Мәлеметтер қоры көмегімен ақпаратты сақтау,іздеу, сұрыптау технологиясы. Ақпаратты сақтау және жүйелеу


Жұмыс түрі: Материал
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:
Тақырыбы: Мәлеметтер қоры көмегімен ақпаратты сақтау, іздеу, сұраптау технологиясы
Ақпаратты сақтау және жүйелеу
Ақпаратты сақтау, жүйелеу және өңдеу қажеттілігі адамзат тарихында бұрыннан-ақ туындай бастаған. Жазу пайда болғаннан бастап адам осындай қажеттіліктерді қанағаттандыруға тырысып бақты.
Алғашқы жазғыштардың жазба куәліктерінде патшаның салық және қазынасының (б. з. д 4000 жыл) есептері сипатталады. Жазба жүйесі алты мың жылдай дамып отырды, сонымен қатар жазуды жүйелендіруді жетілдіру де солай дамып келеді. Бірақ та осы уақыттың барлығында да жазуды өңдеу қолмен жүргізілді. Тек 1800 жылдары ғана алғашқы рет ақпаратты өңдеуді автоматтандыруға бірінші қадамдар жасалды. Осы кездерде Джеквард Лум матаны пішуді перфокарта бойынша іске асыруды ойлап тапты. Кейінірек осыған балама технология, механикалық пианинода қолданылды. XIX жүз жылдықтың соңына қарай Ресей мен Құрама Штаттарда халық санағы перфокарта көмегімен жүргізілді. Кейінірек берілгендерді картаға жазу, сұрыптау және кесте құру құрылғысын шығарған, әйгілі IBM (International Business Machines) фирмасы болды.
Сақталынған программасы бар электрондық компьютерлердің пайда болуы, ақпараттарды өңдеу саласында төңкеріс жасады. Бұдан былай ақпаратты өңдеу технологиясының жетілуі, программалау мен компьютер саласының дамып жетілуімен тікелей байланыста тұрды.
ХХ ғасырда адамзат нағыз ақпараттық жарылыстың куәгері болды. Адамзат қабылдайтын ақпараттың саны әрбір жыл сайын екі есеге артып отырды. Егер бұрындары негізінен тек мәтіндік және сандық берілгендер жүйелендірілсе, ал енді, әйтеуір адамзат қабылдай алатын барлық ақпараттар өңделіп, жүйелендіріле бастады. Соңғы компьютерлік жетістіктер, коммуникация жабдықтарының дамуы осы келеңсіздіктерді шешуге көмектесті.
Бірақ қашанда болмасын жаңа қажеттіліктер туындайтыны анық. Сөйте тұрсақ та, бүгіндері, электронды түрдегі ақпаратты сақтау және жинауды ұйымдастыру онша қиын емес. Тіпті Internet технологиясының жетістіктерін пайдалана отырып, жер шарының кез келген нүктесіндегі электронды архивтен ақпарат алуды ұйымдастыруға мүмкіндік бар. Нақты келеңсіздік туғызатын ол, адамдар өзіне қажет ақпаратты тез, әрі оңай ала-алатындай, үлкейтілген түрдегі берілгендер архивін ұйымдастыру болып отыр.
Мәліметтер қоры, оларды құрудың және функциялаудың принциптері
Мәліметтер қорының концепциясы ақпаратты өңдеуді автоматтандыру жүйесінің даму процесімен бірге біртіндеп жинақтала бастағанын, берілгендер базасын оқып үйрене бастағанда-ақ айта кеткен жөн.
Мәліметтер қоры ұғымы 60 жылдардың соңына қарай пайда болды. Осы уақытқа дейін берілгендерді өңдеу сферасында, тек берілгендер файлы және берілдендер жиынтығы туралы ғана айтылып келді.
Мәліметтер қоры - объектінің немесе объектілер жиынтығының жағдайын, олардың қасиеттерін және өзара қарым-қатынастарын бейнелейтін атауы бар мәліметтер жиынтығы.
Мәліметтер қорын объектінің ақпараттық моделі ретінде қарастыруға болады.
Турасын айтқанда, мәліметтер қорын тағайындау, мәліметтердің бір және тек сол жиынтығын қосымшалардың максималды саны үшін пайдалануға болатындығымен шектелетіндігінде.
Егер де мәліметтер қорына тек мәліметтерді сақтау тағайындалған болса, онда оның түрі қарапайым болар еді. Мәліметтердің әртүрлі элементтерімен арасындағы байланысты қамтамасыз етуі, оның күрделілігін түсіндіреді.
Мәліметтердің ең кіші элементін өріс деп атаймыз. Мәліметтер қорының элементтері мәліметтердің кішірейтілген түрлеріне бөлшектене алмайды, сондықтан да пайдаланушы үшін оның мағынасы жоғалмайды. Мәліметтер қорының элементтері жеке өзі ештеңені түсіндіре алмайды. Егер ол басқа мәліметтердің басқа элеметтерімен байланысты болған жағдайда ғана, оның мағынасы болады. Мысалы, туған жылдар мәліметтер элементін, жер бетіндегі өмір сүріп жатқан әрбір адаммен сәйкестендіруге болады. Бірақ мынадай жағдай болуы мүмкін, мысалы, мынадай байланыс; мекемедегі жұмысшылардың нөмірлері - туған жылына сәйкес келген жағдайда, біз мекемедегі нақты сол жұмысшы туралы толық ақпарат ала-аламыз.
Мәліметтер элементтерінің арасындағы өзара байланысты көрсететін мәліметтер жиынтығын кортеж деп атаймыз. Бірақ әртүрлі программалық жабдықтауларда бұл терминнің орнына басқалары қолданылады, олар: мәліметтер элементтерінің тобы, жол, сегмент, жазу.
Қазіргі кезде жазу жалпы қабылданған термин болып табылады.
Өріс - мәліметтердің ең кіші элементі.
Жазу - анықталған объекті туралы мәліметтердің толық жиынтығы.
Мәліметтер қорының қалыптасуын бірнеше кезеңдерге бөлуге болады.
Бұл кезеңнің программалық жабдықталуы, негізінен есте сақтау құрылғысына енгізу-шығару амалдарын жүзеге асыруды қамтамасыз етеді, ал сонымен бірге мұнда мәліметтерді өңдеуге арналған аздаған қосымшалар қосылған. Берілгендерді ұйымдастыру жөнінде ол оңай әдіспен орындалатындай етіп, қолданбалы проблемаларды жазуда-ақ қамтылады, яғни берілгендерді ұйымдастыру қарапайым тізбектелген файлдар түрінде беріледі.
Екінші кезең (60 ж. соңы), бірінші кезеңмен салыстырғанда файлдар табиғатындағы секілді, олар сақталған құрылғылардың сақталуындағы өзгерістермен сипаттаулары. Бұл кезеңде берілгендерді ұйымдастыру тізбектелген жинақ түрінде ғана емес, тура өту жиынтығы түрінде де ұйымдастырылады.
Берілгендерді өңдеудің керек-жарақтарының дамуында, қолданбалы программаларды мүмкіндігінше, файлдар көлемінің ұлғайуына, берілгендерді аппараттық сақтау құрылғыларының өзгеруіне, бұрыннан сақталынған мәліметтерге жаңа байланыс және жаңа өрістер қосуға байланыссыз жасау болды. Мәліметтер қоры эволюциясының үшінші кезеңінде осы жоғарыда айтылғандарды тарату мүмкіндіктерін іске асыру қажет. Бұл уақытта мәліметтер қорын басқаратын-СУБД программалық жабдықтауы пайда болды.
Мәліметтер қоры басқару жүйесін құрудың принциптері мәліметтер қорын ұйымдастыруды қанағаттандыруы қажет:
1. Өнімділік және дайын болу. Мәліметтерді қолдану үшін талап етілетін жылдамдық қандай болса, мәліметтер қорын пайдаланушының сұраныстарын сондай жылдамдықта қанағаттандырады. Пайдаланушы барлық уақытта да өзіне қажетті берілгендерді ала алады.
2. Шығынының аз болуы. Мәліметтерді пайдаланудың және сақтаудың төмен бағалануы, яғни өзгерістерді енгізгенде мүмкіндігінше аз шығындалу.
3. Пайдаланудың оңай және жеңіл болуы. Пайдаланушылар өз құзырында қандай мәліметтер бар екенін оңай түсіне және біле алады. Мәліметтерге өту оңай және пайдаланушыдан кеткен қателікті айтып отыратындай болуы қажет.
4. Өзгеріс енгізудің оңай болуы. Мәліметтер қоры ешқандай өзгертусіз бар әдістермен ұлғаюы және өзгеруі мүмкін.
5. Іздестірудің мүмкін болуы. Мәліметтер қорын пайдаланушы, онда сақталған мәліметтер бойынша әртүрлі сұраныстарымен сұқбаттасуына болады. Бұл қажеттілікті іске асыру үшін сұраныс тілі қызмет етеді.
6. Тұтастылық. Қазіргі кезде мәліметтер қоры, көптеген пайдаланушылар пайдаланатын мәліметтерден тұруы мүмкін. Мәліметтер элементтерімен жұмыс істеу барысында, олардың арасындағы байланыс бұзылмауы керек. Бұдан басқа да, аппараттардың дұрыс жұмыс істемеуінен, кездейсоқ тоқтап қалу жағдайларының болуынан, пайдаланып отырған мәліметтер мазмұны бұзылмауы қажет. Яғни, мәліметтерді басқару жүйесі, қайта қалпына келтіру механизмі мен қамтылуы керек.
7. Қауіпсіздік және құпиялық болу. Мәліметтер қауіпсіздігін сақтау дегеніміз, оған шамадан артық кіруге немесе пайдалануға құқылы емес адамдардың өтуінен, авторланбаған өзгерістердің енгізіліп кетуінен және бұзылуынан сақтау. Құпиялылық ол қашан, қалай, қандай ақпарат мөлшері жеке тұлғаға немесе мекемеге берілген екендігін шешеді, жеке тұлғаның немесе мекеменің құқығын анықтайды.
Пайдаланушы мәліметтер қорымен жұмыс істеуі үшін, мәліметтер қорын басқару жүйесін пайдаланады.
Мәліметтердің модель түріндегі берілуі мәліметтер қорының төртінші кезеңінің айтарлықтай ерекшелігі болып табылады.
Мәліметтердің иреархиялық, желілік және реляциялық моделдері
Бұл күндері мәліметтер қоры саласымен айналысатын көптеген мамандар мәліметтер қорын құрудың негізгі үш тәсілі бар деп есептейді: иреархиялық, желілік және реляциялық. Мәліметтердің иреархиялық моделі, бұл модельдегі барлық жазулар тармақты құрылыммен байланысқан модель түрі. Егер қатынастағы мәліметтердің арасынан туындаған элементте алғашқы элементтен көп элемент болса, онда бұл қатынасты иреархиялық модельдің көмегімен сипаттауға болмайды. Оны желілік модель түрінде сипаттауға болады. Реляциялық модельдің идеясы мәліметтердің элементтері мен байланыстарын бірдей көрсетуге болатындығында. Реляциялық модель мәліметтерді анықтауға, мәліметтерді басқаруға және оған әртүрлі операциялар жасауға мүмкіндік беретін бірегей тілдік қасиеті бар. Сонымен қатар, реляциялық мәліметтер пайдаланушының графикалық интерфейсімен жұмыс істеуге қолайлы. Реляциялық мәліметтер қорында ақпарат бір немесе бірнеше кестеде сақталады. Мұндай кестелердегі бағандар мен жолдарды өрістер және жазулар деп атайды. Кестелердің арасындағы байланыс бір немесе бірнеше сәйкес келетін өрістердің мәндері арқылы жүзеге асырылады. Кестедегі әрбір жол, яғни жазулар қайталанбауы тиіс. Жазулардың қайталанбауын болдырмау үшін кілттер пайдаланылады, олар кестенің бір немесе бірнеше өрістерін қамтиды. МҚБЖ-не қойылатын негізгі талаптардың бірі үлкен көлемді ақпараттардың ішінен қажеті жазуды жылдам іздеп табу болып табылады. Кілттік өрістер бұл операцияны орындауды айтарлықтай жеделдетеді. Қазіргі МҚБЖ-нің аса маңызды артықшылықтарының бірі мәліметтердің физикалық және логикалық тәуелсіздігінде. Мысалы, DBASE мәліметтер қорын басқару жүйесінде құрылған мәліметтер қоры кем дегенде үш физикалық файлдан тұрады. Ал, осы мәліметтер қорын MS ACCESS МҚБЖ-не әкелсек, онда ол бір файлда ғана орналасады. Бұдан мәліметтердің логикалық ұйымдастырылуы өзгермейді. Аппараттық және программалық қамтамасыз етудің, телекоммуникациялық құралдардың дамуының әсерінен, бұл күндері сандар мен символдарды сақтайтын дәстүрлі мәліметтер қорынан күрделі құрылымды мәліметтерді сақтайтын объектілі реляциялық мәліметтер қорына көшіп отырғаны байқалады. Бұған мысал ретінде, Интернет технологиясының дамуын келтіруге болады. Қазіргі компьютерлер мен Web-браузер көру программалары ауқымды желіден ақпаратты іздеуге және мультимедиалық мәліметтер бөлігін көруге мүмкіндік береді.
MS ACCESS мәліметтермен жұмыс істеудің негізгі тәсіліне шолу мысалдары негізінде
Мәліметтер қорын құру
Алдымен BAZA деп аталатын бума құрыңыз.
MS ACCESS-ті іске қосыңыз.
Саймандар тақтасындағы мәліметтер қорын құру батырмасын басыңыз немесе Файл мәзіріндегі Құру командасын таңдаңыз.
Мәліметтер қорын сақтайтын файлдың атын енгізетін (мысалы, Adress), бумасын таңдайтын (Baza) <Мәліметтер қорын құру> диалогтық терзесі ашылады. Мәліметтер қорының аты бос орынсыз сегіз символдан тұруы мүмкін. Нәтижесінде сіз мәліметтер қоры терезесін көресіз.
Мәліметтер қоры терезесі мәліметтер қорын құру кезінде шығарылады. Одан мәліметтер қорының кестелерін, формаларын және де басқа объектілерін ашады. Мәліметтер қорының терезесі келесідей элементтерден тұрады:
Тақырып жолы. Ашылған мәліметтер қорының аты шығады.
"Батырмалар", "Құру", "Ашу", "Құрастырушы" батырмалары және т. б. Батырмалар объектін қандайда бір анықталған терезеде немесе режимде ашады.
Объектілер батырмалары. (Объектілерді, белгімелерді таңдау қабыршақтары) "Кесте", "Форма" және т. б. Объектілер батырмалары ашылған немесе өзгертілген объектілер тізімін шығарады.
Объектілер тізімі. Пайдаланушы таңдаған объектілер тізімін шығарады. Біздің таңдауымызда тізім әзірше бос.
Мәліметтер қорымен жұмысты бастамас бұрын, біз алдымен негізгі объектілердің сипаттамаларына тоқталайық.
Кесте - бұл мәліметтерді жазу (жол) және өріс (баған) түрінде сақтауға арналған объект. Әдетте әрбір кесте нақты бір сұрақ туралы мәліметтерді сақтауға пайдаланылады.
Форма - негізінен мәліметтерді енгізуге арналған Microsoft Access объектісі. Формада, кескін енгізу үшін және кесте өрістерін өзгерту үшін қолданылатын басқару элементтерін қоюға болады.
Сұрақ - бір немесе бірнеше кестелерден қажет мәліметтерді алуға көмектесетін объект.
Есеп - мәліметтерді басып шығаруға арналған Microsoft Access мәліметтер қорының объектісі.
Кестелерді құрудан бастаған дұрыс. Кестелер қандай да бір нақты мәліметтерді сақтайды. мысалы, тұтынушылар тізімі немесе тауарлар туралы мәліметтер.
Өріс - бұл қандай да бір нақты мәліметтерден тұратын кесте элементтері. Мысалы жұмысшылардың аты-жөндері. Кесте режимінде өріс ретінде баған немесе ұяшық пайдаланылады. Ал бұл жағдайда өрістің аты кесте бағанының тақырыпшасы болып табылады.
Жазу - анықталған объекті туралы мәліметтердің толық жинағы. Кесте режимінде жазу жол болып көрінеді.
Шебер көмегімен кесте құру кезінде, өзінің жеке мақсатында немесе жұмыс мақсатында пайдалануға болатын 40-тан астам кестелер үлгісі ұсынылады. Олардың әрқайсысы сәйкесінше өрістер жинағынан тұрады. Өрістер үлгісін таңдағанан кейін, Шебер автоматты түрде кесте құрады.
1. <Мәліметтер қоры> терезесінде Кесте батырмасына, одан кейін Құру батырмасына басыңыз (бұл кезде Кесте батырмасы екпінді күйде болып тұрады) .
2. < Жаңа кесте> диалогтау терезесіндегі кесте Шебері батырмасына басыңыз.
3. <Кесте құру> диалогтық терезесіндегі Кестелер үлгісі - Адресін таңдаңыз (тізімдегі ең біріншісі) .
4. Бұдан кейін сіз кестеге қосқыңыз келген өріс ережесін анықтау керек. Ол үшін тышқанмен өрістер үлгісі тізімінен өріс атын белгілеңіз және өріс үлгісі жаңа кестенің кезектестіре өрістер тізіміне ену үшін батырмасын басыңыз. Есімі, Тегі, Қаласы, Телефон (үйінікі) өрістерін таңдаңыз.
Келесі батырмасына басыңыз. Келесі батырмасының екпінді күйлерін пайдалана отырып Шебер жұмысын аяқтау үшін Дайын батырмасын басыңыз.
5. Келесі ұсынылған диалогтық терезеге кестенің атын енгізіңіз (ұсынылған Адресті қалдыруға болады) және MS ACCESS-ке өздігінен кілті анықтауға мүмкіндік беріңіз (яғни, бұл терезеге ештеңе енгізбесе де болады) .
6. Соңғы диалогтың терезеге Кестеге мәліметтерді еш кедергісіз енгізуге келісіңіз.
7. Дайын батырмасын басыңыз.
Кесте құрылады. Кестенің тақырып қатарынан оның атын табуға болады. Барлық өрістердің аттары кесте бағандарының тақырыбы түрінде беріледі.
Кестені құру барысы кезінде сіз, кілт түсінігімен кездескен едіңіз.
Алғашқы кілт (келесі мазмұндарда оны жай кілт деп атаймыз) - кестедегі кез-келген жазу жазу мәндерінің сәйкестігін бірмәнді анықтайтын бір немесе бірнеше өріс.
Біздің нұсқамызда АДРЕСАТ кілт болып табылады. Кстеден бұл өрістің - есептеуіш екендігі көрініп тұр, яғни жазбаларды енгізу реті нөмірлейді. Адресат өрісін толтырып қажеті жоқ, себебі, кесте жолдарының бір ұяшығы толтырылса болды есептеуіш автоматты түрде жұмыс істейді.
Есімдері мен Тектері тұратын өрістерді ғана толтырыңыз. Осы үлгімен төрт жазба құрыңыз (кестенің төрт жолы) . Қала мен Телефон өрістерін толтырылмаған күйі қалдырыңыз.
Телефон өрісін толтырып көріңіз.
Мәтіндік меңзерді телефон бағанының алғашқы ұяшығына орналастырып, алты мәнді телефон номерін енгізіңіз.
Бағанның келесі ұяшығына көшіңіз.
Келесі ұяшыққа көшуддің орнына сіз енгізген мән енгізу қалқасымен сәйкес келмейді деген хабарлама аласыз, себебі бұл ұсынылған нұсқада телефон нөмірінің алдында қала коды тұруы қажет еді. Оған түзету енгізу үшін {Esc} пернесін басыңыз.
Егер ұяшықтардың мазмұнын мұқият көріп шығу керек болса, онда енгізу қалқасының бірқатарын көруге болады.
Енгізу қалқасы - өріске бірдей форматты мәндерді енгізуге мүмкіндік беретін үлгі. Енгізу қалқасы өрістерде тұрақты символдарды автоматты түрде кескіндейді. Мәліметтерді өріске енгізу барысында тұрақты символдарды өріс мәніне енгізу керек болса да, оларды терудің қажеті жоқ. Енгізу қалқасындағы бос орындарды толтырса жеткілікті.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz