Ыбырай Алтынсарин қазақ педагогиксының негізін қалаушы



Қазақ педагогикасының негізін салушы, педагог -ағартушы, ақын және прозаик, лублицист балалар жазушысы, орыс графикасы негізінде қазақ алфавитінің негізін қалаушы. Алтынсарин мектеп пен тәрбие өз халқының тұрмысы мен өмірінің тарихи ұлттық ерекшелігіне сәйкес келу идеясын ұсынды. Сондай-ақ оның тамаша тарихи болашағына асқан сеніммен қарады. ЬІ. Алтынсаринның пікірі бойынша, ауыл мектептері болыс мектептерінің бірінші бөлімінің бағдарламасы бойынша жұмыс жасауға тиіс болды. Оқу ана тілінде жүргізілуі тиіс - деген қағида ұсынды. Ы. Алтынсарин қазақ халқына білім беру тек бастауыш мектеппен ғана шектеледі - деген пікірден аулақ болды. Ол орта мектептер құру туралы ойларын халқына жеткізді және қазақ балаларының университеттерде оқуын қалады. Алайда, ол Россия патшаларының жағдайыңдағы осыған "ұқсас жоспарлардың өмірге сәйкес келмейтінін ескере отырып, Оренбург және Троицк жанындағы гимназия мен Қазақ университеттерінде оқитын қазақ балаларымен жастарға арнаулы стипендия тағайыңдады. Ы. Алтынсарин кәсіптік білім берудің маңызын жете түсінді және жақтады. Ол Торғайда төменгі қолөнер учлищесін ашудың жоспарын жасады -және оны ашуды қолға алды. Ағаш - токоры, слесарлы - ұсталық, тігін бөлімі бар Торғайдағы Яковлев қолөнер училщесі тек 1884 жылы ғана ашылды. Ы. Алтынсарин Қостанайдағы ауылшаруашылық училщесін ашу үшін өзінің екі үйінің орынын және училище учаскесі үшін қыстауыңдағы жерін берді. Алайда, бұл үстемдік етуші топтың әсері салдарынан ол ұлы Октябрь төңкерісіне дейін ашылмады, қолдау таппады. Училище сол күйінде ашылмай қалды. ЬІ. Алтынсаринның табаңдылығымен Орынборда 1886 жылы мұғалім даярлайтын қырғыз мектебі ашылды. Бұл Орыс-қазақ мектептеріне мұғалім даярлаудың орталығына айналды. Сөйтіп, Алтынсарин қазақ халқының өмір мен салтына сәйкес келетін қолтума қазақ мектептерін ашудың жолдарын көрсетіп берді, өзі ашты. Бұл жүйенің ең басты құндылығы барлық мектеп типінің мирасқорлығы болып есептеледі. Мұның ерекшелігі осында. Россия жағдайындағы мұндай мектептердің көпшілігі тұғырына тірелген еді.
Тұңғыш қазақ мектебін ашып, оқытуға кіріскен Ыбырай соған тікелей

Пән: Тарихи тұлғалар
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   
Ыбырай Алтынсарин қазақ педагогиксының
негізін қалаушы (1841-1889)
Қазақ педагогикасының негізін салушы, педагог -ағартушы, ақын және
прозаик, лублицист балалар жазушысы, орыс графикасы негізінде қазақ
алфавитінің негізін қалаушы. Алтынсарин мектеп пен тәрбие өз халқының
тұрмысы мен өмірінің тарихи ұлттық ерекшелігіне сәйкес келу идеясын ұсынды.
Сондай-ақ оның тамаша тарихи болашағына асқан сеніммен қарады. ЬІ.
Алтынсаринның пікірі бойынша, ауыл мектептері болыс мектептерінің бірінші
бөлімінің бағдарламасы бойынша жұмыс жасауға тиіс болды. Оқу ана тілінде
жүргізілуі тиіс - деген қағида ұсынды. Ы. Алтынсарин қазақ халқына білім
беру тек бастауыш мектеппен ғана шектеледі - деген пікірден аулақ болды. Ол
орта мектептер құру туралы ойларын халқына жеткізді және қазақ балаларының
университеттерде оқуын қалады. Алайда, ол Россия патшаларының жағдайыңдағы
осыған "ұқсас жоспарлардың өмірге сәйкес келмейтінін ескере отырып,
Оренбург және Троицк жанындағы гимназия мен Қазақ университеттерінде оқитын
қазақ балаларымен жастарға арнаулы стипендия тағайыңдады. Ы. Алтынсарин
кәсіптік білім берудің маңызын жете түсінді және жақтады. Ол Торғайда
төменгі қолөнер учлищесін ашудың жоспарын жасады -және оны ашуды қолға
алды. Ағаш - токоры, слесарлы - ұсталық, тігін бөлімі бар Торғайдағы
Яковлев қолөнер училщесі тек 1884 жылы ғана ашылды. Ы. Алтынсарин
Қостанайдағы ауылшаруашылық училщесін ашу үшін өзінің екі үйінің орынын
және училище учаскесі үшін қыстауыңдағы жерін берді. Алайда, бұл үстемдік
етуші топтың әсері салдарынан ол ұлы Октябрь төңкерісіне дейін ашылмады,
қолдау таппады. Училище сол күйінде ашылмай қалды. ЬІ. Алтынсаринның
табаңдылығымен Орынборда 1886 жылы мұғалім даярлайтын қырғыз мектебі
ашылды. Бұл Орыс-қазақ мектептеріне мұғалім даярлаудың орталығына айналды.
Сөйтіп, Алтынсарин қазақ халқының өмір мен салтына сәйкес келетін қолтума
қазақ мектептерін ашудың жолдарын көрсетіп берді, өзі ашты. Бұл жүйенің ең
басты құндылығы барлық мектеп типінің мирасқорлығы болып есептеледі. Мұның
ерекшелігі осында. Россия жағдайындағы мұндай мектептердің көпшілігі
тұғырына тірелген еді.
Тұңғыш қазақ мектебін ашып, оқытуға кіріскен Ыбырай соған тікелей
көмектескен Н. И. Ильминскийге жазған (1864 жыл, 16 март) хатында: "Осы
жылы наурыздың 8 күні менің көптен күткен ісім орнына келіп, мектеп ашылды,
оған 14 қазақ баласы кірді, бәрі де есті, жақсы балалар. Мен оқытуға, қойға
шапқан аш қасқырдай, өте қызу кірістім. Бұл балалар да менің айызымды
қандырып, небәрі үш айдың ішінде оқи білетін және орысша, татарша жаза
білетін болды... Кейін парақор болып шықпаулары үшін, оларға адамгершілік
жағынан әсер етуге де бар күшімді салып отырмын. Күлсеңіз, күле беріңіз мен
кейбір оқытудан бос уақыттарда оларға ресми түрде молда болып та қоямын,
сөйтіп, оларға дін тарихынан білгенімді айтып, оған басқа да пайдалы және
түсінікті әңгімелерді де қосып айтамын. Менің қашаннан арман-тілегім қалай
да пайдалы адам болып шығу еді. Ал қазір осыған қолым жетіп отырғанын
ойласам, көңілім толық жұбаныш табады", - деп жазады.
Ұлы ағартушы-педагог тек мектеп ашумен шектеліп қатуға болмайтынын,
бұған лайықты оқу-әдістемелік құрал-жабдықтар керек екенін жақсы түсінді.
Сондықтан ЬІ. Алтынсарин Ушинский, Паульсон, Водовозов, Бунаков тәрізді
педагогтардың әліппе, оқулықтарын негізге ала отырып, қазақ балаларына
арнап "Оқу құралын" жазды. Сондай-ақ ол әдістемелік мәні бар "Семья мен
мектеп", "Халық мектебі" журналдары мен қолөнері үшін қажетті Гестерманның
техникалық коллекциясын, физика, химия кабинеттері үшін құрал-жабдықтар
алдыруға 600 сом жинағанын айтады. Мұның бәрінен оның жалаң оқумен
қанағаттанып қалмағанын, бұған қоса ғылым мен техника тетіктерін үйретуде
көрнекілік тәсіл ұстанғанын көрсетеді. Сондай-ақ аса қажетті кітаптар мен
журналдарды орталық мектептерге топтап жинау арқылы сондағы кітапханаларды
байытуды көздеді, оқимын деген жастар мен мұғалімдердің өз білімін
көтеруіне қолдан келгенше жағдай жасамақ болады. Автор сол тұстағы
мектептерде дін сабағының өту мүмкіндігіін пайдаланып, қазақ балалары үшін
"Шариятул-ислам" атты оқулық жазды. Бұл кітап кезінде балалардың мұсылман
дінінің қағидаларын игеруіне айтарлықтай үлес қосты.
Ыбырай жастарды оқу-білім, өнерге үндегенде, құрғақ насихатқа
ұрынбайды, қайта өз ойын нақтылықпен дәлелдеуге ұмтылады. Айтпақ пікірді
оқушы зердесіне еркін сіңіру үшін әр алуан ұстаздық амал-тәсіл қолданады.
Бұл тұста ол, ең алдымен, шешеңдік қайталауларды ұтымды пайдаланады. Ақын
әр шумақ сайын:
Бір Құдайға сыйынып,
Кел, балалар, оқылық,
Оқығанды көңілге
Ықыласпен тоқылық!-
деген жолдарды әдейі қайталай отырып, оқу-білімнің пайдасын айтуда бала
жүрегіне жол таба білген. Сол хрестоматияға сөз басы ретінде берілген "Бір
Құдайға сыйынып, кел, балалар, оқылық" атты өлеңде ақын оқушы түсінігіне
жеңіл қарама-қарсы ұғымдарды әдейі шендестіріп қолданады. Мәселен, ол
білімділік пен надандықтың аражігін ашып көрсету талабында жарық пен
қараңғылықты қатар, жарыстыра алып сипаттайды. Осы орайда алдымен оқудың
пайдасын жарыққа балап:
Оқысаңыз, балалар
Шамнан шырақ жағылар.
Тілегенің алдыңнан
Іздемей-ақ табылар -
десе, надаңдықтың мән-жайын:
Оқымаған жүреді,
Қараңғыны қармалап, - дейді.
Автор өзі үндеп отырған оқу-білімнің тек ізденіс, еңбекпен табылатынына
үлкен мән береді. Ол үшін инемен құдық қазғандай ыждаһат, сабырлылық қажет
екенін ескертеді. Сондай сарыла ізденудің арқасында қол жеткізген оқудың
азбас, тозбас өнерге айналатынын айтады. Ақын ойынша: оқу-білім мәңгілік,
ол жұтамайды, таусылмайды. Ал бұған қарама-қайшы тұратын надандықты ақын:
Надандықтың белгісі -
Еш ақылға жарамас.
Жайылып жүрген айуандай
Ақ, қараны танымас...
Жөн білмеген наданға
Қыдыр ата дарымас, -деп бейнелейді. Сондықтан ол өз ойын қорытқанда да
оқу-білімінің өмірдегі орнын, қажеттілігін баса көтереді. Осы орайда да
Ыбырай бала жүрегіне жақын ата-ананың ертеңгі күнін көлденең тарта
сөйлейді.
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ыбырай алтынсарин қазақ педагогиксының негізін қалаушы (1841-1889)
Ы.Алтынсарин кәсіптік білім туралы
Қазіргі отандық педагогиканың ұлттық ерекшеліктері
VI-XVҒ.Ғ. ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ОЙДЫҢ ДАМУЫ
Ыбырай Алтынсариннің балалар әдебиетіндегі орны
Қазақ хрестоматиясының дүниеге келуі
Ыбырай Алтынсарин еңбектеріндегі әр түрлі жастағы адамдарға білім беру мен тәрбие мәселелері
Ыбырайдың бар өмірін жастарға білім беруге арнауы
Шығармаларының тәрбиелік мәні
Шығыс ойшылдарының педагогикалық ой –пікірінің пайда болуы мен қалыптасуы.Қазақстандағы педагогиканың ғылым ретінде дамуы
Пәндер