Грекиядағы туризм. Грекия мен Қазақстан арасындағы халықаралық қатынастар


Кіріспе
- ГРЕКИЯДА ТУРИЗМ ДАМУЫНЫҢ АЛҒЫШАРТТАРЫ
1. 1 Табиғи алғышарттары
1. 2 Тарихи-мәдени алғышарттары
1. 3. Туристік аудандар
2 ГРЕКИЯДАҒЫ НЕГІЗГІ ТУРИЗМ САЛАЛАРЫНЫҢ ДАМЫҒАН ӨҢІРЛЕРІ
2. 1 Альтернативті туризм
2. 2 Cуасты туризмнің өңірлері
2. 3 Желкенді туризмнің өңірлері
2. 4 Круиздік грек аралдарына саяхат
2. 5 Грекиядағы туризмнің басқа да түрлері
2. 6 Туризмнің дамуына септігін тигізген Афиныдағы Олимпиада ойындары
2. 7Грекия туризмінің динамикасы
3 ГРЕКИЯ МЕН ҚАЗАҚСТАН АРАСЫНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАТЫНАСТАР
- Туристік ынтымақтастықтың жай - күйі
- Туристік ынтымақтастықты дамыту жолдары
Қорытынды
Пайдаланылгын әдебиеттер тізімі
КІРІСПЕГрекияда туризм нақты елдің және оның халқының тарихымен, мәдениетімен, салт-дәстүрлерімен, рухани, сонымен қатар діни құндылықтарымен танысуға барша мүмкіндік бере отырып, мемлекет қазынасына пайда әкелетін жүйе ретінде дамуда. Пайда келтірумен қатар, туризм елдің әлем қауымдастығы мен азаматтар алдында танылуының алып факторы болып табылады.
Қазіргі уақытта туроператорлардың көпшілігі Жерорта теңізі елдерімен жұмыс жасауда. Ол елдер арасында Грекия аса танымал.
Грекия - мозаикалы ел. Ол құрлықтық және аралдық бөліктерден тұрады. Ауылдары мен жағалаулары бір-бірінен ерекшеленетін тұрпат пен мінезге ие. Бір-біріне жақын орналасқан тарихи қалалардың өздері де айырымашылықтарға толы: біреуі шығанақ жағалауында салынып, құмды жағалауы және кең жағажайларымен тамсандырса, келесі теңізге қырлар бойымен саты‑көшелер арқылы көтеріле биік жартастардан қарайды; үшіншісі фешенебельді қонақ үйлері мен мейрамханалары бар әсем кеме-клубына айналған.
Жерорта теңізі бойындағы көптеген жағалаулары мен ыңғайлы географиялық орналасуы Грекия спецификасын, ерекшелігін анықтайды, оның дамуына Түркиямен көрші болуы да әсер етеді.
Грекияның теңіз маңы қалалары, халықаралық маңызы бар танымдық туризм зоналар болып табылады. Бұл облыстардың дамуы арқасында туризм грек экономикасының басты табыс көзіне айналды.
Бұл зерттеудің мақсаты Грекия туристік нарығын талдау, оның әлемдік туризм секторындағы рөлін меңгеру. Сонымен қатар жұмыс мақсаты - ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-танымдық материал негізінде әлемдік туризмде Грекияны алғашқы орындардан көрінуіне ықпал жасайтын басты факторлады анықтау, туристік инфрақұрылым дамуының, елдің түрлі аймақтарында туризм дамуының шарттарын қарастыру.
Сондай-ақ, осы туризмнің Қазақстан мен Грекия арасындағы экономикалық және саяси ынтымақтастықтың дамуына тигізер әсерін, тығыз байланыста жұмыс істеу мүмкіндіктерін көрсету.
Курстық жұмыста Грекияның туризмі дамуының табиғи, тарихи-мәдени алғышарттары қарастырылып, туристік орталықтарына, туризмінің жағдайына талдау жасалады.
1 ГРЕКИЯДА ТУРИЗМ ДАМУЫНЫҢ АЛҒЫШАРТТАРЫ
- Табиғи алғышарттары
Грекия, ресми аты Грек Республикасы, Европаның оңтүстік шығыс бөлігінде, Балқан түбегінде орналасқан. Солтүстігінде Албания, Югославия және Болгариямен, шығысында Турциямен шектеседі. Жерорта, Ион және Эгей теңіздерімен шомылып жатыр. Мемлекет 131, 957 км 2 территорияны алып жатыр және түбек пен 2000-нан астам аралдардан тұрады. Бұл бүкіл мемлекеттің 20% алады. Грекия кішкентай мемлекет екеніне қарамастан, өзінің ғажайып түрлі пейзаждарымен ерекшелінеді - аңызға айналған Олимп, Пинд, Парнас тауларынан километрлерге созылған жағалаулар.
Грек ландшафтысы - бұл жартасты, ормансыз таулардың, көптеген аралдардың, бұғаздар мен шығанақтардың алмасуы. Бейнелі жартастар, жағажайлар, экзотикалық үңгірлер таулы туризм мен теңізде демалуға үлкен мүмкіндіктер береді. Таулы массивтер мемлекет территориясының ¼ бөлігін алып жатыр. Бұл биіктігі орташа таулар (1200 - 1800 м) . Грекияның ең биік нүктесі - Олимп тауы (2917 м) . Сондай ақ Пелопоннес пен Тайгеттің солтүстігіндегі Пинд, Парнас таулы жүйелері 2000 метрден асады. Жазықтар аз, көбінесе шығыс бөлігінде кездеседі. Территорияның 44%-ын орман мен бұталар алып жатыр. Ұлттық қорықтар: Викос - Аоос, Микра - Пресна, Эта және т. б. Таулы серуендерге шыққанда Грецияда бауырымен жорғалаушылардың көп екенін есте сақтау керек (тасбақа, жылан, соның ішінде мүйізді гадюка) .
Үлкен өзен жүйелері, тар және таулы Грек түбегінде пайда бола алмайды. Негізінен енсіз каньондардан теңізге ағатын сарқырамалары бар қысқа, таулы өзендер. Грецияның ең ұзын өзені - Альякмон (300 км жуық) . Басқа ірі өзендері Эброс, Нестос, Стримон, Вардар, Ахелоос. /Кесте 1/
Кесте 1- Негізгі географиялық мәліметтер [1]
Биік нүктесі -
Олимп тауы
Өзендер кеме жүрулеріне жарамсыз, бірақ энергия көздері ретінде үлкен маңызы бар. Грекияда көлемі 10 - 100 км 2 ге жуық 20 көл бар. Солардың ішінде ең ірілері және тереңдерінің шығу тегі тектоникалық болып келеді. Олар Трихонис көлі (95, 5 км 2 ), Волви (75, 6 км 2 ), Вегоритис (72, 5 км 2 ) . Құрғақ та ыстық жазы, салқын да жаңбырлы қысы бар Грекияның климаты басқа да жерортатеңіздік мемлекеттердің климатындай. Ал ондай климаттың қалыптасуына солтүстіктен және солтүстік батыстан жылып келетін ауа массаларының, грек жұртында «этезии» аталып кеткен, солтүстік румптардың құрғақ желді әкеліп, кей кезде құрғақшылыққа айналады. Шілде, тамыз айлары ең құрғақ әрі ыстық кезең болып келеді. Осы кезде жазықтықтарда орташа температура 25, 5°C - 28°C, ал таулы өңірлерде 40°C - 45°C-ге жетеді. /Кесте 2/. Теңіз бризі жағалауларындағы ыстық ауа - райының сәлде болса ауаның құрғақтығының арқасында, жеңіл өтеді. Дегенімен гректіктердің өзі елдің солтүстігіндегі 500-600 метр биіктікте орналасқан кішігірім қалаларда демалғанды жақсы көреді. Қазан айында Грекияның барлық территориясында температура біртіндеп түсе бастайды, ал қарашаның екінші жартысынан бастап ауа - райы бұзыла бастайды. Қысқы кезде Грекиядағы жауын шашынның ең көп мөлшері түседі. Бұл кезде ауа - райы өте тұрақсыз болып келеді. Жауынды күн ашық ауа - райымен, ал жел болса өз бағытын қайта - қайта өзгертіп тұрады. Қоңыржай зонадан келетін ауа массалары кей кезде, тіпті, Эгей теңізіне дейін аяз бен қарлы жауын - шашын әкеледі. Қыста, өтпелі жыл мезгілдерінде қаһарлы бұрқасын оңтүстегі жылы ауа массаларына еніп нөсерлетеді, ал солтүстік және таулы өңірлерде қар жауады. Нотос (батыстан соқса нефирос деп аталады) - теңізден соғатын жылы жел Грекияның барлық ауданын бір - екі күнге жылытады. Сирокко - оңтүстік шығыстан соғатын жел. Солтүстік Африкадан Грекияның ыстық жазының ауа массаларын әкеледі. Кей-кезде ол ақ, қызыл шаңды бұрқасын әкеледі. Климатын қорытындылай келе, Грекия туристік проспектілерде өзгеріссіз жылы және күнді жер болып көрінеді. Яғни Салоникте мысалы, қыста қар жиі жауады, температура нөлден төмен. Таулы аймақтарда қысы суық. Оңтүстік аралдары, Пелопоннестің үлкен бөлігі және Аттика түбегінде жылы ауа - райы сәуірдің ортасынан қазанның соңына дейін тұрады. Ең қолайлы демалыс наурыздың соңы мен маусымның ортасы немесе қыркүйектің басы мен қазанның соңы.
Демалыс үшін ең қолайлы маусым мамыр-шілде, қыркүйек - қазан (t 20-25 C) . Мамыр - жағажай маусымы. Сәуір-мамыр - тарихи орындарды тамашалау үшін сапарларға сай келеді. Ал демалыс үшін қолайсыз кезеңдері: маусым-қыркүйек (туристермен шектен тыс толтырылған), шілде-тамыз (ең ыстық айлары -40°С) . Қаңтар -ақпан температурасы 10 С төмен түседі.
Кесте 2- Орташа температуралар [25]
Қаңтар
Ақпан
Наурыз
Сәуір
Мамыр
Маусым
Шілде
Тамыз
Қыркүйек
Қазан
Қараша
Желтоқсан
Климаттық аудандары.
Жерорта теңізі: Киклады, Додеканес, Крит, Шығыс Пелопоннес және Стереа Эллады, Аттика бөліктері. Қысқы айларында қар жаууы мүмкін. Қысы жылы, ылғалды (қаңтар айының орташа температурасы қысқы айларда +10 С, ылғалдылық деңгейі 75%) және жазы құрғақ, ыстық (шілденің орташа температурасы +32 С, ылғалдылығы 55%) .
Альпі - Батыс Грекия (Эпир, орталық Грекия, Фессалия, Батыс Македония, Пелопонесс батыс және шығыс бөліктері, Aчае, Аркадия және Лакония, Ион аралдары, Стереа Эллада), мұнда жауын - шашын жиі жауады.
Аралас - Грекияның құрлық бөлігі. Халкидики түбегі, Пелион түбегі.
1. 2 Тарихи-мәдени алғышарттары
Грекияның тарихы өте бай және керемет. Қазіргі Грекия территориясында әлемдегі ең алғашқы және маңызды өркениет пайда болған. Біздің заманымызға дейінгі 111-мыңжылдықта қола дәуірінің жоғары дамыған өркениеті болған. Бұл өркениетті сол кезде: криттік, пелопоннестік, микейлік болып 3 бұтаққа бөлген. Біздің заманымызға дейінгі 1500-жылы көшбасшылық Микейлік мәдениетке өткенге дейін мың жарым жыл Криттік мәдениет көш басында болған еді. Міне осы жылдар шегінде Грек жері мен жұртшылығы монархияны, тиранияны, республиканы, одан қайтадан монархияны бастан кешірді . Әрине Грекия әлемінің тарихын айтуға уақытта, курстық жұмыста жетпес. Біздің заманымызға дейінгі 146жылдан соң Грекия Римнің қол астына өтті. Біздің заманымыздың VI -ғасырдан 13-ғасырға дейін Византия империясының бодандығында болды. 1204-жылы Византия империясы 4-крест жорығы барысында күйреп, Грекия бірнеше ірі графтықтарға бөлінді. Олардың ішіндегі ең мықтысы болып, Афина графтығы есептелді. 1460-жылы Бүкіл Грекия жері Осман империясының құрамына енді, ал келесі бір - екі жүз жыл ішінде түріктер қалған Византиялық өкілдіктердің, қалдықтардың көзін жойып, тазалады. 1669-ж Осман империясының құрамына Крит аралы кіріп 19-ғасырға дейін Османдықтардың боданы болды. Осылайша 1821-жылы ешкімнің көмегінсіз-ақ, өздерінің тәуелсіздігі жолындағы соғысының алғашқы фазасы басталды. 1829-жылы соғыс аяқталып, Грекия корольдігі деп тәуелсіздігін жариялады. 19 ғасырда жарияланған соғыс Турцияның қол астындағы Македония мен Критті жаулап алды. 20-ғасырда Балқан түбегіне Балқан әскері енгізілді. I дүниежүзілік соғыстан кейін Грекия өз жерін тағыда үлкейтті. Соғыстан кейін Грекияда антимонархиялық толқулар басталып, 1924-жылы Грекияда республика жарияланды. Бірақ 1935-жылы қайтадан монархия қалпына келтірілді. 1967-жылы Грекияда әскери төңкеріс болып, билікке «қара қағандар» келді. 1973-жылдың күзінде студенттер көтерілісінің нәтижесінде қуғын-сүргіндер басталды. Бірақ 1974-билік басындағылар орнынан кетірілді. Осы жылдың желтоқсан айында бүкілхалықтық референдум болып монархиялық билеуді тағы да қалпына келтірмек болған. Бірақ референдум нәтижесі басқалай болып шықты. Жаңа республиканың конституциясы 1975-жылы қабылданды. [7]
Жалпы Грекия тарихымен үндесетін мәдени орталықтар да өте көп. Оларға тоқталатын болсақ :
Афины. Афины - Грекия астанасы, техника жағынан жоғары дамыған. Таулармег, Ликабетт және Акрополь жоталарымен қоршалған.
Акрополь - киелі жартас. Б. з. д. V ғ құрылыстары - Парфенон - Афины-бикеш храмы, Пропилеи - салтанатты есігі, Афины-Ники шіркеуі және Эрехтейон - портик кариотид, Диониса театры (б. з. д. V ғ-да мұнда Эсхил, Аристофан, Еврипид және Софокл шығармалары қойылған. Ағаш орындықтары мәрмәрға ауыстырылды. Сыйымдылығы 17 000 адам) .
Ареопаг (соғыс құдайы Ареса жотасы) - жота шыңында Ақсақалдар жиыны өтетін жер болған. 51 жылы апостол Павел бірінші сөзін сөйледі.
Филопап ескерткіші (II ғ. ) - Акропол қарама-қарсысында орналасқан.
Гефест шіркеуі, Агора - Афиннің сауда орталығы, Клепсидра Андроника - Агорадағы желдер мұнарасы. Адриана кітапханасы (IIғ) . Некрополь Керамика - афина бейіттері. Эрехтейон храмы (б. з. д. 421-407 жж) . "Портик Дочерей" - Кариатид алты мүсіні. Геродеон (Одеон Герода Аттика) - 161, Тибериймен салынған театр. Әр жаз сайын Афина музыка фестивалі өтеді. Зевс шіркеуі (б. з. д. 530-129 жж) . Андриана есіктері - арка. Ұлттық бақ - 1830-1860 жж салынды. Ауданы - 160. 000 м2, 500 ағаш түрі өседі. [2]
Фракия Грекияның солтүстік - шығыс бөлігінде орналасқан. Мұнда шығыс және батыс мәдениетінің элементтері үйлесім тапқан. Неолит кезеңінің көңіл аударарлық жерлері, эллини дәуірінің ескерткіштері, сондай- ақ рим және византия кезеңінің ескерткіштері бар.
Македония- Грекияның солтүстігіндегі ең ірі облыс. Македония археологиялық ескерткіштерімен әлемге әйгілі. Македонияның орталығы - Салоники теңіз порты. Қала көптеген рим және византия кезеңінің ескерткіштерімен әшекейленген, оның ішіндегі ең белгілісі - Ақ Мұнара. Сондай - ақ ескі қала мен көптеге византиялық шіркеулер сақталған.
Салоники. Галерий сарайы, рим базары мен театр Нимфей - қалыңдық храмы, Ротонда - Галерий бұрынғы мазары және Византия шіркеуі, қала қамалдары - 379-395жж, , Крипти - ежелгі рим моншалары сияқты объекттері бар.
Корфу аралы - византия шіркеулері мен венециан баспалдақтары. Ежелгі теңіз қамалы, жаңа жағажай қамалы - Мурая, Археологиялық мұражай, Панагий Антивунетис шіркеуіндегі Византия мұражайы. Ескі сарай - XIX ғ.
Крит. Миной мәдениетінің ескерткіштерін, Кулес қамалын, Агиос Титос византиялық шіркеуін, әулие Марк соборы, Елефтериос алаңын, Әулие Катерина соборы, Кафедрал соборы Агиос Минас, Археологиялық мұражай, Тарих мұражайын көруге болады.
Родос - б. з. д. 408 жылы құрылған. Аралда ортағасырлық шіркеулер, Әулие Николай қамалы (маягы бар), Сима, Калимнос, Псеримос, Патмос және Нисирос аудандары, Готикалық басқару сарайы, Сот ғимараты, Аквариум, Жаңа базар, жағажай, Монте-Смит тауы - антика акрополі, Зевс, Афина және Аполлон шіркеулерімен танымал. Антикалық дәуірдің көптеген ескерткіштері сақталған, мысалы б. з. д. III ғ - ғы Афродита ғибадатханасының қалдығы. Б. з. д. III - I ғ. Родос мүсіндеу мектебі қалыптасқан. Ортағасырлық ескерткіштер ішінде XI - XV ғ. ғ. Византия ғибадатханасы, XIV - XVI ғ. ғ. құрылыстар, XVI - XIX ғ. ғ. мұсылман архитектурасының үлгілері т. б. бар. [33]
Мандраки порты. Орта ғасырлық қала- Тәуелсіздіктің қамалды дуалдары, Симис алаңында Афродита шіркеуі орналасқан.
Линдос қаласы - Афина Линдия акрополі (б. з. д. VI ғ. ) жартас шыңында «капитандар үйлері», тар мозайкалы көшелер орналасқан. Ал жартастың өзінде кеме және 44 ауыл қашалған.
Халки аралында рыцарлар қамалы бар.
Тилос аралында Микро Хорьё ауылын, әулие Пантелеймон шіркеуі, мұражайды тамашалауға болады.
Волос - Магнисии ауданының орталығы, ежелгі Иолкос, қала-порт. жан-жағында Пилион, Спорады, Пагаситикос шығанағымен қоршалған. Көрнекі жерлері: XIX ғ үйлері (неоклассицизм), Агиу Константину, Агиу Николау, Метаморфосис, Агиас Триадас шіркеулері, Велендзаса наубайханасы.
Дельфы - Парнас беткейінде орналасқан. Ежелгі кезеңдерде бұл жерде Аполлон храмы болатын. Адамдар бұл жерді жердің дәл ортасы ретінде білген. Аймақ Аракулымен бүкіл әлемге танымал. Жердің ортасы Омфалос деп аталды.
Касторья түбегі- Грекияның солтүстік батысы. Мұнда византия қамалдары мен шіркеулері, XVI - XVIII ғғ үйлері, жүн өнімдерін шығару орталықтары сақталған. [15]
1. 3. Туристік аудандар
Грекия дәстүрлі түрде келесі аудандарға бөлінеді:
Аттика ауданы (астанасы Афины)
Грек тұрғындарының көп бөлігі аттика жазығында тұрады (3, 756, 607 2005 ж. ) . Аттикалық ауданда мемлекеттің негізгі әкімшілік орталығы және астанасы Афины осы жерде орналасқан. Афины әлемнің ежелгі қалаларының бірі, демократия отаны. Бұл жерде әлемдік маңыздылықтың шедевріне айналған Грекия “мәрмәрі” - Акрополь орналасқан. Парфенон, қала қамқоршысы Афина Девасының храмы қала үстінде сәулеттеніп тұр және түрлі нүктелерден жақсы көрінеді. Акропольдің оңтүстік беткейінде орналасқан Дионис театры қазір Афиндық фестиваль өтетін жер. Марафон атты зиратты төбе б. з. д. 490 жылдары Марафон шайқасында құлаған жауынгерлер атағы қойылған музейдің орналасқан жері. [20]
Грекия астанасы тек тарихымен ғана қызықтырып қоймайды. Қаладан алыс емес “Афиндық Ривьера” атымен атақты жағажайлар созылып жатыр. Кифисия - Афинадан солтүстікке қарай 14 км жерде орналасқан курортты жер. Алыс емес жағажайлар - Фалиро, Глифадо, Вура, Варкиза, Кавури және Вулиагмени (Аттикадағы ең мәртебелі курорт) . Афинадан 20-40 км жерде Аттиканың әйгілі курорттары орналасқан - Мати, Марафонас, Враврона, Лагониси, Лутраки (емдік минералды су армен, әдемі табиғаты мен климаттық жағдайларымен әйгілі) . [3]
Басқа аты Орталық немесе Материктік, грекше Стерэа Эллада. Бұл аудан, Грекияның ең жүрегінде, ежелгі шешендік жері болған Дельфа орналасқан. Орталық Грекия арқылы Пиндтің үлкен таулы жүйесі созылып жатыр, 2637 м (Смоликас тауы) .
Эпир
Континеттік Грекияның солтүстік батыс ауданы, солтүстігінде Албаниямен, оңтүстігінде Орталық Грекиямен шектеседі. Бұл таулы аудан, Македония мен Фессалиядан бөлетін ауданның сотүстік шекарасын биік Пинд құрайды. Ең маңызды ескерткіші сарқырама, үңгірлер, өзен, әдемі ауылдар мен қалың ормандарға бай - Викос Ұлттық Паркі.
Континенттік Грекияның ең оңтүстік бөлігі. Бұл аудан Олимпиада ойындарының отаны, Микены, Спарта, Олимпия сияқты ежелгі әлемнің үлкен қалалары орналасқан жері. Бұл аудан құнарлы топырағымен және бірқалыпты климатымен ерекшелінеді, сондықтан зәйтүн мен жүзім өсіру жақсы дамыған. Пелопоннес аудандары: Коринфия - түрлі археологиялық ескерткіштерімен, жағажайында орналасқан жазғы курорттарымен әйгілі: Толо, Кандия, Порто Хели. [8]
Македония
Солтүстік бөлігін алатын ең ірі аудан. Македония ауданының астанасы Солоники. Туристерді тек осы ірі сауда және мәдени орталықта болу мүмкіндігі ғана қызықтырмай, сонымен қатар жазда Тепмика шығанағы және оның маңайына демалуға келеді (Переа, Агиа Триада, Неи Эпиватес) . Солониктен оңтүстікке қарай әлемге әйгілі курорт Халкидики ауданы жайғасып жатыр. Қарағайлы тоғайлары мен құмды жағажайларымен оның тар және ұзын түбектері бар: Кассандра, Ситония және Агион Орос.
Сурет 5- Салонники
Фессалия
Грекия континентінің орталық бөлігінде орналасқан. Оның территориясы өзіне Спорады архипелагын қосады. Оның негізгі географиялық ерекшелігі - Грекияның ең биік тауы Олимп, Пинд, Отрис, Кисавос, Метеоро Мавровуни, Пиллион тауларымен қоршалған Фессалия жазығы
Фракия
Бұл аудан Грекияның солтүстік шығыс бөлігінде орналасқан. Батыстағы Нестос көлі оны Македониядан бөледі, ал Еврос көлі шығыс және солтүстік шығысында Түркиядан, солтүстігінде Родопы таулы жүйесі Болгариядан, оңтүстігінде теңізбен шайылады. Бұл ауданның климатын Жерортатеңіздік және ортаевропалық типтер арасындағы “аралық түйін” ретінде сипаттауға болады. Дельта Евросында экологиялық жағдайдың жақсы болуына байланысты өзіне баспана табатын көптеген сирек кездесетін жануарлар бұл ауданның маңызды ескерткіші болып табылады.

Сурет 7- Дельта Евростағы сирек кездесетін жануарлар
Эгей аралдары
Эгей теңізінің архипелагы жүзден аса аралдардан тұрады. Барлық аралдар таулы және қыратты, бұл жердің климаты жылы. Грекиядағы ең құрғақ климаты аудан. Эвбея - Грекияның материктік шығыс жағалауының көлемі жағынан екінші аралдары. Арал астанасы - Халкида, бұл жерде ескі моншалар, Аполлон храмының қалдықтарын көруге болады. Эвияда құмды жағажайларда демалуға арналған кішкентай қалашық - Эретрия.
Крит аралы
Жерорта теңізінде Грекияның ең жақсы курорттары орналасқан ең үлкен және бейнелі грек аралы. Криттің ежелгі дәстүрлері архитектураның қайталанбас ескерткіштерін қалдырды. Крит климаты еуропадағы ең жұмсақ болып келеді. Крит аралы ежелгі грек мифтерінде жиі кездеседі. Арал екі теңізбен шайылады: солт. Эгей, оңт. Ливия теңіздері. Крит төрт бөлікке бөлінеді: Ираклион, Ретимно, Лассити, Ханья.
Ираклион - Крит астанасы және әкімшілік орталығы. Қала аты аңызға айналған Геракл атынан шықты. Бұл теңіз порты және халқаралық аэропорты бар аралдың ең ірі қаласы. Ираклионда туристік инфраструктура жақсы дамыған. Бұл улы базары, қымбат магазиндері мен дәстүрлі таверналары бар қазіргі өмір аралы.
Ретимно - Грецияның әйгілі курорттарының бірі. Құмды пляждарынан басқа 16 ғасырда салынған қаланы пираттар шабуылынан қорғайтын таңқаларлық бекініс - фортымен әйгілі.
Ханья- “венециандық әдемі”, 1971 жылға дейін арал астанасы.
Амудара - Ираклионнан 5 км жерде туристік инфраструктурасы жақсы дамыған әйгілі курорт.
Ион аралдары
Бұл аудан Грециядағы ең кішкентай географиялық территория. Оларға Корфу, Левкада, Кефалония, Итака, Закинф аралдары кіреді. Корфу аралы спортпен шұғылданушыларға, жанұялық демалыс үшін жақсы жер. [35]
2 ГРЕКИЯДАҒЫ НЕГІЗГІ ТУРИЗМ САЛАЛАРЫНЫҢ ДАМЫҒАН ӨҢІРЛЕРІ
2. 1 Альтернативті туризм
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz