Платон



Платон – б.д.д 427-347 жж. Сократтан дәріс алған, оның ілімін ары қарай жалғастырушы, өзінің терең де мағыналы философиялық ойларымен жалпы философия ғылымының дамуына үлкен әсер еткен ғұлама-ойшыл. Платон оның лақап аты, шын аты – Аристокл. 20 жасында Сократтан дәріс алған, кейін Афинада Гекадем атындағы гимназияда ұстаздық етеді. Бұл мектеп алғашқыда Гекадемия деп, соңғы кезде академия деп аталынады. Негізгі шығармалары: Апология, Критон, Кратил, Федон, Мемлекет, Теэтет, Тимей, Заңдар т.б.
Платон пікірінше, шын болмыс – ақылмен ғана білуге болатын денесіз идеялар әлемі. Платонның болмысы Парменидтікіндей біртұтас болмыс емес керісінше, өздеріне тән идеялары бар рухани көпшілік. Әр идея өз алдына мәңгі және өзгермейді, ол өзіне өзі тән. Идеялардың саны көп, бірақ шексіз емес. Әлемде қанша біртектес, бір-біріне ұқсас заттар, құбылыстар, процестер, қатынастар т.б. көп болса, соншама идеялар бар. Идеялар бір-бірімен тек қана қарым-қатынаста емес, сонымен бірге бір-біріне бағынышты қатынастарда болады. Платон рухани әлемнің жеке-жеке идеялары туралы айтқанда, көбінесе «эйдос» деген ұғымды қолданады. Ежелгі грек тілінде идея да, эйдос та бір-біріне ұқсас мағына береді: түр, пішін, кейіп, тәсіл т.б. Эйдостар сезімдік заттар үшін бір мезгілде әртүрлі міндет атқарады: себептілік; заттардың жаратылу кескіні үшін үлгі; заттардың түпнегізін бейнелейтін ұғым. Материалдық денелер өзгермелі, құбылмалы, ал эйдостар мәңгі, өзгермейді. Заттардың өзгермелілігін түсіну үшін бұл екі ұғым жетіспейді, сондықтан Платон оларға қосымша тағы бір ұғым – «Хораны» кіргізді. Хора –материя көрінбейтін, түрсіз, еленбейтін, өзіне-өзі тең құбылыс. Бірақ ол кез келген түрді қабылдап, пішінделген материя болуға қабілетті. Оны денелі немесе денесіз деп айтуға болады. Платонның материясын танып-білуге болмайды, ол бейболмыстың бір түрі. Осыған қарамастан, материя көп түрліліктің, жалқылықтың, заттанудың, өзгерістердің, туу мен өлімнің, табиғи қажеттіліктің, жамандықтың және еріксіздіктің қайнар көзі. Материя мәңгі, ол өмірге идея арқылы келмейді.

Пән: Тарихи тұлғалар
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   
Платон
Платон - б.д.д 427-347 жж. Сократтан дәріс алған, оның ілімін ары қарай жалғастырушы, өзінің терең де мағыналы философиялық ойларымен жалпы философия ғылымының дамуына үлкен әсер еткен ғұлама-ойшыл. Платон оның лақап аты, шын аты - Аристокл. 20 жасында Сократтан дәріс алған, кейін Афинада Гекадем атындағы гимназияда ұстаздық етеді. Бұл мектеп алғашқыда Гекадемия деп, соңғы кезде академия деп аталынады. Негізгі шығармалары: Апология, Критон, Кратил, Федон, Мемлекет, Теэтет, Тимей, Заңдар т.б.
Платон пікірінше, шын болмыс - ақылмен ғана білуге болатын денесіз идеялар әлемі. Платонның болмысы Парменидтікіндей біртұтас болмыс емес керісінше, өздеріне тән идеялары бар рухани көпшілік. Әр идея өз алдына мәңгі және өзгермейді, ол өзіне өзі тән. Идеялардың саны көп, бірақ шексіз емес. Әлемде қанша біртектес, бір-біріне ұқсас заттар, құбылыстар, процестер, қатынастар т.б. көп болса, соншама идеялар бар. Идеялар бір-бірімен тек қана қарым-қатынаста емес, сонымен бірге бір-біріне бағынышты қатынастарда болады. Платон рухани әлемнің жеке-жеке идеялары туралы айтқанда, көбінесе эйдос деген ұғымды қолданады. Ежелгі грек тілінде идея да, эйдос та бір-біріне ұқсас мағына береді: түр, пішін, кейіп, тәсіл т.б. Эйдостар сезімдік заттар үшін бір мезгілде әртүрлі міндет атқарады: себептілік; заттардың жаратылу кескіні үшін үлгі; заттардың түпнегізін бейнелейтін ұғым. Материалдық денелер өзгермелі, құбылмалы, ал эйдостар мәңгі, өзгермейді. Заттардың өзгермелілігін түсіну үшін бұл екі ұғым жетіспейді, сондықтан Платон оларға қосымша тағы бір ұғым - Хораны кіргізді. Хора - материя көрінбейтін, түрсіз, еленбейтін, өзіне-өзі тең құбылыс. Бірақ ол кез келген түрді қабылдап, пішінделген материя болуға қабілетті. Оны денелі немесе денесіз деп айтуға болады. Платонның материясын танып-білуге болмайды, ол бейболмыстың бір түрі. Осыған қарамастан, материя көп түрліліктің, жалқылықтың, заттанудың, өзгерістердің, туу мен өлімнің, табиғи қажеттіліктің, жамандықтың және еріксіздіктің қайнар көзі. Материя мәңгі, ол өмірге идея арқылы келмейді.
Платон материяның бір түрінен физикалық материя түрін ажыратып қарастырады. Физикалық материя антикалықкөзқарастарда қалыптасқан төрт түпнегіз - от, жер, су, ауа - түрінде өмір сүреді. Сезімдік заттар - заттандырылған идеялар мен материяның туындылары.
Материалдық денелер өзгермелі: уақытша дүниеге келіп, мәңгі жоғалып жатады. Заттар идеялармен үш түрлі байланыста болады. Біріншіден, заттар өзінің идеяларына ұмтылады, сол идеяларға ұқсауға тырысады. Екіншіден әрбір затта идеяның бөлшектері бар, сондықтан заттар өз идеялары сияқты болады. Бұл пікірді былай деп түсіндіруге болатын сияқты. Егер заттар өз идеяларынан басқа болса,онда олардан бөлек және жоғары сатыда тұрған,заттармен идеяларды біріктіретін, тағы бір идея болуы керек. Мысалы, адам идеясы мен адамнан басқа, осы екеуін біріктіріп қамтитын үшінші адам идеясы болуы керек. Үшіншіден сезімдік әлемдегі заттар оң идеялармен бірігіп кетеді. Себебі заттар идеялардың көлеңкесі, олардың бейнеленуі, ал идеялар - заттардың алғашқы түрлері, пішіндері. Өзінің осы ілімін түсіндіру үшін Платон үңгір туралы аллегориясын келтіреді: адамның өмірі үңгірде өмір сүретін адамдардың қоршаған ортаны танып-білуімен өте ұқсас. Үңгірдегі адам заттардың өзін емес, тек олардың көлеңкесін ғана көріп таниды және оларды табиғаттың шын құбылысы екен деп есептеп, үңгірден сыртқа шыққанда шынайы құбылыстарды көріп, оларды шын мәніндегі заттар ретінде мойындамайды, осы пікірдің қате екендігін түсіндіріп айтқан адамды жынды санап, өлтіруге дейін барады.
Платонның ілімі бойынша идея мен материядан басқа үшінші бастама - әлемдік рух немесе космос рухы шығармашылық күштің, қозғалыстың, тіршіліктің, жанның, сананың және таным процесінің қайнар көзі ретінде идеялар әлемі мен заттар әлемін қосып байланыстырады. Ол заттарды идеяға ұқсауға, ал идеяларды заттарда болуына көрінеді. Осы екі әлемді біріктіріп, байланыстыру үшін космостық рухтың өзі қарама-қайшылықта болуы керек. Шынында да, ол қарама-қарсы үш бөліктен тұрады: біріншісі - өзіне-өзі тең бөлік, екіншісі - өзгермелі бөлік және үшіншісі - сол екеуінің ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жетілген мемлекеттің сипаттамалары
Үңгір аллегориясының қазіргі түсінігі
Платонның «Мемлекет» шығармасы
Платон философиясы туралы
Платонның өмірбаяны
Платон философиясы
Сократ, Платон философиясы
Платонның жан мен тән туралы ұғымы
Платонның жан мен тән туралы ұғым жайлы
Болмыс мәселесі
Пәндер