Қолма -қол және жедел валюталық операциялар. Валюталық операциялардың есептелуі


Республикалық Мемлекеттік Қазыналық Мекеме
ЖОСПАР
КІРІСПЕ . . . 3
Ι. ВАЛЮТАЛЫҚ ОПЕРАЦИЯЛАР . . . 3
1. 1Валюталық операциялардың қызметі. Валюталық реттеу . . . 3
1. 2Валюталық операциялардың жіктелуі . . . 6
1. 3 Валюта нарығы . . . 9
ΙΙ. ҚОЛМА -ҚОЛ ЖӘНЕ ЖЕДЕЛ ВАЛЮТАЛЫҚ ОПРЕАЦИЯЛАР . . . 13
2. 1Қолма - қол валюталық операциялар . . . 13
2. 2 Жедел валюталық операциялар . . . 16
2. 3 Опционды мүліктену . . . 19
ΙΙΙ. ВАЛЮТАЛЫҚ ОПЕРАЦИЯЛАРДЫҢ ЕСЕПТЕЛУІ . . . 22
3. 1 Валюталық шоттар ашу тәртібі . . . 22
3. 2 Опцион бойынша шот ашу . . . 27
3. 3БанкЦентрКредиттің ұлттық және шетел валютасы бойынша несиелері. . 29
ΙV. ҚАЗІРГІ ТАҢДАҒЫ ВАЛЮТАЛЫҚ ОПЕРАЦИЯЛАР . . . 29
ҚОРЫТЫНДЫ . . . 32
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР . . .
ҚОСЫМША 1 . . .
Кіріспе
ҚР нарықтық қатынастарының дамуы сыртқы экномикалық дамудың қажеттігін және маңыздылығын анықтыды. Оның ішіне қаржы - валюталық қамтамасыздандыру, Валюталық несиені алу, Валютаны сатып алу, оның бағалы қағаздарға салынуы, Валюталық тәуекелдерден сақтандыру және т. б. қажеттігі мен маңыздылығын жатқызуға болады.
Сыртқы экономикалық қызмет жуйесінде кәсіпорындар нарықтық шаруашылық әдістерімен байланымады. Атап айтсақ әлемдік валютаоық нарық құралдарымен: шетел валютасы, валюталық курс, маржа, трансферт, есептік ставка, факторинг, форвард, курстық тәуекелдер және т. б. ҚР территориясында қызмет ететін қазіргі таңдағы валюталық механизм нарықтық экономика принциптеріне негізделген.
Нарықтық экономика сыртқы экономикалық кәсіпорындардың қызметін орындайтын үлкен мүмкіндіктер туғызды. Бұл клиентке валюталық қызмет көрсететін коммерциялық банктер санының көбеюіне әкелді. 1998 жылы 1 желтоқсанда Қазақстан Республикасында 77 екінші деңгейлі банктер тіркелген, оның 41 сыртқы және ішкі валюталық нарықтарда операциялар жүргізуге лицензиясы бар банктер. ҚР Ұлттық Банкінің шетел валютасымен операция жүргізуге лицензиясы бар коммерциялық банктердің пайда болуы валюталық нарықта валюталық бақталастарды құрды және валюталық механизмнің қызмет ету аясын кеңейтті. Айтып кету керек 1992 жылы Қазақстан өзінің жеке ШЕТЕЛ ВАЛЮТАСЫ АУКЦИОНЫН ашты. Ол 1996 жылы AFINEX болды. Коммерциялық банктердің сыртқы экономикалық қызметі тауар және қызметтердің экспорт\ импорт бойынша шетел валютасынмен және ҚР территориясында, шетелдерде шетел валютасының іске асырылуымен байланысты болды.
І БӨЛІМ. ВАЛЮТАЛЫҚ ОПЕРАЦИЯЛАР
1. 1 Валюталық операциялардың қызметі. Валюталық реттеу.
Қазақстан Республикасының «Валюталық реттеу туралы» заңына (24. 12. 1996 ж. ) сәйкес, «валюта мемлекеттердің төлем құралы ретінде қабылданған ақша бірліктері немесе банкноттар, қазыналық билеттер мен тиындар, соның ішінде қымбат металдардан жасалған тиындар (айналымнан алынған немесе алынатын, бірақ айналымда жүрген ақша белгісімен айырбастауға жататынын қоса алғанда) түріндегі қолма - қол және аударым нымандарындағы құнның ресми спандарттары, сондай - ақ шоттардағы, соның ішінде, халықаралық ақша немесе есеп айырысу бірліктеріндегі қаражаттары».
Осы заңда «валюталық операцияларға» мынадай түсінік берілген:
1) меншік құқығының және өзге де құқықтырдың валюталық құндылықтарға ауысуына байланысты операциялар, соның ішінде, төлем құралы ретінде шетел валютасын және шетел валютасындағы өзге де төлем құралдарын пайдаланумен байланысты мәмілелер;
2) валюталық құндылықтарды кез келген тәсілмен Қазақстан Республикасына әкелу және жөнелту, сондай - ақ Қазақстан Республикасынан әкету және жөнелту.
Мұндағы валюталық құндылықтарға мыналар жатады:
1) шетел валютасы;
2) номиналы шетел валютасында көрсетілген бағалы қағаздар және төлем құралдары;
3) тазартылған құйма алтын;
4) ұлттық валюта; резиденттер мен бейрезиденттер арасында олармен операциялар жасалған жағдайда құны ұлттық валютамен көрсетілген бағалы қағаздар және төлем құжаттары.
Мұндағы резиденттерге жататындар:
ҚР- ның тұрақты тұрғыны, соның ішінде, уақытша шетелде немесе республикадан тысқары жерлерде мемлекеттік қызметте жүрген жеке тұлға;
ҚР- ның заңдылықтарына сәйкес құрылған барлық заңды тұлғалар, олардың республика ішіндегі немесе одан тысқары жерлерде орналасқан филиалдары мен өкілеттігі;
ҚР- нан тысқары жердегі орналасқан дипломатиялық, сауда және өзге де өкілеттіліктер жатады.
Ал бейрезиденттерге резидент құрылымында көрсетілмеген ҚР- ның барлық заңды және жеке тұлғалары немесе одан тысқары жерлердегі олардың филиалдары мен өкілеттіктері жатады.
Кейбір экономикалық әдебиеттерде валюталық құндылықтар қатарына бағалы металдар (алтыннан басқа да) мен табиғи асыл тастарды (алмаз, рубин, изумруд, сапфир, александрит және жемчуг) жатқызылады.
Валюталық операциялар ағымдық операциялар және капитал қозғалысымен байланысты операцияларға бөлінеді.
1. Ағымдық операцияларға жататындар:
• тауарлар, жұмыстар және қызметтер үшін төлемнің не аванс төлемінің мерзімін 180 күннен аспайтын мерзімге ұзартуды көздейтін экспорт-импорт мәмілелері бойынша есеп айырысуларды жүзеге асыруға арналған аударымдар;
• 180 күннен аспайтын мерзімге несиелер беру және алу;
• салымдар (депозиттер), инвестициялар, заем және өзге операциялар бойынша дивиденттерді, сыйақыларды және өзге де табыстарды алу және аудару;
• гранттарды қоса алғанда, сауда сипатына жатпайтын аударымдар, мұрагерлік соманы, жалақыны, зейнетақыны, алименттерді және басқа сомаларды аудару;
• осы заңмен капитал қозғалысына байланысты операцияларға жатпайтын барлық өзге де валюталық операциялар.
2. Капитал қозғалысына байланысты операцияларға жататындар:
• инвестициялврды жүзеге асыру;
• интеллектуалдық меншік обьектілеріне ерекше құқықты толық беруді көздейтін мәмілелер бойынша есеп айырысуларды жүргізуге арналған аударымдар;
• мүліктік құқыққа және өзге де жылжымайтын мүлік құқығына төлеуге аударымдар;
• тауарлар, жұмыстар және қызметтер үшін төлемнің не аванс төлемінің мерзімін 180 күннен асатын мерзімге ұзартуды көздейтін экспорт-импорт мәмілелері бойынша есеп айырысуларды жүзеге асыруға арналған аударымдар;
• өздері тіркелген мемлекеттердің заңдары бойынша банк операцияларын жүзеге асыруға құқығы бар шетел банкілерінде және өзге де қаржылық ұйымдарда салымдарды (депозиттерді) жүзеге асыру;
• зейнетақы активтерін жинақтауға байланысты мәмілелер бойынша халықаралық аударымдар;
• жинақтау смпатындағы сақтандыру және қайта сақтандыру шарттары бойынша халықаралық аударымдар.
Валюталық операцияларды біздің елімізде шетел валютасымен банктік операциялар жүргізуге ҚР Ұлттық банкінен алған лицензиясы бар өкілетті банктер ғана орындай алады. Сонымен қатар, ҚР Ұлттық банк валюталық реттеуді және валюталық бақылауды жүргізеді.
Валюталық реттеу мемлекеттік халықаралық есеп айырысу және валюталық құндылықтармен байланысты мәміле жасау тәртібін реттеуге бағытталған қызметі. Нормативтік актілермен және халықаралық валюталық келісімдермен реттеледі. Сондай - ақ ұлттық заңдар негізінде елдің аумағында шетел валютасының пайдаланылуын тәртіптеу де валюталық реттеуге жатады.
Валюталық реттеу нормативтік құқықтық актілерді жасау және бекіту, ақпараттарды жинау, валюталық заңдылықтардың орындалуына бақылау жасау, заңмен көзделген санкцияларды қолдану шараларын білдіреді.
1. 2 Валюталық операциялардың жіктелуі.
Экономикалық әдебиеттерде де банктер жүргізетін валюталық операциялардың өзіндік белгілеріне байланысты жіктелуін көрсетеді.
1. Клиенттердің шоттарын ашу және жүргізу
Бұл операция мынадай түрлерден тұрады:
заңды және жеке тұлғаларға (резиденттер мен бейрезиденттерге) валюталық шот ашу;
шоттардағы қалдық бойынша пайыз төлеу;
овердрафт (банктің жетекшілерінің шешімімен ерекше клиенттерге) несиелерін беру;
операция жасалуына қарай шоттың көшірмелерін беру;
кез келген уақыт аралығына шот архивін рәсімдеу;
клиенттердің тапсырмалары бойынша операцияларды орындау (клиенттер есебінен шетел валютасын сатып алу және сату) ;
экспорттық-импорттық операцияларға бақылау жасау.
2. Сауда емес операциялар
Сауда емес операцияларға клиенттерге тауарлар және қызметтер экспорты мен импорты және капитал қозғалысы бойынша қызмет көрсетулер үшін есеп айырысуларға байланыссыз операциялар жатады.
Өкілетті банктер сауда емес сипатта мынадай операцияларды жасауы мүмкін:
қолма қол шетел валютасын және шетел валютасындағы төлем құжаттарын сатып алу және сату;
шетел валютасын және шетел валютасындағы төлем құжаттарын инкассациялау;
шетел банктерінің жол чектерін сатып алу(төлеу) ;
ақшалай аккредетивтерді төлеу;
3. Шетел банктерімен корреспонденттік қатынас орнату
Халықаралық есеп айырысуларды жүзеге асыру үшін банктер шетел банктерінде өздерінің корреспонденттік шоттарын ашады. Ондай шоттар екі түрлі болып келеді:
1. НОСТРО шоты (біздің шотымыз сізде) банккорреспондентте коммерциялық банктің атына ашылған ағымдық шот.
2. ЛОРО шоты (сіздің шотыңыз бізде) коммерциялық банкте банккорреспондентінің атына ашылған ағымдық шот.
4. Конверсиондық операциялар
Конверсиондық операциялар сол елдің қолма- қол және қолма -қолсыз ұлттық валюталарына қолма -қол және қолма- қолсыз шетел валюталарын сатып алу және сату мәмілелері.
Конверсиондық операцияларға мынадай валюталық мәмілелер жатады:
СПОТ мәмілесі бір валютаға қарсы екінші валютаны сатып алу және сатуға байланысты мәміле жасалған күннен кейінгі екінші банктік жұмыс күніндегі валюталау күні жүргізілген операциялар.
ФОРВАРД (мерзімді, аутрайт) мәмілесі бір валютаға қарсы екінші
валютаны сатып алу және сатуға байланысты мәміле жасалға күннен кейінгі екі банктік жұмыс күніндегі валюталау күні жүргізілген операциялар.
СВОП мәмілесі бір валютаға қарсы екінші валютаны сатып алу және сатуға байланысты осы валютаны болашақта қайта сатып алу және сатуға сәйкес, яғни екі қарама қарсы операциядан тұратын банктік мәміле.
Аутрайтпен жасалатын мәміле белгілі бір күнге валютамен жабдықтау шартын білдіреді;
Опционмен жасалатын мәміле валютамен жабдықтаудың күні белгіленбеген шартын сипатайды.
5. Халықаралық есеп айырысу бойынша операциялар
Сыртқы саудада есеп айырысудың мынадай формалары қолданылады: құжатталған аккредетив, құжатталған инкассо, банктік аударым.
Құжатталған аккредетив аккредетивте көрсетілген құжаттарға қарсы экспортердың (бенефициарға) пайдасына өзінің бұйырушы клиентінің (импортердің) өтініші бойынша жасайтын аккредетив алушы банктің (эмитент банктің) мідеттемесін білдіреді.
Құжатталған инкассо эмитент банктің, сенім білдірушінің берген құжаттарын төлеушіге (импортерға) төлеу үшін ұсынуға немесе ақшасын алып беруге өзіне алған міндеттемесін бідіреді.
Банктік аударым бактік аударым жасаушының жасаған тапсырмасы негізінде барлық есеп айырысудағы валюталық түсімдердің өкілетті банктердің шотына есепке алынуын білдіреді.
6. Валюталық қаражаттарды тарту және орналастыру операциялары.
Мұндай операцияларға мыналар жатады:
1) депозиттерді тарту:
• жеке тұлғалардан;
• заңды тұлғалардан, соның ішінде, банкаралық депозиттер;
2) несиелер беру:
• жеке тұлғаларға;
• заңды тұлғаларға;
3) банкаралық нарықта несиелерді орналастыру.
Валюталық операцияларды біздің елімізде шетел валютасымен банктік операциялар жүргізуге ҚР Ұлттық банкінен алған лицензиясы бар өкілетті банктер ғана орындй алады. Сонымен қатар, ҚР Ұлттық банк валюталық реттеуді және валюталық бақылауды жүргізеді.
1. 3 Валюта нарығы.
Валюталық нарықтар уақтылы есеп айырысуларды жүзеге асыруды, валюталық қаражаттарды біршама тиімді пайдалануын, валюталық операцияларға қатысушылардың валюталық бағамдар айырмасы түрінде пайда алуын, валюталық тәуекелдерді сақтандыруды, валюталық бағамдарды реттеуді, валюталық саясатты жүргізуді қамтамасыз ете отырып, ішкі және халықаралық төлем айналымына қызмет етеді.
Халықаралық есеп айырысудың өзіндік ерекшелігі барлық елдер үшін жалпыға бірдей қабылданған төлем құралының болмауында. Сондықтан да сыртқы сауда, көрсетілген қызметтер, несиелер, инвестициялар, мемлекетаралық төлемдер бойынша есеп айырысудың қажетті шарты сатып алу - сату формасында бір валютаны екінші біріне айырбастау болып табылады.
Валюталық нарықтарда шетел валютасына деген сұраныс пен ұсыныстың ең алдымен сатылған тауарлар және көрсетілген қызметтер үшін валюталық түсім алған экспортерлардан; сатып алған тауарлары мен көлік және кеме компанияларынан алынған қызметтері үшін төлемдерді төлеуде импортерден; сондай - ақ көрсеткен қызметтері үшін фрахты, сақтаныдру сыйақысы, брокерлік және банктік комиссия түрінде валбталар алатын сақтандыру қоғамдары мен банктерден; дивидент төлеуге, займды, несиені және оған есептелген пайызды және т. б. қайтаруға міндеттемесі бар заңды және жеке тұлғалардан туындайды.
Сонымен, валюталық нарықтарда валюталық операцияларды жүргізуге халықаралық сацда мен оған байланысты көрсетілген қызметтер және халықаралық капиталдар мен несиелер қозғалысы негіз болып табылады.
Валюта нарығы - сұраным мен ұсыным негізінде валюталарды сатып алу - сату шоғырланған ресми орталық және шетел валютасымен төленетін төлем құжаттарын сатып алу- сату жөніндегі тұрақты экономикалық және ұйымдық қатынастар жүйесі. Мұнда еуродепозиттер нарығы, еуронесиелер нарығы, еурооблигациялар нарығы қамтыладыды. Биржалық валюталық нарық биржадан тыс (банкаралық)
валюталық нарық түрлеріне бөлінеді. Дүниежүзілік аса ірі валюталық нарықтар АҚШ- та, Ұлы Британияда, ГФР-де, Францияда, Швейцарияда, Жапонияда, Сингапурде, орналасқан. Валюта нарығында операциялардың екі түрі қолданылады, олдар: «спот» (валютаны дереу жеткізу) «форвард» - келісілген бағам бойынша уағдалы уақыттан кейін (бір айдан және одан көп уақыттан кейін) жеткізу. Қазіргі валюталық нарықтарда мынадай ағымдарды бөліп қарауға болады:
шаруашылық байланыстардың интернационалдануы негізінде валюталық нарықтардың интернационалдануының күшеюі;
- байланыстың жаңа жүйелерін пайдалану;
- әлемнің барлық бөліктеріне тәулік ішінде үздіксіз операцияларды жасау;
- банктердің корреспонденттік шоттары бойынша жазбаша түрде негізделетінвалюталық операцияларды жүргізу техникасын біртұтастандыру;
- коммерциялық валюталық мәмілелермен салыстырғанда алыпсатарлық және арбитраждық валюталық мәмілелер көлемін ұлғайту.
Валюталық операциялардың көлеміне, сипатына және пайдаланылатын валюталар тобына қарай қазіргі валюталық нарықтар халықаралық, аймақтық және ұлттық (жергілікті) болып бөлінеді.
Халықаралық валюталық нарықтар ірі дүниежүзілік қаржы орталықтарында шоғырланған. Олардың ішінде: Лондондағы, Нью - йорктегі, Франкфрут - на - Майенедегі, Париждегі, Цюрихте, Токио, Сингапурдағы, Гонконгтағы валюталық нарықтарды бөліп айтуға болады. Бұл нарықтарды халықаралық төлем айналымында кеңінен қолданылатын валюталармен операциялар жүзеге асырылады.
Аймақтық және жергілікті нарықтарда белгілі бір конвертирленетін валюталармен операциялар жүргізіледі. Оның қатарында сингапур доллары, сауд риалы, кувейт динары және т. б. бар.
Ұлттық валюталық нарықтар деп, ережеге сәйкес, халықаралық операцияларды жүргізуге маманданбаған, өз клиенттеріне (олардың қатарында компаниялар, жеке тұлғалар және банктер болуы мүмкін) валюта бойынша қызмет көрсететін сол елдің аумағында орналасқан банктердің жүзеге асыратын операцияларының жиынтығын айтады. Сонымен қатар, ішкі ұлттық нарықтағы операцияларға жекелеген компаниялар арасында жасалатын операцияларды, жеке тұлғалар арасындағы
операцияларды, сондай- ақ валюта биржасында жүргізілетін операцияларды да жатқызады. Жоғарыда келтірілген сипаттамаға қарап, Қазақстанда ұлттық нарықтың жұмыс жасайтынын айтуға болады. 1997 жылы операциялар көлемі 1124735 мың, 11165 мыңды құрайды,
Сол немесе басқа елдің ішкі валюталық заңдылықтарының ырықтандырылуына байланысты ресми валюталық нарық «қара нарықпен» толықтырылуы мүмкін. «Қара нарықтың» болуы барлық ТМД елдеріне тән сипат. Қазақстанда Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің жүргізетін саясаты, айырбас орындарының көптеп ашылуы пайда массасын өсіру үшін банктер арасында бәсекені ұлғайта отырып, «көше» нарықтарында валютамен сауданы азайтуға және соның нәтижесінде «қара нарықтың» әрекет ету аясының қысқаруына әкелді.
Валюталық операцияларды жүргізуге құқылы банктер өкілетті немесе девиздік банктер деп аталады.
Девиздік банктердің валюталық нарықтағы операцияларға қарсы қатысу дәрежесі көп факторларға: банк шамасына, оның беделіне, шетелдік бөлімдер және филиалдар топтарының даму дәрежесіне, жүргізілетін халықаралық есеп айырысулар көлеміне, телекс, телефон, және т. б. байланыс жағдайына, банк саясатына байланысты.
Әдетте, валюталық операциялар банктер арасында тікелей жүргізіледі (телекс немесе телефон бойынша), бірақ кейбір елдерде (Скандинавия елінде) Орталық банк өкілдерінің валюталық нарыққа қатысушылармен кездесетін валюталық биржалар сақталған. Мұндай жағдай Қазақстан Республикасында да әрекет етеді, яғни Қазақстан қор биржасында аптасына екі рет валютамен сауда жүргізіледі.
Нарықтың қатысушы барлық мүшелерін екі негізгі топқа бөлуге болады. Бірінші топқа пассивті қатысушылар, яғни оларда валюталық операциялар жүргізу қажеттігі әр кездерде туындайды да, баға белгіленімін білу үшін олар басқа банктерге өтініш жасайды (маркетюзерлер) . Активті қатысушылар (екінші топ) өздеріне баға белгіленімін білуге өтініш жасайтын банктер үшін бағаны белгілейді (маркет - мэйкерлер) . Осы қатысушылар арасында әлемнің барлық жерлеріне таралған бөлімше топтары және үлкен дилерлер штаты бар 20-ға жуық банктер ерекше бөлінеді. Бұл бактер 100 млн. АҚШ долларындағы (мәміленің стандартты сомасы- 5 немесе 10 млн. ) ірі сомаға мәміле жасай отырып, валюталық нарыққа маңызды ықпал етеді.
Дүниежүзінің тек өте ірі банктерінде валюталық департаменттер және валюталық операциялармен айналысатын білікті дилерлер бар. Өз клиенттерінің тапсырмаларын ғана орындайтын және валюталық операцияларды өз қаражаттары есебінен жүргізбейтін, халықаралық валюталық нарықта жұмыс жасайтын банктерге, өздерінің клиенттері мен банк арасындағы делдалдық рольді жетістіктермен атқару үшін валюталық операциялар туралы жалпы түсінігі бар банктік қызметкер болса жеткілікті. Мысалға, 2000-ға жуық бөлімшелері мен кеңсесі бар бірақ та үш бөлімінде ғана (Франкфурт- на- Майнеде, Дьюсельдрфта және Гамбургте) халықаралық банкаралық валюталық нарықта операциялар жүргізетін валюталық департаменті бар Германияның ірі коммерциялық банкі - Дойче Банкті алуға болады. Қалған бөлімшелері валюталық операцияларды шектеулі сомалар бойынша Дойче Банктің үшбөлімшесінің бірінің «Сименс» каналы арқылы берілетін бағамдар бойынша жүргізе алады.
Банктердің басқа да топтары ірі, бірақ азырақ диверсификацияланған банктер болып табылады. Әдетте, олар бір, екі- үш валюталармен операциялар жүргізуге маманданады және стандартты сомаларға баға қояды. Күнделікті жұмыстарында бұл банктер брокерлік фирмалардың қызметтерін пайдаланады.
Брокерлік фирмалар 30%-ға жуық валюталық операцияларға қызмет етеді және сол банкпен жұмыс жасайтын нақты брокер тұлғасында, екі банкінің арасында делдал ролінде де жүреді.
Брокерлер делдал ретінде бола отырып, клиенттерден брокерлік комиссиялық ақы алады (брокер арқылы сатылған немесе сатып алынған әрбір миллион доллар үшін 20АҚШ доллары), ол төлемді халықаралық тәжірибедегідей сатып алушы мен сатушы тең бөледі және онда котировка қосылмайды, әр ай сайын тікелей брокерге төленіп отырады.
Брокер мәміле жасайтын және баға белгілейтін өзінің банк- клиенттеріне толық тәуелді. Брокер арқылы жұмыс жасаудың айтарлықтай артықшылығы мыналар: котировка процесінсің үздіксіздігі және брокер белгілейтін кез келген бағамен ұсыну мүмкіндігі. Дилер мен брокердің арасындағы іскерлік ынтымақтастық тек өзара түсіністік, сенім мен сйыластық болғанда ғана мүмкін және ол өзара тығыз қатынас негізінде қалыптасады.
Банктердің валютамен жасалатын операциялары клиенттердің есебінен де, сондай -ақ өздерінің есебінен де жүзеге асырылады.
Шетел валютасымен халықаралық төлем айналымында әдетте ақшалай белгілері түрінде болмайды, ол банктік және несиелік айналыс құралдары формасында- шетел валютасына сәйкес телеграфтық және пошталық аударым, чек, тратта түрінде болады.
ΙΙ БӨЛІМ. ҚОЛМА -ҚОЛ ЖӘНЕ ЖЕДЕЛ ВАЛЮТАЛЫҚ ОПРЕАЦИЯЛАР
2. 1 Қолма - қол валюталық операциялар.
Ұлттық валюта экономикалық өзгешелік пен әрбір мемлекеттің саяси егемендігінің белгісі.
Халықаралық айналым ретінде қолдануға мүмкін болатын бірыңғай төлем құралының жоқтығы айырбас валютаснының қадеттігін анықтайды, ал ол өз кезегінде валюталық операцияның пайда болуы мен жүргізілуі әкеледі. Әлемнің көптеген мемлекеттерінде сатып алу және сату ауқымы бойынша түрлі қаржылық корпорациялармен, инвестициялық және зейнетақы қорымен, экспортерлар және импортерлармен біріккен біртұтас халықаралық шетел валютасын айырбастау нарығын құратын банктермен іске асырылады. Валюталық операциялар мемелекеттің халықаралық беделін анықтайды, мемлекет экономикасының макроэкономикалық көрсеткіштеріне әсер етеді және инвесторлардың инвестициялық бастамасының, жобасының индикаторы болып табылады. Сонымен қатар, банкаралық валюталық тәртәп ереже бойынша валюталық нарықтың сыйымдылығы мен өтіділігін анықтайды. Банкаралық валюталық қызметінің ерекшелігі- шетел валютасымен операциялары бойынша орталық банктердің талаптары мен шектеулері мемлекеттің резиденттерімен жүргізетін операция шетелдік әріптестердің жете меңгеруіне қажетті болып табылады. Халықаралық іскерлік қатынастардың өсуі банкаралық валюталық сауданың көлемінің өсуіне әсер етті. Банктер өзара және банкаралық нарықта 85-95% дейін валюталық операцияларды жасайды, сондай- ақ епті ұйымдастыруда бұл бағыт жалпы табыстан 60-65% - ға дейін пайда әкелуі мүмкін. Бірақ валюталық операцияларды жүргізу ғылыми жүйелуді, ғылыми зерттеуді және жұмысты жүргізу техникасынның дұрыстығы бөліміндегі анализді, әлемдік валюталық нарықтың қатысушылары ұшырайтын мезгіліне және валюталық тәуекелділіктен аулақ басуды талап етеді.
Тарихи тұрғыдан халықаралық айналымда төлемнің екі негізгі түрі көрсетілген: 1) трассирлеу;
2) ремиттеу;
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz