Салық жүйесі мемлекеттік реттеудің маңызды құралы ретінде


Пән: Салық
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті

Экономика және бизнес жоғары мектебі

Қаржы кафедрасы

http://www.kaznu.kz/Content/images/emblema.png

ЭССЕ

Тақырыбы: «Салық жүйесі мемлекеттік реттеудің маңызды құралы ретінде»

Орындаған: Қыдырмолданова Қ.

Тексерген: Жорабаева Ж. Қ.

2015ж.

Жоспар:

І. Кіріспе бөлім. Салықтардың мәні.

ІІ. Негізгі бөлім.

А) Салық жүйесі

Ә) Мемлекеттiк реттеудің маңызды құралы

Б) экономиканы мемлекеттік реттеудің негізгі нысаны ретінде.

ІІІ. Қорытынды.

Салықтар - белгілі бір мөлшерлерде және белгіленген мерзімдерде алынатын заңмен көзделген міндетті төлемдер.
Салықтардың экономикалық маңызы мемлекеттің заңды және жеке тұлғалармен арада қалыптасатын ақша қатынастарымен сипатталады. Бұл ақша қатынастары мемлекет иелігіндегі ақша қаражаттарын жұмылдыруда өзіндік қоғамдық маңызға ие және онымен объективті байланыста.

Салықтардың маңызы олардың төмендегі функцияларынан көрінеді:
• Салықтардың фискалдық функциясы мемлекеттік бюджетке қаражаттардың келіп түсуі мен мемлекеттік шығыстарды қаржыландыруды қамтамасыз етеді.
• Салықтардың қайта бөлу функциясы мемлекеттің пайдасына әртүрлі шаруашылық жүргізу субьектілері кірістерінің бөліктерін қайта бөлуден тұрады. Аталған функциялардың қолданылу ауқымы жалпы ұлттық өнімдегі салықтардың үлестерін айқындайды; ол ұлттық табысты мемлекет иелігіне алу дәрежесін көрсетеді.
• Реттеушілік функция бағдарламаларға сәйкес халық шаруашылығын дамытуға ықпал етеді. Бұл ретте салықтардың формаларын таңдау, мөлшерлемелерді (ставкаларды), алу тәсілдерін, жеңілдіктерді өзгерту пайдаланылады. Аталған реттеуіштер қоғамдық ұдайы өндірістің құрылымы мен пропорцияларына, жинақтау және тұтыну көлемдеріне әсерін тигізеді.

Нарықтық экономикада салықтар мемлекеттік бюджеттің кіріс бөлігін қалыптастыруда маңызды рөл атқарады. Салық түсімдерінің үлес салмағы соңғы жылдары 70-80% деңгейде сақталуда, сол мезгілде нарықтық экономикасы дамыған елдердің бюджетіне түсетін салық түсімдері 50-55% шегін құрайды.

Салық жүйелерi, мемлекеттiң экономикаға қатысу формасы ретiнде ұдайы өндiрiстiк процесстiң барлық кезеңдерiндегi капиталға әсер етедi. Салық жүйелерi арқылы мемлекет бюджеттiң табыстық және шығыстық бөлiгiн реттеп отырады, ондағы оның мақсаты-экономиканың перспективтi салаларын дамытуға қолдау көрсету, экономиканы дағдарыстан шығару және экономикалық жүйенiң тұрақтылығын қамтамасыз етуге қолдау көрсету. Салық салуды ұйымдастыру мемлекеттiң өз функцияларын тиiмдi атқаруға мүмкiндiк бередi, бұл экономиканы салықтық реттеудiң қажеттiлiгiн және мiндеттiлiгiн анықтайды. Осыған байланысты, тиiмдi құрылған салық салу жүйесi экономиканың керi беталыстардан тәуелдiлiгiн азайтуға мүмкiндiк бередi. Мұндай жағдай салық салуды ұйымдастыруды бiрiншi кезектегi маңызды мәселелердiң қатарына жатқызады және жүргiзiлiп жатқан салықтық реформалардың теориялық және әдiстемелiк негiзделуiн қажет етедi.

Экономиканы мемлекеттiк реттеу әдiстерiнiң iшiнде ерекше орынды салық саясаты алады. Тәжiрибе дәлелдегендей, салықтық саясаттағы басымдықтарды өзгерту арқылы экономиканың конъюнктуралық ауытқуларын бәсеңдетуге, ұлттық шаруашылықтық ұзақ мерзiмдi тұрақтануына қол жеткiзуге болады.

Салықтар бойынша жүргiзiлген зерттеулер көрсеткендей, үш негiзгi салықтар-корпоративтiк табыс салығы, қосылған құн салығы, акциздердiң жиынтық ауыртпашылығы қазiргi экономикалық жағдайжа 60-70 %-тi құрайды екен. Егер бұларға қоса басқа салықтарды да ескеретiн болсақ, салық ауыртпашылығының жоғары екндiгiн байқауға болады.

Салықтар және салық жүйесі-бюджеттің табыс көзін құраушы ғана емес, сонымен қатар нарықтық типтегі экономиканың маңызды құрылымдық элементтері. Кәсіпкерлік қызметті басып тастамайтын, тиімді бюджеттік саясатты жүргізуге мүмкіндік беретін тиімді салық жүйесін құрусыз Қазақстан Республикасының экономикасын құрылымдық қайта құру мүмкін емес.

Салықтар адамзатқа ертеден белгілі, алғашқыда олар жан басына шаққандағы алымдар түрінде болды. Салықтардың пайда болуы мемлдекеттің құрылуымен байланысты. Олардың міндеттілігі сөзсіз, ол туралы 1789 жылы Б. Франклин былай деп жазған: «Бұл әлемде ештеңеге сенімді болу мүмкін емес, тек салықтар мен өлімнен басқа».

Салықтар нарықты экономиканы реттеудің ең тиімді нысаны болып табылады. Салық негізінде құрылатын мемлекеттік бюджеттің кірісіне қарай, мемлекеттің кәсіпкерлікпен айналысуының және әлеуметтік-кепілдік қызметінің мүмкіндігі белгілі болады. Салық мөлшерімен заңды құқығы бар мекемелер мен жеке адамдардың кәсіпкерлік белсенділігі, Қазiргi заманда кез- келген экономикалық жүйенiң қалыпты жағдайы да жұмыс iстеуiне жағдай жасауда мемлекеттiң маңызы зор. Мемлекет құрылғаннан бергi тарихы барысында тәртiптi, заңды сақтау, ұлттық қауiпсiздiктi ұйымдастыру мiндеттерiмен қатар, нарыққа өту жағдайында экономикалық салықтық реформалардың негiзгi мақсаты елiмiзде тиiмдi салық жүйесiн құрутөлем қабілеті бар сұраныс көлемі реттеледі. Салық саясаты аса нәзік және күрделі аспап, ол жеңілдіктер мен жазалау шаралары арқылы шаруашылық қызметтің барлық жақтарына нысаналы түрде әсер етеді. Нарықтық экономикасы дамыған елдерде салықтардың тізімі бірнеше бетке сыйып кете алады, ал жеңілдіктер мен жазалау шаралары, оларды пайдалануға түсініктемелер тұтас томдарды алып жатады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Экономиканы қаржылық реттеудің жіктелуі
Экономиканы мемлекеттік реттеудің теориялық аспектілері. ҚР мемлекеттiк реттеудiң жетілдіру жолдары
ҚР-ның ЭКОНОМИКАСЫН САЛЫҚТЫҚ РЕТТЕУ МӘСЕЛЕЛЕРІ
Экономиканы дамыған мемлекеттерде бюджеттік реттеудің қалыптасу ерекшеліктері
ЭКОНОМИКАНЫ МЕМЛЕКЕТТІК РЕТТЕУДІҢ САЯСАТЫ
Экономиканы мемлекеттік реттеу және басым бағыттары
Бұланды ауданы салық комитетінің мысалында экономиканы мемлекеттік реттеу
Әлемдік кедендік тарифтік реттеу
Мемлекеттің салық жүйесін ұйымдастыру
Экономиканы мемлекеттік реттеу: маңызы мен бағыттары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz