Қазақстандағы сот жүйесі, судьялар мәртебесі



I.Кіріспе
1. Қазақстандағы сот жүйесі
2. Жүйенің орта буын соттары
3. Жоғарғы соттың органдары
4. Судьялар мәртебесі
II.Қорытынды
III.Пайдаланған әдебиеттер
1. Қазақстан Республикасының сот жүйесін Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты және Қазақстан Республикасының Конститутциясына және осы Конститутциялық заңға сәйкес құрылатын жергілікті соттар құрайды.
2. Жергілікті соттарға мыналар жатады:
1) облыстық және оларға теңестірілген соттар (Республика астанасының қалалық соты, республикалық маңызы бар қалалардың қалалық соттары, мамандандырылған сот-Қазақстан Республикасы Әскерлерінің Әскери соты және басқалар );
2) аудандық және оларға теңестірілген соттар (қалалық , ауданаралық , мамандандырылған сот-гарнизонның әскери соты және басқалар ):
3.Қазақстан Республикасында мамандандырылған (әскери, экономикалық, әкімшілік, кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі және басқа) соттар құрылуы мүмкін.
4.Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты мен жергілікті соттардың Қазақстан Республикасының Мемлекеттік елтаңбасы мен өзінің атауы бейнеленген мөрі болады.
Қазақстан Республикасының сот жүйесінің бірлігі:
1)Конститутцияда , осы Конститутциялық заңда, іс жүргізу және өзге де заңдарда белгіленген, барлық соттар мен судьялар үшін ортақ және бірыңғай сот төрелігі мен принциптерімен;
2)сот билігін барлық соттар үшін сот ісін жүргізудің заңдарға белгіленген бірыңғай нысандары арқылы жүзеге асырумен;
3)Қазақстан Республикасының барлық соттарының қолданыстағы құқықты қолданумен;
4)заңдарда судьялардың бірыңғай мәртебесін баянды етумен;
5)заңды күшіне енген сот актілерін Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында орындаудың міндеттілігімен;
6) барлық соттарды тек қана Республикалық бюджет есебінен қаржыландырумен қамтамасыз етіледі.
Қазақстан Республикасындағы сот құрылысы мен судьялар мәртебесі, сондай-ақ сот төрелігін іске асыру тәртібі Қазақстан Республикасының Конститутциясымен, осы Конститутциялық заңмен жне басқа да заң актілерімен белгіленеді.
Жоғарғы Соттың өкілеттігі
1. Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты жалпы юрисдикция соттарының қарауына жатқызылған азаматтық, қылмыстық және өзге істер бойынша жоғары сот органдары болып табылады, заңда көзделген іс жүргізу нысандарында олардың қызметін қадағалауды жүзеге асырады және сот практикасының мәселелері бойынша түсіндірмелер береді.
2. Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты:
1) өзінің қарауына жатқызылған сот істері мен материалдарын қарайды;
2) сот практикасын зерделейді және оны жинақтаудың қорытындылары бойынша Республика соттарының сот төрелігін іске асыруы кезіндегі заңдылықтың сақталу мәселелерін қарайды;
3) сот практикасында заңдарды қолдану мәселелері бойынша түсіндірмелер беретін нормативтік қаулылар қабылдайды;
4) заңда көзделген басқа да өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Мемлекет және құқық негіздері. Алматы: Жеті жарғы – 2001жыл

www.kzref.kz сайты

Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   
ЖОСПАР

I.Кіріспе

1. Қазақстандағы сот жүйесі
2. Жүйенің орта буын соттары
3. Жоғарғы соттың органдары
4. Судьялар мәртебесі

II.Қорытынды

III.Пайдаланған әдебиеттер

Кіріспе
1. Қазақстан Республикасының сот жүйесін Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты және Қазақстан Республикасының Конститутциясына және осы Конститутциялық заңға сәйкес құрылатын жергілікті соттар құрайды.
2. Жергілікті соттарға мыналар жатады:
1) облыстық және оларға теңестірілген соттар (Республика астанасының қалалық соты, республикалық маңызы бар қалалардың қалалық соттары, мамандандырылған сот-Қазақстан Республикасы Әскерлерінің Әскери соты және басқалар );
2) аудандық және оларға теңестірілген соттар (қалалық , ауданаралық , мамандандырылған сот-гарнизонның әскери соты және басқалар ):
3.Қазақстан Республикасында мамандандырылған (әскери, экономикалық, әкімшілік, кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі және басқа) соттар құрылуы мүмкін.
4.Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты мен жергілікті соттардың Қазақстан Республикасының Мемлекеттік елтаңбасы мен өзінің атауы бейнеленген мөрі болады.
Қазақстан Республикасының сот жүйесінің бірлігі:
1)Конститутцияда , осы Конститутциялық заңда, іс жүргізу және өзге де заңдарда белгіленген, барлық соттар мен судьялар үшін ортақ және бірыңғай сот төрелігі мен принциптерімен;
2)сот билігін барлық соттар үшін сот ісін жүргізудің заңдарға белгіленген бірыңғай нысандары арқылы жүзеге асырумен;
3)Қазақстан Республикасының барлық соттарының қолданыстағы құқықты қолданумен;
4)заңдарда судьялардың бірыңғай мәртебесін баянды етумен;
5)заңды күшіне енген сот актілерін Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында орындаудың міндеттілігімен;
6) барлық соттарды тек қана Республикалық бюджет есебінен қаржыландырумен қамтамасыз етіледі.
Қазақстан Республикасындағы сот құрылысы мен судьялар мәртебесі, сондай-ақ сот төрелігін іске асыру тәртібі Қазақстан Республикасының Конститутциясымен, осы Конститутциялық заңмен жне басқа да заң актілерімен белгіленеді.
Жоғарғы Соттың өкілеттігі
1. Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты жалпы юрисдикция соттарының қарауына жатқызылған азаматтық, қылмыстық және өзге істер бойынша жоғары сот органдары болып табылады, заңда көзделген іс жүргізу нысандарында олардың қызметін қадағалауды жүзеге асырады және сот практикасының мәселелері бойынша түсіндірмелер береді.
2. Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты:
1) өзінің қарауына жатқызылған сот істері мен материалдарын қарайды;
2) сот практикасын зерделейді және оны жинақтаудың қорытындылары бойынша Республика соттарының сот төрелігін іске асыруы кезіндегі заңдылықтың сақталу мәселелерін қарайды;
3) сот практикасында заңдарды қолдану мәселелері бойынша түсіндірмелер беретін нормативтік қаулылар қабылдайды;
4) заңда көзделген басқа да өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Жоғарғы Соттың құрылымы мен құрамы:
1. Жоғарғы Сот Төрағадан, алқа төрағаларынан және судьялардан тұрады.
Жоғарғы Сот судьяларының жалпы санын Жоғарғы Сот Төрағасының ұсынысы бойынша Қазақстан Республикасының Президенті белгілейді.
2. Жоғарғы Соттың органдары мыналар:
1) қадағалау алқасы;
2) азаматтық істер жөніндегі алқа;
3) қылмыстық істер жөніндегі алқа;
4) соттың жалпы отырысы.
Жоғарғы Сот Төрағасы
1. Жоғарғы Сот Төрағасы судья болып табылады және судья міндетін атқарумен қатар:
1) судьялардың сот істерін қарауын ұйымдастырады;
2) қадағалау алқасын басқарады, алқада сот ісін қараған кезде төрағалық етуге құқылы;
3) Жоғарғы Соттың жалпы отырыстарын шақырады және оларды төрағалық етеді;
4) Жоғарғы Соттың жалпы отырысының қарауына сот практикасында заңдарды қолдану мәселелері бойынша Жоғарғы Соттың нормативтік қаулыларын қабылдау үшін материалдар енгізеді;
5) Жоғарғы Соттың жалпы отырысының бекітуіне Жоғарғы Соттың жалпы отырысы
6) Қажет болған жағдайларда бір алқаның судьяларын басқа алқаның құрамында іс қарау үшін тартады;
7) Жоғарғы Соттың жұмыс жоспарын бекітеді;
8) Алқалардың жұмысын үйлестіреді;
9) Жоғарғы Соттың Аппаратына жалпы басшылықты жүзеге асырады, оның құрылымы мен штатын бекітеді;
10) азаматтарды жеке қабылдауды жургізеді:
11) өкімдер шығарады;
2. Жоғарғы Соттың Төрағасы Республиканың өзге де мемлекеттік билік тармақтары органдарымен және халықаралық ұйымдарымен өзара қарым-қатынас кезінде Республика сот жүйесіні мүддесін білдіреді сондай-ақ:
1)Қазақстан Республикасының Президентіне уәкілетті орган басшысының кандидатурасын ұсынады;
2)Соттардың тиісті жалпы отырыстарының қарауына аудандық соттың төрағасы, облыстық соттың төрағасы және облыстық сот алқасының төрағасы ,Жоғарғы Сот алқасының төрағасы мен судьясы қызметінің бос орнына балама негізде кандидатуралар енгізеді;
3)Соттардың жалпы отырыстарының қорытындылары негізінде соттардың жалпы отырыстарында қаралған барлық кандидаттардың материалдарын қоса тіркей отырып, тиісінше Жоғарғы Сот Кеңесіне немесе Әділет біліктілік алқасына аудандық сот төрағасы, облыстық сот төрағасы және облыстық соталқасының төрағасы , Жоғарғы Сот алқасының төрағасы мен судьясы қызметтерінің бос орындарына балама негізде кандидатуралар ұсынады;
4)Қазақстан Республикасының Президентіне заңдарды жетілдіру жөнінде ұсыныс енгізіледі;
5)Осы Конституциялық заңмен көзделген негіздер туындаған жағдайда, тиісінше Жоғарғы Сот Кеңесіне және Әділет біліктілік алқасына Республика соттары төрағаларының, алқа төрағалары мен судьяларының өкілеттігін тоқтату мәселесі бойынша ұсыныс енгізеді;
6) Қазақстан Республикасының Президентіне судьяларды мемлекеттік наградалармен марапаттау және оларға құрметті атақтар беру туралы ұсыныс енгізіледі;
7) Республика судьяларына Құрметті судья атағын береді, осы атақты беру тәртібі туралы ереже бекітіледі;
8) Республиканың судьяларына қатысты тәртіптік іс қозғайды;
9) Заңмен және өзге де нормативтік құқықтық актілермен көзделген басқа да өкілеттіктерді жүзеге асырады.
3. Жоғарғы Соттың Төрағасы уақытша орнында болмаған кезде оның міндеті Жоғарғы Сот Төрағасының өкімі бойынша алқалардың бірінің төрағасына жүктеледі.
4. Жоғарғы Сот Төрағасы орнынан түскен жағдайда не өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылған өзге де жағдайдаТөрағаның міндетін уақытшы атқаруды Қазақстан Республикасының Президенті Жоғарғы Сот алқалары төрағаларының біріне жүктейді.

Қазақстандағы сот жүйесi
Қазақстандағы сот жүйесiнiң мәнiн анықтайтын негiзгi актілер -- ҚР Конституциясы жене Қазақстан Республикасының сот жүйесi және судьялардың мертебесі туралы конституциялық заң. Осы басты құжаттарға сәйкес елiмiздің сот жүйесiн Қазақстан Республикасының- Жоғарғы соты және жергілікті соттар құрайды. Жергiлiктi соттарға облыстық және соған теңестiрiлген соттар, сондай-ақ аудандық және соған теңестірiлген соттар жатады. Аталған соттардың бәрi тұтас бiр жүйеге бiрiктiрiлген, олардьң барлығы әдiл соттың ортақ және бiрегей ұстындарын басшылыққа алып, әрқайсысы iстердi қарау және шешу мәселесi бойынша өздеріне тиесiлi нақтылы мiндеттерді атқарады.
Соттарды мiндетiне қарай бөлудiң негiзiнде сот инстанциялары жатыр. Мысалы, бiрiншi инстанциядағы сот -- бұл iстi мәнi бойынша қарайтын сот, екiнші инстанциядағы сот -- бiрiншi инстанциядағы соттың әлi заңдық күшiне енбеген үкiмдерi мен қаулыларына жасалынған апелляциялық шағымдар мен наразылықтар бойынша қозғалған iстерді қарайтын сот, қадағалау инстанциясы -- заңдық күшiне енген сот шешімдерiне тараптардың жасаған шағымдары, наразылықтары бойынша қозғалған iстерді қарайтын сот.
Осындағы соңғы екi инстанция -- апелляциялық және қадағалау -- соттардың үкiмдері мен қаулыларын қайта қараудың екі сатысына жатады: апелляциялық -- үкiмдер мен қаулылар заңдық күшiне енбеген жағдайда және қадағалау -- үкімдер мен қаулылар заңды күшiне енген жағдайда. Заң шығарушылар әдiл соттың мақсатын барынша қамтамасыз ету үшiн қосымша кепiлдiк ретiнде жоғарыда аталған iс жүргiзудiң екі сатысынан басқа соттардың үкiмдерi мен қаулыларын қайта қараудың және бiр түрiн -- жаңадан ашылған мән-жайларға байланысты іс бойынша өндiрiстi қайта бастауды қарастырды. Қайта караудың бұл түрі Қылмыстық іс жүргiзу кодексiнiң 10-бөлiмiне "Соттың заңды күшiне енген шешімдерiн қайта қарау жөнiнде іс жүргiзу" деген тақырыппен енгiзілді. Сот өндiрісiнде оның алатын орнына және атқаратын мiндетiне қарап, заң әдебиеттерiндегi жаңадан ашылған жағдайларға байланысты iс бойынша өндірiстi қайта бастау сот шешiмдерiн қайта қарау тәсiлдерiнiң бiрiне жатады және оны сот шешiмдерiн қайта қарау сатыларының қатарына жатқызу керек" деген пiкiрлермен келiсуiне тура келедi.Жоғарыда аталған соттар өздерiне берiлген заң шеңберінде бірін-бірі алмастырып, әрi сот билiгiнiң "тiк сызығы" бойында орналаса тұрып, бiрiншi инстанциядағы және содан кейiнгi инстанциялардағы сот үкiмдерiнің қаулыларының, тағы басқадай шешiм заңдылығы мен негiздiлiгiн тексеру мiндеттерiн атқарады. Осынау өзара тығыз байланыстағы тексеру құрылымдарының ең басында апелляциялық саты орналасқан.
1997 жылдың 13 желтоқсанда қабылданып, 1998 жылдың 1 қаңтарында күшiне енген Қазақстан Республикасының жаңа Қылмыстық іс жүргiзу кодексi сот шешiмдерiн қайта қараудың төрт сатысын қарастырады:
- соттың әлi заңдык күшiне енбеген үкiмдерi мен қаулыларын қайта қараудың екi сатысы (апелляциялық және кассациялық шағымдану, наразылық);
- соттың күшiне енген үкiмдерi мен қаулыларын қайта қараудың екi сатысы (қадағалау инстанциясындағы өндiріс және жаңадан ашылған мән-жайларға байланысты іс бойынша өндiрiстi қайта бастау).
Алайда, 1998 жылдың 1 қаңтарында заң шығарушылар осылардың үшеуiн ғана: кассациялық шағымдану және наразылық қадағалау өндiрiсi және жаңадан ашылған мән-жайларға байланысты iс бойынша өндiрiстi қайта бастау сатыларын қолданысқа жiбердi. Ал, ҚІЖК-нiң соттардың қылмыстық iстерді апелляциялық тәртiппен қарау туралы ережесiн қолдануды алдымен 2000 жылдың 1 каңтарына дейiн, сосын 2003 жылдың 1 қаңтарына дейiн кейiнге қалдырды.
2001 жылдың 11 шiлдесiнде қабылданған Қазақстан Республикасының "Сот iсін жүргізу меселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заңдық актiлерiне өзгертулер мен толықтырулар енгiзу туралы заңы соттың заңдық күшiне енбеген үкiмдерi мен қаулыларын кайта карау үшiн апелляциялық инстанция енгiздi. Осы заң республиканың сот өндiрiсінен кассациялык шағымдануды, наразылықты алып тастады.
Жаңа ереже 46 жене 47-тарауларга топтастырылып, КIЖК-нiң 8-бөлімінен орын алады. Осындағы 46-тарау 3аңдық күшiне енбеген сот шешімдеріне апелляциялык, кассациялық шағымдану және наразылық бiлдiру КІЖК қолданысқа енгiзiлгеннен кейiн 1998 жылдың 1 каңтарынан бастап өмiрге жолдама алды. 9 баптан тұратын бұл тарау кассациялық өндірiстің негiзгi ережелерiн реттейтiн мынадай жайттарды қарастырды: сот үкімдеріне шағым - дану және наразылық бiлдiру субъектлері (396-бап) жене шағымдарды, наразылықтарды өзгерту, толыктыру, керi кайтару жөнiндегi олардың құқықтары туралы (402-баптың 3, 4-тармақтары), шағымдану және наразылық бiлдiрудiң тәртібі мен мерзiмдері туралы (398, 399-баптар), шағым беруге, наразыльқ білдiруге арналған мерзімді қалпына келтіру тәртібi туралы (400- бап), шағымның берiлгендiгі, наразылықтың бiлдiрiлгендiгi жөнінде тараптарды хабардар ету (401- бап) және iстің қаралатын уакыты мен орны жайлы тараптарды құлақтандыра отырып, iсті апелляциялық инстанциядағы сотқа жіберу туралы (402-бап), бiріншi сатыдағы соттың каулысына шағымдану, наразылық бiлдiру туралы (403-бап).
2001 жылдың 11 шiлдесiндегi Заң тараудың тақырыбынан және көрсетiлген баптардың мазмұнынан кассациялық деген сөздi алып тастап, аталмыш тарауға мынадай өзгертулер мен толықтырулар енгiздi:
- 396-бап (Үкiмге апелляциялық және кассациялық шағым беру, наразылық бiлдiру құқығы) апелляциялык шағымдануға және наразылық білдіруге жататын үкiмдердің катарынан Қазақстан Республикасы Жоғарғы сотының үкiмдерi алып тасталды;
- ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан Республикасындағы сот билігі жүйесі
Судьялардың мәртебесі
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ СОТ ЖҮЙЕСІ ЖӘНЕ СОТ ТӨРЕЛІГІН ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ
Қазақстан Республикасындағы сот билігінің жүйесі
Халықаралық қауіпсіздіктің құқық саласы
Қазақстан Республикасындағы сот билігінің құқықтық жағдайы
Қазақстан Республикасындағы сот реформаларын талдау
Қазақстан Республикасында судьялар сотын құру перспективаларын қарастыру
Қазақстан Республикасындағы сот билігінің құқықтық негіздері
Сот түсінігінің теориялық негіздері жайлы
Пәндер