Заңдылық және құқықтық тәртіп



Қоғам тәртіпке, заңдылыққа негізделіп, соған арқа сүйеп қалыптасып, өмір сүре алады. Қоғамда тәртіп болмаса, ол құлдырайды, қирайды, оның келешегі болмайды. Мұны адамдар ежелден-ақ жақсы түсінген. Сондықтан да қоғамда тәртіп адамдардың мінез-құлқын, іс-әрекетін реттейтін қағидалардың, есерімен орнатылады. Қоғамдағы барлық қарым-қатынасты құқықтық реттеу өте күрделі; ол көп салалы, көп жүйелі процесс, Құқықтық басқарудың екі күрделі бағыты: құқықтың қоғамдағы қатынастарға тигізетін әсері, ықпалы және құқықтық реттеудің, басқарудың рөлі. Бұл екі процесті қосып айтқанда - қатынасты құқықтық реттеудің, басқарудың механизмі дейді.
Қоғамдағы қатынасты құқықтық реттеу механизмі құрылымының элементтері: құқықтық норма, құқықгық қатынас және заңды құқық пен міндеттің орындалуы туралы акті.
1). Құқықтық норма - арқылы қоғамдағы заңдылықтың, тәртіптің талабы, мазмұны, шеңбері, мүдде-мақсаты анықталады; олардың орындалу бағыттары, жолдары, тәсілдері көрсетіледі. Егер дұрыс орындалмаса, жауапкершіліктің түрлері көрсетіледі.
2). Құқықтық қатынас арқылы субъектілердің арабайланысын мүдде-мақсатын, құқық пен міндеттерін анықтап, біліп отырады. Ол мүдде-мақсаттарды қандай нормативтік актілер арқылы іске асырады; қатынастың басталуы мен аяқталуы көрсетіледі.
3). Заңды құқық пен міндеттің орындалуы туралы актіде қатынастың толық орындалып, аяқталуы; мүдде-мақсаттың екі жақты іске асуы; дұрыс орындалмаса себептері көрсетіледі, оны түзеу, орындау жолдары анықталады.
Осы үш элементтерге сәйкес қатынасты реттеу механизмі үш кезеңге бөлінеді: қатынастың басталуы, ол қатынасты реттеу үшін жаңа норманың өмірге келуі, субъектілердің құқықтары мен міндеттерінің орындалуы.
Қоғамдық қатынасты құқықтық реттеу механизмінің жақсы сапалы жұмыс атқару үшін субъектілердің рухани сана-сезімі, құқықтық білімі, мамандық тәжірибесі жоғары дәрежеде болуы керек. Мемлекет осы мәселелерге зор көңіл бөледі.
Себебі бұл механизмнің алдында тұрған мақсат қоғамдағы ең күрделі, аса жауапты мүдде-мақсат - ол нормативтік актілердің дұрыс, уақытында орындалуын қамтамасыз ету. Сол арқылы халықтың бостандығын, теңдігін дұрыс дамыту, қоғамда әділеттікті, демократияны орнату, құқықтық мемлекетті

Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 12 бет
Таңдаулыға:   
Заңдылық және құқықтық тәртіп
Қоғам тәртіпке, заңдылыққа негізделіп, соған арқа сүйеп қалыптасып,
өмір сүре алады. Қоғамда тәртіп болмаса, ол құлдырайды, қирайды, оның
келешегі болмайды. Мұны адамдар ежелден-ақ жақсы түсінген. Сондықтан да
қоғамда тәртіп адамдардың мінез-құлқын, іс-әрекетін реттейтін қағидалардың,
есерімен орнатылады. Қоғамдағы барлық қарым-қатынасты құқықтық реттеу өте
күрделі; ол көп салалы, көп жүйелі процесс, Құқықтық басқарудың екі күрделі
бағыты: құқықтың қоғамдағы қатынастарға тигізетін әсері, ықпалы және
құқықтық реттеудің, басқарудың рөлі. Бұл екі процесті қосып айтқанда -
қатынасты құқықтық реттеудің, басқарудың механизмі дейді.
Қоғамдағы қатынасты құқықтық реттеу механизмі құрылымының
элементтері: құқықтық норма, құқықгық қатынас және заңды құқық пен
міндеттің орындалуы туралы акті.
1). Құқықтық норма - арқылы қоғамдағы заңдылықтың, тәртіптің талабы,
мазмұны, шеңбері, мүдде-мақсаты анықталады; олардың орындалу бағыттары,
жолдары, тәсілдері көрсетіледі. Егер дұрыс орындалмаса, жауапкершіліктің
түрлері көрсетіледі.
2). Құқықтық қатынас арқылы субъектілердің арабайланысын мүдде-мақсатын,
құқық пен міндеттерін анықтап, біліп отырады. Ол мүдде-мақсаттарды қандай
нормативтік актілер арқылы іске асырады; қатынастың басталуы мен аяқталуы
көрсетіледі.
3). Заңды құқық пен міндеттің орындалуы туралы актіде қатынастың толық
орындалып, аяқталуы; мүдде-мақсаттың екі жақты іске асуы; дұрыс орындалмаса
себептері көрсетіледі, оны түзеу, орындау жолдары анықталады.
Осы үш элементтерге сәйкес қатынасты реттеу механизмі үш кезеңге
бөлінеді: қатынастың басталуы, ол қатынасты реттеу үшін жаңа норманың
өмірге келуі, субъектілердің құқықтары мен міндеттерінің орындалуы.
Қоғамдық қатынасты құқықтық реттеу механизмінің жақсы сапалы жұмыс
атқару үшін субъектілердің рухани сана-сезімі, құқықтық білімі, мамандық
тәжірибесі жоғары дәрежеде болуы керек. Мемлекет осы мәселелерге зор көңіл
бөледі.
Себебі бұл механизмнің алдында тұрған мақсат қоғамдағы ең күрделі,
аса жауапты мүдде-мақсат - ол нормативтік актілердің дұрыс, уақытында
орындалуын қамтамасыз ету. Сол арқылы халықтың бостандығын, теңдігін дұрыс
дамыту, қоғамда әділеттікті, демократияны орнату, құқықтық мемлекетті
қалыптастыру.
Соньмен, қатынасты құқықтық реттеу механизмі дегеніміз
-субъектілердің арақатынасын нормативтік актілер арқллы реттеп, басқарып
іске асыру бағыты, әдісі, тәсілі. Бұл занды жүйе, заңды механизм.
Қоғамдағы қатынасты құқықтық реттеудің жақсы дамуы мемлекеттің,
бірлестіктердің, саяси ұйымдардың, дұрыс әділетті жұмыс жасауының
сипаттамасы; халықтың бостандығы, теңдігі дамып, жеке адамның, қоғамның
мүдде-мақсаттары бірігіп қалыптасуының сипаттамасы.
Заңдылық дегеніміз-мемлекеттің конституциясын, парламенттің
қабылдаған заңдарын, президенттің заң күші бар жарлықтарын қатаң бақылап,
оларға нышан келтіруге жол бермеу. Заңға тәуелді актілерді бақылау
заңдылыққа жатпайды. Заңдылықтың мазмұны үш элементтен құрылады.
1. Қоғамда әділ заң саясаты болу керек. Сол арқылы мемлекеттің
зандары бостандықты, теңдікті, адамгершілікті, инабаттылықты,
парасаттылықты т.б. жақсылықты қорғау керек; мемлекет пен азаматтардың
арақатынасын дұрыс басқару.
2. Конституцияның, заңның мазмұнын толық іске асыру, дұрыс орындау.
"Сөз бен іс бір жерден" шығу керек.
3.Конституция мен заңды халықаралық құқықтың принциптерін
қатаң қорғау, оларға нұқсан келтіруге жол бермеу.
Міне осы элементтер іс жүзінде бірігіп, қалыптасса, қоғамда заңдылық
орнап, құқықтық мемлекет орнатуға мүмкіншілік болады.
Зандылықты қорғау субъектілері: мемлекет, оның органдары, лауазымды
тұлғалар, қоғамдық ұйымдар егерде заңды рұқсаты болса. Жеке тұлғалар-
азаматтар заңдылықты қорғаудың субъектісі болмайды. Олар заңды бұзса,
құқықтық тәртіпті бұзған болып саналады.
Заңдылық - дамыған елдердің саяси, мемлекеттік, экономикалық,
әлеуметтік, мәдениеттік құрылысының негізі. Жақсы заңдылық қоғамның барлық
саласына өзінің әсерін, ықпалын тигізеді. Зандылықтың өзіне тән
ерекшеліктері:
- заңдылық барлық қоғам көлемінде дамиды; оны орындау, дамыту барлық
қоғамның жұмысы. Бұл жұмысты қамтамасыз ету мемлекеттің, бірлестіктердің,
одақтардың, ұжымдардың, саяси партиялардың міндеті. Бақылау мемлекеттік
органның жұмысы.
- заңдылық нормативтік актілермен тығыз байланыста дамиды. Олар бір-біріне
зор әсер етіп отырады. Бірі жақсы дамыса екіншісі де жақсы дамиды, нашар
дамыса, екеуінің де деңгейі төмен болады.
Сондықтан заңдылық мемлекетте бір-бірімен тығыз байланысты екі
мәселені дұрыс дамытуды қалайды:
- заң шығаруды дамыту, нығайту, кемшілікке жол бермеу;
- заңды бұлжытпай, уақытында орындауды қамтамасыз ету. Заңдылықтың негізгі
талабы:
- заңның үстемдігін қамтамасыз ету;
- заңды түсіну мен орындаудың бірлестігін қатаң, орындау;
- адам өз құқығын, өз бостандығын қорғаймын деп басқаның құқығына нұқсан
келтірмеуге міндетті;
- заңдылыққа еш мәселені қарсы қоюға болмайды;
- құқықты бұзушылыққа қатаң күрес жүргіз. Құқықтық тәртіптің жоғары
дәрежеде болуы заңдылықтың деңгейіне байланысты. Заңдылық жақсы болса,
тәртіп те жақсы болады. Бұл екеуі бір-бірімен тығыз байланыста дамиды.
Азаматтарды тәрбиелеудің әр мемлекетге тиісті жүйелері болады, оның
түрлері:саяси, құқықтық, моральдық, эстетикалық т.б. Бұлардың әрқайсысының
өзіне тән ерекшеліктері болады. Бірақ бәрі бірігіп бір мүдде-мақсатты іске
асыруға, орындауға үлес қосады. Мақсат - азаматтардың рухани сана-сезімін,
психикасын, білімін, өмірлік тәжірибесін, тәртібін, адамгершілігін көтеріп
жақсарту. Құқықтық нормалардың басым көпшілігі әдептілік нормалардан нәр
алады, соларға арқа сүйейді. Неғұрлым құқықтық нормаларға әдемілік нормалар
арқау болса, соғұрлым заңдардың әділеттік, адамгершілік мәні жоғары болады.
Осы жүйенің негізгі түрлерінің бірі құқықтық тәрбиелеу. Бұл жұмыс екі
бағытта жүргізіледі: бірінші бағыты — азаматтарға құқықтық білім беру;
екінші бағыты - олардың құқықтық сана-сезімін жақсарту. Құқықтық тәрбиенің
негізгі мақсаты:
- адамдардың қоғамдағы құқықтық жүйесін, оның мазмұнын жақсы біліп, жақсы
түсінуін қамтамасыз ету;
– адамдардың заңға, құқықтық тәртіпке деген мінез-құлқын, іс-әрекетін
жақсарту;
- адамдардың құқықтық нормаларды дұрыс қолдану, дұрыс орындау тежірибесін
жақсарту. Құқықтық тәрбиелеу жүйесі үш элементтен тұрады:
1) субъект — мемлекеттік орган, лауазымды тұлғалар — тәрбие жұмысын
жүргізетін;
2) объект - адамдар;
3) құқықтық тәрбие көлемінде жүргізілетін арнаулы жұмыстар, іс-әрекеттер.
Құқықтық тәрбиені іске асыру, орындау механизмі төрт бөлімнен тұрады:
1) қоғамдық құқықтық сана;
2) құқықтық норма жүйесі;
3) құқықтық тәрбие жұмысының нысаны және әдіс-тәсілдері;
4) тәрбие жұмысымен қамтылған адамдардың құқықтық сана-сезімі.
Осы құқықтық тәрбиенің механизмі арқылы қоғамдағы заңдылықты,
құқықтық тәртіпті дамытып, жақсартуға мүмкіншілік қалыптасады.
Құқықтық тәртіптің мазмұны - субъектілердің дұрыс тәртібі,
нормативтік актінің талабына сәйкес жұмыс жасау, іс-әрекетте қателікке жол
бермеу. Құқықтық тәртіптің құрылымы - қоғамның санасымен байланысты тұрғыда
іс-әрекет жасап, қатынас арқылы өздерінің мүдде-мақсатын іске асыру.
Құқықтық тәртіптің ерекшелігі - бұл қарым-қатынас құқықтық норма арқылы
өмірге келіп, мемлекеттің бақылауында болады. Егерде қарым-қатынаста
қателіктер кетсе, оны мемлекеттік орган түзетуге тиіс.
Әскери құқықтық тәртіптің өзіне тән ерекшеліктері болады: өздерінің
жеке арнаулы завдары, ережелері болады. Барлыққарым-қатынас сол заңдармен
реттеліп, басқарылады. Жалпы саясатта ешкандай айырмашылық жоқ. Тек
реттеуде, басқаруда өзгешіліктер болады.
Сонымен, құқықтық тәртіп дегеніміз - қоғамдағы қатынастардың жүйе-
салаларының нормативтік актілер арқылы дұрыс, жақсы, уақытында реттеліп,
орындалуы.
Заңдылықтың, құқықтық тәртіптің кепілдіктері:
1.Материалдық кепілдік — егерде субъектілер өзара қателіктер - жіберсе,
өздері келісімге келіп, нормативтік актіні дұрыс орындауға тиіс.
2. Саяси кепілдік - қоғамның саяси тұрақтылығы заңдылыққа, тәртіпке көп
әсер етеді. Қоғамдағы барлық бірлестіктер, одақтар, ұжымдар, саяси
партиялар дұрыс, жақсы жұмыс жасауы көп әсер етеді.
3. Моральдық кепілдік - қоғамның инабаттылық, парасаттылық деңгейі жақсы
болса, заңдылық, тәртіп те жақсы болуға тиіс.
4.Заңды кепілдік — мемлекеттің заңдылықты, тәртіпті бақылап отыратын
арнаулы органдарының рөлі, маңызы, әсері өте зор.
Қоғамдағы заңдылық, бостандық, құқықтық тәртіп, демократия бір-
бірімен тығыз байланыста дамиды, бір-біріне зор әсер, ықпал жасайды.
Әр мемлекетте қоғамдық тәртіп және құқықтық тәртіп болады.
Қоғамдағы қабылданған барлық әлеуметтік нормаларды мемлекеттік органдар,
бірлестіктер, одақтар, ұйымдар, ұжымдар, азаматтар дұрыс, уақытында орындау
- қоғамдық тәртіп. Қоғамдық қатынастардың жағдайы құқық нормалардың
талабына сәйкес болса - құқықтық тәртіп. Екеуі бір-бірімен тығыз байланыста
дамиды. Заңдылық пен құқықтық тәртіптің әлеуметтік маңызы: 1) қоғамдық өмір
бір қалыпты жақсы дамиды; 2) мемлекеттік, шаруашылық, қоғамдық ұйымдармен
органдар жақсы жұмыс жасайды; 3) Барлық адамдардың құқығын, бостандығын,
барлық ұйымдардың, ұжымдардың мүдде-мақсатын дұрыс орындап, дамытуға
мүмкіншілік туады.
Заңдылық пен құқықтық тәртіпті жақсы дамыту әдіс-тәсілдері:
- құқықты бұлжытпау шараларының жүйесінің сапасын жақсарту;
- кінәға сәйкес заңды жауапкершіліктің түрін анықтау, әділетті жаза
қолдану;
- еріксіз жауапкершілікті қолдануды дұрыс пайдалану;
- заңдылыққа, құқықтық тәртіпке мемлекеттік бақылауды әділетті жүргізу.
Құқықтық тәртіп - заңдылықтың дәйекті, нақтылы толық орындалуы.
Заңдылық-құқықтық тәртіптің мазмұны мен мақсаты, мұраты мен қағидалары.
Заңдылық пен құқықтық тәртіп тығыз байланысты. Құқықтық тәртіп —
заңдылықтың мазмұны мен мүдде-мақсаты. Осы екі ұғым бірлесіп орындалады.
2. Заңды процесс және заңды тәжірибе түсінігі мен мазмұны
Мемлекеттік аппараттың жақсы, сапалы қызмет атқаруы үшін қоғамның
барлық саласында қатаң тәртіп болу қажет. Оны әр мемлекет өздерінің
заңдары, қаулылары, ережелері, нұсқаулары арқылы ретгеп, тиісті тәртіп
қалыптастырып отырады. Мысалы, халықтың өкілдік органдарының жұмыс
регламенті, мемлекеттік органдардың қызметінің ережелері, жалпы халықгық
сайлау жүргізу ережелері, мұрагерлік мәселелерін шешу ережелері т.б. нұсқау-
құжаттар. Осы нормативтік актілер, нұсқауларға сәйкес әр мемлекеттік
аппарат өз жүйесіндегі органдардың қызметінің жоспарын, бағдарламасын жасап
отырады. Сол арқылы әкімшілік, мемлекеттік тәртіпті үнемі бақылауға алып,
сапасын жақсартуға мүмкіншілік жасап отырады.
Мемлекеттік аппараттың қызметтері санқырлы болады. Оның жеңіл және
күрделі түрлері болады. Мысалы, азаматтық актілер ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ЗАҢДЫЛЫҚ ПЕН ҚҰҚЫҚТЫҚ ТӘРТІП АРАҚАТЫНАСЫ
Қазіргі қоғамдағы заңдылық және құқықтық тәртіп
Құқықтық тәртіп пен заңдылықтың құқықтық теориялық аспектілері
Құқықтық тәртіп мақсат ретінде және қоғамдық қатынастарды құқықтық реттеу нәтижесі
Құқық және заңдылық, құқықтық тәртіп
Заңдылық пен құқықтық тәртіптің түсінігі мен қағидалары
Заңдылықтың түсінігі және қағидалары
Заңдылық құқықтық мемлекеттегі қоғам өмірінің жағдайы ретінде
ЗАҢДЫЛЫҚ, ҚҰҚЫҚТЫҚ ТӘРТІП ЖӘНЕ ЗАҢДЫ ТӘЖІРИБЕ
Әкімшілік қызметтегі заңдылықты қамтамасыз етудегі өзекті мәселелер
Пәндер