Түркілердің Жужандармен және тағы да басқа монғол, тұнғұс, манчжур тілдес тайпалармен қарым- қатынасы



«Еуразияның жүрегі – бұл Ұлы Дала , ежелгі түріктердің жері , Қытай қақпасынан Карпатқа дейін , созылып жатты . Оңтүстігі- Ауғанстаннан Иранға дейін , ал солтүстігі – Сібірдің ну орманы. Ежелгі заманда бұл даланы Скифия , парсылар – Тұран , ал қытайлар – « солтүстік варварларының» даласы – Бей- ху» деп атады [ 63, 129 б ] . Көне қытай деректерінде тайпалардың атауларын әртүрлі айтып отырды. Ся әулеті тұсында түркі тайпаларын шунъ- вей , Инъ әулеті тұсында – гуйфан, Чжоу әулеті тұсында – сянъюн, Хань әулеті тұсында – сюнну (хұндар) , Тан әулеті тұсында түріктер [ 29 , 9 б. ] . 1500 жыл ішінде «түрік» сөзі өз мәнін біршама өзгертіп отырды. V ғ. кінәз Ашиннің айналасында топталған орда , одан кейін VI- VIII ғғ. түрікше сөйлейтін аз ғана халықты түріктер деп атаған. Керісінше аталмыш тілде сөйлейтін көрші халықтарды тіпті де түріктер деп атамаған. Орта және Орталық Азияның барлық көшпелі халықтарының тілдеріне мән бермеген араптар , түріктер деп атай беретін еді. Тек Рашид- ад- Дин кейін түріктер мен монғолдардың тіліне назар аударып ажырата бастайды. Бүгінгі кезде «түрік» - лингвистикалық ұғым ретінде қолданылып жүр. Бірақ этнография және шыққан тегі де есептелінбегенін көрсете келіп VI ғ. жужандар мен қытайлар сияқты түркіттер деп атайдындығын келтіреді [ 64, 24 б .]. Түрік сөзі туралы терең зерттеген ғалымдардың бірі А. Н. Кононов болды . Оның «Опыт анализа термина» «түрк» деп аталатын ғылыми мақаласында тартымды анализ жасалынады. Зерттеушінің пікірі бойынша түріктер жайлы қытайлардан бұрын ешбір ел білген емес. Қытайлардың айтуы бойынша « Ту- кюе» тужи деп атайды . Ал Суй патшалығының шежірелеріндегі деректерінде Тукюлердің тұрағы Алтай тауының баурайында болды. Таудың пішімі батырлардың дулығасына ұқсас болса керек. Соған байланысты түріктердің тілінде дулыға Ту- кюе деп аталған. Сөйтіп, дулыға тәрізді тау баурайында тұрғандықтан оларды түріктер (Ту-кюэлер) деді. Бұл пікірге өзге ғалымдар да келісушілік танытқан еді.

Пән: Жалпы тарих
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 17 бет
Таңдаулыға:   
Түркілердің Жужандармен және тағы да басқа монғол, тұнғұс, манчжур тілдес тайпалармен қарым- қатынасы

Еуразияның жүрегі - бұл Ұлы Дала , ежелгі түріктердің жері , Қытай қақпасынан Карпатқа дейін , созылып жатты . Оңтүстігі- Ауғанстаннан Иранға дейін , ал солтүстігі - Сібірдің ну орманы. Ежелгі заманда бұл даланы Скифия , парсылар - Тұран , ал қытайлар - солтүстік варварларының даласы - Бей- ху деп атады [ 63, 129 б ] . Көне қытай деректерінде тайпалардың атауларын әртүрлі айтып отырды. Ся әулеті тұсында түркі тайпаларын шунъ- вей , Инъ әулеті тұсында - гуйфан, Чжоу әулеті тұсында - сянъюн, Хань әулеті тұсында - сюнну (хұндар) , Тан әулеті тұсында түріктер [ 29 , 9 б. ] . 1500 жыл ішінде түрік сөзі өз мәнін біршама өзгертіп отырды. V ғ. кінәз Ашиннің айналасында топталған орда , одан кейін VI- VIII ғғ. түрікше сөйлейтін аз ғана халықты түріктер деп атаған. Керісінше аталмыш тілде сөйлейтін көрші халықтарды тіпті де түріктер деп атамаған. Орта және Орталық Азияның барлық көшпелі халықтарының тілдеріне мән бермеген араптар , түріктер деп атай беретін еді. Тек Рашид- ад- Дин кейін түріктер мен монғолдардың тіліне назар аударып ажырата бастайды. Бүгінгі кезде түрік - лингвистикалық ұғым ретінде қолданылып жүр. Бірақ этнография және шыққан тегі де есептелінбегенін көрсете келіп VI ғ. жужандар мен қытайлар сияқты түркіттер деп атайдындығын келтіреді [ 64, 24 б .]. Түрік сөзі туралы терең зерттеген ғалымдардың бірі А. Н. Кононов болды . Оның Опыт анализа термина түрк деп аталатын ғылыми мақаласында тартымды анализ жасалынады. Зерттеушінің пікірі бойынша түріктер жайлы қытайлардан бұрын ешбір ел білген емес. Қытайлардың айтуы бойынша Ту- кюе тужи деп атайды . Ал Суй патшалығының шежірелеріндегі деректерінде Тукюлердің тұрағы Алтай тауының баурайында болды. Таудың пішімі батырлардың дулығасына ұқсас болса керек. Соған байланысты түріктердің тілінде дулыға Ту- кюе деп аталған. Сөйтіп, дулыға тәрізді тау баурайында тұрғандықтан оларды түріктер (Ту-кюэлер) деді. Бұл пікірге өзге ғалымдар да келісушілік танытқан еді.
Түрік сөзінің мағынасы күшті, мықты дегенді білдіреді. Тағыда зерттеуші А. Н. Кононовтың пікірінше , ол сөз - жинақтауыш ат, кейін тайпалар бірлестігінің этникалық атына айналды. Алайда құрылған бірлестіктің бастапқы тілінің қай тіл болуында емес, тарих төріне енгеннен кейін бәріне ұғыныңқы сол кезеңнің тайпааралық ортақ тілі - сянби яғни көне монғол тілі түсінікті болуын және бұйрық-жарлықтың , базардың, елшіліктің тілі болды дейді де бұл тілмен 439 ж. Ашин Гобидің солтүстік шет аймағына көшкен болатын [64, 22 б. ]. Ашин - Қасқыр, бөрі деген сөз. Монғолша шоно- чино . А - қытай тілінде құрмет көрсету префиксі. Демек, Ашин - дегдар бөрі . Ежелгі түркілер туралы негізгі деректерді көне қытайдың Сүйнама 84 бума 49 баян, Жоунама 50 бума 42 баян, Көне Таңнама 194 (2) 144 баян, Таң жарғылары 96, 98, 100 бумаларында сақталған әулеттік шежірелерінен алуымызға болады. Одан кейін түркілердің Күлтегін үлкен жазуы және Күлтегін кіші жазуы , Тоныкөк алтын тас кітаптарында біршама мағлұматтар бар.
Енді осы аталған деректердің ішінен Сүйнама 84 бумасында Теріскей тиек- Түрік деп аталынатын 49 баянында мынандай дерек мәліметі көңілге қонымды болып табылады. Онда былай деп басталады: Түріктің арғы аталары Пиңлянда тұрған кірме ғулар еді. Олардың әулет есімі - Ашна. Соңғы уй әулетінің патшасы Тәй- у сақаларды жойғанда, Ашна бес жүз отбасымен Нөнеге кірімтал болды да , Алтынтауды мекендеп темір қорытумен шұғылданды. Алтынтаудың пішіні дулығаға келіңкірейді. Дулыға Түрік деп те аталады. Сондықтан бұл олардың аты болып қалды. Былай деп те айтады: Олардың арғы аталары Батыс теңіздің жоғарғы жағында мемлекет құрып еді. Кейін оны көршілес мемлекеті талқандады да , адамдарын ер- әйел , кәрі- жас демей түгел қырды. Тек бір ер баланы өлтіруге қимай аяқ қолын кесіп иен далаға апарып тастады. Бір қаншық қасқыр үнемі ет әкеліп беріп тұрды, соны өлжал еткен бала өлмей аман қалды. Кейін келе , ол қасқырмен жақындасып оны буаз қылды. Көршілес мемлекеттің ханы бұл баланы өлтіруге қайта жіберген адамы баланың қасынан шықпайтын әлгі қасқырды байқап, оны да өлтірмекші болды. Сол тұста әлгі қасқыр құдіретше қалықтап отырып теңіздің шығыс жағына келіп тоқтады да бір тауға келіп түсті. Бұл тау Котеңнің солтүстік - батысына тура келуші еді. Қасқыр оның астындағы үңгірге кіріп , онда аумағы екі жүз лидей келетін шалғынды кең жазыққа кезікті. Осыдан кейін қасқырдан он ұл туды. Солардың біреуінің әулет есімі Ашна еді. Өте ақылды болғандықтан елі оны хан көтерді. Тегін ұмытпайтындығын білдіру үшін, ол бөрі басы айшықталған туын қақпасына іліп қойды.
Ағын шад деген адам өз ұлысын бастап, таудағы үңгірден шығып Нөнеге бағын болды. Тай Ябғұның заманына келгенде бұлардың тұқымы мықтап күшейді. Соңғы уй әулетінің ақырғы кезінде Ел қаған әскерлерімен Телекке жорық жасап , оларды күйрете жеңіп , елу мыңдай отбасын өзіне қаратып алды. Сонан кейін Нөнеден қыз айттырмақшы болып араға жаушы салды. Бұған бұлқан - талқан болған нөнебасы Анағи елші жіберіп оған тіл тигізді. Ел қаған бұл елшінің басын алып , жасақтарымен Нөнеге қарсы аттанды. Нөнелер жеңіліс тапты. Ел қаған өлген соң , оның орнына інісі Ай қаған таққа отырды . Кейін ол да аурудан қайтыс болды . Оның орнына баласы Шатуды емес , інісі Сідіні таққа отырғызды. Ол Мұқан қаған деп аталды. Мұқан қаған батыр да ақылды адам еді. Ол Нөнеге тағы да шабуылдап , оларды жойды. Батыста Абдалды талқандап, шығыстан Қытанды қуды. Солтүстіктегі Нұмдар мен Тиектер оған түгел бағынды. Осылайша олар Кіндік қағанатпен үзеңгі қағыстырды. Кейінірек Батыс уймен күш біріктіріп , Шығыс уйға шабуыл жасап Тәйюнға дейін келді.
Олардың салты: мал шаруашылығымен шұғылданады, тұрақты қонысы болмайды, судың тұнығын , шөптің сонысын қуып көшіп отырады. Күмбез пішінді киіз үйлерде тұрады. Шаштарын жайып , етегін сол жағына қайырып жүреді. Ет жеп , ақ ішеді. Теріден тігілген , жүннен тоқылған киім киеді. Қарттарды сыйламайды, қару- қайраты барларды қадірлейді. Ұлықтарының үлкені - ябғұ, одан кейінгісі - шад- тегін , одан кейінгісі - елтебер, одан кейінгісі - тұдынбер. Барлығы төменгі шенділермен қосқанда жиырма сегіз дәреже. Олар бұл шенге мұрагерлікпен ие болады. Қару - жарақтан мүйіз нақышты садақ , ысқырма жебе, сауыт, найза, қылыш, семсер бар. Атқа мықты, садақ тартуға шебер . Табиғаты - жауыз. Жазуы жоқ. Ағашқа кертілген белгі куәлік етіледі. Жорыққа немесе барымтаға шығу үшін айдың толуын күтеді. Олардың заңында бүлік жасағандар , кісі өлтіргендер өлім жазасымен жазаланады. Зинақорға ақтау жазасын және белін үзу жазасын бұйырады. Көз шықса айыпты қызын береді. Егер қызы болмаса әйелінің дүние- мүлкімен құн төлейді. Ал дененің басқа бір мүшесін зақымдаса, онда жылқы төлейді. Зат ұрлаушы сол ұрлаған нәрсесінің құнын он есе етіп қайтарады. Өлген адамның мәйіті киіз үйге жайғастырылады. Үй ішіндегілер мен жақын туыстары құрбандыққа мүйізді ірі қара , жылқы шалып , дауыс сала үйді айналады. Теміртекпен беттерін жыртады, қан мен жас қосыла төгіледі. Жоқтау рәсімі жеті реттен кейін аяқтайды. Содан кейін күннің сәтін таңдап, мәйітті атының үстіне қойып өртейді де, сүйек күлін жиып алып жерге көмеді. Қабір басына белгі ретінде қада орнатылады. Оның үстіне үй тұрғызылып оның ішіне өлген адамның бейнесі және оның тірі кезінде өткерген шайқастары баяндалған суреттер салынады. Әдетте егер ол бір адам өлтірсе , онда бір тас қойылады. Кейбіреуінде ондай тастар жүзге , тіпті мыңға жетеді. Әкесі , ағасы қайтыс болса , баласы, аға- бауырының баласы , бауырлары өгей шешелеріне, жеңеше - жеңгелеріне үйлене береді. Мамырдың ортасында құрбандыққа көп қой және жылқы шалады. Ерлері чупу дейтін ұтысты , әйелдері тепкіш ойнағанды ұнатады. Қымызды мас болғандарынша ішеді, дәурігіп өлең айтысады. Жын- шайтан дегендерден қорқады, әруақты сыйлайды , бақсыға сенеді. Соғыста өлгенді даңқ, ауырып өлгенді намыс санайды. Олардың салты жалпы Ғұндармен бірдей [65 , 65-66 бб. ] . Осы деректе сипатталған аңыз бойынша танымал зерттеуші Л. Гумилевтің пікірі былай келтіріледі: алтайлық түрік - түкюлер (түркіттер) батыс ғұндардан шығып, бірақ тікелей емес , мистикалық жолмен , қаншық қасқырдың араласуымен шығады, ал егер біз батыс ғұндардың 468 ж. көзі жойылып кетіп , түріктердің халық ретінде 545 ж. еңсе көтергенін ескерсек , онда олардың жедел көбейіп , пәлен буынның ауысып үлгергеніне таң қалмасқа болмайды ! - дейді [ 64 , 23 б.] . Зерттеушінің келесі аңыз бойынша пікірі былай түсіндіріледі: түріктердің жергілікті Со руынан және оны да қаншық қасқырдың көмегімен шығарады. Аңызға қарағанда , Со руының барша адамы өздерінің есерлігінен қаза табады (оның не екені айтылмаған) , тек қаншық қасқырдың төрт немересі ғана тірі қалады. Олардың біріншісі аққуға айналады, екіншісі Цигу деген атпен Абу және Гянь өзендерінің арасына барып Чуса ( Шу) өзені жағасына қоныстанады. Аңызды зерттеуші Н. А. Аристов жақсылап түсіндіріп, ол аңыздағы Со руын солтүстік Алтайдағы Би өзені бойын мекендейтін күман тайпасының Со руымен салыстырады, бірінші немерені Ку- кісі Қу- кижи тайпасымен , екіншісін Абақан (Абу) және Енесаймен ( Гэн - Кем) арасында тұратын қырғыздармен байланыстырады. Бірінші аңыздағы Әсенше ( Ашина) үлкен ұлдың немересі. Қос аңыз келіп осы арада тоғысады. Бұл аңыз толығымен Жоунаманың 50 бумасы , 42 баянында Түрік деп аталатын мәліметте баяндалады. Бірақта кейбір тұстары сәйкес келмейтінін зерттеу барысында анықтауға болады. Мәселен Жоунамадағы мәліметте Со руы дегеніміз Ғұндардың солтүстігіндегі Сақ елі қытайша екі ироглифпен жақшаның ішінде жазылады. Қаншық қасқырдың төрт немересінің әкесі Іді Нишида деп көрсетіледі. Ол қасқырдың баласы тұғын. Қасқырдың үлкен немересі істеген жақсылықтарына қарай қошамет көріп , билеуші болады. Оның аты деректе - Нағыд Түрік шад делінеді. Оның он әйелі болады. Ашна (Әсенше) - оның кіші әйелінің баласы болды. Нағыд Түрік өлгеннен кейін он әйелдің балалары өздерінің ішінен біреуді таққа отырғызуды ұйғарды. Олар бір бәйтеректің түбіне жиналды. Олар : Қайсымыз осы бәйтерекке жоғары секірсек, сол таққа отырады деп уәделесті. Ашна жасының кішілігіне қарамай бәрінен биік секірді. Сонан бауырлары оны Ағын шад деген лауазыммен қошаметтеп таққа отырғызды. Айтылуы әр түрлі болғанымен , бұл аңыздардың барлығының түйіні Түріктің арғы тегі қасқырдың тұқымы дегенге саяды [ 65 , 36 б. ] . Бізге жеткен көне дерек мәліметтерін терең зерттеп өзінің шебер ойларымен батыстық еңбектерден тұжырымын жасай білген Л. Гумилев пікірлері қызықты бола берді. Оның Алтайда пайда болған аңыздарға қатысты ойына орай бөрі сөзінің VI ғ. түріктер үшін өте маңызды сөз болғандығын айғақтайды. Қытай авторлары үшін түрік ханы мен бөрі ұғымының мағынасы бір болды және түрік хандарының көзқарасына жүгінетінін айтады. Мысалы Сәнби ханшасының күйеуі Шаболио есімді ханды: өзінің қасиеті жағынан хан нағыз қасқыр - дегенін , түріктерге шабуыл жасаған кезде : мынандай шаралар қолдану керектігімен келтіреді: көшпенділерін қуып, бөрілеріне бассалу қажет - деп нұсқау қағаздың өзінде де айтылатынын меңзейді. Түрік байрақтарына бөрінің басы алтынмен әшекейленіп салынғандығын түріктердің шыққан тегі жөніндегі екі аңызында да ең алғашқы ана - қаншық қасқыр болып табылды. Бүгінгі жаңа зерттеулерде де Ашина - түріктердің көне атауы болып табылады. Ежелгі монғол тіліндегі шоночино , яғни қасқыр деген сөзге қытайша құрметтілік сипатын білдіретін а дыбысы қосылып жасалған термин . Сөйтіп, ашина сөзінің мағынасы қасиетті бөрі болды [ 66 , 189 б. ] . Сонымен ертедегі орта ғасырда негізін қалаған алғашқы феодалдық мемлекеттердің бірі- Түрік қағанаты болды. Алғаш рет түрік этнонимы қытай жылнамаларында 542 жылы пайда болады. Ал түркілердің мемлекеттік деңгейге өрлеуі 545 жылдан басталады. Бұл туралы шежірелерде былай делінеді: 545 жылы Түрік қолбасшысына қытай императорынан елші келді. Олардың мақсаты - екі ел арасында қарым- қатынас орнату. Бұл хабарды естіген түркілер бізге Ұлы елден елшілік келді, біз де Ұлы ел боламыз деп қатты қуанады .
Көп кешікпей түркілердің армандары да орындалады. Қытай елімен қатынастары жақсарады. Үш жүз жылдан астам Жужан (авар) хандығының тепкісін көрген түркілер оларға қарсы бас көтере бастайды. Түрік қолбасшысы Бумын (Түмен) Жужан ханы Анахуан (Анағи) ханға қалай тиісудің жолын іздейді. Ол үшін Бумын қаған Анахуан ханға маған қызын әйелдікке берсін деп елші жібереді. Мұны естіген Анахуан хан ашуланып , менің есігімде темір балқытушы болып жүрген құлым қызымды сұрауға қалай ғана дәті барды екен деп Бумын қағанды кемсітіпті-міс. Түрік қолбасшысының да күткен жауабы осындай болса керек. Ол өзін жәбірленуші деп тауып, енді Жужан ханымен ешбір келісімге келуге болмайды... онымен тек шайқасудың сәтін күтеді.
Бұмын қаған қытай елімен саяси жағынан байланысты бұрынғыдан да жақсарта түседі. Оның белгісі ретінде 551- жылы қытай ханының қызына үйленеді. Бұл жағдай түркілердің абыройын өзге елдердің алдында бұрынғыдан да көтере түседі. Сөйтіп түрік қағанаты біртіндеп күшейе бастайды. Сонымен өзін жәбірлеуші Жужан хандығының қол астынан біржола босану үшін өздерінің азаттығын алу жолында оларға қарсы жорыққа шығады . 552 жылы Жужан ханы тас- талқаны шығып жеңіліске ұшырайды . өзінің қол астындағы құлдарынан мұндай масқара жеңіліске ұшыраған Анахуан хан намысқа шыдамай өзін- өзі өлтіреді. Осы жеңістен кейін Бумын қаған Елхан деген атақ алады. Алайда Елхан осы жылы қаза болып, оның орнына баласы Қара-Еске қаған болады. Мұның кезінде түріктер Орхон өзенінің жоғарғы ағысында, Букрат тауының етегінде авроларды екінші рет жеңеді [54 ,121 б. ] .
Жоунаманың 50 бума 42 баянындағы мынандай мәліметті келтіруге болады. Қара - Ескенің жылнамадағы лауазымын - Ыссық деп атайды. Ол да (Тең) чүкісті Оқияның солтүстігіндегі Мұграт немесе Букрат тауында талқандады. 2 жылы наурызда Қара сарайға елу мың жылқы айдатып елшісін жіберді. Қара өлген соң оның інісі Іркін Мұқан қаған деген лауазыммен таққа отырды.
Іркіннің тағы бір аты Йеңді еді. Ол ерекше жаралған жан еді. Бетінің жалпақтығы бір чыдан асатын. Екі беті қып- қызыл, көздері жалт- жұлт еткен өте жанарлы еді. Қайратты да қатыгез болды да ол жаугерлік жорықпен көбірек айналысты. Ол Теңчүкіске шабуылдап, оны жеңді. Теңчүкіс аман қалған адамдарымен қашып келді. Іркін батыста Абдалды күйретіп, шығыста Қытанды үркітті, солтүстікте Қырғұрды өзіне қосып алды және шекара бекінісінің сыртындағы елдерді де жасқап өзіне бағынуға мәжбүр етті. Оның жалпы иелігі шығыста Ляухайдың батысынан Шихәйға ( Батыс теңізге) дейінгі он мың ли; оңтүстікте Құм шөлдің солтүстігінен Бейхәйға (Солтүстік теңізге) дейінгі бес- алты мың ли жерді алып жатты.
Деректе түріктердің қоғамдық, әлеуметтік- саяси , тұрмыс тіршілігінен мағлұмат беретін біршама құнды мәліметтерді айта кетуге болады. Сол арқылы түрік мемлекетінің сипатын анықтауға болады. Мәлімет арқылы байқайтынымыз олар: шаштарын жайып, етегін сол жағына қайырып қояды екен. Күмбез пішінді киіз үйде тұрады. Судың тұнығын, шөптің сонысын қуып көшіп жүреді. Мал шаруашылығымен, аң аулаумен шұғылданады. Қарттарды сыйламайды, қару- қайраты бар жастарды құрметтейді. Ар- ұяты кем. Ежелгі Ғұндар сияқты әдеп- иба, әділдік дегендерден жұрдай. Елбасыларын алғаш таққа отырғызғанда, жасауылдары мен мәртебелілері оны киізге отырғызып, күн қозғалысы бағытымен тоғыз рет айналады. Әр айналғанда қарашылар оған тағзым етіп отырады. Мұнан кейін оны атқа мінгізіп, мойнын торғынмен орап, демі үзілмейтіндей дәрежеде қылқындырады да , Неше жыл қаған боласың? деп тосын сұрайды. Есеңгіреген елбасы нақты айта алмайды. Ұлықтар оның айтқандарына сай өздерінше есептеп шығады. Ең ірі ұлығы - ябғұ , одан кейінгісі - шад , одан кейінгісі - тегін , одан кейінгісі - елтебер , одан кейінгісі - тұдынбер , барлығы төменгі шенділермен қосқанда жиырма сегіз дәреже. Олар бұл шенге мұрагерлікпен ие болады. Қару - жарақтан оларда бары : садақ- оқ , ысқырма жебе , сауыт, найза , қылыш , семсер , сән үшін көбіне ақинақты бойынан тастамайды. Туларында бөрінің зермен айшықталған бас бейнесі бар. Жасауыл сарбазды Бөрі деп атайды. Бұл қытай (хәнзу) тілінде Лаң (қасқыр) деген ұғымды білдіреді. Өздерінің қасқырдан туған ежелгі тегін ұмытпау үшін осылай атайды. Жасақтың , салықтың және малдың санын алғанда ағашқа кертіп белгі салу жолымен есептейді. Алтын ұшты жебе мен балауыз мөрді куәлік ретінде пайдаланады. Олардың жаза заңы бойынша бүлік шығару, кісі өлтіру, біреудің әйелін зорлау, бекітілген аттың тұсамыс- шідерін ұрлау өлім жазасымен жазаланады. Біреудің қызын зорласа , оған жай заттай ауыр айып төлетеді және оны сол қызға үйленуге мәжбүр етеді. Ұрып адамды зақымдағандар зақымның ауыр - жеңілдігіне қарай заттай құн төлейді. Ат немесе басқа зат ұрлаушы сол ұрлаған нәрсенің құнын он есе етіп қайтарады. Өлген адамның мәйіті киіз үйге жайғастырылады. Балалары, немерелері, туыс- туғандары ер- әйел демей, құрбандыққа жылқы, қой шалып, етін әруаққа атап есіктерінің алдына жаяды да атқа мініп , үйді жеті айналып шығады, сонан үйге кірерде беттерін теміртекпен жыртып дауыс қылады, қан мен жас қосыла төгіледі. Жоқтау рәсімі мұны осылай жеті рет қайталағанда барып аяқтайды. Содан кейін күннің сәтін таңдап, өлген адамның тірісінде өзі мінген атын , тұтынған мүлкін оның денесімен бірге өртейді де белгілі бір мезгілде жерге көмеді. Көктемде және жазда өлген адамды ағаштар мен өсімдіктердің жапырағы сарғайғанда немесе түсе бастағанда, ал күзде және қыста өлген адамды гүлдер бүршік жара бастаған кезде жерлейді. Жерлеу кезінде өлген адамның туыстары дәл өлген күніндегідей тасаттық беріп атпен шабады, беттерін жыртады. Қабір басына қада қағылып, құлпытас орнатылады. Қойылатын тастың (балбалдың) саны өлген адамның тірі кезінде өлтірген адамның санына қарай қойылады. Құрбандыққа шалынған қой мен жылқылардың бастары түгел қадаға ілінеді. Бұл күні ерлер де, әйелдер де бір киерлерін иығына іліп қабір басына жиылады. Егер сол топтан жігітке бір қыз ұнаса, ол қайтып барған соң қыз үйіне құда түсуге адам жібереді. Мұндай жағдайда көп ретте қыздың ата- анасы қарсы болмайды. Әкесі, ағасы, әкесінің аға- бауыры қайтыс болса, баласы, інісі және аға- бауырының баласы өгей шешесіне, жеңешесіне, жеңгесіне үйлене береді. Тек үлкендердің өздерінің баласы есепті адамдардың жесірімен шатысуына болмайды. Олардың тұрақты орын тепкен мекені жоқ. Бірақ әрқайсысының өздеріне тиеселі жері болады. Қаған Өтүкен тауына тұрғылықты. Оның ордасының есігі шығысқа қаратылады. Бұл күннің шығуына еткен құрметі болса керек. Ол жыл сайын өзінің мәртебелі адамдарын бастап, аталарының үңгіріне барып құрбандық шалады. Ал мамырдың ортасында басқаларды жинап апарып көк тәңіріне тасаттық беріп табынады. Өтүкен тауынан төрт- бес жүз ли жерде басына ағаш та , шөп те өспейтін биік шоқы бар. Оны Ба теңрі деп атайды. Бұл қытай тілінде Дишын (жер құдайы) деген мағынаны білдіреді. Олардың жазуы Ғулардікіне ұқсайды. Бірақ жыл қайырып, күн есептеуді білмейді де, жердің неше рет көктегені бойынша жылесебін шығарады.
Түрік қағанатының алғашқы қағандары Бумын мен оның інісі Істемі қаған тұсында түрік қағандығы мейлінше күшейіп , төрт бұрыштағы барлық дұшпандарын жеңген болатын. Қағанаттың жерін ұлғайтып, халқын көбейтеді.
Сонымен қатар жаңа мемлекеттің іргесін салушы Бумын қаған , ең алдымен, тоз - тоз болып кеткен қандастарының басын қосады. Түрік қағанаты тағы да нығая түседі. Бумын қаған жужандарды (аварларды) тас- талқан етіп жеңген болатын. Осыдан барып оның шығысында - Хинган тауларына дейін, Батысында - Қара теңізге дейінгі ұлан - ғайыр өлке Түрік қағанатының құрамына енеді.
Бумын қаған 553 жылы қайтыс болған соң, орнына інісі Мұқан қаған билікке келеді. Істемі қаған тақ мұрагері деп жарияланған еді. Ағасы Мұқан деректе Іркін қаған қайтыс болған соң, Істемі қаған аварларды Алтайдан сонау Еділге дейін ығыстырып жібереді. Осылай, бүгінгі Орталық Қазақстан аймағы, Жетісу , Батыс Қазақстан тұтастай Түрік қағанатына енеді. Осы туралы Күлтегін жырында:
Төрт бұрыштағы халықты
Көп алған, бәрін бейбіт еткен.
Бастыны еңкейткен ,
Тізеліні бүктірген
Білге қағандар екен,
Алып қағандар екен -

деп жырланады.
Тасқа қашалып жазылған дастандардың бірі - Күлтегін жыры Түрік қағанатының бүкіл әлемді аузына қаратқан айбарлы, абыройлы дәуірін суреттеуден басталады. Мұнда исі түріктің басын қосып , қуатты мемлекет орнатқан Бумын қаған мен Істемі қаған барынша мадақталады:
Биікте - Көк тәңірі
Төменде қара жер жаралғанда,
Екеуінің арасында адам баласы жаралған.
Адам баласы үстіне ата - тегім
Бумын қаған, Істемі қаған отырған.
Отырып , түркі халқының
Ел - жұртын қалыптастырған,
Төрт Бұрыштың бәрі дұшпан екен,
Сарбаздарымен аттанып,
Төрт бұрыштағы халықты
Көп алған, бәрін бейбіт еткен, иелік еткен.
Бастыны еңкейткен,
Тізеліні бүктірткен .
Бұл жыр жолдары Түрік қағанатының әскери қолбасшысы Күлтегін батырға арналған дастанда жырланады [ 55, 87-88 бб.] .
Ал қазақ руларының ежелгі тарихына тереңірек зерттеу жұмыстарын жүргізу арқылы, түркі және монғол тайпаларының ортақ шығу тегін де қарастыру маңызды болып табылады. Бүгінгі тарих ғылымында қабылданған түсінік бойынша түркі тектес халықтардың ру- тайпаларының қалыптасуы, Алтай дәуірінен басталады. Бұған белгілі түркітанушы Н. А. Баскаковтың ғылыми сызбасы негіз болады [ 66 , 21 б. ] .
Бастысы түркі тілдес халықтардың тарихи Отаны Алтай- Саян өңірі екендігі сызбада дәлелдірек көрсетіледі. Алғашқы түркі тайпаларының рулық- тайпалық бірлестіктері және мемлекеттік одақтары негізінен осында дүниеге келіп және қазіргі қазақ жері арқылы батысқа қанат жайады.
Енді монғол тайпалары мен ұлыстарының да Ұлы Даланың және таулы орманның жанында өмір сүргенінен бастайық . Шамамен мыңыншы жылдарына қарай , монғолдар түркі империясының құрамына кіріп: алдымен Ұлы хұндардың империясында одан кейін , Солтүстік хұндардың құрамында болады. VI - VIII ғғ. Ежелгі көктүріктердің империясының құрамында, VIII - IX ғғ. Ұйғыр мемлекетінде және X - XI ғғ. Қидан мемлекетінің құрамында болады. Мың жылдар ішінде монғол әскерлері түріктер мен бірге ортақ жауы болып табылатын - қытай империясына қарсы жорыққа аттанып отырды. Болашақ түріктердің вассалдары ретінде , монғолдардың әскерлері бірігіп, көктүріктердің жорықтарына қатысып отырады. Мыңжылдар бойына бірігіп жүргізген, соғыстарының нәтижесінде екі халықтың әдет- ғұрыпы мен дәстүрлерінде ұқсастықтар көптеп кездесіп отырады.
Монғол тілдес тайпаларға дунхулар, ухуандар, сянбилер, цифулер, шивейлер жатады. Бұларға тоқталмас бұрын алдымен хұн мемлекетінің қалыптасуынан бастаған жөн болар. Сонымен тарих ғылымында Хұн мемлекеті біздің заманымызға дейінгі III - I ғасырларда өмір сүрген деп айтылған [ 67 , 50 б. ] . Тұтас Орталық Монғолия мен Байкалдың арғы далалық беті ежелгі хұндардың негізгі аумағын құрады. Кейін аталмыш мемлекет екіге бөлінген болатын. Олар солтүстік Хұндар және оңтүстік Хұндар деген атаулармен белгілі. Солтүстік хұндардың құрамында солтүстік шығыста Тоба , одан төменде шығыста Дунху, одан төменде оңтүстік шығыста Ухуан , оңтүстік батыста Тохар (юэчжи) тайпалық бірлестіктері өмір сүрген. Солтүстік Хұндарының Байкал көлінен батысқа қарайғы солтүстіктегі көршілері Енисей бойындағы қырғыздар, олардан батысқа қарай , Енисей мен Ертістің аралығында Динлиндер , одан төменде оңтүстік батыста Усундер (Үйсіндер) болғанын сол уақыттағы деректерде анық баяндалады.
Картадан көрінетіні , біздің заманымызға дейінгі кезеңде қазақты құраған түркі ру - тайпаларының этникалық негіздері Хунну, Үйсін, Динлин , Тохар, (Юэчжи) тәрізді Алтай - Саян және батыс монғол жеріндегі мемлекеттік бірлестіктерден бастау алады .
Аталынған аймақтағы тағы бір мемлекеттік бірлестік - Сянби мемлекеті деп аталады. Бұл зерттеу еңбектерінде біздің заманымыздың I - V ғасырларында аталмыш өңірде өмір сүрген мемлекет болып табылады. Негізінде байырғы солтүстік Хұндардың аймағы болып табылады. Сянби мемлекетіндегі Тоба тайпасы Керулен бойынан оңтүстікке жылжи отырып, шығыстағы Дунхулардың орнына Қидандардың (Қарақытайлардың) орныққанын байқауға болады. Ал оңтүстікте ежелгі Хань империясының орнына Вэй мемлекеті қанат жаяды. Осы мемлекетте Тохарлар , яғни юэчижилер бұрынғы мекендерінде тұрған.
Таң жарғылары деген атпен белгілі ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Түркі және монғол көшпелі қоғамы: саяси – әлеуметтік және этникалық байланыстар мәселесі (VI-XIII ғғ.)
Көне түркі тілі – түркі халықтарының алғашқы жазба - әдеби тілі
Түркі тілдерінің дамуы мен қалыптасу кезеңдері
Моңғолстан
Түркілердің діни сенімдері
Түркі тілдерінің дамуы мен қалыптасуы
Түркі тілдерінің дамуы мен қалыптасу кезеңдері. Алтай, Хұн дәуірлері
Батыр сөзінің шығу тарихы
Түрік қағанаты мен алғашқы феодалдық мемлекеттердің мәдениеті
Найман, керейт, қоңырат, жалайыр, меркіт тәрізді түрік тайпаларының қалытасуы
Пәндер