Қызылорда облысы халқының әлеуметтік-демографиялық жағдайының өзекті мәселелері


ӘӨЖ911. 3: 314(574. 54) Қолжазба құқығында

ӘЛ- ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

География факультеті

Экономикалық, әлеуметтік және саяси география кафедрасы

Қызылорда облысы халқының әлеуметтік-демографиялық жағдайының өзекті мәселелері

Орындаған :

2 курс магистранты Сансызбаева А. Б.

Ғылыми жетекшісі

а/ш. ғ. д., профессор Жамалбеков Е. Ү.

Қорғауға жіберілді.

__ 2011 ж

Кафедра меңгерушісі

г. ғ. к., доцент Нүсіпова Г. Н.

Алматы, 2011

КІРІСПЕ

1. ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫ ХАЛҚЫНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК- ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУЫ

1. 1. Облыстың негізгі әлеуметтік - экономикалық жағдайы

1. 2. Облыстың еңбек ресурстары

2. ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ ҚАЗІРГІ ДЕМОГРАФИЯЛЫҚ ҮРДІСТЕРІ

2. 1. Халықтың туу көрсеткіші

2. 2. Өлім-жітім

2. 3. Табиғи өсім

2. 4. Көші-қон үрдісі

3. ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНДАҒЫ ХАЛЫҚТЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК ДЕМОГРАФИЯЛЫҚ ЖАҒДАЙЫНА ӘСЕР ЕТУШІ ФАКТОРЛАР

3. 1. Әлеуметтік экологиясының проблемалары және тұрғындарға әсері

3. 2. Қызылорда облысы халқының денсаулығына әсер етуші ауру түрлерінің таралуы

3. 3. Қызылорда облысы халқының денсаулық сақтау және экологиялық мәселелерін шеше отырып, демографиялық үрдісін жақсарту

ҚОРЫТЫНДЫ

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

ҚЫСҚАРТУЛАР МЕН БЕЛГІЛЕУЛЕР

АЕМ - Ауылдық елді мекен

БТЖК - Бала туу жиынтық коэффициенті

ХЕҰ - Халықаралық еңбек ұйымы

ДДҰ - Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы

ЖІӨ - Жалпы шкі өнім

о. і. : - оның ішінде

ш. қ - шаршы шақырым

КІРІСПЕ

Зерттеу жұмысының өзектілігі . Егемен Қазақ мемлекетінің қалыптасуы өте күрделі кезеңдерде жүріп жатыр. Қазір мемлекетіміздің қалыптасуының күрделі мәселелерінің ең маңыздысы - әлеуметтік-демографиялық жағдайларды түбегейлі шешу жолдарын айқындау болып отыр.

Мемлекетіміздің “Қазақстан - 2030 ” стратегиялық бағдарламасына сәйкес ұстанып отырған саясаты- ел бірлігін сақтау, халықтың тұрмыс тіршілігін, өмір сүру сапасын онан әрі жақсарту болып табылады.

Егемен ел болып, іргемізді бүтіндеп отырған кезде ұзақ жылдар бойы отаршылдық тұзағына түскен ұлттық санамыз қайта жанданып, даму үстінде. Соның бір жарқын көрінісі ұлттық демографиялық санамыз бен демографиялық мінез-құлқымызда орын алып отырған келелі өзгерістерден айқын байқалады. Бұл әсіресе төмендегі өзекті мәселелерді қамтиды:

  • Қызылорда облысы халқының демографиялық жағдайы;
  • әлеуметтік-экономикалық тұрақтандыру мен өсу әлеуетінің басым бағыттары;
  • экологиялық қауіпсіздік және табиғи ортаның жұтаңдығы мен экологияның қолайсыздығы;
  • облыстағы халықтың денсаулық сақтау мәселесі;
  • халықтың орташа өмір сүру ұзақтығы мен өмір сүру сапасы;

Тақырыптың зерттелу деңгейі. Әлеуметтік-демографиялық мәселелердің мәнділігі ғылыми зерттеулерде оларға баса назар аударылуын жоғары деңгейде талап етеді. Халықтың әлеуметтік - демографиялық дамуы, қоғам және қоршаған ортаның жалпы және арнайы мәселелерін сараптау мен бірегей шешу мәселесін зерттеу бағытында көптеген ғалымдар үлес қосуда.

Көптеген тарихи-демографиялық еңбектер белгілі бір тұтас мемлекеттегі барлық халықтың демографиялық статистикалық дамуын жан-жақты түрде қамтыған. Олардың қатарында белгілі ғалымдар: М. Қ. Қозыбаев., Ж. Б. Абылғожин., М. Тәтімов, Ф. Н. Базанова, Б. С. Досманбетов, З. Қинаятұлы, Т. Қартаева, Ә. Үмбет, В. Козина, Маханов Т, Төлеутаев К, т. б. зерттеулерін атауға болады. Бұл еңбектерде Қызылорда өңірінің демографиялық ахуалына қатысты мәліметтер өлкенің экономикалық дамуына орай жалпылама сипатта кездеседі.

Жоғарыда көрсетілген зерттеулерде Қызылорда облысына қатысты деректер жалпылама түрде кездеседі. Облысымыздың демографиялық хал-ахуалын зерттеуде Г. Н. Нүсіпова [ 1], А. Ж. Оразбақовтың кандидаттық диссертацияларының маңызы зор.

Әлеуметтік-экономикалық жағдайы ерекше аймақтарында еңбек нарығын дамыту туралы оның ішінде Қызылорда облысы мысалында қорғалған Д. А. Бекешованың диссертациялық жұмысының орны ерекше, яғни бұл еңбекте халықтың еңбек ресурстары, жұмыссыздық, жұмыспен қамтылу, облыстағы халықтың сауаттылығы жан-жақты қарастыра отырып, өңірдің демографиялық ахуалына қатысты мәліметтер өлкенің экономикалық дамуына орай жалпылама сипатта кездеседі [ 2 ] .

А. Т. Райымбекованың экология-экономикалық және демографиялық факторлардың даму ықпалы негізінде, халықтың өсіп-өнуіне әсер етуі негізінде нақты зерттеулер жүргізілген [3 ] .

М. А. Умирзакованың көші-қон үдерістерінің мемлекеттік реттеу оның ішінде Қызылорда облысын мысалға келтіре отырып, облыстағы еңбек реесурстарына тоқталып сараптамалар жүргізілген [ 4 ] .

Көрсетілген мәселелердің өзектілігі, теориялық талдау деңгейі және тәжірибедегі пайдаланушылық дәрежесі және өмірлік мәнділігі жұмыстың тақырыбының маңыздылығын, сонымен бірге, зерттеу мақсатын, міндеттерін және нысанын алдын-ала анықтауға мүмкіндік береді.

Зерттеудің теориялық және әдіснамалық негізі. Диссертациямен жұмыс барысында автор, қоғамдық өндіріс пен қоршаған ортаның өзара ықпалы, демография және экология мәселелерінен туындайтын саяси экономикалық ғылым тұжырымдары мен қорытындыларына сүйенеді. Зерттеу үрдісінде демографтардың, әлеуметтанушыларды, экологтардың жұмыстары мен диссертациялар, ғылыми жинақтар пайдаланылды.

Зерттеу барысында жүйелік талдаудың принциптері мен әдістері , абстракция, графикалық, деректерге талдауды жүйелеу, салыстыру, қорыту, статистикалық әдістер қолданылды.

Магистрлік диссертациялық жұмыстың ақпараттық көзі ретінде Қазақстан Респуликасы статистика Агенттігінің және Қызылорда облысының статистика департаментінің статистикалық мәліметтері және мерзімді басылым материалдары мен оқулықтардан алынды.

Зерттеу жұмысының мақсаты мен міндеттері. Диссертациялық жұмыстың негізгі мақсаты - Қызылорда облысы халқының әлеуметтік демографиялық жағдайы мен оның өзекті мәселелерін шешу жолдарын ұсыну, және алдын-алу мәселелерін қарастыру.

Диссертациялық жұмыста қарастырылатын міндеттер - Қызылорда облысы халқының әлеуметтік демографиялық жағдайына талдау жасай отырып, төмендегідей міндеттер орындалды:

  • Облыстың негізгі әлеуметтік - экономикалық мәселелерін қарастыру;
  • Облыстың еңбек ресурстары мен (жұмыспен қамтылу, жұмыссыздық, кедейшілік) қамтылу жолдарын ұсыну;
  • Қызылорда облысының қазіргі демографиялық үрдістерінің (туу, өлім-жітім, табиғи өсім) басым бағыттарын қарастыру;
  • Облыс халқының демографиялық ахуалында неке және отбасының алатын маңыздылығын анықтау;
  • халықтың орналасып таралуындағы көші-қон мәселесін реттеу;
  • Облыстың экологиялық проблемалары мен тұрғындарға әсерін анықтау;
  • Қызылорда облысы халқының денсаулығына әсер етуші сырқаттарына басым назар аудара отырып, ауруды болдырмаудың жолдары мен факторларын анықтау;

Зерттеу жұмысының негізгі нысаны: Диссертациялық жұмыстың негізгі нысаны ретінде Қызылорда облысы аймағы халқының әлеуметтік дамуы және демографиялық үрдістері.

Зерттеу пәні. Қызылорда облысы халқының әлеуметтік-демографиялық және экологиялық факторлардың қалыптасуындағы әсерінен қалыптасқан өзгерістерді айқындаумен анықталады.

Магистрлік диссертациялық зерттеудің ғылыми жаңалығы. Диссертацияда 1991-2010 жылдары облыс халқының әлеуметтік-демографиялық жағдайына жан-жақты баға беруге әрекет жасалынды. Нақтылап айтқанда:

  • тәуелсіздік алғаннан кейінгі жылдары Қызылорда облысының әлеуметтік, экономикалық даму болашағы нақтыланып зерттелді;
  • аймақ тұрғындарының жалпы білім дәрежелеріндегі өзгерістерге талдау жасалынды;
  • соңғы санақтан қазірге дейінгі кезеңдегі тұрғындардың табиғи өсімі, жастық жыныстық ерекшелігі, ұлттық құрамындағы үлес салмақтары анықталды;
  • көші-қон үдерістерінің тұрғындарға әсер ететін ықпалы мен факторлары жан-жақты ашып көрсетілді;
  • аймақтық мәліметтер негізінде халықтың ұдайы өсу процесінде экологиялық зардаптардың өзара әсер етуі көрсетілді;
  • экологиялық апатқа ұшыраған халықтың денсаулығын жақсарту мен мәселелерді тиімді шешудегі әдістері мен жолдары анықталды;

Жұмыстың қорғауға ұсынылған тұстары . Магистрлік зерттеу жұмысының мынадай бағыттарда негізгі тұжырымның жасалауына мүмкіндік берді.

  • Қызылорда облысының еркін экономикалық аймаққа айналуы, әлеуметтік- экономикалық дамуы, демографиялық үдерісті сипаттап беруге сапалық жаңа серпін берді;
  • Кеңестік дәуірдегі индустрияландыру, асыра сілтеушілік, ашаршылық, індет, секілді апаттардан сырт елдерге қоныс аударған отандастарымыздың қайта оралуына негізделген көші-қон түрі пайда болып, демографиялық ахуалға оң әсерін тигізді;

Жарияланған жұмыстар.

  • Қызылорда облысы халқы құрамындағы этникалық өзгерістер
  • Қызылорда облысы халқының денсаулығына әсер етуші ауру түрлерінің таралуы

Магистрлік диссертацияның құрылымы мен көлемі .

Зерттеу жұмысы кіріспеден, үш тараудан, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен және қосымшадан тұрады.

  1. Негізгі әлеуметтік - экономикалық жағдайы

Шаруашылықтың рыноктық ұстанымдарын енгізу және ұлттық экономиканың қалыптасуы келешекте әлеуметтік-еңбек қатынастарының дамуымен тығыз байланысты. Мемлекет өз құзіретінде бірқатар реттейтін функцияларды қалдырумен, жалақыны ұйымдастыруда негізгі мәселелерді шаруашылық субъектілер деңгейіне заңдарын қабылдаумен әртүрлі келісімдер мен ұжымдық келісім-шарттар жасасу негізінде еңбекақы реттеуде, ұжымдық - шарттық ұстанымдардың жан-жақты дамуы үшін қажетті ұйымдастыру жағдайлары құрылды.

Тәуелсіздік алған жылдары, елдегі әлеуметтік жағдай біршама төмен болды. Мұндай көрсеткіш барлық өңірлерде орын алды. Соның бірі - Қызылорда облысы.

Әсіресе, халықтың өмір сүру деңгейінің көрсеткіші елеулі төмендеді. 1991-1998 жж. тұтынушы бағалар индексі республикада 189 есеге өсіп, ал атаулы табыс ақы 200 есеге өскен, яғни осы көрсеткіштерді жан-жағынан алып қарағанда өмір сүру деңгейі 8 жылда 7 есеге дерлік азайды.

1990 ж. республикадағы халықтың ақшалы табыстары 7133 теңгені құрап, облыста 8470 теңгені құраған. 1994 ж. республикада табыстың мөлшері 27104 теңгеге дейін жетіп, 1995 ж. 20646 теңгеге төмендеп, 1998 ж. 36241 теңгеге өсті. Осы жылы облыстағы ақшалы табыстар 43820 теңгеге өскен. Облыста 1999 ж. орташа жалақы 9905 теңгені (Қазақстан Республикасында - 8541 теңгені) құрды. Әдетте, облыста 1999 ж. орташа жалақының өсуі 1998 жылмен салыстырғанда 64 пайызға көбейді, ал орта есеппен Республика бойынша өсу қарқыны осы уақыттарда 24, 9 пайыз болды.

Көп жағдайда қала тұрғындарына қарағанда ауыл тұрғындарының әл-ауқаты төмен тұратыны белгілі жағдай. Себебі ауылда жұмыс күші аз, жұмыс істейтін техникалар істен шыққан. Ал ауылдық тұрғындар табысының маңызды көзінің бірі-меншікті шаруашылықта өндірілген өнімді сату болып табылады. Бұл қалалық жерлердегі 1-3 пайызға қарсы жалпы табыстың 15-20 пайызын береді. Тұтыну бағаларының индексі 1997 жылы 1993 жылмен салыстырғанда 28, 8 есеге өскен, халықтың жан басына шаққандағы атаулы ақшалы табыстары - 26, 8 есеге, нақты ақшалы табыстар 1993 жылы деңгейі 93%-ды құрды. 1997 жылы 1996 жылмен салыстырғанда жан басына шаққандағы атаулы табыстың 20 пайызға көбеюінде халықтың нақты ақшалы табыстары тек 2, 4%-ға көбейген. Жан басына шаққандағы табыс мөлшері орташа 1997 жылы күн көріс минимумы көлемін 18, 7%-ға жаппады.

Қазақстанда табыстар дифференцияациясы күрт көбеюде, ол негізінен салаларалық айырмашылықтармен байланысты. Табыстардың ең ірі көбеюі банктік және кейбір басқа салада болып отыр. Ауыл шаруашылығы, білім беру, денсаулық сақтау саласындағы адамдардың табыстары айқын төмендеді.

*Дерек көзі: Қазақстандағы халықтың тұрмыс деңгейі, Астана 2009 [ 5 ] .

Сурет 1- Қазақстан Республикасы мен Қызылорда облысында халықтың атаулы ақшалай табысын бағалау 2001-2009 жж. (айына орташа жан басына шаққанда, теңге)

Суретте көріп отырғандарыңыздай республика мен облыстың атаулы ақшалай табысы көрсетілген. Республика халқының атаулы ақшалай табысы 2001 жылы 17303 теңгені көрсетсе, 2003 ж. 23128 теңгеге өсіп отыр. Ал облыста аталған жылдар ішінде 5618 теңгеден 7771 теңгеге жоғарылаған. 2002 жылдың қаңтар-ақпанындағы облыс бойынша бір қызметкердің орташа айлық жалақысы 15237 теңгеге жетті, бұл 2001 жылдың осы кезеңіндегі көрсеткіштің 115, 1 пайызын құраған. Республикада атаулы ақшалай табыстың мөлшері 11864 теңгеден 67333 теңгеге дейін өскен. Облыста бұл көрсеткіш 1999 ж. 3998 теңгеден басталып, 32825 теңгеге дейін жоғарылап отыр (6-сурет) .

Экономикалық қызмет түрлері бойынша орташа жалақыда айтарлықтай айырмашылықтар бар. 2002 жылдың қаңтар-ақпанында ең жоғары жалақы мөлшері тау-кен өнеркәсібінде (50392 теңге), ең төменгі-ауыл, орман және балық шаруашылығы саласында (5640 теңгеге), олардың айырмасы 8, 9 есеге жетті. Облыс аралығында 2003 ж. бір қызметкердің орташа айлық жалақысы 19928 мың, оның ішінде аудандар ішінде Арал ауданында 15504, Жалағашта 12065, Жаңақорғанда 11934, Қазалыда 18590, Қармақшыда 14128, Сырдарияда 10586, Шиеліде 17983 теңгеге жеткен. 2005 ж. облыста жалақы көрсеткіші 30948 теңгеге көбейіп, барлық облыстағы қызметкердің жалақысынан 3500 теңге көлеміндей көбею байқалған. 2006 ж. республикада 40790 мыңды құраса, облыста 36116 мың, 2007 ж. 46859 теңгеге жетіп көбейген, яғни осы жылы аудандар аралығында жоғары жалақы Қазалы ауданында 33510 теңгені құрап, 2005 жылмен салыстырғанда, 4200 теңгеге жоғарылаған. 2009 жылдың 3 тоқсанына 32776 теңге жетіп, 2010 жылдың осы жылымен салыстырғанда 40781 теңгеге өскен.

Орташа жан басына шаққан-дағы атаулы ақшалай табыс, теңге

Өткен жылдың сәй-кес кезеңіне пайыз-бен атаулы ақшалай

табыс

Өткен жылдың

сәйкес кезеңіне

пайызбен нақты

ақшалай табыс

: 2001 жыл
Орташа жан басына шаққан-дағы атаулы ақшалай табыс, теңге: 5618
Өткен жылдың сәй-кес кезеңіне пайыз-бен атаулы ақшалайтабыс: 120, 1
Өткен жылдыңсәйкес кезеңінепайызбен нақтыақшалай табыс: 111, 1
: 2002 жыл
Орташа жан басына шаққан-дағы атаулы ақшалай табыс, теңге: 6535
Өткен жылдың сәй-кес кезеңіне пайыз-бен атаулы ақшалайтабыс: 116, 3
Өткен жылдыңсәйкес кезеңінепайызбен нақтыақшалай табыс: 110, 5
: 2003 жыл
Орташа жан басына шаққан-дағы атаулы ақшалай табыс, теңге: 7771
Өткен жылдың сәй-кес кезеңіне пайыз-бен атаулы ақшалайтабыс: 118, 9
Өткен жылдыңсәйкес кезеңінепайызбен нақтыақшалай табыс: 110, 6
: 2004 жыл
Орташа жан басына шаққан-дағы атаулы ақшалай табыс, теңге: 9553
Өткен жылдың сәй-кес кезеңіне пайыз-бен атаулы ақшалайтабыс: 122, 9
Өткен жылдыңсәйкес кезеңінепайызбен нақтыақшалай табыс: 115, 5
: 2005 жыл
Орташа жан басына шаққан-дағы атаулы ақшалай табыс, теңге: 11724
Өткен жылдың сәй-кес кезеңіне пайыз-бен атаулы ақшалайтабыс: 122, 7
Өткен жылдыңсәйкес кезеңінепайызбен нақтыақшалай табыс: 114, 2
: 2006 жыл
Орташа жан басына шаққан-дағы атаулы ақшалай табыс, теңге: 13912
Өткен жылдың сәй-кес кезеңіне пайыз-бен атаулы ақшалайтабыс: 118, 7
Өткен жылдыңсәйкес кезеңінепайызбен нақтыақшалай табыс: 111, 1
: 2007 жыл
Орташа жан басына шаққан-дағы атаулы ақшалай табыс, теңге: 18889
Өткен жылдың сәй-кес кезеңіне пайыз-бен атаулы ақшалайтабыс: 129, 4
Өткен жылдыңсәйкес кезеңінепайызбен нақтыақшалай табыс: 117, 8
: 2008 жыл
Орташа жан басына шаққан-дағы атаулы ақшалай табыс, теңге: 24235
Өткен жылдың сәй-кес кезеңіне пайыз-бен атаулы ақшалайтабыс: 121, 8
Өткен жылдыңсәйкес кезеңінепайызбен нақтыақшалай табыс: 109, 7
: 2009 жыл
Орташа жан басына шаққан-дағы атаулы ақшалай табыс, теңге: 35321
Өткен жылдың сәй-кес кезеңіне пайыз-бен атаулы ақшалайтабыс: 123, 7
Өткен жылдыңсәйкес кезеңінепайызбен нақтыақшалай табыс: 111, 2
: 2010 жыл
Орташа жан басына шаққан-дағы атаулы ақшалай табыс, теңге: 43240
Өткен жылдың сәй-кес кезеңіне пайыз-бен атаулы ақшалайтабыс: 122, 4
Өткен жылдыңсәйкес кезеңінепайызбен нақтыақшалай табыс: 107, 0

*Дерек көзі: Қызылорда облысы және оның аудандарының әлеуметтік-экономикалық дамуының статистикалық көрсеткіштері-Қызылорда, 2011. -7 б [ 6 ] .

Кесте 1- 2001-2010 жж. Қызылорда облысындағы халықтың ақшалай табысы (бағалау)

Республика бойынша халықтың ақшалай табыстарының серпіні орташа жан басына шаққанда, 2005 ж. 15787 мың теңге, атаулы ақшалай табыстардың индексі, 123, 2%, айына жан басына шаққанда Қызылорда облысында 11724 мың теңгені құраған. Табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасынан төмен халықтың үлесі 28, 5%, зейнетақы 11, 5%, жәрдемақы 3, 8%, шәкіртақы 0, 2, туған туысқандардан түсетін материалдық көмек, алимент және басқа кірістен 4, 3% үлесін құраған.

Атаулы ақшалай табыстарының индексі 2006 ж. 19152 мың теңгені құраса, 2007 жылы жан басына шаққанда халықтың атаулы табыстары 25226 мың теңге жеткен. Осы жылы Қызылорда облысында айына жан басына шаққанда 2006 жылғы көрсеткішпен салыстыра келе 18889 мың теңгеге өскен. 2008 жылмен 2009 жылды салыстырсақ, 30781 мыңнан 34736 мыңға көтерілгенін байқауға болады. 2009 ж. Қызылорда облысында айына жан басына шаққанда 32776 мыңды құраса 2010 жылы 40781 мың теңгеге өскен.

Орташа жан басына шаққандағы атаулы ақшалай табыстың мөлшері 2001 ж. 5618 теңгені құрап, атаулы ақшалай табыс 120, 1%, ал нақтысы 111, 1%-ды құрады. 2009 ж. өткен жылдың сәйкес кезеңіне облыстағы атаулы ақшалай табыстың көрсеткіші 123, 7%-ға көтерілсе, республикада бұл көрсеткіш 110, 7%, ал нақты жалақының мөлшері 103, 2%-ды құраған (1-сурет) .

2004 ж. атаулы ақшалай табыс 9553 теңгеге көтерілсе, 2005 ж. 11724 теңгеге жетіп, халықтың ақшалай табысындағы еңбек табысының үлес салмағы 122, 7%-ды құраған, яғни бұл көрсеткіш 2007 ж. 118, 0 %-ға жеткен. 2005 ж. республикада қызмет түрлері бойынша жоғары жалақы қаржы саласында 53601 теңге, ал облыста кен өндіру саласы бойынша жоғары жалақыға ие болды, яғни 93051 теңге. Тұтынуға пайдаланылған табысы бойынша 2008 ж. 14287 мыңға өскенімен де басқа облыстармен салыстырғанда артта қалып келеді.

Облыстағы орташа жан басына шаққанда аудандардың табыс көлемі бойынша 2005 ж. 11724 теңгені құраса, 2007 ж. 18889 теңгеге көтеріліп, оның ішінде табысы басқа аудандармен салыстырғанда төмен Сырдария ауданы болып отыр. Мәселен, бір қызметкердің орташа айлық жалақысы 2003 ж. 10586 теңгені құраса, Қазалы ауданында 18590 теңгеге жеткен. Аудандардың ішінде қызметкерлердің жоғары айлық жалақысы Қазалы мен Шиелі аудандарында сақталып отыр. 2004 ж. облыстағы орташа жалақы 26400 теңгені құрап, оның ішінде табыс көлемі жоғары Қазалы ауданында 24497 теңге болып, 2007 ж. бұл көрсеткіш 43811 теңгеге артып, 2009 ж. 53947 теңгеге жетсе, Шиелі ауданында 56969 теңгеге артты.

2004 ж. экономикалық қызметтің жекелеген түрлері бойынша, оның ішінде: ауыл шаруашылығы, аңшылық және орман шарушылығынан жоғары табысты Шиелі ауданы 11064 теңгені құраса, 2005 ж. Қазалы ауданы 19382, 2008 ж. 39622 теңгеге жеткен. Балық аулау, балық өсіру кәсібіне облыста бір ғана аудан айналысады ол-Арал ауданы, яғни табыстың мөлшері 17154 теңгеден 25901 теңгеге өскен. Өнеркәсіп саласы бойынша Шиелі аудан жоғары табысқа ие болып отыр, яғни 41841 теңгеден 83172 теңгеге дейін өсіп отырған. Барлық аудандардың орташа атаулы жалақысы мемлекеттік басқару, білім беру ісі, денсаулық сақтау салалары бойынша кіріс кіріп отырған.

Республика бойынша жан басына шаққандағы күнкөріс шамасының ең төменгі деңгейі 2001 ж. 4596 мың теңге, ал 2005 ж. 6014 мыңды құраған. Қызылорда облысы барлық өңірлермен салыстырғанда ең төменгі сатыда, яғни 2001 ж. 3977 мың теңгені құраса, 2005 ж. күнкөріс шамасының ең төменгі деңгейі арақатынасы 95, 1 % -ды құрап, орташа жан басына шаққандағы табыс 2001 ж. 3875 мың, ал 2005 ж. 7073 мың. 2005 ж. өңірлердің жан басына шаққандағы табыстың республикалық деңгеймен арақатынасы 72, 5 % болған [ 7] . 2008 ж. халықтың жан басына шаққанда 128, 1% болса, соның ішінде облыс халқы 96, 3%-ын құраған. Табыстың әркелкі бөлуінің негізгі көрсеткіштері бойынша, 2005 ж. 47, 7%, оның ішінде азық-түлік қоржынынан да төмен табысы бар халықтың үлесі 5, 8, болса, 2009 ж. күнкөрістің ең төменгі деңгейі 10, 4%-ы болып, азық-түлікке төмен табысы бар халықтың үлесі (-) мәнге ие.

2004 ж. тұтынуға пайдаланылған табыстың күнкөрістің ең төменгі шамасы жан басына шаққанда республикада 8387 мың болып, облыста 5925 мыңға жетіп Жамбыл облысынан кейінгі орынды алып 6394 теңгені құраған. Осы жылы ең төменгі күнкөрістің шамасы 5208 теңгені құраған, 2005 ж. 16, 3 % -ды құраса, табысы азық-түлік қоржынының құнынан төмен халықтың үлесі 1, 1%. 2007 ж. бұл көрсеткіш 2006 жылға қарағанда (37, 5%) 24, 6 %-ға төмендеп, табысы азық-түлікке жетпейтін халықтың үлесі 2, 9%-ға жеткен.

Зейнеткерлерді әлеуметтік қорғау республика үшін оның ішінде облыс үшін бірінші кезектегі жағдай. 1999 жылы зейнеткер әйелдердің саны 30402, ерлердің саны 22392 болды. Яғни айлық зейнетақының орташа мөлшері 4259 теңгені құрады. 2008 жылы зейнетақының орташа мөлшері 13257 теңгені құрап, 2009 ж. бұл көрсеткіш 16769 теңгеге өскен. Барлық өңірлермен салыстырғанда Қызылорда облысы Маңғыстау облысынан кейінгі орында (2-кесте) .

Қоғамның әлеуметтік-экономикалық дамуында меншікті қатынастардың арқасында жеке меншікті иелену, пайдалану және оны қандай да болмасын кәдеге жарату құқы пайда болды. Дүние жүзі мемлекеттерінің басым көпшілігі жылдар бойы қалыптасқан іс -тәжірибелерін көрсетіп отырғандай, экономиканың дамуы, халықтың тұрмыс-тіршілігінің жоғары деңгейі, міне осы меншіктік қатынастарға, олардың жан-жақты жетілуіне тікелей байланысты.

Жылдар

Барлығы,

адам

Жынысы бойынша бөлу
Айлық зейнетақының орташа мөлшері, теңге
әйелдер
ерлер
Жылдар: 1999
Барлығы,адам: 52794
Жынысы бойынша бөлу: 30402
Айлық зейнетақының орташа мөлшері, теңге: 22392
4259
Жылдар: 2000
Барлығы,адам: 52921
Жынысы бойынша бөлу: 31563
Айлық зейнетақының орташа мөлшері, теңге: 22557
4242
Жылдар: 2001
Барлығы,адам: 50648
Жынысы бойынша бөлу: 32725
Айлық зейнетақының орташа мөлшері, теңге: 17923
4826
Жылдар: 2002
Барлығы,адам: 47313
Жынысы бойынша бөлу: 30652
Айлық зейнетақының орташа мөлшері, теңге: 16661
5758
Жылдар: 2003
Барлығы,адам: 47051
Жынысы бойынша бөлу: 31378
Айлық зейнетақының орташа мөлшері, теңге: 15673
8342
Жылдар: 2004
Барлығы,адам: 46585
Жынысы бойынша бөлу: 31235
Айлық зейнетақының орташа мөлшері, теңге: 15350
8769
Жылдар: 2005
Барлығы,адам: 48403
Жынысы бойынша бөлу: 32718
Айлық зейнетақының орташа мөлшері, теңге: 15685
12212
Жылдар: 2006
Барлығы,адам: 48976
Жынысы бойынша бөлу: 33168
Айлық зейнетақының орташа мөлшері, теңге: 15808
12925
Жылдар: 2007
Барлығы,адам: 49305
Жынысы бойынша бөлу: 33679
Айлық зейнетақының орташа мөлшері, теңге: 15626
11453
Жылдар: 2008
Барлығы,адам: 49915
Жынысы бойынша бөлу: 34547
Айлық зейнетақының орташа мөлшері, теңге: 15368
13257
Жылдар: 2009
Барлығы,адам: 51073
Жынысы бойынша бөлу: 35450
Айлық зейнетақының орташа мөлшері, теңге: 15623
16769
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Көші қон факторлары
Қазақстанда демографияның өзекті мәселелері, оларды шешудің жолдары
Қазақстанның шағын қалалардың дамыту бағыттары
Халықтың көші - қоны
Қызылорда облысының халқы
Шағын қалалардың дамыту бағдарламасы
Қазіргі таңдағы Қазақстанның демографиялық жағдайы турасында
Қызылорда облысы бойынша жергілікті халық денсаулығына мониторинг жасау
Аймақтардың экономикалық дамуын мемлекеттік реттеу
Қазақстан Республикасындағы ұлттардың таралу ерекшеліктері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz