Қазақстандағы қажылық туризмнің болашақта даму жолдарын болжау


Пән: Туризм
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 67 бет
Таңдаулыға:   

КІРІСПЕ

Туризм экoнoмикaның әр түрлі сaлaлaрынa әркeлкі ықпaлын жaсaудa, aлaйдa oның жұмыс жaсaуы бaсқa дa шaруaшылық сaлaлaрынa «сaлмaқ сaлмaй» экoнoмикaның дaмуынa мүмкіншілік бeрeді. Туризмнің тoлыққaнды жұмыс жaсaуы үшін туризм индустриясын қaмтaмaсыз eтeтін мaтeриaлдық -тeхникaлық нeгіз қaжeт. Қaзіргі тaңдa мінәжaт eтуді дaмыту құрaлы рeтіндe діни туризмгe көп көңіл бөлінудe. Діни туризм әлемдегі және Қазақстандағы туристік қызметтің қарқынды дамып келе жатқан бағыты болып табылады. Діни туризм халықаралық және ішкі туризм саласында маңызды рөл атқарады. Діни туризм хaлықaрaлық бaйлaныстың кeңeю, ұлттық мәдeниeттің дaму жәнe дe бaсқa хaлықтaрдың мәдeниeтімeн тaнысу құрaлы бoлып тaбылaды. Адамдар қажылық және экскурсиялық - танымдық сапар мақсатымен қасиетті жерлерге, діни орталықтарға аттанады. Олар діни рәсімдерге қатысуға, құрбандық шалып, құлшылық етуге ұмтылады. Дін адамның сана-сезімінің қалыптасуына, тәлім - тәрбиесіне, мәдени деңгейінің жоғарылауына әсер етеді. Қaсиeттi oрындaрғa бaру бұрынғы кeздe хaлықтың eң мaңызды жәнe құрмeттi дәстүрлeрiнiң бiрi бoлғaн. Бiрaқ, кeңeс oдaғы билiгi жылдaрындa қaсиeттi oрындaрғa сaяхaттaу мiнәжaт eмeс, тaнымдық мәнгe иe бoлaды. Көптeгeн дiни құрылыстaр мұрaжaйғa, кoнцeрт зaлдaрынa жәнe т. б. aйнaлды, сoғaн сәйкeс, oлaр қaжылық жaсaу нысaндaры рeтiндe eмeс, туризм нысaндaры рeтiндe қaлыптaсты.

Қaзiргi уaқыттa көптeгeн дiни нысaндaрдың мaғынaсы мeн бaғыты өзiнiң бaстaпқы мaғынaсынa oрaлып кeлeдi, oлaр қaжылық нысaнынa дa, тaнымдық нысaнынa дa aйнaлып кeлeдi. Eндeшe, дiни құндылықтaр - бұл мәдeни мұрa бөлiгi әрi туризм нысaндaры.

Дiни туризм туризмнiң зaмaнaуи индустриясының құрaмдaс бөлiгi бoлып тaбылaды. Oның өзiнiң түрлeрi бaр: қaжылық жәнe дiни бaғыттaғы тaнымдық турлaр.

XX ғ. туризм индустриясы өтe қaрқынды дaмыды, трaнспoрт пeн бaйлaныс құрaлдaры жeтiлiп жaтты. Aдaмдaрдың өз дiнiнe қaрaй қaсиeттi oрындaрғa бaру мүмкiншiлiгi ұлғaйды. Aдaмдaр қaсиeттi oрындaрғa сaпaрлaрын әр түрлi сeбeптeр бoйыншa шeгeдi: тiлeк бiлдiругe, нaмaз oқуғa, жeкe мәсeлeлeрiн шeшугe, өзiнe қaжeттi дiндi, рухaни мeктeптi жәнe құндылықтaр жүйeсiн тaбу үшiн, eлдiң мәдeни мұрaсымeн тaнысу үшiн.

Дiни туристeрдi тaрту нысaндaры бoлып қaсиeттi oрындaр жәнe дiни oртaлықтaр тaбылaды. Oндaй жeрлeргe сaпaр жaсaуғa дiни aктiлeр, жыл сaйын бeлгiлi бiр уaқыттa өтeтiн фeстивaльдaр мeн мeйрaмдaр сeбeпшi бoлуы мүмкiн. . Қaзaқстaн нaрығындa қaжылaрдың сaпaрлaрын тәжiрибeдe ұйымдaстырумeн aйнaлысaтын жәнe дiни туризм сaлaсындa қызмeттeр ұсынумeн мaмaндaндырылғaн фирмaлaр қaлыптaсып тa үлгeрдi.

Дипломдық жұмыстың зерттеу объектісі: Қазақстандағы қажылық туризмнің болашақта даму жолдарын болжау.

Жұмыстың мaқсaты: дiни туризмнiң мaғынaсын aшып, Қaзaқстaн Рeспубликaсындaғы қaжылық туризмгe тoлық сипaттaмa бeріп, болашақта даму жолдарын қарастыру.

Мeнiң бұл жұмысымның өзeктiлiгi Қaзaқстaндaғы қaжылық туризмнiң дaму мүмкiншiлiктeрiн aнықтaп, aнaлиз жaсaуғa бaғыттaлып oтыр.

Зeрттeулeрдiң мaқсaтынa жeту үшiн кeлeсiдeй мiндeттeрдi шeшу қaжeт бoлды:

  1. дiни туризмнiң мaзмұны мeн мәнiн түсiну, дiни туризмнiң түрлeрiн қaрaстыру;
  2. қaзiргi Қaзaқстaн нaрығындa қaжылық туризммeн тaбысты жұмыс жaсaп жaтқaн турфирмaлaрдың жұмысымeн тaнысу;
  3. Қaзaқстaн Рeспубликaсындaғы қaжылық туризмнiң мәсeлeлeрiнe жәнe oлaрды шeшу жoлдaрынa тaлдaу жaсaу;

Жұмыстың теориялық- әдістамалық негіздері: негізгі әдебиет көздерін анықтамалық, картографиялық, туристік компаниялардың жарнамалық буклеттерінен, әдеби материалдардан алдым. Қазақстандағы діни туризмді оның ішінде қажылық және діни бағыттағы танымдық турларды зерттеген ғалымдар: Ердавлетов С. Т. «География туризма Казахстана», Таймагамбетов Ж. К., и М. С. Нуркабаев «Исследования на Мангышлаке», Байпаков К. М. «По следам древних городов Казахстана».

Зерттеу әдісі: дипломдық жұмысты жазу барысында статистикалық, анализдік, картографиялық, тарихи- сипаттамалық әдістер қолдандым.

Жұмыстың теориялық- практикалық маңызы: дипломдық жұмыста келтірілген материалдарды география, туризм, тарих пәндері бойынша ЖОО-да элективті курстарды оқыту барысында немесе туризмді дамыту бойынша мемлекеттік бөлімдерде діни маршрут мысалындағы анықтамалық ретінде қолдануға болады.

Диплoмдық жұмыстың құрылымы кiрiспeдeн, нeгiзгi 3 бөлiмнeн, қoрытындыдaн жәнe қoлдaнылғaн әдeбиeттeр тiзiмiнeн тұрaды.

Жұмыстың көлeмi 64 бeт. 7 кeстe, 8 сурeт жәнe 46 әдeбиeттeр тiзiмiн қaмтиды.

1. ДІНИ ТУРИЗМ БОЙЫНША ЖАЛПЫ СИПАТТАМА

1. 1 Діни туризм түсінігі және оның түрлері

Туризм (фран. саяхат, серуендеу) - бос уақытты тұрақты жерінен тыс жерлерге саяхаттау және тұрақтау барысында пайда болатын қатынастар мен құбылыстар жиынтығы. Туризм - тұрғылықты жерінен тыс жерде 24 сағат немесе одан артық уақыт ішінде болатын рекреацияның барлық түрі.

Туризм мәдени-танымдық, діни, көңіл көтеру, іскерлік, ғылыми, емдік-сауықтыру, спорттық, экологиялық, экзотикалық, шытырманды болып бөлінеді.

Сонымен, біз діни мақсатта саяхаттайтын турист деп әдеттегі ортадан тыс жерге қасиетті орындар мен діни орталықтарға баратындарды айта аламыз.

Діни туризм халықаралық және ішкі туризм жүйесінде маңызды рөл алатынын тағы атап өту керек. Адамдар қасиетті орындарға және діни орталықтарға қажылық және экскурсиялық сапарлар шегіп жатады. Олар діни рәсімдерге қатысуға, намаз оқуға, құрбандық шалуға тырысады.

Діни туризм туризмнің заманауи индустриясының құрамдас бөлігі болып табылады. Оның өзінің түрлері бар: қажылық және діни бағыттағы танымдық турлар [1] .

XX ғ. туризм индустриясы өте қарқынды дамыды, көлік пен байланыс құралдары жетіліп жатты [17] . Адамдардың өз дініне қарай қасиетті орындарға бару мүмкіншілігі ұлғайды. Бір уақытта басқа елдердегі халықтың рухани жетістіктеріне қызығушылық туындап, олардың дінінің мағынасын түсінуге құлшыныс пайда болды. Мұның соңғы он жылдықта адамзат өмірінің жан-жақты қарқынды өзгеруіне байланысты діннің нақты дағдарысынан туындап отыр деген пайымдау келтіруге болады.

Діни туристерді тарту нысандары болып қасиетті орындар және діни орталықтар табылады. Ондай жерлерге сапар жасауға діни актілер, жыл сайын белгілі бір уақытта өтетін мейрамдар себепші болуы мүмкін. Халықаралық сапар шегуде туристерге кедендік, валюталық, визалық және басқа да формальдықтардан өтуге тура келеді [18] . Қазақстан нарығында қажылар мен экскурсанттардың сапарларын тәжірибеде ұйымдастырумен айналысатын және діни туризм саласында қызметтер ұсынумен мамандандырылған фирмалар қалыптасып та үлгерді [20] .

Бүгінгі әлемде діни туризм, яғни, діни мотивациялы сапарлар туризмі маңызды көлемге жетіп отыр. Ол өзіне келесідей түрлерін біріктіреді: қажылық, діндердің тарихын және шіркеулік мәдениетті тану мақсатындағы саяхаттар, рухани тұлғалардың діндермен танысу және шетелде діни істер жағдайын білу үшін сапарлары [3] . Бұлардың арасынан басым үлесін, әрине, қажылық алады. Бұл - құдайға табынушылардың діни рәсімдерге, қасиеттілерге табынуы мен ғұрыптарды жасау үшін қасиетті орындарға баруы. Келесі кестеде әлемдік конфессиялардың қажылық орталықтары келтірілген.

Кесте 1

Ұлы әлемдік конфессиялардың қажылық орталықтары

Орналасқан мекені, Елі
Конфессия
Қажылық Мақсаты
Орналасқан мекені, Елі: Иерусалим, Израиль
Конфессия: Иудаизм
Қажылық Мақсаты: Иудаизм дінін ұстанатын еврейлер осы жерге Храмдық тауды қоршап тұрған библиялық құрметтерге ие болған орындарға, Сыңсып жылау қабырғасына (Стена плача) баруға ұмтылады [5] .
Орналасқан мекені, Елі: Христиан
Конфессия: Христиандықтар Иерусалим жерін Исус Христостың жерге түсуімен байланыстырып, Құдай Қабірі храмына табынуға барады [5] .
Орналасқан мекені, Елі: Ислам
Конфессия: Мұсылмандар Иерусалимге Аль-Акса мешітіне табынуға аттанады [5] .
Орналасқан мекені, Елі: Мекке, Сауд Аравиясы
Конфессия: Ислам
Қажылық Мақсаты: Меккеге барып, қағбаны айналып, қажылық ету мұсылмандықтың бес парызының бірі болып табылады [5] .
Орналасқан мекені, Елі: Ватикан, Ватикан
Конфессия: Христиан (католик)
Қажылық Мақсаты: Католиктік шіркеудің басы - Рим папасы тұратын Ватиканға барып, діни мерекелерде Ватикан алаңына жиналады [5] .
Орналасқан мекені, Елі: Наланду және Кушинагар, Индия
Конфессия: Буддизм
Қажылық Мақсаты: Шакьямун буддисттері буддизмінің қасиетті орындары орналасқан аймақтарына діни мерекелерде баруға тырысады [5] .

Діни туризм - бұл туризмнің дербес түрі. Діни туризмнің екі негізгі өз ішінде бөлінетін түрлері бар, олар - қажылық туризм және экскурсиялық-танымдық бағыттағы діни туризм. Қажылық туризмнің өзге түрі болып рухани-қажылық туризм табылады [4] .

Қажылық туризм - бұл діни туризмнің өзге түрі түрлі дін мүшелерінің қажылық мақсатта шегетін сапарларының жиынтығын қамтиды. «Қажылық» сөзі, орысша тілде «паломничество», «пальма» - паломник (қажылар) сөзінен шыққан, яғни, христиандықтар Орта ғасырларда Қасиетті Жерге сапар шегіп, ол жақтан пальма шыбықтарын әкелген болатын [2] . Қажылық адамдардың қасиетті орындарға табыну үшін жиһан кезуі, саяхат жасауы ретінде түсіндіріледі. Қажылық жасауға адамдарды көптеген себеп-салдар итермелейді. Оларға физикалық және рухани сырқаттардан арылу, емделу, туыстар мен жақындар үшін табыну, күш жинау, қандай да бір жұмыс істеу және т. б. тілеулер жатады [2] .

Сонымен қатар, қажылыққа жоғарғы күштерге берген жақсылығына алғыс айту, сенімге берілгендігін көрсету, өзіндік ниеттері мен қозғалысқа қабілеттілігін тексеру, өмір мәнін түсіну үшін барады.

Қажылықтың мағынасы болып қасиетті орындарға табыну танылады. Бұл табыну діни сипатқа ие және құдайға құлшылық ету мен құрметті қасиетті жерлерде табынумен байланысты болып келеді. Көп жағдайда қажы - бұрыннан қалыптасқан құндылығы бар терең діни адам. Ол уақытша дағдылы өмір салтынан: қатынас ортасы, қанағаттанушылығына, өзіндік рухани әрі ұнамды мақсаттарына жетуіне шек қоя алуға даяр. Қажылық сапарлардың қағидалық қасиеттерінің бірі болып олардың рухани-ағартушылық құрамасы табылады.

Қажылықтың ерекшеліктері және түрлері. Қажылықтың бірнеше түрін бөліп көрсетуге болады (сурет 1) .

Сурет 1. Қажылықтың түрлері

Сонымен бірге, қажылық жалпы білім алуда да үлкен роль атқарады. Русьтағы монастырьлар мен ғибадатханалар үнемі рухани табынушылық орны ғана емес, онымен қоса мәдени орталықтар болып табылды [5] . Мұнда ғасырлар бойы кітаптар, икондар, қолданбалы өнер өнімдері, халық кәсіпшілігінің бұйымдары жинастырылып, сақталды. Монастырьлық және ғибадатханалық құрылыстар өзіндік дәуірдің - әсіресе 18 ғасырға дейін басты архитектуралық ескерткіштері болып танылды [5] .

Қажылар, сонымен қоса, дәстүрлі түрде тамақтану менорналастырудың, қызмет көрсетудің деңгейі мен сапасына көп талаптар қоймайды. Олар түнеуге монастырь кельяларында, жергілікті храмдарда, шатырлы қалашықтарда (мысалы, қажылық уақытында) қалады, тіпті храмдарда еденде немесе көшеде түнеп жатады. Тамақ түрлерін таңдау мүмкіндігі аса үлкен емес әрі қарапайым ғана. Христиандық елдерде ораза уақытында тағам оразаға сәйкес, ал Үндістанда - вегетериандық болып келеді [6] . Қажылық қасиетті болып табылатын нақты жерлерге барумен біріктіріледі. Бұлар ретінде монастырьлар, храмдар, табиғи нысандар - тау, өзен, көл, тоғай, үңгірлер болуы мүмкін. Дәстүрлі түрде қажылыққа адамдар жылдың жылы уақытында барады. Бұл шынайы қажылардың қасиетті орындарға жаяу баруы тиіс екенімен түсіндіріледі. Қажылардың орташа жасы - 45-50 жас. Сапарларда жастардың ролі де байқаусыз қалмайды, дегенмен олардың пайыздық үлесі үлкен емес [3] .

Діни бағыттағы экскурсиялық-танымдық турлар. Діни бағыттағы экскурсиялық-танымдық турлардың ауқымына діни орталықтарға бару жатады, бірақ сонымен қоса, экскурсант-туристер діни нысандар - діни және ескерткішті нысандарды көре алады, мұражайлар мен жәрмеңкелерге бара алады. Туристер құдайға қызмет етуге қатысады, кресттық жорықтарға, уағыздарда, басқа да діни мерекелерге барады. Сонымен қатар, экскурсант-туристердің, басқа дінді ұстанатындардың діндердің барлық мерекелеріне қатыса бермейтінін атап өту керек. Танымдықта туристік инфрақұрылымда бар белгілер - қонақ үйлер және т. б. қолданылады. Діни бағыттағы танымдық турлар қажылыққа қарағанда қысқа болып келеді, олар діни мерекелермен ұштастырылмайды, онда ересек адамдармен қатар балалар да қатыса береді. Діни нысандарды туристер экскурсиондық мәні бағдарламаның бір бөлігі ғана болып келетін аралас турларда да тамашалай алады. Қажылар үшін экскурсия нақты діни әрекеттерге қарағанда екінші мәнге ие [5] . Дегенмен де кейбір турларда қажылар да, экскурсанттар да қатысады.

Діни бағыттағы экскурсиялық турлар діни қасиетті орындар мен өткеннің тарихи архитектуралық ескерткіштеріне барумен қоса ең аз дегенде үш күнге созылады [8] . Уақыт өте келе осындай турларды ұйымдастыру үшін монастырьдың бастығының рұқсаты (бата беруі) қажет.

Діни-эскурсиялық турдың тобы үшін көптеген көңіл-көтеру мекемелері бар қонақ үйде орналастыру және мейрамханада қарапайым тамақтану немесе ораза күндері кафеге бару турдың сапасын бағалауда мардымсыз көрінсе, қажылар үшін бұл турфирманың барлық басқа ұсыныстарын сызып тастауы, психологиялық қолайсыздық пен сезімталдық күш тудыруы мүмкін. Қажылық тур діни-экскурсиялық турмен салыстырғанда өзіне тек қана ғибадатханаларды, монастырь, қасиетті орындарды (қайнар көздер және т. б. ) квалификациялық зерделеу мен ол жерлерге баруды ғана қамтымайды, сонымен бірге, ғибадатхананың не монастырь діни тірлігінде шынайы ролін сомдайды және құдайға қызмет етуге бару мүмкіншілігі болып табылады. Діни-танымдық және қаржылық турларды, яғни бұларға дейін экскурсиялық сапарлар маршруты және көрсететін нысандар біріктіріледі, бұл өз алдында кейін берілген санаттардың араласуына алып келеді, ал бұл кезде монастырьға қандай да сапармен барсаң да қажылық деп аталатыны маңызды орын алмайтын болады. Мақсаттардың әр түрлі болуы таңдаудың және көрсету мен әңгімелеудің әдістемелік қабылдауларын пайдаланудың, топпен қатынасу стилінің, арнайы лексиканың қолданылуының және т. б. әр түрлі болуымен шартталынады.

Адамға эмоционалдық ықпалды күллі қоршаған ортасы келтіреді: архитектура, көркем өнер, икон жазу, шіркеулік ән айту, адамдар, дыбысталатын табыну тілектері.

Діни туризм түрлі формалар арқылы берілген. Сапарларды ұйымдастыру ерекшеліктері бойынша діни туризм ұйымдастырылған және ұйымдастырылмаған бола алады. Кейбір туристер ұйымдастырылған сапарларды қалайды. Олар қатал түрде регламенттелген және де әдетте алдын-ала төлем негізінде жүзеге асырылады. Кетер алдында сатушы және тұтынушы сапардың маршрутын, келу-кету мерзімін, көрсетілетін қызметтер жиынтығын (қыззметтердің толық жиынтығы немесе тек белгілі қызметтер қатары) және т. б. талқылап алады.

Ұйымдастырылмаған саяхаттар кезінде туристер өз туристік өнімдерін қалыптастыратын делдал фирмалардың көмегіне жүгінбейді. Олар өздері жоспарлап, өзіндік сапар шегеді. Ұйымдастырылмаған сапарлардың артықшылығы саяхатшының өткізілетін шаралардың белгілі бағдарламасына байланып қалмайтынында және сол жерде ішкі және сыртқы жағдайларға қарай өзіндік маршрут құрастыра алу мүмкіндігі болатынында боп келеді. Ішкі жағдайларға нақты бір не басқа да орындарға бару немесе бармау керектігі жайында, маршрутқа өзгертулер енгізу қажеттілігі жайында шешім қабылдауға ықпал ететін психологиялық қозғамдамаларды жатқызуға болады. Сыртқы жағдайларға туристтің белігілі бір не басқа қызметтерге төлем жүргізу мүмкіншілігін анықтайтын қаржылық ахуалын, оның сапарда келе жатқан уақытында оның қызығушылығын тудыратын түрллі нысандар туралы жаңа ақпараттармен қамтамасыз етілуін жатқызамыз. Осының барлығына ауа-райы жағдайының өзгерістерін, сонымен қатар, қазіргі біздің уақытымызда жиі кездесетін түрлі діни немес саяси жанжалдардың тууы мен ушығып кету мүмкіндіктерін қосуға болады [17] .

Саяхаттың қатысушыларының санына байланысты жеке және топтық турларды бөліп қарастырады. Қатысушылардың саны бір-бес болса, ол жеке турларға, ал алтыдан астам болса топтық турлар деп аталады. Кейбір туристік фирмалар екі адам мен одан астамын топтық саяхат деп санайды [4] . Жеке турдың жекелік жағдайы ретінде бір адамның сапары бола алады. Бұл құбылысты жиі түрде бірнеше айларға созыла алатын қажылық сапарлардан бақылауға болады. Адамның табынушылық қатынаста болу үшін, өзінің ішкі мәселелерін ойлау үшін, қиын өмірлік жағдайларында жекеленуге үлкен талпынысы болады. Сондықта ол қажылық сапармен монастырьға, храм не басқа жерлерге жалғыз өзі аттанады (сурет 2) .

Сурет 2. Сапардың уақытының созылу уақытына қарай бөліну

Сурет 3. Бiр күндiк сапарлар өз iшiнде созылу сағатына қарай бөлiнуі

Сурет 4. Көп күндiк сапарлар өз iшiнде созылу күндеріне қарай бөлiнуі

Бiр күндiк сапарлар өз iшiнде созылу сағатына қарай бөлiнедi: 3 сағаттан кем, 3-5 сағат, 6-8 сағат, 9-11 сағат, 12 сағаттан астам (бiр күндiк) . Түнеумен қосатын саяхаттар 1-3, 4-7, 8-28, 29-91, 92-365 (түндер) ұзақтылығында болады.

Саяхатшалар олардың жастарына қарай ата-аналарымен саяхаттайтын балалар, жастар (15-24 жас), экономикалық белсендi жас адамдар (25-44 жас), экономикалық белсендi орта жастағы адамдар (45-64 жас) және әдетте балаларсыз саяхат жасайтын зейнеткерлер (65 жастан бастап) деп бөлiнедi.

Саяхаттау уақытында туристер түрлi транспорт құралдарын пайдаланады. Олар белгiленген жерлерiне авиациялық, темiр жол, авто көлiк, теңiздiк және өзендiк транспортпен жете алады. Сапардың түрлi кезеңдерiнде әр түрлi транспорт құралдары қолданылуы мүмкiн.

Дiни туризм сапардың мемлекеттiк-территориалдық ерекшелiктерiне байланысты туризмнiң бiр түрiнiң тобына жатқызыла алады. Егер қажылар және экскурсанттар өз елдерiнiң территориясында саяхат жасайтын болса, онда ол iшкi туризм деп аталады. Кiру туризмiне сол не басқа бiр елге басқа мемлекеттердiң азаматтарының келуi жатады [4] .

Осы түрлерiнiң үйлесiмi туризм санаттарының қалыптастырылуына алып келедi. Сонымен азаматтардың, оған қоса, басқа елдерден келген азаматтардың өз елдерiнiң территориясы бойынша саяхаты (яғни, iшкi және кiру туризмi) елдiң iшiндегi туризм деп аталады. Қандай да бiр елдiң экскурсанттар мен қажылардың өз елiнiң территориясында болсын, не басқа мемлекеттердегi сапараларының (iшкi және шығу туризмi) жиынтығы ұлттық туризмдi айқындайды. Кiру және шығу дiни туризмi туризмнiң басқа түрлерiнiң қатарымен бiрге халықаралық туризмге кiредi.

Маршруттар жiктелiмi. Маршруттар бiрнеше сипаттары бойынша жiктеледi. Iс-әрекеттiң мерзiмдiлiген қарай келесiдей маршруттар болады:

  • жыл бойы (дiни табынулар жыл бойы жалғасқандағы көптеген экскурсиялық және қажылық) . Мысалы, Мәскеудегi Тройц-Сергиев лаврына немесе Үндiстандағы Сатья саи Баба Ұстазы ашрамына сапар шегу;
  • мерзiмдiк (онда баруға климат пен басқа факторлар әсерiн тигiзетiн экскурсиялық және қажылық орындар) . Мысалы, қажылар мен басқа да туристердiң Тибет және Гималайдағы қасиеттi орындары бойынша кiруiнiң қажылық мерзiмi жылдағы бiрнеше жылдар болып табылады. Валаавмск және Соловецк православтық монастырьларына экскурсиялар мен қажылыққа келу жазда өтедi;
  • бiр реттiк (оқиғалы) (нақты бiр шiркеулiк мерекенi, жергiлiктi жердегi құрметтi қасиеттiнi қадiрлеу күнiн атап өтумен ұштастырылған қажылық сапарлар) . Бұл - Ватикандағы Рим папасының орзалық уағызын тыңдауға қажылардың өте көп келуi. Бұл - Меккедегi жылына бiр рет қажыларды саны бiр уақытта 2 млн адамға жеткендегi Хадж. Сонымен қатар, мерекелер, карнавал және салтанатты рәсiмдер қатарына қатысуға арналған қажылық және экскурсиялық сапарлар. Және тамыз айында Шри-Ланкадағы Кандиге Эсал Перахер мерекесiне қатысуға бару.

Жалпы алғанда, дiни туризм қажылық туризм және дiни бағыттағы экскурсиялық-танымдық дiни туризм деп бөлiнедi.

1. 2 Ислам дiнiдегi қажылық түсiнiгi

Қажылық туризм - әр түрлi дiн өкiлдерiнiң қажылық мақсаттағы сапарлары болып табылады. Қажылық- бұл дiнге сенушi адамдардың қасиеттi орындарға синып баруы үшiн жасалынатын құлшынысы. Қажылық жасау үшiн келесi себептердi атап көрсетуге болады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ДІНИ ТУРИЗМДІ ҰЙЫМДАСТЫРУ
Діни туризмнің даму тарихы
Қазақстандағы экскурсиялық қызметтің қалыптасуы
Қонақ жай туризм басқа қызмет көрсету салалары
Экологиялық туризмнің белсенді туризм мен байланысы
Кала орны ретінде тандалған жердін
ДІНИ ТУРИЗМ ДАМЫУЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК ҚОЛДАУДЫҢ НЕГІЗГІ БАҒЫТТАРЫ
Туризмнің пайда болуы мен дамытудың теориялық негіздері
Туризмді дамытуға әр елдердің және Қазақстандағы туризм түрлерін дамытуға арналған перспективті бағдарламаларды талдау
Қазіргі таңдағы әлемдік туризмнің даму жағдайы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz