Алматы облысы Қарасай ауданының қоршаған ортасының экологиялық жағдайы


МАЗМҰНЫ

Кіріспе . . . 4

  1. Әдебиеттерге шолу . . . 5Қарасай ауданының жалпы сипаттамасы . . . 5Қарасай ауданының табиғи экологиялық жағдайлары . . . 6Жер бедері және топырақ түзуші тау жыныстары . . . 8Жер үсті және жер асты сулар . . . 8Қоршаған ортаның ластану түрлері . . . 9Қалалардың өндірістік-тұрмыстық ластануы . . . 11Қоршаған ортаның ауыр металдармен ластануы . . . 13Ластағыш заттардың қоршаған ортаға әсері . . . 16
  2. Зерттеу нысаны мен әдістері . . . 19Зерттеу нысаны-Қарасай ауданының қоршаған ортасының компоненттері . . . 19Зерттелетін топырақтардың сипаттамасы . . . 19Топырақ, өсімдік, су үлгілерін алу, дайындау әдісі . . . 20Ауыр металдарды атомдық-абсорбциялық

әдіспен анықтау . . . 22

  1. Зерттеу нәтижелері . . . 26Топырақ құрамындағы ауыр металдар мөлшері . . . 26Өсімдік құрамындағы ауыр металдар мөлшері . . . 27Су құрамындағы ауыр металдар мөлшері . . . 29

Қорытынды . . . 31

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . . 32

ГЛОССАРИЙ

Экология- организмдердің тіршілік ету жағдайларын және организмдер мен олардың тіршілік ету ортасы арасындағы өз-ара байланыстарды зерттейтін ғылым.

Қоршаған орта- организмдердіқоршап жатқан, оның тіршілік етуіне әсер ететін нәрселер. Тірі организмдерге әсер ететін ортаныңэлементтері - абиотикалық, биотикалық, әлеуметтік-экологиялық факторлар. Табиғи ортамен әлеуметті сферадан құралады.

Экологиялық мониторинг - қоршаған ортаның жағдайын бақылау, бағалау және болжау жүйесі.

Ауыр металдар - үлесті салмағы 4, 5г/см мөлшерінен жоғары металдар. Бұлардың құрамында адамның өмір үшін қажеттілері де (мырыш, марганец, мыс), организм үшін улы әсер ерітіндері (кадмий, сынап, қорғасын, т. б) бар.

Ауыр металдармен ластану - топырақ және өсімдік жамылғысына қауіп төндіретін заттар. Металлургия өндірісінен жыл сайын топырақ пен өсімдік бетіне жүздеген мың тонна мыс, мырыш, кобальт, он мыңдаған тонна қорғасын, сынап, никель тозаңдары қонады. Отынға пайдаланатын тас көмір мен мұнайда ауыр металдар аралас болғандықтан, олар да ластанудың күшті көзі. Биологиялық ластану - қоршаған ортада адам мен мал ауруына апарып соғатын микроорганизмдердің пайда болып, көбейуі. . Ластану- адамға және табиғи экожүйеге зиянды әсер ететін химиялық, физикалық, биологиялық агенттердің қоршаған ортаға түсуі. Радиоактивті ластану -ортада радиоактивті заттектердің құрамының қалыпты деңгейінен артуына байланысты физикалық ластану түрі. Радиоактивтік ластанудың негізгі көздері ядролық сынақ және қондырғылар. Табиғатты қорғау - биосфералық ресурстарын сақтау (биологиялық әртүрлілікті, суды, топырақты, жер қойнауын, атмосфераны т. б. ) . Улылы қ- кейбір химиялық элементтердің қосындыларының және тіршілік заттектерінің организмдерге (адамға, жануарларға, өсімдіктерге т. б. ) зиянды әсер ету қабілеті. Шекті рауалы концентрация (ШРК) - адам денсаулығына зиян тигізбейтін судағы, топырақтағы, ауадағы, тамақ өнімдеріндегі шекті заттар концентрациясын белгілейтін экологиялық норматив.

Кіріспе

Қазақстан өзінің белсенді экологиялық саясатын мемлекет ішінде де, сондай-ақ көптеген халықаралық ұйымдарда да жүргізеді. Соңғы жылдары қай салада болмасын экологиялық қажеттілік ескерілетіндіктен, мемлекеттің экологиялық саясатының стратегиялық мақсаты - қоршаған ортаның талаптарына сай тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуға қол жеткізу.

Қазіргі кезде ауыр металдардың топырақ пен өсімдіктерде жиналуы, өсімдік организміне түсу жолы мен фитотоксикалық әсері және оларға өсімдіктердің төзімділігінің механизмі туралы, сонымен қатар адам организмінде ауыр металдардың жиналуы, оның әсерінен туындайтын аурулар, үздіксіз әсер етуші химиялық заттардың аз мөлшерінің өсімдіктердің, жануарлардың және адам организміне улы әсері, соның нәтижесінде мутациялардың пайда болатыны туралы зерттеулер белгілі [ 1, 2, 3]

Осыған орай, жұмыста Алматы облысындағы Қарасай ауданының қоршаған ортасының экологиялық жағдайы зерттелді.

Жұмыстың өзектілігі: Қазіргі кезде қоршаған ортаның экологиялық жағдайлары күннен-күнге нашарлауда. Сондықтанда бұл саладағы зерттеулердің өзектілігі жоғары. Бітіру жұмысында Алматы облысы Қарасай ауданының қоршаған ортасының экологиялық жағдайы қаралған.

Жұмыстың мақсаты: Алматы облысы Қарасай ауданының экологиялық жағдайына жалпы сипаттама беріп, соның ішінде табиғи компоненттердің құрамдарын: су қорларын, топырақтағы және осы жерде өсетін дермене жусан өсімдігінің құрамындағы ауыр металдар мөлшерін қарастыру болып табылады.

Жұмыстың міндеті: Алынған үлгілердің құрамындағы ауыр металдардың концентрациясын анықтау. Қарасай ауданының қоршаған ортасының компоненттері құрамындағы ауыр металдарды, анықтау әдістерін игеріп, талдау жасап, алынған нәтижелерді талқылау.

  1. Әдебиеттерге шолу

1. 1 Қарасай ауданының жалпы сипаттамасы

Қарасай ауданы Еуразия материгі, Азия бөлігі, Қазақстан Республикасы, Алматы облысының оңтүстік батысында орналасқан. Жетісу өңіріндегі ірі аудандардың бірі. Оңтүстігінде Қырғыз елімен, батысында Жамбыл. Солтүстігінде Іле ауданымен, шығысында Талғар ауданымен шектескен [4] .

Қарасай ауданы Алматы қаласының миллиондаған халқын азық-түлікпен қамтамасыз етіп отырған бірден-бір елді мекен. Яғни, бұл аудан Алматы облысындағы экономикалық- әлеуметтік жағынан басқалардан едәуір ілгері тұрған өңір. Табиғаты әсем Іле Алатауының Қарасай ауданы Оңтүстігін бойлай созылып жатыр. Биік тау сілемдері осы өлкенің ауа райына ерекше бір әсер етіп тұрғандай. Іле Алатауының солтүстік беткейіндегі тау қырқасындағы мұздықтардан бастау алған Қаскелен өзені ауданымыздың мөлдір моншағындай қаланың ортасы мен елді мекендерге сән бере, күркіреп ағып жатыр. 4000 метр биіктіктен басталатын бұл өзеннің Қаскелен қаласына дейінгі ұзындығы 219км-ге дейін жетеді.

Жалпы жер көлемі 2300 шаршы шақырым жерді алып жатқан Қарасай ауданының орталығы Алматы қаласынан небәрі 27 шақырым қашықтықта орналасқан. Құрамында 32-ге жуық ұлт өкілдері бар 160 мыңға тарта аудан тұрғындары бар. Аудан орталығы Қаскелең қаласында 40 мың халқы бар болса, қалған 120 мыңы ауылдық жерлерде тұрады.

Қарасай ауданының әкімшілігіне қарасты 68 елді мекен бар, жалпы халқының орналасу тығыздығы бір шаршы км-ге 66, 3 адамнан келуі, халықтың тығыз қоныстанғандығын көрсетеді. Ауданның географиялық орналасу жағдайы экономикалық дамуы негізгі факторына сай келіп тұрғандай. Себебі, миллионнан аса халқы бар Алматы қаласының жақындығы және жолаушы тасымалдайтын өте қолайлы автомобиль жолдарының көптігі, сонымен қатар жүк түсіретін тұйықтары бар. Шамалған станциясынан темір жол түйіні өтеді. Осындай тығыз жолдың торабы ел экономикасының дамуына әсер етері сөзсіз.

Дамуымыздың бағыт бағдарын Қарасай ауданының келбетіне қарап және күн санап көркейіп келе жатқан әрбір ауылдың өмірінен де айқын көруге болады. Нарық заңдылығына сай шағын кәсіпкерлік көбейіп, шаруа қожалықтары жыл санап өсе түсуде. Ірі өндіріс орындары мен кәсіпорындар да барынша молайып келеді. Ауданда 1534 шаруашылық субъектісі болса, оның 1414-і шағын кәсіпорын, 110-ы орта кәсіпорын болып табылады. Оның ішінде ауылшаруашылығымен айналысатын 160 шағын және орта кәсіпорын жұмыс істейді. Құрылыс жұмыстарымен 160 кәсіпорын айналысады. Көлікпен қамту саласында 79 кәсіподақ, сауда және қоғамдық тамақтандыру бағытында еңбек ететін 462шағын кәсіпорын бар. Бұдан басқа да жекеменшік кәсіпкерлікпен айналысатын 503 шаруашылық жумыс істеуде [5] .

C:\Documents and Settings\User\Рабочий стол\catalogue_k_15773_almatin_red.gif

1 сурет. Қарасай ауданының орналасу картасы.

1. 2 Қарасай ауданының табиғи экологиялық жағдайлары

Қарасай ауданының ауа температурасының өзгергіштігі мына себептерге байланысты: Қарасай ауданының географиялық орны, жер бедері; Қарасай ауданының қоңыржай белдеуде жатуы. Жергілікті жер Еуразия материгінің орталығында орналасқан. Дүние жүзілік мұхиттардан бірнеше мыңдаған шақырым қашықтықта жатыр және оңтүстік-шығыста Іле Алатауының бөктерінде орналасқан.

Қарасай ауданы қоңыржай белдеуде жатқандықтан, жылдың төрт мезгілі өз уақытында ауысып отырады. Ауданның қысы жұмсақ, қар негізінен желтоқсаннан наурызға дейін созылады. Күз қыркүйектен желтоқсанға дейін. Күз қысқа және құбылмалы. Ауа райы негізінен ашық бұлтсыз, тек қазан айының соңына қарай күн бұлттанып, күзгі суық желдер соғып, қар жауады. Жауын-шашын көктемде көбірек түседі. Мамыр айынан бастап күн ысып, құрғақ ауа райы қалыптасады. Аудан теңіз деңгейінен биіктігі 800м., таулы белдеуде 5000м көтеріледі (Абай шыңы 4080м, Үлкен Алматы шыңы 3628м) [6] . Мысалы: күн сәулесінің түсу ұзақтылығы Қаскелеңде 289сағат, ашық күндер саны 150 күн, бұлыңғыр күндер саны жылына 150-160 шамасында . Жылдың жиынтық радиациясының мөлшері 1 шаршы метр 140тең.

Орта температура - 6, - 8 0 C, шілденің орташа температурасы 22, 3 0 С. Қыста ауаның минимальді температурасы - 30 0 С. Ол солтүстік Мұзды мұхит үстінде қалыптасқан арктикалық суық ауаның еш кедергісіз өтуіне байланысты. Соның салдарынанбізде көктемнің аяғы, кейде жазда да, сонымен бірге ерте күзде де суық ауа райы байқалады. Климаты шұғыл континетті болуына байланысты, ауа температурасының жылдық және тәуліктік амплитудасы өзгеріп отырады. Қарасай ауданында күз және көктем айларында жауын-шашын әжептәуір мол түседі. Ал, жаз айларында жауын-шашын азырақ түседі. Жазда циклондық әрекет жиі жүруіне қарамастан жауын-шашын сирек түседі. Қарасай Ауданын да атмосфералық жауын- шашынның маусымға бөлінуі барыншы әр түрлі. Мұнда көбінесе максимум екі рет көктем мен жазғы уақытта және күздің екінші жартысында, минимум күздің бірінші жартысы мен қыста байқалады. Жауын-щашынның көпшілігі жаңбыр түрінде жауады. Тіпті жаңбыр қыс кезінде де жауады. Мұндай жаңбыр оңтүстіктен солтүстікке қарай ығысып шыққын оңтүстік жылы ауа массаларымен байланысты. Көктемдегі жазғы уақыттарында күшті нөсерлер жиі болып тұрады.

Қарасай ауданында қар жамылғысы қарашаның аяқ кезінде түсіп, наурыздың бірінші жартысында кетеді, яғни ол солтүстікке қарағанда бір ай кейін қалыптасқан, бір жарым ай бұрын еріп кетеді. Қар жататын кезеңнің ұзақтығы мұнда 40 күннен 80 күнге дейін болады. Қарасай ауданында қар жамылғысы солтүстікке қарағанда жұқа болады. Оның он күндік орташа қалыңдығы 10-20см [7] .

Қарасай ауданы биік таулы аймақта орналасқандықтан жауын-шашын мөлшері көбірек. Биік таулы аймақтарда атмосфералық жауын-шашынның таралуындағы басты ерекшелік жер беті биіктеген сайын жылдық жауын -шашынның орташа мөлшері де шұғыл көбейе түсетіндігінде. Бұл жағдай Қарасай ауданының нормадағы жылдық жауын-шашын мөлшері 628 мм-ге тең екендігінен дәлелденеді. Жылдық жауын -шашын мөлшерінің булануға қатынасын ылғалдылық коэффиценті деп аталады. Ылғалдылық коэфициенті 1-ден кем болса, онда ылғалдылық жеткіліксіз болады. Мысалы Түркістан қаласында ол 238 мм/1250 мм - 0, 19-қа тең болады. Демек ылғалдылық өте жеткіліксіз, ал Қаскелеңде ол 628 мм/900мм - 0, 7-ге тең, яғни Түркістанға қарағанда ылғалды, бірақта олда жеткілксіз. Қарасай ауданында жауын -шашын жеткіліксіз болғандықтан, егін шаруашылығы суаруды қажет етеді.

Ауа температурасының жылдық өзгерісі. Жылдың барлық айларында ауа температурасын бақылау материалдарын өңдеу Солтүстік жарты шардағы барлық елдерде секілді, зерттелген аймақта ең жоғарғы орташа айлық температура шілде де, ең төмен орташа температура қаңтарда байқалады. Мұндай жағдайдың күн көкжиектен өте биікте болғанда және күндер өте ұзақ болатын (шілде) немесе күн көкжиек үстіне өте төмен тұрғанда және күндер өте қысқа болатын желтоқсан айларында байқалатыны неліктен? Мәселе мынада: шілдеде жақсы қызып алған жер бетіне күн жылуы маусымдағыдан аз болса да, айтарлықтай көп келеді. Сондықтан одан ауада қызады. Қаңтарда жер бетіне келетін күн жылуы біраз артқанымен, ол өлі де суық болады да да, ауа одан әрі суыта береді. Жыл ішіндегі ең жылы ай мен ең суық айдың орташа температурасы арасындағы айырмашылық ауа температурасы ауытқуын жылдық амплитудасы деп аталады [5] .

1. 2. 1 Жер бедері және топырақ түзуші тау жыныстары

Ауданның жер бедері геоморфологиялық бірлік бойынша-таулы, жоталы және жазықтық болып бөлінеді. Іле-Алатауының төменгі бөлігі ауданның таулы геоморфологиялық бірлігін құрайды. Осыған орай орталық бөлікке қарағанда, Батыс бөлігінің топырақ климаттық құрылымы құрғақ болып келеді. Негізгі шатқалдың солтүстікке қарай теңіз деңгейінен Үшқоңыр деп аталатын 1200-1800 биіктегі тау орналасқан. Аймақтың жоталы территориясында геологиялық құрылымдардың көне интрузивтік жыныстары кездеседі.

Таулардың солтүстік бөліктерінің жоталары эрозиялы болып келеді. Оңтүстік және шығыс жоталарының беткейлері тік және олардың биіктігі 2-4 м-ден жоғары. Жер бедерінің мұндай түрі ауыл шаруашылық дақылдарын өңдеуге келмеитіндіктен, олар тек жайылымдыққа жарамды. Жоталардың төбелері кең жерлері астық тұқымдас немесе көкеніс дақылдарын отырғызуға қолданылады. Геоморфологиялық және гидрогеологиялық шарттарға байланысты ылғалдылықтың жоғаылауы жер асты сулардың жерге жақын орналасуынан негізгі жартылай гидроморфты және топырақ таралған. Таулы жазықтарда тұзды шөгінділер қалыптасқан. Негізінен бұл жерде солтүстік құба, кей жерлерде тұзды топырақтар кездеседі. Лесті құмбалшықтар, құмайт, ірі қиыршық тасты, сортаң және кейбір жыныстарды топырақты құрайды.

Ауданның солтүстігінде ірі қиыршық тасты және құмды шөгінділер қалыңдығы 1, 5-5 м-ге жетеді. Олардың механикалық құрамы жеңіл ашық құба топырақ құраушы жыныс болып саналады. Ашық құба топырақтарды егіншілікке қолданғанда топырақ дефиляциясы таралады [6] .

1. 2. 2 Жер үсті және жер асты сулар

Аудан территориясында гидрографиялық жүйе тегіс емес дамыған. Таулы бөліктерге қатысты жерлерде жақсы дамыған. Себебі, ол жерде көптеген өзендер, бұлақтар бар. Олардың ішінде ірілері : Қаскелең, Шамалған, Ақсай өзендері. Бұл өзендер бұлақ көздерінен шыққан және одан басқа олар қардың еруінен қоректенеді. Таулы аймақтарда олардың суы толы болса, жазық жерлерге түскеннен кейін олар таязданып, кішірейеді. Бұл су тұщы болғандықтан, оны малдарды және жерді суғаруға қолданады. Тауларда бұлақтар көп. Ауданның жер асты суларының тереңдігі әр түрлі және олардың минерализациясы ауысымды.

Қопы өзенінің аймағындағы жер асты суларының тереңдігі 1, 5м-ден 4м-ге дейін жетеді. Бұл жерде су қатты минерализацияланған, осының нәтижесінде батпақты, шалғынды және шалғынды құба топырақтар қалыптасқан. Тұздың құрамы 4, 8-6, 5 г/л құрайды [12. 13] .

Жер асты сулары терең болғандықтан топырақ құрау процесіне ешқандай әсері болмайды. Тұздану химизмі әрқилы болып келеді. Осындай жерлердің топырақтары әр түрлі дәрежеде тұзды және сор шалғынды сортаңдар кездеседі.

Сары-Бұлақ жер бөліктерінде бірнеше бұлақтар бар. Оларды мал суаруға пайдаланады [8] .

  1. Қоршаған ортаның ластану түрлері

Қоршаған ортаның ластануы дегенде біз оған тән емес заттардың енуі немесе бар заттардың концентрациясының (химиялық, биологиялық, физикалық) артуының нәтижесінде қолайсыз әсерлер туғызуын түсінеміз. Ластандырушы заттарға тек улы заттар ғана емес, зиянды емес немесе аз ғана қажет оптималды концентрациядан артық болуы да жатады.

Ластану әр түрлі белгілер бойынша жіктеледі:

-шығу тегі бойынша:табиғи және жасанды.

-пайда болу көзіне байланысты:

а) өндірістік, ауыл шаруашылық, транспорттық және т. б.

б) нүктелік (өнеркәсіп орнының құбыры), объектілік (өнеркәсіп орны), шашыраған(егістік танабы, бүкіл экожүйе), трансгрессивті(басқа аймақтар мен мемлекеттерден енетін) ;

-әсер ететін аумағына байланысты: ғаламдық, аймақтық, жергілікті;

-қоршаған ортаның элементтері бойынша: атмосфера, топырақ, гидросфера, және оның әр-түрлі құрам бөліктері (әлем мұхиттары, тұщы су, жер асты сулары, өзен сулары және т. б. ) ;

-әсер ететін жеріне байланысты: (қала ортасы, ауыл шаруашылық ортасы, өнеркәсіп орындарының ішінде және т. б. ) ;

-әсер ету сипатына байланысты;

химиялық (химиялық заттар мен элементтер) ;

физикалық (радиоактивті, радиациялық жылулық, электромагниттік) ;

физико-химиялық (аэрозольдер) ;

биологиялық (микробиологиялық және т. б. ) ;

-тұрақты дәрежесі бойынша: өте тұрақты-жүз және мың жыл тұратын (азот, оттегі, аргон және мың жыл тұратынбасқа инертті газдар), тұрақты 5 және 25 жыл (көмірқышқыл газы, метан, фреондар), тұрақсыз (су буы, көміртегі тотығы, күкіртті газ, күкірт сутек, азоттың қос тотығы, озон қабатындағы фреондар) [14] .

Қоршаған ортаның ластануы мынадай топтарға бөлінеді:

1. Химиялық ластану (көміртек және күкірт оксидтері, көмірсулар, ақаба сулар, пестициттер, гербицидтер, фторлы қосылыстар, ауыр металдар, аэрозольдер) .

2. Физикалық ластану (радиоактивті заттар, электромагнитті толқындар, жылу, шу және тербелістер) .

3. Биологиялық ластану (ауру қоздырғыш бактериялар мен вирустар, құрттар т. б. ) .

4. Антропогендік ластану (табиғаттың қайталанбас ландшафтарының өзгеруі т. б. ) .

Өнеркәсіптен бөлінетін әртүрлі химиялық заттар ауаға, суға және топыраққа сіңіп, тізбектің бір айналымынан екіншісіне өтіп, зат алмасу нәтижесінде адам организіміне түседі. Бүкіл жер шарында химиялық ластаушы заттардың кездеспейтін жері жоқ деп айтуға болады. Табиғи ортаны ластаушы химиялық заттар әр түрлі болып келеді, олар қасиетіне, шоғырлануына және адам организіміне әсер етуіне байланысты бірнеше топқа бөлінеді. Мұндай заттармен улану адамның басын айналдырып, тамағын жыбырлатып, жөтел тудырады. Адам организміне химиялық улы заттардың көп мөлшерде түсуі кейде өлім қауіпінде туғызуы мүмкін. Мұндай улы заттарға ірі өнеркәсіпті қалалардың үстіне желсіз күндері жиналған түтіндерді де жатқызуға болады. Қазіргі кезде ауаны ластайтын улы заттардың 150-ден астам түрі белгілі. Бұл заттар ауада күн сәулесінің әсерінен реакцияға түсіп, жаңа қосындылар түзеді. Өнеркәсібі дамыған елдерде ауаны ластаушы улы заттардың бірі-күкірт диоксиді кокс- химия зауыттары мен тау-кен өңдеу және целлюлоза қағаз өнеркәсіптерінен шығарылады. Олар ауада ылғалдың әсерінен күкірт қышқылына айналады. Құрамында күкірт қышқылы бар тұман немесе ылғалды ауа адамның, жануарлардың тыныс жолдарының сілемейлі қабаттарына, терісіне әсер етеді және олар өсімдіктерге де көп зиян келтіреді. Ауадағы күкіртті сутек адам организмін улап қана қоймай, жүйке ауруларын туғызады. Сонымен бірге қазіргі кезде қорғасынның металлургия зауыттарының маңайындағы топырақты, жан-жануарларды, өсімдікті және адам организмін ластауы шектен тыс артып отыр.

[9, 10] .

Радияциялық ластанудың басқа ластанудан көп айырмашылығы бар. Радияциялық ластануды қысқа толқынды электромагниттік сәуле шығару мен зарядталған бөлшектерді бөлетін радиоактивті нуклидтер құрайды. Осы бөлшектер мен таралған сәулелер адам организміне түскенде жасушалардың құрылымын бұзып, соның салдарынан түрлі аурулар пайда болады. Радияциялық ластанудың негізгі көздері-альфа, бетта және гамма сияқты радиоактивті сәулелер. Иондалған сәулелер адам мен жануарлар жасушаларындағы нәруыз, фермент және басқа құрылымдардың өзгеруіне, яғни сәулелік аурулардың тууына апарып соғады. Сәулелік аурулардың пайда болуы қабылдаған сәуленің мөлшеріне байланысты. Адамға 50 рентген мөлшеріндегі сәуле әсер ете бермеиді. Ал 100 рентген сәуле қабылдаған адамнан сәулелік аурудың белгілері байқала бастайды. Табиғи ортада химиялық және радияциялық ластанудан басқа әр түрлі ауру туғызатын ластанудың биологиялық түрі кездеседі.

Ауру туғызатын микроорганизмдер ауада, суда, топырақта, жануарлар мен адамның организмінде кездеседі. Жер бетіндегі шамамен 1, 5 млн жануардың 50 мың-ға жуығы паразиттік тіршілік етеді, соның ішінде 500-дей түрі адам организмінің паразиттері болып саналады. Адам паразиттерінің көбісі - ауру қоздыратын жәндіктер. Тіршілік етуіне қарай паразиттер уақытша және тұрақты болып бөлінеді. Уақытша паразиттер организм денесінде қорек болғанда ғана пайда боады. Оларға: сүліктер, кенелер, масалар жатады. Ал тұрақты паразиттер үшін организмдердің қоректену обьектісі ғана емес, олардың өсіп көбейетін тұрақты ортасы болып саналады [16] .

1. 4 Қалалардың өндірістік-тұрмыстық ластануы

Қазіргі заманға тән ерекшеліктердің бірі урбанизацияның- қалалық өмір салтының белсенді таралуы мен ундустриализациямен байланысты қоғам өмірінде қала рөлі артуының тарихи процесінің тоқтатылмас күшті қарқыны болып табылады. Бүгінгі күні қалалар жер бетінің тек бір пайызын ғана құрайды, алайда мұнда әлем халқының жартысы мен өнеркәсіптің басым бөлігі шоғырланған [17] .

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жер ресурстарын басқарудың теориялық негіздері
Қазақстандағы экологиялық туризмнің дамуы
Алматы облысы Қарасай ауданы
Шарын МҰТП жерінің экспликациясы
Алматы облысының экологиялық туристік бизнесті дамыту перспективалары
Алматы облысының 2007-2011 жылдарға арналған туризм даму бағдарламасына талдау
«Өндіріс және тұтыну қалдықтарын азайту»
Ландшафттар және оларға бейімделген мал шаруашылығы жүйесі
Daphnia sp тест - объектісін пайдалана отырып Астана қаласының табиғи және ақаба суларын бағалау
Алматы облысының ауыл шаруашылық картасын құрастыру
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz