Педагогиканы оқытуды ұйымдастыру формалары


Жоспар:
- Педагогиканы оқытуды ұйымдастыру формаларыПедагогиканы оқыту формалары: мәні, қызметі, жіктелуіПедагогика пәні бойынша оқытуды ұйымдастыру, оқу сабақтарының түрлері және студенттердің өзіндік жұмыстарыПедагогика бойынша студенттердің өзіндік жұмысы
Шындықты іздеу
шынайы болудан да маңызды
А. Эйнштейн
1. 2 Педагогиканы оқыту формалары: мәні, қызметі, жіктелуі
Оқыту формасы - белгілі бір тәртіп пен жүйеде жүзеге асырылатын оқытушы мен білім алушының бірлескен іс-әрекетінің сыртқы сипаты.
Педагогиканы оқыту формалары - мазмұн, әдіс-тәсілдер, құралдар, білім алушылар мен педагогтың іс-әрекет түрлері сипатымен байланысты болатын оқыту үдерісінің ерекше құрылымы.
Оқыту формалары бірнеше қызмет атқарды. Оқытудың ең басты қызметі - білім берушілік. Ол педагогикалық білім мен іскерліктерін меңгерудің ең жаксы шарттарын құрып, білім алушылардың дүниетанымын қалыптастырып, қабілеттерін дамытуға мүмкіндік туғызады.
Тәрбиелік қызмет әр түрлі іс-әрекет түрлерін орындау барысында білім алушыларды субьекті рөлінде енгізіп, олардың ақыл-ой, сезім-еріктілік, практикалық-іс-әрекеттік сапаларын қалыптастырады.
Ұйымдастырушылық қызмет көмегімен білім беру көлемі, мазмұны мен білім алушылардың жас ерекшеліктерінің арасындағы сәйкестікке қол жеткізуге болады.
Оқытудың психологиялық қызмет түрі білім алушылардың нақтылы іс-әрекеті биоритмінің бірқалыпты болуын, яғни, жұмысты бір уақытта ғана атқаруға дағдылануын жүзеге асырады.
Тақырыпты игеру барысында оқытудың белсенді әдіс-тәсілдері түрлі ұйымдастырушылық нысандармен сәйкес келгенде дамытушылық қызмет жүзеге асырылып, ақыл-ой іс-әрекетінің шарттарын тудырады, жұмысқа бүкіл психикалық кешеннің жұмылдыруына мүмкіндік береді.
Интеграцияланған-дифференциялаушы қызметте оқыту үдерісі ұжымдық формада өтеді, білім алушылар оқу материалын бірлесіп оқиды, сонымен қоса олардың іс-әрекетін жекелендіру мүмкіндігі де туындайды.
Жүйелеуші және құрылымдаушы қызмет бүкіл оқу материалын құрылымдау мен жүйелеу барысында тұтасымен немесе әр сабаққа жекелеген бөлім мен тақырыптар бойынша бөлуді талап етеді.
Орын толықтырушылық және үйлестіру қызметі бір форманың аясында басқа формалардың құрамдас бөліктерін қолданыла алатын жағдайда жүзеге асады. Мысалы, оқытудың аралас формасы семинар-практикум кең қолданыс тапты, онда студенттер алдымен теориялық материалды меңгеріп, артынан практикалық дағдыларын жетілдіреді.
Ынталандырушы қызметі оқу сабақтарын ұйымдастыру формасы білім алушылардың жас ерекшеліктеріне, организмі мен психикасына сәйкес келгенде пайда болады.
Оқыту формалары білім алушылар санына қарап таңдалынып қолданылуы мүмкін. Жалпы, топтық, жеке оқыту формаларын ажыратып көрсетуге болады. Білім алушылар мен оқытушының бір мезетте тұтас жұмыс жүргізуі жалпы форма болып саналады. Топтық жұмыста студенттер тапсырмаларды орындау үшін шағын топтарға біріктіріледі. Жеке оқыту формасында, әр білім алушыға өз бетімен орындау үшін тапсырмалар беріледі.
Оқыту орындарына қарай сабақ, дәріс, семинар, зертханалық сабақ, өзіндік жұмыс, экскурсия және т. б формаларға бөлінеді.
Оқыту уақытының ұзақтығына қарай классикалық сабақ (45 минут), қосарланған (жұпталған) сабақ (90 минут), дәріс (50 минут) деп бөлінеді.
Педагогика бойынша аудиториялық сабақтар (дәріс, семинар, зертханалық сабақтар), аудиториядан тыс (студенттердің өзіндік жұмыстары (СӨЖ), оқытушының басқаруымен студенттердің өзіндік жұмыстары (ОБСӨЖ) ) деген формаларға бөлінеді.
Бүгінгі таңда сынып-сабақтық форма орта кәсіптік және техникалық білім беру жүйесінде сақталған.
Колледждегі оқу үдерісі сынып-сабақтық формада өтеді. Бұл форманың ерекшеліктері мынада:
-бір жас мөлшеріндегі және бірыңғай даярланған оқушылар сыныпты құрайды, олар өз құрамын колледждегі оқу барысында сақтап қалады;
-сынып тұтас жылдық жоспар мен бағдарламаға тұрақты сабақ кестесіне сәйкес жұмыс істейді;
-оқу үдерісінің басты формасы сабақ болып табылады;
-сабақ бір оқу пәніне арналады, топ оқушылары бір материалмен бірдей жұмыс істейді;
-сабақтағы жұмысқа оқытушы жетекшілік жасайды, ол өз пәні бойынша оқушылардың оқу іс-әрекетін бағалайды.
Сынып-сағаттық форма мынандай жетістіктерге ие: оқу-тәрбие үдерісін тұтасымен реттелуін қамтамасыз ететін айқын ұйымдастырылған құрылым; оларды басқарудың қарапайым түрі; өзара іс-әрекет үдерісінде оқушылардың өзара әрекеттесе алу мүмкіндігі; педагог тұлғасының тұрақты түрде оқушыға эмоционалды ықпал етіп отыруы.
Сонымен қатар бұл форманың кемшіліктері де бар. Ол «орташа» білімді оқушыға бағытталған, әлсіздерге күші жетпес қиындықтар туғызса, мықтылардың қабілеттерінің дамуын тежей түседі; оқытушы үшін оқушылармен жеке жұмысты ұйымдастыру барысында, олардың жеке қабілеттерін есепке алмауы оқыту мазмұны мен әдістерін таңдау кезінде қиындықтар туындатады.
1. 3 Педагогика пәні бойынша оқытуды ұйымдастыру, оқу сабақтарының түрлері және студенттердің өзіндік жұмыстары
Білім беру мекемелерінде оқу үдерісін ұйымдастыру жоғары оқу орындарының іс-әрекетін ұйымдастырудың Типтік ережелері мен мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарына негізделіп жасалады және мамандықтың оқу жоспарымен, сабақ кестесімен реттеледі.
Қазақстан жоғары оқу орындарында оқытудың кредиттік технологиясы жұмыс істейді. Оқытудың кредиттік технологиясы - оқу үдерісін регламенттеу аясында және білім көлемін кредит түрінде есепке ала отырып, жекелендіру негізінде өз білімін жетілдіруге бағытталған технология.
Кредиттік оқыту технологиясының жалпы ережелеріне сәйкес, студенттердің оқу жұмысының көлемі кредит бойынша есептеледі. Кредит - білім алушы мен оқытушының оқу жұмысы көлемін өлшеудің бір ізге салынған бірлігі. Бір кредит академиялық кезеңдегі білім алушының бір аптадағы аудиториялық жұмысының бір академиялық сағатына тең. Әрбір дәрістік, практикалық (семинарлық) және студиялық сабақтар студенттің өзіндік жұмысының (СӨЖ) 2 контактілі сағатына (100 минут) тең.
Бір оқу жылында екі академиялық кезең бар. Академиялық кезең (Term) -теориялық оқу кезеңі, 30 аптадан тұрады, ол өз ішінде 15 аптаға бөлінеді. Академиялық сағат 1 контактілі сағатқа (50 минут) дәрістік, практикалық, семинар сабақтары немесе 1, 5 контактілі сағатқа (75 минут) студиялық сабақтарға немесе 2 контактілі сағатқа (100 минут) зертханалық және дене тәрбиесі сабақтары немесе 5 контактілі сағатқа (250 минут) кез келген практика түрі тең. Сабақтар аудиториялық және аудиториядан тыс деп бөлінеді (студенттердің өзіндік жұмыстары (СӨЖ), оқытушының басқаруымен студенттердің өзіндік жұмыстары (ОБСӨЖ) ) .
Педагогика бойынша негізгі аудиториялық форма ретінде дәрістер, семинарлар, зертханалық сабақтар жатады. Сабақтың осы формаларына тоқталайық.
Дәріс (лат. «lection» - оқу) - педагогика бойынша оқу сабағының классикалық формасы. Дәрістің дидактикалық мақсаты - студенттердің оқу материалын ары қарай игеруі үшін бағыт-бағдар беруші негіздері.
Дәрістердің негізгі дидактикалық қызметіне мыналар жатады: ақпараттық, бағыт-бағдарлық, түсіндірушілік, жүйелеушілік, дамытушылық және эмоционалды-ынталандырушылық.
Дәрістің ең басты қызметі - ақпараттық. Дәріс педагогикалық ғылымдардың соңғы жетістіктері туралы ақпаратқа ие, ғылымда өз шешімін тапқан немесе әлі де шешіліп жатқан жекелеген даулы мәселелерімен таныстырады.
Дәрістің бағыт-бағдарлық қызметі студенттерге дәріс кезінде берілген ғылыми еңбектер мен оқу құралдарының мол таңдауымен танысуға көмек ретінде беріледі, олар әдебиеттермен танысу арқылы оқу материалын игеру үдерісін жеңілдете түседі.
Түсіндірушілік қызметі студенттердің ұғымдар мен түсініктердің ғылыми түсінігін дәлме-дәл түрде меңгеруге бағытталған.
Жүйелеушілік қызметі дәріс барысында берілетін жинақталған түрдегі жаңа білімді береді.
Дамытушылық қызметі студенттердің ойлау іс-әрекетін ынталандырып, таным үдерістерін белсендендіреді, ерік-жігері мен ынтасын дамыта түседі.
Эмоционалды-ынталандырушылық қызметі студенттердің оқылатын материалға, тақырыпқа деген қызығушылықтарын қалыптастырумен байланысты. Дәріс барысындағы жағымды әсерлер студенттерді жаңа білім алуға итермелеп, оқуға ынталандырады.
Дәрістің жалпы құрылымдық сұлбасы дәстүрлі болып келеді, тақырыпты құру, жоспарды баяндау, ұсынылатын әдебиет тізімін беру, соңынан жоспар бойынша оқу материалын түсіндіру. Мұндай құрылым студенттер мен оқытушылар үшін ыңғайлы. Алайда бұл құрылымда дәріс «бір актердің театрына» айналады, оқытушы белсенділігі студенттің белсенділігінен асып түседі, соңғыларының негізгі міндеті тек тыңдау және дәріс мазмұнын жазып алу болып қала береді.
Дәрістің жоғары оқу орнындағы оқу үдерісін ұйымдастырудың негізгі формасы бола тұра, төмендегідей дидактикалық кемшіліктері бар:
1) монологтылығы;
2) оқу материалын игеру деңгейін жедел түрде бақылауды жүзеге асыру мүмкін еместігі;
3) жекелеген амалды іске асыру мүмкіндігінің шектеулі болуы.
Осындай кемшіліктерді жою үшін оқытушылар дәріс берудің жаңа жолдарын қарастыруда. Педагогиканы оқыту барысында дәрістердің төмендегідей типтерін қолдануға болады (11-кесте) .
11-кесте. Дәріс типтері
Ақпарат-
тық
(дәстүрлі)
Студенттердің танымдық іс-әрекеттерін,
шығармашылық қабілеттерін проблемалық сұрақтар, проблемалық міндеттер қою немесе проблемалық жағдаяттар туғызу арқылы дамыту
Әдістері:
проблемалы-ізденістік,
дискуссия,
танымдық міндеттерді алға қою
Әдістер:
дедукция-
индукция,
салыстыру, жалпылау, модельдеу
Белсенді әдістер:
«миға шабуыл», «жұптасқан дәріс», техникалық құралдар және аудиобейне
Дәрісті даярлау мен оны оқу оқытушыдан терең білім мен сабаққа әзірленуге деген шығармашылық күшті, эмоциялық, ақыл-ой, тіпті дене бітімі жағынан мықтылықты, педагогикалық шеберліктің жоғары қырларын талап етеді. Егер оқытушыға эмоционалдық икемділік тән болып диалогтік үлгіде жұмыс істей алатын болса өте жақсы. Оқытушының осындай коммуникативті іс-әрекеті студенттер іс-әрекетін ұйымдастыруға, олардың мінез-құлқына, белсенділіктерінің артуына оңды ықпал етеді.
Тұтасымен алғанда дәрістік сабақтар студенттер алдына ең алдымен болашақ кәсіптік іс-әрекеттерінің теориялық кіріспесіне жол салып, содан кейін практикалық жағынан қолдануға үйретуді мақсат етеді. Дәрісті дайындау мен өткізудің әдістемелік аспектілеріне тоқталайық.
Дәрістік сабақтардың тақырыптары педагогика бойынша жұмыс оқу бағдарламасы мен сабақтың тақырыптық жоспарына лайықтап алынады. Оқылатын тақырыптың өткен тақырыппен, тіпті бүкіл курс тақырыптарымен тығыз байланыста, сабақтастықта болғаны жөн. Осындай амал студенттердің бойында оқып жатқан оқу пәні туралы жүйелі, біртұтас ұғымдарының қалыптасуына мүмкіндік береді.
Дәріс құрылымы оның мақсатымен анықталады. Дәстүрлі түрде дәріс құрылымын кіріспе, негізгі бөлім және қорытынды деп ажыратамыз. Олардың өзара қатынасы мынадай болу керек: кіріспе -дәрістің жалпы көлемінің 10%, негізгі бөлім - 80%, қорытынды - 10%.
Кіріспе тақырыптан, мақсаты мен қарастырылатын сұрақтарынан және әдебиет тізімінен тұрады.
Тәжірибе көрсеткендей, дәрістің тиімділігі бірлесіп құрастырған мақсатқа айқын жетумен байланысты, студенттер өздерінің өмірлік тәжірибесіне сүйене отырып, «Бізге бұл дәріс не үшін қажет?», «Бұл маған не береді?», «Бұның менің болашағыма қажеті бар ма?» деген сұрақтарға жауап бере алады. Адам үшін ең қажетті, маңызды деп саналған дүниелер ғана есте қалатыны бәрімізге аян.
Студенттерді дәрістің тақырыбына қызықтырудың тағы бір жолы нақтылы жағдай туралы қысқаша әңгіме айту болуы мүмкін және де ол тікелей дәріс тақырыбына қатысты болуы керек. Мысалы, «Тұлғаны қалыптастыруға және дамытуға ықпал ететін факторлар» тақырыбын меңгеру барысында нақтылы жағдайдан мынандай мысал келтіруге болады.
«Бір данышпан саяхаттап жол жүруге бел буады. Жол бойында оған екі рет ауыр арбаға жұмыр тастарды тиеп, апара жатқан жұмысшылар жолығады. Данышпан оларға: «Арбамен не тасып жатырсыңдар, оны қайда апарасыңдар? Ол тастар не үшін қажет?» деп сұрайды. Оның сұрағына бірінші адам, терең дем алып: «Мен мына қарғыс атқыр арбаны анда, ана жаққа апара жатырмын» деп қолын белгісіз бір жаққа сілтей салады. Ал екінші адам маңдайының терін қолымен сүртіп: «Мен мына арбаны ана биік таудың басына апара жатырмын, онда біраз уақыттан кейін үлкен керемет ғибадатхана салынбақшы» деп жауап береді. Данышпан ары қарай жолын жалғап, былайша ой түйіндейді: «Мінеки, мына екі адам да бірдей ауыр, қызықсыз жұмысты атқарып жүр. Бірінші адам үшін жұмыс - өте ауыр борыш, өзінің күнкөрісін көрудің бір тәсілі, оған жұмыр тастарды не үшін, не мақсатта тасып жүргені бәрібір. Ал екінші адам үшін жұмыс - ауыр болса да, ортақ игі іс үшін өз үлесін қосу. Тіпті ол алда тұрғызылар сол ғибадатхананы көре ме, жоқ па ол жағын өзі де білмейді, ең бастысы ол өз жұмысын не мақсатта атқарып жүргенін жақсы біледі».
Бұл мысалдан кейін студенттерге «Кімнің жұмысының нәтижелілігі басым, кім өзінің атқарып жүрген ісінен үлкен ләззат алады?» деген сұрақтар қойылады. Білім алушылардың жауаптары тыңдалған соң, оқытушы: «Біз бүгін тұлғаны қалыптастыру мен дамытудың іс-әрекеттер уәжі туралы сөз етпекпіз» деп, дәрістің тақырыбымен таныстыруына болады.
Осылайша, дәрістің маңызды бөлігі кіріспе болып саналады, оның дұрыс әрі айқын ұйымдастырылуынан дәрістің бүкіл барысы анықталады.
Дәрістің негізгі бөлімі 3-4 сұрақты қамтып, жекелеген сұрақтарды студенттердің өздеріне жеке меңгеруге беріп, әдебиет тізімін көрсету керек. Негізгі бөлімде қарастырылатын мәселенің негізгі жақтарын ашып көрсетіп, ғылыми түсініктерге нақтылы анықтама беріп, қарастырылып отырған педагогикалық құбылыстың мәнін ашып, оларды жіктеп, бұл белгілерді игеру жолдарын студенттерге көрсету қажет.
Дәрістің негізгі бөлігін беру барысында студенттерді ынталандырып және оқу-танымдық белсенділіктерін арттырып отыру үшін әр түрлі әдістер мен тәсілдерді (әңгіме, қызықты оқиға, астарлы әңгіме, әдеби туындыдан үзінді, мысалдар келтіру, проблемалық сұрақтарды қою, көрнекі құралдарды пайдалану, презентация көрсету және т. б. ) қолдану маңызды.
Осылайша, дәрістің негізгі бөлімінде ғылыми және оқу ақпаратының біршама бөлігі беріледі, сондықтан оқытушы материалды жүйелі түрде құрып, ең бастысы, өзекті жақтарына көңіл аудартып, дәрістің әр сұрағын тиянақтап отырса болғаны.
Қорытынды дәріс сабағының құрамдас бөлігі болып табылады. Осы кезеңде жинақтау жасалып, негізгі ойлар түйінделеді, бүкіл тақырып бойынша жалпы қорытынды жасалады.
Осылайша, дәрістің үш бөлігі тұтас бір құрылым болып шығады. Дәріс сапасы оған мұқият, тиянақты дайындалуға байланысты. Осыдан келіп дәріс оқу кезеңдеріне дайындық туындайды.
Бірінші қадам. Дәріс тақырыбы мен мақсатын айқындау.
Дәріс сабағының тақырыбы жұмыс оқу бағдарламасы бойынша анықталады. Мақсатты қою барысында мамандық ерекшелігін, аталған тақырыптың жалпы курстың жүйесінде орнын есепке алу керек. Тақырыпты дұрыс құру дәрістің типі мен студенттер категориясына байланысты (курс, мамандық, жас мөлшерлері) . Оқу үдерісінде білім берушілік, дамытушылық, тәрбиелік мақсаттары жүзеге асатыны белгілі, сондықтан осы мақсаттардан теңбе-тең қызметтер туады, олар есепке алына отырып, дәрістің мақсаттарына жетуге көмектеседі.
Екінші қадам. Уақыт қорын анықтау.
Әр тақырыпты оқуға кеткен уақыт оқу жоспары мен жұмыс оқу бағдарламасы тақырыптарымен анықталады. Қажетті ақпарат көлемі сабақ уақытының аясына сыятындай етіп, дәрістегі оқу материалын жүйелеу керек. Сонымен қоса, артық уақыт қалған жағдайда қолданатын қосымша материалды да алдын ала даярлап қойған жөн.
Үшінші қадам. Дәрістік курс мазмұны үшін теориялық және фактілік материалды іріктеп алу.
Жоғары оқу орны тәжірибесінде дәрістік материалды іріктеудің әр түрлі критерийлері бар. Олар:
-ақпараттың ғылымилығы;
-қазіргі заманға лайық ғылыми материалды жүйелеу және әдістемелік жағынан қайта өңдеу;
-теориялық ережелердің аргументтелуі;
-алғашқы дереккөздер мен құжаттар мәтініне сілтеме жасау;
-оқу ақпаратын нақтылы аудиторияға (мамандық, курс, жас мөлшері) бейімдеу.
Төртінші қадам. Дәріс конспектісін жазу.
Дәріс мазмұнын даярлайтын оқытушылардың екі түрлі санаты бар. Оқытушылардың бірінші тобы дәріс конспектісін ешнәрсе қалдырмай толық жазады. Дәрістің толық мәтінін оқытушылар көбінесе оқиды. Екінші санаттағы оқытушылар дәріс жоспарымен ғана шектеледі. Толыққанды жоспар - дәрістің иерархиялы «қаңқасы» деуге болады, онда негізгі сұрақтар, заңдылықтар мен түсініктер ғана қаралады. Жоспар әр түрлі сызбалармен, диаграммалармен, графиктермен толықтырылады.
Бесінші қадам. Дәріске визуалды иллюстративтік материалдарды әзірлеу (презентациялар, сызба, кестелер және т. б. ) .
Заманауи талаптарға сай дәрістерді визуалды иллюстративті материалдарсыз, әсіресе, Power Point бағдарламасының көмегімен дайындалған презентацияларсыз елестету мүмкін емес.
Осылайша, дәріс оқуға кіріскен оқытушы ұсынылған кезеңдерді ұстануына болады.
Біз дәріс оқуға арналған басты талаптарды әзірледік. Оларға тоқталып өтейік:
-басты ережелерді ерекшелеп алу, қорытындылар шығару, енгізілген терминдерге, атауларға түсініктеме беру, студенттерге тыңдауға, ақпаратты ойланып, қысқаша жазып алуға мүмкіндік беру;
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz