем және аймақ масштабындағы іскерлік, спорттық, мәдени өмірдегі жарқын және жиі қайталанбас шараларға бару іс шаралар туризмінің негізі болып табылады. Іс-шаралар туризмі өте қызықты және жас бағыттардың бірі. Дәстүрлі демалыс пен планетаның ең жарқын шараларына қатысуды бірлестіретін уникальды турлар уақыт өткен сайын үлкен танымалдылыққа ие болып келеді. Іс-шаралар туризмі бұл жағымды мереке атмосферасы, жекелеген демалыс шарттары және ұмытылмас әсерлер. Іс-шаралар туризмінің ең басты ерекшелігі көптеген жарқын жарқын қайталанбас сәттер. Бұл болашағы бар және динамикалық түрде дамитын туризм түрі. Іс-шаралар туризмінің мақсатты аудиториясы бұл орташа табыстан жоғары кірісі бар қамтамасыздандырылған туристер және сонымен қатар, бірнеше жұптан тұратын компаниялар.

Іс-шаралар туризмі туризмнің жаңа түрі болып табылады. Жылдар өткен сайын бұл бағыт танымалдылық алып келеді. Турфирмалар мәдени шараларға қатысты көптеген турларды ұсынады. Көптеген фестивальдар, карнавалдар, концерттер, мюзиклдар, жәрмеңкелер бұл қатыса алатын шаралардың толық тізімі емес. Спорттық фанаттар үшін осындай турлар ең танымал жарыстарға қатысуға мүмкіндік береді. Автожанкүйерлер Формула -1 жарысына турларды таңдайды. Осындай турлар ұйымдастыру кезінде тек шараларға қатысуды ғана емес, танымал адамдармен кездесуді де қарастырады. Іс-шаралар туризмі Қазақстанда да дамып келе жатыр: шетелдіктер бізге «Шәкен жұлдыздары» кинофестивальін, елордамызда өткізілетін іскерлік шараларға, «Наурыз» мейрамының тойлануын тамашалауға, көптеген спорттық шараларды көруге келеді.

Іс-шаралар туры тек шараларға ғана бағытталған қысқа иерзімді болуы мүмкін, және басқа да демалыс түрлеріне байланысты болады: жағажайлық, экскурсиялық, круиздік.

Іс-шаралар туризмі орындалмас армандарды шынайылыққа айналдыруға мүмкіндік береді. Мысалы, сіздің сүйікті футболшыңыз қалай ойнайтынын көргіңіз келе ме? Бразилиялық карнавалдарда билеуді армандайсыз ба? Әлемдік премьераларды көргіңіз келетін театралсыз ба? Іс-шаралар туризмінде мүмкін болмайтын нәрселер жоқ. Іс-шаралар туризмі бұл мерекелердің жағымды атмосферасы, демалыстың жекелеген жағдайлары және мәңгілік есте қалатын ұмытылмас әсерлер. Іс-шаралар туризмінің ең басты ерекшелігі жарқын және қайталанбас сәттердің көптігі. Туризм саласының ең тартымды бағыттарының бірі іс шаралар туризмін ұйымдастыру. Біздің әлемде әр саяхат сүйер қауымға әсерн беретін қызықты, өзіндік тамаша шаралар көптеп ұйымдастырылып тұрады.

Іс-шаралар туризмі Батыста бұрыннан белең алып келеді. Оның мақсаты бір оқиғаға, фильмдерге, кітаптардың премьераларына байланысты компаниялардың тур және қызмет көрсетулер ұсынуымен байланысты. Бұл елестері бар үйлерге бару және тарихи турлар болуы мүмкін, мысалы, Фермопилге бару. Сонымен қатар, коммерциялық жағынан поп мәдениет әлеміндегі танымал шаралрға арналған турларды айтуға болады.

Питер Джексонның «Властелин Колец» трилогиясының шығуынан кейін Жаңа Зеландияға баратын туристер саны көбейе түсті, олар тек қана елдің әдемілігінен рахат алмайды, сонымен қатар, трилогонияның түсірілімі өткен жерге байланысты арнайы турларды таңдады. Тіпті эпопеяның соңғы бөлімінің шығуынан кейін қанша жылдар өтсе де турлар жалғасуда. Бірнеше жылдардан кейін «Хоббит» шығатынын есептегенде Жаңа Зеландияға қызығушылықтардың және осындай турлардың өсетіндігіне күмән жоқ.

Іс-шаралар туризмі әлемде қалыпты жағдайға айналып бара жатыр. Футбол командаларына, фильмдерге, тарихи оқиғаларға арналған «Beatles» тобының концерттері өткен жерлер бойынша көптеген турлар бар. Шынына келетін болсақ, бұл нәрседен пайда табу ойлағандай оңай емес. Ол үшін танымал шаралар өтетін жерде тұру керек. Әсіресе Қазақстан поп мәдениеттің феномендеріне бай еместігін есепке алу керек. Бірақ та, бұл жағдайдан шығуға болады.

Іс-шаралар турын ұйымдастыруда көптеген себептер бар. Олимпиада, әлемдік және европалық футболдан чемпионаттар, «Формула 1» автожарысы, теннис, хоккей және т. б. турнирлар сияқты көптеген ірі спорттық шараларды таңдауға болады. Мәдениет әлемінде әлемнің көптеген елдерінде жыл сайын және арт фестиваль, классикалық джаз және рок, фолк музыкалық фестивальдар, кинофестивальдар, гүлдер фестивалі және т. б. деп ұсынылған әртүрлі фестивальдар танымал. Әлемдегі маңызды музыкалық шараларға әлемдік танымал адамдардың концертін жатқызуға болады. Әлемдік деңгейдегі жарқын шаралар карнавалдар, католикалық Ұлы пост басталуына байланысты тарихи оқиғалар жатады. Бірақ та, карнавалдық салтанаттар қатарына халықтық мерекелердің, ұлттық мәдениет фестивальдарының, жәрмеңкелердің көптеген түрлері жатады. Іскерлік өмірде маңызды рольді профильді бизнес көрмелер және экономикалық форумдар ойнайды. Іс шаралар турын ұйымдыстыратын туроператорлар нақты іс шаралармен анықталған бағытты біріктіреді. Егер әлемдік кино және шоу бизнес жұлдыздарымен бірге тамаша шараларды бірге өткізгіңіз келсе, Францияны таңдауға болады, бұл жерде Париж қаласында жоғары моданың салоны, Ниццадағы карнавал, Канны фестивалі, Жуан ле Пендегі джаз фестивалі, Бордодағы шарап фестивалі, Ле Буржедегі халықаралық аэросалон секілді шаралар өткізіледі. Австрияда музыкалық фестивальдар және балдар, сонымен қатар қысқы спорт түрлері бойынша жарыстар өте танымал. Швейцария Давос экономикалық форумы, Женева автосалоны және Базельдегі сағаттар және әшекейлер көрмесі секілді жыл сайынғы халықаралық шаралармен танымал. Карнавалдар қарапайым адамдардың пікірі бойынша Рио де Жанейромен байланысты болып көрінеді, бірақ карнавалдық апталар Гоада, Тенерифте, Барселонада, Венециядажәне әлемнің басқа да бұрыштарында өтеді. Ресейде спорттық шаралар көбірек өткізіледі: теннис бойынша Кремль кубогі, хоккей турнирлары және футбол матчтары. Мәскеуге туристердің көп бөлігін тартқан 2008 жылғы мамыр айында өткізілген чемпиондар Лигасы. Туристер ағымының көрсеткішін «Евровидение-2009» музыкалық конкурсы қамтамасыз етті. Жыл сайын Мәскеу халықаралық кинофестивалі, әртүрлі этникалық, фольклорлық және әскери тарихи мерекелер өтіледі.

1. 2 Іс-шаралар туризмінің дамуына әсер ететін факторлар

Іс-шаралар турына қатысушылар орналастыру құралдарына жоғарғы талаппен қарайды, әсіресе олардың классикалық типіне қонақүй, транспорт (шара өтетін орынға жайлы жету), қоғамдық тамақтандыру мекемелеріне және гид, аудармашының қызмет көрсетуіне. Іс-шаралар туризмінің ерекшелігі жыл сайын кездейсоқ шаралардан тұрақты шаралар тізіміне өтетін, жаңа іс шаралар турымен толығып отырады. Іс-шаралар туризмінде тұрақты орынды қысқы және жазғы олимпиадалық ойындар алады.

Қазіргі уақытта іс шаралар туризмінің ірі және тұрақты сегменті «карнавалдық» турлар болып табылады.

Карнавалдық турлар ұйымдастыру кезінде туристер талабының бүкіл тізімін есепке алу керек.

  • Отельдің орналасу орны карнавалдық шаралар өтетін жердің жанында
  • Отель архитектурасы ескі стиль
  • Номерлер интерьері және гүлді гамма
  • Қызмет көрсетуші персоналдардың саны
  • Магазиндер саны және карнавалдық костюмдер жалға беру пункті

Туризм саласының дамуына сыртқы факторлар ықпал етеді: әлемдегі экономиканың жағдайы, құқықтық реттеу, ел ішіндегі және шет елдердегі экономикалық және саяси жағдай және т. б. Саланың дамуына ішкі факторлар да өз әсерін тигізеді, оларға кадрлық саясатты, туристік өнімнің кәсіби маркетингін жатқызуға болады. Туристік өнімнің маркетинг жоспарында шет мемлекеттерден туристерді тарту бойынша туристік операторлардың жұмысын күшейту қажет, бұл шығу туризмі ағымының тұрақтылығын қамтамасыз етіп қана қоймай, туристік саланың табыстылығын да жоғарылатады. Әлемдік нарықта Алматы облысы туризмінің бәсекеге қабілеттілігінің қалыптасқан деңгейін сақтап қалу кезінде отандық туризмді дамыту мүмкіндіктері өмір сүру деңгейін көтеруге және тұрғындарды жұмыспен қамтуға, сапалы туристік қызметке деген сұранысты қанағаттандыруға және елдегі туризмнің тұрақты дамуына жағдайлар жасауға жеткіліксіз болады.
Туристік саланың дамуына негізінен сыртқы факторлар әсер етеді, соның ішінде әлемдік экономиканың жағдайы, құқықтық реттеу, ел ішіндегі және де шетелдегі саяси және экономикалық жағдайлар.
Бүгінгі күні туристік сала дамуының негізі Қазақстан Республикасын үдемелі индустриялық-инновациялық дамыту жөніндегі 2010-2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы (Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 19 наурыздағы № 958 Жарлығы) (бұдан әрі - ҮИИДМБ) болып табылады.

ҮИИДМБ аясында Қазақстан Республикасының басым туристік бағыттарын дамытудың 2010-2014 жылдарға арналған өңірлік бағдарламасы бекітілген болатын.
Сондай-ақ, салaның дамуына ішкі факторлар да әсер етеді, оларға кадрлық саясатты (кадрларды даярлау, қайта даярлау, біліктілігін арттыру, еңбекті ұйымдастыру), отандық туристік өнімнің кәсіби маркетингін жатқызуға болады.

Негізгі ішкі және сыртқы факторларды бағалау
Іс-шаралар туризмінің және спорттық шаралардың даму жағдайына бірқатар ішкі, негізінен, әлеуметтік-экономикалық факторлар әсер етеді. Ішкі факторларды қарастыру кезінде келесіндей негізгі қырларын белгілейді: тұрғындардың дене тәрбиесіне деген белсенділігінің жеткілікті деңгейде реттелмеуі, бұл спорттық орталықтарда бос уақытта жаттығу үшін бағаның жоғарылығымен және спорттық құрылымдар санының аздығымен негізделеді. Балалар, жасөспірімдер және үлкендер арасында дене тәрбиесі және спортты насихаттау жұмысы жеткілікті деңгейде жүргізілмейді. Сонымен қатар, сыртқы факторлардың әсер етуі әлемдік аренадағы спортшылар бәсекесінің өсуімен сипатталады, сондықтан отандық спортшылардың кәсіби шеберліктерін арттыру үшін уақытында шаралар қолдану қажет.

Іс-шаралар туризмінің дамуына әсер етеін әлеуметтік-экономикалық факторларға сонымен катар тұрғындардың білім, мәдениет, эстетикалық кажеттілік деңгейлерінің өсуі де жатады. Эстетикалық қажеттілік элементі ретінде адамдардың әр түрлі түрмысымен, тарихымен, мәдениетімен, өмір сүру жағдайымен танысу құштарлығын айтуға болады.

Сонымен қатар, сыртқы факторларға саяси және құқықтық реттеу өзгерістері: технологиялық өзгерістер: транспорт инфрақұрылымы мен сауданың дамуы, саяхаттаудың қауіпсіздік жағдайларының өзгеруі жатады.

Ішкі (эндогендік) факторлар - бұл туризмге тікелей әсер ететін факгорлар. Оған ең бірінші материалды-техникалық факторлар жатады [9] . Олардың бастысы орналастыру объектілерінің, транспорттың, қоғамдық тамақгандыру кәсіпорындарының, бөлшек сауданың және т. б. дамуымен байланысты.

Ішкі факторға туристік нарықтың төмендегі факторлары жатады.

а) Ұсыныс, сұраныс және тарату факторлары (қазіргі нарықгық кдтынастардың ерекшелігі ретінде туристік өнімге деген сұраныстың түрақты сұраныска айналуын, сонымен катар жеке туризмнің өсуін айтуға болады) .

б) Нарықты сегменттеу ролінің өсуі (аймақ ішінде жаңа туристік сегменттердің пайда болуы, саяхат баратын жерлердің қашықтығының ұлғаюы, демалысты әр түрлілігі және т. б. ) .

в) Туристік қызмет пен монополия процесіндегі сәйкестілік ролінің өсуі (көлденең интеграцияны күшейту, яғни ірі фирмалардың орта және
кіші фирмалармен серіктік кдтынастарының өсуі: туристік одақтарды
қүра отырып тікелей интеграциялау және т. б. )

г) Туризмдегі кадрлар рөлінің өсуі (жұмысшылар санының өсуі,
маманданған құрылымның дамуы, еңбекті ұйымдастыруды жақсарту
және т. б. )

д) Жеке туристік кәсіпкерліктің рөлінің артуы.

Жоғарыда келтірілген факторлар өз кезегінде экстенсивті, интенсивті және негативті болып бөлінеді.

Экстенсивті факторлар: жұмысшылар айналымына енгізілетін материалды ресурстар көлемінің өсуі, туризмнің жаңа объекгілерін салу.

Интенсивті факторлар: жеке адам іскерлігін көтеру, маманданған іскерлік құрылымды дамыту: ғылыми-техникалық прогресс жетістіісгерін пайдалана отырып материалды базаны техникалық жетілдіру: қолда бар материалдық ресурстарды тиімді пайдалану және т. б.

Негативті факторлар: экономиканы милитаризациялау: тұтыну заттарына бағаның өсуі: жүмыссыздық: ақшаның түрақсыздығы, жеке түтыну көлемінің қысқаруы, қолайсыз экологиялық жағдай, туристік фирмалардың банкротка үшырауы және т. б.

Туризмнің дамуына негативті әсер ететін факторларға мысал ретінде мына жағдайды келтіруге болады: қызмет көрсету тарифының тұрақсыздығы: туристік қызмет көрсетуге бағаның тұтасымен өсуі: қонақ үй қызметінің нашарлауы: сапардың ұзақтығының, оған кететін шығынның қысқаруы: шетелге шығу сүранысының төмендеуін айтуға болады. Бұл факторлар осы жағдайларда өздерін әлсіз сезінетін әлеуметтік және жастар туризміне маңызды әсерін тигізеді.

Казіргі кезде негативті факторлар Қазақстанда туризмнің дамуына үлкен кері әсерін тигізуде.

Республикамыздың Президенті Н. Назарбаевтың Казақстан халқына арналған: "Казақста-2030" жолдауында қызмет көрсету, оның ішінде туризмге тікелей қатысы бар салаларды дамытудағы үзақ жылдық мақсаттар мен оны жүзеге асырудағы нақты міндеттер көрсетілген.

Мұнда туризмді дамытуға катысты төмендегідей ерекше стратегиялық мәселелерге тоқталуға болады. Олар: туризм саласы болашағының жалпы алғандағы "моделінің" көрінуі:

әрбір Министрліктер мен ведомстволардың туризм индустриясын
дамытуға, оның мақсаты мен басты бағыттарына қатысты
функциональдық жауапкершілікті сезінетіндей "туризм" жүйесінің
қалыптасуы:

  • туризм саласына қатысты кабылданатын зандар мен зандылықгардың, шешімдердің қоғамды дамытудың жалпымемлекеттік стратегиясының даму аясында кабылдануы:
  • туристік қызметті басқаруға, стратегиялық жоспарлауға негізделген жүйенің кажеттілігі:

Туризмнің стратегиялық дамуына өзіндік ықпалы зор төмендегідей

мүмкіндіктерді атауға болады: өзінің білімділігімен, ғылыми және шығармашылық мүмкіндіктерінің жоғарылығымен ерекшеленетін адам ресурсының болуы; экологиялық саясатты басшылыққа ала отырып, табиғат ресурстарын сапалы түрде пайдалану арқылы туристік-реакрациялық шаруашылықгы дамытуға қолайлы табиғи ресурстардың молдығы; шет мемлекеттерден келетін туризмді дамытуға қажетті саяси түрақгылықгың болуы; қазақ халқының табиғатындағы өзіне ғана тән қонақ жайлылығы; халықаралық туристік бағыттардың тоғысында орналаскан географиялық жағдайы мен оның территориясында тарихи Ұлы Жібек жолының болуы; әртүрлі халықаралық ұйымдардың (БҰҰ, ЮНЕСКО, ДТҰ және т. б. ) қолдануы: экономика саласына тиімді ыкпалы болуы.

Ал, туризмнің дамуына тікелей немесе жанама түрде кері әсерін

тигізетін факторлар:

  • қызмет көрсету саласында қалыптасқан жаңаша күндылықтар жүйесі негізінде өзгертуді кажет ететін жалпы теңгермешілік пен жарқын болашаққа кепілдік берердей менталитеттің ескілігі: туристік қызмет көрсету рыногында шаруашылықгы жүргізудің жаңа тәсілдері мен бәсекелестікке сай менеджменттің болмауы:
  • өз ақшасымен каржыландыратындай, соның негізінде туристік қызмет өндірісінің ішкі рыногы мен жұмыссыздық деңгейін тұрақгандыруға ықпалды орта буынның өте баяу кңлыптасуы: мемлекеттік баскарудың тиісті дәрежеде туризмді үйымдастыра алмауы және туристік кәсіпорындардың менеджерлік корпустарының ұйымдастырушылық-хұқықтың, еуметтік-экономикалық деңгейдегі дайындықтарының сапасыздығы

Қазіргі кезеңде туризм индустриясын дамытудың Ұлттық бағдарламасы, "Жібек жолының тарихи орталықтарын қайта өркендету, түркі тілдес мемлекеттердің мәдени мұрасын сақгау және сабақтастыра дамыту, туризмнің инфрақұрылымын жасау" атты мемлекеттік бағдарлама, туризм саласындағы қарым-қатынастарды реттейтін зандық, нормативтік, үйымдастырушылық- құқықгық актілердің мазмұндарында басшылықка алынған. Туризмді дамытудың үлттық стратегиясын іске асыру процессіндегі басты міндеттер айқындала түсті. Әлемдік тәжірбиеде ешкімге ұқсамайтындай өзіне ғана тән туризм жүйесін қүру арқылы ғана Республикамыздың өзіндік ерекшеліктерімен айқындалатын, қызығушылық туғызатындай және бәсекелестікке кабілетті туристік комплекске қысқа мерзімде қол жеткізуге мүмкініктерде бар.

Елімізде туризм енді ғана дамып келе жаткан сала. Туристік қызметтің үзақ мерзімдік басылымдылық мақсаттарының негізінде оның барлық салалары бойынша түрліше ізденістер жүргізілуде.

Республикамызда халықаралық және ішкі туризмнің дамуы осы салаға лайықгы заң шығарушы, ұйымдастырушылық-қүқықгық базасының болуын талап етіп отыр. Осы орайда Қазақстан Республикасының территориясында туристік қызмет пен туризмнің құқықгық, экономикалық, әлеуметтік және ұйымдастырушылық негіздерін айқындайтын бірқатар нормативтік, құқықтық құжаттар қабылданды .

Еліміздегі туризм инфрақұлыламының жіте дамуына, туристік-рекреациялық объектілер жайлы тиісті дәрежеде мәліметтердің болмауына және сол объектілерді іске қосуға дайындықтың аздығына карамастан, ұлттық туризм жүйесі бәсекелестікке түсе алатындай және экономикалық табысты салаға айналуына мүмкіндіктері зор.

Республикамыздағы ғылыми және өндірістік күштерді ғылыми-мәдениеттанымдық, сәулет-қала құрылысы туризм жүйесін кдлыптастырудың әлеуметтік-экономикалық саласына кеңінен жедел түрде кажеттілігі туып отыр. "Туризм" жүйесінің мемлекеттік және мемлекеттік емес кұрылымдарының өзара байланысына қатысты.

Туризмнің маңыздылығы жөніндегі теориялық талдамаларды отандық (С. Р. Ердәулетов 1993, А. М. Мелдебеков 1998., А. Г. Ким 1991., С. Т. Тілеубергенов 1995., Қ. Мусин 1997., Мамадияров А), кайта құру кезеңіне дейінгі (А. Х. Абуков 1983., Веденин. 1982., В. М. Кривошеев 1981., И. И. Пирожник 1985 және т. б. ), сондай-ақ бүгінгі күні (В. С. Сенин 1993., Ю. М. Чеботарь. 1997., Г. А. Карпова 1998. және т. б) ғылыми танымдық әдебиеттерде кездестіруге болады. Бірақ та спорт ойындарының ықпалы туралы мәліметтер жоқ.

Ғылым мен техниканың, өндіріс технологиясының дамуының бүгінгі сатысында туризм абсолютіне мейлінше толық та дәл жауап беру мүмкін болмай отыр. Туризм жүйе ретінде адамдар өмірінің мәні секілді, жоғарғы дәрежедегі күрделі, көпқырлы, тарихи дамып, әртүрлі өзгерістерге үшырап отыратын қүбылыс. Сондықтан да "туризм" ұғымына түсінік бергенде туристік қызметтің табиғаты мен мәні жайлы әртүрлі пікірлерді, тіпті бірін-бірі жоққа шығаратын кереғар пікірлерді де кездестіруге болады.

ДТҰ-ға мүше мемлекеттердегі туризмге қатысты саясаты мемлекеттік емес, мамандандырылған, халықаралық, коммерциялық, ұлттық және аймақгық туристік үйымдардың іс-тәжірбиесін қарастыра келіп, әлемдік туризм жер бетінде тыныштықты сақгауға, бейбітшілік орнатуға, халыкаралық ынтымақтастық пен өзара түсініктің моральдық және интеллектуальдық негізі бола алатындығы атап өтілген.

ДТҰ-ның жоғарыда аталған деклерациясында туризмді: мемлекеттің әлеуметтік, мәдени ағарту және экономикалық өмірі мен халықаралық қальштастыруды реттеуге ықпалы зор адамдар өміріндегі іс-әрекет, қызмет ретінде: әлеуметгік-экономикалық өмірдің қүрамдас бөлігіндей кұбылыс ретінде: адамдардың демалуға деген күқығы мен демалыстың және саяхаттың еркіндікті іске асырушы адам қызметінің түрі ретінде, адамдардың жеке тұлғалық дамуының сапалық элементі ретінде карастырылады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Халықаралық туризм туралы
Мобильді қосымшалардың қызметтері
Жастар туризмінің мәні
Туризм бағдарламасындағы туристік жерлер
Іскерлік туризмді ұйымдастырудың ерекшеліктері
Қазақстандағы спорттық туризмнің дамуы
Туризм индустриясының құрылымы
Аймақтық туризм экономикасы
Туризм мәні
Ресей туризмінің тарихы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz