Алматы және Астана қалаларының жел режимі



Жел деп ауаның жер бетімен салыстырмалы түрде горизонтальді қозғалысын айтады. Жел атмосфераның әр жерінде қысымның біркелкі болмауынан туады. Қысым вертикальді да, горизонтальді да бағытта өзгермелі келетіндіктен, ауа жерге қарай белгілі бір бұрышпен көлбеу қозғалады. Ол бұрыш өте кіші болғандықтан жел деп ауа қозғалысының тек горизонтальді құраушысын есептейді.
Жел жылдамдығымен және бағытымен сипатталады. Желдің бағыты ретінде көкжиектің жел соғып тұрған жағы есептелінеді. Мысалы, жел солтүстіктен оңтүстікке қарай соқса, оның бағыты – солтүстік болып саналады. Метеорологияда желдің бағыты румбамен – горизонттың 16 нүктесі немесе азимутпен /градустық бұрыш/ белгіленеді. Градустық бұрыш солтүстіктен бастап шығысқа қарай есептелінеді, солтүстік бағыт 00, шығыс -900, оңтүстік – 1800, батыс – 2700 тең.
Желдің жылдамдығы м/с, кейде км/сағ-пен есептелінеді. Теңізшілер жел жылдамдығын көз мөлшермен /теңіздің толқуы/ анықтағанда Бофорт шкаласын қолданып балмен есептейді. Ол 12 градациядан тұрады және олардың әрқайсысының аты бар. Мысалы: 0 балл -12-15 м/с – штиль; 4 балл – 5-7 м/с – қоңыржай жел; 7 балл -12-15 м/с – күшті жел; 9 балл -18-24 м/с –дауыл /шторм/, 12 балл- 29 м/с жоғары – ураган.
Атмосфераның қалың қабатын алып үлкен кеңістікте соғатын желдерді ауа ағыны деп тайды, яғни ауа ағыны дегеніміз уақыт бойынша белгілі бір тұрақтылығы бар желдер жүйесі.
Жел алқабы уақыттың өтуімен өзгеріп отырады. Егер ауа ағынының көолденең ауданы кішірейсе, желдің жылдамдығы артады, ал ұлғайса- азаяды. Ауа ағыны жер бетімен үйкелетіндіктен және оның ішкі қабаттары әртүрлі қызатындықтан онда әрқашан турбуленттік орын алады, яғни әртүрлі бағытта бейберекет қозғалыста болатын майда ағындар болады.

Пән: География
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 18 бет
Таңдаулыға:   
ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

География факультеті

Метеорология кафедрасы

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС

АЛМАТЫ ЖӘНЕ АСТАНА ҚАЛАЛАРЫНЫҢ ЖЕЛ РЕЖИМІ.

Орындаушы:
2- курс студенті _____________________________ Жокелова А.Б.

Ғылыми жетекшісі
аға оқытушы _____________________________ Жумалипов А.Р.

Нормабақылаушы _____________________________

Қорғауға жіберілді
кафедра меңгерушісі _____________________________ Чередниченко В.А



Алматы, 2010
Алматы мен астана қалаларының физика-
географиялық сипаттамалары
Алматы қаласының физика-географиялық сипаттамалары
Алматы қаласы, оның оңтүстік жағында Алматы ГМО метеостанциясы орналасқан. Метеостанция орналасқан рельф тегіс болып келеді, ол жерде сирек дөңестер мен ойпаттар бар. Қала аймағы жазықта орналасқан, теңіз деңгейінен 800 м биіктікте, 3-5 км оңтүстік- шығысқа және оңтүстікке қарай станциядан қатты жоталық таулы аймақ басталады, ары қарай көтеріліп жотаға көтеріліп кетеді. Жота батыс, оңтүстік - батыс жағынан шығыс, солтүстік - шығысқа қарай бағытталған ол станция горизонын 7-ден 100 оңтүстік - шығысқа қарай жабады. Жотаның ең биік сызығынан станцияға дейін 30 км.
Жотаның солтүстігіндегі маңызды шыңдары: оңтүстік-шығыста - Мохнатая Сопка, 15 кмде оңтүстік, оңтүстік-шығыста - Құмбел 18 кмде, оңтүстік-шығыста - Ледник Тұйық-су 24 кмде, шығыс, оңтүстік-шығыста - Талғар 35-кмде, оңтүстікте - Пик Алматы 20 кмде, оңтүстікте - Алматы өзені 20 кмде. Сонымен, жотаның орташа биіктігі 3000 м болса, оның бөлек шыңдары теңіз деңгейінен 5000 м биіктікке жетеді. Тау шыңдары үстінде әрқашан қар жатады, жоғарғы биіктіктерде мұздықтар мен көлдер бар, олар көпжылдық таулы өзендерді қоректендіреді. Ең маңыздысы Малая Алматинка өзені ол оңтүстікпен солтүстікке қарай каланың шығыс жағында орналасқан. Алматы қаласында саябақтар көп. Қаланың солтүстігінде әртүрлі шөптері көп жазықтықтар олардан кейін құрғақ жазықтықтар, солтүстік-батыс жақта 30 км жерде Жатын-құм құмдары орналасқан.
Топырағы - қара, қараңғы күлгін, кейбір жерлерде батпақты болып келеді.

Алматы қаласы Іле Алатау жоталарының оңтүстіктен солтүстікке қарай қырат етегінің төменгі беткейінде орналасқан. Қала теңіз деңгейінен орташа биіктікпен есептегенде 800 м жатыр.
Оңтүстік және оңтүстік шығыс аймақтарында таулы қыраттардың төмендеуі байқалған. Алматы қаласының оңтүстік және оңтүстік шығыс таулы қыраттар қалыптасқан. Ол Іле Алатауына қарай өседі. Соңғы жылдары қаланың бірқатар өзгергенін байқауға болады . Ол оңтүстігінде орналасқан таулы аймақтары соңғы жылдары қатты ол жерде жаңа құрылыстар салынуда. Іле Алатауы Тянь- Шань тауының бір- біріне ұласатын массиві болып саналады. Ені бойынша қатты өзгерген. Таулы қыраттың бөлек шыңдары теңіз деңгейінен 5500 м жоғар орналасқан, олар мәңгі қар және мұздықтармен жамылған. Солтүстік құламалары күрделі еңісті тасты және үңгірлермен қатты тілімденген. Алаптағы өзендер: оңтүстіктен солтүстікке қарай біркелкі қалыпты ағады. Алаптарда түрлі ағаш түрлері қалыптасқан: айта кетсек алмұрт, алма, ал жоғары қарай тянь-шаньдық шыршалар өседі. Қалада бірнеше өзендер арналары қиылысады. Олардың ішінде кіші және үлкен Алматы өзендерін айтып кетсек болады. Өзендердің ені шағын және олар қала ішінде реттелген болып саналады. Жылдың жылы кезеңдерінде алаптарда толысу құбылысы байқалады(1973-1977). Қала ішінде өзеннің жағалаулары тастармен қоршалған. Бұл қоршаулар су тасығанда, арнасынан шыққанда бекітілген обьектіні қорғаныс қылады. Солтүстіктен, батыстан және шығыс жақтарынан аздаған елді мекендермен қоршалған.
Жалпы қаланың алып жатқан ауданы 16063 га құрайды. Бқрынғы кезендермен салыстырғанда қала бірнеще өзгерістерден өткен.
Алматы облысының басты өнеркәсіп орталықтары осы Алматы қаласында орналасқан: машина жасау және металл өңдеу, жеміс және ет консервілері, сүт өнімдерін дайындайтын, жүн, тігін комбинаттары және тағы да басқа зауыттар шоғырланған. Қазіргі таңда Алматы қаласы СССР кезінен бері көптеген жетістіктерге жетті, мысалға Алматы қаласы көп қабатты зәулім үй ғимараттарымен, жаңа тұрғын үйлер аймақтарымен, шығыс мотивтері бойынша қазіргі заман ағымына сай архитектурамен тұрғызылған. Көгалдырылған көшелерімен, бақшалармен, бойлай аққан арықтармен ерекшеленеді.
Алматы қаласының метеорологиялық жағдайы, Іле Алатауының таулы қыраттарының зонасында орналасқандықтан таулы далалы циркуляциялар жүреді. Қаланың орталық бөлігі екі жазықтың қиылысу жерінде жайғасқандықтан, бұл территория үнемі циркуляция зонасында бола алмайды. Адиабаттық қысымның нәтижесінде таудағы ауа ағымы су қабаттарының жоғарығы қабаттарынан өтеді. Бұл әсерлер жердің бетінде суықталған радиацияның әсерінен пайда болады. Осы процесстердің әсерінен жердің бетіндегі температура инверсиясы пайда болады. Және осы өзгерістер қыс мезгілдерінде сақталады.

Астана қаласының физика-географиялық сипаттамалары
Астана қаласы Қазақстаннның солтүстік бөлігінде, Тенгиз жазығында орналасқан. Қоршаған орта көбінесе өзендермен шектелген. өзендер көбіне тұзды болып келеді, көбінесе оңтүстік-шығыста. Қаладан 190 км қашықтықта үлкен тұзды Тенгиз көлі бар. Оңтүстікте 15 км-де үлкен өзен Майбалық орналасқан. Ұзындығы -50 км Есіл өзені оңтүстік-шығыстан солтүстік-батысқа қарай 1-1,5 км қаланың оңтүстік бөлігінде ағып жатыр. 25 км-де оңтүстік-батыста Нұра өзені ағып жатыр. Екі өзенде көктемде тасиды.
Топырағы - қоңыр, қолайлы жерлер егін егуі үшін қолданылады. Метеорологиялық алаңы қаланың батыс бөлігінде орналасқан. Осы жақта ұзындығы 1 км болатын үлкен батпақ бар. Маңдағы құрылыстар солтүстік-шығысқа қарай 75 м-де орналасқан. Басқа көп қабатты үйлер 100-200 м биіктікте тұр. Оңтүстік ашық болып тұрады.
Грунттық сулар 10-15 м тереңдікте орналасқан.

Астана қаласы республиканың орталық бөлігінде орналасқан және батыстан шығысқа қарай 600 шақырымға, солтүстіктен оңтүстікке қарай 450 шақырымға дейін созылып жатыр. Оның жалпы ауданы шамамен 155 мың шаршы шақырымды құрайды. Теңіз деңгейінен биіктігі 359 м.
Солтүстікте ол Көкшетау, шығыста Павлодар, оңтүстікте Қарағанды және батыста Қостанай облыстарымен шектеседі.
Облыстың негізгі су артериясы болып ірі ағындары мол Есіл өзені табылады. Өзеннің режимі бойынша мұндағы өзендер қорек көзін көбінесе қардан алатын жазық өзендер типіне жатады. Мұнда жауын-шашын мен жер асты суларының ролі айтарлықтай емес. Деңгейлердің жылдық жүрісі көктемгі су тасулармен және төмен, әрі тұрақты саға деңгейімен сипатталады.
Астана қаласы барлық территориясы екі топырақ зонасының шекарасында жатыр - - - қара және сарғылт топырақты. Қара топырақты бөлігі екі зона астына, кәдімгі және юзинді болып бөлінеді. Сарғылт топырақты бөлігі үш зона астына, қою-сарғылт, сарғылт және ақшыл-сарғылт болып бөлінеді.
Астана қаласы территориясы негізінен дала зонасында орналасқан. Облыстың қиыр солтүстік бөлігін бай-әртүрлі шөпті жусанды далалар алып жатыр.
КІРІСПЕ

Жел деп ауаның жер бетімен салыстырмалы түрде горизонтальді қозғалысын айтады. Жел атмосфераның әр жерінде қысымның біркелкі болмауынан туады. Қысым вертикальді да, горизонтальді да бағытта өзгермелі келетіндіктен, ауа жерге қарай белгілі бір бұрышпен көлбеу қозғалады. Ол бұрыш өте кіші болғандықтан жел деп ауа қозғалысының тек горизонтальді құраушысын есептейді.
Жел жылдамдығымен және бағытымен сипатталады. Желдің бағыты ретінде көкжиектің жел соғып тұрған жағы есептелінеді. Мысалы, жел солтүстіктен оңтүстікке қарай соқса, оның бағыты - солтүстік болып саналады. Метеорологияда желдің бағыты румбамен - горизонттың 16 нүктесі немесе азимутпен градустық бұрыш белгіленеді. Градустық бұрыш солтүстіктен бастап шығысқа қарай есептелінеді, солтүстік бағыт 00, шығыс -900, оңтүстік - 1800, батыс - 2700 тең.
Желдің жылдамдығы мс, кейде кмсағ-пен есептелінеді. Теңізшілер жел жылдамдығын көз мөлшермен теңіздің толқуы анықтағанда Бофорт шкаласын қолданып балмен есептейді. Ол 12 градациядан тұрады және олардың әрқайсысының аты бар. Мысалы: 0 балл -12-15 мс - штиль; 4 балл - 5-7 мс - қоңыржай жел; 7 балл -12-15 мс - күшті жел; 9 балл -18-24 мс - дауыл шторм, 12 балл- 29 мс жоғары - ураган.
Атмосфераның қалың қабатын алып үлкен кеңістікте соғатын желдерді ауа ағыны деп тайды, яғни ауа ағыны дегеніміз уақыт бойынша белгілі бір тұрақтылығы бар желдер жүйесі.
Жел алқабы уақыттың өтуімен өзгеріп отырады. Егер ауа ағынының көолденең ауданы кішірейсе, желдің жылдамдығы артады, ал ұлғайса- азаяды. Ауа ағыны жер бетімен үйкелетіндіктен және оның ішкі қабаттары әртүрлі қызатындықтан онда әрқашан турбуленттік орын алады, яғни әртүрлі бағытта бейберекет қозғалыста болатын майда ағындар болады.
Желдің пайда болу себептері. Желдің ауа қабатында, әсіресе, оның төменгі бөлігінде, ауа үнемі ауысып отырады. Ауа массалары мәңгі қозғалыста. Жерге ауысып, ұдайы қозғалыста болады. Жел әрқашанда ауа қысымы көп жерлерден атмосфералық қысым аз жерлерге қарай соғады.
1 ӘДЕБИЕТТЕРГЕ ШОЛУ

Жел - ауаның жер бетіне салыстырмалы түрде горизонталь қозғалысы.
Жел бағытымен және жылдамдығымен сипатталады.
Желдің жылдамдығы деп - ауаның жер бетімен салыстырмалы түрде горизонталь,бірлік уақыттағы қозғалысын айтамыз.
Желдің бағыты деп - көкжиектің ауаның соғып жатқан жаын айтамыз.
Жердің жерге жақын ауа қабатындағы орташа жел жылдамдығы шамамен 5 - 10м с кейде 12 - 15 мс дейін жетеді.
Желдің бағытын біз жел соғып тұрған горизонт нүктесінмен немесе оның азимут бұрышымен анықтаймыз.
Соңғы жағдайда бұрышы солтүстіктен шығысқа қарай есептелінеді.Сағат тіліне бағыттас.
Желдің бағыты атмосфераның жоғарғы қабатында градуспен,ал жербеті метеорологиялық станцияларда румбпен көрсетіледі.Жел бағыты флюгермен өлшенеді.
Ауа райының әртүрлі типтерінің қалыптасуы мен көріністері және табиғаттың көптеген құбылыстары әртүрлі ауа массаларының қайталанғыштығымен, өзара әрекеттесушілігімен және құбылмалығымен тікелей байланысты. Осыған байланысты бағытталу мен олардың тасымалдану жылдамдығы өте маңызды климаттық маңызға ие.
Халық шаруашылығында жел маңызды роль атқарады. Оның энергиясы көптеген жағдайларда жергілікті табиғи ресурстарды айтарлықтай толықтыра алады, әсіресе, отын және гидрологиялық энергия түрлері жоқ немесе қолданыста болмаған аудандарда. Соңғысы Қазақстанның шөлді, далалық және таулы бөліктерінде орын алған.
И.Т.Тажиев көрсеткендей, Қазақстанның жалпы жел энергиясының күші 1 млрд. квт астам көрсеткішке ие, ал жалпы орта жылдық электроэнергия өндірісі - 3 триллион квт\сағ. шамасында. Тиісті есептеулер флюгердің биіктігіне 12- метрге жатқызылған. 30-40 метр биіктік үшін \заманауи дел қозғалтқыш мұнара биіктігі\ жел жылдамдығы көбірек болады, ал осыған сәйкес Қазақстанның жел энергиялық ресурстары да көбірек болмақ.
Сонымен қатар, жел белгілі жағдайларда халық халық шаруашылығына айтарлықтай зардап шеккізеді. Мысалыға, қатты соққан жел байланыс байланыс желісін және көліктің қалыпты жұмысын бұзады, негізінен авиацияның, кей кездері құрылыстарды бұзады. Дауыл, боран, құмды, топырақты жел туғызады, т.с.с
Жел қызметінің нәтижесі, әдетте, қардың тасымалы және оның алқаптарда тегіс емес орналасуы болып табылады, бұл топырақтың қатты үсуіне алып келуі мүмкін, оның еріген сулармен қосылуына алып келеді. Ауыл шаруашылығы үшін ең қолайсызы, топырақтың желден эрозияға ұшырауы және ыстық жел болып табылады.
Қазақстандағы жел тәртібі көбіне құрлықтық ситапқа ие. Ол негізінен жергілікті барико-айналмалы жағдайлармен анықталады. Мұнымен қоса, аумақтық тілімденген рельефті \таулар, Бетпақдала, т.б. \ аудандарда және ірі су айдындарының жағажай зоналарында жергілікті желдер әртүрлі сипаттары бойынша анықталуда - таулы-далалы, бриздер, фендер.
Қазақстан территориясы айтарлықтай физико-географиялық біртекті еместігіне қарамастан, кейбір мүмкіндік шеңберінде желдің біршама тұрақты тәртібі бар аудандарға бөлінген. Бұл, әсіресе, жылдың негізгі маусындарында айқын бақыланады - қыс пен жазда, олар өзара барико- айналмалы және термиялық жағдайлармен өзгешеленеді.
Қазақстанның желді жағдайлары туралы мәліметтер негізінен жазықтық бөліктері бойынша көрсетілген. Бұл жөнінде биік таулы және таулы аудандар ішінара қарастырылады, көбінесе олардың өзіне іргелес жазықтықтардың желдік тәртібіне деген әсері тұрғысынан қарастырылады.

2 ЖЕЛ БАҒЫТЫ

Жылдың суық мезгілінде жел тәртібі сібірлік антициклонның әсерінен, негізінен оның батыстық тау сілемі әсерінен құрылады. Берілген тау сілемінің климаттық өзегінен, орташа көпжылдық жақсы бақыланудағы, қыстық айдағы, барикалық типографияның сызбалары бойынша, ауа қысымы республиканың солтүстігіне және оңтүстігіне қарай азаяды, ал жерге жақын изобарлар негізінен солтүстік-шығыс және оңтүстік-шығысқа қарай тарайды. Қыстың осындай бариялық жағдайларында Қазақстанның көптеген бөліктерінде, орталық аудандардан ауа массаларының шалғайдағы облыстарға қарай жайылуы болады. Осыған орай, Қазақстан бойынша, батыс бөлігі мен кейбір Алтай аудандарын қоспағанда , екі үлкен зона анықталады, оларда желдің басым бөлігі бағыты бойынша қарама-қарсы болып келеді. Бұл жағдайларды қаңтардағы желдің таралу сызбасынан көруге болады.
Қазақстанның орманды дала және далалы бөліктерінде, Алтайдан Мұғалжарға дейін, қыс мезгілінде оңтүстік-батыс желдері басым болады. Бағыты бойынша оларға қарама- қарсы желдер өте аз кездеседі. Республиканың оңтүстік бөлігіндегі шөлді және біршама тау бөктері зоналары үшін үйреншікті жағдай солтүстік-шығыстың бөліктік желдердің оларға қарама-қарсы батыстық румбтардың әлсін қайталануымен қатар келуі болып табылады.
Жоғарыда айтылғандай, Қазақстанның бұл бөліктерінде жергілікті дер рельфінің, ірі өзендерінің аңғарларының бағыты мен сипатына қарай жергілікті жел бақыланады, олар әртүрлі сипатқа ие. Маусымдық жел тәртібімен сәйкес келген жағдайда олар желдің қайталанғыштық бағытын айтарлықтай ұлғайта алады.
Батыс Қазақстанда қыс мезгілінде желдің осы не басқа да бағытының жарқын көрінетін басымдығы жоқ. Мұнда орташа көпжылдық бірнеше қайталанғыштығы жоғары тек қана шығыстық румбалар анықталады, бұл сібірлік антициклоның батыстық тау сілемінің айтарлықтай әлсіреуімен байланысты. Одан басқа, бұл аудандарда азорлық антициклонның шығыстық тау сілемінің мезгілдік көрінісі байқалады. Қазақстанның оңтүстік аудандары солтүстіктен келетін суық ауа массаларының жиі енуіне ұшырайды, тіпті олар кейде өте суық қыстың болуына негіз болады. Сонымен бірге қыс барлық жерде жылудың оңтүстіктен үздіксіз шығарылуымен сипатталады. Белгілі деңгейде, мұнымен Қазақстанның барлық оңтүстік бөлігінде қар қабатының уақытша бұзылуымен сирек, ал кейде айтарлықтай жылынуы байланысты болады. Адвективті пайда болған қыстық жылымықтар республиканың солтүстігінде де анықталады.
Қазақстанның қыстық жағдайлары антициклондардың, әсіресе, сібірлік ең жоғарғы барикалық тау сілемінің аумағында жиі қайталанатындығымен сипатталады. Осыған орай барлық жерде өте жиі түрде тымықтар анықталады Бұл белгілі ауа райын құрушы мағынаға ие. Осылай, тыныш аязды ауа райы жағдайдарында ауаның радиациялық салқындау процесі өтеді, жаңа жауған қардың, бұлтсыз аспанның үстінде. Мұндай құбылыстардың белгілі жиілігі қыстың термиялық аясының жалпы сипатынан көрінбеуі мүмкін емес.
Жаз мезгілінде Қазақстандағы жел тәртібі Еуразияның көптеген бөлігіндегідей кенеттен өзгеріп отырады. Қыс мезгіліне қарағанда бұл мезгілде шеткі солтүстік континент кеңістігінен орталық аудандарға қарай ауа массаларының көпшілігінің шығуы айқын көрініс табады. Жылы ммезгілдегі ауа температурасының жоғарылығы дәне көнтиненттің шамадан тыс жылынуы жалпы Еуразия территориясындағы барикалық өрістің айтарлықтай қайта құрылуына алып келеді.
Қазақстан жағдайында жаздағы орташа қысым шамалы барикалық градиентті әлсіз көріністегі депрессияны білдіреді. Оның территориясында барикалық өріс конфигурациясы да өзгереді. Ол сібірлік антициклонның күрт әлсіреуімен және азорлық максимумның маусымдық жетілуімен байланысты, оның шығыстық тау сілемі СССР-дің Еуропалық территориясының оңтүстігінде климатологиялық бақылануда және Қазақстанның батыс бөліктерінде үздіксіз көрініс табуда. Бұл айларда республиканың оңтүстігі маусымдық, ортаазиялық термиялық депрессияның әсерінде болады.
Мұндай жағдайда Қазақстанның солтүстігінде көкжиектің солтүстік-батыс ширегінің желдері басым болады, ал оған қарсы бағыттар, керісінше аз қайталанады. Бұл уақытта республикамыздың оңтүстігінде қыс мезгіліне тән солтүстік және солтүстік-шығыс желдерінің басымдылығы сақталады.
Айта кетер жайт, Қазақстандағы басымдылықты желдер жаз айдарында әлсін көрінеді, бұл шайылып кеткен барикалық өріспен ескертіледі. Бұл жыл мезгілінде тымықтың қайталану жоғарылығы байқалады. Олардың қайталануы тек қана тауда және тау етегінде біршама ұлғаяды, бұл циклондық процесстердің орографиялық шиеленісімен байланысты. Жаз мезгіліне сай шілде айындағы жел бағытының орташа көпжылдық қайталануы келтірілген.
Жаз мезгіліндегі басым желдердің сипаты, яғни солтүстік құрамадан Қазақстанға бірқалыпты және арктикалық кеңістіктерден ауа массаларының шығуының жиілігін көрсетеді. Бұл ауа массаларының енуі Қазақстанның солтүстігімен және Батыс Сібірдегі циклондық құрылымдардан өтетін тылдық ағымдар процесінде орындалады, өз қозғалыс жолында солтүстіктен оңтүстікке қарай бұл массалар біртіндеп қыза бастайды және ылғалдана түседі, ал Қазақстанның үстіндегі тұрақты жоғары қысымды аумақтардағы жағдайда жазғы ауа райы түрінің сипатына сәйкес біршама кебіңкіреп, қуаңшыққа әкеледі. Белгілі бір барикалық жағдайларда олардың тұрақты әрі қарқынды өзгерісі атмосфералық және топырақтық құрғақшылықтың үздіксіз құбылыстарының туындауына әкелуі мүмкін, кейде ол астықтың апаттық өспеуіне алып келеді.
Таулы аймақтарда және ірі су айдындарының жағалау аймақтарында, жаз мезгілінде жергілікті желдер байқалады, олар құрылудың барика-термиялық жағдайлары бойынша антициклоналды ауа райының кезеңінде неғұрлым айқын көрінеді. Осылай, Каспий мен Арал теңізінің жағасында, Балқаштың Зайсан мен Алакөлдің эәне т.б. өзендердің жағасында самал \бриз\ байқалады \күндіз жел су айдынынан құрлыққа, ал түнде керісінше құрлықтан су айдынына қарай\. Осыған ұқсас, жарты тәуліктік жел бағытының дұрыс ауысулары таулы аймақтарда, таулы-аңғарлы циркуляциясының көрінісі мезетінде де кездеседі. Таулы желдер күн батқаннан кейін байқалып, оның шығуына дейін созылады, күндізгі уақытта таулы аңғарға қарай бағытталған алқаптық желдер басым болады.
Таулы-аңғар желдерінің көрініс сипаты бірқатар жайттарға байланысты: таулы жоталардың бағыты мен биіктігіне, баурайлардың орналасуы, тау шатқалының бағытына, т.б. Осыған орай, олардың бағыты өздеріне жалғасқан жазықтықтағы желдің жалпы тәртібімен сәйкес келуі де, сәйкес келмеуі де мүмкін, яғни, оны күшейтуі не болмаса әлсіретуі мүмкін. Мысалыға, Алматы қаласының аумағындағы таулы желдерге негізінен Кіші Алматы өзенінің шатқалы себепші болады, оның төменгі бөлігі солтүстік-батысқа бағытталған. Осыған орай мұндағы тау желдері оңтүстік-шығыстық бағытқа, ал далалық солтүстік-шығыстық бағытқа ие.
Таулы-далалық \циркуляция\ айналма құбылыстарымен және таулы аумақтардағы фендермен қатар жергілікті желдер жиі байқалады, олар тауларға таяу циклондық құрылулардың өтуімен ескертіледі. Олардың қатарына, масалыға, эби желдерін жатқызуға болады, бұл жоңғарлық қақпа маңында байқалады. Олар жылдың суық мезгілінде қарқынды көрініске ие. Эби Балқаш өзені төңірегінен циклондардың өту кезеңінде пайда болады, бұл уақытта Гоби шөлінің батыс бөлігінде тұрақты және қкатты антициклон байқалады. Осындай барикалық жағлайдарда ауа қысымы жоғары аумақтан депрессиялы жаққа ауа массаларының көшуі басталады. Осы көшу процесінде Жоңғар қақпасының тар таулы өткеліндегі жел жылдамдығы кенет ұлғаяды және кейде ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Алматы және Астана қалаларының жел режимі жайлы
1986 жылдан 2002 жылдар аралығындағы салқын кездегі Алматы және Астана қалалары бойынша ауа температурасының термикалық режимі
Алматы қаласы атмосфералық ауасының ластану жағдайы
Оңтүстік Қазақстан өңірінің ірі қалаларының геоэкологиялық жағдайы
Автокөліктік ластануға экожүйенің әсері
Балқаш көлі. Климаты
Алматы қаласынан шығарылатын зиянды заттектердің қоршаған ортаның экологиялық жағдайына әсері
Алматы қаласының физикалық-географиялық орны
Өнеркәсіптің қоршаған ортаға әсері
Алматы және астана қалаларының термикалық режимі
Пәндер