Жануар қанындағы нысанды элементтердің циркадианды динамикасының ырғақтылығын зерттеу



БЕЛГІЛЕР МЕН ҚЫСҚАРТУЛАР ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
НЕГІЗГІ БӨЛІМ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
1 ӘДЕБИЕТКЕ ШОЛУ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
1.1 Қанның нысанды элементтерінің физиологиясы ... ... ... ... ... ... ..
1.2 Тәуліктік (циркадианды) ырғақ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
2 ЗЕРТТЕУ МАТЕРИАЛДАРЫ МЕН ӘДІСТЕРІ ... ... ... ... ... ...
2.1 Зерттеу нысаны
2.2 Зерттеу әдістері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
2.3 Зерттеу нәтижелерін статистикалық өңдеу ... ... ... ... ... ... ... ... ...
3 ЗЕРТТЕУ НӘТИЖЕЛЕРІ ЖӘНЕ ОЛАРДЫ ТАЛҚЫЛАУ..
3.1 Егеуқұйрықтар қанының құрамындағы эритроциттер мөлшерінің циркадианды динамикасының ырғақтылығы ... ... ..
3.2 Егеуқұйрықтар қанының құрамындағы лейкоциттер мөлшерінің тәуліктік динамикасының ырғақтылығы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
3.3 Егеуқұйрықтар қанының құрамындағы тромбоциттер мөлшерінің циркадианды динамикасының ырғақтылығы ... ... ...
3.4 Егеуқұйрықтар қанының құрамындағы гемоглобин мөлшерінің тәуліктік динамикасының ырғақтылығы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
3.5 Нәтижелерді талқылау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.
ҚОСЫМША
Тірі жүйелердің уақыттық құрылымын зерттеу маңызды биологиялық мәселе болып табылады, өйткені биологияның негізгі заңдары уақыт іргелі түсінігіне арқа сүйейді.
Қазіргі таңда биологиялық процесстердің ырғақтылығын мойындап қана қою жеткіліксіз, сондай-ақ биоырғақтың жүйе ретіндегі ішкі құрылымын да, оның қалыпты өзгеру аралығын және биоырғақтың бұзылуы басталатын шектерін де білу қажет. Организм ырғағының құрылымы бейімделу процесстерінде, сондай-ақ әртүрлі стресстік әсерлер кезіндегі физиологиялық өзгерістердің қалыптасуында үлкен маңыздылыққа ие.
Организм қызметінің уақыттық құрылуын сараптамасы қандай-да бір дәрежеде биоырғақтардың құрылымдық параметрлерін: периодын, амплитудасын, мезор, акрофазасын және уақыт бойындағы биоырғақтың құрылымдық ұйымдасуын бейнелейтін өзге де параметрлерін зерттеуге негізделуі қажет.
Гемостаз жүйесі – организмнің қалыпты жұмыс жасауын қамтамасыз ететін көптеген жүйелердің бірі. Сонымен қатар, аталған жүйе айқын көрініс табатын соңғы қызмет ету нәтижесі – қантамырлар бойымен қанның сұйық күйін қамтамасыз етілген жағдайда оның құрамдас бөліктерінің жоғары лабилділігіне ие болады. Гемостаз жүйесі жүрек-қантамырлар жүйесімен тығыз морфофункционалдық өзара байланыста болуына қарамастан, олардың әртүрлі экологиялық жағдайда бірлесіп қызмет атқару мәселесінде бірқатар шешілмеген және түсініксіз сұрақтар қалып отыр. Қазіргі таңда циркадиянды ритмге байланысты адамның 500 функцияналдық процестері анықталған.
Тыныштық қалпындағы жүректің жиырылуы циркадияндық ритмнің фазасына тәуелді. Негізгі жердегі ритм – тәуліктік, жердің өз осімен айналу уақытымен негізделген. Сондықтан іс жүзінде тірі ағзадағы барлық процестер тәуліктік қайталануға ие. Барлық ырғақтар (адамдарда 100-ден аса ырғақ түрі анықталған) бір бірімен байланысып, ағзаның уақыт бойынша келісілген, бірізді ырғақтық жүйесін құрайды. Бұл жүйе адам ағзасының әр түрлі қызметінің ырғаққа байланысты өзгерісін анытауға жол ашады, ол дәрігерлер мен физиологтарға аурудың алдын алу және емделушінің қал-жағдайын анықтауға құнды ақпарат болып табылады.
Жұмыстың мақсаты: жануар қанындағы нысанды элементтердің циркадианды динамикасының ырғақтылығын зерттеу болып табылады.
Жұмыстың міндеттері:
- егеуқұйрықтар қанының құрамындағы эритроциттер мөлшерінің циркадианды динамикасының ырғақтылығын зерттеу
- егеуқұйрықтар қанының құрамындағы лейкоциттер мөлшерінің тәуліктік динамикасының ырғақтылығын зерттеу
- егеуқұйрықтар қанының құрамындағы тромбоциттер мөлшерінің циркадианды динамикасының ырғақтылығын зерттеу
- егеуқұйрықтар қанының құрамындағы гемоглобин мөлшерінің тәуліктік динамикасының ырғақтылығын зерттеу
Зерттеу жұмысының өзектілігі: адамның биологиялық ритмі қазіргі таңда организмнің функционалдық күйінің және оның қоршаған ортаға бейімделу тиімділігінің әмбебап критериі ретінде қарастырылуда, сол себепті көптеген зерттеушілердің назарын өзіне аударған мәселе қалыпты жағдайдағы және патологиялық күйдегі биологиялық жүйелердің уақыттық ұйымдасуы мәселесі болып отыр.
Ғылыми жаңалығы: алғаш рет эксперименттік жағдайда егеуқұйрықтар қанының формалық элементтерінің (эритроцит, лейкоцит, тромбоцит) және гемоглобин мөлшерінің тәуліктік ырғағы кешенді түрде зерттелді.
Егеуқұйрықтар қанының формалық элементтерінің және гемоглобин мөлшерінің тәуліктік динамикасының маңызды хроноқұрылымдық параметрлерінің (мезор, амплитуда, акрофаза, период) мәндері анықталды.
Егеуқұйрықтар қанының эритрограммасын зерттеу нәтижелері эритроциттер мөлшері тәулік бойында айтарлықтай өзгере қоймағанымен, жыл маусымдарының ауысуына байланысты айтарлықтай өзгеріске ұшырайтындығын көрсетті. Сондай-ақ лейкоциттер көрсеткіші де маусым алмасуына қарай өзгеріске ұшырап отыратындығы дәлелденді. Айта кететін жайт, анықталған өзгерістер қалыпты мөлшер шеңберінде болды.
Ал егеуқұйрықтар қанының гемоглобин мөлшерін зерттеу нәтижесінде алынған мәліметтер эритроциттер секілді гемоглобин мөлшерінің де маусымдық алмасуларға айтарлықтай сезімтал екендігін дәлелдеді.
1 Ноздрачева А.Д. Большой практикум по физиологии человека и животных. В 2 т.– М.: Изд. Центр Академия, 2007. – Т. 2. – С. 173– 177.
2 Торманов Н.Т., Төлеуханов СТ. Адам физиологиясы. – Алматы, Қазақ университеті, 2007. –Б. 86 –88.
3 Агаджанян, Н.А. О физиологических механизмах биологических ритмов Успехи физиол. наук. 2002. -№4. -С.80-104.
4 Ашофф, Ю. Эндогенные и экзогенные компоненты циркадианных ритмов / Биологические часы. М.: Мир.2007. - С.27-59.
5 Ашофф Ю. Циркадианная система человека. / Р. Вивер // Биологические ритмы. М.: Мир.2005. - Т.1. - С. 262-388.
6 Батурин В.А. Организация циркадианных ритмов двигательной активности у крыс с экспериментальным гиперпаратиреозом Мат. XVII съезда физиологов России. Ростов-на-Дону.2001. - С.64.
7 Белкин А.В. Оценка деформируемости эритроцитов различной степени зрелости Тезисы докладов: XVIII Съезд физиологического общества им. И.П. Павлова. Казань. 2001. - С. 309.
8 Белкин А.Д. Влияние магнитного поля промышленной частоты и постоянного освещения на периферическую кровь крыс / С.В Мичурина, А.В Шурлыгина, С.А Архипов, Ю.В. Бугримова, JI.B. Вербицкая // Гигиена и санитария. 2005. - N 5. - С. 78-80.
9 Будкевич P.O. Изменения ритмостаза у крыс, внутриутробное развитие которых проходило в условиях гиперпаратиреоза матери: Автореф. дис. канд. биол. наук. Ставрополь. 2001. - 24 с.
10 Губин Г.Д. Структура индивидуальных биоритмов ректальной температуры крыс в норме и в условиях голодания / Д.Г. Губин, С.В. Рыбина, А.В. Рыбак // Бюллет. экспер. биологии и мед. - М.: Медицина, 2000. - С.656-657.
11 Деряпа Н.Р. Проблемы медицинской биоритмологии / М.П. Мошкин, B.C. Росный. М.: Медицина. 2002. - 283с.
12 Джандарова Т.И. Роль ионов кальция в организации и перестройке циркадианных ритмов эндокринных функций. - Ставрополь: СГУ. 2002. - 131с.
13 Джандарова Т.И. Влияние корня солодки на циркадианные ритмы кальция и кортикостероидов в крови при гипо- и гиперпаратиреозе // Тезисы докладов Всероссийской конференции Нейроэндокринология-2003 2003.- 180 с.
14 Батурин В.А. // Материалы X Международного симпозиума Эколого-физиологические проблемы адаптации (29-30 января 2001 г., г. Москва). М.:2001. - С. 163-164.
15 Доскин В.А. Биологические ритмы растущего организма Н.Н. Куинджи. М.: Наука. 2003. - 224 с.
16 Козинец Г.И. Физиологические системы организма человека, основные показатели / М.: Триада-Х. 2000. - 384с.

Пән: Биология
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 58 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті

Жантөреева Ж.Е.

ЖАНУАР ҚАНЫНДАҒЫ НЫСАНДЫ ЭЛЕМЕНТТЕРДІҢ ЦИРКАДИАНДЫ ДИНАМИКАСЫНЫҢ ЫРҒАҚТЫЛЫҒЫН ЗЕРТТЕУ

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

5В060700-Биология мамандығы

Алматы 2015

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті

Қорғауға жіберілді
Кафедра меңгерушісі
б.ғ.д., профессор Төлеуханов С.Т.

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

Тақырыбы: ЖАНУАР ҚАНЫНДАҒЫ НЫСАНДЫ ЭЛЕМЕНТТЕРДІҢ ЦИРКАДИАНДЫ ДИНАМИКАСЫНЫҢ ЫРҒАҚТЫЛЫҒЫН ЗЕРТТЕУ

5В060700- Биология мамандығы

Орындаған
4 курс студенті Жантөреева Ж.Е.

Ғылыми жетекші
б.ғ.д., профессор Тулеуханов С.Т.

Норма бақылаушы
б.ғ.к., аға оқытушы Кулбаева М.С.

Алматы 2015

РЕФЕРАТ

Дипломдық жұмыс 60 беттен, 22 суреттен тұрады, пайдаланған әдебиеттер тізімі 101, соның ішінде 35 шетелдік болып табылады.
Кілтті сөздер: циркадианды ырғақ, қан көрсеткіштері, эритроциттер, тромбоциттер, лейкоциттер, гемоглобин, жылдық динамика.
Жұмыстың мақсаты: жануар қанындағы нысанды элементтердің циркадианды динамикасының ырғақтылығын анықтау.
Жұмыстың міндеттері:
Егеуқұйрықтар қанының құрамындағы эритроциттер, лейкоциттердің, тромбоциттердің және гемоглобиннің циркадианды ырғағын анықтау.
Зерттеу обьектісі және әдістері: зерттеу жұмысы 50 жыныстық жетілген ақ зертханалық аталық егеуқұйрықтарға жүргізілді.
Алынған нәтижелер: зерттеу нәтижелері егеуқұйрықтар қанындағы нысанды элементтердің және гемоглобин мөлшері тәулік бойында айтарлықтай өзгерген жоқ.
Практикалық маңыздылығы: нәтижелер жылдың әр мезгілдерінде қанның нысанды элементтерінің және гемоглобиннің мөлшеріне әсерінің салыстырмалы сараптамасын жүзеге асыруға мүмкіндік береді.
Енгізу туралы нәтижелері: баспадан шыққан мақалалардың жалпы саны 2. Оның ішінде 1 мақала, 1 тезис. Конференцияның жұмысына қатысуы - 1.

РЕФЕРАТ

Дипломная работа изложена в 60 страницах, содержит 22 рисунков, 101 источников литератур, из них 35 зарубежные.
Ключевые слова: циркадианный ритм, показатели крови, эритроциты, лейкоциты, тромбоциты, гемоглобин, годовая динамика.
Цель работы: определение ритма циркадианной динамики форменных элементов крови животных.
Задачи работы:
Изучение ритма циркадианной динамики количества эритроцитов, лейкоцитов, тромбоцитов, гемоглобина крови у крыс;
Объект и методы исследования: исследовательская работа проведена на 50 белых лабораторных крысах.
Полученные результаты: результаты исследования показали, что изменения суточной динамики количества эритроцитов, лейкоцитов, тромбоцитов и гемоглобина не ярко выражены, в то время как годовая динамика этих показателей подвержена некоторым изменениям.
Практическая значимость: полученные результаты в ходе проведения исследования дает возможность проведению сравнительного анализа влияния сезонов года на показатели форменных элементов крови и гемоглобина.
Результаты выносимые на защиту: количество опубликованных статьей 2. Из них 1 статья и 1 тезис. Участие в конференциях - 1.

ABSTRACT

Thesis is presented in 60 pages, contains 22 drawings, 101 literature sources, 35 of them foreign.
Keywords: circadian rhythm, blood counts, red blood cells, white blood cells, platelets, hemoglobin, the annual dynamics.
The aim of work: to determine the circadian rhythm of the dynamics of blood cells of animals.
Objectives of the work:
The study of circadian rhythm dynamics of the number of red blood, leukocytes, hemoglobin cells in rats;
Subjects and methods: research work carried out on 50 white laboratory rats.
Results: the results showed that the change in the daily dynamics of the number of red blood cells, white blood cells, platelets and hemoglobin are not pronounced, while the annual dynamics of these indicators is subject to some changes.
Practical value: the results obtained in the course of the study makes it possible to conduct a comparative analysis of the impact of the seasons on the performance of blood cells and hemoglobin, as well as a theoretical contribution to the hronofiziologiyu blood.
Results for the defense: the number of published articles 2. Of these, Article 1 and 1 thesis. Participation in conferences - 1.

МАЗМҰНЫ

БЕЛГІЛЕР МЕН ҚЫСҚАРТУЛАР ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
7

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
8

НЕГІЗГІ БӨЛІМ ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
9
1
ӘДЕБИЕТКЕ ШОЛУ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
9
1.1
Қанның нысанды элементтерінің физиологиясы ... ... ... ... ... ... ...
10
1.2
Тәуліктік (циркадианды) ырғақ ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ..
26
2
ЗЕРТТЕУ МАТЕРИАЛДАРЫ МЕН ӘДІСТЕРІ ... ... ... ... ... ...
33
2.1
Зерттеу нысаны
33
2.2
Зерттеу әдістері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
33
2.3
Зерттеу нәтижелерін статистикалық өңдеу ... ... ... ... ... ... ... .. ... ..
36
3
ЗЕРТТЕУ НӘТИЖЕЛЕРІ ЖӘНЕ ОЛАРДЫ ТАЛҚЫЛАУ..
37
3.1
Егеуқұйрықтар қанының құрамындағы эритроциттер мөлшерінің циркадианды динамикасының ырғақтылығы ... ... ..

38
3.2
Егеуқұйрықтар қанының құрамындағы лейкоциттер мөлшерінің тәуліктік динамикасының ырғақтылығы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .

39
3.3
Егеуқұйрықтар қанының құрамындағы тромбоциттер мөлшерінің циркадианды динамикасының ырғақтылығы ... ... ...

42
3.4
Егеуқұйрықтар қанының құрамындағы гемоглобин мөлшерінің тәуліктік динамикасының ырғақтылығы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .

45
3.5
Нәтижелерді талқылау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
48

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
51

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ..
52

ҚОСЫМША

БЕЛГІЛЕР МЕН ҚЫСҚАРТУЛАР

ЭТЖ - эритроциттердің тұну жылдамдығы
АҮФ - аденозин үш фосфор қышқылы
ББҚ - биологиялық белсенді қосылыстар
ЭОГ - эритроциттердiң осмостық гемолизi
ЭАТГ - эритроциттердiң асқын тотығу гемолизі
ЭАТГ - эритроциттердiң асқын тотығу гемолизi
ЭС - эритроциттер суспензиясы

КІРІСПЕ

Тірі жүйелердің уақыттық құрылымын зерттеу маңызды биологиялық мәселе болып табылады, өйткені биологияның негізгі заңдары уақыт іргелі түсінігіне арқа сүйейді.
Қазіргі таңда биологиялық процесстердің ырғақтылығын мойындап қана қою жеткіліксіз, сондай-ақ биоырғақтың жүйе ретіндегі ішкі құрылымын да, оның қалыпты өзгеру аралығын және биоырғақтың бұзылуы басталатын шектерін де білу қажет. Организм ырғағының құрылымы бейімделу процесстерінде, сондай-ақ әртүрлі стресстік әсерлер кезіндегі физиологиялық өзгерістердің қалыптасуында үлкен маңыздылыққа ие.
Организм қызметінің уақыттық құрылуын сараптамасы қандай-да бір дәрежеде биоырғақтардың құрылымдық параметрлерін: периодын, амплитудасын, мезор, акрофазасын және уақыт бойындағы биоырғақтың құрылымдық ұйымдасуын бейнелейтін өзге де параметрлерін зерттеуге негізделуі қажет.
Гемостаз жүйесі - организмнің қалыпты жұмыс жасауын қамтамасыз ететін көптеген жүйелердің бірі. Сонымен қатар, аталған жүйе айқын көрініс табатын соңғы қызмет ету нәтижесі - қантамырлар бойымен қанның сұйық күйін қамтамасыз етілген жағдайда оның құрамдас бөліктерінің жоғары лабилділігіне ие болады. Гемостаз жүйесі жүрек-қантамырлар жүйесімен тығыз морфофункционалдық өзара байланыста болуына қарамастан, олардың әртүрлі экологиялық жағдайда бірлесіп қызмет атқару мәселесінде бірқатар шешілмеген және түсініксіз сұрақтар қалып отыр. Қазіргі таңда циркадиянды ритмге байланысты адамның 500 функцияналдық процестері анықталған.
Тыныштық қалпындағы жүректің жиырылуы циркадияндық ритмнің фазасына тәуелді. Негізгі жердегі ритм - тәуліктік, жердің өз осімен айналу уақытымен негізделген. Сондықтан іс жүзінде тірі ағзадағы барлық процестер тәуліктік қайталануға ие. Барлық ырғақтар (адамдарда 100-ден аса ырғақ түрі анықталған) бір бірімен байланысып, ағзаның уақыт бойынша келісілген, бірізді ырғақтық жүйесін құрайды. Бұл жүйе адам ағзасының әр түрлі қызметінің ырғаққа байланысты өзгерісін анытауға жол ашады, ол дәрігерлер мен физиологтарға аурудың алдын алу және емделушінің қал-жағдайын анықтауға құнды ақпарат болып табылады.
Жұмыстың мақсаты: жануар қанындағы нысанды элементтердің циркадианды динамикасының ырғақтылығын зерттеу болып табылады.
Жұмыстың міндеттері:
oo егеуқұйрықтар қанының құрамындағы эритроциттер мөлшерінің циркадианды динамикасының ырғақтылығын зерттеу
oo егеуқұйрықтар қанының құрамындағы лейкоциттер мөлшерінің тәуліктік динамикасының ырғақтылығын зерттеу
oo егеуқұйрықтар қанының құрамындағы тромбоциттер мөлшерінің циркадианды динамикасының ырғақтылығын зерттеу
oo егеуқұйрықтар қанының құрамындағы гемоглобин мөлшерінің тәуліктік динамикасының ырғақтылығын зерттеу
Зерттеу жұмысының өзектілігі: адамның биологиялық ритмі қазіргі таңда организмнің функционалдық күйінің және оның қоршаған ортаға бейімделу тиімділігінің әмбебап критериі ретінде қарастырылуда, сол себепті көптеген зерттеушілердің назарын өзіне аударған мәселе қалыпты жағдайдағы және патологиялық күйдегі биологиялық жүйелердің уақыттық ұйымдасуы мәселесі болып отыр.
Ғылыми жаңалығы: алғаш рет эксперименттік жағдайда егеуқұйрықтар қанының формалық элементтерінің (эритроцит, лейкоцит, тромбоцит) және гемоглобин мөлшерінің тәуліктік ырғағы кешенді түрде зерттелді.
Егеуқұйрықтар қанының формалық элементтерінің және гемоглобин мөлшерінің тәуліктік динамикасының маңызды хроноқұрылымдық параметрлерінің (мезор, амплитуда, акрофаза, период) мәндері анықталды.
Егеуқұйрықтар қанының эритрограммасын зерттеу нәтижелері эритроциттер мөлшері тәулік бойында айтарлықтай өзгере қоймағанымен, жыл маусымдарының ауысуына байланысты айтарлықтай өзгеріске ұшырайтындығын көрсетті. Сондай-ақ лейкоциттер көрсеткіші де маусым алмасуына қарай өзгеріске ұшырап отыратындығы дәлелденді. Айта кететін жайт, анықталған өзгерістер қалыпты мөлшер шеңберінде болды.
Ал егеуқұйрықтар қанының гемоглобин мөлшерін зерттеу нәтижесінде алынған мәліметтер эритроциттер секілді гемоглобин мөлшерінің де маусымдық алмасуларға айтарлықтай сезімтал екендігін дәлелдеді.

НЕГІЗГІ БӨЛІМ

1 ӘДЕБИЕТКЕ ШОЛУ

1.1 Қанның нысанды элементтерінің физиологиясы

Адамның денесіндегі қан -- организмнің сұйық негізгі ішкі ортасы. Қанның жалпы мөлшері ересек адамда 4,5-6 л шамасында, яғни дененің жалпы салмағының 6-8 %. Организмдегі барлық қанның 50% қан деполарын- да қор болып сақталады. Ондай мүшелерге бауыр, көк бауыр, өкпе және тері жатады. Қан бауырда, көк бауырда, сүйек кемігінде түзіледі [1].
Қан қан клеткаларынан және сұйық плазмадан тұрады. Қан клеткаларына эритроциттер, лейкоциттер және тромбоциттер жатады. Қанның бұл клеткалары бүкіл қанның 40-45%-ын, ал, плазма 55-60%-ын құрайды.
Қан плазмасының құрамы да күрделі: оның 90%-ға жуығы су, 7-8% белоктар, 2% түрлі органикалық және бейорганикалық заттар. Оның құрамында белок 0,3-0,6%, май және липидтер 0,1%, 120 мг% глюкоза қанты, 0,9% көмірсутегі, минерал заттар - натрий, калий, кальций, хлор түздары, амин қышқылдары мен полипептидтер 4-10 мг%, мочевина 10-25 мг%, түрлі ферменттер, гормондар, холестерин т. б. заттар болады.
Плазманың белоктарының негізгілеріне альбуминдер 4,5%, ά, β, γ-глобулиндер 2-3%, фибриногендер 0,2-0,3% жатады. Плазманың осмостық қысымы мен белсенді реакциясы қанның маңызды физикалық және химиялық қасиеттеріне жатады. Плазманың осмостық қысымы деп оның құрамындағы органикалық және бейорганикалық заттардың ерітінділерін тудыратын қысымын айтады. Плазманың осмостық қысымы ондағы минерал заттарының мөлшеріне байланысты: неғұрлым олардың плазмадағы концентрациясы көп болса, соғұрлым осмостық қысым да көп болады. Қан клеткалары мен денедегі ұлпалардың тірлігі үшін, плазманың осмостық қысымының тұрақтылығының маңызы зор [2-8].
Қанның белсенді реакциясы оның құрамындағы сутегі иондарының концентрациясына байланысты және оны рН реакциясы (сутегінің көрсеткіші) деп белгілейді. Қанның белсенді реакциясының тұрақтылығы денедегі бүкіл ферменттердің қатысуымен болатын реакциялар үшін маңызды. Қалыпты жағдайда қанның рН=7,36 тең. Бұл әлсіз сілтінің реакциясы. Қанның белсенді реакциясының тұрақтылығына қанның буферлік жүйесінің үлкен маңызы бар.
Кейбір бейорганикалық қосындылар, белок заттары қанға келетін зат алмасуының нәтижесінде қышқыл немесе сілтілік қасиеттері бар заттармен қосылыстар жасайды. Мысалы, дене еңбегімен шұғылданғанда қанға зат алмасуынан пайда болған қышқыл заттар келеді. Қанның буферлік қасиеті гемоглобин, карбонаттар, плазманың белоктарының буферлік жүйелеріне байланысты. Бұлардың ішіндегі аса маңыздылары гемоглобиндік және карбонаттық буферлік жүйелер [9-14].
Cыртқы ауада оттегі жетіспегенде көптеген адамдарда пайда болатын белгілер: әлсіздік байқалады, басы жиі ауырады, ұйқы басады (ұйқышыл болады). Ал егер оттегенің жетіспеушілігі ұзаққа созылса, селқостық күшейіп, өмірге қызығудан айырылады, есінен тaнған адам сияқты жүреді, тіпті өліп кетуі де мүмкін. Қанның құрамындағы белоктың түрлерінің бір-біріне қатынасының да жас айырмашылықтары бар [15-19].
Қанның пішінді элементтеріне эритроциттер, лейкоциттер және тромбоцит- тер жатады. Бұлардың ішіндегі ең көбі эритроциттер, яғни қанның қызыл клеткалары. Олардың саны адамнын жынысына байланысты: ер адамда 1 мкл қанда 4,5-5 млн., әйелде 4-4,5 млн. Қанның қызыл клеткалары ядросыз, диаметрі 7-8 мкм, ал қалыңдығы 2 мкм.
Эритроциттердің пішіні екі жағы ойыңқы келетін линза іспетті болады Мұндай пішін клетканың бетінің ауданын үлкейтіп тасымалдау қызметін атқаруын жеңілдетеді, әсіресе оттегі өкпеден дененің бүкіл клеткаларына және ұлпаларына тасуға ыңғайлы етеді. Бұл қызметі эритроциттердің құрамындағы белок заты гемоглобиннің қатысуымен орындалады [20-23].
Гемоглобин күрделі зат. Ол гем деп аталатын, құрамында екі валентті темірі бар бояулы заттан және глобин белогынан тұрады. Гемоглобин өкпе қуысында оттегімен оңай қосылып, оксигемоглобинге айналады. Оксигемоглобин организмнің ұлпаларына қанмен тасылады да, ұлпаларға келгенде оңай ыдырайды, нәтижесінде глобин мен О2 пайда болады. Босаған оттегі ұлпалардың клеткаларының тотығуына қатысады, ал глобин белогы ұлпаларда зат алмасуынан пайда болған көмір қышқылын қосып алып карбокси-гемоглобинге айналады. Бұл да жеңіл ыдырайтын қосынды, қанмен өкпеге барып, көмірқышыл газын босатады, глобинге қайтадан оттегі қосылады [24-29].
Сөйтіп, гемоглобин өкпеден ұлпаларға оттегін, ұлпалардан өкпе қуысына көмір қышқыл газын тасиды. Көмір қышқыл газы деммен бірге сыртқа шығады. Оттегі мен көмірсутегін қосып алу екі валентті темірдің қасиетіне байланысты. Кейбір жағдайда (жыланның уымен немесе аиіс газымен" уланғанда) гемоглобиннің құрамындағы екі валентті темір үш валентті темірге айналып, ол СО2 карбоглобин деп аталатын берік қосылысқа айналады, содан барып уланған адамның денесіндегі тотығуға оттегі жетіспей, гемоглобиннің көп мөлшері карбоглобинге айналғанда бала өліп қалады. Мұндай жағдайда уланған адамды жылдам оттегі мол жерге шығару қажет, сонда гемоглобин екі валентті темірі бар дұрыс қалпына келіп, адам тірі қалады. Эритроцитгер қан плазмасының осмостық қысымының әсеріне аса сезімтал болады. Осмостық қысымның төмендеуі эритроциттерді бұзып, оның құрамындағы гемоглобин қан плазмасына шығады. Соның нәтижесінде эритроциттер өзінің басты міндеті - оттегін тасымалдау кабілетінен айырылады [30-36].
Лейкоциттер - ядросы бар қан клеткалары. Ересек адамның 1 мл қанында 6-8 мың лейкоциттер болады. Адамның иммундық қабілеті (ауруға қарсы тұру, қорғану қабілеті) лейкоциттерге байланысты. Лейкоциттер организмнің жұқпалы, яғни инфекциялық ауруларға қарсы тұруын қамтамасыз етеді. Қан клеткаларының бұл маңызды қызметін Нобель сыйлығының лауреаты орыс ғалымы И.И. Мечников ашқан. Лейкоциттердің бірнеше түрлері бар: а)гранулоциттер; ә) агранулоциттер; б) моноциттер. Гранулоциттердің 3 түрі бар: нейтрофилдер, эозинофилдер және базофилдер. Ал агранулоциттерге лимфоциттер жатады. Қанның құрамындағы лейкоциттердің түрлері адамның жасына лайықты мөлшерде шамамен тұрақты болады. Бұл тұрақтылықты лейкоцитарлық формула деп атайды. Лейкоциттердің саны мен бір-біріне қатынасы, яғни лейкоцитарлық формула түрлі әсерлерге (ауру, ауыр дене жұмысы, ас қабылдау, ұйқы т.с.с.) байланысты өзгеріп отырады. Лейкоциттердің саны да сыртқы және ішкі әсерлердің ықпалынан үнемі өзгеріп тұрады [37-39].
Қанның құрамындағы үшінші пішінді элементтер - тромбоциттер немесе қан пластинкалары. Олар сопақша немесе диаметрі 2-5 мкм дөңгелектеу пішінді келеді. Тромбоциттердің жалпы саны 1 мкл 300 мыңнан 100 мыңға дейін. Тромбоциттер сүйек кемігінде пайда болады. Олардың өсіп жетілу мерзімі 7-8 күн, ал қан айналымында 5-11 күндей болады. Тромбоциттердің саны тамақ ішкеннен кейін, ауыр дене жұмысымен шұғылданғанда, әйел екіқабат болғанда көбейеді. Оның мөлшерінің тәуліктік өзгерісі де бар: күндіз көбірек, түнде азырақ болады. Тромбоциттердің қызметі көп. Оларда ферменттер де өндіріледі, фагоцитарлық қабілеті де бар, ұсақ қан тамырларының өткізгіштік қасиетіне де әсер етеді. Тромбоциттердің саны баланың жасына қарай өте көп ауытқиды: 1 мкл қанда 150 мыңнан 600 мыңға дейін болады [40].
Дегенмен, жеке бір адамның өзіндегі тромбоциттердің саны салыстырмалы түрде алғанда тұрақты келеді. 1 жастан 16 жасқа дейін 1 мкл қандағы орта саны 300000, 20-40 жаста 311000, одан әрі қарай шамамен 114 мыңнан 335 мыңға дейін (орта саны 224000), ал 70 жастан аса тромбоцит- тердің саны азаяды: орта есеппен 208000. Тромбоциттердің ең күшті өзгеретін тұрақсыз мезгілі 1 жасқа дейін. Бұл кезде оның жас, әлі толық жетілмеген түрі қанда көп болады. Баланың жасы ұлғая келе тромбоцит- тердің өндірілуі төмендейді, ал қартая келе қан пластинкаларында кері даму күшейеді [41-43].
Тромбоциттердің басты қызметі - қанның ұюына қатысуы. Қан тамырлары жарақаттанғанда әдетте жараның бетін тромб деп аталатын қойылған қан түйіршігі тез жабады. Біраздан соң ол тығыздалып, жараны бекітеді. Егер қанның мұндай қасиеті болмаса, кішкентай жарадан тоқтаусыз қан ағып, адам әлсіреп, тіпті өліп те кетер еді.
Жалпы алғанда қанның құрамына оқудың әсері олардың қалыпты жағдайындағы мөлшеріне тікелей байланысты. Дене еңбегі организмнің физиологиялық жүйелерінің қызметін, әсіресе қанның құрамын өзгертеді. Дене еңбегінен кейін миогендік лейкоцитоз байқалады. Адамда жүгіргенде, қозғалысты ойын сияқты жеңіл-желпі дене еңбегінде лимфоциттері аздап көбейеді, ал велосипед тебу, сол сияқты қара күшті қажет ететін еңбекте нейтрофилдер көбейеді.
19-21 жастағы бойжеткендер мен жігіттерде жүгіру, суда жүзу сияқты спорт түрлерімен шұғылданғанда лейкоциттердің барлық түрлері көбейеді. Бірақ, сонда да лимфоциттердің көбеюі басым болады. Ал қыздар мен жігіттердің арасында жыныстық айырмашылықтар жоқ деп батыл айтуға болады. Жалпы алғанда миогендік лейкоцитоз бұлшық еттердің жұмысының ұзақтығына байланысты болады, ал жасқа байланысты ерекшеліктер байқалмайды. Мұндай қысқа мерзімді дене еңбектерінің эритроциттердің санына өсері онша күшті емес [44].
Қан топтары. Адам жараланып, денесінен қанның жартысына жуығы аққанда әлсіреп, тірлігінен айырылады. Мұндай жағдайда бір кісінің қанын екінші адамға құйып, жарақаттанған адамды аман алып қалуға болады. Бірақ адамдардың қанының құрамы бір-біріне сәйкес келмесе, қан құйылған кісі өліп те кетуі мүмкін. Сондықтан донордың (қан беруші адам) қанын реципиентке (қан құйылатын кісі) құяр кезде алдымен олардың қандарының сәйкестігін тексереді.
Қанның құрамындағы эритроциттерде екі түрлі агглютиноген деп аталған зат бар: А және В агглютиногендер. Қанның плазмасында бұлармен кездескенде қанды ұйытып тастайтын ά және β агглютининдер болады. Егер агглютиноген А агглютинин альфамен немесе агглютиноген В агглютинин бетамен кездессе, қанның эритроциттері бір-біріне жабысып, бұзылып, қан ұйып қалады да, оттегін денеге таситын эритроциттер қызметін атқара алмай, адам өліп кету қаупінде болады [45].
Қанды денешіктер. Бұлар қанның формалы элементтері деп те аталады. Бұған эритроциттер қызыл денешіктер, лейкоциттер, ақ денешіктер және тромбоциттер қан пластинкалары жатады. Бұлардың қаннан алатын үлесі 44% - тей.
Эритроциттер. Төменгі сатылы омыртқалылар балық, амфибия, рептилия және құстар эритроцит клеткаларының ядросы болады және пішіні сопақша келеді. Ал, адам мен сүтқоректілерде қалыпты жағдайда эритроциттердің ядросы болмайды және пішіні екі жағынан иілген диск тәрізді.
Эритроциттердің диаметрі барлық жануарларда бірдей болмайды. Адам эритроциттерінің табиғи ортадағы диаметрі - 8 - 8,5 мкм, л көлденеңі - 2- 2,5 мкм. Эритроциттердің серпімділік қасиеті бар. Осы қасиетінің арқасында олар көлденеңі эритроциттердің диаметрінен кіші капиллярлар арқылы өте алады.
Эритроциттердің құрамында 37% - ке дейін қою заттар болады. Эритроциттің сыртқы қабығын құрайтын белок - липоидты строма оның құрылысының негізі болып табылады. Осы строманың ішінде құрамында гемоглобин, тұздар және басқа электролит еместер бар ерітінді болады. Эритроциттің қабығы коллоидтарды белок және липойдтарды өткізбейді. Мысалы, сутегінің , гидроксил тобының иондары жіне басқа аниондар Cl, HClO3 эритроциттің қабығы арқылы жеңіл өтеді, ал Са, Na, K иондары өте жай өтеді, не болмаса тіпті өтпейді.
Дені сау ер адамның 1мм 3 қанында 5млн, ал әйелдердікінде 4,5 млн. Шамасында эритроцит болады.
Эритроциттердің осынша көп болғандығының нәтижесінде оның оттегі мен көмірқышқыл газы ауысып отыратын ауданы да өте үлкен болады. Адамда ол 3500м 2 жетеді, я болмаса адам денесі бетінің аумағынан 1500 есеге жуық үлкен.
Әртүрлі жағдайлардың әсерінен қандағы эритроциттердің саны я көбейіп полицитемия, я азайып эритропения отырады. Олардың саны қан жасайтын органдардың сүйектің майы, бауыр, тері, талақ ауруына байланысты, я организм сиретілген атмосферада тұрған кезде мөлшерден тыс көдейеді. Кейбір қан жүйесіндегі паталогиялық өзгерістер кезінде (мысалы, қан аздық яғни анемияда) эритроциттердің саны азаяды.
Эритроцит қызметтері:
1. Оттегі мен көміртегіні тасу;
2. қанның иондық құрамын тұрақтандыру;
3. буферлік;
4. суды тканьнен өкпеге жеткізу су, тұздар алмасуына қатысу;
5. кейбір улы заттарды, амин қышқылдарын, гормондарды адсорбциялау тасу;
6. көмірлі ангидраза, холинэстераза, фосфотаза, т.б ферменттердің болуы;
7. витаминдер B1, B2, B6 аскорбин қышқылы бар;
8. ұюға қатысатын және оған қарсы әрекет ететін біраз компоненттер бар.
Эритроциттердің осмостық тұрақтылығы. Егерде эритроциттерді гипотониялық ерітінділерге салса, олардың көлелемі өзгереді. Эритроциттердің көлемінің көп үлкеюі гемолизге әкеліп соғады. Гемолиз кезінде эритроциттердің сыртқы қабығы жарылып, оның ішіндегі заттар оларды қоршаған ерітіндіге өтеді. Гемолизге ұшыраған қан мөлдір болады да оны лакты қан деп атайды.
Эритроциттердің гипотониялық ерітінділердегі тұрақтылығы кейбір аурулар кезінде өзгереді. Сондықтан оны анықтаудың клиникада маңызы бар. Ол үшін NaCl - дың әртүрлі концентрациядағы ерітіндісін алады 0,9- дан 0,3%- ке дейін да, олардың әрқайсысында бір тамшыдан қан тамызады. Біраз уақыт өткеннен кейін NaCl ертінділерінің ішінен гемолиздің бірінші ізі біліне бастаған концентрациясын минимальды осмостық тұрақтылық белгілейді.
Дені сау адамдар үшін минимальды осмостық тұрақтылық - 0,42-0,48% шамасында, ал толық гемолиз - 0,30-0,32% - тік NaCl да байқалады.
Қан эритроциттерін осмос күшінен басқа кейбір липоидтарды ерітетін заттардың әсері де эфир, хлороформ , я солармен химиялық қосылысқа түсетін заттар да дигитонин, сапонин, кейбір жыландардың улары да гемолизға ұшырата алады биологиялық гемолиз. Тіпті бір жануардың эритроциттерін 2 - бір жануардың қанының сарысуы сывароткасы гемолиздай алады.Мысалы, шошқа қанының сарысуы қой қанының эритроциттерін гемолиздайды. Сондықтан малдардан қан ауыстырып құю кезінде осы жағдай еске алыну қажет. Пробиркадағы қанды қатты шайқаса да эритроциттер бұзылады механикалық гемолиз. Егер эритроциттерді мұздатып одан соң жылытса да гемолиз жүреді термиялық гемолиз.Бір - біріне сыйыспайтын қандарды араластырғанда қан құюда , немесе эритроциттерге қарсы аутоантидене болған жағдайда да эритроциттер бұзылады иммундық гемолиз.
Эритроциттердің тұну жылдамдығы. (ЭТЖ)
Қанды суспензия деп есептеуге болады. Оның поазмасында формалы элементтер жүзген тәрізді жүреді. Эритроциттердің плазмадағы жүзген күйі олардың беткейінің гидрофильдік табиғатына байланысты және эритроциттер басқа түйіршіктер тәрізді теріс зарядты болады да, бірін - бірі тебеді. Егер формалы элементтердің теріс зарядтары азайса оң зарядты белоктар фибриноген, u- глобулин, парапротеиндер адсорбциясынан эритроциттердің бір - бірінен қашып жүруі әлсірейді. Осыған байланысты олар бір біріне желімденіп, жабысып, монеталық баған деп аталатын қабаттасқан туынды түзіледі. Бұл процесс барысында оң зарядты белоктар эритроциттер арасындағы көпір рөлін атқарады. Міне осындай монеталық бағандар капиллярларды бітеп, тканьдер мен оргондардың қанмен жабдықталуын қиындатады. Олай болса, бұл құбылыстың жылдамдығын әртүрлі жағдайларға мәселен, денсаулыққа байланысты зерттеп білудің клиникалық тәжірибеде үлкен рөлі бар.
Егер пробиркадағы қанға оны ұюдан сақтайтын зар натрий цитратын қосып, біраз уақыт ұстаса, онда екі қабат пайда болғанын көруге болады: Жоғарғы жағында плазма, ал төменгі жағында формалы элементтер негізінен эритроциттерден тұратын қабаты орналасады. Пайда болған плазма қабатының мм -мен алынған биіктігі эритроциттердің тұну жылдамдығына ЭТЖ көрсеткіш бола алады. Мұның шамасы адамның жынысына, жасына , денсаулығына байланысты болады. Жаңа туғандарда ЭТЖ -1-2мм сағ; -6 -12ммсағ ; -8 -15 ммсағ ;-15 -20 ммсағ.
ЭТЖ көрсеткішіне қандағы фибриноген мөлшері көп әсер етеді. Оның қандағы концентрациясы 4гл ден асса ЭТЖ жоғарылайды. ЭТЖ екі қабат әйелдерде, қабыну процестері кезінде, инфекциялық және онкологиялық ауруларда күрт өседі.
Гемоглобин. Эритроциттердің қою заттарының негізгі бөлігі қанның бояғыш заты-гемоглобин болып табылады. Эритроциттарда ол 32% шамасында, жалпы қанда 14 - 16% болады. Гемоглобин күрделі белок. Оның белокты бөлігі глобин деп, ал белок емесң гемин группасы гем деп аталады., глобулиннің үлесіне гемоглобиннің 96% тиеді. Гемоглобин суда жақсы ериді.
Гемоглобиннің гемин группасының химиялық құрылысын зерттеуде М. В. Ненцкийдің және оның оқушыларының зерттеулерінің шешуші маңызы бар. Тотыққан гемді гематин деп атайды. Гематиннің тұз қышқылды кристалдарын Тейхманның кристалдары деп атайды. Бұлар өздерінің ерекше түрі арқылы экпертизалық медицинада білінбейтін қан дақтарын анықтау үшін пайдаланылады.
Гем көптеген азотты денелермен қосылыс бере алады.аминдер, аминқышқылдары, гидразин, пиррол, пиридин, никотин және белоктар. Бұл қосылыстардың бәрі спектрдің сары - жасыл бөлімінде жарықты сіңіріп боялған ерітінділер бере алады. Сондықтан оларды жалпы атпен гемохромогендер деп атайды.
Бір молекула гемоглобулинде 4 гемин группасы бар. Гемоглобулиннің қандай жануардан алынғандығына қарамастан геннің химиялық струкрурасы біреу - ақ.
Әртүрлі жануарлардың гемоглобинднері бір бірінен кристалдарының пішініне қарай, жарық сіңіру спектріндегі зоналардың алаптардың, полосалардың алатын орнына қарай және әсіресе, оттегін ұстап тұру мықтылығына қарай айырылады.
Адамдарда ұрық гемоглобулиннің ерекше бір қасиеті - ол оның оттегімен тұрақты емес, тез диссоциацияланатын қосылыс оксигемоглобин деп атайды. Гемоглобулиннің бір молекуласы 4 молекула оттегін қосып ала алады яғни гем бөлшектерінің теимңр атомдарының санына сәйкес 4 гем бөлшектері - 4 мол. O2. Оттегі қосылған кездегі гемоглобинднгі темір 2 валентті бойында қалады. Гемоглобин мен оттегі арасындағы реакция қайтымды реакция болып табылады. Оттегі концентрациясы азайған кезде тотықсызданған гемоглобулиннің мөлшері көбею жағына ауысады. Оксигемоглобиннің концентрациясына оттегінің тығыздығынан басқа, температура мен ортаның реакциясы да әсер етеді.
Оттегін тасу рөлінен басқа, гемоглобин қанның реакциясының тұрақтылығын сақтайтын буфер қызметін де атқарады. Бұл қызмет оксигемоглобиннің айрықша көзге түсетін қышқылдық қасиетіне байланысты. Сондықтан, гемоглобин оксигемоглобинге айналған кезде, соңғысы бикарбонаттан көмір қышқылын ығыстырып шығарады. Гемоглобин көмір қышқыл газымен де CO2 қайтымды қосылыс түзе алады. Гемоглобиннің көміртегімен қос тотығымен қосылысын карбогемоглобин деп атайды. Оптикалық қасиеттері жағынан бұл оксигемоглобиннен өте аз айырылады. Гемоглобиннің иіс газымен CO қосылысын карбоксигемоглобин деп атайды. Оксигемоглобин мен карбогемоглобиннің негізі айырмашылығы - карбогемоглобиннің оксигемоглобинға қарағанда тұрақты қосылыс түзетіндігінде. Карбогемоглобиннің диссоциациясы оксигемоглобиндікінен гөрі 300 рет жай жүреді. Гемоглобин оттегінен гөрі CO мен онай қосылыс түзеді. Сондықтан, 20,8% оттегі бар, 0,07% иіс газы бар CO ауамен демалғанда, артерия қанның гемоглобинінің жартысы оксигемоглобинге айналады да, 2 - жартысы карбоксигемо глобинге айналады. Иіс газы одан әрі көбейсе, барлық гемоглобиннің тек көміртегі шала тотығымен ғана қосылыс түзуі мүмкін. Ондай жағдайда қан оттегін тасу қызметін атқара алмай қалады да, ұлпалар оттегіне ашығады. Көміртегі шала тотығының зиянды әрекеттері осымен түсіндіріледі.
Тотықсызданған гемоглобинде де, оксигемоглобинде де, карбоксигемоглобинде де, карбогемоглобинде де темір екі валентті болады. Бірақ кейбір заттармен қызыл қан тұзы, азотты қышқылдың тұздары әрекет етіп, гем құрамдарындағы 2валентті темірді 3 валентті формасына айналдыруға болады.гемоглобиннің мұндай туындысын метгемоглобин деп атайды.
Метгемоглобин оттегін оксигемоглобин сияқты қосып және бере алмайды. Сондықтан оттегін тасу рөлін атқара алмайды. Қанға метгемоглобин тудыратын қосылыстардың біраз мөлшерін енгізуден организм өлімге душар болады.
Қандағы гемоглобин мөлшерін я оған қосылған оттегі мөлшері арқылы, я оның құрамындағы темірдің мөлшері арқылы, я гемоглобиннің өзінің не гематиннің әсерінен болған бояудың түсі арқылы анықтауға болады.
1г. гемоглобинге 1,34 мл. Оттегі сәйкес келеді 760 мм с.б. қысымда. Ең қарапайым колориметрлік әдіс - ол Салидің әдісі. Бұл әдіс бойынша микропипеткамен 20 мм қан алады да, оған кішкене градуирланған пробиркада 0,1 N тұз қышқылын 10 деген цифрға төменгі дөңгелек сызыққа дейін қосады. Сонда гемоглобин глобин мен гемге ажырайды, ал соңғысы оттегінің қатысуында гематинға айналады; гематин ерітіндіні ашық - қоңыр түске бояйды. Ерітіндінің бояуын стандарт ерітіндімен салыстырады. Алғашқы алған қосындыға дистилденген су қосу арқылы оның бояуын стандарт ерітіндінің бояуына теңейді. Гемоглобиннің мөлшері көп болса қосылатын судың да мөлшері көп болады.
Пробиркада сұйықтықтың көлемі арқылы гемоглобиннің нормаға қарағанда мөлшерін көрсететін сызықтар бар. Сали әдісі бойынша табылған 100% 100 мл. қанда 16,67 г. Гемоглобин барлығын көрсетеді.
Көпшілік адамдарда гемоглобиннің мөлшері 100 ден кем: 80 -90% яғни 100 мл. қанда 14 -16 гр. Гемоглобин бар.
Түсті көрсеткіш. Эритроциттердегі гемоглобин мөлшерін түсті көрсеткіш немесе фарбиндекс Fi, farb - түс, index - көрсеткіш бойынша анықтауға болады. Бұл бір эритроциттің гемоглобинмен қанығуының орташа шамасын сипаттайтын салыстырмалы относительді көрсеткіш. Fi гемоглобин мен эритроциттің проценттік қатынасы. Мұнда гемоглобиннің 100%- і немесе бірлігі үшін шартты түрде 166,7 гл-ді алады, ал 100% - эритроцит үшін - 5.10л.-ді алады. Егерде адамда гемоглобиннің де, эритроциттердің де мөлшері 100% - ке тең болса, онда түсті көрсеткіш 1 болғаны. Қалыпты жағдайда Fi - 0,7 - 1,0 аралығында болады. 1,1- өте сирек кездеседі. Мұндайда эритроциттерді нормохромды деп атайды. Егер-Fi - 0,7 - ден кем болса, онда эритроциттер гемоглобинмен толық қанықпаған деп есептеледі. Бұларды гипохромдылар дейді. Fi 1,1 - ден асып кетсе, эритроциттер гиперхромдылар деп аталады. Бұл жағдайда эритроцит көлемі едәуір үлкейеді, сондықтан да гемоглобиннің көп мөлшерін сиғыза алады. Осыған орай эритроциттер гемоглобинмен артық қаныққан деген жалған түсінік те туады. Дұрысында, гипо - және гиперхромия тек қан аздық анемия кезде ғана кездеседі. Түсті кқрсеткішті анықтаудың клиникалық тәжірибеде маңызы бар.
Миоглобин. Әртүрлі класқа және түрге жататын жануарлардың қаңқа еттерінде және жүрек еттерінде гемоглобиннің айрықша түрі - миоглобин болады. Бұл қызыл түсті тыныс пигменті. Өзінің биохимиялық сипаттамасы жағынан гемоглобинге жақын. Мұнда да гемоглобин тәрізді жай топ бар, темірдің де мөлшері сондай. Оттегі және көміртегі мен қайтымды қосылыс түзеді. Бірақ гемоглобинге қарағанда оттегін жақсы байланыстырады және оттегінің қорын жасай алады. Әдеттегі жағдайда миоглобиннің оттегімен жартылай қанығуы 0,1с. Да аз уақытта жүреді.
Жылы қандылар жүрегінде шамамен 0,5% - тей миоглобин болады. Қысым 40 мм.с.б. нан 5- ке дейін төмендегенде осы мөлшер жүрек етінің әрбір грамына 2губ см оттегіні бере алады. Газдың осы көлемі жүрек систоласы кезіндегі оттегіне қажеттілікті өтейді.
Жануарлардағы миоглобин мөлшері олардың түріне, тіршілік жағдайларына, ет типіне, оның белсенділік деңгейіне, т.б байланысыты болады. Қалыпты жағдайда қанда және несепте миоглобин кездеспейді.
Лейкоциттер. Адам организмін әр түрлі микробтардан, вирустардан, ауру жұқтырушы қарапайымдардан, бөгде заттардан қорғап отырады. Былайша айтқанда, иммундық жүйені қамтамасыз етеді.
Лейкоциттер екі топқа бөлінеді: гранулоциттер (түйіршікті) және агронулоциттер (түйіршіксіз). Гранулоциттерге жататындар: нейтрофилдер, эозинофилдер және базофилдер. Агронулоциттерге: лимфоциттер және моноциттер жатады. Клиникада ең басты шешуші рөлді атқарушы жағына баға бергенде олардың өзара қарым-қатынасындағы өзгеруімен қатар сандық өзгерісіне ұшырауына көп көңіл бөлінеді. Жекеленген лейкоцит түрлерінің пайыздық қатынасын лейкоцитарлы формула немесе лейкограмма деп атайды.
Нейтрофилдер - ақ қан жасушасының ішіндегі ең көп тобы, ол лейкоциттің 50-75%-ын құрайды. Өзінің аты, ол бейтарап бояумен боялатын қабілеттілігі бар екендігінен шыққан. Нейтрофил ядросының формасына байланысты, жас (метамиелоциттер) таяқша тәрізді ядро, сегмент ядролы болып үш түрге бөлінеді. Жас немесе метамиелоциттер лейкоформулада 1%, таяқшалы ядролары 1-5%, сегмент ядролылары 45-70 % құрайды.
Көптеген аурулар қозған кезде жас нейтрофилдердің саны жоғарылайды. Жас нейтрофилдер мен ересек нейтрофилдердің ара-қатынасына қарай нейтрофилдердің солға жылжуы немесе "қалпына келу көрсеткіш" деп атайды. Бұлай деп атауының басты себебі лейкограммада нейрофилдердің орналасуы, олардың ересек күйге жету деңгейіне қарай солдан оңға қарай орналасқан. Бұл "ауытқуды" есептегенде миелоциттердің жас нейтрофилдердің және таяқша тәрізді ядролар формаларының сегмент ядроларының санының қатынасына қарай есептеп шығарады. Қалыпты жағдайларда бұл көрсеткіштің деңгейі 0,05-0,1 тең. Ауыр жұқпалы аурулармен ауырғанда, кейбір асқынған ауру кездерінде оның деңгейі 1-2-ге жетеді. Ауытқу деңгейіне қарай аурудың жағдайын анықтайды. Қанның құрамында 1%-ға жақын нейтрофил қозғалыста, айналымда болады. Ал қалғандары тканьдерде жинақталады. Сонымен қатар сүйектің қызыл кемігінде, айналыста қозғалып жүрген нейтрофилден 50 есе көп мөлшері жинақталған.
Нейтрофилдердің ең басты қызметі - организмге енген микробтармен улы заттардан қорғау. Бұлар зақымдалған жерге бірінші жетіп өзінің қорғаныштық қызметін атқара бастайды. Олардың жалған аяқтары бар. Қозғалу жылдамдығы 40 мкмминутына. Лейкоциттердің шығуына миграция көмекке келеді. 1 нейтрофил 20-30 бактерияларды жойып отырады. Бірақ өздері де өліп қалады. Фагацитоздық қызметтен басқа да нейтрофилдер микробтарға қарсы да күрес жүргізеді. Қоршаған ортаға лизосомдық белок катионын және гистондарын бөліп, шығарып отырады. Вирустарға қарсы күрескенде нейтрофилдер интерфаза өнімін бөліп әсер етеді. Кейбір биологиялық активті заттар адреналин, ацетилхолин, гормондар, нейтрофилдер қызметін күшейтеді, кейде төмендетеді. Олардың белсенділігі микробтан бөлінген токсиндердің тіршілік өнімдеріне байланысты
Эозинофил-барлық лейкоциттердің 1-5% құрайды. Цитоплазмада түсіп, қышқыл бояу (эозин) арқылы боялады. Сондықтан да оның аты осыған байланысты. Эозинофилдің ең басты қызметі белоктық токсиндерді усыздандырып, оларды бұзу, бөгде белоктарды, антиген-антидене комплексін жою. Эозинофилдер базофил және майлы жасушалардағы гистаминдерді жойып отырады. Гистаминаза деген ферменттерді бөліп, сіңген гистаминдерді бұзып отырады. Гистаминдерді сіңіріп немесе нейтралдау арқылы зақымдалған жердегі асқыну процесін тоқтатады. Аллергия кезінде, глистердің көбеюінен пайда болған жұқпалы ауру кезінде, бактерияға қарсы ем жасағанда эозинофилдердің саны көбейеді. Себебі, осы жағдайда май жасушалар және базофилдер бұзылып, олардан көп мөлшерде гистаминдер бөлініп, эозинофилдердің көмегімен бейтараптанады. Тағы да бір атқаратын қызметі плазмогендерді шығарудың нәтижесінде фибринолиз процесіне қатысады.
Базофил - гранулоциттердің ішіндегі ең аз мөлшерде (0-1% барлық лейкоциттің) болатын түрі. Олардың түйіршіктері негізгі бояумен боялады. Соған байланысты оның атына сай базофилдің қызметі оның құрамындағы биологиялық белсенді заттардың болуына байланысты. Олар да дәнекер тканіндегі майлы жасушалар сияқты гепарин және гистамин бөледі. Бұл жасушалар гепароцит тобына біріктіріледі. Базофилдің саны ауру қатты асқынған кезде немесе ұзаққа созылған ауру жағдайында көбейеді. Базофилдегі гепарин аурудың асқынған жерінде қан ұюға қатысады. Ал гистамин капилярлардың қабырғасын кеңейтеді. Бұл жағдай ісіктің жиырылып жазылуына мүмкіндік туғызады.
Әр түрлі аллергиялық ауру кезінде де базофилден және майлы жасушалардан антиген-антидене комплексінен бөлінген гистамин демікпеге (крапивница) айналу базофилдің мөлшерінің көбеюінен деп айтуға болады.
Моноцит - барлық лейкоцит құрамының 2-10% алады. Амеба сияқты қозғала отырып фагоцитарлық, бактериоциттік қызмет атқарады. Бір моноцит 100 дейін микробты жеп қояды. Мұның белсенділігі қышқыл ортада жүреді, ал нейтрофил болса мұндай ортада белсенділік көрсете алмайды. Моноциттердің көмегімен ауру пайда болған жердегі микробтарды, өлген лейкоциттерді, тканьдегі асқынған жасушаларды тазалап, жараның қалпына келуіне (регенерация) мүмкіндік жасайды. Сондықтан да оларды организмдегі тазалаушылар деп те атайды.
Моноциттер - мононуклеарлы фагоцитарлы жүйенің (МФЖ) басты тізбегі. Бұл элементтер жүйесінің айрықша белгілерінің бірі фагоциттік және пиноцитоздік қабілеттілігі. Себебі, комплементке және антиделерді қармап сезуге арналған рецепторларының болуынан және олардың шығу тегімен морфологиялық құрылысындағы ұқсастық.
Моноциттер тканьге өткеннен кейін олар макрофагқа айналады. Фагоцитоздың қасиетімен қоса макрофагалар арнаулы иммундық қасиетін құрайды. Бөгде заттарды сіңіріп, оларды ерекше қосылыс иммуногенге айналдырады. Сөйтіп, лимфоциттермен бірігіп иммундық жауап береді. Макрофагалар асқынған жердегі жасушаларды орнына келтіруге, липаза және темір алмасуына, ісікке және вирусқа қарсы күреседі. Осылардың басты себебі, олар лизосим, комплемент (қанның сұйық заты) интерферон, эластаз, коллагенез фибриногендік факторларды бөлуі болып табылады [15]
Ақ қан түйіршектерінің я болмаса лейкоциттардың саны эритроциттердікінен әлдеқайда кем. Ересек адамның 1губ мм қанында 4,5 - 8,5 мыңдай ақ қан түйіршіктері болады.
Лейкоциттарды санау камераларында эритроциттерді санағандай әдіспен жүргізіледі. Лейкоциттарды санау үшін қанды тек 10 рет қана сұйылтады.
Сұйылтқыш ретінде 0,3 - 1% сірке қышқылын пайдаланады. Ол эритроциттерді гемолиздайды да, лейкоциттар өз қалпында қалады.
Лейкоциттардың өз ішінде бір- бірінен көлемі жағынан, цитоплазманың көлемі мен ядроның пішіні жағынан айырылатын бірнеше формалары болады.
Лейкоциттар клетка ішіндегі дәндерінің бар - жоғына қарай екі топқа бөлінеді: агронулоциттер дәнсіздер және гранулоциттер дәнділер.
Агронулоциттерге үлкенді кішілі лимфоциттер және моноциттер жатады.
Гранулоцит тобына нейтрофильді нейтральды реакциясы бар ерітінділермен боялады , эозинофильді қышқылдық реакциялы бояулармен боялады және базофильді сілтілік реакциялы бояулармен боялады лейкоциттер жатады.
Лейкоциттер лимфа түйіндерінде лимфоциттер және моноциттер, көк бауырда лимфоциттер және моноциттер, сүйек майында гранулоциттер жасалып шығады. Олардың өмірінің ұзақтығы бірнеше күн ғана. Олардың санының уақытша көбеюін лейкоцитоз деп атайды.
Лейкоцитоз көбінесе тамақ ішкеннен кейін ас қорыту лейкоцитозы, қара жұмыстан кейін физиологиялық лейкоцитоз және ауыр ісіп қабыну процестерінде реактивті лейкоцитоз болып отырады. Физиологиялық лейкоцитоздың эмоциялық және екі қабаттық деп аталатын да түрлері бар.
Қандағы лейкоциттар санының ұзақ уақытқа және көп мөлшерде көбеюін лейкемия ауруы деп атайды.
Кейбір аурулардың салдарынан мысалы, іш сүзек брюшной тиф ауруы қандағы лейкоциттардың саны азаяды. Оны лейкопения деп атайды.
Әртүрлі ауруларда лейкоциттардың жалпы саны ғана емес, олардың әртүрлі формаларының бір біріне қатынасы да өзгереді. Лейкоцитарлық формула немесе лейкограмма деп аталатын бұл қатынасты анықтаудың диагностикалық маңыззы бар. Мысалы, нейтрофильді лейкоцитоз организмдегі қабыну процесінің белгісі. Ал эозинофильдердің көбеюі организмде әртүрлі паразиттардың болуымен байланысты.
Лейкоциттер қызметтері. Лейкоциттердің физиологиялық мәні әлі толық анықталған жоқ. Лейкоциттер әртүрлі заттарды ыдырата алатын ферменттерге бай. Лейкоциттардың ең басты қызметтерінің бірі қанға және басқа ұлпаларға өтетін микроорганизмдерден және ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Тірі жүйелердің уақытша құрылымдық формасы ретіндегі биоырғақтылық
Дзюдо күресі Қазақстанда дамуы
Биологиялық ырғақтылық және денсаулық
Жануарлардың терісіндегі биоактивті нүктелердің электрофизиологиялық көрсеткіштері бойынша вибрацияның әсерін зерттеу
Биологиялық ырғақтар. ұйқы
Биологиялық ырғақтың қайталану кезеңі
Биологиялық ырғақтар мен ұйқы
ҚАЖ - қан ағынының жылдамдығы
Селен тапшылығы
Биологиялық ырғақ
Пәндер