Жерлерді қалпына келтіру .Бұзылған жер учаскелерінің рекультивациясын жобалауды жүзеге асырудың жалпы ережелері


Жұмыс түрі: Дипломдық жұмыс
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 55 бет
Таңдаулыға:
КІРІСПЕ
Жерді қайта құнарландыру, рекультивация - бүлінген жерлердің құнарлылығын қайта қалпына келтіріп, оны халық шаруашылығына пайдалануға беру және қоршаған ортаны жақсарту үшін жүргізілетін кешенді жұмыс. Жердің құнарсыздануы - әр түрлі шаруашылық әрекеттерінен - жер асты пайдалы қазбаларын өндіру, геологиялық барлау және әр түрлі құрылыс жұмыстарын жүргізуден болады. Осындай әрекеттердің салдарынан топырақтың үстіңгі құнарлы қабаты жойылады, гидрологиялық жүйелер өзгереді, техногендік рельеф түзіледі. Жерді қайта құнарландырудың нәтижесінде ауыл шаруашылығына және орман шаруашылығына қажетті жерлер жақсарып, су құбырлары іске қосылады, дем алатын орындар мен құрылысқа қажетті аймақтар пайда болады. Жерді қайта құнарландыру үшін топырағы құнарсызданған, қоршаған ортаны ластайтын жерлерді және ластанған су құбырларын биологиялық, техникалық, және химиялық әдістермен қалпына келтіреді.
Жерді қайта құнарландыру 2 кезеңде жүргізіледі; техникалық - бүлінген жерлерді халық шаруашылығына мақсатты түрде пайдалану үшін жер бетін тегістеу, құнарлы және құнарландыруға болатын топырақ пен тау жыныстарын жиыстырып жер бетіне төсеу, жолдар салу, әр түрлі гидротехникалық және мелиоративтік құрылыстар салу, т. б. Биологиялық жерді қайта құнарландыру - топырақтың құнарлы қабатын қайта қалпына келтіретін агротехникалық және фитомелиоративтік жұмыстар жүргізу, топырақтың құрылымын жақсартатын процестердің жүруін тездету, құнарланған жерлерде өсімдіктер мен жануарлар дүниесін қалпына келтіру мен оның өнімін арттыру [1] .
Әлемнің көптеген мемлекеттерінде бұрын мәдени дақылдар өсіріліп келген құнарлы жерлер орман, мал жайылымы, т. б. үшін пайдаланып келген. Ал қазіргі кезде адамның шаруашылық әрекетінің нәтижесіне бұл жерлер түрлі басқа мақсаттағы жұмыстар (жолдар мен құбырларды сал) жүргізу нәтижесінде өте үлкен өзгерістерге ұшырады.
Адамның шаруашылық іс - әрекетінің нәтижесінде өсімдіктері жойылған, гидрологиялық режимі мен рельефі өзгерген, топырақ жабыны бұзылып ластанған жерлер бұзылған жерлер деп аталады. Пайдалы қазбаларды ашық әдіспен өндіру ауыл шаруашылығында пайдалануға жарамды жерлерге біршама зиян келтірді. Бұл жұмыстар кезінде тереңдігі 400 - 500 м болатын шұңқырлар түзіледі.
Жерді рекультивациялау - өте күрделі мәселе. Ол көп жағыдайда бұзылған териториялардың нақты экологиялық жағыдайларына байланысты. Республикалық жұмыстарды жоспарлау үшін грунт топырағының физико - химиялық құрлымын, гидрологиялық режимнің ерекшеліктерін, рельефтің ерекшеліктерін жақсы білу қажет, пайдалы қазбаларды ашық әдіспен өндіру. Мал шаруашылығы комплекстерін, суару орындарын салу, т. б. топырақ жабынының бұзылуына себеп болатын жұмыстар кезінде рекультивацияланатын жерге жоғары қарашірікті топырақ қабатын ауыстыру, орналасатыруда барлық тиісті ережелерді қатаң сақтау қажет [2] .
Қазіргі кезде ғылымдар мен мамандар бұзылған жерлерді қайта қалпына келтіріп, оларды ауыл және орман шаруашылығына қайтарудың жолдары іздестіруде .
Бүгінгі күні экологиялық проблемалардың көтерілуіне байланысты жерлерді рекультивациялау өте маңызды мәселелердің бірі болып отыр. Сондықтан өзімнің болашақ мамандығыма байланысты топырақ құнарлығын қалпына келтіру жұмыстарын дипломдық жұмыс тақырыбы ретінде таңдап отырмын. Келешекте бұл тақырыпты игерсем, жеріме, еліме жасайтын жақсылығым көп болар деп ойлаймын.
- ЖЕРЛЕРДІ ҚАЛПЫНА КЕЛТІРУ ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ АҚПАРАТ
1. 1 Топырақ ресурстарының маңызы
Жер бетінде Күннің энергиясы заттардың екі айналымын: су айналымы мен атмосфера циркуляциясында байқалатын үлкен, немесе геологиялық және заттардың топырақ, өсімдіктер микроорганизмдер мен жануарлар арасындағы айналымы - кіші немесе биологиялық айналымды туғызады. Екі айналым да бір - бірімен тығыз байланысты.
Топырақтың табиғи ландашфаттар мен экожүйелердегі маңызы зор, оны жекелеген экожүйе деп қарастыруға болады. Топырақтану ғылымының негізін салушылардың бірі В. В. Докучаев ХХ ғ басында топырақты өзіне тән өзара байланыстары, тіршілік ету заңдылықтары мен өзін - өзі реттеуге қабілетті табиғи - тарихи дене деп қарастырады, топырақтың планетаның тарихы мен тау жыныстарымен, климатымен, өсімдіктерімен, тығыз байланысты болатындығын атап көрсеткен.
Тау жыныстарының топыраққа айналу процесінің аса бір маңызды және жалпы құбылысы, құрлықтың бүкіл бетін жауып жатқан гумустық қабаттың түзілуі болды. Бүл қабат топырақтың ең белсенді бөлігі болып саналады. Топыраққа ең алғаш рет М. В. Ломоносов ғылыми анықтама берді. Ол: топырақ түзілу процесі құнарлылық түзіле жүретін өсімдіктер мен тау жыныстарының арасындағы ұзақ өзара қарым - қатынас деп көрсетті.
Топырақ ресурстары жер бетіндегі тіршілікке қажетті ең маңызды алғы шарттардың бірі болып табылады. Алайда оның шын мәніндегі маңызы мен рөлін өз дәрежесінде бағалай алмай келеміз. Топырақ биосфераның компоненттерінің бірі ретінде адам, жануарлар мен өсімдіктер үшін биохимиялық орта болып саналады, ол энергетикалық сиымдылығы жоғары, топырақ биотасы мен адамдар арасындағы тікелей және жанама әсерлерді тепе - теңдікте сақтап тұра алатын өздігінен тазару процестерінің механизмдерінің аса маңызды резерві болып табылады. Адамдарға азық - түлік пен жануарларға қоректі өндіру үшін қажетті жағдай тек топырақ арқылы ғана жасалыныды [5] .
Жылудың, су, ауа, өсімдіктер мен жануарлар, микроорганизмдердің біріккен әсерінен қалыптасқан жердің беткі құнарлы қабаты - топырағы, яғни олардың барлығы үшін сыртқы орта жағдайлары болып келеді. Топырақ түзгіш факторларға сол сияқты рельеф пен адамның іс - әрекеті де жатады. Тірі организмдер топырақтың негізгі қасиеті - құнарлығының қалыптасуына жағдай жасайды.
Өсімдіктерді қажетті қоректік элементтермен, сумен және ауамен қамтамасыз ету қабілеті топырақтың құнарлығы болып келеді. Ол топырақ түзілу процесі барысында және адамның топыраққа әсер ету нәтижесінде қалыптасады. Ол бүкіл адам баласының тіршілігінің көзі болып табылатын аса мыңызды байлық, ауылшаруашылық дақылдарының өнімінің, ауылшаруашылық дақылдарының өндірісінің негізі.
Топырақ - барлық элементтерінің аккумлияторы: ол оларды өзіне жинақтап, су мен шайылып кетуден сақтайды, өзінің қалыптасқан зат алмасу процесі бар, тұрақты динамикалық жүйе болғандықтан топырақ табиғи факторлар (су тасқыны, құрғақшылық т. б. ) әсеріне қарсы тұра алады. Бірақ топырақ көптеген антропогентік факторлардың (жер жырту, мал жаю, техниканы қолдану т. б. ) ұзақ уақытқа созылатын әсерінен сезімтал келеді, топырақтың құнарлығы адам іс - әрекетінеде байланысты.
Топырақ - барлық материалдық игіліктердің көзі. Ол азық түлік, малға жем, киім үшін талшық, құрылыс материялдарын береді. Топырақтың ең маңызды байлық екенін айта отырып, К. Маркс еңбек - байлықтың әкесі болса, топырақ - анасы деген.
Топырақ еш нәрсеге айырбастамайтын табиғи ресурс. Қазіргі таңда, ғылым әлі күнге дейін топырақтың орнын баса алатын жасанды материал таба алған жоқ, өсімдіктерді топырақсыз өсірудің кез келген әдісі топырақтың рөлін дәл өз мәнінде орындай алмайды, сондықтан адамзат қоғамы алдында тұрған және әлі де маңызды болып қала беретін аса маңызды проблема топырақтың топырақ түзілу процесіндегі өздігінен қалпына келу сақтап қалуға барынша жағыдай жасау.
Топырақты қорғау мен бақылау обьектісі ретінде қоршаған ортаның басқа обьектілерімен салыстырғанда бірқатар өз ерекшеліктері бар. Ең алдымен топырақ атмосфералық ауа мен жер бетілік суларға қарағанда әлде қайда қозлайсыз орта, соған байланысты басқа орталарға тән аса қуатты табиғи өздігінен тазару қасиеті жоқ. Топыраққа түскен антропогендік ластаушылар онда жинақталып, көбейе береді [6, 7] .
1. 2 Топырақ эрозиясы жайында қысқаша түсініктеме
Топырақ өте күрделі организм сияқты үнемі өсу, даму және өзгеру үстінде болады. Онда үздіксіз түзілу және бұзылу процестері жүріліп отырады. Су, жел, антропогендік факторлардың топырақ пен оның қабаттарын бұзу, беткі құнарлы қабаттың сумен шайылу, желмен ұшуы құбылыстары эрозия деп аталады.
Эрозия дегеніміз топырақ жабынының су не желмен бұзылуы. Бұл кезде топырақтың ең құнарлы қабаты бұзылады: топырақ түзілу процесінің жүру жылдамдығы шамамен 0, 5 - 2, см / 100жыл болғанда қалыңдығы шамамен 18 см болатын осы қабаттың табиғи жолмен түзілуіне 1400 - 7000 жыл қажет болған болар еді. Бұл қабаттың жойылуы кейде 20 - 30 жыл, кейде бір ғана қатты жауған жаңбыр, не шаңды дауыл нәтижесінде болуы мүмкін.
Эрозиялық процестердің байқалу сипатына қарай қалыпты не геологиялық және жылдам, не антропогендік эрозия болып бөлінеді.
Қалыпты эрозия орманды жерлер мен шөптесін өсімдіктердің топырағында кездеседі. Ол өте жай байқалып, нәтижесінде бұзылған топырақ қабаты топырақ түзілу процестерінің нәтижесінде бір жылда қайта қалпына келе алады.
Жылдам эрозия - табиғи өсімдіктер дүниесі жайылып біткен, топырақтың табиғи ерекшеліктері ескерусіз пайдаланылған территорияларда байқалып, бұл эрозия өте тез жүреді.
Кең тараған эрозиялардың түрлері: жазықтық, сызықтық, дефляция, ирригациялық, өндірістік (техногендік), абразия, жайылымдар.
Жазықтық эрозия - тау беткейлеріндегі жоғары горизонттағы топырақтардың жаңбыр, еріген қар суларымен шайылуы.
Сызықтық эрозия - тау беткейлері топырақтарының жаңбыр, еріген қар сулардың әсерінен терең жыралар мен жылғалар түзіп шайылуын айтамыз.
Жел эрозиясы, не дефляция - топырақтың жоғарғы құрғақ, құнарлы қабатының бөлшектерінің желімен ұшуы қалыптасады.
Ирригациялық эрозия - сулармен егін шаруашылығымен айналысатын аудандарда байқалып, топыраққа көп мөлшардегі су массасының бірігуіне байланысты болады. Бұл су топыраққа сіңіп үлгермейді де, топырақ бетімен ағады. Су жіберілетін егістік жер аз ғана болсада тегіс болмаса топырақтың қарашірігі су мен бірге төменге қарай жуылып, ағып кетеді. Ирригациялық эрозия кезінде бір уақытта эрозия да, топырақтың сортаңдануы да жүреді.
Өндірістік эрозия - пайдалы қазбаларды өндіру кезінде, әсіресе, ашық әдіспен өндіруде, тұрған үй, өндіріс орындарының құрылысын, жолдар, газ және мұнай трубопроводтарын салу кезінде байқалады.
Абыразия кезінде жыртылатын және мал жайылатын жерлердің ауданы кемиді.
Шамадан тыс көп мал жаю кезінде жайылымдық эрозия байқалады.
Механикалық эрозия ауылшаруашылық техникалардың ауыр түрлерін топырақтың өздігінен қалпына келу қабылетін ескермей пайдаланған жағыдайларда қалыптасады. Бұл кезде топырақтың струтурасы бұзылады, физикалық қасиеттері нашарлап, топырақ түзілу процесінің негізгі агенті - биолигиялық белсенділігі әлсірейді. Мысалы, АҚШ - да топырақтың тығыздалуы мен бұзылуы жыл сайын 1 млрд доллар шығын әкеледі.
Егіс далалары әсіресе, жылына екі рет өнім жинайтын аудандарда ауыр техникалардың әсерінен топырақ тығыздалып, ауылшаруашылық дақылдарының өнімі төмендейді [8] .
Бұл зардаптарды болдырмаудың тиімді жолы - топырақты минималды өңдеу, топырақ өңдеуші және басқада машиналардың өнімділігін олардың алатын ауқымын ұлғайту арқылы арттыру.
Эрозия - құнарлықтың жауы. Мамандардың есептеулері бойынша, әрбір минут сайын жер шарында 44 га жер ауылшаруашылық айналымынан шығып отырады. Эрозияның әсерінен адамзат қоғамы күн сайын 3000 - нан аса га жерден айырылып отырады. Ал барлығы қазіргі кезде 5 млн га құнарлы жер тозып тіпті эрозияның түрлерінің әсерінен барлық ауылшаруашылық дақылдарының өнімі шамамен 20 - 40 % төмендейді. Эрозияның зардаптары бұнымен бітпейді. Топырақ беттеріндегі жыралар, арықтардың түзілуі топырақты өңдеу жұмыстарын қиындатып, топырақ өңдеуші және өнім жинаушы техниканың еңбек өнімділігін төмендетеді. Топырақтың эрозиясы, олай болса, биогеоценоздардағы жануарлар мен өсімдіктердің тіршілік ету ортасының бұзылуы, табиғи комплекстердегі қалыптасқан биологиялық тепе - теңдіктің бұзылуына әкеп соғады.
Эрозияға ең көп ұшыраған АҚШ жерлері. Соңғы 150 ж барлығы 160 млн га жерін 120 млн га эрозияға ұшыраған, 20 млн га жер ауылшаруашылығында пайдалануға жарамсыз. Эрозияның әсерінен жыл сайын жердің қоректік заттарға бай 4млрд т. құнарлы қабаты жойылып отырады.
Жерорта теңізінің жағалауларында орналасқан елдердің топырақтары қатты бұзылған. Пиреней түбегінің шөлді Сиссарлары мен Солтүстік Африканың шөл далалары, Австралия, Индия, Қытайдың бір қатар жерлері эрозияға ұшыраған.
Эрозия адамдардың тиімсіз тіршілік әрекеттері, жер ресурстарын дұрыс пайдаланбауы, кейбір шаруашылықтарда нашар агротехниканы қолдану нәтижесінде жүреді [11] .
1. 3 Жер ресурстарын қорғаудың мәні және маңызы
Қоршаған ортаны және Жер ресурстарын Қорғау үшін ластайтын иесіз өндіріс объектілерін түгендеу және жою қажет. Жер ресурстарын ұтымды пайдалану, жерлерді аймақтарға бөлу жөніндегі іс - шаралар, сондай - ақ олардың жай - күйін бағалау жөніндегі жұмыстарды өткізу. Тозған жерлерді, шаруашылық және басқа да қызметтерден бұзылған және ластанған жерлерді рекультивациялау - топырақты және жердің басқа да пайдалы қасиеттерін қалпына келтіру, қайта өндеу және құнарлығын арттыру, оны шаруашылық іріктеуге уақытылы тарту, жердің бұзылуымен байланысты жұмыстарды жүргізген кезде топырақтың құнарлы қабатын алып тастау, ақтау және пайдалану.
Жерді таусылудан, тозудан және шөлейттенуден, су және жел эрозиясының кері әсерінен, күшті су тасқындарынан, батпақтанудан, сазданудан, қайта сортаңданудан, құрғаудан және тығыздалудан, өндіріс және тұтыну қалдықтарымен, химиялық, биологиялық, радиоактивті және басқа да зиянды заттармен ластанудан қорғау.
Эрозияға қарсы гидротехникалық ғимараттарды салу, қайта құру, жетілдіру, қорғау орман жолақтарын құру, жыраларды бекіту, дөңгелек баурайларды террасалар жасау.
Тарихи ластануларды жою, жер ресурстарының ластану көздерін оқшаулау және демеркуризациялау.
Табиғи құнарлықты қалпына келтіруге немесе топырақтың гумусын арттыруға бағытталған іс-шараларды орындау.
Табиғи ресурстарды қолдану кезінде экологиялық таза су үнемдеу, топырақ сақтау технологияларын және мелиоративтік іс - шараларды енгізу, қоршаған ортаға ластаушы заттардың эмиссияларын төмендетуді қамтамасыз ететін алдыңғы қатарлы техникалық және технологиялық шешімдерді жетілдіру.
Өндіріс қалдықтарын тазалау және жою, минералды шикізатты тасымалдау және сақтау, байытудың экологиялық таза ресурс үнемдеуіш технологияларын енгізу.
Ғылыми зерттеулердің нәтижелеріне негізделген серпінді және тиімді технологиялық шешімдерді енгізу, өндірістік процестерде осы заманғы жабдықтарды және технологияларды қолдану жаңғыртылған және энергия үнемдеуіш технологияларында орналасқан кәсіпорынды қосқанда, жылу энерго ресурстар шикізаттарының түрлері және көздерінің өзгеруі, экологиялық таза биоэтанол және басқалар ретінде сипатталатын баламалы энергия үнемдеуіш көздеріне өту.
Ғарышта және жерде орналасқан байқаудың жаңа жүйелерін дамыту, серіктік байқау жүйелерінің мәліметтерімен алмасу.
Өнімнің қауіпсіздігін қамтамасыз ететін жұмыстар және қызмет көрсету, сапа және өндіріс жүйесі, өнімді сертификациялау, неғұрлым тиімді басқару есебінен табиғатты қорғау талаптарын орындау саласында сертификацияларды және белгілерді енгізу.
Ең жақсы қолжетімді технологиялардың бекітілген тізбесіне сәйкес технологияларды қолдану отандық және шетелдік, бар және енгізілмеген, экологиялық тиімді және ресурс үнемдеуіш технологиялар, жабдық және өнім, материалдар, шикізат түрлерін өндіру.
1. 4 Табиғат объектілерін жағымсыз әсерлерден қорғау Ғылыми-зерттеулік, ізденушілік және өзге әзірлемелер
Қоршаған ортаның аялы жай - күйін анықтау үшін экологиялық зерттеулерді жүргізу, экожүйеге өнеркәсіп қызметінің мүмкін болатын жағымсыз әсерін анықтау және қоршаған ортаны ластауды төмендету жөніндегі іс - шаралардың бағдарламасын және жоспарын әзірлеу керек.
Шаруашылық қызметпен шарттасқан әдістер және табиғат объектілерін жағымсыз әсерлерден қорғау құралдарын, ілгерілік және серпінді табиғатты қорғау технологияларын, кәсіпорындар және объектілер, ғимараттар, қондырғылар, табиғатты қорғау жабдықтарын құру жөніндегі ізденушілік және тәжірибелік - конструкторлық жұмыстар жасалады.
Тектік қор және биоәртүрлілікті сақтау жөніндегі ғылыми, ізденушілік жұмыстарды жүргізіледі.
Табиғи сулар, топырақ және ландшафтты сақтау және тиімді пайдалануды қамтамасыз ететін табиғатты қорғау іс - шараларының құрамын негіздеу жөніндегі ізденушілік жұмыстарды жасау керек.
Әскери аумақтарда орналасқан және ядролық сынақ әсеріне ұшыраған аумақтарға радиоэкологиялық жағдайды мониторингілеу және зерттеу, әскери - сынақ полигондардың аумағында кешенді гидроэкологиялық және геоэкологиялық зерттеулер жасалады.
Ауада, суда және топырақта зиянды қоспаларды анықтау жылдам әдістерін әзірлеу керек.
Өндірістік қалдықтарды кәдеге жарату және тұтыну, өнеркәсіп кәсіпорындарының ағын суларын және бөлінетін газдарды тазалау үшін қондырғыларды және жоғары тиімділікті жүйелерді және дәстүрлі емес әдістерді әзірлеу керек.
Түзілген қалдықтарды кәдеге жарату арқылы шикізатты терең өңдеуді қамтамасыз ететін құралдар және реагенттер, жабдықтар, технологиялық процестерді әзірленеді.
Организмдердің қосылыстары үшін ауыр металдардың және ксенобиотиктер - бөгде денелердің табиғи ортаға түсуінің алдын алу мақсатында қатты тұрмыстық және өнеркәсіптік қалдықтарды залалсыздандыру әдістерін жетілдіру (өндірістік ластаушылар, пестицидтер, тұрмыстық химияның препараттары, дәрі-дәрмектер т. б. ) жасалу керек.
Су ресурстарын қорғау саласындағы нормативтердің және шаруашылық өндірістік қызметтерге тартылған, теңіз кемелерінде кеме қатынасы режимдерінің, су шаруашылығы баланстарының сұлбаларын әзірлеу.
Табиғат ресурстарын тиімді пайдалану және қоршаған ортаны қорғау жөніндегі нормативтік - әдістемелік құжаттардың, сапалы және сандық көрсеткіштерді (экологиялық нормативтер және талаптар) әзірлеу, экологиялық ғылыми - зерттеулік жұмыстарды жүргізеді.
Уран өндіру кәсіпорындарын радиоэкологиялық бағалау жөніндегі ғылыми - зерттеу жұмыстарын жүргізу.
Қоршаған табиғи ортаға атом электр станцияларының әсерін бағалау жөніндегі кешенді зерттеулерді жүргізу.
Транс шекаралық су объектілерін басқару моделін әзірлеу.
Су объектілерін тазалаудың ғылыми кешенді негізделген гидротехникалық, химиялық, биологиялық және ихтиологиялық әдістерін әзірлеу.
Экологиялық ағарту және насихат жүмыстарын жүргізу үшін экологиялық ағартумен және насихатпен шұғылданатын мамандардың біліктілігін көтеру қажет.
Табиғатты қорғау мәселелеріне жұртшылықтың назарын тарту үшін қоршаған ортаны қорғау саласында ақпаратты тарату, сайттарды ашу, ақпараттық жүйелерді дамыту және құру.
Экологиялық оқу, қоршаған ортаны қорғау жөніндегі семинарлар және ғылыми - тәжірибелік конференцияларды жүргізу және ағарту бағдарламаларын жүзеге асыру, кадрлар дайындау саласында бірлескен бағдарламаларды іске асыру керек [12, 13] .
1. 5 Геологиялық іздестіру және өңдеу кезеңдері
Геологиялық мұнай іздестіру және өндеу жұмыстары кезіңде бұзылған және мұнаймен, түрлі жуғыш рекультивациялаудың маңызы өте зор. Әдетте, норматив бойынша, әрбір бұрғылау скважинасына 2, 2 га жер бөлінеді. Бірақ практика жүзінде бұдан әлде қайда көп жер ауыл шаруашылық айналымнан шығып қалады. Әсіресе, ірі гусеницалы тракторлар колоннасында орнатылған бұрғылау қондырыларын бір орыннан екінші бір орынға ауыстыру кезіңде жердің үлкен аймағы біршама зардап шегеді. Сондықтан, мұнай-газ кең орындарын іздестіру мен эксплуатациялау жұмыстарын бастар алдында ол жерлердің топырағының беткі құнарлы қабатын алып, соңынан қайтадан құнарлы қабат топырағын салуды тиісті орындар талап етулері қажет.
Жер әр түрлі ауыл шаруашылық емес мақсаттарда пайдаланылғанда оның ең құнды құнарлы қабатының бұзылуы мүмкін. Бұзылған жер - адамның өндірістік іс - әрекеті салдарынан шаруашылық құндылығын жоғалтқан немесе топырақ қабаты мен өсімдік жамылғысының бұзылуына байланысты қоршаған ортаға кері әсерін тигізетін жер учаскелері. Жер Кодексінің 65 бабында жер пайдаланушылар мен жер учаскесінің меншік иелері жерді су және жел эрозиясынан, ауыл шаруашылық жерлерін зиянкестерден қорғауды, жердің бұзылуына байланысты жұмыстар жүргізу кезінде топырақтың құнарлы қабатын алуды және пайдалануды жүзеге асырады делінген. Осымен қатар 140 бап бойынша бұзылған жерді рекультивациялауға тиісті.
Рекультивация - бұзылған жерлердің биологиялық өнімділігі мен шаруашылық құндылығын бұрынғы қалпына келтіруге бағытталған инженерлік - техникалық, мелиоративтік, агротехникалық шаралардың кешені. Рекультивация объектілеріне: карьерлер, олардың үйінділері және т. б. жерлер жатады. Жерді қалпына келтіру жөніндегі жобада келесідей мәселелер қарастырылады: топырақтың құнарлы қабаты, алынатын учаскенің ауданы есептеліп, біріншісінің қалыңдығы сыдырып алынатын құнарлы қабаттың көлемі анықталады, уақытша үйінділерді қоятын орын алынған ТҚҚ пайдалану бағыттары белгіленеді.
Жалпы жерді қалпына келтіру мақсаты жер бетінің кеңістік қасиеттерін қалпына келтіріп биологиялық рекультивацияға осы жағынан жағдай жасау. Бұл кезең жерді тегістеуді, керекті жағдайда химиялық мелиорацияны жүргізуді жол, гидротехникалық және басқа инфроқұрылымдарды қалыптастыруды қамтиды. Ал екіншісі міндетті жердің құнарлығын және өзгерген жер учаскелерін қалпына келтіру, ол үшін әр түрлі агротехникалық, фитомелиорациялық шаралар қолданылды. Бұл іс - әрекеттердің мақсаты сол жердің флора мен фаунасын, жалпы шаруашылық құндылығын қалпына келтіру.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz