Ұйымның есеп саясатының мәні



І. Кіріспе:
1. Ұйымның есеп саясаты туралы түсінік

ІІ. Негізгі бөлім:
2. Есеп саясатының мазмұны
3. Есеп саясатын дайындау
4. Бухгалтерлік есеп нысандары

ІІІ. Қорытынды:
Бухгалтерлік есеп формаларын жүргізудің мақсаты
Бухгалтерлік есеп принциптері бойынша кәсіпорынның есеп саясаты деп – ұйымның бухгалтерлік есепті жүргізу әдістері мен тәсілдерінің жиынтығын, яғни алғашқы бақылау, құндық өлшеу, ағымдағы топтау мен шаруашылық (жарғылық және басқа) қызметтің фактілерін жинақтап қорытындылау жолдарын айтады.
Бухгалтерлік есепті жүргізу әдістеріне шаруашылық қызмет фактілерін топтау мен бағалау әдістері, активтердің құнын есептеу, құжат айналымын қабылдауды ұйымдастыру, түгендеу (инвентаризациялау), бухгалтерлік есепшоттарын қолдану әдісетрі, бухгалтерлік есептің тіркелім жүйесі, мәліметті өңдеу мен басқа да сәйкес әдістер мен амалдар кіреді.
«Бухгалтерлік есеп және қаржылық есеп беру туралы» Қазақстан Республикасының заңы мен Бухгалтерлік есеп принциптерінде кәсіпорын өзінің есеп саясатын құруы барысында бұйрық немесе жарлық бойынша қажетті құжаттар тізімін бекітуі керек екендігі көрсетілген. Бұл бекітілген құжаттардың қатарына мыналар жатады:
• Бухгалтерлік есептің уақытыл және есеп берудің толық тиісті талаптарына сәйкес жүргізілуі;
• Бухгалтерлік есеп жұмысын жүргізуде қолданылатын синтетикалық және аналитикалық шоттардың жұмыс жоспары;
• Алғашқы есеп құжаттарының типтік нысандары;
• Ұйымның ішкі бухгалтерлік қорытынды есеп құрудағы құжат нысандары;
• Актив пен міндеттемелер түгендеуін (инвентаризациясын) өткізу тәртібі (реті);
• Актив пен міндеттемелерді бағалау әдістері;
• Құжат айналымы ережелері мен есеп ақпараттарын өңдеу технологиясы;
• Шаруашылық операцияларды бақылау тәртібі;
• Бухгалтерлік есепті ұйымдастыруға қажетті басқа шешімдер.
Ұйымның есеп саясатын таңдауы мен негіздеуіне келесі негізгі факторлар әсер етеді:
• Меншік нысаны мен құқықтық-ұйымдастырушылық нысаны;
• Салалық қызметтің түрі;
• Қызметтің көлемі, жұмысшылары, мен қызметкерлерінің орташа тізімдік саны және т.б.;
• Салық салу жүйесімен арақатынасы;
• Қаржы-шаруашылық қызметін дамыту стратегиясы;
• Ұйымның ақпараттық қамсыздандыру жүйесі;
• Материалдық базасының болуы;
• Кәсіпорындағы бухгалтер мамандарының біліктілігі және басшылардың экономикалық батылдығы, ынталылығы мен тапқырлық деңгейі.

Пән: Бухгалтерлік іс
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   
Ұйымның есеп саясатының мәні

Бухгалтерлік есеп принциптері бойынша кәсіпорынның есеп саясаты деп - ұйымның бухгалтерлік есепті жүргізу әдістері мен тәсілдерінің жиынтығын, яғни алғашқы бақылау, құндық өлшеу, ағымдағы топтау мен шаруашылық (жарғылық және басқа) қызметтің фактілерін жинақтап қорытындылау жолдарын айтады.
Бухгалтерлік есепті жүргізу әдістеріне шаруашылық қызмет фактілерін топтау мен бағалау әдістері, активтердің құнын есептеу, құжат айналымын қабылдауды ұйымдастыру, түгендеу (инвентаризациялау), бухгалтерлік есепшоттарын қолдану әдісетрі, бухгалтерлік есептің тіркелім жүйесі, мәліметті өңдеу мен басқа да сәйкес әдістер мен амалдар кіреді.
Бухгалтерлік есеп және қаржылық есеп беру туралы Қазақстан Республикасының заңы мен Бухгалтерлік есеп принциптерінде кәсіпорын өзінің есеп саясатын құруы барысында бұйрық немесе жарлық бойынша қажетті құжаттар тізімін бекітуі керек екендігі көрсетілген. Бұл бекітілген құжаттардың қатарына мыналар жатады:
* Бухгалтерлік есептің уақытыл және есеп берудің толық тиісті талаптарына сәйкес жүргізілуі;
* Бухгалтерлік есеп жұмысын жүргізуде қолданылатын синтетикалық және аналитикалық шоттардың жұмыс жоспары;
* Алғашқы есеп құжаттарының типтік нысандары;
* Ұйымның ішкі бухгалтерлік қорытынды есеп құрудағы құжат нысандары;
* Актив пен міндеттемелер түгендеуін (инвентаризациясын) өткізу тәртібі (реті);
* Актив пен міндеттемелерді бағалау әдістері;
* Құжат айналымы ережелері мен есеп ақпараттарын өңдеу технологиясы;
* Шаруашылық операцияларды бақылау тәртібі;
* Бухгалтерлік есепті ұйымдастыруға қажетті басқа шешімдер.
Ұйымның есеп саясатын таңдауы мен негіздеуіне келесі негізгі факторлар әсер етеді:
* Меншік нысаны мен құқықтық-ұйымдастырушылық нысаны;
* Салалық қызметтің түрі;
* Қызметтің көлемі, жұмысшылары, мен қызметкерлерінің орташа тізімдік саны және т.б.;
* Салық салу жүйесімен арақатынасы;
* Қаржы-шаруашылық қызметін дамыту стратегиясы;
* Ұйымның ақпараттық қамсыздандыру жүйесі;
* Материалдық базасының болуы;
* Кәсіпорындағы бухгалтер мамандарының біліктілігі және басшылардың экономикалық батылдығы, ынталылығы мен тапқырлық деңгейі.
Кез келген ұйымның өзінің қызметін іске асыру үшін таңдап бекіткен есеп саясаты толықтылық, уақыттылық, сақтық, қарама-қайшылықсыздығы мен орындылық талаптарына сай болу қажет.
Көрсетілген талаптардың әрқайсысының мазмұнын қарастырайық.
Толықтылық. Кәсіпорынның таңдап алған есеп саясаты оның объектілерді есептеу жолын толық қамтамасыз етуі керек.
Уақыттық. Кәсіпорынның шаруашылық әрекетінің фактілері бухгалтерлік есеп пен бухгалтерлік есеп беруде уақытында көрініс табуы қажет. Ешқандай операциялар бухгалтерлік есеп шоттарында тіркеу барысында кешіктірілмейді немесе орындалмай тұрып есепке алынбайды.
Сақтық. Қолданылатын есеп әдістері бухгалтерлік есепке алынуға тиісті кірістер мен табыстарға қарағанда, жасырын резервтердің жасалуына жол бермей, шығындар мен міндеттемелерді айқын бейнелеуге дайын болуды қамтамасыз ету керек, яғни есепке алынған немесе алуға нақтылы мүмкіндік бар болатын кірістер алынады.
Қарама-қайшылықсыздығы. Есептің таңдалған әдістері - әр айдың соңғы күнтізбелік күніне айналымның талдамалық есебі мен шоттар бойынша қалдықтардың синтетикалық есеп мәліметтерінің теңдігі қамтамасыз етіп отыруы қажет.
Орындылық. Кәсіпорынның есеп саясаты бухгалтерлік есепті орынды және үнемді жүргізуді қамтамасыз етуі керек.

Есеп саясатының мазмұны

Кәсіпорынның есеп саясаты сол кәсіпорында қолданылатын бухгалтерлік есеп жүйесінің тұтастығын және оны құраушы әдістемелік, техникалық, ұйымдастырушылық жақтардың барлығын қамтиды.
Есеп саясатының әдістемелік жағына мына элементтер кіреді: мүлік пен міндеттемелерді бағалау әдістері, мүліктің әрбір түрлері бойынша амортизация есептеу әдістері, табысты есептеу әдістері және тағы сол сияқты.
Осылайша белгіленген заңға сәйкес кез келген заңды тұлға болып табылатын ұйым өзінің есеп саясатын құрастырған уақытта төменде аталған бухгалтерлік есептің негізгі әдістемелік аспектілерін айқындауы қажет:
* Негізгі құралдарына амортизациялық аударым сомасын есептеу әдістері;
* Материалдық емес активтеріне амортизациялық аударым сомасын есептеу және оларды есептен шығару жолдары;
* Шығындарды топтау мен өндіріс шығындарына жатқызу әдістері;
* Өндіріс шығындарын және өнімнің өзіндік құнын есептеу, яғни калькуляция жасау;
* Жанама шығындарды анықтау және оларды объектілер арасында тарату әдісі;
* Дайын өнімдерді кіріске алудың есебі;
* Аяқталмаған өндірісті анықтау және бағалау әдістері;
* Негізгі құралдарды жөндеу бойынша шығындар есебін ұйымдастыру;
* Курстық айырманы есептеу;
* Тағы да басқалар.
Өндірістік шығындардыесептеу мен өнімнің өзіндік құнын есептеу, яғни калькуляциялау жүйесі
Өндірістің технологиялық және ұйымдастырушылық ерекшеліктеріне, өндірістік циклдың ұзақтығына, өнім түріне, оның күрделілігіне, өндірістің түрі мен сипатына байланысты кәсіпорындар шығындарды есептеу мен өнім құнын калькуляциялаудың келесі негізгі әдістерін қолдана алады:
* Нормативтік әдіс,
* Өндірістік өңдеу сатысы,
* Тапсырыстық әдіс.
Жанама шығындарды калькуляциялау объектілеі арасында тарату әдісі
Жанама шығындарды тарату базасы ретінде кәсіпорын мына төменде аталған әдістерді пайдалана алады:
* Өндірістік жұмысшылардың еңбекақысын төлеуге байланысты тікелей шығындар;
* Тікелей шығындардың жалпы сомасы;
* Материалдық шығындардың сомасы;
* Сметалық мөлшерлеме;
* Өткізілген өнім көлемі.
Аяқталмаған өндірістің бағалануы
Жаппай және сериялы өндірісте аяқталмаған өндіріс былайша бағаланады:
* Нақты немесе нормативті өндірістік құн бойынша;
* Тікелей шығындар бойынша;
* Жұмсалған шикізаттар мен материалдардың құндары бойынша.
Өнімнің бір ғана түрін өндіретін кәсіпорындарды бухгалтерлік балансында аяқталмаған өндіріс нақты жұмсалған шығындар бойынша есептелінеді.
Бухгалтерлік есеп және қаржылық есеп беру туралы Қазақстан Республикасының заңы бойынша кәсіпорындағы бухгалтерлік есепте қолданылатын тіркелімдердің мазмұны және бухгалтерлік ішкі есеп мәліметтері коммерциялық құпия болып есептеледі.

Есеп саясатын дайындау

Кәсіпорынның есеп саясаты осы ұйымның құрылған уақытында дайындалады. Оны дайындаумен кәсіпорынның бас бухгалтері немесе арнайы есеп бөлімі айналысады. Дайындалған есеп саясатын кәсіпорынның басшысы өзінің бұйрығымен немесе өкімімен бекітеді.
Бұйрықтың құрамында есеп саясатының есеп беру жылына қабылданған барлық пунктердің мазмұны толық ашылып жазылады. Сонымен қатар әр пунктке тоқтала келіп қандай нормативтік құжат бойынша немесе қандай заң негізінде есеп саясатының дайындалғандығы көрсетіледі. Қазақстан Республикасының заңдарымен қатар есеп саясатын дайындауда ұйымның ішкі құжаттары негізге алынған болса міндетті түрде ол туралы түсініктеме берілуі қажет.
Кәсіпорынның есеп саясатына енгізілген өзгертулер осы ұйымның басқару құжаттарымен, яғни бұйрық, өкім немесе қаулыларымен ресімделуі қажет. Ұйымның қабылдап бекіткен есеп саясаты сол кәсіпорынның қызмет атқаруы барысында қолданылады. Оған өзгеріс енгізу мынадай жағдайларда жүргізілуі мүмкін:
* Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп және қаржылық есеп беру туралы заңының өзгеруіне сәйкес;
* Бухгалтерлік есеп бойынша нормативтік актілердің өзгеруі салдарынан;
* Жаңа бухгалтерлік есеп стандартына көшуге байланысты және тағы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Есеп саясатының принциптері мен оған қойылатын талаптар
Есеп саясатын талдау
Есеп саясатын қалыптастыру негіздері
Халықаралық қаржылық есеп стандарт негізінде субьектінің есеп саясатының ашылуын, қазақстандық есептен ХҚЕС-қа көшу ерекшеліктерін, талдауын жан - жақты ашу
Барлық ұйымдар қызметіне тән байырғы есеп саясатын жасау өте қиын және ауыр процесс
Кәсіпорынның есеп және салық саясаты
Бухгалтерлік қызметті ұйымдастыру
Бухгалтерлік есептің «есеп саясаты және оны ашу» стандарты
Кәсіпорындағы есепті ХҚЕС бойынша жетілдіру саясаты
Есеп саясатын қалыптастыру
Пәндер