Сырдария өзенінің су тасқынынан жанындағы тұрғындар мен нысандарды қауіпсіздендіруді қамтамасыз ету


ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

ГЕОГРАФИЯ ЖӘНЕ ТАБИҒАТТЫ ПАЙДАЛАНУ ФАКУЛЬТЕТІ

ЭНЕРГОЭКОЛОГИЯ КАФЕДРАСЫ

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС

Тақырыбы:

СЫРДАРИЯ ӨЗЕНІНІҢ СУ ТАСҚЫНЫНАН ЖАНЫНДАҒЫ ТҰРҒЫНДАР МЕН НЫСАНДАРДЫ ҚАУІПСІЗДЕНДІРУДІ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ

«6М073100- Тіршілік әрекетінің қауіпсіздігі

және қоршаған ортаны қорғау» мамандығы

Орындаған

1 курс магистранты Д. Б. Аманова

Ғылыми жетекшісі, б. ғ. к.,

доцент Н. С. Бергенева

Алматы, 2014

РЕФЕРАТ

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық уинверситетінің география және табиғатты пайдалану факультеті энергоэкология кафедрасының «Тіршілік әрекетінің қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау» мамандығының 1 курс магистранты Д. Б. Аманованың «Сырдария өзенінің жанындағы тұрғындар мен нысандарды су тасқынынан қауіпсіздендіруді қамтамасыз ету » атты курстық жұмысы кіріспеден, 5 бөлімді әдеби шолудан, зерттеу әдісінен, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттерден тұрады. Мазмұны 3 бетте терілген компьютерлік бетте ашылған. Библиографияда 10 әдеби көз бар.

Кілтті сөздер: су тасқыны, су тасқынын болжау технологиялары, плотина, ғаламдық жылыну

Жұмыстың мақсаты мен міндеттері: Сырдария өзенінің бойындағы су қоймалары мен су тоспаларының салыну мақсаты және олардың аймақтың жағдайына тигізетін әсері. Өзен бойындағы су тоспалары мен аралық арналарда кездесетін мәселелері және оларды шешудің жолдары. Сырдария өзенінің жанындағы тұрғындар мен ғимараттарды су тасқынынан қорғау.

Курстық жұмыста келесі сұрақтар қарастырылған: тұрғындарға қауіпсіздік шараларын жүргізу

Күтілетін нәтиже - Сырдария өзенінің жанындағы тұрғындар мен ғимараттарды су тасқынынан қорғау

МАЗМҰНЫ:

КІРІСПЕ

4

КІРІСПЕ:

I ӘДЕБИ ШОЛУ

4:

6

КІРІСПЕ:

1. 1. Табиғи құбылыстарға жалпы сипаттама

4:

6

КІРІСПЕ:

1. 2. Сырдария өзенінің бойындағы су қоймалары мен су тоспаларының салыну мақсаты және олардың аймақтың жағдайына тигізетін әсері

4:

9

КІРІСПЕ:

1. 3. Өзен бойындағы су тоспалары мен аралық арналарда кездесетін мәселелері және оларды шешудің жолдары

4:

10

КІРІСПЕ:

1. 4. Сырдария өзенінің жанындағы тұрғындар мен нысандарды су тасқынынан қорғау

4:

14

КІРІСПЕ:

1. 5. Тұрғындарға қауіпсіздік шараларын жүргізу

4:

17

КІРІСПЕ:

ЭКСПЕРИМЕНТТІК БӨЛІМ

4:
КІРІСПЕ: 2. 1 Аумақтың су тасқыны қауiптiлігін болжамды бағалау
4:

28

КІРІСПЕ:
4:
КІРІСПЕ:

ҚОРЫТЫНДЫ

4:

29

КІРІСПЕ: ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
4: 30

Кіріспе

Кейінгі 10 жылдың ішінде ғана республикамызда субасудың салдарынан 10 мың адам қаза болып, 1, 5 миллион адам зардап шекті, жалпы шығыны АҚШ долларымен 300 миллиард құрады. Сырдария өзені арнасының жіберу қабілетінің шектеулілігінен 1991 жылдан бастап артық су­лар Арнасай сағасына үнемі жі­беріліп тұрды. Ол 2004 жылы толып кетуіне байланысты, Өзбекстан су төгін­ді­лерін реттеу мақсатында 2004 жылы Арнасайда екі қоршау құ­рылыстары (бөгеттері) салын­ды. Сол уақыттан бері Шардара су қоймасынан Арнасай көлдері жү­йесіне суды төгу көлемі су қой­масын пайдалану қағидаларымен бекітілген секундына 2160 текше метрден секундына 600-700 текше метрге дейін шектелді.

Сырдария өзенінің алабы егістік алқаптарын жасанды суғарумен айналысатын, ылғалға тапшы аумақта орналасқан. Өзен алабындағы негізгі суды тұтынушы - жыл сайын суға деген сұранысы көбейіп келе жатқан суармалы егін шаруашылығы. Сонымен қатар, суға деген сұраныс өнеркәсіп, қызмет көрсету және балық шаруашылықтары жағынан да туындап отыр. Осыған байланысты Шардара су қоймасына, Қазалы су торабына жиналған суларды осы шаруашылыққа пайдалану қажет.

Сырдария өзенінің ұзындығына байланысты қыста оның жоғары беті Қазақстанға қарағанда едәуір қоңыржай белдеуде болады. Сондықтан, егер қыста көптеген өзендер қатып қалатын болса, Сырдария өзенінің жоғарғы ағысында мұздан босап, өзінің төменгі ағысында әсіресе, Қызылорда облысында су тасуына әкеп соғады. Су тасуы табиғи себептермен немесе қар еру және ағыстың жоғарғы жағында орналасқан су қоймаларына тасталған қалдықтар әсерінен болуы мүмкін. Мұзды бөгеттер ағындарды ұстап тұрады, нәтижесінде су жайылма бойымен ағып төгіледі. Мұндай жағдай әсіресе, 2004 - 2005 жылдардың қысында қатты байқалды. Сондықтан қажеттілігіне қа­рай және қолданыстағы қағида­ларға қарамастан Оңтүс­тік Қазақстан және Қызылорда облыстарындағы жекелеген елді мекендерді су басу мәселесі осы уақытқа дейін шешімін таппаған.

Өңірлердегі су тасқыны ахуа­лын дер кезінде бағалау үшін ау­мақтарды аэрошолу ұшулары жүр­­гізіледі. Шардара су қойма­сы­нан Сырдарияның төменгі саға­сына дейінгі учаскелерде «Қазселден­қорғау» ММ-нің 15 уақытша және жылжымалы гидробекеттері ұйым­дастырылды, жарылыс жұмыс­та­рын жүргізу және Сырдария өзені­нің арнасын мұздан тазарту бо­йын­ша ұсы­ным­дар беріліп, шаралар жүзеге асырылды. Бұл шаралар су тасқынын толығымен жойған жоқ.

Сырдария өзенін зерттеуші мамандар мен экологтарды алаңдатып отырған тағы бір мәселе Сырдария ұлтанының топырағы қалыңдап, өзен арнасының тайыздана бастауы. Бұл жағдай әсіресе мұз еріп, жоғарыдан төменгі арнаға көп су жіберілетін көктем айларында жақын қоныстанған елге көп қиындықтар әкелуде. Сырдария ұлтанының тайыздануынан арнаның су өткізгіштік қасиеті төмендеп, соның салдарынан жыл сайын су тасқыны орын алуда. Сырдария су өткізгіштік қабілетін арттыру үшін арнаны көмілген топырақтан өзен арнасын қыста мұзасты ағысы арқылы тазартуды қажет етеді. Жаз мезгілінде арнасының кеңіп, одан өтетін су мөлшерінің аздығынан ағыстың жылдамдығы да баяулайды. Әлсіз ұлтанындағы құмды шайып, оны ілгері ағызып әкетуге шамасы жетпейді. Ал, қыста Сырдария ұлтаны мен қалың ұстасқан мұздың арасында кернелген судың ағысы күшейіп, өзен асты батпағын шайып әкету мүмкіндігі, тиісінше арнаның су өткізу қабілеті де артады. Арал теңізінің су деңгейін жоғарылату үшін су тоспаларынынң санын көбейтіп, арналарын кеңейту қажет.

ӘДЕБИ ШОЛУ

1. 1. Табиғи құбылыстарға жалпы сипаттама

Сырдария - Орта Азия бойынша ірі өзен. Бұл Нарын (Оңтүстік Қырғызстан) және Қарадария (Оңтүстік Өзбекстан) тау суларының құралған өзен. Александр Македонский шапқыншылығы заманында Яксарт деп аталған. В. Фирдоуси дастанында бұл өзеннің орта атырабы Канга делінген.
Б. д алғашқы мың жылдығында оғыз тайпалары бұл өзенді үгүз (өзен) деп атапты. ХІІІ ғасырдың басынан бастап қазіргі атауымен аталады. Өйткені, осы өңірді сол тұста шарлаған Плано КарпиниАцелиндер Сырдария сөзінің шыққан төркінін ажыратпақ боп, түрік - иран тілдеріне тән сөз болар дейді. Бұл сөз түрік тайпасының атымен байланысты сыр, сырым этнонимдеріне ауытқығанға ұқсайды. «Сырдария» атауын «ұйытқыған дария» мәніндегі түрік - иран симибозы деп те жорамалдауға болады.

Сырдария Орта Азиядағы ірі өзен Қарадария мен нарын өзендерінен Ферғана қазан шұңқырының шығыс бөлігіндегі қосылған жерінен бастау алып, Арал теңізіне құяды. Ұзындығы Нарын өзенінен 2212 км, Қарадариядан 3019 км, су жинау алқабы 219 мың км 2 . Жоғары бөлігіндегі суы Ферғана аңғарындағы егінді суғаруға көбірек пайдаланылады, сондықтан, көптеген салаларының суы басты арнаға жетпейді. Басты салалары: сол жағынан - Исфайрам, Шахимардан, Сох, Исфара, Қожабақырған, Ақсу; оң жағынан - патша ата, Қасансай, Гавасай.
Арал теңізі алабы өзен торы сирек шөл зонасында орналасқан. Қазақстан аумағы арқылы тек Сырдария өзені ағып өтеді. Сырдария өзені Қазақстан жерінен тыс Орталық Тянь - шань тауларынан басталады. Жоғарғы ағысында бірнеше сала келіп, құяды, олар республика жерінде Арыс және Келес өзендері. Өзеннің жалпы ұзындығы 2212 км, оның 1400 км Қазақстан жерінде құмды аңғармен ағып өтеді.

Арналары иректелген, айнала қоршалған ортадан көтеріңкі, тез жайылатын лесті - саздақты жыныстарды шайып, ағызып әкету үрдісін өзен эрозиясы деп атайды. Бастауы еңіс келетін тау өзендерінде ағыс жылдам болып, өзеннің арнасы тереңдейді, орта және төменгі ағыстарында су ағызып әкелген малта тас, қыш, тұнба шөге бастайды. Бұл тасқындарды аллювий деп атайды. Ұзақ уақыт бойы өзен суы арнасын тереңдетіп, бірте - бірте өзен деңгейі тасыған кезде бұрынғы ескі арнасына көтерілмей қалады. Өзеннің су көтерілмеген ескі арнасын терраса деп атайды. Сырдария өзенінде қатты ағын жылына 100 млн. т шамасында. Өзенмен тасымалданатын қатты заттың бәрін ағын деп атайды. Өзен тасқындары суару каналдарын бітеп, су құбырларының жұмысын қиындатады. Сырдарияның суларын түгелдей шаруашылықтың салаларына пайдалануға байланысты өзеннің суы Арал теңізіне жетпей тартылып қалады.

Сырдария ағысын реттеуші Шардара СЭС бөгенінен кейін өзен Қызылқұм өңіріне енеді. Мұнда бұралаңдаған арнасы көп өзгеріп отырады, кейде бірнеше тармақтарға бөлінеді. Қызылордадан төменгі ең үлкен тармағымен ағынның жартысына жуығы өтеді. Осы тармақпен 70 мың гектар жер суарылады. Бұл тұста өзен аңғары көлді және батпақты келеді. Өзен арнасының төменгі бөлігі аллювий шөгінділерінен түзілген көтеріңкі жерді кесіп өтеді. Жазда су молайғанда тасқындар жиі болып тұрады. Сырдария көбіне қар, аз мөлшерде мұздық және жаңбыр суымен қоректенеді. Орташа жылдық су шығыны Ферғана аңғарына шыққан тұста 566 м 3 / сек, Қазалы қаласының маңында 466 м 3 / сек, сағасында, 430 м 3 /сек. Суы өте лайлы. Ағынмен келген жыныстан мөлшері жылына Қазалы қаласының тұсында 21 млн. тоннаға, сағасында 12 млн. тоннаға жетеді. Сырдарияның төменгі бөлігі желтоқсанды қатып, наурызда мұзы ериді орта бөлігінде кей жылдары ғана қатады. Ферғана қазан шұңқырында өзеннің тек ойдым - ойдым жері қатады.

Сырдария алабы - Сырдария алабын қамтитын жер асты сулары. Қызылорда, Шымкент облыстарының жерін түгел, Өзбекстанның біраз жерін қамтиды. Ауданы 200 мың км 2 . Сулы қабаттарының маңыздылары жоғарғы бордың құмдары мен тастарында. Бұлардың қалыңдығы алап шетінде 200 - 250 м. Ортасында 650 - 700 м. су ағыны шығыстан батысқа беттеген. 1000 - 1200 м. Тереңдікке дейін бұрғыланған скважиналардан арыны күшті су жер бетінен 10 - 30 м - ге шапшып көтеріледі. Тәуліктің өнімі 2500 - 4000 м 3 , минералдылығы 1 л / г - дей, тек Арал теңізі маңында 1, 5 - 3, 0 г / л. Су қоры 300 м 3 / сек. Алаптың ортаңғы бөлігінде жоғары температуралары (80 0 ) және минералды сулар бар. Бұлар - Сарыағаш санаторийінде Манкент, Түркістан қалалары маңындағы шипалы су. [1]

Сырдария өзенінің ұзындығына байланысты қыста оның жоғары беті Қазақстанға қарағанда едәуір қоңыржай белдеуде болады. Сондықтан, егер қыста көптеген өзендер қатып қалатын болса, сырдария өзенінің жоғарғы ағысында мұздан босап, өзінің төменгі ағысында әсіресе, Қызылорда облысында су тасуына әкеп соғады. Су тасуы табиғи себептермен немесе қар еру және ағыстың жоғарғы жағында орналасқан су қоймаларына тасталған қалдықтар әсерінен болуы мүмкін. Мұзды бөгеттер ағындарды ұстап тұрады, нәтижесінде су жайылма бойымен ағып төгіледі. Мұндай жағдай әсіресе, 2004 - 2005 жылдардың қысында қатты байқалды.

Сырдария өзенінің алабы егістік алқаптарын жасанды суғарумен айналысатын, ылғалға тапшы аумақта орналасқан. Өзен алабындағы негізгі суды тұтынушы - жыл сайын суға деген сұранысы көбейіп келе жатқан суармлы егін шаруашылығы. Сонымен қатар, суға деген сұраныс өнеркәсіп, қызмет көрсету және балық шаруашылықтары жағынан да туындап отыр. Осыған байланысты төмендегі кестеде көрсетілген Арал - Сырдария алабының су шаруашылығы басқармасының (СШБ) 2004 жылғы зерттеулері бойынша алынған көрсеткіштерін мысалға алуға болады.
Сырдария өзенінің су деңгейіне гидрометриялық бақылау жасау Қазақстанда 1910 - 1913 жылдары төрт гидропосттан басталды: Төманарық, Қызылорда, Қараөзек, Қазалы. Қазіргі уақытта 8 тірек гидропосттар жұмыс істейді: Чиназ - Көкбұлақ, Шардара су қоймасы, Көктөбе, Төменарық, Тасбөгет, Қараөзек, Қазалы және Қаратерең.

Сырдария өзені алабының су ресурстары көлемі жағынан 38, 6 км 3 (жылдық табиғи ағыс 90 пайыз, қамтамасыз етілуі 28, км 3 ) жылдық мөлшермен есептеледі. 1982 жылы алапта Сырдария өзенінен суды беруді таратуды лимиттеу енгізілді. Сырдария өзені алабында күрделі жағдай қалыптасты. Бұл аймақтағы су шаруашылығы жағдайының күшеюі соңғы жылдары тұрғындарды, өнеркәсіптерді және ауыл шаруашылығын таза сумен қамтамасыз етуді қиындата түсті. Сырдария өзенін коллекторлы - дренажды және ағысты сулармен ластау аймақтың экологиялық жағдайын нашарлата отырып, адамдар денсаулығына және өмір сүрудің санитарлы жағдайына кері әсер етті. Сырдария өзені алабынан орташа есеппен әр түрлі қажеттіліктер үшін жылына 12 мың млн. м 3 су алынады, оның ішінде 9600 млн. м 3 суармалы егіске жұмсалады. Сонымен қатар суармалы егіс шамамен 2 300 - 3391 млн. м 3 коллекторлы - дренажды суды қосады. Оның ішінде жылына 980 млн. м 3 су тікелей Сырдария өзені алабына келіп құйылады. Қалған бөлігі табиғи еңіс жерлерге ағып кетеді немесе көп жағдайда, қайта суғаруға пайдаланады.

C:\Documents and Settings\amanova_d\Рабочий стол\0204740439.jpg

1-сурет Сырдария өзенінің Қазақстан картасынан көрінісі

1. 2 Сырдария өзенінің бойындағы су қоймалары мен су тоспаларының салыну мақсаты және олардың аймақтың жағдайына
тигізетін әсері

Еліміздегі Шардара су қоймасына дейін Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан мемлекеттері арқылы өтетін Сырдария өзенінің бойында ондаған су қоймалары мен су тоспалары орналасқан.
Сондықтан Шардара су қоймасына секундына қанша текше метр су құйылатыны аталған мемлекеттердің дарияның суын қай мақсатта, қаншалықты пайдаланатынына тікелей тәуелді болмақ.

Мысалы:1961 - 1975 жылдары Шардара су қоймасынан төменгі арнаға жылына 16 км 3 су тасталса, 1975 - 1987 жылдар аралығында бұл көрсеткіш жылына 8 км 3 ге дейін төмендеген. Бұның себебі біріншіден, 1974 - 1987 жылдар аралығында байқалған аймақтағы табиғи су тапшылығы болса, екіншіден, суармалы егістік көлемінің артуына байланысты Сырдарияның жоғарғы ағысында су қоймалары мен су тоспаларының көптеп салына бастауы. Өзен суы қалыпты жағдайда тұрған 1961 жылы дария бойында Қайраққұм су қоймасы ғана болса, 1961 - 1973 жылдар аралығында Шарбақ, Андижан, 1974 - 1987 жылдары Тоқтағұл су қоймасы іске қосылған. Осының салдарынан Сырдарияның төменгі ағысында су тапшылығы сезіліп, Арал теңізінің тартыла бастағаны байқалды. Тіпті, Қазалы, Арал аудандарында ондаған шағын көлдер мен арналар құрғап қалған. Дария деңгейінің күрт төмен түсуі шаруашылығы негізінен суды көп қажет ететін дақыл күріш өсірумен байланысты Қызылорда облысына көп қиыншылықтар туғызды. Осы кезеңде халық санының көбеюіне байланысты ауылшаруашылығы өнімдеріне сұраныс артып, суармалы егіс көлемін арттыру мәселесі туындады. Егіс алқаптарын су мен қамтамасыз ету үшін дария деңгейін көтеріп, жаңа арналар қазу қажет болды. Осы мақсатта 1963 - 1970 жылдары Қызылорда, Қазалы су тоспалары салынып, іске қосылды. Соның нәтижесінде дария деңгейі біршама көтеріліп, маңайдағы үлкенді - кішілі көлдер суға толып, шабындық алқаптарға су шыға бастады.
Секундына 1400 м 3 су өткізетін Қазалы су торабынан оң жаға, сол жаға, Ақсай, Басықара арналары қазылып, Өтебас, Ақкөл, Томай т. б көлдер қайта толды. Дария деңгейі төмендеп кеткен жылдары сиреп қалған тоғайлар қайта жанданып, селдіреп қалған ну қамыстар жайқалып бой көтере бастады. Қамыс, тоғайды мекендейтін аң - құс қайта оралып, жайылма сулар өзеннен жоғары өрлеген балықтардың уылдырық шашуына қолайлы жағдай туғызды. [5]

Бірақ, күрішке үздіксіз су берілетін жаз маусымында төмен қарай мардымсыз су жіберілгендіктен Арал теңізіне құятын судың көлемі айтарлықтай азайып, теңіздің құрғап қалу қаупі туындады. Дарияның теңізге құяр тұсындағы көлдер құрғап, суы тартылған теңіз табанынан ұшқан тұз мыңдаған шақырымға дейін тарады. Арал мен оған көршілес елді мекендер экологиялық апат аймағына айналды.
1. 3 Өзен бойындағы су тоспалары мен аралық арналарда кездесетін мәселелер және оларды шешудің жолдары

Кеңес Одағы тұсында Арал мәселесі Одақ көлемінде бірнеше мәрте көтерілгенімен теңізді қалпына келтіру жұмыстары оң нәтиже бермеген еді.
Арал теңізінің жасы 8 - 10 мың жыл шамасы. Теңіз суының көлемі жағынан ТМД - да 2 - орын, дүниежүзінде 4 - орын алатын көл. 1998 жылы теңіз деңгейі 18 км төмендеді. Өйткені теңізге құятын басты өзендер - сырдария 1974 жылдан, Әмудария 1982 жылдан мүлдем сарқылды. 38 жыл ішінде теңіз деңгейі 18 метрге төмендеді. Арал теңізі жағалауынан 150 - 170км шегінді. Кепкен теңіз түбі сортаңға айналуда. Ашылған теңіз жағлауын тұз бен құм жауып жатыр. Көл суының тұздылығы 3 есе артып, 27 промилге жетті.
Қазір сол Арал жоғалуға, тіпті құруға таяу. Өйткені, бұрынғы теңіздің 66 мың шаршы шақырымын алып жатқан су айдынынан қазірге дейін небәрі шамамен 25 мың км 2 жуық қана су айдыны қалғаны бұған дәлел бола алады. Мысалы, 1925 - 1951 жылдары Сырдарияның жылдық орташа ағысы Қазалы қаласы тұсында 14, 54 км 3 болса, 1950 - 1960 жылдары Сыр атырауының басы саналатын Төменарық стансасының тұсына келетін Сырдарияның жылдық орташа ағысы 25, 1 текше шақырым, ал Қазалы тұсында 17, 2 км 3 болған. Жетпісінші жылдары сол су бірінші жағдайда 3, 8 - ге, екіншіде 0, 6 км 3 дейін, тиісінше 6 және 30 есе аазайды.

Енді облыс көлеміндегі өзен суының көп жылдық ағысының орта мөлшерінен де аздаған мәліметтерді келтіре кеткен артық болмас. Мысалы, сырдың Көктөбе бекеті тұсында 1980 - 1990 жылдары Сырдарияның суы мол ағатын мамыр айындағы орташа ағысы 645, 0 м 3 секунд, маусымда 11646, м 3 секунд, яғни, Көктөбеден Қазалыға дейін Сырдарияның суы 5 еседен артық азайғаны байқалады. Ал дарияның Қазалы тұсынан Арал теңізіне құяр сағасының ара қашықтығы 150 шақырымға жуық. [7]

Демек, кезінде бұл тұсқа келген су теңізге жетпей аяқтағы елді мекендердің ауыз суы ғана болған. Осыған орай соңғы 20 - 25 жылғы су тапшылығынан қазіргі Сырдарияның өлкедегі арнасы тайызданып, теңізге құяр арнасы құммен көміліп қалды. Ол ол ма, өзенге салынған пантондық өткелдер, көпірлер, су реттейтін нысандар өзеннің ағысын тежеуге себепкер болуда. Сол себепті өзен ағысы жылда әбігерге, дүрбелеңге киліктіріп жатады. Сырдың бұрынғы суы мол кезінде нақ теңізге құяр сағасы тұсындағы арнасынан, тіпті, кезінде 500 - 600 м 3 секунд суға дейін өткізген кездерін де көргенбіз . ал қазір содан бұл тұсқа небәрі 100 - 150 м 3 секунд су келсе болғаны, жағаға жақын отырған елдерді су басып кету қаупі төнді.
Еліміз егемендік алғаннан кейін теңіздің Қазақстанға қарайтын бөлігі - Кіші Аралды сақтап қалу шаралары жедел қолға алынып, дарияның Қаратерең ауылы қасынан Ақлақ, Арал теңізінің ең енсіз тұсынан Көкарал су тоспалары салынды. Осындай нақты істердің арқасында Кіші Аралдың деңгейі айтарлықтай көтеріліп, аймақтың экологиялық ахуалы жақсара бастады. Теңіз тартылған жылдары дағдарысқа ұшыраған балық шаруашылығы қайта жанданып, аймақтың экономикалық жағдайы да оң өзгерістерге бет бұрды.

Осы орайда Ақлақ су тоспасының құрылысына қатысты кейбір мәселелер қайта қарауды қажет етеді. Жоспар бойынша алдағы уақытта шағын су электр станциясына лайықтап салынған, секундына 416 м 3 су өткізетін бұл тоспадан су төмен қарай құламалы түрде тасталады. Жоғарғы ағысы мен төменгі деңгейінің аралығы 25 - 30 м. Тоспаның сол жағасын ала төменнен өрлеген балықтардың сатылап өтуіне лайықталып жасалған, балық өрлеуіне арналған жарма (рыбаход) ешқандай талапқа сай емес. Қызылорда, Қазалы су тораптарындағы мұндай жармаларды ашқанда дарияның жоғарғы ағысы мен төменгі ағысы деңгейлеседі де, балықтардың жоғары, төмен жүзіп өтуіне еш қиындық тудырмайды. Ақлақ тоспасында жоғарыдан тар арнамен құйылған ағысқа қарсы балықтардың жоғары өрлеп шығу мүмкіндігінің аздығы бірден байқалады. Кіші Аралдан Ақлақ тоспасына дейінгі аралықта дарияның арнасы тік жарлы болып келеді. Балықтардың уылдырық шашуына және шабақтардың өсіп жетілуіне қолайлы ағысы аз, жайылма сулар мүлде жоқтың қасы. Сондықтан, жыл сайын уылдырық шашар мезгілде дарияның жоғарғы ағысына қарсы өрлеген балықтар тоспаның ауызындағы аядай шұңқырға еріксіз иіріліп, жабайы балық аулаушылардың (браконерлер) жеміне оңай айналып жатады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Тасқын сулармен күрес
Сел және су тасқындарынан қорғану
Су тасқынының зардабы
Сырдария
Сырдария арнасын реттеу және Солтүстік Арал теңізін сақтау жолдары
Шардара су қоймасының суының сапасы
Ғұн және Усун мемлекеттері
Зардап шеккендерді іздеу жұмыстарын жүргізу
Шардара ауданы географиялық орны
Ауа алабының ластануы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz