Іскерлік қарым-қатынас этикасы


Пән: Психология
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   

Іскерлік қарым-қатынас этикасы - профессионалдық іс-әрекетте жүзеге асырылатын өзін-өзі ұстау нормалары мен арнайы және әмбебап мінез-құлықтық талаптар жүйесі. Іскерлік қарым-қатынасқа кіреді:

  • Организацияның сырқы және ішкі саясатының этикалық бағасы;
  • Организация мүшелерінің моральды принциптері;
  • Организациядағы моральды климат;
  • Іскерлік этикет нормалары.

Мемлекеттік қызметшіге қойылатын этика талаптары
Мемлекеттік қызмет этикасы қызметшілердің кәсіптік қызметін орындауда оңтайлы көзқарасты көрсететін адамдық қарым қатынастардың кәсіптік тәртіп кодексінің бір түрі ретінде, сонымен қатар бұл кәсіптің мәдени - ізгілік бағытын түсіндіретін әлеуметтік - философиялық пән болып табылады. Тәртіп кодексі мемлекеттік қызметшінің мінез құлқына, қызметтік міндетіне, мемлекет пен оның азаматтарының өзара қарым - қатынасына сенімді өкіл болып табылатын мемлекетке, өзі «қызмет ететін» қоғамға қатысты моральдық талапты білдіретін неғұрлым жинақты принциптер мен нормаларды білдіреді.
Мемлекеттік қызметші үшін өзіне шектен тыс сенімді болу, қызметтестеріне, бағыныштылары мен келушілерге шыдамсыздық көрсету - үлкен қателік.
Мемлекеттік қызметшінің ақиқат шыншыл болуы - оның маңызды моральдық қасиеті болып табылады. Ол екіжүзділікке, өтірік айтуға, ырғақтарды жеке мақсаты, мансабы үшін өзгеше сипатта қарауға, түсінуге қарсы.
Мемлекеттік қызметшіге, өзге мамандық иелеріне қарағанда тәкаппарлық типті де жараспайды. Ол адамдарға қатынасындағы менмендікпен, олардың білімі мен тәжірибесін менсінбеушіліктен, өз орнын аса биік бағалаудан, қолы жеткен табысқа мастанудан, өз мүмкіндігін асыра бағалаудан көрінеді.
Қоғамдық пікірді есепке ала отырып, өз - өзіне жоғары талап қоя білу мемлекеттік қызметшінің өзін - өзі ұдайы жетілдіру ғана емес, өзгелерден сондай жетілуді талап ету болып табылады. Талап қоя, сұрай білу де - мемлекеттік қызметшінің кәсіптік имиджінің моральдық кодексінін талаптарының бірі.
Талап ету - сенім блдірумен, сыйлаумен сабақтасып жатуы қажет.
Мемлекеттік қызметшіге қажет бір қасиет - тыңдай білу. Тыңдай білу сөйлеушінің сөзін бөлмей мақұлдау ғана емес, оның ойына, сезіміне ортақтасу. Сөйлеп отырған адамға тыңдаушының бет құбылысы: бейтарап отыр ма, жалығып кетті ме, әлде қызығып, көмектесуге дайындалуда ма бәрі әсер етеді. Қызметшінің жеке бас проблемасы әңгімелесушінікіне қарағанда анағұрлым күрделі, қиын мәселе болса да, ол тындаушы ретінде өз проблемасын естен шығара тұруы тиіс.
Моральдық сапа қасиеттерінің ішіндегі ең шынайысы - Мемлекеттік қызметшінің өз беделі. Беделдің жиналуы - өз ісін терең білуі мен қажымас еңбек, адалдық пен әділдік, қарапайымдылық пен байсалдылық, өзіне де, өзгелерге де талап қоя білушілік және парыз бен жауапкершіліктің дамыған деңгейі.
Мемлекеттік қызметшінің басты қызметі болып табылатын адамдармен қарым - қатынастағы басшылық - қоғамның басты өндіруші күші - адамдармен «адам факторымен» жұмыс істей білушілік.

Мемлекеттік қызметші болу, бұл - адамдармен тең қарым - қатынаста болу, кез келген жағдайдан жол таба білу, өз сезімін басқара білу.

Іскерлік этикет - іскерлік қарым-қатынастың көп жылдық халықаралық практикасымен жасалған мінез-құлық нормаларының кешені. Халықаралық дипломаттық және іскерлік практикада халықаралық сыпайылылық, биязы нейтралитет принциптерін ұстану қалыптасқан.

Іскерлік қарым-қатынастың бірінші ережесі - әрқашан да пунктуальды болу қажет.

Кез келген қызметшінің кешігуі жұмысқа кедергі жасайды, одан басқа, бұл ондай адамға сенім артуға болмайтынын көрсетеді. Іскерлік адам үшін белгілі тапсырмаларды орындауға қажетті уақытты дұрыс бөлу қабілеттілігі маңызды болып табылады.

Қарым-қатынастың іскерлік этикасының екінші ережесі - артық сөз айтпаңыз.

Кез келген қызметкер өзінің ұйымының құпияларын сақтау керек, бұл ереже фирманың немесе мекеменің барлық жұмыстарына: кадрлықтан технологиялықтарына дейін қатысты болады. Бұл әріптестердің жеке өмірі туралы әңгімелесуіне де байланысты.

Үшінші ереже - өзіңді ғана ойламай, басқаларын да ойла.

Әріптестер, клиенттер, сатып алушылардың ойлары мен көзқарастарын ескермей, жұмысты сәтті жүргізу мүмкін емес. Көптеген жағдайларда жұмыстағы сәтсіздіктің себептері эгоизмді көрсету, өзіндік қызығушылықтарды ғана ойлау, мекеме шектерінде алға шығу үшін әріптестерге, конкуренттерге зиян келтіру ұмтылысы болады. Сөйлеушіні сабырлықпен тыңдап, бөтен көзқарастарды сыйлап, оны түсінуге тырысуға үйреніңіз. Оппонентті ешқашан төмендетпеңіз, бір күні сізбен дәл осылай жасауға мәжбүр болатын адамға кезігуіңізді ескеріңіз.

Іскерлік этиканың төртінші ережесі - дұрыс киініңіз.

Ең маңыздысы - өзіңіздің деңгейіңіздегі қызметкерлердің контингентінен ерекшеленбей, жұмыстағы адамдарға сәйкес киіну.

Бесінші ереже - жақсы тілмен сөйлеп, жазыңыз.

Сіздің барлық айтқаныңыз бен жазғаныңыз дұрыс тілмен мазмұндалуы қажет. адамның сауатты сөйлеу қабілеті оның ортақ бейнесіне әсер етеді. Дұрыс қатынаса алудан сіздің контрактқа қол қою шанстары тәуелді болады. Сәтті болу үшін, іскерлік адамға риториканы, яғни әдемі сөйлеу шеберлігіне үйрену қажет. Өзіңіздің дикцияңызға да, дыбыстау мен интонацияға, көңіл бөлу маңызды. Іскерлік қатынаста ешқашан да жаргонды сөздер мен жәбірлеуші сөздерді қолданбаңыз; басқаларды тыңдап, бұл сізге қызықты екендігін көрсетуге үйреніңіз.

Іскерлі этикет

Бұл басқаларына қарағанда бақылау мен регламентацияға оңайырақ берілетін корпоративтік этикалық кодекстің бөлімі. Кейде барлық әкімшіліктік іскерлік этикадан тек этикет қана қалады.

Іскерлік қарым-қатынастың негізгі принциптері

№ п/п
Наименование группы принципов

Состав принципов групп

№ п/п: 1
Наименование группы принципов:

2

Состав принципов групп:

3

№ п/п: 1
Наименование группы принципов: Принципы личности
Состав принципов групп:

1. Прибыль важнее всего, но честь
дороже прибыли.

2. Уважай участников общего дела -
это основа отношений с ними

и самоуважения. Уважение

и самоуважение даются выполнением

принятых деловых обязательств.

3. Воздерживайся от насилия и угрозы
применения насилия как способов
достижения деловых целей.

№ п/п: 2
Наименование группы принципов: Принципы профессионала
Состав принципов групп:

4. Всегда веди дело сообразно
средствам.

5. Оправдывай доверие, в нем - основа
предпринимательства и ключ к успеху.
Стремись завоевать репутацию
честного, компетентного и
порядочного партнера. Будь таким,
каким ты хочешь видеть своего
лучшего партнера.

6. Конкурируй достойно. Не доводи
деловые разногласия до суда. Самый
надежный партнер - тот, который тоже
выигрывает от сделки.

№ п/п: 3
Наименование группы принципов: Принципы гражданина России
Состав принципов групп: 7. Соблюдай действующие законы и подчиняйся законной власти.
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бизнестегі этикалық нормалар
Басқару еңбегінің мәдениеті және этикасы туралы
Іскерлік қарым- қатынас психологиясы пәні, оның міндеттері
Бизнес этикасының ерекшеліктері
Басқару еңбегінің мәдениеті мен этикасы жайлы мәлімет
Қытай халқымен келіссөздер жүргізу этикасы
Қазақ этикасының зерттелуі
Іскерлік қарым-қатынас этикасы туралы
Қызметтік этикет принциптері
Этика саласындағы стандартты операциялық процедураларды анықтау және оның дамуын зерттеу
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz