Герман тайпаларының наным-сенімдері мен әдет-ғұрыптары



Герман тайпалары антикалық әлемде өмір сүрді және олардың даму деңгейі славян тайпаларымен деңгейлес болды. Сәйкесінше діндері де архаикалық формада болды. Дегенмен герман тайпаларының жеке топтары өз араларында даму деңгейі тұрғысынан да, кельт, рим, кейінірек христиандық сенімдердің оларға әсер ету тұрғысынан да айырмашылық жасайды. Әсерден алысырақ орналасқандықтан жергілікті дін солтүстік тайпалар яғни славяндарда жақсы сақталса, ал оңтүстік, оңтүстік батыс аймақтағы тайпаларда әсер ету деңгейі жоғары.

Пән: Жалпы тарих
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   
Герман тайпаларының наным-сенімдері мен әдет-ғұрыптары
Герман тайпалары антикалық әлемде өмір сүрді және олардың даму деңгейі славян тайпаларымен деңгейлес болды. Сәйкесінше діндері де архаикалық формада болды. Дегенмен герман тайпаларының жеке топтары өз араларында даму деңгейі тұрғысынан да, кельт, рим, кейінірек христиандық сенімдердің оларға әсер ету тұрғысынан да айырмашылық жасайды. Әсерден алысырақ орналасқандықтан жергілікті дін солтүстік тайпалар яғни славяндарда жақсы сақталса, ал оңтүстік, оңтүстік батыс аймақтағы тайпаларда әсер ету деңгейі жоғары.
Тотемизм іздері
Ежелгі герман тайпаларынан тотемизм іздері байқалады. Жеке ру-тайпалардың ағаштан пайда болғаны және Меровинг әулетінің су періснен пайда болғаны жайлы түрлі мифология бар. Тотемизм қалдықтарын қасиетті жануарларға табынудан, олардың кейбіреулері тіпті құдайдың тірі атрибутына айналып кеткен. Қасиетті тастарға табынудың неден пайда болғанын түсіндіру қиын, бірақ археологиялық деректер бұған дәлел. Ежелгі шіркеу жазушылары да бұл мәселеге деректер қалдырған , сонымен қатар олар қасиетті ағаштарға, бұлақ көздеріне табынғандығын және ауру-сырқаулардан тазартатын отты қастерлегенін жазады.
Ойдан шығарылған культ
Көптеген рухтарға сену: эльфтерге, тау трольдарына, су никстарына, жерастылық гномдарға сену көрініс тапты. Бұл рухтар адам қиялында адамға дос та, қас та болды, адамдарды мазақ етуді, күлуді білді. Бұған тағы оборотеньдерге, адам кейпіндегі қасқырларға сену де кірді. Мұның бәрі аңшылық тұрмысты бастан кешірген, қатал ал кейде жомарт табиғаттың арасында өмір сүрген халықтың наным-сенімдерінің көрінісі. Дегенмен бұл сенімдер ежелгі герман діндерінің ішінде ұзақ өмір сүрді, тіпті қазір де халық сенімдері арасында, фольклорда кездеседі.
Емдік магия және мантика
Ежелгі германдықтарда емдік және сақтандыратын магия дәстүрлері кең таралды: отпен , тұмарлармен, емдік шөптермен емдеу болды. Сиқырға деген сенім өте күшті болды. Сиқыршылар мен мыстандардың жоғарғы күштеріне сенді. Құдай туралы түсініктері де магиямен байланысты болды, герман мифологиясында құдайлар құдіретті құбыжықтар ретінде көрсетіледі. Қоғамдағы әр түрлі жағдайларға байланысты, германдықтар өмірінде мантика маңызды болды. Мантика - бал ашу жүйесі. Құстар ұшуына қарап, қасиетті жылқылардың іс-әрекетіне қарап, руналарға қарап бал ашылды.
Жерлеу культі.
Германдықтардың жерлеу дәстүрі мен өлген адамдар туралы культтары бізге әлі толық түсінікті емес. Жерлеу культі барлық жерде бірдей болмаған: өлі денелердің кремациясымен қатар, Тацидтің айтуынша жер астына көму де болған. Аппиан жексенбі күні өлгендердің өлімнен қорықпайтындықтарын жазған, бірақ бұл жексенбі әзірге түсініксіз. Герман мифологиясы бойынша шайқастарда батылдық көрсеткен сарбаздар өлімнен кейін Валлгалл құдайдың жарық сарайына түсетін болған және онда шексіз тойға, рахатқа бөленген. Ерте христиан жазушылары өлген адам рухына табыну болғандығын айғақтайды. Өлгендерге құрмет көрсету ата-бабалардың тектік культіне байланысты болса керек, бұл культ насихаттаушылары отбасының, рудың басшылары болған.
Ортақ германдық құдайлар
Солтүстік герман тайпаларының Один құдайына теңестірілетін оңтүстік герман тайпаларының Бодан құдайы түсініксіз және анық емес болып тұр. Бодан - боран құдайы. Сонымен қатар ол өлгендер құдайы, жерасты әлемнің билеушісі ретінде көосетіледі. Үлкен және тайпалық соғыстар кезінде Бодан құдайға сенім артты. Солтүстік герман мифологиясында Один жарық Валгалл сарайында билік жүргізеді, батыл бикеш - валкирилар оған соғыста қаза болған ержүрек сарбаздардың рухын әкеледі.Бұл мифология бойынша Один- германдықтар өмірінде басты құдай, сонымен қатар ол ақылды сиқыршы, қасиетті магиялық руналардың білгірі. Ал оңтүстік германдықтарда Бодан адамның психикалық өмірімен де байланыстырылады. Скандинавиялық Тор- найзағай құдайы, Тиу - жарқыраған аспан құдайы. Бальдер - көктем мен өсімдіктер құдайы, Фрейр де осымен байланысты. Локи - айлакер әрі әккі от құдайы. Әскери адамдардың Один құдайға сенімі жоғары болса, ал жергілікті кристьяндарда Тор құдайға ықылас бөлінген. Тор - Норвегия мен ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Түріктердің әдет-ғұрыптары
ТҮРКІ ХАЛЫҚТАРЫНЫҢ ОТҚА БАЙЛАНЫСТЫ ТАНЫМ - ТҮСІНІКТЕРІ
Көне түріктердін Ұмай анаға табынуы
Қазақстан аумағындағы ежелгі түркі тайпаларының рухани мәдениеті (V-VIII ғ.ғ.)
Ежелгі Иран жеріндегі зороастризм діні
Көне түріктердің діні, наным-сенімдері және салт-дәстүрлері
Зороастризм тарихы. Қазақ мәдениетіндегі зороастризм көріністері
Сақтар туралы жазба деректер, сақтардың зерттелуі
Түркілердің ежелгі сенімдері
Қазақ халқының этникалық мәдениеті
Пәндер