Білім берудегі инновациялық педагогикалық технологиялар: жобалау әдіснамасы, жіктелуі және ақпараттық-коммуникативтік қолданылуы


Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БИЗНЕС УНИВЕРСИТЕТІ

D:\Very Importand Princess\University_of_International_Business-logo-90DE9E6E22-seeklogo.com.gif

РЕФЕРАТ

Білім берудегі инновациялық технологиялар

Орындаған: Нургазиева Фариза

Тексерген: Ибраимова Жанар

Алматы 2015

Жоспары:

1. Педагогикалық технологияны жобалаудың әдіснамасы. Оқыту технологиясын ұйымдастырудағы инновациялық тәсілдер

2. Педагогикалык технологияларды жіктеу. Педагогикалық технологияны жобалау

3. Оқытудағы қазіргі ақпараттық және коммуникативтік технологиялар. Окыту процесін компьютермен қамтамасыз ету

4. Кәсіптік білім берудегі модульдік және тұлғаға бағдарлы білім беру технологиялары

1. Педагогикалық технология ұғымын қарастыру үшін бірінші жалпы технология ұғымын қарастыруымыз қажет.

Жалпы «технология» деген ұғымы гректің techne - өнер, кәсіп, шеберлік, ал logos - ғылым, ілім деген сөздерден құралған қазақша мағынасы - «шеберлік туралы ілім» дегенге келеді.

Шетелдік басылымдар бойынша «технология» дегеніміз - «қағидаларды анықтау және құрастыру, тәсілдерді және материалдарды қолдану жолымен, сонымен қатар қолданылатын әдістерді бағалау көмегімен білімдік тиімділікті жоғарлататын, білім процесінің тиімді тәсілдерін, фактілерді талдау жолымен жасау мақсатында зерттеу», - деп беріледі. Қазіргі заманғы сөздіктерде бұл сөз техникалық мағынада түсіндіріледі. Технология дегеніміз шикізатты өндіру әдістерінің жиынтығы және өндіріс процестері ретінде түсіндіріледі.

Технология ұғымына сөздіктерде мынадай анықтамалар беріледі:

- өндірістің, мысалы, металлдардың, химиялық және т. с. с. құрылыс жұмыстары процесінде өңдеу, әзірлеу, күйінің өзгеруі, қасиеттері, шикізат, материал немесе жартылай фабрикат әдістерінің жиынтығы;

- сәйкес өндіріс жаб­дықтарымен шикізатқа, материалға немесе жартылай фабрикатқа әсер ету тәсілдері туралы ғылым.

С. И. Ожегов сөздігі бойынша технология дегеніміз - өндірістің белгілі бір саладағы өндірістік әдістер және процестер жиынтығы, сонымен қатар өндіріс тәсілдерініңің ғылыми түрде суреттелуі».

Педагогикалық технологиялар білім беру технологияларының жүзеге асуын бейнелейді, оған нақты оқу пәніне байланысты емес оқу-тәрбие процесін жүзеге асыру заңдылықтары тән. Педагогикалық технологияның құрамына ғылым мен практиканың басқа салаларында кең қолданысқа ие, әр қилы мамандандырылған технологиялар енуі мүмкін: жаңа ақпараттық технолгиялар, электронды және т. б. Сонымен, педагогикалық технологияда білім саласы ретінде оқыту мақсатына жету үшін әдістер, оқыту құралдары және оларды қолдану теориясы анықталуы мүмкін. Оқыту технологиясы «педагогикалық технология» ұғымына жақын, бірақ бірдей (барабар) емес, себебі ол нақты бір пән, тақырып, сұрақ және таңдалып алынған педагогикалық технология шеңберінде анықталған жолды бейнелейді. Оқыту технологиясы вариативті және дербес әдістемелерге туыстас.

Қазіргі заманғы педагогикалық технологиялардың шет елдегі авторлары - Дж. Кэролл, Б. Блум, Д. Брунер, Д. Хамблин, Г. Гейс, В. Коскарелли. Ал білімге қатысты технологиялық бапты жүзеге асырумен айналысқан Ресейлік авторлар - П. Я. Гальперина, Н. Ф. Талызина, А. Г. Ривина, Л. Н. Ланда, Ю. К. Бабанский, П. М. Эрдниева, И. П. Раченко, Л. Я. Зорина, В. П. Беспалько, М. В. Кларина және т. б.

Бүгінгі күндері «педагогикалық технология» ұғымына әр қилы анықтамалар беріледі. Солардың арасында кеңінен тарағаны В. П. Беспалько ұсынған анықтама: педагогикалық технология - оқу мен тәрбие процестерінің еске түсіру барысында қолданылатын құралдар мен әдістер жиынтығы, олар білім мақсатын тиімді түрде жүзеге асыруға мүмкіндік береді.

Д. Матрос жаңа ақпараттық технология ұғымын қарастыра отырып, кез-келген әдістер немесе педагогикалық технологиялар ақпаратты студентлер, оқушылар меңгеру үшін қалай өңдеу және жеткізу керектігін суреттейді, яғни оның анықтамасы бойынша кез-келген педагогикалық технология дегеніміз - бұл ақпараттық технология, ол сонымен қатар жақсы педагог-практик болу үшін студенттерді, оқушыларды технологиясыз оқыту және тәрбиелеу мүмкін еместігін айтады.

2 Педагогикалық технология - дегеніміз, ол педагогикалық қимылдардың тиімді болуына кепілдік беретін нақты ғылыми жобаланған және дәл орындалған құбылыс. Педагогикалық процесс белгілі принциптар жүйесінде құрылғандықтан, педагогикалық технология педагогтің жеке тұлғасы толықтай көріне алатын, осы принциптерді жүйелі түрде нақты өзара байланыстыра алатын, ішкі және сыртқы қимылдардың жиынтығы ретінде қаралады. Педагогикалық технологияның оқыту әдістемесі және тәрбие жұмысынан айырмашылығы осында. Егер «әдістеме» түсінігі оқыту және тәрбиелеу әдістер мен тәсілдер кешенін, оны жүргізуші қайраткерге қатысынысыз қолдану процедурасын білдірсе, онда педагогикалық технология педагог тұлғасының жан-жақты болуын білдіреді. Бұдан анық көрінетіндігі педагогтік мәселе тек қана білікті кәсіби-педагог орындаған, орынды технология көмегімен тиімді шешіле алады.

Педагогикалық технологиялық процесстің сапалық ерекшеліктері, оны білім берудің қазіргі кезеңдегі мәселелерін нақты шешуге мүмкіндік беріп, оқытудың дәстүрлі нысандары және құралдары алдында тиімді көрінеді.

3 Білім беру саласындағы ақпараттық технологияны және компьютерді қолданудың теориялық аспектілері көптеген ғалым-педагогтармен және бірқатар ғалымдардың іргелі (негізгі) еңбектерінде орын алған, олар Д. М. Джусубалиева, В. В. Егоров, Қараев Ж. А., М. С. Мәлібекова, В. М. Монахова, Н. Ф. Талызина және т. б.

Енді, біз төменде жалпы ақпарааттық технология және инновация ұғымдарын қарастырамыз.

"Ақпараттық технология" ұғымын алғаш қолданысқа енгізген В. Глушков оған былай анықтама береді: " Ақпараттық технология дегеніміз - ақпаратты өңдеумен байланысты процестер". В. Апатова В. Глушковтың берген анықтамасын жоққа шығармай, оны нақтылай түседі: " Ақпараттық технология дегеніміз - ақпаратты өңдеу процесінде қолданылатын құралдар мен әдістер жиынтығы".

Ақпараттық технология , В. А. Извозчиковтың пікірінше, ақпаратты машиналы (ЭЕМ арқылы) өңдеу, жеткізу, тарату, информатиканың есептеуіш және бағдарламалық құралдарын жасау.

Г. М. Коджаспирова мен К. В. Петровтың пікірінше, ақпараттық технология дегеніміз - өндірістік процестердің және бағдарламалы-техникалық құралдардың, технологиялық тізбекке біріктірілген, ақпараттық қорларды жинауды, өңдеуді, сақтауды, таратуды және бейнелеуді қамтамасыз ететін әдістер жиынтығы, сонымен бірге олардың сенімділігін және оперативтілігін жоғарлатады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Білім берудегі педагогикалық және ақпараттық технологиялар: теориясы мен бастауыш мектепте қолданылуы
Білім берудегі ноу-хау: жалпы білім беру мектептеріндегі инновациялық педагогикалық технологиялар
Мектепке дейінгі білім берудегі инновациялық педагогикалық технологиялар мен деңгейлеп оқыту
Қазіргі педагогикалық технологиялар: теориясы, даму генезісі және бастауыш білім берудегі қолданылуы
Білім берудегі ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың педагогикалық қолданылуы мен тиімділігі
Білім берудегі ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және электрондық оқу ресурстарының құрылымы мен қолданылуы
Білім берудегі инновациялық процестер және педагогикалық қызметтің инновациялық бағыттылығы
Білім берудегі ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және қашықтан оқыту
Кәсіптік білім берудегі ақпараттандыру және заманауи педагогикалық технологиялар
Еуропа елдеріндегі білім берудегі инновациялық қызметтің педагогикалық рөлі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz