Жалпы мемлекеттік сипатта жұмсалатын бюджет шығыстарын жоспарлау және қаржыландыру


Жалпы мемлекеттік сипатта жұмсалатын бюджет шығыстарын жоспарлау және қаржыландыру
Есепті жылдың шығындары 2008 жылдың көрсеткішінен 17%-ға немесе 462 млрд. теңгеге, 2007 жылдың көрсеткішінен 53, 6%-ға немесе 1 103 млрд. теңгеге асып түскен.
“Шығындар” бөлімі бойынша 587 бюджеттік бағдарламаны іске асыруға 3 178 млрд. теңге бөлініп, оның 3 118, 6 млрд. теңгесі, немесе бекітілген республикалық бюджеттің 98, 2%-ы, ал түзетілген республикалық бюджеттің 98, 1%-ы игерілген.
Есепті кезеңнің соңында Үкіметтің бюджетті түзетуі функционалдық топтағы түзетілген жоспардың нақтыланған жоспардан елеулі түрде ауытқуына әкелді. Нәтижесінде, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылыққа (31, 3%), көлік және коммуникацияға (24, 7%), білім беруге, мәдениет және спортқа (11, 6%) арналған шығыстар ұлғайған.
Жалпы алғанда, нақтылап түзету кезінде республикалық бюджеттің жалпы шығындары он функционалдық топ бойынша шығындарды оңтайландыру есебінен 0, 1 %-ға немесе 2, 7 млрд. теңгеге көбейген.
73 бағдарламаға бөлінген нысаналы трансферттер шығындардың жалпы көлемінің 22%-ын, ал облыстық бюджеттерге бөлінген субвенциялар 16, 9%-ын құрады.
Үкімет есепті кезеңнің қорытындысында шығындар бойынша 59, 4 млрд. теңге қаражатты игермеген. Қаражаттың игерілмеуінің басым бөлігі “Басқалар” (11, 1%), “Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық” (6, 6%), “Білім беру” (4, 6%), “Мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңістік”, “Отын-энергетика кешені және жер қойнауын пайдалану” (4, 1%) функционалдық топтары бойынша байқалады.
Қаражаттың басым бөлігі халыққа әлеуметтік көмек көрсетуге (22, 3%), облыстық бюджеттерге субвенция беруге (16, 9%), қоғамдық тәртіп, қауіпсіздік, құқықтық, сот, қылмыстық-атқару қызметін қамтамасыз етуге, сондай-ақ көлік және коммуникацияға (әрқайсысына 8, 3%), білім беруге (7, 4%) пайдаланылған.
39 бюджеттік бағдарлама әкімшісінің тек 9-ы ғана қаражатты толығымен игерген, ал қаржыны ең аз игергендердің қатарына Қазақстан Республикасының Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі (94, 3%), білім және ғылым (95, 1%), энергетика және минералдық ресурстар (95, 9%), төтенше жағдайлар (96, 1%), көлік және коммуникация (96, 4%), туризм және спорт (96, 6%) министрліктері жатады.
2009 жылғы 1 қаңтармен салыстырғанда, дебиторлық берешек 40%-ға ұлғайып, 71, 9 млрд. теңгені, кредиторлық берешек 2, 5 есеге азайып, 726, 6 млн. теңгені құраған.
Талап қою мерзімі өтіп кеткен дебиторлық (910, 8 млн. теңге немесе 2, 9 есе) және кредиторлық (78, 4 млн. теңге немесе 2, 6 есе) берешектер көлемінің едәуір өскені байқалады. Бұл жекелеген бюджеттік бағдарлама әкімшілері тарапынан жіберілген кемшіліктер мен талап-арыз жұмыстары деңгейінің төмендігін көрсетеді
Үкімет мемлекеттік органдарды ұстауға бюджет қаражатын бөлуде теңгерімсіздікке жол бергендіктен, еңбекақы төлеу қорының мөлшері басқа ерекшеліктермен салыстырғанда 40-тан 60 пайызға дейін ауытқиды. Сыйақы беруде тиісті нормалардың болмауы осы органдарды ұстауға арналған бюджет қаражатының жоспарланған және іс жүзіндегі көлемдерінің арасында елеулі алшақтық туғызуда.
Елеулі дәрежеде үнемдеуді жасанды түрде жүргізіп, тиісінше, біреулерге - жоғары, екіншілеріне - төмен сыйлықақы беру, ақыр соңында мемлекеттік қызметшілердің арасында әлеуметтік теңсіздікке алып келеді.
Үкімет мемлекеттік органдардың негізгі және қосалқы контингенттерінің арасындағы теңгерімсіздікті жоюға пәрменді шаралар қолданбай отыр. Жекелеген орталық мемлекеттік органдарда қамтамасыз ету функцияларын жүзеге асыратын құрылымдардың саны (әкімшілік-шаруашылық, кадр қызметі, кеңсе, ақпараттық қамтамасыз ету қызметі және басқалар) мекеменің штат санының 40%-дан астамын құраса, басқаларында аталған көрсеткіш 20 пайыздан аспайды.
2010 жылдың бірінші жартыжылдығындағы шығыстарының атқарылуы
Жартыжылдық қорытындылары бойынша республикалық бюджет шығыстарының сомасы (қарыздардың өтелуін есептемегенде) 2 035, 4 млрд. теңгені немесе 95, 5% -ды құрады. 96, 9 млрд. теңге игерілмей қалды. 1 шілдеге республикалық бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері 659, 9 млрд. теңге сомаға міндеттемелерді қабылдамаған.
Игерілмеген 96, 9 млрд. теңгенің негізгі себептері мыналар:
Объективтік себептер бойынша 14, 2 млрд. теңге - бұл мемлекеттік сатып алу бойынша үнемдеу және төлеуге болжамдағы қажеттілікпен салыстырғанда іс жүзіндегі қажеттіліктің төмендеуіне, еңбекақы төлеу қоры бойынша үнемдеу, жергілікті атқарушы органдардың нысаналы трансферттер бойынша растаушы құжаттарды ұсынбау себептеріне байланысты 12. 8 млрд. теңге игерілмеген;
Игермеудің негізгі үлесі субъективтік себептер бойынша- 82, 7 млрд. теңгеде қалыптасты, бұл:
- мемлекеттік сатып алу бойынша өтпей қалған конкурстар, бәсекелестік ортаның болмауы (маркетингтік талдаудың болмауы) - 3, 4 млрд. теңге;
- конкурстық рәсімдердің уақтылы өткізілмеуі, оларды өткізу мерзімдерінің көшірілуі, өнім берушілердің шарт талаптарын бұзуы, орындалған жұмыстардың актілері, шот-фактуралардың уақтылы ұсынылмауы - 47, 0 млрд. теңге;
- жылдық жоспарлардың айма-ай дұрыс бөлінбеуі - 1, 8 млрд. теңге;
- бюджеттік бағдарламаларды іске асыру бойынша нормативтік құқықтық актілердің уақтылы қабылданбауы және басқа да себептер - 30, 5 млрд. теңге.
Білім және ғылым министрлігі - 18, 1 млрд. теңге, оның ішінде мына бюджеттік бағдарламалар бойынша:
- 082 «Астана қаласының жаңа университеті" АҚ жарғылық капиталын ұлғайту» - 5, 0 млрд. теңге, осы бағдарламаны әкімшілік ету функциясын ҚР Премьер-Министрінің Кеңсесіне беру туралы шешімді қабылдауға байланысты, Республикалық бюджет комиссиясының шешімін шығарғаннан кейін бюджетті нақтылау жүргізілетін болады;
- 005 «Бiлiм және ғылым объектiлерiн салу және реконструкциялау» - 2, 8 млрд. теңге, төлемдердің негізділігін растайтын құжаттарды ұсынбауға байланысты;
- 055 «Iргелi және қолданбалы ғылыми зерттеулер» - 2, 0 млрд. теңге, төлемге шоттарды кеш ұсынуға, мемлекеттік сатып алу рәсімдерін ұзақ өткізуге, бюджеттік қаражатты алушылардың банктік деректемелерінің өзгеруіне, төлемдердің негізділігін растайтын құжаттарды ұсынбауға, бюджеттік қаражаттың қажет болмауына, іс-шараларды өткізу мерзімдерін көшіруге, қызметтерді берушілердің қайта құрылуына байланысты;
Ұлттық қауіпсіздік комитеті - 17, 6 млрд. теңге, оның ішінде мына бюджетік бағдарлама бойынша:
- 001 «Ұлттық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету» - 15, 1 млрд. теңге, орындалған жұмыстар актілерін, шот-фактураларды уақтылы ұсынбауға және конкурстық рәсімдерді уақтылы өткізбеуге, сондай-ақ бюджеттік бағдарламаларды іске асыру жөніндегі нормативтік құқықтық актілерді уақтылы қабылдамауға байланысты;
Туризм және спорт министрлігі - 12, 8 млрд. теңге, оның ішінде мына бюджеттік бағдарламалар бойынша:
- 005 «Спорт объектiлерiн салу және реконструкциялау» - 6, 1 млрд. теңге, жұмыстарды жүргізу кестесінен артта қалуға байланысты өнім берушілердің орындалған жұмыстар актілерін ұсынбауы нәтижесінде;
- 023 «2011 жылы 7 қысқы Азия Ойындарын ұйымдастыру және өткізу» - 4, 9 млрд. теңге, жұмыстарды жүргізу кестесінен артта қалуға байланысты 2011 жылы 7 қысқы Азия Ойындарын өткізуге дайындалу бойынша орындалған жұмыстар актілерін ұсынбауға байланысты;
Қаржы министрлігі - 9, 4 млрд. теңге, оның ішінде мына бюджеттік бағдарламалар бойынша:
- 104 «Нашақорлыққа және есiрткi бизнесіне қарсы күрес» - 1, 5 млрд. теңге, өйткені тауарды жеткізгеннен кейін жүргізілетін болады;
- 036 «Салық заңнамасын өзгертуге байланысты салық органдарының ақпараттық жүйелерін жаңғырту» - 1, 2 млрд. теңге, оның ішінде:
1, 0 млрд. теңге сомасына - ҚР ҚМ СК АЖ жаңғырту жөніндегі қызметтерге бір көзден тәсілімен Шарттар жасасу жоспарланған - тех. ерекшеліктер мемлекеттік сатып алу өткізуге бағытталған және өнім берушілер төлемге қызметтер көрсету бойынша салалық басқармалардың растаушы құжаттары қажет болуына байланысты тауарларды жеткізу және қызметтерді көрсету актілерін ұсынбаған;
0, 2 млрд. теңге сомасына - өнім беруші («EFK Global System» ЖШС) 2009 жылы техникалық ерекшеліктің талаптарына сәйкес келмейтін компьютерлік жабдықты жеткізді. ҚР ҚМ СК «EFK Global System» ЖШС-ты жосықсыз өнім берушілердің тізіліміне енгізу үшін сотқа материалдар жіберді;
Президенттің Іс басқармасы - 4, 0 млрд. теңге, оның ішінде мына бюджеттік бағдарламалар бойынша:
- 010 «Ғимараттар сатып алу» - 1, 3 млрд. теңге, тұрғын емес кеңсе үй-жайларын сатып алуға арналған шарттарға ұзақ қол қоюға байланысты;
- 008 «Қазақстан Республикасы Президентi Iс басқармасының объектiлерiн салу және реконструкциялау» - 2, 0 млрд. теңге, жоспарланған жұмыстарды орындамауға байланысты объектілерді салу жөнінде орындалған жұмыстардың актілерін ұсынбауға, шарттарды ұзақ жасасуға, конкурстық рәсімдерді ұзақ өткізуге байланысты;
- Байланыс және ақпарат министрлігі - 3, 7 млрд. теңге, негізгі себеп - бұл мемлекеттік органды қайта құру кезінде төлемдерді және конкурстық рәсімдерді тоқтата тұру;
Денсаулық сақтау министрлігі - 3, 5 млрд. теңге, оның ішінде мына бюджеттік бағдарламалар бойынша:
- 067 «Жұқпалы, туберкулездік, психикалық ауруларға көрсететін медициналық көмекті ескермегенде, стационарлық және стационарды алмастыратын медициналық көмекті көрсету жөнiндегi қызметтер» - 2, 1 млрд. теңге, республикалық бюджеттен қаржыландырылатын денсаулық сақтау ұйымдарының науқастарды емдеуге жатқызу жоспарын орындамауы нәтижесінде;
- 030 «Республикалық деңгейде тегін медициналық көмектің кепiлдендiрiлген көлемiн көрсету» - 1, 1 млрд. теңге, науқастарды емдеуге жатқызу жоспарын орындамау; орындалған жұмыстар актілерін ұсынбау, науқастардың емделу курстарын шетелде аяқтамауы нәтижесінде; Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі - 3, 5 млрд. теңге, негізгі себептер құрылымдық мемлекеттік органдарды қайта тіркеу туралы куәлікті кеш алуға байланысты бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі нормативтік құқықтық актілерді уақтылы қабылдамау болып табылады;
- Экономикалық даму және сауда министрлігі - 3, 1 млрд. теңге, оның ішінде: 014 «Облыстық бюджеттерге, астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне «Бизнестің жол картасы - 2020» бағдарламасы шеңберінде индустриялдық инфрақұрылымды дамытуға берілетін нысаналы даму трансферттері» бюджеттік бағдарламасы бойынша - 1, 6 млрд. теңге, министрлікті қайта құруға байланысты болды.
Жергілікті бюджеттердің шығыстары бойынша
Ағымдағы жылғы І жарты жылдыққа жергілікті бюджеттердің шығыстары (қарыздардың өтелуін есептемегенде) 1 121, 2 млрд. теңгені немесе жоспардың 94, 3 %-ын құрады. 11-слайд. Бюджеттік қаражатты игермеу сомасы өткен жылдың ұқсас мерзімімен салыстырғанда 22, 9 млрд. теңгеге артты және 67, 4 млрд. теңгені құрады.
АНЫҚТАМА: Игермеудің үлкен үлесі шығыстардың мына функционалдық топтары бойынша қалыптасты:
тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық - 24, 0 млрд. теңге; білім беру - 10, 9 млрд. теңге; отын-энергетикалық кешен және жер қойнауын пайдалану - 8, 9 млрд. теңге; денсаулық сақтау - 5, 6 млрд. теңге; мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңістік - 3, 5 млрд. теңге; көлік және коммуникация - 3, 4 млрд. теңге; ауыл шаруашылығы, су, орман, балық шаруашылығы - 2, 8 млрд. теңге; өнеркәсіп, сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі - 2, 0 млрд. теңге.
Нысаналы трансферттердің атқарылу жай-күйі туралы
Үстіміздегі жылғы 1 жарты жылдыққа республикалық бюджеттен жергілікті бюджеттерге 377, 0 млрд. теңге жалпы сомасында нысаналы трансферттер аударылды, жергілікті атқарушы органдардың деректері бойынша олардың 343, 9 млрд. теңгесі немесе 91, 2 % игерілді (12-слайд) . Жалпы республика бойынша жергілікті атқарушы органдар 33, 1 млрд. теңгеге нысаналы трансферттерді игермеген.
АНЫҚТАМА: Жергілікті атқарушы органдардың ең үлкен игермеу сомасы мыналар әкімшілік ететін бюджеттік бағдарламалар бойынша қалыптасты:
- Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі 10, 0 млрд. теңге сомасында, оның ішінде:
мемлекеттік коммуналдық тұрғын үй қорының тұрғын үйін салуға және (немесе) сатып алуға - 4, 2 млрд. теңге, оның ішінде Астана қаласы бойынша - 3, 1 млрд. теңге. Бұл ретте, Астана қаласының құрылыс объектілерінде салушылардан пәтерлер сатып алу үшін 1, 3 млрд. теңге сомасында қаражатты қайта бөлу туралы РБК-ның қарауына ұсыныс жіберуді жоспарлап отыр, 1, 5 млрд. теңге - бағдарламаның әкімшісі мердігерлердің жұмыс өндірісі кестесінен кешігуіне байланысты болды;
Сумен жабдықтау жүйесін дамытуға - 1, 1 млрд. теңге, оның ішінде Ақмола облысына - 1, 0 млрд. теңге келеді және игермеудің негізгі себебі ЖСҚ мем. сараптамасының қорытындысын кеш алуға байланысты жұмыс өндірісі кестесінен артта қалу болып табылады;
- Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі 9, 1 млрд. теңге сомасында, оның ішінде:
жылу энергетикалық жүйесін дамытуға - 8, 6 млрд. теңге, оның ішінде Алматы қаласы бойынша - 2, 2 млрд. теңге, Астана қаласы - 4, 6 млрд. теңге. Игермеудің негізгі себептері - 4, 6 млрд. теңге - ЖСҚ түзету қажеттілігі, 1, 2 млрд. теңге - ЖСҚ мемлекеттік сараптамасының болмауы, 0, 2 млрд. теңге - бұрынғы индустрия және сауда министрлігін қайта құруға байланысты Трансферттер бойынша келісімге кеш қол қойылуы болды;
- Білім және ғылым министрлігі 4, 4 млрд. теңге сомасында, оның ішінде:
білім беру объектілерін салуға және қайта жаңартуға және білім беру объектілерін сейсмотұрақтандыруға - 2, 8 млрд. теңге, оның ішінде ең көп игермеу Астана қаласы бойынша жіберілгенін - 1, 6 млрд. теңге. Объектілерді қабылдау жөніндегі мемлекеттік комиссияның актілері жоқ болуы, ЖСҚ түзету қажеттілігі және орындалған қызметтер мен жұмыстар актілеріне сәйкес 0, 9 млрд. теңге төлеу, жұмыс кестесінен артта қалу - 0, 5 млрд. теңге, гараждарды бұзуды қамтамасыз етпеу - 0, 2 млрд. теңге себеп болды.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен өңірлерге 10, 5 млрд. теңге бөлінді, одан 8, 2 млрд. теңге немесе 78, 1% игерілді.
АНЫҚТАМА: Алматы облысы - 4, 0 млрд. теңге, Шығыс Қазақстан - 2, 9 млрд. теңге, Астана қаласы - 2, 3 млрд. теңге, Қостанай - 0, 9 млрд. теңге)
Бұл ретте, Алматы және Шығыс Қазақстан облыстарында төтенше жағдайлардың салдарын жоюға басқа өңірлер жергілікті бюджеттердің қаражатынан тиісінше 0, 9 млрд. теңге дәне 0, 7 млрд. теңге тиісінше жібергенін атап өткім келеді.
Өңірлер бойынша Жол картасын іске асыру
Республикалық бюджеттен алынған нысаналы трансферттерді игеру шеңберінде Жол картасының бюджеттік бағдарламаларын іске асыру да жүзеге асырылды.
Үстіміздегі жылы республикалық бюджетте Жол картасының іс-шараларын іске асыруға 98, 0 млрд. теңге көзделген, 6 ай ішінде өңірлерге 57, 6 млрд. теңге бөлінде, одан жергілікті атқарушы органдар 55, 5 млрд. теңгені немесе 96, 6% игерді. 13-слайд.
Бюджеттік қаражат көп көзделген негізгі бағыт - бұл инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды жөндеу және дамыту және қалалар мен елді мекендерді абаттандыру. Осы мақсаттарға 2010 жылға арналған республикалық бюджетте 32, 8 млрд. теңге көзделген, 1 жарты жылдыққа өңірлерге 20, 0 млрд. теңге бөлінді, оның 19, 5 млрд. теңгесі немесе 97, 6%-ы игерілді.
Бюджеттік тәртіптің жағдайы туралы
2010 жылдың 1 жарты жылдығының қорытындылары бойынша мемлекеттік бюджеттің дебиторлық берешегі (14-слайд) 269, 6 млрд. теңгені, одан республикалық бюджет бойынша 130, 4 млрд. теңгені құрады немесе өткен жылдың осыған ұқсас кезеңімен салыстырғанда 32, 2 млрд. теңгеге артық, ал жергілікті бюджеттер бойынша дебиторлық берешек 14, 5 млрд. теңгеге ұлғайды және 139, 2 млрд. теңгені құрады.
АНЫҚТАМА:
Дебиторлық берешектің ең үлкен сомасы мына республикалық бюджеттік бағдарламалардың әкімшілеріне келеді:
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz